Қосмекенділер туралы мағлұмат


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Қосмекенділер - саны жағынан аз тараған омыртқалылардың өкілдері, олар балықтар мен жорғалаушылардың аралық формасы болып табылады, сондықтан оларды эволюциялық зерттеулер үшін өте бағалығын көрсетеді.
Қосмекенділер теориялық зерттеулер төңірегінде зоогеография, генетика, популяциялық экология ғылымдарын қызықтыруда.

Қосмекенділер тірі табиғаттың обьектісі ретінде физиологиялық жағынан адамға жақын. Оларда жүрген реакциядан қоршаған ортаның ластануы ғана емес, адамның денсаулығын ластаудың соңына алып келетіндігін көрсетеді.

Оңтүстік Қазақстан территориясында тіршілік ететін жасыл құрбақалардың (Bufo viridis) популяциялық құрылысындағы байланысты зерттеу, олардың морфофизиологиялық ерекшеліктерін анықтау, тіршілік етуінің экологиялық ерекшеліктерінің ғылыми заңдылықтарының жағдайын, биогеоценоздың продуктивтілігін анықтайды, осы жұмыстар бойынша көтерілген проблеманың теориялық мәні анықталынады.

Тақырыптың өзектілігі: Жасыл құрбақалар (Bufo viridis) Оңтүстік Қазақстан облысында кең тараған, саны жағынан жоғары, барлық тіршілік ортасында кездеседі және әртүрлі техногенді факторларға, қоршаған ортаның өзгеруіне төзімді болып келеді. Олардың биологиялық және морфофизиологиялық параметрлерін, жануарлардың ағзасында кездесетін химиялық элементтердің биологиялық ролін зерттеу бұлардың болашақта популяцияларына болжам жасауға маңызды болып табылады.

Қосмекенділердің көбеюі.

Амфибилердің еркектері мен ұрғашыларының сырт белгілеріне қарап байқау қиын. Кейбіреулерінің (әсіресе құйрықсыздардың) еркектері ұрғашыларынан әлде қайда кіші болады.

Жазғытұрым қоныр бақалардың еркектерінің арқа жағында жэне тамағының астында күлгін түсті теңбіл пайда болады. Тритондар мен протейлерде “күй салтанаты” кезінде ашық теңбілдер пайда болады. Морфологиялық құрылыстарында да ерекшеліктер байқалады. Мысалы жаз кезінде жалды тритондардың еркектерінің арқасында және құйрығында сүйел сияқты тері өсінділері күшті өсіп, оларда өте жиі орналасқан қан тамырының торлары пайда болады. Құйрықсыздардың еркектерінде алдыңғы аяқтарының саусақтарының ішкі бетінде сүйелденген төмпешіктер өседі, осы төмпешіктер арқылы еркектері шағылысқан кезде, ұрғашыларына бекім жабысады. Кейбір түрлерінде мұндай “күй сүйелі” денесінің басқа бөлігінде де болады.

Амфибилердің көбеюіндегі ерекшелік - олардың көбею кезінде суға келіп, жұмыртқасын салуы және суда личинканың дамуы өтуі. Кейінгі кезде амфибилердің бірсыпыра түрлерінде судан тыс ортада көбеюге бейімделушілік қалыптасты. Әйткенмен бұл бейімделушілік екінші сипатта болатын қос мекенділердің азғана түріне тән ерекшелік.

Құйрықсыздардың көпшілігінде ұрықтану сыртта болады Еркегі ұрғашысының үстіне шығып, алдыңғы екі аяғымен арқасына мықтап жабысып алып, ұрғашысының жұмыртқасын қысып шығарады. Бұл процесс ұзақ уақытқа, кейде бірнеше күнге созылады. Бұл кезде олар су ішінде болады.

Құйрықтылардың көпшілігінде және аяқсыздарда ұрықтану іште өтеді. Аяқсыздар ғана кәдімгідей шағылысады және олардың еркектерінің шағылысу органы болады. Тритондардың еркектері ұзақ уақыт ұрғашыларының артынан еріп жүріп, оларды күтеді. Бұдан кейін спермасын кішкене қапшықшаларға салып, сперматофораларын су астындағы өсімдіктердін, үстіне шашады, олар өсімдіктерге бекиді. Ұрғашысы жүзіп келіп осы қапшықшаларға клоакаларын беттестіріп, ұрық жолдарына ендіріп, ұрықтанады. Құрлықта жүретін кұйрықты саламандралар сол мекендеген жерінде шағылысады. Бұл кезде еркек саламандра алдыңғы аяқтарымен үрғашыларын құшақтап, екеуі клоакаларын беттестіреді. Еркегінің сперматофоры ұрғашысы-ның клоакасы арқылы ұрық жолына өтеді.
Ұрықтанған жұмыртқаларын амфибилер көпшілігінде суға салады да оның келешектегі дамуына қамқорлык жасамайды. Сонымен қатар жұмыртқалардың басқаша жағдайларда дами-тыны туралы көптеген деректер бар.

Аяқсыздар жұмыртқаларын көпшілік жағдайда індерге, тастардың және түбірлердің астына салады. 20 шақты жұмыртқа салып, олардан личинкалар шыққанша, денесімен орап жатады. Личинкаларын жұмыртқадан шыға салысымен суға көшіреді, суда метаморфозы тез аяқталып, ересек формаға айналады.

Қалталы бақаның (Nоtotгеmа) ұрықтанған жұмыртқалары денесінің арқа бөліміндегі тері қатпарларының терең түкпіріне орналасады. Кейбір түрлерінің осындай қатпардан шыккан итшабақтарының дамуы суда аяқталады, ал кейбір түрлерінде барлық стадиялары осы қалташада өтеді де одан метаморфоздан өткен ұсақ бақалар шығады.

Оңтүстік америкалық бақа - Дарвинның ринодермасының (Rһіпоdегmа (dаwiпі) көбеюі ерекше болады. Еркегі ұрықтанған жұмыртқаларын жұтып көкірегі мен құрсағында болатын, ұзын дыбыс қапшықшасының ішінде алып жүреді. Бұл дыбыс қапшыкшаның ішіне 20-30 шақты жұмыртқа сияды. Ұрықтар алғашқы уақытта, тек-қана жүмыртқаның ішіндегі сары затымен қоректену арқылы дамиды. Сары заттары біткен соң, арқа және кұйрық бөлімдерінің бетімен бірігіп дыбыс қапшықшаларының ішкі беттеріне бекиді, ондағы көптеген қан тамырлары арқылы зат алмасу процесі жүреді. Бұдан сыртқа метаморфоздан өткен ұсақ бақалар шығады.

Кейбір бақалар жұмыртқаларын өздері жасаған ұяларға салады. Мысалы, Оңтүстік Американың филломедуза деген бақасы жұмыртқасын иіліп тұрған өсімдік жапырақтарының үстіне салады. Ол үшін олар жапырақтық жиегін бір-біріне жақындатып, бүріп кішкене конверт жасайды. Жапырақтың жиегі жұмыртқалардың қоймалжың қабымен желімделеді. Жұмыртқадан шыққан личинкалар біраз уақыт осында болып, кейін суға түсіп, метаморфозын аяқтайды. Тропиктік ормандарда тіршілік ететін кейбір түрлері де жұмыртқаларын иіліп, суға төніп тұрған жапырақтардың қолтырына салады немесе жапырақтың бетіне желімдеп қояды.

Кейбір амфибилер тірі туады, бұл құйрықтылар мен аяқсыз-дардың азғана түріне тән. Мысалы, теңбіл саламандралар (SаІаmапdга sаlаmапdга) әдетге тірі туады. Кейде (лабораторияда ұстағанда) жұмыртқа салады. Бірақ жұмыртқадан сол сағатың Ішінде сыртқы желбезегі бар личинкалар шығады.
Тау саламандралары (Sаlатапdга аtга) личинкаларыгіың метаморфозы анасының ішінде аяқталады. Үцгір саламандраларымен (Sреlегреs fиsсиs) кейбір аяқсыз қос мекенділердің түрлері толық дамып жетілген тірі бала туады.

Амфибилердің жоғарыда көрсетілген көбею тәсілдерінің әдеттегі көбеюден ерекше болуы, олардың әр түрлі тіршілік жағдайларына бейімделіп, өзінен кейінгі тұқымын сақтауға қам ету болып саналады.
Амфибилердің өсімталдығы түрліше болады. Мысалы, қара саламандра 2 бала туады, ал теңбіл саламандра мен терілі құртша бір ғана бала туады. Цейлонның жылан балығы 10-15 жұмыртқа, буылтық құртша 5-10, пипалар 50-100, Дарвин ринодермалары 20-30 жұмыртқа салады. Шөп бақасы 1500- 4000 жұмыртқа, жасыл бақа 3-8 мың, ал қүрбақалар 10 мыңға дейін уылдырық салады.

Қосмекенділер (Amphіbіa) - хордалылар типі, омыртқалылар тип тармағының бір класы. Қосмекенділердің 2 класс тармағы: доға омыртқалылар (Apsіdospondylі) жұқа омыртқалылар (Lepospondylі), 3 отряды (құйрықсыз қосмекенділер, құйрықты қосмекенділер және аяқсыз қосмекенділер), 25 - 30 тұқымдасына бірігетін 4 мыңнан астам түрі белгілі. Тропиктік, субтропиктік және қоңыржай аймақтарда таралған. Көпшілік түрлері сырттай ұрықтанады, ал дернәсілдері суда тіршілік етеді, тек түрленіп дамығаннан кейін оларда ересектеріне тән морфология-физиологиялық ерекшеліктер қалыптасады. Дернәсілдерінің анатомиялық құрылыстары (жүрегінің екі камералы болуы, желбезектерімен тыныс алуы, т. б. ) балықтарға ұқсас. Ересектері өкпе және терісі арқылы тыныс алады.

Қосмекенділер жоғары девонда саусаққанатты балықтардан пайда болған, балықтар мен “нағыз” құрлықтағы омыртқалылардың (амниоттар) арасынан орын алады. Бұларға жерде жүруге бейімделген буыны шар тәрізді, бірнеше бөлімдерден тұратын, бес саусақты жұп аяқтар тән. Бас қаңқасы аутостилиялық (үстіңгі жақсүйегі бассүйекке бітісіп кеткен) .

Қосмекенділерде үлкен қан айналу шеңберінен басқа кіші (өкпелік) қан айналу шеңбері пайда болған. Жүрегі екі жүрекше мен бір қарыншадан тұрады. Сол жақ жүрекшеде таза артерия қаны, ал оң жақ жүрекшеде вена қаны мен теріден келетін артерия қаны болады.

Қарыншада артерия және вена қандары араласады.

Алдыңғы мидың 2 жарты шар күмбезінде жүйке клеткаларының жиынтығы болады. Зәр бөлу жүйесі мезонефростық (дене бүйрегі) типке жатады. Денесінің ұзындығы 2 - 3 см-ден 1, 8 м дейін жетеді. Терісі жұмсақ, жалаңаш денесі шырыш бездері бөлетін шырыштан дымқылданып тұрады. Тіршілігіне қажетті оттектің едәуір бөлігін терісі арқылы сіңіреді. Көпшілік қосмекенділердің сероз бездері бар, ол кейбір тропиктік түрлерінде өте улы келеді. Балықтардан айырмашылығы тері бездері ірі, көп клеткалы болады. Ересек қосмекенділер негізінен жәндіктермен, ал дернәсілдері су өсімдіктерімен де қоректенеді. Қазақстанда қосмекенділердің 12 түрі кездеседі, оның 3 түрі жетісу аяқтыбалығы, даната құрбақасы, қызылаяқ бақа, Қазақстанның “Қызыл кітабына” тіркелген. [1]

Кейбір түрлерінін тіршілігі сумен байланысты. Олар ерте девонда балықтардан бөлініп шығып, құрлық жануарларымен балықтардың ортасындағы жануарлар тобына айналған. Казіргі қосмекенділердің дене ұзындығы 2-3 см-ден 1, 8 м дейін. Терісі жұмсақ, тықыр, көптеген кілегей бездерінің сөлімен әрдайым ылғалданады және тері арқылы әртүрлі ауа газдарымен су алмасу процестерін жүргізеді. Олардың арасында кейбір түрлері артқы аяқтарын жоғалтқан, ал кейбіреулері аяқсыз калған. Кеуделері жоқ, өкпеге ауа ауыз қуысының түбіндегі бұлшық еттердің жиырылуымен жеткізіледі. Кейбір түрлері өкпесіз, (саламандрлар) . Мишық жетілмеген. Құйрықсыз К. ортаңғы кұлағы мен дауылпаз жарғағы бар. Жүрегі үш камералы, ал өкпесі жоқтарда, екі камералы. Бүйректері балықтар бүйрегіне ұқсас, клоакаға ашылады. Қ., пойкилотермді жануарлар.

Қазіргі уақытта Қ. 25-30 тұқымдастарының 4000 дейін түрі белгілі. ТМД-да 13 тұқымдастың 34 түрі таралған. Олардың көпшілігі суда көбейеді. Көпшлігі жұмыртқа салады, бірақ кейбір түрлері тірі туады немесе жұмыртқада тірі туады. Дамуы өзгеріспен өтеді. Бақашабақтары ересектеріне ұқсамайды. Ересектері омыртқасыздармен, бақашабақтары несекомдармен және өсімдіктермен қоректенеді. Қосмекенділер табиғатта өте маңызды экожүйе мүшесі, өйткені олар көптеген жәндіктердің санын реттеумен қатар өздеріде басқа жануарлардың азықтық қоры болып есептеледі. Көптеген түрлер саны күрт төмендеуде. Оның басты себебі су қоймаларының ластануында. ХТҚО-ның Қызыл кітабына 41 түр, КСРО Қызыл кітабына 9 түрі енгізілген.

Афибилер (Қос мекенділер)

Афибилер (Қос мекенділер) - суда тіршілік ететін балықтар мен құрлыкта тіршілік ететін организмдердің аралық формасы болып саналады. Оларды суда да, құрлықта да тіршілік етуіне байланысты қос мекенділер деп атаған.

Даму кезеңдеріне сәйкес олар суда да, қүрлықта да тіршілік ете алады. Тіршілік барысында метаморфозға үшырайды, яғни таза су личинкасынан көбінесе су орталығынан тыс тіршілік ететін ересек формаға айналады. Осыған сәйкес желбезекпен тыныс алу өкпемен алмасып, қан айналу системасының түрі өзгеріп, бес саусақты аяқ пайда болып, сезім органдарында көптеген өзгерістер болады. Әйткенмен ересек формаларының құрлықта тіршілік етуге бейімделуі айтарлықтай емес. Өкпесі нашар дамыған, сондықтан терісі қосымша тыныс алу органының қызметін атқарады. Үш камералы жүрегі қанның артерия және вена қанына ажырауын орындай алмайды, сол себепті денесінің көпшілік бөлігінде артериямен аралас қан жүреді. Аяқтары бес саусақты болғанмен де әлсіз, денесін тік көтеріп тұра алмайды. Қосмекенділердің көпшілігінің ұрықтануы балықтар сияқты су орталығында уылдырық шашу арқылы орындалады. Ұрықтануы аналықтың денесінен тыс, сыртта болады.

Осы кезде тіршілік ететін қос мекенділердің 2600-2800 жуық түрі бар; олар үш отрядқа топтасады:

  1. Құйрықтылар (Саиdаtа немесе 1Urodеlе)
  2. Аяқсыздар (Ароdіа)
  3. Құйрықсыздар Апига немесе Есаиdіаtа) .

Басқа омыртқалыларға қарағанда, қос мекенділер аз тарал-ған. Көптеген түрлері температурасы тұрақты, өте дымқыл тропикте тіршілік етеді. Климаты қоңыржай жерлерде амфибилер аз, ал Арктика мен Антарктикада олар мүлдем болмайды. Бұлардан басқа шөлді облыстар мен биік таулы елдерде қос мекенділер аз кездеседі, немөсе мүлдем кездеспейді. Мұның өзі амфибилердің құрғақшылыққа, төменгі температураға төзімсіздігін көрсетеді.

Амфибилерді дене пішіндеріне және мекендейтін ортасына байланысты үш топқа бөлуге болады:

  1. Тритон тәрізділер. Бұлардың денелері сопақ, ұзынша келеді, жақсы дамыған құйрығы болады, алдыңғы және артқы аяқтары біркелкі дамыған, жүргенде жер бауырлап жүреді. Басқа қос мекенділерге қарағанда көбінесе тіршілігі суда өтеді. Бұларға жататындар: тритондар, саламандыралар т. б.
  2. Бақа тәрізділер. Бұлардың дене тұрқы қысқа бол-ғанмен де массивті толық келеді, құйрығы болмайды. Олардың алдыңғы аяқтарынан гөрі артқы аяқтары ұзын және жақсы дамыған. Құрлықта сол артқы аяқтарының көмегімен секіріп қозғалады. Көбею кезеңінде гана су орталығында болады да, ересек формаларының тіршілігінің сумен байланысы шамалы. Бұл типке барлық бақаның түрлері жатады.
  3. Қүрт тәрізділер. Денесі ұзын, аяғы мен құйрығы бол-майтын амфибилер. Құрлықта денесін жылан сияқты иреңдетіп, қозғалады. Топырақтың үстіңгі қабатында және түрлі ағаш қалдықтарының арасында тіршілік етеді.

Тері жабындысы. Барлық қос мекенділердің терісір және оның сыртынан жауып тұратын сүйекті немесе мүйізді қабыр-шақтары жоқ - жалаңаш болады. Эпидермисінде бездер өте көп. Тері бездерінің секреттері теріні құрғап кетуден және сыртқы факторлардың зиянды әсерінен сақтап тұрады. Бұдан басқа көптеген түрлерінін терісінде улы бездері болады. Оның қызметі - қос мекенділерді жыртқыштардан қорғайды. Эпидермис қабаты толығынан бездерден тұрады, тек қана кейбір құрбақаның эпидермисінің сыртқы бетінде аздап та болса мүйіздену байқалады.

Омыртқа жотасы. Қос мекенділер жартылай құрлықта тіршілік етуіне байланысты балықтармен салыстырғанда едәуір жақсы жіктелген. Омыртқа жотасы - мойын, дене, сегізкөз және құйрық бөлімдерінен тұрады.
Мойын бөлімі сақина пішінді бір ғана омыртқадан тұрады, ол өзінің буындық екі оязы арқылы бас сүйекпен жалғасады. Дене омыртқаларының саны түрліше, яғни 7-100 дейіндежәне одан да артығырақ болады. Мысалы, ең азы - құйрықсыздарда - жетеу, ал аяқсыздарда жүзден асады. Сегізкөз бөлімінің омыртқасы біреу ғана, ал аяқсыздарда тіпті болмайды. Сегізкөз омыртқасының ұзын болып, көлденең орналасқан екі өсіндісі болады. Бұған жамбас сүйегінің екі мықын сүйегі бекиді. Құйрық бөлімі құйрықты қос мекенділерде айқын бөлінген, аяқсыздарда аз, ал құйрықсыздарда уростил деген бір ғана сүйекшеден тұрады. Уростил эмбриональдық дәуірде бірнеше жеке омыртқалардан қалыптасатындығы анықталған.

Төменгі сатыдағы қос мекенділердің омыртқасы (аяқсыздар да, төменгі құйрықтыларда) амфицельді, бұл жағдайда хорда өмір бойы сақталады. Құйрықсыздардың омыртқасы - процельді, яғни алдыңғы жағынан ойық, арт жағынан дөңес келеді. Жоғарғы сатыдағы құйрықтылардың омыртқасы - опистоцельді, анығырақ айтқанда, алдыңғы жағынан дөңес, арт жағынан ойық келеді. Нағыз қабырға тек қана аяқсыздарда болады, бірақ та олардың қабырғалары өте қысқа болады. Құйрықтылар-да “жоғарғы” қабырғалары дамыған. Құйрықсыздардың қабырғалары мүлдем болмайды.
Бас сүйек. Ми сауыты көпшілігінде өмір бойы шеміршекті күйінде қалады. Алғашқы ми сауытында мына төмендегі хон-дральды сүйектер дамыған: 1. Бас сүйегінің тек қана шүйде бөлімінде екі бүйір қарақұс сүйектері (ехоссіріtаіе), балықтардағы негізгі және жоғарғы шүйде сүйектерінің орнына жүретін жері шеміршек түрінде қалады. 2. Есту капсуласының маңайында бір кішкене құлақ сүйегі (ргооtiсum) қалыптасады да капсуланың көпшілік бөлімі шеміршек күйінде қалады. 3. Құйрықсыздардың көз ұясының алдыңғы бөлімінде иіс сына сүйек (sрһепеthmоіdеum) дамиды. Құйрықтыларда бұл сүйек екеу. Иіс капсуласы шеміршекті сипатын сақтайды.

Баста жамылғы сүйектер аз кездеседі. Басты үстіңгі жағынан төбе (рагіеtаlе) және маңдай (fгопtаlе) сүйектері қоршап жатады. Бұл сүйектер құйрықсыздарда жымдасып төбе-маңдай (ргопіорагіеtаlе) сүйектерін құрайды. Бұлардың алдыңғы жағында мұрын (пазаlе) сүйектері орналасады, олар аяқсыздарда жақ алды (ргаетахіііаге) сүйектерімен бірігіп кетеді. Бас сүйегінің артқы екі бүйір жағына орналасқан бұдыр бетті қақ (sgиаmоsum) сүйектері болады. Бұлар әсіресе аяқсыздарда жақсы дамыған. Бас сүйегінің түп жағы екі сүйектен тұрады. Ол үлкен парасфеноид (рагаsрһепоіdеиm) деп ‘аталатын сүйек және оның алдыңғы жағында жататын өре (vоmег) сүйектен қүралады.

Бас сүйегінің түп жағын құрауға висцеральдық сүйектер де қатысады. Бұл сүйектерге таңдай (раlаtіпиm) сүйегі мен қанат тәрізді (ріегуgоidеиm) сүйектер жатады. Таңдай сүйегі өре сүйекке, ал қанат тәрізді сүйектер бұдыр бетті қақ сүйектеріне келіп жалғасады.

Амфибилердің бас сүйегі - аутостикалық, анығырақ айтқанда, таңдай шаршы шеміршегі ми сауытымен жымдасып қосылып кеткен. Таңдай және қанат тәрізді сүйектер таңдай шаршы шеміршегінін. астыңғы бетінде дамиды.

Сүйекті балықтардікі сияқты, жоғарғы жақ сүйектерінің қызметін жақ алды, немесе жақ аралық сүйектері мен жоғарғы жак, (mахіllаге) сүйектерінен құралған, сүйек доғасы атқарады. Төменгі жақ сүйектерінің қызметін меккел шеміршегі атқарады, оның сыртын тіс (dопtаlе) және бұрыш (апgиlаге) сүйектері қаптап тұрады.

Ми сауытының аутостикалық болуына байланысты тіл асты доғасы жақ аппаратының ми сауытына бекінуіне қатыспайды. Тіл асты доғасының үстінгі элементі - гиомандибуляре кішкене үзеңгі (stареs) сүйекке айналған, ол балықтардікі сияқты өзінің жоғарғы ұшымен есіту капсуласына тіреледі. Ортаңғы құлақтың қуысы пайда болуына байланысты, үзеңгі сүйек сол қуыстың ішінде қалып, есіту сүйекшесінің қызметін атқарады.
Тіл асты доғасының элементтері мен желбезек доғасының төменгі бөлімдері тіл асты пластинкасына және оның мүйізшелеріне айналады. Бұл пластинка төменгі жақтың тарамдарының аралығына орналасқан.

Сөйтіп, амфибилердің бас сүйектерін, сүйекті балықтардың көпшілігінің бас сүйектерімен салыстырғанда, төмендегідей айырмашылықтарды байқауға болады:

1. Хондральдық және тері бетіндік сүйектердің нашар дамуы;

2. Оның аутостикалық түрде құрылуы; 3. Тіл асты және желбезек доғаларының өзгере келіп, оның бір бөлімі есіту сүйегіне және екінші бөлімі тіл асты аппаратына айналуы; 4. Желбезек қақпақшасының редукцияға ұшырауының нәтижесінде бас сүйегі, әсіресе оның висцериальдық_бөлімі айтарлықтай өзгерген. Мұндай өзгерістің ңегізгі себебі, амфибилердің жартылай кұрлықта тіршілік етуіне байла-нысты болған.

Иық белдеуі. Иық белдеуі доға тәрізді, оның жоғаргы ұшы жануардың құрсақ бөліміне қарай иілген. Доғаның әрбір жар-тысы (оң және сол) негізінен мына сүйектерден құралады. Жоғарғы (арқа жақ) бөлімі жауырыннан (sсариlа) және оның етек жағы жалпақ жауырын үсті шеміршектен тұрады. Төменгі (құрсақ) бөлімі коракоидтан (согасоіdеиm) және оның алдыңғы жағында жатқан прокоракоцдтан (ргосогасоіdіеum) құралады. Прокоракоидтың үстіне шеміршекті бұғана орналасады. Осы айтылған иық белдеуінің үш сүйектерінің ұштары тоқпан жіліктің ұршық басының бекитін жеріне келіп ұштасуының нәтижесінде буын оязы пайда болады. Оң және сол коракоидтардың қосылған жерінің алдыңғы жағында төс сүріншегі (оmоstеrnиm), ал арт жағында - төс (stегnum) жатады. Бұл екі суйектін. екеуінің де ұштары шеміршекті болып бітеді. Құйрықсыздарда төс сүріншегі мен жауырынның арасын қосып тұратын жіңішке таяқша тәрізді буғана (сіаvісиlа) орналасады. Амфибилерде дамыған қабырғалардың болмауына байланысты, көкірек қуысы болмай-ды. Иық белдеуі бұлшық еттердің арасында бос жатады.

Жаңбас белдеуі. Жамбас белдеуі үш пар сүйектен қалып-тасқан. Сол сүйектердің ұштары түйісіп, жамбас шұңқырын құ-райды. Ұзын мықын сүйегі (іlіиm) өзінің проксималдық ұшымен сегізкөз омыртқасының көлденең. өсіндісіне бекінеді. Артқа және алға созылған шын сүйек белдеуі бақаларда шеміршек күйінде қалады. Оның арт жағында шонданай сүйегі (іsсһіиm) орналасқан. Жамбас белдеуінің элементтерінің мұндай болып орналасуы құрлықтағы барлық жануарларға тән қасиет.

Аяқ скелеттері. Қос мекенділердің аяқ скелеттері құрлықта тіршілік ететін омыртқалы жануарлардың аяқ скелетіне ұқсай-ды. Сонымен қатар балықтардың қанат сүйектёрінің құрылысынан айтарлықтай өзгешелігі бар. Егерде балықтар-дың қанаттары жай бір мүшелі рычагтар системасы болса, құрлықта тіршілік ететін омыртқалылардың аятарының құры-лысы көп рычагты болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сүйекті балыктардын ішкі құрылысы
Қазақстанның герпетофаунасы
Мекен ортасына бейімділігі
Қызыл кітап
Зоологияны оқыту процесінде фаунистик материалды қолдану
Биология сабағында қосмекенділер класын оқыту
Европалық конвенция жануарды халықаралық тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік
Қосмекенділер
Қосмекенділердің жүйке жүйесі мен сезім мүшелерінің дамуы
Қосмекенділер калсы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz