Исламдағы ораза: түрлері, үкімдері мен ұстау күндері


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

1 Парыз Ораза

2 Уәжіп Ораза

3 Нәпіл Ораза

4 Әр айда үш күн Ораза ұстау

5 Шәууәл айында алты күн Ораза ұстау

6 Арафа күнінде Ораза ұстау

7 Харам айларда Ораза ұстау

8 Шағбан айында Ораза ұстау

9 Мәкрүһ Оразалар

10 Пайдаланған әдебиет

Оразаның түрлері: Ораза - парыз, уәжіп, нәпіл және мәкрүһ болып төртке бөлінеді.

Парыз Ораза

Парыз Ораза екіге бөлінеді: 1. Тағайындалған Ораза: Рамазан Ораза. 2. Тағайындалмаған Ораза: Қазаға қалған Ораза мен «кәффарат» ретінде ұсталған Оразалар.

Уәжіп Ораза

Бұл да екіге бөлінеді. Атау (нәзір) Ораза сияқты. Белгілі бір уақытта тұтамын деп, уақыт белгілен тұтқан Ораза - тағайындалған уәжіп Ораза. Нақты уақыт белгілемей кез келген бір күні немесе айда тұтамын деп атаған Ораза - тағайындалмаған уәжіп Ораза.

Нәпіл Ораза

Бұл - сүннет, мұстахап, мәндүп болып үшке бөлінеді. Нәпіл Оразалар мына күндерде ұсталады: Күнара тұту. Бұл ең жақсы Ораза. Пайғамбарымыз (с. а. у. ) былай дейді: «Ең сауапты ораза - Дәуіттің (а. с. ) ұстаған оразасы. Дәуіт бір күн ораза ұстап, бір күн ұстамайтын». Абдуллаһ ибн Омар «Мен одан да көп ұстай аламын», - деген кезде Аллаһ Елшісі: «Бұдан жақсысы жоқ», - деп жауап қайтарды (Муслим, Сиам, 192) .

Әр айда үш күн Ораза ұстау

Әр айдың он үшінші, он төртінші, он бесінші күні Ораза ұстау - мұстахап. Әбу Зәрдың риуаяты бойынша, Аллаһ Елшісі (с. а. у. ) былай дейді: «Әр айда үш күн ораза ұстағың келсе, айдың 13, 14, 15-ші күндерінде ұста» (Бухари, Әнбия, 377) . Әр аптаныңдүйсенбі, бейсенбі күндері Ораза ұстау. Усама ибн Зәйдтің риуаят етуі бойынша, Пайғамбарымыз (с. а. у. ) дүйсенбі және бейсенбі күндері Ораза ұстайтын. Одан «Неге бұл күндері ұстайсыз?» деп сұрағанда: «Адамдардың істері Аллаһқа дүйсенбі мен бейсенбі күндері тапсырылады», - деді. Басқа бір риуаятта «Менің істерімнің Ұлы Раббыма ораза ұстаған кезімде ұсынылуын қалаймын», - деген қосымша сөзі бар (Әбу Дәуд, Саум, 60) .

Шәууәл айында алты күн Ораза ұстау

Бұл Оразаны сол айдың ішінде кез келген күні үзбей бірінен кейін бірін немесе үзіп-үзіп ұстауға болады. Бірақ айттың артынша кезекпен дереу бәрін ұстаған абзал. Қаза, атау, т. б. Оразаны осы күндерде ұстаса дәл сол сауапты ала алады. Пайғамбарымыз (с. а. у. ) былай дейді: «Кімде-кім Рамазанды оразамен өткізіп, бұдан кейінгі шәууәл айында алты күн Ораза ұстаса, жыл бойы ораза ұстағанмен бірдей (Ибн Мажа, Сиам, 33) .

Арафа күнінде Ораза ұстау

Қажылықта болмаған адамның Зилхижжаның тоғызыншы күнінде Ораза ұстауы - мұстахап. Пайғамбарымыз (с. а. у. ) былай дейді: «Арафа күні ұсталған оразаның бұрынғы және келешектегі бір жылдық күнәлардан арылтатыны Аллаһтан үміт етілген (Ханбал, V 196) . Мухаррам айының тоғызыншы, оныншы (ашура) және он бірінші күндері Ораза ұстау мұстахап немесе сүннет. Пайғамбарымыз (с. а. у. ) Мединеге келген кезде яһудилердің (еврей) ашура күні Ораза ұстағанын көріп, «Бұл қандай ораза?», - деп сұрады. Оған: «Бұл - Ұлы күн. Аллаһ бұл күні Мұса мен Исрайл ұрпағын дұшпандардан құтқарған. Сондықтан осы күні Мұса ораза ұстайтын» - деп жауап қайтарды. Пайғамбарымыз (с. а. у. ) сонда: «Мен Мұсаға сендердеге қарағанда әлдеқайда жақынмын», - деді де, осы күні Ораза ұстауды әмір етті (Бухари, Саум, 69) .

Харам айларда Ораза ұстау

Зилқағда, Зилхижжа, Мухаррам және Рәжап айларының бейсенбі, жұма, сенбі күндері Ораза ұстау - мәндүп. Арафа өзін Ашура сөзіне ауыстырыңыз, өйткені мақалада нақты Ашура күні туралы ғана пікір келтірілген.

Шағбан айында Ораза ұстау[өңдеу]

Хазіреті Айша былай дейді: «Аллаһ Елшісі Шағбан айында ұстағандай Рамазаннан басқа ешқандай айда ораза ұстамайтын. Ол шағбан айының бәрін оразамен өткізетін» (Муслим, Салат, 176) .

Мәкрүһ Оразалар

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Исламдағы ораза мен айт мейрамдары: Рамазан, Құрбан айт және қажылық ғұрыптары
Рамазан және Ораза айт: діни мағынасы, денсаулыққа пайдасы және ұстау ережелері
Ораза: мағынасы, парыздылығы, түрлері және рухани-әлеуметтік мәні
Рамазан айының қасиеті мен ораза ұстаудың шарттары, бұзу себептері және өтемдері
Исламдағы ғибадат: мағынасы, түрлері және маңызы
Исламдағы қажылық: ұғымы, түрлері, рәсімдері және қасиетті орталықтары
Шариғат бойынша неке қиюдың шарттары мен негізгі үкімдері
Сабыр: рухани-мағынасы, исламдағы орны және түрлері
Қазақтың діни мерекелері: Ораза айт, Құрбан айт және Мәуліттің қалыптасуы мен өткізу дәстүрлері
Исламдағы талақ: анықтама, түрлері және иддә тәртібі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz