Еуропа одағы (Еуроодақ, ЕО)


Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Еуропа одағы ( Еуроодақ , ЕО ) - Еуропаның Еуропалық Одақ туралы келiсiм шарты на қол қойған 27 мемлекеттің экономикалық және саяси бірлестігі. Еуропа одағы (ЕО) - халықаралық саяси және экономикалық бірлестік. Жалпы саны 373 млн адамнан асатын халқы бар Еуропа территориясында орналасқан Германия, Франция, Италия, Бельгия, Нидерланд, Люксембург, Ұлыбритания, Дания, Ирландия, Грекия, Испания, Португалия, Австрия, Финляндия, Швециясияқты елдердің (1993) қатысуымен құрылған. Еуропа одағы еуропалық қауымдастықтың, атап айтқанда, Еуропалық көмір мен болат қорыту бірлестігінің (1951, осы ұйым Еуропа одағының құрылуына негіз қалады), Еуропалық экономикалық қауымдастықтың (1957 жылы Рим келісімшарты бойынша құрылған бұл ұйым “Ортақ рынок” деп те аталады), сондай-ақ, Атом энергиясы жөніндегіеуропалық қауымдастықтың (1957 жылы құрылған) қарым-қатынастары негізінде жұмыс істейді. Кейіннен бұл Одаққа - Польша, Венгрия, Чехия, Словакия, Словения, Хорватия, Эстония, Латвия, Литва елдері мүше болды. Еуропа одағы аясындағы интеграциялық ынтымақтастықтың басты мақсаттары Бірегей еуропалық актіде (1987), Маастрихт келісімшартында (1992) және Амстердам келісімінде (1997) көрсетіліп айқындалған. Соңғы жылдары Еуропа одағы мынадай бағыттарда: ортақ рыноктан экономикалық және валюталық одаққа өту; кең өрістілік стратегиясын жүзеге асыру; бірегей сыртқы саясат пен қауіпсіздік саласында тұтастық ахуалын қалыптастыру; Жерорта теңізі жағалауындағы, Азия, Латын Америкасы, Африка құрлығындағы аймақтық саясатты жандандыру; әлеуметтік саладағы үйлесімділікті одан әрі арттырып, құқық қорғау және ішкі тәртіпті сақтау ісіне әріптестік байланыстарды өрістету мұратына қызмет етіп келеді. 1999 жылдың бірінші қаңтарынан бастап (алғашқы кезекте он бір мемлекет: Австрия, Бельгия, Германия, Ирландия, Испания, Италия, Люксембург, Нидерланд, Португалия, Финляндия, Франция) есеп айырысу операциялары үшін тепе-теңдік қасиеті бекіндірілген бірегей еуро (1996 жылға дейін ЭКЮ) валютасын енгізді. 2002 жылдан бастап қолма-қол төлемдерге арналған тиындар мен банкноттар айналымға қосылмақшы. Еуропа одағының жалпы органдары қатарына Еуропалық комиссия, Еуропалық парламент, Еуропалық Одақтың Кеңесі, Еуропалық сот, Аудиторлар палатасы, т. б. жатады. Еуропалық Одақ әлемдегі ең ірі сауда қауымдастығы болып табылады. 1995 жылдың қаңтарында Еуропалық Одақ комиссиясының штаб-пәтері орналасқан Брюссель қаласында Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ және оның мүше мемлекеттерінің арасында серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Жаңа тәуелсіз мемлекеттерге, оның ішінде Қазақстанға Еуропа одағы ТАСИС бағдарламасы шеңберінде үлкен көмек көрсетіп отыр. Бұл бағдарлама 1991 жылдан бастап орындалуда. Федералдандыру Еуропалық қауымдастықтың және Одақтың дамуының бүгінгі күнге дейінгі дамуының басты үрдісі болып отыр:

  • ЕО-ың ішкі бірыңғай нарығы қалыптасқан жалпы нарықты құру, яғни, "осы Келісім ережелеріне сәйкес тауар, қызмет және капитал айналымы еркін жүргізілетін ішкі шекарасыз кеңістік" орнату (Еуропалық Қауымдастық құру жөніндегі Келісімнің 4-бабы) ;
  • Экономикалық және валюталық одақ орнату. Оның негізі ЕО бірыңғай ақша бірлігінің - еуроның (бұл процеске әзірше өз үлттық валюталарын айналымда қолданатын ¥лыбритания, Дания және Швеция, сондай-ақ ЕО-ның 10 жаңа мүше-мемлекеті қосылған жоқ) енгізілуі;
  • Шенген кеңістігін құру және осы Шенген келісімінің негізінде шетелдіктерге бірыңғай визаны енгізу;
  • Еуропалық Одақ институттарының әртүрлі салаларда ортақ саясат жүргізуі: ЕО-ның ортақ аграрлық сая¬сатын, бәсекелестік саясатын, көші-қон, көлік, экологиялық және т. б. саясаттарын жүргізу;
  • Еуропа одағы қүқын - мүше- мемлекеттердің, заңды түлғалардың және қарапайым азаматтардың қатысуымен қоғамдық қатынастардың маңызды салаларын реттейтін өзіндік қүқық жүйесін қалыптастыру;
  • Tұрақты, құқықтық байланысы ретінде Одақтың азаматтық институтын құру;
  • Одақ азаматтарының негізгі қүқықтық ережелері бекітілген жаңа кешенді дерек көзі - 2000 жылы қабылданған Еуропалық Одақтың негізгі қүқықтар жөніндегі Хартиясы.

XXI ғасырдын басында Еуропа одағы қайта қүрулардың жаңа кезеңіне өтті, оның мақсаты - үйымды тиімді қызмет ету жолын қалыптастыру және демократияландыра түсу. 2002 жылы "Одақтың болашағы жөнінде Конвент" шақырылды. 2004 жылы Конвент Еуропа Одағының Конституциясын жасады.

Еуропа одағытың әлеуметтік саясаты - Еуропалық Одақ елдерінде әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі. Қазіргі әлемдегі әлеуметтік саясаттың дамуының ғаламдық үрдістері ең алдымен, аймақтық деңгейде қалыптасуда. Осы орайда едәуір ілгері кеткен, үлгі боларлықтай әлеуметтік жағдайлар туғызып отырған Еуропа аймағы, мүндағы әлеуметтік саясаттың ең басты үйымдастырушы әрі бірыңғайландырушы факторы - үздіксіз ықпалдасушы халықаралық бірлестік - Еуропа Одағы. Еуропа Одағы елдерінде қазіргі кезде бүгінгі әлемдегі ең жетілген әлеу¬меттік қамту жүйесі орныққан, оның негізі XX ғасырдың алғашқы жартысында қаланды. 1957 жылы Еуропалық экономикалық қауымдастық қүра отырып, мүше-мемлекеттер келісім-шартта "жүмысшылардың еңбек жағдайын, өмірлік стандарттарын жақсартуға жәрдем көрсету" туралы ортақ келісімді бекітті. Әлеуметтік жүйені үйлестіру тек шаруашылық саладағы шаралардың нәтижесі бола қоймайды. Экономикалық іс-шаралармен қатар, әлеуметтік саланы реттеу жүмыстары жасалуы керек. Осылайша, экономикалық іс- қимылдың әртүрлі қырларын жалпы реттеу саясатымен қатар, ЕО қүзырына кіретін элементтердің қүрамдас бөлігі "жүмыспен қамтамасыз ету саясаты" ( ЕО жөніндегі Келісімнің 3-бабы), сондай-ақ "денсаулық сақтау саласындағы саясат" (ЕО жөніндегі Келісімнің 3-бабы) үстанды. ЕО-ның әлеуметтік саласында үйлестірілген саясат жүргізудің маңыздылығы екі өзара байланысты себептің салдары. Ол ортақ нарықтың әлеуметтік мақсаттары және ЕО қызметінің барлық бағыттарында "өз міндеті ретінде Қауымдастық шеңберінде жүмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғауды, әиелдер мен ерлердщ тең қүқықтылығы, өмір сүру деңгейі мен сапасын көтеруді белгілеуімен" негізделеді (ЕО жөніндегі Келісімнің 2-бабы) . ЕО жүргізіп отырған әлеуметтік саясаттың қүқықтық негізі "Қауымдастық саясаты" қүрылтай келісімінің 3-бөлімінің тараулар мен тармақтарының ережелері болып табылады. Әлеуметтік саясат саласында ЕО өкілеттігінің қайнар көздері: ЕО жөніндегі Келісімнің VIII тараудың "Жүмыспен қамту" бөлімі, XI тараудың екі бөлімі - 1 бөлім "Әлеуметтік ережелер" және 2 бөлім "Еуропалық әлеуметтік қор", сондай-ақ XIII бөлім - "Денсаулық сақтау". ЕО-ның ортақ әлеуметтік саясатын жүргізуде жеке адамның әлеуметтік қүқықтарына арналған бірнеше қүжаттар аса маңызды:

  • Еуропалық әлеуметтік хартия, 1961 жылы Еуропа Кеңесінің қамқорлығымен қол қойылып, 1996 жылында қайта қаралған;
  • 1989 жылы еңбекшілердің негізгі әлеуметтік қүқықтары туралы Қауымдастық Хартиясы;
  • 2000 жылы ЕО-ның негізгі қүқықтар жөніндегі Хартиясы.

Қауымдастықтың әлеуметтік саясатын қалыптастыруда 1992 жылда әлеуметтік саясат жөніндегі Келісімнің тарихи маңызы зор. Маастрихт Келісімінен кейін ықпалдасудың жаңа айналымына өткен ЕО елдері әлеуметтік саладағы институттардың өкілеттігін кеңейту қажеттігі туралы уағдаласты. 1997 жылы Амстердам келісімі әлеуметтік саясат жөніндегі Келісімнің барлық негізгі ережелерін ЕО жөніндегі Келісімнің сәйкес баптарының қүрамына біріктірді. Келісім 1992 жыл күшін жойды. ЕО жөніндегі Келісімге сәйкес Еуропалық қауымдастықтың әлеуметтік саясатының мақсаттары: жүмыспен қамту, өмір сүру мен еңбек жағдайын жақсартуға жәрдемдесуді өзара үйлестіру, сондай-ақ кәсіпкерлер мен еңбекшілер арасындағы диалог, нақтылы әлеуметтік қорғау, кедейленумен күрес, жүмыспен қамтудың жоғары дәрежелі жағдайына қолайлылық туғызу.

Еуропа одағы институттары - Еуропалық Одақтың негізгі міндеттерін жүзеге асырушы қүзырлы органдар. Еуропалық Одақ Институттары бір мезгілде Еуропалық қауымдастықтың әрқайсысының: Еуропалық қауымдастықтың, Еуропалық көмір және болат бірлестігі, Атом энергиясы бойынша Еуропалық Қауымдастық институттары ретінде де қызмет етеді. Осылайша, "Еуропалық Одақ институты" және "Еуропалық қауымдастық институты" ұғымдары синонимдер болып табылады. Еуропалық Одақ институттарына: Еуропалық Кеңес, Еуропалық Парламент, Еуропалық комиссия, Еуропалық Сот, Еуропалық санақ палатасы, Экономикалық және әлеуметтік комитет, Аймақтар комитеті, Еуропалық орталық банк, Еуропалық инвестициялық банк, Еуропа одағы омбудсманы, Еуропол жатады.

Еуропа одағы құқы - [EULaw; European Union Law] - Еуропалық қауымдастық пен Еуропалық Одақ шеңберіндегі еуропалық ықпалдасудың дамуы негізінде пайда болған ерекше қүқықтық феномен. Еуропа одағы қүқы халықаралық қүқық пен мемлекетшілік қүқықтың түйіскен жерінен пайда болған ерекше қүқық тәртібі. Еуропа одағы қүқының автономдығы Еуропалық қауымдастықтар Сотының бірқатар шешімдерімен бекітілген. "Еуропалық Одақ қүқы" үғымы 1990-шы жылдардың басында Еуро- одақтың пайда болуымен қатар қолданыла бастады.

Еуропалық ықпалдастық - еуропаның бірлесуін мақсат түтатын қүрылымдық және саяси процесс. Оның идеологиялық негізі - Еуропаның (континент немесе нақтылы географиялық аймақ ретінде емес, саяси-мәдени үғым ретінде) саяси біртүтастығы Рим империясынан, ал, діни түтастығы - IV ғасырдын б. д. д. христиандықтың осы империяда қоғамдық-саяси күшке айналуынан бері орныққан деген сенім болып табылады. Ӏс жүзінде V ғысырдын Батыс Рим империясы жойылғанынан кейін аумағы бірте-берте тарылып, 1453 жылы оның астанасы - Константинополь - османдықтардың иелігіне өтіп, жоқ болып кеткенінше, империялық бірліктің "қүдіреттілігі"Византияда (Шығыс Рим империясы) сақталды

Еуропа кеңесі - әлемдегі беделді халықаралық ұйымдардың бірі. 1949 жылы Батыс Еуропаның 10 мемлекетінің бірлескен шешімімен құрылған. Штаб-пәтері Страсбург(Франция) қаласында. Ресми тілі - ағылшын және француз тілдері. Қазіргі кезде Еуропа кеңесінің 40 мүшесі бар. Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Босния менГерцеговина, Грузия, Монако елдері мүшелікке кандидат. Бұл елдердің парламенттерінің (Беларусьтен басқасы) Еуропа кеңесінің парламеттік ассамблеясына “арнайы шақырылған” деген мәртебесі бар. Ал АҚШ, Канада, Жапония мемлекеттерінің бақылаушылық мәртебесі бар. Еуропа кеңесінде демократиялық принциптер, адам құқы мәселелері, гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық байланыстар, мәдениет, экология мен ақпарат салаларындағы бірлескен іс-әрекеттер үнемі қаралып отырады. Жалпыеуропалық істерге, аймақтық жанжалдарға, т. б. халықаралық маңызы бар саяси мәселелерге үнемі көңіл бөлінеді. Жұмыс, негізінен, үкіметаралық, парламентаралық кездесулер деңгейінде, жергілікті үкімет орындары мен үкіметтік емес ұйымдар арқылы жүргізіледі. Жарғы бойынша, ұлттық қорғаныс мәселелері Еуропа кеңесінің қарауына жатпайды. Еуропа кеңесінің негізгі органдары: Еуропа кеңесінің Министрлер Кеңесі (МК) - жылына 2 рет Еуропа кеңесіне мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің Страсбург қаласында кездесіп отыратын жиыны. Ал қалған уақытта Еуропа кеңесінің тіркелген тұрақты өкілдері арқылы жұмыс жасайды. Ағымдағы жұмысты ұйымдастыру үшін төраға мен оның 2 орынбасарынан тұратын бюро сайланады. Төраға міндетін мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлері 6 ай сайын кезектесіп атқарады. Министрлер Кеңесі міндеті - мүше мемлекеттердің өз міндеттерін атқаруын қадағалау, ұйымның жыл сайынғы бағдарламасы мен бюджетін бекіту, мүше мемлекеттердің өзара ішкі саяси келісімдерін орындауға және халықаралық мәселелерге араласуына көмектесу. Министрлер Кеңесінің жұмыс жасайтын арнайы комитеттері мен жұмыс топтары бар. Министрлер Кеңесінің шешімі мүше мемлекеттер үшін міндетті емес, тек қаулы-қарар, ұсыныс түрінде ғана. Бірақ Министрлер Кеңесі бұл шешімдердің атқарылу барысы жайында кез келген үкіметтен ақпарат сұрауға құқы бар. Еуропа кеңесінің Парламенттік ассамблеясы (ЕКПА) - кеңесші орган болып табылады. Ол ұлттық парламент депутаттары арасынан жиналған 306 өкіл мен олардың 306 орынбасарынан тұрады. Әр мемлекетке квота сол елдегі халық санына қарай анықталады. Еуропа кеңесінің Парламенттік ассамблеясының депудаттары жыл сайын Страсбургте қаңтар, сәуір, маусым, қыркүйек айларының ақырғы апталарында кездесіп отырады, кейде “көшпелі мини-сессиялар” өткізеді. Еуропа кеңесінің Парламенттік ассамблеясы мүшелері өз мемлекеттерінің емес, өз сайлаушыларының мүддесін қорғауға тиіс. Дауысқа салынғанда ұлттық емес партиялық мүдделер қорғалады. Еуропа кеңесінің Парламенттік ассамблеясыдағы неғұрлым көрнекті партиялар: социалистер, христиан-демократтар, консерваторлар. Бұған қоса аз санды “тәуелсіз депутаттар” да кездеседі. Депутаттардың Министрлер Кеңесіне және мүше-мемлекеттерге жіберетін қаулы-қарарлары мен ұсыныстары үштен екі бөліктен көп дауыс алғанда ғана қабылданады. Депутаттар Парламенттік ассамблея төрағасы мен орынбасарларын және хатшысын, Еуропа кеңесінің бас хатшысы мен оның орынбасарын, адам құқы жөніндегі Еуропалық соттың судьяларын сайлайды. Еуропа кеңесінің Парламенттік ассамблеясының әр түрлі салалар (саясат, заң және адам құқы, мәдениет пен ағарту, экономика, т. б. ) бойынша 14 комитеті бар. Соның ішінде мониторинг жөніндегі комитет мүше мемлекеттердің алған міндеттерін орындау мәселесін қарайды. Егер мүше мемлекеттер тарапынан бұл міндеттер орындалмаса немесе бұзылса, комитет мүшелері сол елдің парламенттік делегациясын Еуропа кеңесінің Парламенттік ассамблеясыдан шығару және Министрлер Кеңесіне ол мемлекетті Еуропа кеңесі құрамынан шығару мәселесін қояды. Бұған қоса Еуропа кеңесінің Парламенттік ассамблеясы пленарлық жиналыстар арасында жұмыс істейтін бюро мен тұрақты комиссия мүшелерін сайлайды. Еуропа кеңесінің күнделікті жұмысын халықаралық секретариат жүргізеді. Оның бас хатшысы 5 жыл мерзімге сайланады. Еуропа кеңесінің жеке бюджеті болатын арнайы кеңселері бар: конституциялық құқық жөніндегіВенеция комиссиясы, есірткі тасымалдаушылармен күрес жөніндегі Помпиду тобы, өз мүшелеріне жеңілдікпен қарыз бөлетін әлеуметтік даму қоры, т. б. Еуропа кеңесі атынан үнемі еуропалық конференциялар өткізіп тұрады. Оған еуропалық мемлекеттер толығымен (кейде еуропалық емес мемлекеттер де) шақырылады. Еуропа кеңесі мүшелері “Адам құқын қорғау және негізгі бостандықтар туралы” конвенцияны орындауға міндетті. Осы конвенция негізінде Страсбургте адам құқын қорғау жөніндегі Еуропалық сот құрылған. Мүше мемлекеттердің кез келген азаматы өз үкіметтері тарапынан саяси қысым көрген жағдайда осы сотқа шағымдануға құқылы. Еуропа кеңесінің өз рәміздері де бар. Олар: Еуропа туы 1955 жылы бекітілген ортасында Еуропа халықтарының одағын білдіретін 12 жұлдызша айнала орналасқан. Бұл ту 1986 жылдан бастап Еуропалық Одақтың да рәмізі болып бекітілді; Еуропа әнұраны (1972 жылы бекітілген) ретінде Бетховеннің 9-симфониясы - “Куаныш одасы” алынған. 5 мамыр Еуропа кеңесінің құрылған күні - Еуропа күні болып мерекеленеді.

Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) - халықаралық үкіметаралық қаржы-несиелік ұйым; Орталық жәнеШығыс Еуропа елдерінің ұзақ мерзімді несиелендіру жөніндегі аймақтық мемлекетаралық банкі. 1990 жылы 29 мамырда болған келісім бойынша халықаралық қаржы мекемесі ретінде құрылған. Штаб-пәтері Лондондаорналасқан. Еуропа қайта құру және даму банкіге 50-ге жуық ел, соның ішінде ТМД елдері, сондай-ақ, Еуропаинвестициялық банкісі мен Еуропа қоғамдастығы мүше болып табылады. Банкке еуропалық емес елдер де мүше бола алады. Банкінің мақсаты - Орталық және Шығыс Еуропа елдеріндегі, сондай-ақ, бұрынғы КСРО елдеріндегі экономикалық реформаларды қаржыландыру. Олардың ашық нарықтық экономика негізінде экономикалық дамуына септігін тигізу; кредит алған елдерде құрылымдық реформа жүргізуге, жекешелендіруге және монополияны жоюға, орталықсыздандыруға көмектесу арқылы олардың экономикасын әлемдік интеграцияға тарту. Банк мемлекеттік қана емес, сондай-ақ, жеке секторда да әрекет етеді, коммерциялық мүмкіндігі жоғары жобаларға қатысады. Банк капиталы (12 млрд. АҚШ доллары шамасында) мүше елдердің жарналарынан құралады, бұл капиталдың 51%-іЕуропа экономикалық қоғамдастығы мен Еуропа инвестициялық банкісінің үлесінде. Қазақстан РеспубликасыЕуропа қайта құру және даму банкімен 1992 жылы байланыс орнатып, мүшелікке өтті. Бұл байланыс стратегиясы бірінші кезеңде техникалық ынтымақтастық арқылы ұйымдастыру және кадрлар даярлау жұмыстарын жүргізу болса, екінші кезеңде қаржы секторына, ауыл шаруашылығы, энергетика, тау-кен өнеркәсібі және көлік салаларын инвестицияландыру қамтылды. Осыған орай Қазақстанда көптеген жобалар іске асырылуда. Оның құрылтайшыларына барлық Еуропа елдерімен қоса, Албания, АҚШ, Канада, Марокко, Мексика, Египет, Израиль, Жаңа Зеландия, Австралия, Жапония, Оңтүстік Корея, сондай-ақ ЕЭО және Еуропалық инвестиция банкісі жатады. Сонымен қатар, бұл банктің құрылтайшыларына КСРО, Чехославакия және Югославия ыдырағаннан кейін құрылған жаңа мемлекеттер енді. Банк жарғысы бойынша барлық ХВҚ мүшелері ЕҚДБ-нің мүшесі бола алады. ЕКДБ-нің штаб-пәтері Лондонда. Өз жұмысын бұл банк 1991 жылы сәуір айынан бастады. Банктің жарғысында белгіленгендей ЕҚДБ-нің мақсаты несие және ғылыми-техникалық көмек беру арқылы бұрынғы социалистік елдерге нарықтық экономикаға өтуіне, жеке және кәсіпкерлік бастамаларды дамытуға қолдау көрсетеді. ЕҚДБ-нің басты міндеті - бұрынғы социалистік елдерге саяси жүйенің өзгеру кезеңінде жаңадан экономикалық және әлеуметтік жағдай жасау үшін инвестиция беру, жекешелендіруге, құрылымдық қайта құру (көлік және байланыс, жол, энергия және коммуникациялармен қамтамасыз ету, тұрғын үй шаруашылығы), табиғатты қорғау, т. б. салаларды қолдау болып табылады. ЕҚДБ-нің негізгі несие беретін объектілеріне - жеке фирмалар, жаңадан құрылған нарықтық құрылымдар, жекешелендірілген объектілер, бірлескен кәсіпорындар жатады. ЕҚДБ несиелеу қызметін жүзеге асыра отырып, өз жұмысында дамыған елдердің банкі ісіндегі жалпыға ортақ стандарттарды пайдаланады, экономиканың нақты салала-рына, инфрақұрылымға және экология саласының дамуын-дағы ұзақ мерзімді жоспарларды жүзеге асыруда жеке инвесторлармен, коммерциялық, орталық банктермен, Үкіметтермен серіктесіп жұмыс жасайды. ЕҚДБ-нің жұмысындағы маңызды аспекті - басқаратын кадрларды дайындау, әр саладағы нарық кадрларының біліктілігін арттыру. ЕҚЦБ бастамасымен ХВҚ, Дүниежүзілік банк, ЕО және басқалармен бірігіп бұрынғы социалистік елдердің нарықтық экономика үшін банктік және шаруашылық кадрларды дайындауға байланысты міндеттерді шешуге көмек беретін Біріккен Венск институ-ты кұрылды. ЕҚЦБ-нің жарғылық капиталында ЕО елдері квотасы 51%, Орта және Шығыс Еуропа елдері, ЕО-нің мүшесі емес елдері - 13%, қалған Еуропалық емес елдердікі - 24%, олардың ішінде АҚШ үлесі (10%) құрайды. Еуропа елдерінің ішінде Италия, Германия, Ұлыбритания, Франция елдері әр қайсысы - 8, 5% иеленеді. Сол сияқты Жапония да ЕҚДБ-ның жарғылық капиталының 8, 5% үлесін иемденеді. ЕКДБ жарғысы бойынша оған 10 млрд. ЭКЮ-ге акция шығаруға рұқсат етілген. Мұндағы 1 акция 10 мың ЭКЮ номиналына бөлінген. ЕҚЦБ-нің несие қоры жай ресурстар мен арнайы қор-лардың қаражаттарынан тұрады. Жай ресурстар құрамы-на: а) шығаруға рұқсат берілген акционерлік капитал; ә) әлемдік капиталдар нарығынан алған заемдық қаражат; б) заемдарды қайтарудан түскен каражат пен кепілдіктен түс-кен қаражат, сондай-ақ акционерлік капиталға инвестиция-лаудан түскен түсім; в) арнайы қорға жатпайтын ЕҚДБ-нің басқа қаражаты мен табыстары. Арнайы қорға, арнайы жіберілген қаражаттар, инвести-циялардан алған табыстар кіреді. Арнайы қорлардың қара-жаты көбінесе тиімділігі төмен әлеуметтік салаларға, несие беруге техникалық көмек көрсетуге жұмсалады. Өз қызметінде ЕКДБ операцияның әр түрлі формаларын қолданады: жекешелендірілген сектордың кәсіпорындарына несие беру, капиталға инвестициялау, бағалы қағаздарды орналастыру, кәсіпорындарға несие нарығына жету үшін кепілдік беру, ғылыми-техникалық көмек көрсету және займдар беру. ЕКДБ экспорттық несиеге кепілдеме бермейді және сақтандыру жұмысымен айналыспайды. Жоғарыдағы операцияларды орындау үшін ЕҚДБ мына бағыттарға қаражат жұмсайды, олар: энергетика, инфрақұ-рылым, көлік, телекоммуникация, экология, агробизенс, қаржы секторы мен жекешелендіру. ЕҚДБ ұйымдық құрылымы бойынша өзге халықаралық қаржы институттарынан айырмашылығы жоқ. ЕКДБ-нің басқару жұмысын басқару кеңесі, директорлар кеңесі және президент атқарады. Басқару кеңесіне - әр қатысушы банк-тен 2 өкіл кіреді. Әр жыл сайын болатын жиналыста кеңес өз басшысын төраға ретінде сайлайды. Басқару кеңесі өкілетілігінің бір бөлігін директорлар кеңесіне жіктеуі мүмкін. Директорлар кеңесі - басты атқа-рушы орган болып табылады. Ол 23 мүшеден құралады: директордың 11-і ЕО және ЕИБ-ге мүше болған елдерден сайланады, 4-і Орталық және Шығыс елдерінен; 4-і қалған Еуропа елдерінен; 4-і Еуропалық емес елдерден сайланады. Мүше болған директорлар 3 жылға сайланады. Басқару кеңесі 4 жылға ЕҚДБ Президентін сайлайды. Ол директорлар кеңесінің басқаруымен ЕКДБ ағымдағы қыз-метін басқарады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЕУРОПА ОДАҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ Еуропа одағының қалыптасуы мен дамуы
Еуропалық Одақтың интеграциялық тәжірибесін пайдалану
Еуропалық Одақ пен Қазақстанның арасындағы саяси қатынас.
Еуропалық Одақтың институттары
Қазақстан және Батыс ынтымақтастықтың саяси қырлары
Кеңес одағының ыдырауынан кейінгі ТМД елдеріндегі интеграциялық байланыстардың жүзеге асуы
Қазақстан мен НАТО
Халықаралық валюта қатнастары
Халықаралық валюта қатынастары туралы
Еуропалық одақтың құрылуының тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz