Қазтуған Сүйінішұлы- жырау


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Қазтуған Сүйінішұлы

Қазтуған Сүйінішұлы (1420, қазіргі Астрахан облысы Красный Яр қала маңы - ө. ж. б. ) - жырау. Қазтуған Сүйінішұлының туған, қайтыс болған жылдары белгісіз. Халық арасында Қарға бойлы Қазтуған атанып кеткен. Қазақтың XV ғасырдағы айтулы жорық жырауы. Әскербасы, батыр болған. Еділдің Ақтума, Бозан бойларында туып-өскен. XV ғасырдың орта шенінде іргесі жаңадан қаланған Қазақ хандығына қоныс аударған. [1]

Қазтуған жырау жорық жыршысы және халық эпосын жасаушылардың бірі саналады. Артына қазақтардың әскери рухын, туған жерін, халық өмірі мен тұрмысын суреттейтін көптеген өлеңдерден тұратын шығармашылық мол мұра қалдырды. Олардың көпшілігі сақталмаған. Дегенмен, бізге жеткен жекелеген туындылары оның әдебиет тарихы төрінен орын алуға лайықты екенін айғақтайды. Оның поэзиясы жауынгерлердің көшпелі өмірін, көзқарасын суреттейді. Және олардың тұрмысын, айналадағы құлан таза табиғат туралы ойларын бейнелейді. Ақын-жыраудың қиялының жүйріктігі, өткірлігі, бай және әдемі көркемдік әдістері сол дәуірдегі қазақтардың поэтикалық өнерінің жоғары деңгейде болғанын, сонымен бірге, өзіндік ерекшеліктері бар екенін білдіреді. Ұлттық бояуы жағынан айқын суреттелген, жасампаз романтикамен көркемдеген, нақылдық ой орамдары мен көркемдік тіркестерге бай. Қазтуған жырау өлеңдері көп ғасырлық өнер мектебі мен әдеби үлгі ретінде санамыздан орын алды.

Қазтуған жыраудың "Мадақ жыры", "Туған жермен қоштасу" сынды туындыларын ежелгі қазақ поэзиясының таңдаулы үлгілеріне жатқызуға болады. Ақынның халық жыраулары арқылы жеткен бірқатар толғаулары И. Березиннің "Түрік хрестоматиясында" (1862), Ғабдолла Мұштақтың 1910 жылы шыққан "Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары" жинағында, М. Мағауиннің "Алдаспан" кітабында (1970) жарияланды. [2] [3]

Халық Қазтуғанды әрдайым еске алып, қадір тұтады. Ол туралы талай аңыздар айтылған. Ел аңызында ол қалмақтарға қарсы қол бастаған ұрпақтың батыры. Жырау қайғы айтып еш түңілмейді. Батырлар дәстүрін қолдап, асқақ жыр шертеді, ескі елдік бөлінбес бірлік қайтпас ерлік дәстүрін уағыздайды. Ойын-тойы көп жастық шақты еске алып, оптимистик пікірлер ұсынады. Нарындай құнарлы, жайлы кең қоңыстың қасиеттерін асыра ардақтайды.

Көрінген мынау көк Нарын

Ойран салып өткен жер.

Маңдайы күнге күймеген,

Жорғадан басқа мінбеген,

Сұлудан басқа сүймеген,

Қамқадан басқа кимеген . . .

Жырау өзі жасап отырған тұрмыс-тіршілігіне дән риза. Көк майсаға қонған бай ауылдың бейқам өмірі, әдемі пейзаждық сурет елес береді. Туған жерін шын сүйген жас батыр бейнесін сомдайды.

Жауды көрсең жайнаған,

Жай тасындай қайнаған.

Еділде тұрып оқ атса

Жайыққа түсіп жоғалған . . .

Қазтуған жырлары әуенді, дыбысты, ырғақты, күшті поэзия. Ат арқасында, топ ортасында айтылған жырдың солай айтылуы заңды. Дауысты «А» дыбысын қатар қолданып, аңырата сөз тастау тыңдаушыға әсерлі, құлаққа жұғымды.

Арғымақтың баласы

Арыған сайын тың жортар

Арқамнан қосым қалар деп,

Ақ дария толқын күшейтер.

Құйрығын күн шалмаған балығым,

Ортамнан ойран салар деп

Тағы бір назар аударатын жай, соңғы екі жолдағы образды сөздер. Бұрын соңды қолданылмаған тек Қазтуғанға тән тіркес « Құйрығын күн шалмаған балығым, ортамнан ойран салар деп дім» - қандай әдемі сөз! Осы өлеңнің шумағы 3 жолдан тұрады. Ақын 5 жолды өлең шумағын да жиі қолданған. Әрбір сөз әрбір жол өз орынында. Қазтуған өзіне тән теңеу, метафоралар қолданады. Қатарынан «Ж» әрпінен басталатын ұзақ шумақты өлеңнің балама сөздері жер- қоныс құнарлығын өте айқын танытқандай:

Жабағалы жас тайлақ,

Жардай атан болған жер.

Жатып қалған бір тоқты

Жайылып мың қой болған жер.

Жарлысы мен байы тең,

Жабысы мен тайы тең,

Жары менен сайы тең.

Дереккөздер[өңдеу]
  1. Жоғарыға көтеріліңіз↑ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd. » ЖШС, 2010 жыл. ISBN 9965-26-096-6
  2. Жоғарыға көтеріліңіз↑ Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. - Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2
  3. Жоғарыға көтеріліңіз↑ Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8

Ezra Cornell's first book.jpg

Осы мақала қазақ әдебиеті туралы бастама болып табылады. Бұны толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесуіңізді сұраймыз.

Қазтуған Жырау Қазтуған Жырау

Қазақ әдебиетші төлбасыларының бірі Қазтуған Сүйінішұлы шамамен XV ғасырдың 20-30-жылдарында Еділ бойында, қазіргі Астрахань облысының Қрасный Яр қаласы маңында туады. Әкесінің аты Сүйініш. Көшпенді шонжарлар әулетінен шыққан Қазтуған Еділдің салалары Ақтұба, Бозан бойын жайлаған түркі тайпаларының рубасы көсемі, әскербасы батыры болады. Дәшті-Қыпшақта XV ғасырдың ұзына бойына созылған бұлғақ кезінде оның кімдерді жақтағаны, не істегені белгісіз.

  • Шығармалары
  • Ары-қарай оқу
Қазтуғанның қонысымен қоштасуы

1

Арайна, билер, арайна,

Арайна десем,
болғай ма?!

Арайнасыз әр
қайда

Ердің ісі оңғай
ма?!

Арайна болған
Қазтуған,

  • Ары-қарай оқу
Алаң да алаң, алаң жұрт

Алаң да алаң,
алаң жұрт,

Ақала ордам
қонған жұрт,

Атамыз біздің бұ
Сүйініш

Күйеу болып
барған жұрт,

Анамыз біздің
Бозтуған

Келіншек болып
түскен жұрт,

  • Ары-қарай оқу
Белгілі биік көк сеңгір

Белгілі биік көк
сеңгір

Басынан қарға ұшырмас,

Ер қарауыл қарар
деп,

Алыстан қара
шалар деп;

Балдағы алтын құрыш
болат

Ашылып шапса дем
тартар,

  • Ары-қарай оқу
Мадақ жыры

Бұдырайған екі шекелі,

Мұздай үлкен
көбелі,

Қары ұнымы
сұлтандайын жүрісті,

Адырнасы шайы
жібек окқа кіріс-ті,

Айдаса - қойдың
көсемі,

Сөйлесе - қызыл
тілдің шешені,

  • Ары-қарай оқу

Синдикатты контент

Жоспар:

1. Қазтуған жырау Сүйінішұлы (ХV ғ. ) шығармашылығының өзіндік сипаты.

2. Жыраудың шыққан ортасы, өмірінен мәлімет.

3. Жырау мұрасының басылуы, зерттелуі.

Қазтуған жырау шамамен ХV ғасырдың 20-30 жж. Еділ бойында, қазіргі Астрахань облысының Красный Яр қаласының маңында туған. Оны халық Қарға бойлы Қазтуған деп атап кеткен. Жыраудың дәл қай жылы туып, өлгені туралы деректер әзірге белгісіз. Шамамен 75 жасында қайтыс болған. Ол көшпенді шонжарлар әулетінен шыққан. Жаугершілік заманда қолбасы батыр, жорық жыршысы болған.

Қазтуған туралы алғашқы деректерді С. Сейфуллин жинақтаған. Жырау туып-өскен жері - Еділ, Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл өзендері бойын өз еркімен тастап кетпей, оны амалсыз қалдырып бара жатқанын жырларына арқау етеді.

ХІХ ғ. көрнекті ақыны Мұрат Мөңкеұлы Қазтуған туралы көп толғап, оның пікірлерін талмай уағыздап өткен.

Өзіне арнаған мадақ жырында («Бұдырайған екі шекелі…») жырау өзін ең күшті, ең құрметті заттарға балайды. Тарпаң тағыны ұстар ұзын құрық, ақ орданы сүйеп тұрған әшекейлі сырық, жас бураның тал шайнар өткір азуы, қыранның ең қуатты тырнағы. Осы жолдардан Қазтуғанның жорықшы, жауынгер жырау болғандығы көрінеді.

Қазтуған нәр алған әдебиет - көшпенділердің көне поэзиясы. Кет-Бұға, Сыпыра жыраулардың толғаулары.

Қазтуғанның нағыз ақындық қуатын танытатын шығарма - оның туған жермен қоштасу жыры. («Алаң да, алаң, алаң жұрт») . Еділ бойы - Қазтуғанның ата-бабасының ғұмыр кешкен, өзінің туып өскен жері. Сондықтан да Еділді қиып тастап кету мүмкін емес. Жырау қайғы айтып еш түңілмейді. Батырлар дәстүрін қолдап, асқақ жыр шертеді. Ескі елдік, бөлінбес бірлік, қайтпас ерлік дәстүрлерін уағыздайды.

ҚР ҒА қолжазба қорында «Қазтуғанның қоныстан ауғанда айтқаны» деген бір толғау бар. Бұдан Қазтуғанның Асан қайғының жер туралы пікірлерімен бағыттас екенін байқап, Асанның баласы Абат екеуінің көзқарасының бір екенін көруге болады. Толғау Асан, Абат, Қазтуған үшеуінің диалогы ретінде беріледі. Ол кезде Асан 120 жасаған қария. Ол ел бастауды екі батырға жүктеп, ақылшы ғана болып отырады.

Кейінгі ақындар, әсіресе Махамбет сияқты батыр ақын оған еліктеген, Қазтуған образдарынан тікелей үлгі алған, сөз саптаулары бірыңғай, әуендес. Себебі, бұлардың алдына қойған мақсаттары ұқсас. (портрет, теңеу, аллитерация қолданудағы ерекшеліктер) .

Қазтуған эпостық жырлар да шығарған. Олардың көбі ел аузында сақталмаған. Бізге жеткен санаулы шығармаларының өзінен-ақ өршіл романтикалы жауынгер ақын болғаны байқалады.

Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:

1. Қазтуған жыраудың өзіне арналған мадақ жырын талда.

2. Еділмен қоштасу толғауын жатта.

3. Қазтуған жырларындағы Асан қайғы сарыны қалай көрініс тапқан?

4. Өлең-толғауларының көркемдік сипатын айқында.

5. Қазтуған шығармаларының кейінгі жырауларға әсері қандай?

Әдебиет:

1. Ай, заман-ай, заман-ай. А., 1991.

2. Бектуров Ж. Художественно-композиционные особенности поэзии жырау и акынов. (Автореферат дисс. ) А., 1990.

3. Бес ғасыр жырлайды. (екі томдық) . А., 1989.

4. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. А., 1973.

5. Мағауин М. Қобыз сарыны. А., 1968; Ғасырлар бедері. А., 1991; Қазақ тарихының әліппесі. А., 1994.

6. Мәдібай Қ. Хандық дәуір әдебиеті. А., 1996.

7. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері. А., 1967 Қазақ әдебиетінің тарихы. А., 1997.

8. М. Мағауин. Қазтуған жырау. - «Лениншіл жас», 1965, 15 тамыз

Қазтуған Сүйінішұлының туған, қайтыс болған жылдары белгісіз. Халық арасында Қарға бойлы Қазтуған атанып кеткен. Қазақтың XV ғасырдағы айтулы жорық жырауы. Әскербасы, батыр болған. Еділдің Ақтұма, Бозан бойларында туып-өскен. XV ғасырдың орта шенінде іргесі жаңадан қаланған Қазақ хандығына қоныс аударған.

Қазтуған жырау жорық жыршысы және халық эпосын жасаушылардың бірі саналады. Артына қазақтардың әскери рухын, туған жерін, халық өмірі мен тұрмысын суреттейтін көптеген өлеңдерден тұратын шығармашылық мол мұра қалдырды. Олардың көпшілігі сақталмаған. Дегенмен, бізге жеткен жекелеген туындылары оның әдебиет тарихы төрінен орын алуға лайықты екенін айғақтайды. Оның поэзиясы жауынгерлердің көшпелі өмірін, көзқарасын суреттейді. Және олардың тұрмысын, айналадағы құлан таза табиғат туралы ойларын бейнелейді. Ақын-жыраудың қиялының жүйріктігі, өткірлігі, бай және әдемі көркемдік әдістері сол дәуірдегі қазақтардың поэтикалық өнерінің жоғары деңгейде болғанын, сонымен бірге, өзіндік ерекшеліктері бар екенін білдіреді. Ұлттық бояуы жағынан айқын суреттелген, жасампаз романтикамен көркемдеген, нақылдық ой орамдары мен көркемдік тіркестерге бай. Қазтуған жырау өлеңдері көп ғасырлық өнер мектебі мен әдеби үлгі ретінде санамыздан орын алды. Қазтуған жыраудың "Мадақ жыры", "Туған жермен қоштасу" сынды туындыларын ежелгі қазақ поэзиясының таңдаулы үлгілеріне жатқызуға болады. Ақынның халық жыраулары арқылы жеткен бірқатар толғаулары И. Березиннің "Түрік хрестоматиясында" (1862), Ғабдолла Мүштақтың 1910 жылы шыққан "Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары" жинағында, М. Мағауиннің "Алдаспан" кітабында (1970) жарияланды.


Қазтуған жырау - қазақ ақыны. Ол 1420 жылы Астрахан қаласына жақын Қызылжар деген жерде дүниеге келген, қайтыс болған жері мен жылы туралы дерек жоқ.

1480 жылдары Қазақ хандығына қосылған алшын тайпасы руларымен бірге Еділдің бергі бетіне өткен.

Қазтуған жырау шығармаларынан бізге «Бұдырайған екі шекелі», «Алаң да алаң, алаң жұрт», «Белгілі биік көк сенгір» деп аталатын үш толғауы ғана жеткен.

Жыраудың бұл жырлары ең алғаш Ғ. Мұштақтың «Шайыр яки қазақ ақындарының басты жырлары» деген атпен 1912 жылы Орынбор қаласында бастырған кітабында жарық көрді.

Қазтуған жырау жырларынан сол дәуірдің өмір көріністерін елестетуге болады. Ол «Бұдырайған екі шекелі » толғауында әрі жырау, әрі батырға тән өз бейнесін өзі жасап, оны ұтымды әрі әсем бейнелеп берген.

Ал, «Алаң да алаң, алаң жұртта» халықтың туған мекені - Еділін тастап басқа жаққа қоныс тебуін меңзейді. Жыраудың бұл толғауы ата мекен, туған жерге деген ыстық сезім, зор махаббатын танытады.

«Белгілі биік көк сеңгір» жырынан жыраудың өмір жайлы таным-түсінігі ерекше аңғарылады.

Қазтуған жырау Қазтуған Сүйінішұлы - ұлттық әдебиетіміздің төл басыларының бірі. Қазақ әдебиеті тарихында шығармалары өз атымен жеткен алғашқы автор. Қазтуған - жорықшы, жауынгер жыраудың өзіне арналған мадақ жыры -«Бұдырайған екі шекелі» толғауындағы Қазтуғанның өз бейнесі. Қазтуған жыраудың ақындық қуатын танытатын толғауы - туған жерімен, ата қонысымен қоштасу жыры. Жыраудың толғауларындағы суреттеулер мен образдар. Мұрат ақын жырлаған «Қазтуған» жырындағы Қазтуған бейнесі жауынгер - жыраудың көшпенділер тұрмысы тудырған ерекше қасиеттерге баламалануы.
Источник: http://asyl-bilim. kz/load/p_nder/aza_debieti//10-1-0-69

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазтуған Сүйінішұлы
Жыраулар поэзиясы
Қазақ поэзиясындағы жыраулық дәстүр
ҚАЗТУҒАН ЖЫРАУ
Қазтуған Cұйінішұлы
Халқымыздың ұлы ұландары жыраулар шығармашылығында
Қорқыт ата кітап
Қазақ әдебиеті тарихында қазақ поэзиясының дамуы
XIX ғасырда өмір сүрген ақын - жыраулар
ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТАНЫМДАР БАСТАУЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz