VBSCRIPT программалау технологиясы көмегімен Web сайт құру


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті

Физика-математика факультеті

Оқытудың ақпараттық жүйелері кафедрасы

Есимбекова Б.

VBSCRIPT программалау технологиясы көмегімен Web сайт құру

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

050602- мамандығы - «Информатика »

Алматы 2010

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті

Физика-математика факультеті

Оқытудың ақпараттық жүйелері кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра

меңгерушісі К. С. Мусин

«___» 2010ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: VBSCRIPT программалау технологиясы көмегімен Web сайт құру

050502-мамандығы бойынша - «Информатика »

Орындаған Есимбекова Б .

Ғылыми жетекшісі

аға оқытушы Майкотов М.

Алматы 2010

МАЗМҰНЫ

Кіріспе. . 1

1. электронды оқулықтарды жасаудың қазіргі

ЖАҒДАЙЫ

1. 1 Электронды оқулық - қазіргі кездегі білім берудің негізгі құрамдас бөлігі. 3

1. 2 Электронды оқу құралы үшін пәндік материалдарды құрастыру бойынша ұсыныстар 3

1. 3 Электронды оқу құралын жасау сатысы ретінде тарихи білімді беруді қалыптастыру процедурасы. …. . …6

1. 4 Электронды оқу-әдістемелік материалының тиімділігін бағалау……6

2. Оқу үрдісіндегі компьютерлік программалар

2. 1 Оқу үрдісінің негізгі стадиялары 7

2. 2 Электронды оқулық жасау қағидалары. 8

  1. Оқу материалының мазмұны . . . …9
  2. Оқулыққа талаптарды қалыптастыру. 10
  3. Компьютерлік графика пәнін меңгеру бойынша электронды оқулықтың сипаттамасы. . 10

қорытынды77

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. . 78

Кіріспе

Білім беруді ақпараттандыру жалпы білім беру жүйесін жаңартудың негізгі бағыты болып отыр, қазіргі кезде жаңа білім берудің әдістемелерін жүзеге асыруға жағдай жасауда. Қоғам педагогика мен техниканың қазіргі заманға сай жетістіктерін қолданушы икемді білім беру жүйесіне зәру. Білім беру үрдісі соңғы кездері программалық жабдықтарды қолданып, үлкен жетістіктерге жетуде.

Қоғамдық өмірде, өндіріс пен ғылым салаларында тез өзгеру, даму біздің уақыт үшін таңсық емес. Білім саласының жаңа буындары туындауда және және дамуда.

Қазіргі кезде компьютер тиімді қолданылады, ғылым мен өндіріс саласы есептеу техникасының көмегінсіз жұмыс істей алмайтындай дәрежеге жетті. Жаңа ақпараттық технологияларды қолданып, ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Әдістемелік нұсқаулардың екі түрі бар: қағаз түрінде және электронды. Бірінші типтегі құралды қолдану кезінде оларды баспаға шығаруға кететін шығындар сияқты мәселелер туындайды, сондықтан соңғы кездері электронды оқулықтарға көп көңіл бөлінуде. Мұндай оқулықтар студенттер үшін өте қажет, себебі олардың уақыты не кітапханаға, не оқу залдарында отырып оқуға кетер еді. Енді олар үйде оқу мүмкіндігіне ие болды. Электронды есептеу машиналары ақпараттың ауқымды көлемін сақтай алады. Ақпаратты өңдеуді жеңілдету үшін ақпараттық жүйелер құрылуда. Олардың көмегімен қажетті мәліметтерді іздеу арқылы тауып алуға болады. Қазіргі қоғамның негізгі ерекшелігі, ақпараттандыру жүргізілуде. Ақпараттандыру үрдісінің негізгі бағытттарының бірі - білім беруді ақпараттандыру. Яғни білім беру жүйесін толығымен автоматтандырылған жүйемен қамтамасыз ету. Ол үшін электронды оқулықтар көптеп құрылу қажет.

Электронды оқу құралдарын құру үрдісі бірнеше сатылардан тұрады:

1 саты - пәннің мазмұнына құрылымдық талдау жүргізу. Осы сатыда пәннің оқу элементтері, пән құрылымы, оқу элементтерінің арасындағы логикалық байланыс анықталады. Сонымен қатар интерактивті сұхбатпен қамтамасыз етіледі, яғни оқу материалының мазмұнын таңдау мүмкіндігі және бейімділігі.

2 саты - пәннің мазмұнына сапалы талдау жүргізу. Құрылымдық талдаудың нәтижелерінің негізінде әрбір оқу элементінің сапалы талдауы жүргізіледі. Осы кезде әрбір оқу элементінің мазмұнына көп көңіл бөлінеді және меңгеру деңгейі анықталады. Саты пәннің мазмұнының ғылыми түрде болуын және қажетті уақытта пайдаланушылардың қолдана алуын қаматамасыз етеді.

3 саты - пәннің мазмұнын сүзгіден өткізу. Алдыңғы сатылардың мәліметтерінің негізінде электронды оқу құралының логикалық құрылымы тұрғызылады. Ол оқытудың жүйелілігін және тақырыптардың меңгеру деңгейіне сәйкес құрылуын қамтамасыз етеді.

4 саты - электронды компоненттердің синтезі. Алдыңғы сатылардың мәліметтерінің негізінде мультимедиа компоненттері (мәтін, дыбыс, графика, анимация, видео) құрылады және таңдалынады. Осы сатыда тесттік тапсырмалар құрылады және оларды таңдау жүргізіледі.

5 саты - электронды оқу құралын жинақтау. Прораммалық қабықшалардың көмегімен құрылған компоненттер негізінде электронды оқу құралы жасалынады. Техникалық, эргономикалық, эстетикалық талаптар орындалады

Электронды оқу құралын қолданып, оқытушы оқыту үрдісін жетілдіре, сонымен қатар оқу сапасын жоғарылата алады.

Электронды оқулық қолданушылар үшін білім беру үрдісін жүргізу мен оны ұйымдастыру үрдісінде де ашық қасиетке ие, яғни кез-келген уақытта үйренуші материалды еркін ала алады.

Мен дипломдық жұмысымды компьютерлік графика пінін меңгеруге арналған электронды оқулықты жасап шығаруды алдыма мақсат етіп қойдым.

Ғылыми зерттеулерде мәліметтерді компьютер мониторында графикалық түрде беру алғаш рет 50 жылдардың ортасына қолданыла бастады. Содан бері қарай мәліметтерді графикалық түрде бейнелеу көптеген компьютер жүйелерінің ажырамас бөлігіне айналды.

Әр түрлі аймақта қолданылатын графиканың ерекшелігіне байланысты оның бірнеше тараулары бар, яғни инженерлік графика, ғылыми графика, WEB-графика, компьютерлік полиграфия, көркемдік және жарнамалық графика.

Компьютерлік графика - программалық - аппараттық есептеу кешендерінің көмегімен суреттерді өңдеу және оны салу тәсілдері мен әдістерін оқытатын информатиканың арнайы саласы болып табылады.

Пәнді оқыту мақсаты мен міндеттері, оның оқу процесінде алатын орны

«Физика және информатика» мамандықтары үшін «Компьютерлік графика» пәнін оқытудың мақсаты- компьютерлік графиканың теориялық негіздерін және олардың түрлерін оқыту, сонымен қатар қазіргі кездегі қолданбалы графикалық программалар пакетін практикада қолдануға үйрету болып табылады.

Пәнді оқыту мақсаттары:

  • Компьютерлік графиканың базалық ұғымдарын қалыптастыру;
  • Әр түрлі графикалық қолданбалы программалар пакетімен жұмыс істеу іскерлігін қалыптастыру;
  • Эстетикалық талғамын дамыту.

Пәнді оқыту барысында студент:

  • Компьютерлік графиканың теориялық негіздерін білу;
  • Растрлық, векторлық және фрактальдық графика түрлерінің айырмашылықтарын білу;
  • Негізгі түстік модельдерді білу;
  • Графикалық редакторлардың түрлерін, олардың топтамасын білуі;
  • WEB-графиканың негізгі ұғымдарын білуі;

Пәнді оқу нәтижесінде студент:

  • Растрлық және векторлық пакеттермен жұмыс жасай алуы;
  • Үстел бетіндегі баспа жүйелерінде баспа өнімдерін версткалауды;
  • Анимация жасауды;
  • Web-дизайнда қолдану үшін суреттерді даярлай алуы қажет.

“Компьютерлік графика” пәні жоғары оқу орындарында оқытудың ақпараттық жүйелері, информатика, математика мамандықтары үшін оқытылатын міндетті пән болғандықтан, пәнге қатысты ана тіліндегі оқулықтарды, электрондық құралдарды дайындау қажеттігі туындауда. Университеттің перспективалық даму концепциясына сай 2007 жылдан енгізілгелі отырған қашықтан оқыту түріне сай оқытудың электрондық құралдарын сұраныс артуда.

Дипломдық жұмыстың мақсаты электрондық оқу басылымдары, оларға қойылатын талаптар, құру жолдары, “Компьютерлік графика” пәнінің тақырыптары қарастырылып, электрондық құрал нұсқасы дайындалды. Құрал осы бағытта алғашқы дайындалғандықтан толықтыруды, тақырыптарды кеңейтуді қажет етеді.

Құрал студенттердiң пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, шығармашылықпен жұмыс жасауына мүмкiндiк береді. Студент оқулықты қажет етпей-ақ “Компьютерлік графика” пәнінің тақырыптарына қатысты кез-келген мәлiметтi тауып алып, оқып-үйренуiне болады. Лабораториялық жұмыстар компьютер көмегiмен тез, жылдам түсiндiрiледi.

Қорыта келгенде, электрондық құралдарды қолдану барысында студенттердiң сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалады. Сондай-ақ, мұғалiмдер де өздерiне қажеттi әдiстемелiк, дидактикалық көмекшi құралдарды молынан ала алады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы бiлiм беруде электрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану-оқытудың жаңа технологиясының бiр түрi ретiнде қарастыруға болады.

1. электронды оқулықтарды жасаудың қазіргі жағдайы

1. 1 Электронды оқулық - қазіргі кездегі білім берудің негізгі құрамдас бөлігі

Дұрыс құрылған программалық жабдықтау білім беруде компьютерлік технологияларды тиімді қолданудың факторларының бірі болып табылады. Электронды оқу құралын жасауда ерекшелік, педагогикалық, эргономикалық, психологиялық талаптар ескеріледі. Қазіргі кезде электронды оқу құралы қандай болу керектігі жайлы бір мәнді нұсқаулар жоқ, дегенмен кейбір жалпы қағидалар программалық оқу құралын құруда көмегін тигізуі мүмкін. Электронды басылымдар мәтіндік, графиктік, музыкалық, видео, фото және құжаттардың жинағы түрінде беріледі. Электронды оқу құралы кез-келген электронды тасығышта орындалуы немесе жергілікті, не ауқымды желілерді орналасуы мүмкін .

Компьютерлік білім беру жүйесінде электронды оқу құралы маңызды рөл атқарады: компьютерлік технологияларды қолданып, ол дәстүрлі электронды оқулыққа тән және оқытушы орындайтын есептерді шеше алады. Электронды оқулық көлемінде оқу материалын қолданып, студент қажетті ақпаратты ала алады. Түсінікті интерфейс пен оқытушы құрған көмекші құрал студентке ыңғайлы жағдай туғызады. Программалық жабдықтардың күрделілілгі мен дербес компьютерлердің өндірісінің өсуі қолданушыға қолданылатын қосымшалардың барлық атқаратын функциясын ойда ұстау күннен-күнге қиынға түсуде. Сондықтан күнделікті жұмыста операциялық жүйенің немесе программалық жабдықтың барлық мүмкіндіктері қолданыла бермейді. Кіріспе оқу курсында ең маңызды командалармен жұмыс жасауды үйретеді. Қолданушының көбісі жаңа өнімнің алдындағы қорқыныш сезімінен арылған соң, жеткілікті тәжірибе жинап алғаннан кейін программаның барлық мүмкіндіктерімен танысқысы келеді. Оларға командалардың ұзақ сипаттамасы керек емес, қысқа әдістемелік құрал қажет. Құралдағы барлық ақпарат жұмыс кезінде талап етілетін мәліметті алуға ыңғайлы түрде беріледі. Бөлімдерді бірегей ретпен құру қажетті ақпаратты тез меңгеруге мүмкіндік тудырады және іздеу уақытын қысқартады. Сілтемелер қарастырылған сұраққа қатысты барлық ақпаратты тез табуға мүмкіндік береді. Мұндай негіздемелер педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған электронды оқу құралдарына тән .

1. 2 Электронды оқу құралы үшін пәндік материалдарды құрастыру бойынша ұсыныстар

Электронды оқу құралының құрылымы:

  1. оқу материалының блогы;
  2. ішкі бақылау мен өзін-өзі оқыту блогы;
  3. өзін-өзі оқыту блогы;
  4. ішкі бақылау блогы.

Жоғарыда көрсетілген блоктар келесідей түрде бір-бірімен өзара байланысқан. Құрал бөлімдерден тұратын модульдерге бөлінген, әрбір бөлім міндетті түрде теориялық мәлімдемелерден және өзін-өзі бақылау блогынан тұрады. Сонымен қатар электронды оқу құралына өзін-өзі оқыту блогы, ақпараттық блок және сыртқы бақылау блогы жатады

Құралдың ұсынылған құрылымы былайша анықталады, негізінен электронды оқулықтар студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру үшін қолданылады және қандай бөлім қай уақытта және қалай оқытылуы керек екені көрсетіледі. Дайындалған материал келесі талаптарға жауап беруі тиіс.

Оқу материалының блогына талаптар:

  1. пәндік материалдың айқын құрылымы. Барлық оқу материалы модуль бойынша дұрыс құрылған және модульдерді оқыту реті мен оның өзара байланысы анықталған болуы тиіс. Әрбір модуль бөлімдерге, тақырыптарға бөлінуі тиіс. Құрылымның тереңдігі пәндік материалдың күрделілігімен анықталады.
  2. пәнді оқып-үйрену бойынша ұсыныстар;
  3. берілген материалдың ықшамдылығы. Әрбір бөлімнің немесе тақырыптың мазмұны қысқа, анық болуы тиіс;
  4. материалдың элементтері арасында ішкі (мысалы, терминдер сөздігі) және сыртқы (мысалы, үлгіленетін программаға немесе программа-жаттығуға) сілтемелер бөлініп алуы тиіс;
  5. иллюстративті материалдың (түсіндірме сұлбалар, суреттер, видео және аудио қойылымдар ) бар болуы;

Өзін-өзі бақылау блогына қойылатын талаптар:

өзін-өзі бақылау блогының құрамына жататындар:

  1. өзін-өзі бақылауға арналған тесттер;
  2. Аралық тесттің дұрыс орындалмау кезінде сәйкес бөлім/тақырыпқа сілтемелер мен түсіндірмелер.

Бөлімнің әрбір модулінің соңында өзін-өзі бақылау элементтері болуы тиіс: сұрақтар, жаттығулар. Бұл блоктың ерекшелігі, өзін-өзі бақылауға арналған жаттығулар мен тесттерге дұрыс жауаптар оқулықтың өзінде «қорғаныс» тәрізді, өйткені тек тесттен өткеннен немесе есепті шешкеннен кейін ғана студентке өз бағасын білуге мүмкіндік береді. Жаттығуларда шешімнің нақты сипаттамасы болғаны жөн.

Өзін-өзі оқыту блогына қойылатын талаптар:

Негізінде, электронды оқу құралын қолдану студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыруда өзін-өзі оқыту блогына қатаң талаптар қояды. Оқулықта осы блоктың элементтері болуы тиіс:

  1. өзінше оқытуға арналған сұрақтар мен тақырыптар;
  2. қосымша мәлімдемелер (картинкалар, видео, аудио-қойылымдар) ;
  3. курс бойынша хрестоматия (классикалық туындылар, стандарттар, құжаттар) ;
  4. негізгі терминдердің сөздігі.

Сонымен бірге, оқулықтар ғылыми-әдістемелік және педагогикалық сараптамадан өтуі тиіс, мақсаты - мектеп оқулығына жалпы талаптарға; ғылыми қағидаларға, мазмұнның оқу-әдістемелік аппараттың бар болуына сәйкес олардың толықтылығын анықтау.

Оқулық компоненттерінің жалпы квалификациясы. Құрылымды компонент деп мектеп оқулығының қажетті элемментін түсінеміз, ол осы оқулықтың басқа элементтерімен тығыз байланыста бола отырып, белсенді функция атқарады (1, 2, 3 сұлба)

1- сұлба. Оқулықтың жалпы үлгісі

2-сұлба. Е. И. Перовский ұсынған оқулық үлгісі

1. 3 Электронды оқу құралын жасау сатысы ретінде тарихи білімді беруді қалыптастыру процедурасы

Жалпы жоспарда қалыптастыру - «қалыпты жүйе ретінде қандай да бір аймақтың көрінісі», «анықталған абстракция, идеализация, жасанды символды тілдер негізінде» қалыптастыру жүргізіледі. Дәстүрлі қалыптастыру математикалық аппараттың нақты пәндік аймағының сипаттамасын. а қолдану ретінде түсіндіріледі. Жасанды интеллект аймағындағы зерттеулер қуатты «идеализация құралын» туындатты. Фрейм түсінігі (жалпы түрде - стереотипті қабылдау үшін абстрактілі үлгі, ал функционалды деңгейде - жиектер мен слоттар құрастырғышы) бейнелерді компьютерлік тану қажеттілігінен туындады. Бірақ, адам жадысының кейбір маңызды ерекшеліктерін бейнелей отырып, қуатты және иілгіш бола тұрып, психологияға енді. Информатика саласында фреймдер мен фреймдік желілер «білім инженериясы» пәнінің құралы болды. Фреймдік желілердің иілгіш механизміне сүйеніп, электронды ғана емес, сонымен бірге қағаз түріндегі оқулықтардың сапасын жақсартуға болады.

1. 4 Электронды оқу-әдістемелік материалының тиімділігін бағалау

Оқытудағы ақпараттық технологияларды тиімді қолданудың оңтайлы жолының бірі интерактивті компьютерлік оқу курстарын құрастырудан тұрады. Мұндай курстар жан-жақты бағалануы керек. Біріншіден, оқушылардың құрылған материалмен жұмыс істеуін талдау маңызды. Екіншіден, әрбір аймақта бірнеше курстар жасалуы тиіс, себебі дәстүрлі ыңғаймен ғана емес, сонымен бірге бір-бірімен салыстыру тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. 80-ші жылдардың ортасынан бастап оқу материалының мағыналы бөлігін қамтушы программалар пакеті құрыла бастады. Бұл бағыт жеткілікті болып саналады. Өкінішке орай, отандық және шетел электронды оқу-әдістемелік материалдарын талдау көрсеткендей, олардың көбісін дидактикалық материалдары бойынша оларды электронды оқулық деп айту мүмкін емес. Оқытудың компьютерлі жабдықтарын жасаудың әдістемелік аспектілері техникалық жабдықтардың дамуына ілесе алмайды. Электронды оқу-әдістемелік материалдарының тиімділігін бағалау одан да жақсара түсуді тілейді. Программаларды практикалық қолданудың нәтижелері осылайша бағалау үшін негіз бола алады. Құрастырушылар програмалар тиімділігін бағалау процедурасын білмейді. Компьютерлік оқытудың тиімділік критерийлері ретінде қызмет етеді:

1) оқу материалын меңгеру дәрежесі мен беріктілігі;

2) оқу материалын меңгеруге кеткен уақыт.

Меңгеру дәрежесі қорытынды тексеру кезінде топ студенттерінің алған бағаларымен сипатталынады. Меңгеру беріктілігі екі тексеру кезінде студенттердің алған бағаларының бірқалыптылығымен сипатталынады: бірден оқуды аяқтағаннан кейін және біраз уақыт өткеннен кейін (мысалы, семестр) . Компьютерлік оқытудың нәтижесін талдау кезінде анықтау керек:

  1. компьютерлік оқу жабдықтарын құру кезінде қалыптасқан оқыту мақсатына сәйкес білім, дағдыланудан тәуелді ерекше топтың студенттерінің емтиханда байқалған білім, дағдылануы немен ерекшеленеді;
  2. ерекше топтың студенттерінің емтиханда байқалған білім, дағдылануы басқа топ студенттерінің білімі, дағдылануынан немен ерекшеленеді;
  3. ерекше топ пен параллель басқа топтың емтиханда алған бағаларының айырмашылығы;
  4. басқа пәндер бойынша ерекше топ пен параллель басқа топтың емтиханда алған бағаларының айырмашылығы;
  5. компьютерлік оқулықпен жұмыс істеу уақытының ұзақтығы және қысқалығы;
  6. берілген пән бойынша параллель топтың студенттерінің дайындалу уақыты;
  7. оңтайландыру мақсатында компьютерлік оқулыққа қандай түзетулер енгізілуі тиіс;
  8. басқа пәндер бойынша студенттердің дайындалу барысы қалай жақсарылуы тиіс.

Алдыңғы алты пункт пән бойынша дайындау сапасы мен мерзімге компьютерлік оқытудың (бақылаудың) әсерін анықтау үшін арналған. Соңғы екі пункт осы оқытуды (бақылауды) әрі қарай жетілдіру бағытын анықтауға мүмкіәндік береді. Қазіргі таңда электронды оқу-әдістемелік материалдардың тиімді жиынтығын құру мәселелеріне көп көңіл бөлу қажет. Компьютерді қолданғанда оқытудың тиімділігі қандай да бір дәрежеде олардың сапасынан тәуелді .


2. Оқу үрдісіндегі компьютерлік программалар

  1. Оқу үрдісінің негізгі стадиялары

Ғасырлар бойы адамзат білімді, жұмысқа дағдылануды, қоршаған орта жайлы мағлұматтарды, басқа сөзбен айтқанда ақпаратты жинады. Басында ақпарат ұрпақтан ұрпаққа ауыз әдебиеті арқылы тарады. Кітаптың пайда болуы ақпаратты сенімді жазба түрінде сақтауға және беруге мүмкіндік туғызды. Электр ғылымындағы жаңалықтар телеграф, телефон, радио, теледидардың туындауына алып келді. Олар ақпаратты жедел таратуға көмегін тигізді. Прогресстің дамуы ақпаратттың тез өркендеуіне ықпал етті. Есептеу техникасының пайда болуы ақпаратты сақтау, ең бастысы өңдеу тәсілдерін едәуір қысқартты. үлкен ағымды ақпаратты өңдей алатын программалар пайда болды. Осындай программалардың көмегімен ақпараттық жүйелер құрылуда. Ақпараттық жүйенің мақсаты мәліметтерді өңдеу болып табылады. Жинақталған ақпаратты, тәжірибені, білімді ұрпақтан ұрпаққа беру оқыту деп аталады. Оқытудың негізгі стадияларына талдау жүргізейік. Оқыту үш сатыдан тұрады:

1) кіріспе

2) жедел-танымдық

3) бақылау-бағалау

Бірінші сатыда оқу пәні жүйесіндегі берілген тақырыптың алатын рөлі, орны және мәнін анықтау мақсатында мәселелер туындайды. Екінші сатыда дәріс формасындағы оқу ақпараты ұсынылады. Үшінші сатыда оқу материалын меңгеруге оқытушы көмектеседі. Компьютерлік оқу оқытудың барлық сатысында оқушының барлық функцияларын автоматтандыруды қамтамасыз етеді. Интеллектуалды оқыту бағдарламасын құру көп уақытты және ақшалай қаржыны қажет етеді. Оқу үрдісінің тиімділігі компьютерде орындалған функцияның сапасынан тәуелді. Кәдімгі оқулық әлі де ұзақ уақыт оқушылар мен студенттердің негізгі «қаруы» болып қала бермек. Мәтінді компьютер экранынан оқығаннан гөрі қағаздан оқыған ыңғайлы. Сондықтан электронды оқу құралын құру кезінде оқыту бағдарламасының сапасына көп көңіл бөлу қажет. Оқыту бағдарламасы төмендегі педагогикалық мақсаттарға сәйкес келуі керек:

  1. оқытудың гипермәтіндік жүйесін қолданып, дәріс материалы, видео, және аудио ролик түрінде берілуі керек;
  2. үйренген кезде алған материалды бекітуге мүмкіндік алады;
  3. оқушы материалды қалай меңгергенін және оқыту үрдісін бақылайды. Электронды оқулық жасау қағидалары

Электронды оқулық - бұл компьютерді қолданып, оқу курсын өз бетімен немесе оқытушының көмегімен меңгеруді қамтамасыз ететін программалық әдістемелік кешен. Электронды оқулық немесе курс үш компоненттен тұрады: курстың негізгі ақпараттық бөлігі мазмұндалған презентациялық құрамадан; алынған білімді бекітетін жаттығулардан; оқушының бағасын дұрыс бағалайтын тест жүйесінен. Оқыту программалары оқыту үрдісінде жетістікпен қолданылуда. Оқыту программасын жасау - өте күрделі және көп еңбектенуді қажет ететін жұмыс. Негізгі көңіл компьютерлік эффект немесе өнімдегі ерекше жаңа қабылдауларға бөлінеді. Жарнамалық жобалар мен компьютерлік басылымдар ең жиі қолданылатын компакт-дисктердің сипаттамасына қарау жеткілікті. Бірінші орында жазылған ақпараттың көлемі, иллюстрация, аудио және видеофрагментердің саны жәгне олардың ұзақтығы. Ақпараттығң сапасы жайлы ақпарат жоқ, ең жақсы жағдайда өнім басылымның электронды көшірмесі ретінде беріледі. Осылайша берілген оқулықтар, энциклопедиялар және басқа басылымдар оқу құралы ретінде қолданылуы мүмкін. Олар әр түрлі компьютерлік эффектілермен танысуға мүмкіндік береді. Бірақ осы қосымшаларды нақты бір жұмыста қолдану қиын. Оқу программасын құру кезінде технологиялық жабдықтардың барлық мүмкіндігін қолдану маңызды.

Электронды оқулық мынадай жағадайлаорда тиімді:

  1. тез арадағы кері байланысты қамтамасыз етеді, яғни интерактивті болып табылады;
  2. қажетті ақпаратты тез табуға көмектеседі, іздеу жай оқулықта қиынға түседі;
  3. гипермәтіндік түсіндірмелерге бірнеше рет енген кезде уақытты үнемдейді;
  4. экранға мәтінді шығарып ғана қоймай, сонымен бірге көрсетеді және үлгілейді және т. б. - осында мультимедиалық технологиялардың мүмкіндіктері мен артықшылықтары белгілі болады;
  5. нақты тарау бойынша нақты тұлға үшін ең сәйкес келетін білімді тексеру;
  6. Интернет көмегімен қажетті ақпаратты жаңартуы мүмкін.

Қазіргі кезде компьютерлік дидактикалық программалардың келесі типтері белгілі[14] :

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Web - сайт құру
«Креатив» мерекелерді ұйымдастыру агенттігінің сайтын жобалау
Macromedіa Flash алынған мәліметті талдау және жөндеу
Intranet –қосымшалары
Wordpress бағдарламасына түсінік беру
Оқыту орталықтарының автоматтандырылған жүйесін құруға қолданылатын ақпараттық программалық жабдықтар
Қазіргі WEB технологиялар
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер құру технологиялары
Медициналық мекеменің автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру
Мәліметтер базасын құру жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz