Қазақ орфографиясының ғылыми-теориялық негіздері
Мазмұны
Кіріспе
Бірінші тарау. Қазақ орфографиясының ғылыми.теориялық негіздері
1.1. Орфография мәселесі және оның мақсаты мен мазмұны
1.2. Орфографияның лингвистикалық негіздері
1.3. Орфографияның психологиялық негіздері
1.4. Орфографияның дидактикалық негіздері
Екінші тарау. Оқушыларға орфографиялық дағды берудегі оқытудың принциптері мен әдіс.тәсілдері
2.1. Орфографиялық дағдыны қалыптастырудағы жазба жұмыстар және оны ұйымдастырудың әдістемесі
2.1.1. Жаттығу жұмысы
2.1.2. Диктант
2.1.3. Мазмұндама
2.1.4. Шығарма
2.2. Оқушылардың орфографиялық қателерін болдырмау және оны түзету жұмыстарының әдіс.тәсілдері
Қорытынды.

І.тарау. Қазақ орфографиясының ғылыми-теориялық негіздері.
1.1 Орфография мәселесі және оның мақсаты мен мазмұны.
Орфография – бұл біртұтас жазу жүйесі. Ал жазу жүйесі міндетті түрде тілдердің рухани және материалдық мәдениетінің өркендеуіне ықпал етеді. Өйткені көптеген мәдениет қайраткерлері жазудың сауатты болуына және оқырманның мәтінді жеңіл түсінуіне ықпал етті. Мәселен ХVIII ғасырда-ақ А.П. Сумароков орфаграфиялық заңдылықтарда осы оқырманға түсінікті болу шартының сақталмағанына қарсылық білдіріп, оны білімсіздіктің төменгі дәрежесі деп есептеді.
Қазақ орфографиясының принциптері жөнінде.
Көптеген тілдердің орфографиясына көбінесе екі-үш түрлі принцип негіз болады; олар морфологиялық және фонетикалық принциптер.
Морфологиялық принциптер бойынша сөз бөлшектерінің түбір тұлғалары сақталып жазылады.
Фонетикалық принцип бойынша сөз бөлшектері айтылуынша, естіленуінше жазылады.
Орфографияның бұлардан басқа дәстүрлік немесе тарихи принцип деген де түрлері болады. Дәстүрлік принцип бойынша жазу сөз бөлшектерінің сөз тұлғасын сақтау ережесіне де, естілуінше жазу ережесіне де сай келмейді, мұнда сөздердің бір кездегі қалыптасып, үйреншікті блып кеткен жазылу түрі сақталады. Белгілі бір тілдің орфографиясында бұлардың біреуі негізгі, екіншісі басым принцип болады. Сонымен қатар, осы тілде орфографиялық принциптердің қалған түрлері де кездеседі.
Қазақ орфографиясының негізі морфологиялық принципке сүйенеді. Қазақ тіліндегі сөздердің басым көпшілігінің түбірі тұлғасы сақталып жазылады. Мысалы: жұмыс, іс, аш деген түбірлерге –шы, -шең, -са қосымшалары жалғанғанда, олардың естілуі (айтылуы) жұмышшы, жұмыщы, ішшең, іщең, ашша, аща (есікті) ащы болады. Бірақ сөздердің түбірі жұмыс, іс, аш болғандықтан, және қосымшалар –шы, -шең, -са, -шы болғандықтан әрқайсысының түбір тұлғасы сақталып, жұмысшы, ісшең, ашса, ашшы түрінде жазылады.
Сондай-ақ, қашан+ғы, түн+гі, бұрын+ғы, күн+ге, мұрын+ға деген сөздер мен қосымшалардың естілуі (айтылуы) қашаңғы, түңгі, бұрыңғы, күңге, мұрыңға болады. Бірақ, бұлардың айтылуы (естілуі) есепке алынбай, сөздердің түбір тұлғалары сақталып, қашанғы, түнгі, бұрынғы, күнге, мұрынға болып жазылады.
Біріккен сөздер мен қос сөздер де, негізінен, морфологиялық принцип бойынша жазылады. Мысалы: қара+күш (құрт), қара+құйрық (жануар), өгіз+шағала (құс), жар+қабақ, орын+басар, шек+ара, алма+кезек, көзбе+көз, қиян+кескі деген сөздер біріккенде не қосарланғанда, айтылуы (естілуі) қарагүш, қарағұйрық, өгішағала, жарғабақ, орымбасар, шегара, алма-гезек, көзбе-гөз,қиян-гескі болады. Бірақ әр сөздің түбір тұлғасы сақталып, қаракүш, қарақұйрық, өгізшағала, жарқабақ, орынбасар, шекара, алма-кезек, көзбе-көз, қиян-кескі түрінде жазылады.
Сөйлем ішіндегі сөздерді жазуда да олардың аралықтарындағы бір-біріне тигізетін дыбыстық ықпалдары еске алынбай, жеке сөздің тұлғасы сақталып жазылады. Мысалы, айтылуы - Торат қарагератқа ғарағандасалау. Дұрыс жазылуы-Торы ат қара кер атқа қарағанда аласалау. Айтылуы – Балалар доп лақтырып ойнап жүр. Қазақ орфографиясында фонетикалық принциптер де бар.Мысалы:
1) Қазақ тіліндегі септік, көптік, тәуелдік, жіктік жалғаулары, сондай-ақ жұрнақтардың көпшілігі сөздің соңғы буынның әуеліне қарай және соңғы дыбысына қарай түрленіп жалғанады: қала+лар, көше+лер, қала+ның, көше+нің, қаз+дың, із+дің, сүт+тің, хат+тың, қалам+ым, дәптер+ім, оқушы+мын. Бұл жалғаулар естілуінше жазылады.
2) Қатаң п,қ,к дыбыстарына аяқталған сөздерге дауыстыдан басталған қосымша жалғанғанда, қатаң дыбыстыр ұяң естіледі: кітап+ым - кітабым, тарақ+ы – тарағы, күрек+ің – күрегің. Мұндай жағдайда да сөздің түбі сақталмай, естілуінше, ұяң дыбыс жазылады: кітабым (кітапым емес), тарағы (тарағы емес), күрегің (күрекің емес). Бұл да – фонетикалық принцип.
3) Қазақ тілінде п дыбысына аяқталатын етістіктерге көсемшенің –ып, -іп жұрнақтары жалғанғанда, қос п қатар айтылмай, немесе алғашқысы ұңдамай, у дыбысына айналып кетеді және сол естілуінше жазылады: кеп+іп – кеуіп (кебіп, кепіп емес) тап+ып – тауып (тапып, табып емес). Ал –пі, -пы дыбыстарына аяқталатын етістіктерге –п жұрнағы жалғанғанда, алдыңғы ережеге бағынбай, екі п дыбысы араларына ы,і дауыстыларын салып, қатар естіледі. Мысалы күпі, лепі сияқты сирек қолданылатын етістіктердің көсемше түрі: күрі+п – күпіп (отыр), лепі+п – лепіп (отыр).
4) Бірсыпыра біріккен сөздер әр сыңарының түбір тұлғасын сақтамай, естілуінше жазады. Белбеу (бел+бау), қолғабыс (қол+қабыс), алабота (ала+бұта), Бегәлі (Бек+әлі). Бұлардың бірсыпырасында жеке дыбыстардың өзгеруі ғана емес, тұтас түбірдің өзгеруі еске алынады: бүгін (бұл+күн), биыл (бұл+жыл), әкет (алып+ кет), әпер (алып+бер), апар (алып+бар), өйткені (олай+еткен), сөйтіп (солай+етіп). Бұл тәрізді фонетикалық принциппен жазылатын біріккен сөздердің саны, морфологиялық принциппен жазылатындарына қарағанда, әлдеқайда кем. Олар (жалқы есімдерден басқасы) орфографиялық сөздікте берілді. Сондықтан кез келген біріккен сөзді естілуінше жазуға тырысудан сақ болу керек.
Дәстүрлік принцип бойынша жазылатын сөздер қазақ тілінде кемде-кем. Оған хат, халық, хабар, хал, хан-хана сияқты сөздердің х әрпі арқылы жазылатындығын мысал етуге болады. Бұл сөздердегі х әрпі сөздің түбірін сақтау үшін немесе естілуінше жазылып тұрған жоқ. Бұлардың кейде айтылуы –қалық, қат, қабар, қал, қан-қана. Бірақ 1940 жылы қазақ тілінің жаңа алфавиті мен орфография ережелері қабылданғанда, бірқатар сөздерде х әрпі жазылады деген

Бірінші тарау. Қазақ орфографиясының ғылыми-теориялық негіздері
1. Орфография мәселесі және оның мақсаты мен мазмұны
2. Орфографияның лингвистикалық негіздері
3. Орфографияның психологиялық негіздері
4. Орфографияның дидактикалық негіздері
Екінші тарау. Оқушыларға орфографиялық дағды берудегі оқытудың
принциптері мен әдіс-тәсілдері
2.1. Орфографиялық дағдыны қалыптастырудағы жазба жұмыстар және оны
ұйымдастырудың әдістемесі
2.1.1. Жаттығу жұмысы
2.1.2. Диктант
2.1.3. Мазмұндама
2.1.4. Шығарма
2.2. Оқушылардың орфографиялық қателерін болдырмау және оны түзету
жұмыстарының әдіс-тәсілдері
Қорытынды.
І.тарау. Қазақ орфографиясының ғылыми-теориялық негіздері.
1.1 Орфография мәселесі және оның мақсаты мен мазмұны.
Орфография – бұл біртұтас жазу жүйесі. Ал жазу жүйесі міндетті түрде
тілдердің рухани және материалдық мәдениетінің өркендеуіне ықпал етеді.
Өйткені көптеген мәдениет қайраткерлері жазудың сауатты болуына және
оқырманның мәтінді жеңіл түсінуіне ықпал етті. Мәселен ХVIII ғасырда-ақ
А.П. Сумароков орфаграфиялық заңдылықтарда осы оқырманға түсінікті болу
шартының сақталмағанына қарсылық білдіріп, оны білімсіздіктің төменгі
дәрежесі деп есептеді.

Көптеген тілдердің орфографиясына көбінесе екі-үш түрлі принцип негіз
болады; олар морфологиялық және фонетикалық принциптер.
Морфологиялық принциптер бойынша сөз бөлшектерінің түбір тұлғалары
сақталып жазылады.
Фонетикалық принцип бойынша сөз бөлшектері айтылуынша, естіленуінше
жазылады.
Орфографияның бұлардан басқа дәстүрлік немесе тарихи принцип деген де
түрлері болады. Дәстүрлік принцип бойынша жазу сөз бөлшектерінің сөз
тұлғасын сақтау ережесіне де, естілуінше жазу ережесіне де сай келмейді,
мұнда сөздердің бір кездегі қалыптасып, үйреншікті блып кеткен жазылу түрі
сақталады. Белгілі бір тілдің орфографиясында бұлардың біреуі негізгі,
екіншісі басым принцип болады. Сонымен қатар, осы тілде орфографиялық
принциптердің қалған түрлері де кездеседі.
Қазақ орфографиясының негізі морфологиялық принципке сүйенеді. Қазақ
тіліндегі сөздердің басым көпшілігінің түбірі тұлғасы сақталып жазылады.
Мысалы: жұмыс, іс, аш деген түбірлерге –шы, -шең, -са қосымшалары
жалғанғанда, олардың естілуі (айтылуы) жұмышшы, жұмыщы, ішшең, іщең, ашша,
аща (есікті) ащы болады. Бірақ сөздердің түбірі жұмыс, іс, аш болғандықтан,
және қосымшалар –шы, -шең, -са, -шы болғандықтан әрқайсысының түбір тұлғасы
сақталып, жұмысшы, ісшең, ашса, ашшы түрінде жазылады.
Сондай-ақ, қашан+ғы, түн+гі, бұрын+ғы, күн+ге, мұрын+ға деген сөздер
мен қосымшалардың естілуі (айтылуы) қашаңғы, түңгі, бұрыңғы, күңге, мұрыңға
болады. Бірақ, бұлардың айтылуы (естілуі) есепке алынбай, сөздердің түбір
тұлғалары сақталып, қашанғы, түнгі, бұрынғы, күнге, мұрынға болып жазылады.
Біріккен сөздер мен қос сөздер де, негізінен, морфологиялық принцип
бойынша жазылады. Мысалы: қара+күш (құрт), қара+құйрық (жануар),
өгіз+шағала (құс), жар+қабақ, орын+басар, шек+ара, алма+кезек, көзбе+көз,
қиян+кескі деген сөздер біріккенде не қосарланғанда, айтылуы (естілуі)
қарагүш, қарағұйрық, өгішағала, жарғабақ, орымбасар, шегара, алма-гезек,
көзбе-гөз,қиян-гескі болады. Бірақ әр сөздің түбір тұлғасы сақталып,
қаракүш, қарақұйрық, өгізшағала, жарқабақ, орынбасар, шекара, алма-кезек,
көзбе-көз, қиян-кескі түрінде жазылады.
Сөйлем ішіндегі сөздерді жазуда да олардың аралықтарындағы бір-біріне
тигізетін дыбыстық ықпалдары еске алынбай, жеке сөздің тұлғасы сақталып
жазылады. Мысалы, айтылуы - Торат қарагератқа ғарағандасалау. Дұрыс жазылуы-
Торы ат қара кер атқа қарағанда аласалау. Айтылуы – Балалар доп лақтырып
ойнап жүр. Қазақ орфографиясында фонетикалық принциптер де бар.Мысалы:
1) Қазақ тіліндегі септік, көптік, тәуелдік, жіктік жалғаулары, сондай-
ақ жұрнақтардың көпшілігі сөздің соңғы буынның әуеліне қарай және соңғы
дыбысына қарай түрленіп жалғанады: қала+лар, көше+лер, қала+ның, көше+нің,
қаз+дың, із+дің, сүт+тің, хат+тың, қалам+ым, дәптер+ім, оқушы+мын. Бұл
жалғаулар естілуінше жазылады.
2) Қатаң п,қ,к дыбыстарына аяқталған сөздерге дауыстыдан басталған
қосымша жалғанғанда, қатаң дыбыстыр ұяң естіледі: кітап+ым - кітабым,
тарақ+ы – тарағы, күрек+ің – күрегің. Мұндай жағдайда да сөздің түбі
сақталмай, естілуінше, ұяң дыбыс жазылады: кітабым (кітапым емес), тарағы
(тарағы емес), күрегің (күрекің емес). Бұл да – фонетикалық принцип.
3) Қазақ тілінде п дыбысына аяқталатын етістіктерге көсемшенің –ып,
-іп жұрнақтары жалғанғанда, қос п қатар айтылмай, немесе алғашқысы ұңдамай,
у дыбысына айналып кетеді және сол естілуінше жазылады: кеп+іп – кеуіп
(кебіп, кепіп емес) тап+ып – тауып (тапып, табып емес). Ал –пі, -пы
дыбыстарына аяқталатын етістіктерге –п жұрнағы жалғанғанда, алдыңғы ережеге
бағынбай, екі п дыбысы араларына ы,і дауыстыларын салып, қатар естіледі.
Мысалы күпі, лепі сияқты сирек қолданылатын етістіктердің көсемше түрі:
күрі+п – күпіп (отыр), лепі+п – лепіп (отыр).
4) Бірсыпыра біріккен сөздер әр сыңарының түбір тұлғасын сақтамай,
естілуінше жазады. Белбеу (бел+бау), қолғабыс (қол+қабыс), алабота
(ала+бұта), Бегәлі (Бек+әлі). Бұлардың бірсыпырасында жеке дыбыстардың
өзгеруі ғана емес, тұтас түбірдің өзгеруі еске алынады: бүгін (бұл+күн),
биыл (бұл+жыл), әкет (алып+ кет), әпер (алып+бер), апар (алып+бар), өйткені
(олай+еткен), сөйтіп (солай+етіп). Бұл тәрізді фонетикалық принциппен
жазылатын біріккен сөздердің саны, морфологиялық принциппен жазылатындарына
қарағанда, әлдеқайда кем. Олар (жалқы есімдерден басқасы) орфографиялық
сөздікте берілді. Сондықтан кез келген біріккен сөзді естілуінше жазуға
тырысудан сақ болу керек.
Дәстүрлік принцип бойынша жазылатын сөздер қазақ тілінде кемде-кем.
Оған хат, халық, хабар, хал, хан-хана сияқты сөздердің х әрпі арқылы
жазылатындығын мысал етуге болады. Бұл сөздердегі х әрпі сөздің түбірін
сақтау үшін немесе естілуінше жазылып тұрған жоқ. Бұлардың кейде айтылуы
–қалық, қат, қабар, қал, қан-қана. Бірақ 1940 жылы қазақ тілінің жаңа
алфавиті мен орфография ережелері қабылданғанда, бірқатар сөздерде х әрпі
жазылады деген ереже алынды да, содан бері жазу практикамызда бұл сөздердің
х арқылы таңбалануы үйреншікті болып, дәстүрге айналып кетті.
Орыс тілінен ертеректе еніп, дыбысталуы жағынан өзгеріп кетен бірқатар
сөздер дағды бойынша сол қазақша қалыптасқан күйінде жазылады: самаурын
(самовар емес), пәуеске (павозка емес). Бұл сөздердің жазылуы да дәстүрлік
принципке сүйенген.
Сөйтіп, қазақ орфографиясының негізгі принципі – морфологиялық
принцип. Сонымен қатар фонетикалық принцип те қолданылады. Арагідік
дәстүрлік принцип те орын алады.
2.Орфографияның кейбір мәселелері жайында. Орфаграфиялық ережелер
мынадай мәселелерде қамтиды:
1) кейбір әріптердің қолданылуы;
2) түбір сөздердің және қосымшалардың жазылуы;
3) сөздердің бірге, бөлек және дефис арқылы жазылуы;
4) шылаулардың жазылуы;
5) сөздерді тасымалдау;
6) бас әріатің қолданылуы.
Қазақ тілі орфографиясының әріптері жазылуының барлығы бірдей қиындық
туғызбайды. Олардың көпшілігі сөздердің кез-келген жерінде жазыла береді.
Жазу практикасында бірсыпыра қиындық келтіріп жүрген ережелер дауысты ә, ы,
і, и әріптері мен дауыссыз х, й, у әріптерінің жазылуы.
Ә әрпі орфографиялық ереже бойынша көбінесе сөздің екінші, үшінші,
соңғы буындарында жазылмайды, бірақ алдыңғы буындағы жіңішке дауыстылардың
жері мен соңғы буындағы а дыбысы ә болып жіңішке естіледі және жіңішке
айтылады. Сондықтан тәкаппар, кітап сияқты сөздерді тәкаппар,кітап деп
оқимыз. Әдетте орфография (сөздерді дұрыс жазу) нормалары мен арфоэпия
(сөздерді дұрыс айту) нормалары барлық сөздерді бір-біріне сай келе
бермейді. Әсіресе бұл – сөздерді сөйлем ішінде қолданғанда айқын көрінеді.
Орфоэпия нормалары бойынша жеке сөздер немесе сөйлем ішіндегі сөздер
әрдайым жазылуынша оқылмайды, олар бір-бірімен үндескен, құлаққа жағымды,
сынған күйінде оқылады. Мысалы: көгалагөйлекті ұзыңғыз бізгеғарай
жалтпұрылды, деген сөйлемді осылай естілуінше жазу қандай қате болса, көк
ала көйлекті ұзын қыз бізге қарай жалт бұрылды, деп жазылуынша оқу да
сондай қате болады.
Сондықтан кітап, тәкаппар деп айтылатын сөздерді кітап, тәкаппар деп
екінші, үшінші буындарында а әрпін жазсақ оларды дұрыс оқуға ешқандай
қиындық келтірілмейді.
Жеке айтылғанда жай, шай болап естілетін сөздер де жай, шай болып
жазылады: жайдан жай (жәйден-жәй емес).
Ә әрпі ірә, сірә, жүдә, куә, куәлік, іңкәр, кінә, кінәрат, күнәкар,
күмән сияқты санаулы сөздердің ғана екінші буындарында жазылады. (Бұлардың
толық тізімі орфографиялық сөздікте берілді).
Ы, і әріптерінің қолданылуында да біраз қиындықтар бар, мысалы,
олардың сөз ортасында жазылатын, не жазылмайтын, кейбір сөздерді
тәуелдегенде, түсіп қалатын, не түсіп қалмайтын, сөз басында л,р
дыбыстарынан бұрын жазылатын орындарын жете анықтап алу қажет болады.
Сөз ортасында не соңына келген екі дауыссыздың арасына ы,і қысаң
дауыстыларын салмай, шұғыл айтылуы мен араларына ы,і дыбыстарын қатыстырып
және соларға екпін түсіріп айтылуы жазуға да әсерін тигізеді. Мысалы: жарқ-
жұрқ етті дегендегі жарқ деген сөздің айтылуы мен Шамның сәулесі жарық екен
дегендегі жарық сөзінің айтылуы және екпін түскен орындары бірдей емес.
Алдыңғысының соңғы екі дауыссызы кілт, шұғыл айтылса, соңғыда р дыбысы
созылыңқы айтылады. Алдыңғы сөзде екпін а дыбысына түссе, соңғыда екінші
буындағы ы дыбысына түсіп отыр.
Осы құбылыс жазуда да ерекшеленіп, жарқ-жұрқ деген сөзді ы әрпінсіз
жазамыз да, сәуле беру мағынасындағы жарық деген сөзді ы әрпі арқылы
жазамыз. Жазылуы қалыптасып кеткен яғни, сахна сияқты сахнаулы сөздер ғана
ортасына ы,і әріптерін салмай, екі буын болыпжазылады. Бұларды да
орфографиялық сөздіктен қарап жазу керек.
Сөздің соңғы буынындағы екі дауыссыздың арасындағы ы,і әріптерінің
жазылуы немесе сусып түсіп қалуы белгілі бір грамматикалық құбылысқа
байланысты. Көптеген тілдерде сөз тұлғасы өзгергенде кейбір дауысты
дыбыстардың сусып түсіп қалу құбылысы бар (орыс тіліндегі сон- она, цветок
дегенді еске алыңыз). Қазақ тілінде соңғы буындарында ы,і қысаң дыбыстары
бар бірқатар сөздерді тәуелдегенде, олардағы ы,і дыбыстары сақталып
жазылады. Мысалы: киім-киімі, құлын-құлыны т.б. Ал кейбір сөздерге тәуелдік
жалғаулары жалғанғанда, олардың соңғы буынындағы қысаң ы,і дыбыстары сусып
түсіп қалады: халық +ы- халқы, көрік+і- көркі (ажары), ерік+і-еркі т.б.
Соңғы буынында ы,і дыбыстары бар түбір етістіктерге дауыстыдан басталатын
жұрнақтар жалғанғанда, соңғы қысаң дыбыстар сусып түсіп қалады: үрік-
үркітті (үрікітті емес), үркек (үрікек емес),т.б.
Сондай-ақ, кейбір зат есім, сан есімдерге дауысты дыбыстан басталатын
қосымшалар жалғанғанда, соңғы буындарындағы ы,і дыбыстары сусып түсіп
қалады: орын-орнады (орынады емес), ойын-ойнады (ойынады емес) т.б.
Р дыбысынан басталатын бірқатар сөздердің басында (Р әрпінен бұрын)
ы,і әріптері жазылады да, бірқатарында жазылмайды. Бұл сөздердің саны көп
емес, сондықтан сөздіктен қарап жазуға болады. Дегенмен бұларды ажырататын
мекелердің бірі мынадай: егер сөз басындағы р дыбысынан кейін қысаң ы,і
дауыстыларынын басқа дауыстылар келсе, сөз басында ы,і әріптері жазылмайды:
рас, рай, рақмет, ресми. Ал р дыбысынан кейін ы,і қысаң дауыстылары келсе,
олар сөз басында да жазылады. Ырым ( рым емес ), ырыс(рыс емес) т.б.
Сөз басындағы л дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе, ы,і әріптері
жазылмайды. (ілім деген сөзден басқасында): лақ, лах, лас, лай, лезде,
лұқпан, лық (толды). Бұл ережеге қарап ілу, ілесу, іле-шала дегендердің
жазылуын шатастырмау керек: бұл сөздердің түбірі – іл.
И әріпі жіжішке естілетін жалаң м дыбысмен қатар, ім, ый қосар
дыбыстарын да таңбалайды. Жіңішке естілетін м-дің алдынан і әрпін жазбау
қазақ орфографиясында әбден қалыптасып, орнықты: би, тиек, киім, т.б.
Сондай-ақ м дыбысының жуан естілетін (ый) түрі де жалаң м әрпімен
таңбаланады: бидай, диқан, риза, қария, мық, дария, қағида. Ый қосар әрпін
тек тый, сый деген сөздерге ғана (олардың түбір түрінде де, қосымшалар
жалғанған түрінде де) жазылады: сый, сыйлық, сыйлау, сыяды, сыйды т.т.
Дауыссыздардың ішінде х әрпінің қазақ сөздерінде жазылуына өте ұқыпты
қарауы керек. Не морфологиялық, не фонетикалық принципке сай келмесе де,
бір сыпыра сөздерді х әрпі жазылып кетті: хат, хабар, халық, сахна, -хана.
Оларды сөздіктен қарап жазуға болады. Ерекше есте болатын жағдай кез-келген
сөзде х әрпін жазудан сақ болуға тырысу керек. Бақыт, құрмет, ақымақ, қатар
тәрізді сөздерді бахыт, ахмақ түрінде жазу қате.
Х әрпі қазақ тіліндегі жалпы есімдермен гөрі, халқы есімдерде (адам
аттарында) жиі қолданылады. Мұхтар, Ахмет, Хамит, Райхан, т.б.
Қосымшалардың жазылуында мына мәселелерге көңіл бөлу қажет. Қазақ
тілінде қосымшалар, негізінен, үндестік заңы бойынша жалғанады. Қосымшаның
жуан не жіңішке жалғануына келгенде, түбірдің соңғы буынындағы дауыстының
ықпалы еске алынады: кі-тап+тің, мұға-лім+нің.
Бірақ қазақ тілінде қосымшалардың жалғануында буын үндестігінен
ауытқитын жерлер де бар. Мұндайда қосымша сөздің соңғы буынындағы дауысты
дыбыстың жуан жіңішкелігіне қарай емес, соңғы дауыссыз дыбыстың жуан
жіңішкелігіне қарай жалғанады. Бұл әсіресе орыс тілі арқылы енген көптеген
сөздерге қазақ тілі қосымшалары жалғанғанда айқын көрінед. Мысалы роль,
руль, ось деген сөдердегі дауыстылар жуан болғанмен, сондай-ақ сентябрь,
октябрь, ансамбаль деген сөздердің соңғы сөздердің соңындағы дауыссыздар
жіңішке айтылатындықтан, қазақша қосымша да жіңішке жалғанады. Сондай-ақ,
кінә, күнә, күмән тәрізді соңғы буындарында ә жазылатын сөздер мен поляк
тәрізді я жазылатын сөздерге де қосымша жуан жалғанады.
Ск, кс, кт, нг, нк, рг, рк, лк, нкм сияқты дыбыс тіркестеріне
аяқталған сөздерге де қосымша жіңішке жалғанады. Омскіге (омскыға емес),
полкке (полкқа емес).
Қосымшалардың жазылуында бір көңіл қоятын нәрсе олардың кейбір
тұлғаларға жалғанғанда дефис арқылы жазылатындығы.
Әріптерден қысқарған зат есімдерге қосымшаның дефис арқылы жалғанып
жазылуы орнығып кеткен ереже.
Парактида процентті, градусты таңбалар арқылы, ал бір сыпыра өлщеуіш
атауларын шартты түрде әріптер арқылы белгілеу, басқа тілдегідей, қазақша
жазуда да бар. Мысалы: 50%(50 процент), 20о(20 градус), 15 см(15
сантитметр), 250 га(150 гектар). Оқығанда таңбалар жеке әріп түрінде
оқылмай, толық сөз ретінде оқылады.
Сөздердің бірге және бөлек жазылу ерекшеліктері жайында бірсыпыра
түсініктер беруге тура келді, өйткені бұл – практикамызда аса үлкен
қиындық тудырып келе жатқан мәселе. Бір көңіл аударатын нәрсе – күрделі
сын есімдердің жазылуы. Күрделі сын есімдерді жасап тұрған екі сөздің
әрқайсысы өзінің нақтылы лексикалық мағынасына ие болып тұрса, бір-бірінен
бөлек жазылады. Мысалы: үш бұрышты тақтай; өп таңбалы сан, ауыл шаруашылық
артелі. 3. Кейбір пунктуациялық ережелер жайында. Пунктуациялық ережелердің
ішінде оңашаланған айқындауыш мүшелердің тыныс белгісі мен құрмалас
сөйлемдердің тыныс белгісіне тоқталып отуге тура келеді.
Оқшауланған айқындауыш мүше қазақ тілінде өзіне қатысты сөзден кейін
келеді. Айтуда оқшауланған мүше сөйлемдегі басқа сөздерден дауыстың аздап
кідірісімен бөлініп тұрады. Ол Құланбай ауылына, Қорыққа осы Ералыдан
барған болар. (М. Әуезов). Мұндағы қорыққа деген сөз Құнанбай ауылы деп
тұрғаны Қорық екендігін айқындай түседі. Ол құнанбай ауылына, атап айтқанда
Қорыққа, осы Ералыдан барған болар.
Пунктуация ережелерінің бірқатарын сөз еткенде, соларға сәйкес орыс
тілі пунктуация ережелерімен салыстырып отыруға тура келеді. әрине, екі
тілдегі қолданылатын пунктуациялық таңбалар бірдей болғанымен, олардың
қолданылатын орындарының әрдайым бірдей болуы мүмкін емес. Осыған
қарамастан, орыс тілінде қай жерде қандай тыныс белгісі қойылса, ол
бұлжытпай қазақ тілінде қолдана салу парактида кездесіп қалады.
Сондай-ақ, орыс тілінде құрмаласқан жай сөйлемдердің бірі шартты мәні
болса, араларына сызықша қойылғанымен, қазақ тілінде шартты бағыныңқылы
сөйлемдерде арасына үтір қойылады (ол жайында ережеде дәлірек айтылады).
Сондықтан, орыс тілінде сызықша қойылған әсердің барлығына да қазақ тілінде
сызықша қойыла бермейді.
1.2 Орфографияның лингвистикалық негіздері.
Жазу – адамдардың қарым-қатынасының бір түрі. Сондықтан, біз жазбаша
қарым-қатынастың ерекшелігіне тоқталайық.
Жазбаша сөйлеу жазу (жазудың түрлері, әріптің жеке өзі т.б.) деген
мағынаны емес жаза білу, ойыңды басқа біреуге түсінікті болу үшін, қағаз
бетінде сауатты жеткізе білу дегенді білдіреді.
Сондықтан, жазбаша сөйлеу – тілдік тұлғалардың графикалық, фонемалық
жүйесіне негізделген; лингвистикалық, психологиялық, физиологиялық,
әдістемелік ерекшеліктерге қатысты тілдік материалдың мазмұны мен формасын
қамтитын, адамдарың ұзақ мерзімдегі қарым-қатынасына мүмкіндік жасайтын
күрделі тарихи әрекет.
Жазбаша сөйлеу біріншіден, әріптің, сөздің графикалық таңбасы арқылы
іске асады; екіншіден, бұл графикалық таңбалар белгілі бір фонемалық,
мағыналық қасиетке ие болады; үшіншіден, жазылым құбылысында сөйлесім
әрекетінің барлық түрі қатысады; төртіншіден, жазу үстінде тіл үйренуші
адам сөйлемнің мазмұн-мағынасына ғана емес, формасына да көңіл аударуға
мәжбүр болады; бесіншіден жазылым қағаз бетіне түскен материалдың
түсінікті, жүйелі болуына тікелей байланысты жүзеге асады.
Жазу графикалық таңбалардың мағыналық жүйесі мен тізбегі арқлы
адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Жазу арқылы адам
айтайын деген ойын қағазға түсіріп, екінші бір адамға, жалпы адамзатқа
жеткізуді мақсат тұтады, яғни адам ойын басқаға жеткізу үішін жазуды
үйренеді.
Әдіскерлердің қалыптасқан пікірі бойынша, жазбаша сөйлеу үш бөліктен
құралуы тиіс. Олар:
-Себеп –салдарлық;
-Аналитико-синтетикалық;
-Орындалымдық;
Яғни, жазу әрекеті, бірншіден, белгілі бір әсерді екінші адамға
жеткізудің нәтижесінде ойға келеді, алдымен оның себебі пайда болады.
Екіншіден, аналитико-синтетикалық кезінде сөйлем құрылымы жасалады,
сөздер бір-бірімен тіркеске түседі, сөздің қызметі мен орны белгіленеді.
Үшіншіден, графикалық таңбалар арқылы жазбаша мәтін(текст) пайда
болып, жазу орындалады.
Тілдік қатысымға байланысты жазылым бірнеше құрылымдық кезеңнен тұрады
да, көп салалы болады:
1.Қажеттіліктен пайда болатын себеп.
2.Себептің ойда, санада бейнеленуі.
3.Ойдың сөз арқылы тізбектелуі.
4.Сөздің графикалық әріптермен таңбалануы.
5.Жазудың екінші адамға түсінікті болып, берілген хабарды білдіруі.
Себептік кезкеңде адам жазумен шұғылдану үшін белгілі себеп-салдарлар
пайда болып, соның әсерінен ойын қағазға түсіруді ойлап, оны іске асырғысы
келеді. Адам өмірде кездесетін әр түрлі деректі, ақпаратты басқа біреуге
жеткізу қажеттілігінен жазғысы келеді; бірдеңені айтуды, жазуды қалайды,
сол арқылы адамдар арасындағы қарым-қатынастардың алғы шарттары байқала
бастайды.
Екінші кезеңде жаңағы өмірден туған қажеттілік, яғни белгілі бір хабар
миға ауысады, адамның санасында бейнеленеді, ой туғызады.
Үшінші кезеңде адам санасындағы қалыптасқан ой сөзге, сөйлемге
айналады. Сол ойды дұрыс жеткізу үшін тіл үйренуші тиімді сөздерді іздейді,
айтқысы келетін хабардың ең басты мәнін дәл, нақты жеткізуді қалап,
сөздердің мағынасын ойластырады.
Төртінші кезеңде ойда жинақталған сөздер графикалық таңбалар арқылы
тізбектеліп, белгілі бір ережелер заңдылығымен қағазға түсіп, жазуға
айналады. Ол жазудың үлгісімен ғана емес, білдіретін мазмұндық сипатымен де
ерекшеленеді.
Бесінші кезеңде қағазға түскен сөйлемдер тұтас жүйесімен, белгілі бір
хабардың толық мазмұнын оқушыға жеткізеді.
Жазуды оқыған екінші адам ондағы берілген деректі қабылдайды, соған
қарап, жауап қайтарады.
Жазудың лингвистикалық ерекшелігі әріптік таңбадан бастап алфавитке
дейінгі жазуды, тілдің дыбыстық жүйесін, олардың жазылу ережесін, жазбаша
сөйлеу үлгілерін қамтиды.
Жазылымның лингвистикалық мазмұнын белгілейтін мәселелер мыналар:
1. Графика
2. Орфография
3. Жазып алу
4. Жазбаша сөйлеу
Бұл салада үйретілетін ең басты мәселе – жазылымның графикасы.
Графика, яғни жазу таңбалары – жазу үшін қолданылатын барлық әріптердің
таңбалық жиынтығы. Әріптік таңбалар екі түрде жазылады: баспа түрінде және
қол жазба түрінде. Әрбір әріп бас әріп және кіші әріп болып таңбаланады.
Барлық әріптердің жүйелік жиынтығы тілдің алфавитін құрайды. Қазақ тілі
графикасының ерекшелігі әріптер қалай жазылса, солай оқылады және басқа
тілден енген дифтонг (қосарланған) дыбыстардан басқалары құрамына қарай бір
әріп бір таңбаны білдіреді де, бір әріп бір дыбысты көрсетеді.
Жазуды меңгеруде лингвистикалық жақтан үйретілетін келесі мәселе –
орфография. Ол – белгілі бір сөзді әріптік таңбалар арқылы дұрыс жаза
білудің ережесі. Мұндай ережені оқытпай тұрып, жазуды да, тілді де сауатты
меңгеру мүмкін емес.
Тілді үйретуде орфографияға қатысты кездесетін қиындықтар да баршылық
олар:
1. Фонетикалық, морфологиялық, тарихи принциптердің өзгешеліктері
мен ерекшеліктерін жан-жақты тексеру;
2. Екпінге байланысты дұрыс жазылуды қадағалау;
3. Қазақ тіліндегі еріндік, езулік дауыстылардың жазылуына ерекше
мән беру.
4. Жуан, жіңішке дыбыстардың фонемалық қасиетін есте сақтау;
5. Дауыссыз дыбыстардың айрықша белгілерін дұрыс меңгеру т.б.
Жалпы орфографиялық білім екі саланы қамтиды:
1. Жеке лексикалық единицаларды, сөздерді дұрыс жаза білу ережесі;
2. Грамматикалық заңдылықтарды білу арқылы тіркесті сөйлемдерді
байланыстырып, дұрыс жаза білу.
Жазып алу немесе қысқаша жазу – жеке сөздерді, сөз тіркесін бір-
бірімен мағыналық байланысы жоқ сөздер мен сөйлемдерді дұрыс жаза білу. Сол
сияқты қысқаша тезистер, жоспарлар, қысқартылған сөздер мен ойларды
белгілеп, жазып алу да осыған жатады.
Жазбаша сөйлеу – лингвистикалық ерекшеліктердітолық меңгерудің
көрінісі және ең күрделі тілдік құбылыс. Жазбаша сөйлеу дегеніміз –
оқушының айтар ойын басынан аяғына дейін толық жаза білу, көзқарасын,
пікірін қағазға түсіріп, жеткізу. Мәселен, диктант жазу, пікір жазу,
түсініктеме, қатынас қағаз, реферат, мазмұндама, шығарма т.б жазу жатады.
Мұнда сөздер мен сөз тіркесі, сөйлемдер бір-бірімен байланысты болады.
Ойдың жүйесі үзілмей, келесі сөйлемдерде жалғасып, толығып отырады. Сол
себепті жазба материалдар тұтас бүтіндігімен мазмұндылығымен басқа
адамдарға түсінікті болады.
1.3 Орфографияның психологиялық негіздері
Жазбаша сөйлеудің психологиялық ерекшелігі – жазбаша тапсырмаларды
дұрыс пайымдап, логикалық жағынан меңгеру және графикалық, орфографиялық
дағдылар мен шеберлікті ұштау. Сонымен қатар, жазба жұмысы тіл үйренушінің
ойлау жүйесіне тиімді, есте сақтауға жеңіл болуы тиіс. Мысалы, сөздер мен
тіркестерді дұрыс байланыстырып жазу, сұраққа қысқаша жауап жазу т.б. Ең
бастысы, берілетін тапсырмалар тілдік қарым-қатынаста ұтымды болу керек.
Жазудың әдістемелік ерекшелігі – графика мен орфографияны, жазу мен
жазбаша сөйлемді жетік білудің, үйренудің амалдары мен жолдарын іздестіре
отырып жаттықтыру, оқыту.
Жазбаша сөйлеудің өзгешелігі: бір қарағанда мұнда қатысымдық байланыс
жоқ сияқты болып көрінуі мүмкін. Өйткені сөйлеуші білгенін білгенін қағазға
түсіреді, бірақ онда екінші адаммен тікелей қатысым іске аспайды.
Жазылымның қиындығы да осында: жазу үстінде адам ойын тиянақты, жүйелі, бас-
аяғын түгендеп, басқа біреуге ұғынықты болатындай етіп, екінші адамға
ыңғайлап жазады, тілдік қарым-қатынастың жазбаша түріне бейімдеп орындайды.
Тұжырымдап айтқанда, жазу оны жазған адамның ыңғайынан гөрі, жазуды оқитын,
қабылдайтын басқа екінші біреудің ыңғайына қарай, екінші адамның талап-
тілегін ескеріп, сол үшін жазылады.
Жазу кезіндені қатысым аз уақыт мөлшерінде де, немесе арасына көп
уақыт салып барып та іске асуы мүмкін. Қалай болғанда да, мұндай тілдік
қатынас өміршең болып, ұзақ сақталады.
Қазақ тілін сауатты үйрету үшін, оқушыларға берілетін жазба жұмыстарын
дұрыс жоспарлаудың маңызы зор. Мұндай жазба жұмыстарына жататындар:
1. Жазбаша жаттығулар.
2. Мәтіндер құрастыру
3. Жазбаша бақылау жұмыстары
4. Диктанттың түрлері т.б.
Оқытудың жүйелі және парасатты ұйымдастырлуы қажеттігіне, нендей
материалды қалай оқытатындығын күн ілгері жоспарлап, оны оқушыға қалай да
білгізу әдістерін белгілеуге мұғалімнің жауапкершілікпен қарау керектігін
Алтынсарин баса көрсетеді: Оқушылардың түсінбеушілігін оқытушылардың өз
кінәсі деп білмей, оқушылардың оқуға зер салмайтындығынаннемесетопастығынан
деп білетін мұндай оқытушылардың қатты адасатыны айтпай-ақ түсінікті. Менің
тәжірибемде мұндай оқытушылар педагогтар ұсынып отырған құралдармен еш
уақытта дұрыс танысып алмайды, олардың ешбіреуін аяғына дейін оқып
шықпайды, оқушылардың жалпы мінез-құлқына, ақыл-парасатына, онымен қатар,
орыс балаларына қарағанда, қазақ балаларының ана тілінде өзгешіліктер
болатынына, ана тілінің басқалығына, зер салиайды, осылардың бәрін еске ала
отырып, шындап еңбек сіңірмейді. Мұның аяғы балалардың басы да жоқ, аяғы да
жоқ бірдемеге, ешбір тәртіпсіз оқытуға әкеп соғады, - деп отырып, бұл
пікірін педагогикалық тұрғыда былайша жалғастыра түседі: егер балалар
бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиіс емес,
оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс. Ол балалармен
сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлесуі, шыдамдылық ету керек; мұндай сөздер
оқушыларға ғана түсініксіз болып қоймайды, басқа тыңдап отырған адамдырдың
құлағына жақпайды.
1.4 Орфографияның дидактикалық негіздері
Қазақ балаларын сауатты жазу мен тіл мәдениетіне дағдыландыру мәселесі
ертеден-ақ қолға алынған. Сондықтан бұл мәселенің өзіндік даму тарихы бар.
әсіресе, бұл мәселе орфографиямен, соның ішінде тыныс белгілермен тығыз
байланысты қарастырылды. Сондай-ақ, тыныс белгілерді қою, жазушының өз ойын
оқушы тарапынан дұрыс түсініп қабылдауы, яғни тіл мәдениетіне тығыз
байланысты да талқыланып келді. Мысалы: Ғ.Мүсірепов Теңіз балладасы деген
поэманың авторын сынай келіп, көзі жасқа толы кәрі әке сақалын жұлып қала
берді деген оп-оңай ойды екі өлеңге сыйғыза алмай, автор: Толтырып жасқа
уысты, сақалын жұлып шал қалған деп, сақалын шалға уыстатып жұлғызбай,
көзінің жасын уыстатқан деп қынжылды. Бұл Л.Толстойдың: Бір сөзді дұрыс
қолданбаған жазушыны жазу правосынан айырып, жүз рет дүре соқтырар едім, -
деген сөздің тамаша айтылған пікір екндігін дәлелдейді. Ал тыныс белгілерін
дұрыс қойып жазбаса, онда ойымыз дәл берілмейді. Өтірікпен от жағып, жан
сақтаған өсекші... Жоныңды отқа төсер ме еді, өсекші... Тіліңді сенің кесер
ме еді, өсекші (ХХ). Осы бір шумақ өлеңнің екігші жолындағы өсекші деген
сөз сөйлем мүшесі болып тұр, яғни өсекші өтірік айтады, от жағады, жанын
сақтайды деген сөздердің алдынан қойылған үтір ол сөздің сөйлемдегі
сөздермен грамматикалық жағынан байланыспай тұрған сөз екендігін, екінші
сөзбен айтқанда, ол сөздің қаратпа сөз екндігін біодіріп тұр. Сол сияқты,
Жер бетінде жақын дым, бұл араның күні, көктем шыға, қатты қыза
жөнелгенді, тез құрғап кетеді деген басыңқы сөйлемді бұл араның күні
қатты қыза жөнелгенде және көктем шыға деген екі бағыныңқы жай сөйлем
жарып, екі бөліп тұр. Сондықтан жер бетіне жақын дым деген тіркестің
кейін үтір қойса ғана, айтайын деген ой дұрыс болады.
С.Торайғыровтың:
Сүйемін туған тілім – анам тілін.
Бсікте жатқанымда-ақ берген білім, -
деген екі жол өлеңдегі анам тілін деген оңашаланған мүше үтірмен
бөлінбей, сызықшамен бөліп жазылғаны дұрыс, өйткені туған тілім деген
тіркестен кейін үтір қойып жазсақ, анасының тілі бір басқа сияқты ұғым
туады. Сол себепті анам тілін деген сияқты оңашаланған мүшенің алдынан
үтір қоймай, сызықша қойып жазсақ, туған тіл мен ана тіл бірыңғай
сөйлем мүшесі деп ұғынылмайтын болады.
Сөйлемді дәл ұғуға тек тыныс белгісі ғана көмектесетін контекстер жиі
кездеседі. Онда бастауыш тұық етістіктен болып, баяндауыш атау тұлғадағы
зат есімнен болса, бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қойылады,
кейде мұндай жай сөйлемнің ішінде бірыңғай оңашаланған айқындауыш мүшелер
кездеседі. Сол сияқты осы уақытқа дейін айтылып, жазылып келе жатқан
пунктуациялық ереже бойынша жаңа адамды және моральдық принципі асқақ
тұрған адамды – тәрбиелеу – біздің басты жетістіктеріміздің бірі деген
сияқты сөйлемде сызықша ұлы мұратты және моральдық принципі асқақ тұрған
адамды деген бірыңғай оңашаланған мүшге байланысты екі жерден қойылса, ал
тәрбиелеу деген сөзден кейіне қойылған сызықша бастауышпен баяндауыш
арасына қойылған сызықша.
Түркі тілдерінің бұрынғы ескерткіштерінде тыныс белгісінің алғашқы
элементтері кездеседі. Ол кездегі бар белгілер көбінесе тыныс белгісі
қызметінен гөрі бір сөзді екінші сөзінен айыру қызметін атқарған.
Қазақ тілінде шыққан алғашқы баспасөзіміздің бірі Дала уалаяты
газетінің (1888-1902) тұңғыш шыға бастаған нөмірлерінде де тыныс белгісінің
ешқайсысы қойылмайды. Кейде ұзақ күрделі ой немесе бір күрделі пікір
біткенін білдіру үшін, екінші ой жаңа жолдан жазылды. Бірақ ол абзацтар
сөйлемдерді бір-бірінен ажыратуға себін аз тигізді. Тыныс белгілері
қолданылмағандықтан, бас әріп болмағандықтан, кейбір жазылған жолдарды
ұғыну, түсіну өте қиындық келтірді.
Бертін келе, 1894 жылдан бастап, газет кейбір сөйлемдердің жігін
ажыратуға әредік сызықша (-), әр түрлі жұлдызшалар (*) сияқты шартты
таңбаларды қолданады. Мұндай жұлдызшалар сөйлемнің біткенін, дауыс үзілісін
білдіретін тыныстық белгілер болғанға ұқсайды. Мысалы:
Баян ауылдың қазақ орыслары қазақлардың көб арыз бирады бізлерді
қазақлар қағып соғып күн көрсатбайды диб – бұлармин сөйласіб китсак
қазақлар ұры қазақлар залым қазақлар ат ұрдағыштар диб айта бастайды* Бұған
қарағанда қазақ мин қазақ орыслар бұрін күндиб жау боп жатыр диб ойлауға
болады оларда рас айтсақ мұндай нәрсе болмаса керек*
Қазіргі қазақ тілі оқулығында Біздің жыл санауымыздың V-VII
ғасырлары шамасында жазылып сақталған орхон-енисей жазулары деп аталатын
ескерткіштердің кейбіреулерінде әр сөзден кейін қос нүкте тәрізді белгі
қойылса, кейбіреулерінен кейін төрт нүктеден құралған ромбик тәрізді белгі
қойылып отырған. Ал араб әрпімен жазылып сақталған ертеректердегі
қисалларда, дастандарда, өлең жолдары арасына қойылған тіліміздегі қазіргі
графикалық белгілердің бірде-біріне ұқсамайтын түрлі белгілер кездеседі.
Бұл жағдайлар тыныс белгілерінің бастапқы функциясына сөйлеуді тек әр түрлі
мәнді бөлшектерге болу ғана болғандықтан, бөлуші белгілердің тұр-тұрпат
жағынан қазіргі белгілерден өзгеше болғандығын байқатады, - деп жазған.
Біз қолданып жүрген қазіргі тыныс белгілері әр уақытта барлық тілдерде
осы сияқты таңбаланған. Тіпті б.з.б. Х ғасырда грек пен латын
қолжазбалрында тыныс белгілері ретінде қолданылған таңбалар мыналар болған
көрінеді: крест (+), шоғырланған көп нүкте т.б.
Профессор С.Е.Маловтың айтуынша, түріктердің енисей жазуында қос нүкте
– нүкте және тыныс белгісі есебінде жұмсалған.
Арғы кездері былай қойғанның өзінде беріректе жазылған түркі
тілдеріндегі арабша басылып шыққан кейбір кітаптардың өзінен тыныс белгіні
кездестіре алмаймыз. Мәселен: 1915 жылы өзбек тілінде шыққан Adab-us
Salixim, Fatima Zuhra сондай-ақ Н:Н:Пантусовтың 1880 жылы ұйғыр тілінде
шыққан Kitab Furat dar malik ein атты кітабынан, т.б. еңбектерден бірде-
бір тыныс белгісі табылмайды. М.Терентьевтің айтуынша, тыныс белгілері ХІХ
ғасыр кезінде парсы тілінде де болмаған. Қазақтың араб әліппесіне
негізделген жазу кезіндегі кейбір кітаптарда да ешбір тыныс белгісі
қойылмай жазылады. ХІХ ғасырда шыққан түркі тілдері грамматикаларында тыныс
белгілерің элементтері пайда бола бастағанын аңғаруға болады. Мәселен,
проф. А.Қазембектің 1839 жылы шыққан Түрік-татар тілі грамматикасының 32-
бетінде бір жұлдызша, 34 және 46-беттерінде екі жерде сызықша қойылған. Ал
1869 жылы шыққан Алтай тілі грамматикасында тыныс белгілерінің
бірсыпырасы кездеседі және олар бірсыдырғы орынды қойылған.
Академик В.В.Радловтың 1870 жылы шыққан Образцы народной литературы
туркскую наречий деген еңбегінде тыныс белгілерінің бірсыпыра түрі
кездеседі. Бірақ олар жүйелі түрде қалыптаспаған. Бұл еңбекте тыныс
белгілері төмендегіше берілген (сөйлемдер мен олардың тыныс белгілері
кітаптың түпнұсқасынан өзгертілмей алынып отыр). Бала айтады Мен қайдан
тудым? дейді. Шешесі әкесін айтпайды, сол балама айтсам әкесін іздеп
кетер деп айтпайды. Кемпір айтты Е, балам, сен өзің жақсы баласын, мұнда
сен нағып жүрсің ағаңды іздемей (253-бет). Жігіт айтты: Елім де жоқ, әкем
де жоқ, бауырым да жоқ, қайдан келіп, қайдан тұрғанымды білмеймін дейді.
Қыз айтты: Енді біз осы шәріге бір тұрайық шық деді. Патшаға мәлімдейін
деді – жарайды деді. (297-бет).
В.В.Радлов мәтіндерінде тыныс белгілері ішінен жақша мен көп нүкте
ғана кездеспейді. Лютштың 1883 жылы басылып шыққан Киргизская
хестоматиясында тыныс белгілері былайша қойылған: Сонда інісі ағасына Мен
мұны түсімде көрдім, соның үішн білемін деп, жауап беріпті (40-бет).
Орынбай: Екі шешен қосылса аттай желер, көп жзаңғалақ шешеннің сөзін бөлер.
П.М.Мелиоранскийдің 1897 жылы шыққан Краткая граматика казак-
киргизкого языка деген кітабында (11 болім) мысалдарға қойылған тыныс
белгілері мынадай түрде болып келеді: Қысқа бақай, тар мықын, кебеже қарын,
кен құрсақ... тарланым (3-бет); Битке өкпелеп тоныңды отқа салма (12-бет);
Жігіт айтты: атың байлайтұрғын болмасын (30-бет).
В. Катаринский 1897 жылышыққан Грамматика киргизского языка деген
еңбегінде мынадай сөйлемдер келтіреді: Орысша сөйлей білсем, бәрін де
айтар едім. Әуелі ойла, сонан соң істерсің (187-бет). Бұл мысалдардан
П.М.Мелиоранский мен В. Катаринскийдің қазақ тілі грамматикаларында да
тыныс белгілерінің бір сыпыра түрлерінің кездесетіндігін көреміз.
1915 жылы шыққан Жазу қағидалары деген кітапшада тыныс белгілерінің
қолданылуы туралы ережелер берілген. Онда тыныс белгілерінің жеті түрі ғана
аталып, олардың әрқайсысына берілген ережелерге мысалдар келтірілген. Леп
белгсі дауыс ишараты деп, сызықша мен жақша және көп нүкте ишарат деп,
тврнақша екі ишаратдеп аталады.
Бұл келтірілген мысалдардан ХІХ ғасырда жәнеХХ ғасырдың басында түркі
тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде баспадан шыққан кітаптарда тыныс
белгілері дұрыс, жүйелі түрде қолданылмаса да, таңбаларлдың элементі мен
оларды пайдаланудың алғашқы тәжірибесі көріне бастағанын аңғартады.
Қазақ тілі білімінде пунктуация мәселерінің зерттелу тарихын
баяндағанда, тыныс белгілері жөнінде жазылған азды-көпті еңбектерді негізгі
үш салаға бөліп қарауға тура келеді; тыныс белгілері жөнінде жазылған жеке
мақалалар; тыныс белгілерінің мектеп оқушыларына арналған оқулықтарда
баяндалуы; тыныс белгілеріне арналған жеке кітапшалар және олардың жетістік
жақтары мен емшіліктері. Бұлардың әрқайсысына жеке-жеке қысқаша тоқталайық.
Хронологиялық жағынан алғанда, қазақ тілінің тыныс белгілері жөнінде
жазылған алғашқы еңбектердің бірі – Ш.Сарыбаевтың сөйлемде үтірдің
жазылатын орындары туралы шағын мақаласы. Автор бұл мақаласында оқушылар
тыныс белгілерін дұрыс қоя білмейді, оның қазақ тіліндегі интонациялық
қалыптың бір ізбен өріс алып кете алмағандықтан деп көрсетеді. Автордың
тыныс белгілерін қоя білуде интонацияның рөлін бағалауы, әрине, дұрыс.
Дегенмен, автор мұнда тыныс белгілерін тек интонацияға ғана байланыстырып
қарап, мәселені бір жақты шешеді, интонация пунктуациялық негіздердің бір
түрі ғана екені ескерілмейді. Ш.Сарыбаевтың екінші мақаласы сөйлемнің
тұрлаулы мүшелері арасына қойыуға тиісті сызықшаға арналған. Автор бұл
мақаласында сөйлемнің бастауышын сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінен ажырата
біл керектігіне, яғни бастауыш мүшенің басқа бір мүше, мәселен, не
анықтауыш, не басқа бір тұрлаусыз мүше ретінде танылу қаупі болса, ондай
бастауыштан сызықша қойып жазу қажеттігіне көңіл бөлген.
Ш.Сарыбаевтың Тыныс таңбалары деген мақаласында қаратпа сөздердің
сөйлемнің басқа мүшелерінен үтір арқылы ажыратылатыны жөнінде дұрыс ереже
беріледі.
Тыныс белгілері жөнінде С.Жиенбаевтың шағын көлемді екі мақаласы бар.
Оның екеуі де Тыныс белгілері деп аталады. Автор бірінші мақаласында
жалпы тыныс белгілерінің маңызына тоқтала келіп, үтірдің қойылатын орындары
туралы ережелер береді. Автордың өз сөзімен айтқанда, олар мыналар:
араларында демеу жоқ біртектес мүшелердің үтірмен ажыратылатындығы; тектес
мүшелер арасында я, немесе сияқты демеулер тұрса да, үтір қою
керектігі, ал тектес мүшелер арасында мен, және, тағы да т.б. осы
тәріздес жалғау, демеулердің бірі қолданылса, олардан соң үтірдің
қойылмайтндығы; салалас құрмалас сөйлемдер құрамына енген жай сөйлемдерді
бір-бірінен тір арқылы ажырату керектігі; қаратпа, қыстырма, ңашаланған
мүшелерді сөйлемнің басқа мүшелердің үтір арқылы болу қажеттілігі т.б.
С.Жиенбаев Тыныс белгілері деп аталатын екінші мақаласында бастауыш пен
баяндауыштың арасында қойылатын сызықша, төл сөз бен бөгде сөз, бірыңғай
мүшелерден соң немесе бұрын қолданылатын жалпылауыш сөздің тыныс
белгілерінің кейбір мәселелеріне біраз ережелер ескірген, енді біреулері өз
кезінде дұрыс болғанымен, жазу практикасының даму нәтижесінде қолданудан
шығып қалған.
Х.Басымов Сөйлемнің тыныс белгілерін дұрыс жаза білейік деген
мақаласында көп нүкте, нүкте, сұрау, леп белгілерінің қойылатын орындары
жөнінде біраз түсініктер береді.
М.Балақаевтың Сауатты жазудың негізгі шарты – тыныс белгілерін дұрыс
пайдалану деген мақаласында тыныс белгілерін дұрыс қоюдың негізгі
грамматикалық құрылыс және дауыс ырғағы делінеді. Алайда, автор бұл дұрыс
пікірін тереңдетіп, нақты дәлелдеңкіремеген. Мақалада сұрау мен леп
белгілерінің қойылатын екі жағдайы ғана сөз етіледі.
Қазақ тілі пунктуациясы жөнінде мақала жазған авторлардың бірі -
Ә.Хасенов. еңбекте сөйлемнің оңашаланған мүшелері, қыстырма сөздер мен
сөйлемдер және бұл категорияларды бір-бірінен ажырата білу, оларға
қолданылатын тыныс белгілері жөнінде пікір айтылады.
А.Нұғмановтың Пунктуацияның бір мәселесі деген мақаласында
бастауыштан кейінгі қойылатын тыныс интонациялық сызықша жөнінде айтылады.
Бұлардан басқа Пунктуацияның кейбір мәселеері, Сызықша туралы
түсінік, Қазақ жазбасында тыныс белгілерін қолдану тарихына қатысты соңғы
деректер сияқты мақалалар жарық көрді. Бұл мақалаларда пунктуацияның
теориялық мәселелері сөз етіледі.
ІІ.тарау. Оқушыларға орфографиялық дағды берудегі оқытудың принциптері
мен әдіс-тәсілдері
Оқытуда табысқа жету көп жағдайда оқушылардың қабылдауын дұрыс
ұйымдастыруға байланысты. Міне, осыдан келіп қабылдаудың айқындылығы
оқытудың бірінші принципін құрайды. Ал оқыту процесіне көру, сезіну арқылы
қабылдау маңызды роль атқаратындықтан, бұл – дидактикада көрнекілік
принципі деп аталады.
Көрнекілік және қабылдаудың айқындылығы өтіліп отырған обьектні саналы
түсіну процесімен тығыз байланысты. Зейінді обьектіге шоғырландыра отырып,
құбылыстың мәнін білу, онда қандай байланыстық бар екенін аңғару,
байланыстардың себебін ашу, өтіліп отырған құбылысты жан-жақты тану
мүмкіндігін береді. Бұдан білімді белсенді түрде меңгеру принципі келіп
шығады.
Оқытудың келесі кезеңінде білімді пысықтай отырып, оны бекіте түсу
процесін жүзеге асыру болады. Бұл – меңгерілген білімнің беріктік принципін
туғызады. Білімді саналы және берік игеру материалды оқушының шама-шарқына
лайық оқықанда ғана жүзеге асырылмақ. Дұрыс қабылданбаған немесе оқушының
меңгеруге шама-шарқы жетпеген материалдар, оқытудың келесі кезеңдерінде
түсінікті болуы тиіс. Демек, үйретілген материал белгілі бір жүйемен
құрылуы тиіс. Мұндай талап оқытудың бір ізді және жүйелі құрылу принципін
қажет етеді. Ең соңында, оқытудың ең маңызды принципі ретінде ғылымға
негізделген принцип алынады. Сөйтіп дидактикалық принциптері: 1) көрнекілік
принцип; 2) саналық пинцип; 3) білімнің берік болу принципі; 4) шамаға
лайықтау принципі; 5) жүйелілік принципі; 6) білімнің ғылымға негізделу
т.б.
Көрнекілік принцип. Көрнекілік принцип теориялық жағынан бірінші болып
негізделген Я.А.Каменский болса, орыс педагогтары ішінде К.Д.Ушинский
көрнекіліктің мәнін психологиялық жағынан қоса алып көрсетті. Ол көрнекілік
туралы былай деп жазады: Бұл – дерексіз түйсіктер мен сөздерге емес,
балалар тікелей қабылдайтын нақты бейнеге құрылған ілім... нақтыдан
дерексіз, түйсінуден ойлауға қарай оқыту соншалық табиғи және айқын
психикалық заңдылыққа негізделеді.
Демек, көрнекілік принциппен оқыту оқушылардың байқағыштығын дамытуға
көмектеседі. Көрнекі оқытудағы басты мақсат, - деп жазды Ушинский, -
байқағыштыққа, оймен топшылауға жаттықтыру және өзінің байқағандарын сөзбен
айтып бере білуге, сондай-ақ одан логикалық қорытындылар шығаруға үйрету
болып табылады.
Көрнекіліктің ғылым негізі философияның таным теориялары мен
И.П.Павловтың жоғарғы нерв қызметі туралы іліміне негізделген.
Өмірде бар заттар мен құбылыстарды көрсетуі арқылы көрнекі оқу құралы
мектеп оқуын өмірмен байланыстырады, сөйтіп теорияның практикамен ұштастыру
жөніндегі дидактикалық принципті жүзеге асыруға көектеседі; оқушыларда әр
түрлі түсініктер мен ұғымдар қалыптастыру. Ісінде мұғалімге көмекші болады:
оқушылардың логикалық ойлауы мен тілін дамытуда, зейінін белгілі мақсатқа
аударуда, творчестволық талғамын дамытуда көмекке келеді, өтілген оқу
материалдарын берік меңгеру мүмкіндігін жасайды.
Көрнек құралы белгілі мақсат көздей отырып пайдаланылуы тиіс.
Көрнекіліктің мақсаты оқушыларға нақты нәрсені көрсету ғана емес;
нақтылықтан дерексіз қорытынды жасап отыруға үйрету болып табылады. Нақтылы
көрнекі материалды саналы түрде меңгеру үшін, қабылданатын зат пен
құбылысты дұрыс байқау, талдау жасау керек болады. Дұрыс байқай отырып,
оқушы көргеніне анализ жасауға негізгісі қайсысы екенін ажыратуға,
салыстыруға, белгілі қорытынды жасауға, заңдылықтарын анықтауға үйренеді.
Соңынан сауатты жазуына дағдылана бастайды.
Білімнің берік болу принципі. Білімді меңгеру және берік ойда сақтау
принципі өтілген материалды оқушының дәйекті түсініп, саналы меңгеруін
талап етеді.
Білімді берік меңгерудің оқушыда дүниетану көзқарасын қалыптастыруда
маңызы зор. Дүниетану адамның іс-әрекет сипатын белгілейді, оның қоғамдық
бағыты мен мақсатын анықтайды.
Белгілі бір ережені қалайда бір жақсы түсініп, есте сақтаудың
қажеттігін мұғалім оқушыға баса көрсетіп, арнайы ескеріп отырса, бұл
материалдың аса қажет екендігін сезініп, оны берік меңгеруге тырысады.
Оқылған материалды тыңғылықты игеруге оқушының ынтасын аударудың маңызы
зор. Бұл үшін мұғалімнің түсіндіру мен баяндау тәсілдері шешуші орын алады.
Неғұрлым оқушы ойына әсер ете түскен сайын, ол материал соғырлұм берік есте
сақталады. Мұғалім түсіндірген материалдың мазмұны болуымен бірге, оның
баяндау шеберлігі, сөздің жаттықтығы, көрнекілікті тиімді пайдалану, көркем
сипаттама беру , айқын салыстырулар, тартымды фразалар келтіру сияқты
оқушыны қалай да үйіріп аларлық жәйіттерді ойластыруы тиіс.
Оқушы материалды саналы түрде игеріп, есінде берік сқтауға төселуі
қажет. Онсыз олар құрғақ жаттауға әуес келеді. Білімді берік меңгертуде
материалды дұрыс жүйелеу шешуші орын алады. Түсіндірілетін материалдан
басқа басы артық еш нәрсе болмай бәрі де өз орнында тұруы тиіс. Өткен
материал мен жаңа материал арасындағы сабақтастық, ішкі байланыс жүйесі
сақтлып отыруы керек. сондай-ақ, оқу материалы оқушының жасы, білім
дәрежесіне лайық мөлшерлей білуі де шешуші орын алады.
Білімнің беріктік принципін жүзеге асыруда жаттығу жүргізу де маңызды
фактор болып табылады. Жаттығу тек білімді ғана бекітіп қоймай, сонымен
бірге балада икемділік пен дағды қалыптасуына, білімді практикада
қолдануына көмектеседі.
Шамаға лайықтау принципі. Оқыту жұмысы шамаға лайықталуы керек, онсыз
оқыту да, табыс та, саналық та, белсенділік те, тәрбиелік те сипат
болмайды. Оқушының табиғаты, даму ерекшелігі, жеке басының қасиеті
ескеріліп отырылуы тиіс. Материалдың шамаға лайықтанбауы оны түсінбеуге
әкеп соғады. Шамаға лайықтауда мына жағдайлар ескеріледі: а) оқушылардың
жас ерекшеліктері, ә) білім дәрежесі, б) бағдарлама аумағы.
Жоғарыда көрсетілгеннен басқа мұғалім шеберлігіне, оқытуды шамаға
лайықтап құру ережесін дұрыс жүзеге асыруына байланысты. Ондай ережелер
мыналар: а) белгіліден белгісізге қарай оқыту, ә) оңайдан қиынға қарай
оқыту, б) жақыннан алысқа қарай оқыту.
Белгіліден белгісізге қарай оқыту ережесі оқытудағы таным процесінің
негізі болып табылады. Мысалы, балаларға хат танытып, олардың дұрыс ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz