Ұлт-азаттық көтеріліс басшылары және Алаш қозғалысының жетекшілері



1.Мұхаметжан Тынышбаевтың қазақ елінің азаттығы үшін күресі
2.Алаш зиялылар Ә.Бөкейханов, Х.Досмұхамедов, Ж.Ақбаев, М.Жұмабаев, Х.Ғаббасов, Қ.Кемеңгеров 1928,1936 жылдардағы « сот процесінде» қаралуы
Мұхаметжан Тынышбаевтың қазақ елінің азаттығы үшін күресі. Алаштың ірі қоғам және мемлекет қайраткері, тарихшы, ағартушы, тұңғыш темір жол инженері Мұхамеджан Тынышбаев 1879 жылы 12 мамырда Жетісу облысы Лепсі уезі Мақаншы-Садыр болысында (қазіргі Алматы облысы, Қабанбай ауданы) туған. Ауыл молдасынан хат таныған соң, 1890 жылы Верный ерлер гимназиясының даярлық сыныбына қабылданады. Мұхамеджан Тынышбаевтың тағдыр-талайы білім мен ағартуға, ұлттық теңдік пет өркениетке ұмтылған қазақ халқының тағдырымен бір. Даярлық сыныпты қоса есептегенде, 10 жыл аталған гимназияда оқыған М.Тынышбаев оны үздік (алтын медальмен) аяқтайды. 1900 жылы оқушыны ұлтқа бөліп алаламайтын, білімдіні қадірлейтін гимназия директоры М.В. Вахрушевтің Жетісу губернаторына дәлелдеп жүріп стипендия бөлгізуінің арқасында (ол шақта мемлекет есебінет оқу тек осылай жүргізілген) Мұхамеджан император I Александр атындағы Петербор темір жол транспорты институтына қабылданады. Бұл институтты 1906 жылы бітірген.Студент кезінде қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып, баспасөз беттерінде оталық билікті сынайтын мақалалар жазып, патша өкіметінің жүргізіп отырған саясатына қарсы үгіт-насихат жүргізді.Патша өкіметіне оппозициядағы партиялардың ұйымдастырған іс-шараларына ат салысты.1905 жылы қарашада автономияшылдар одағы ұйымының ұйымдастыруымен өткен съезге қатысып, сөз сөйледі.Ол өз сөзінде патша өкіметінің қазақ жерінде жүргізіп отырған отаршылдық саясатын айыптай отырып, ендігі уақытта ұлттық езгідегі халықтарға автономия берілуін талап етті.1907 жылы Екінші Мемлекеттік Думаға Жетісу облысының атынан депутат болып сайланды және онда аграрлық комиссия құрамында қызмет етті.
1.Қазақстан тарихы.5 томдық.3 том.А.1999.
2.К.Нұрпейіс.Тарихи тұлғалар.А.,2007.
3.Алаш.Алашорда.Құрастырушылар: Ғ.Әнес, С.Смағұлова.«Арыс» баспасы.А.,2009

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
12 лекция.Тақырыбы: Ұлт-азаттық көтеріліс басшылары және Алаш қозғалысының жетекшілері
Жоспар
1.Мұхаметжан Тынышбаевтың қазақ елінің азаттығы үшін күресі
2.Алаш зиялылар Ә.Бөкейханов, Х.Досмұхамедов, Ж.Ақбаев, М.Жұмабаев, Х.Ғаббасов, Қ.Кемеңгеров 1928,1936 жылдардағы сот процесінде қаралуы
Лекцияның мақсаты - Алаш қайраткерлерінің өткен өмір жолын, азаттық үшін күресі мен ерлігін ашып көрсету.
Лекцияның мәтіні.1. Мұхаметжан Тынышбаевтың қазақ елінің азаттығы үшін күресі. Алаштың ірі қоғам және мемлекет қайраткері, тарихшы, ағартушы, тұңғыш темір жол инженері Мұхамеджан Тынышбаев 1879 жылы 12 мамырда Жетісу облысы Лепсі уезі Мақаншы-Садыр болысында (қазіргі Алматы облысы, Қабанбай ауданы) туған. Ауыл молдасынан хат таныған соң, 1890 жылы Верный ерлер гимназиясының даярлық сыныбына қабылданады. Мұхамеджан Тынышбаевтың тағдыр-талайы білім мен ағартуға, ұлттық теңдік пет өркениетке ұмтылған қазақ халқының тағдырымен бір. Даярлық сыныпты қоса есептегенде, 10 жыл аталған гимназияда оқыған М.Тынышбаев оны үздік (алтын медальмен) аяқтайды. 1900 жылы оқушыны ұлтқа бөліп алаламайтын, білімдіні қадірлейтін гимназия директоры М.В. Вахрушевтің Жетісу губернаторына дәлелдеп жүріп стипендия бөлгізуінің арқасында (ол шақта мемлекет есебінет оқу тек осылай жүргізілген) Мұхамеджан император I Александр атындағы Петербор темір жол транспорты институтына қабылданады. Бұл институтты 1906 жылы бітірген.Студент кезінде қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып, баспасөз беттерінде оталық билікті сынайтын мақалалар жазып, патша өкіметінің жүргізіп отырған саясатына қарсы үгіт-насихат жүргізді.Патша өкіметіне оппозициядағы партиялардың ұйымдастырған іс-шараларына ат салысты.1905 жылы қарашада автономияшылдар одағы ұйымының ұйымдастыруымен өткен съезге қатысып, сөз сөйледі.Ол өз сөзінде патша өкіметінің қазақ жерінде жүргізіп отырған отаршылдық саясатын айыптай отырып, ендігі уақытта ұлттық езгідегі халықтарға автономия берілуін талап етті.1907 жылы Екінші Мемлекеттік Думаға Жетісу облысының атынан депутат болып сайланды және онда аграрлық комиссия құрамында қызмет етті.
М.Тынышбаевтың саясат сахнасында аса күрескерлік танытқан уақыты - 1916-1917 жылдар.Ол 1916 жылғы 25 маусым жарлығына қарсы шыққан халық көтерілісінің салдарын күні бұрын болжап, көтерілісшілерді сабырлылыққа шақырды.Патша өкіметінің жергілікті билік орындарының көтеріліске шыққан қазақтар мен қырғыздарды жазалаудажасаған озбырлығын әшкерелеуде белсенділік танытты. 1916 жыл оқиғасы тұсында ол Қазақ тобында болды. Сол себепті де Қытайға кетуге мәжбүр болған қандастарын елге қайтару жұмысының жуан ортасында жүрді. Мұхамеджан анықтаған мына дерек кісіні селт еткізбей қоймайды: Жетісуға қатысты 44 болыс елде 47 мың 759 түтін болған, соның 40 мың 250 түтіні қашып-босқан, ал өлген адамның саны 95200 . Бұл да алапат қырғын еді.
1917 жылы сәуірде Уақытша үкімет М.Тынышбаев пен О.А. Шкапскийді Жетісу облысындағы комиссарлар етіп тағайындайды. Түркістан автономиясы 1917 жылы қараша айының соңында Қоқан қаласында жарияланғанда, қайраткер осы автономия үкіметінің төрағасы (премьер-министр) және Ішкі істер министрі болып сайланды.Көп ұзамай ол бұл қызметтерінен бас тартты.Оның орнына Мұстафа Шоқай тағайындалды. Алайда Қоқанда құрылған Түркістан автономиясы бірер ай ғана өмір сүріп, большевиктер тарапынан аяусыз жанышталды. Алаш партиясы құрылатын бірінші жалпықазақ сиезіне де, Алаш автономиясы жарияланатын екінші жалпықазақ сиезіне де Жетісу облысы атынан қатынасты. Соңғысында ол Ұлт кеңесі (Алаш Орда) құрамына кірді.
М.Тынышбаев сонымен бірге ғылыми жұмыспен де белсене айналысты.Ол халқымыздың тарихының күрделі, бұрын зерттелмеген кезеңдеріне арнап дереккөздерге бай ғылыми тұрғыдан негізделген іргелі еңбектер жазды.Оның тарихтытерең түсіне білгендігі, зерттеушілігі, қазақ халқының өміріне, кейінгі тағдырына әсер еткен ірі оқиғаларды түпқазық етіп алып, жүйелі түрде қарастыруынан байқалады.Бұл пікірге Тынышбаев еңбектеріндегі Қырғыз-қазақ руларының шежіресі, Қырғыз-қазақтың шығу тегі, Қазақ этнонимі туралы, Алтын Орданың күйреуі және Қазақ хандығының құрылу тарихы , Ақтабан шұбырынды секілді, т.б. тақырыптағы еңбектері дәлел бола алады.Қазақ тарихының көне дәуірі, орта ғасырлар кезеңі, жаңа заманы ретінде жеке қарастыратын күрделі мәселелерді кеңінен қамтуға талпынысы, Тынышбаевтың өзіндік қалыптасқан тарихи көзқарасы бар екендігін аңғартады.Оның еңбектері ұлттық мүдде тұрғысында жазылуымен ерекшеленеді.Ол қандай да бір халықтың тарихын жазу үшін сол ұлттың тілін,салт-дәстүрін, мәдениетін жетік меңгеру керек деген принципті берік ұстанды және бұл принципті өзге зерттеушілердің ұстануын талап етті.
Күрделі кезеңде түрлі саяси-мемлекеттік жүйеде қилы жауапты іс жасаған қайраткердің ұлтқа болысқан еңбегі нәтижесіз емес еді. Мұхамеджанның орасан жұмысын былайша топтап-таразылауға болады:
1. саяси қайраткер ретінде құқы аяққа тапталған ұлтының теңдігі жолында дәйекті іс атқарды;
2. маман-теміржол инженері ретінде төңкеріске дейін де, одан кейін де шойын жолды салуда ұлт мүддесін бірінші кезекке қойды;
3. публицист ретінде орыс тілінде шыққан мақалаларында Петербордың зиялы қауымына патша шенсуніктерінің әділетсіздігін жеткізсе, қазақ тіліндегі мақалаларында қандастарына теңдік алудың жөн-жобасын көрсетті;
4. тарихшы ретінде қазақ елінің көне дәуірден бүгінге дейінгі шынайы тарихын жасаудың батыл бағыттарын іс жүзінде анықтап берді.
Тергеушінің 1930 жылғы 1 қазан күні М.Тынышбаевқа қойған сұрақтары негізінен оның осы 1918 - 1920 жылдар арасындағы Алашорданың тең төрағасы және әскери кеңестің мүшесі ретіндегі атқарған қызметін қамтыды. Соның ішінде атаман Анненковпен майдан шебіндегі кездеселуеріне баса тоқталды. Жетісудың орыс, қазағын қан қақсатқан қанқұйлы ағайынды Мамонтовтардың 10 мыңдық партизанына қарсы соғысқан алаш жасағына М.Тынышбаев қару-жарақ, киім, азық-түлік апарған. Ол кезде Алашорданың Шығыс бөлімінің әскері кеңес өкіметі жағына шыға қоймаған кезі.
Атаман Анненковтың адамның бас сүйегі мен айқастырылған адам жілігінің суреті салынып, С нами БОГ деп жазылған жасыл ту көтерген казак жүздіктері ыдырай бастағанда, сол тудың екінші бетіне жарты ай мен жұлдыздың суреті салынған, бас киімдеріне ақ жолақ таққан алаштың Сергиополь жасағы майдан өтінде қалды. М.Тынышбаев пен О.Жандосовтың ықпалымен 29 науырызда 2 және 3 қазақ полкі кеңес өкіметі жағына шықты, сөйтіп, қызыл армияның қазақ атты полкінің негізін қалады.Жалпы Алашорда әскерінің майданда табанды түрде бетпе-бет соғысқан тұрақты құрамасы осы жетісулық жасақтар.
1921-1922 жылдары Түркістан кеңестік автономиясының Жер-су комиссариатында су шаруашылығын басқарды.
Ал, 1925-1932 жылдар аралығында Қазақстан кеңестік автономиясында жаңа астананы (Қызылорда) жасақтау ісінің бас инженері. Түркістан-Сібір құрылысының жетекші маманы қызметін атқарды.
1922 жылы Ташкентте құрылған Талап атты мәдени-ағарту ұйымына басқарма мүшесі болып сайланады. Осы шақта ол бірнеше тарихи еңбек жазды. Оның ел алдындағы елеулі еңбегі - Түркістан-Сібір теміржол құрылысына маман ретінде қатынасуы еді.
1932 жылы сәуір айында тұтқындалып, Мәскеу- Донбасс теміржол құрылысына жұмысқа жіберілді. Бұдан қайтып елге келгенде, 1937 жылы 21 қарашада қайта тұтқындалып, ату жазасына кесілді.1938 ж. Ташкент түрмесінде атылды.

2. Алаш зиялылар Ә.Бөкейханов, Х.Досмұхамедов, Ж.Ақбаев, М.Жұмабаев, Х.Ғаббасов, Қ.Кемеңгеров 1928,1936 жылдардағы сот процесінде қаралуы. 30 жылдардың басында, 1917-1920 жылдары Алаш партиясына мүшше болған және Алашорда қозғалысына қатынасқан қазақ зиялыларына, ОГПУ-дің (Объединение государственное политическое управление - Біріккен Мемлекеттік Саяси Басқарма) тарапынан ұйымдастырылған екі үлкен сот процесі болды. Бірінші процес барысында 1928-1929 жылдары ұсталып, түрмеге жабылған 47 адам тергеуге алынып, ОГПУ-дің (Объединение государственное политическое управление - Біріккен Мемлекеттік Саяси Басқарма) сот комиссиясының 1930 ж. 4 сәуірдегі үкімімен 35 адамға әр түрлі жаза кесілді. Атап айтқанда, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Халел Ғаббасов, Мырзағазы Есполов, Дінмұхамбет Әділов, Ғазымбек Бірімжанов, Ахметсафа Юсупов (Жүсіпов), Мадыбек Кешпімов, Бапай Тоқманбаев, Битімбай Әбдікеев, Піттібай Әбдікеев, Әбдірахман Байділдин, Дамолла Битілеуов, Асқар Дулатов, Оспан Балтүріков, Теміржан Ісмағамбетов, Жарахмет Барлыбаев, Құлахмет Жұрманов, Есембай Есболов барлығы 10 адам әуелде ату жазасына бұйырылып, кейін ол үкім 10 жылдық мерзімге концлагерьмен алмастырылды.Мағжан Жұмабаев, Елдос Омаров, Абдулла Ұзақбеков, Ибрагим Сәтбаев, Асқар Әділов, Әбдуәли Әділов, Әубәкір Әділов 10 жылға концлагерьге айдалды.Хайретдин Болғамбаев пен Абдолла Байтасов алдымен 5 жылдық мерзімге концлагерьге кесіліп, кейін олар сол мерзімге Солтүстік өлкеге (Севкрай) жер аударылды.Қалған он шақты адам әр түрлі мерзімдерге концлагерьге кесіліп, жер аударылуға бұйырылды.
Жалған айыптармен сотталып, жер ауып кете барған осы зиялы топтың артынан іле-шала олардың екінші тобы ОГПУ-дің қанды шеңгеліне ілініп (негізінен 1930 жылдың жазынан бастап) , бұлардың қылмыстық ісі туралы 1932 жылғы 20 сәуірде ОГПУ-дің өкілетті өкілдігі құрған үштік (тройка) мәселе қарап, үкім шығарды.
Жалған жалалармен істі болған қазақ зиялыларының осы тобының (барлығы 20 адамнан астам) ішінде Мұхаметжан Тынышбаев, Халел Досмұхамедұлы, Жаһанша Досмұхамбетов, Қошмұхамбет (Қошке) Кемеңгеров, Алдаберген Үмбетбаев, Нәшір Қожамқұлов, Әбдірахман Мұңайтпасов, Әшім Омаров, Жұмахан Күдерин, Мұстафа Бұралқиев, Жақып және Абдулхамит Ақпаевтар, Жұмағали Тілеулин, Сейітәзім Қадырбаев, Мұхтар Мурзиндер Ресейдің Орталық қара топырақты облысына (қазіргі Воронеж облысына) бес жылдық мерзімге жер аударылды.Олар жергілікті ОГПУ органдарының қатал бақылауында болды.Жоғарыда аттары аталған зиялы қауым өкілдерімен бірге тергеуге алынып, бастары сотты болған Әлімхан Ермеков, Мұхтар Әуезов, Валихан (Уәлихан) Омаров, Біләл Сүлеев, Даниял Ысқақовтар ғана алдын-ала түрмеде отырған уақыттары есепке алынып, 1932 жылғы 20 сәуірдегі ОГПУ-дің үштігінің (тройка) үкімімен босап шықты.Олар да, босанып шыққанына қарамастан, ОГПУ тыңшылары мен салпанқұлақтарының жасырын бақылауында болды.
1930 және 1932 жылдары сотталған және жер аударылғандардың біразы (Жүсіпбек Аймауытов, Әбдірахман Байділдин, Міржақып Дулатов, т.б.) сол кеткеннен мол кетті.
Олардың сот пен жер аудару мерзімдерін өтеп (кейбіреуінің жаза мерзімі кейін қысқартылған болатын) елге қайта оралғандары 197-1939 жылдары ұлы зұлмат пен нәубет кезеңінде халық жаулары атанып, мәңгілікке көз жұмды.
Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы (1866 -- 1937) -- XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы.1870 ж. наурыздың 5 бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, То - қы - рауын болысының 7-ші ауылында туған. Бұл қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы бұрынғы Қаратал кеңшарының жеріне қарасты, 1992 жылы Ақтоғай аудандық кеңестің шешімімен Ә.Н. Бөкейханов есімі берілді.
Әлихан Орта жүз ханы Бөкейдің ұрпағы. Ата тегі: Бөкей - Батыр - Мырзатай - Нұрмұхамед - Әлихан. Жасынан зерек, алғыр өскен Әлиханды әкесі Қарқаралыға алып барып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ ол молданың қолынан оқуды канағат тұтпай, қаладағы үш сыныпты бастауыш мектепке ауысады. Оны бітіргеннен кейін 1879-1886 жылдары Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқиды. 1886-1890 жылдар аралығында Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны "техник" мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1890-1894 жылдар аралығында Санкт-Петербургтегі Орман технологиялық институтының экономика факультетінде оқыды. Мұнда ол студенттік қызу пікірталастарға қатысып, XX ғасырдың босағасын аттағалы тұрған Ресейдің қандай жолмен дамуы тиімді болатындығы туралы қайшылықты пікірлер қақтығысына куә болды, өз ойын да шыңдай түсті.
Әлиханды әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға апарып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ зерделі бала молдадан оқығандардан гөрі осындағы мектепте оқып жүргендердің сауаттылығын аңғарып, қаладағы үш кластық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып алады.
Бұдан кейін ол Қарқаралы қаласының үш жылдық училищесіне түсіп, оны да өте жақсы деген бағамен бітіріп шығады. Осыдан кейін он алты жасар Әлихан 1888 жылы Омбы техникалық училищесіне қабылданады. Төрт жыл бойы үздік оқыған алғыр шәкіртіне риза болған мүмкіндік жасайды.
Сөйтіп ол жиырма жасында Дала генерал губернатор кеңсесінің ұсыныс хаты мен қазақ қауымдастығының 200 сом стипендиясын алып, 1894 жылы Ресей империясының елордасы Санкт-Петерборға барып, Орман шаруашылығы институтының экономика факультетіне түседі. Ол мұнда жүріп күнделікті сабақтарына қоса студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және тағы басқа үйірмелердің жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға қатысады. Оны екі ғасырға жуық Ресей империясының қол астында отырған халқының ауыр тағдыры қатты толғандыра бастайды. Қараңғылық пен надандықтың шырмауында отырған халқына білім мен мәдениет керек екенін ұғады, елдің тұрмысын, мәдениетін, білімін көтеруді өзінің алдына мақсат етіп қояды.Оқуын бітіріп, Омбыға оралғанда Ә. Бөкейханов Ресей империясының қазақ даласына жүргізген отаршылдық саясатына деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, марксизмнің экономикалық қағидаларымен қаруланған, саяси астыртын күрестің түрлері мен әдістерін үйреніп, білген, күрес тартыстан біршама тәжірибесі бар саяси күрескер болатын. Ол Омбыға келісімен қаланың саяси әлеуметтік, қоғамдық жұмысына белсене араласады.
Народная свобода (Халық бостандығы) партиясының қатарына өтіп, өзі қазақ зиялылары мен саяси белсенділерінің арасында осы партияның шағын тобын ұйымдастырады. Әлиханның саяси көзқарасының пісіп, жетілуіне, кейін белгілі саяси, қоғам, мемлекет қайраткері әрі қазақ ұлт азаттық қозғалысының ұйымдастырушысы және көсемі ретінде танылуына, саяси күрескер ретінде шыңдалуына Омбыдағы күндері ерекше ықпал етеді.
1905 жылдан бастап Ресей конституциялық-демократиялық партиясының (кадеттер) мүшесі, оның қазақ бөлімшесін құру мақсатында Оралда, Семейде жиындар өткізген. Қарқаралыда патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы өткен қозғалысқа қатысып, 14 500 адам қол қойған Қарқаралы петициясын ұйымдастырушылардың бірі болған.
1905 жылы Әлихан Бөкейханов Семей облысы қазақтарының атынан 1-ші Мемлекеттік думаға депутат болып сайланды. Бірақ ол 1-ші Мемлекеттік дума жұмысына қатыса алмады. Өйткені Ә.Н. Бөкейханов өз жұмысын бастаған кезде Дала өлкесі генерал-губернаторының негізсіз жарлығымен, соттың тергеуінсіз, 3 ай Павлодар абақтысында отырды. Ал абақтыдан шығып Санкт-Петерборға жеткенде, Дума патшаның үкімімен таратылып, оның біраз мүшелері наразылық актісін қабылдау үшін сол кездегі Финляндияның Выборг қаласына жүріп кеткен еді. Ә.Н. Бөкейханов да солардың артынан аттанып Выборг үндеуіне қол қойды. Сол үшін жазаға тартылып, Санкт-Петербор сот палатасының төтенше мәжілісінің шешімімен 3 айға Семей түрмесіне жабылды.
1906 жылы Омбыдан шығатын кадеттік Голос степи, Омич және Иртыш газеттерінде, 1908 жылы Санкт-Петерборда жарық көрген меньшевиктік Товарищ, кадеттік Речь, Слово гәзеттерінде редакторлық қызмет атқарды.
1909-17 жж. Дон егіншілік банкі бөлімшесінде жұмыс істеді.
1911-14 Қазақ гәзетін ұйымдастыруда және оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне зор еңбек сіңірді.
20 ғасырдың басында қазақ даласында екі ағымның болғаны белгілі. Бірі Бұқар мен Түркістан өлкесіне бет бұрған дәстүршіл, панисламшыл ағым, екіншісі негізінен Батыс өркениетін үлгі тұтқан жаңашыл, пантүркішіл ағым. Осы екінші ағымның басында Әлихан бастаған орыс мектептерінен тәлім тәрбие алған озық ойлы қазақ зиялылары тұрады. Бұл топ саяси ұстамдылық танытып, Ресей империясына қарсы ашық күреске шығудың әлі ерте екенін анық түсінеді. Сондықтан олар, ең алдымен, халықтың сана сезімін оятатын жағдай жасау керек деп білді.
Бар күш қуаттарын осы мақсатқа жұмылдырады. Бірақ олардың ойдағыдай жұмыс істеуіне жандармерия басқармасының жансыздары мүмкіндік бермейді. Солардың көрсетуімен қуғынға түседі, түрмеге қамалады. Бұдан студент кезінде-ақ сенімсіздердің қара тізіміне ілігіп, бақылауда жүрген Әлихан да тыс қалған жоқ, алдымен, Семей түрмесіне қамалып, кейін Самар қаласына жер аударылып, онда тек ғылыми-шығармашылық қызметпен айналысуға ғана мәжбүр болды.
1916 жылы жер аудару мерзімі бітіп, Самардан Орынборға келген Әлихан бірден қаланың қоғамдық, саяси өміріне араласып кетеді. Қаланың қазақ тұрғындары атынан қалалық думаға сайланады.
Бүкіл мағыналы өмірін халқының азаттық алып, еркін ел болуына арнаған аяулы азаматтың соңғы демі біткенше сол мақсат жолында жасаған қызметі сан қилы. Ол Ресей жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері съезінің делегаты, Ресейдің I Мемлекеттік думасының және мұсылман халықтары съезінің депутаты, IV Мемлекеттік Думаның мұсылмандар фракциясының Бюро мүшесі болды.
Ол Ақпан төңкерісінен үлкен үміт күтеді. Бірақ ол үміті ақталмайды. Уақытша үкімет, оның ішінде өзі мүшесі болып жүрген кадет партиясының көсемдері қазаққа аутономия беруге қарсы болады. Оның үстіне олармен жер мәселесі жөнінде де ымыраға келе алмайды да, ол бұл партиядан шығып, қазақтан сайланған тоғыз өкілді бастап барып, Томск қаласында Сібір аутономистерінің құрылтайына қатысады. Осында болашақ Сібір республикасының құрамында Қазақ аутономиясы құрылмақ болады.
Құрылтайдан оралысымен Әлихан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдастыруға кіріседі. Артынша, 1917 ж. желтоқсанында бүкіл қазақтардың құрылтайында Алаш аутономиясы жарияланып, Ә. Бөкейханов сол алғашқы Қазақ республикасының тұңғыш төрағасы (президенті) болып сайланады.
1919 жылы большевиктер өкіметінің бұрынғы алашордашыларға жасаған кешірімнен кейін Ә. Бөкейханов қалған өмірін ғылыми зерттеушілікке арнады.
Бірақ, ұлттық намыстан жұрдай, жалған интернационалист, жадағай белсенділердің көрсетуімен ол 1926 жылы екі рет тұтқындалып, түрме азабын тартты. Әлихан Бөкейханов Мәскеуге жер аударылады, зор беделінен қорыққан большевиктер өкіметі оны Қазақстанға жолатпады. Онда он жыл үй қамауында отырған Әлиханды 1937 жылы тамызында қайыра тұтқындап, бір айдан кейін жалған жаламен 67 жасында Мәскеуде ату жазасына кеседі.
1989 жылы мамырдың 14 КСРО Жоғарғы сотының қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болғандықтан, ақталды.
Сөз соңында, ғалым, Ә.Бөкейханов ХХ ғасырдың алғашқы жартысында қазақ эпосы мен фольклорын ғылыми тұрғыдан зерттеген ғалымдарымыздың бірі болды. Ол қарастырған негізгі аспектілер: эпостың тарихилығы, қазақ фольклорының түрлері, шығу мезгілі, жыршы мен оның шеберлігі, қоғамдық ой-сананың жырда көрініс табуы, бейнелер, олардың атқарған идеялық қызметі, үлгінің көркемдік ерекшеліктері т.с.с.- әлі де қазақ фольклортану ғылымында өз маңызын жойған жоқ, және сол дәуірдің жетістігі болып сан
Досмұхамедов Хәлел (24.04.1883-19.08.1939) 20 ғасырдың бас кезіндегі қазақтың демократиялық бағыттағы зиялыларының көрнекті өкілдерінің бірі, дәрігер, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, ағартушы-педагог.Хәлел Досмұхамедұлы 1883 жылдың 24 сәуірінде Атырау облысының Тайсойған ауданының Тайсойған құмында қарапайым көшпендінің көп балалы отбасында дүниеге келген.
Өз заманының парасатты, көзі ашық адамдары әкесі Машақ пен анасы Үйкен ұлдарының болашақта білімді тұлға болып қалыптасуын тілеп алғашында оны ауыл молдасына сауатын ашуға береді. Ауыл молдасынан біраз білім жинаған Хәлелді ата-анасы Көкжар қаласындағы бір кластық орыс-қырғыз училищесіне білім алуға беріп, одан кейін оны Орал қаласында орналасқан әскери-реалды училищеге түсіреді. 1903 жылы училищені үздік бітіріп шыққан ол сол заманның тек таңдаулы өкілдері ғана оқитын жоғарғы оқу орны - Санкт Петербургтегі Императорлық әскери-медициналық академиясына түсіп, оны 1909 жылы алтын медальмен дәрігер дәрежесінде бітіріп шығады. Оқуын үздік бітірген Халелді 1909 жылы кесімді мерзімдегі әскери міндетін өтеуге әскерге жібереді. Ол Түркістан, Орал қазақ-орыс атқыштар батальонында әскери-дәрігер болып қызмет атқарады.
Хәлел Досмұхамедов қазақтың ұлтжанды зиялылары қатарында жалпы ұлттық саяси Алаш партиясын құрушылардың бірі және 1917 жылы ІІ жалпықазақ съезінде жарияланған Алашорда үкіметінің мүшесі болған. 1918 жылы өзге де алашордалықтармен бірге партия өкілі ретінде Кеңес үкіметінің басшысы В.И.Ленинмен және Ұлт істері жөніндегі халық комиссары И.В.Сталинмен бетпе-бет кездесіп қазақ автономиясы жөнінде келіссөздер жүргізген. Бұл кездесуде олар Алашордаға ішінара билік беру (заң шығару, атқарушы билік, сот жүргізу, өз әскері болу), қазақтар шоғыр - ланған жерлерді түгел қазақтарға қайтару, әр жерде кеңес органдары тұтқындаған алаш қайраткерлерін түрмеден босату, оларды қудалауды тоқтату, қаржылай көмек беру сияқты маңызды мәселелерді көтереді.
1920 жылы Алаш партиясы таратылып, оның Батыс бөлімінің жетекшілерінің бірі Хәлел Досмұхамедұлына Кеңес үкіметі тарапынан кешірім жасалды. Содан сол жылы ол Ташкент қаласына келіп, Түркістан Республикасының Денсаулық сақтау және Халық ағарту комиссариаттарында жауапты жұмыстармен қатар, жоғары оқу орындарында ұстаздық және ғылыми-педагогикалық, шығармашылық жұмыстармен айналыса бастайды.Ол өзінің ғылыми-педагогикалық қызметімен өлкеде маман кадрларды даярлауға, халықтың денсаулығын сақтауды ұйымдастыруға, халық ағарту ісі мен жоғары білімді дамытуда ерекше үлес қосқан.
ХХ ғасырдың басында Хәлел Досмұхамедов Халық ағарту Комиссариатының Білім комиссиясын басқарып тұрған кезінде қазақ зиялыларына қазақ тілінде жоғары оқу орындары мен ұлт мектептеріне арналған әртүрлі ғылым саласында оқулықтар мен оқу құралдарын жазуға ұсыныс жасайды. Бүгінгі күнге дейін өзінің мәнін жоғалтпаған Мағжан Жұмабаевтың Педагогика, Жүсіпбек Аймаутовтың Психология оқулықтары осы кезеңде жазылған.
Сондай-ақ Хәлел Досмұхамедұлы І және ІІ сатыдағы қазақ мектептеріне арналған Өлі табиғат оқулығы, Жануартану, Табиғаттану , Оқушылар гигиенасы, Адамның тән тіршілігі, Денсаулығыңды сақта және тағыда басқа жаратылыс тану цикліндегі пәндер бойынша алғаш қазақ мектептеріне арнап оқулық жазған автор болып табылады.
Досмұхамедұлының ғылыми мұрасының негізгі бағыты - тіл білімі, әдебиет, тарих, этнография мәселелері де болған. Хәлелдің Қазақ әдебиеті, Аламан, Мұрат ақынның сөздері, Шернияз шешен, Исатай-Махамбет, Жалаңтөс батыр шежіресі, Диуани лұғат ат түрік, Қазақ тіліндегі сингармонизм заңы атты ғылыми еңбектері оның жан-жақты терең, энциклопедиялық білімі болғандығын көрсетеді.
Ол әр жылдары Ташкенттегі халық ағарту институтында оқытушысы, Орта Азия (Түркістан) университеті медицина факультетінің хирургиялық емхана - сының ординаторы, Түркістан денсаулық сақтау халық комиссариаты алқасының мүшесі және емдеу-санитарлық бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарған. 1925 жылдың 15 тамызында Ташкент қаласында ашылған Қазақ жоғары педагогикалық институтының проректоры болса, 1928 жылы осы Қазақтың жоғары педагогикалық институтының негізінде ұйымдасқан Қазақтың тұңғыш жоғары оқу орны - қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетінің негізін қалаушылардың бірі, бірінші проректоры болып тағайындалады. 1930 жылы Кеңес өкіметі ұйымдастырған қуғын-сүргін саясаты кезінде тұтқындалып 19 ай абақтыда отырып, 1932 жылдың 20 сәуірінде ОГПУ үштігінің шешімімен Воронеж қаласына 5 жылға жер аударды. Онда жүрген 1932-1934 жылдар аралығында ол Денсаулық сақтау және гигиена институтында бөлім меңгерушісі, балаларды ем - деу-сақтандыру амбулаториясы меңгерушісінің орынбасары, 1934-1938 жылдары Воронеж аудандық денсаулық сақтау бөлімінің пионерлер лагерінде балалар дәрігері секілді қызметтерде істеген. Содан 1938 жылы 26 шілдеде жалған саяси айыппен екінші рет тұтқынға алынып әуелі Мәскеу, кейін Алматы түрмесіне жабылады. Сөйтіп 1939 жылы 24 сәуірде әскери трибуналдың үкімімен ату жазасына кесіледі. Бірақ сот кесімін қайта қарау туралы шағым арыз жазады. Сөйтіп жүрген аралықта қазақ халқына қалтқысыз қызмет еткен ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы алыптар тобының көрнекті өкілі, Алаш қозғалысының көшбасарларының бірі, дәрігер, жан-жақты ғұлама ғалым, ұстаз, ағартушы, қоғам қайраткері Хәлел Досмұхамедов 1939 жылдың 19 тамызында түрме емханасында өкпе туберкулезінен қайтыс болады.
Оның ісі 1958 жылы 28 ақпанда Қазақ КСР Жоғарғы сотының Қылмыстық істер коллегиясында қайта қаралып, Хәлел Досмұхамедұлының есімі ақталды.
Жұмабаев Мағжан (Әбілмағжан) Бекенұлы (25 маусым 1893, Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасы - 19 наурыз 1938, Алматы) - Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы өкілі.Атасы - Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Анасының есімі - Гүлсім. Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905 - 1910 жылдары Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М.Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Омар Һайям, Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді.
Баспадан 1909 жылы шыққан Абай өлеңдерін оқып, "Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға" деген өлең жазды. 1910 - 1913 жылдары Уфа қаласындағы "Ғалия" медресесінде білім алды. Онда татар жазушысы Ғ.Ибрагимовтен дәріс алып, белгілі қайраткер С.Жантөринмен тығыз қарым-қатынас орнатады, болашақ көрнекті жазушы Б.Майлинмен танысады.
Ибрагимовтің көмегімен 1912 жылы Қазан қаласындағы Кәрімовтер баспасында "Шолпан" атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шығады. "Садақ" журналын шығаруға қатысады, оған өзінің өлеңдерін жариялайды. 1913 - 1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқыды.
"Бірлік" ұйымы жұмысына белсене араласып, "Балапан" қолжазба журналын шығаруға қатысады. Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы секілді алаш қайраткерлерімен байланыс орнатып, "Қазақ" газетіне өз өлеңдерін жариялайды.
1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси жағдайға сай қоғамдық өмірге белсене араласып, Ақмола облыстық қазақ съезін өткізуді ұйымдастырушылардың қатарында болды. Осы жылы сәуірде Ақмола облысы қазақ комитеті құрамына сайланды. Мәскеу қаласында өткен Бүкілресейлік мұсылман съезіне қатысты. Бірінші жалпықазақ съезінің шешімі бойынша Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды.
"Алаш" партиясының Ақмола облысының комитетінің мүшесі болды. "Үш жүз" партиясы өкілдерінің жалған айыптауымен бір айға жуық абақтыға отырып шықты. Екінші жалпықазақ съезіне делегат ретінде қатысып, онда оқу мәселесі бойынша құрылған комиссияға төрағалық етті.
1918 - 1919 жылдары Петропавл уездік земство басқармасында қызмет етті. 1919 - 1923 жылдары Ақмола губерниялық "Бостандық туы" газетінде, "Шолпан", "Сана" журналдарында, "Ақжол" газетінде қызмет істеп жүріп, халық ағарту жұмысына белсене араласады. Сол кезеңде қалың қауымға таныс поэмасы "Батыр Баянды" жазып, жарыққа шығарады.
1923 - 1927 жылдары Мәскеуде Жоғары әдебиет-көркемөнер институтында оқиды. Онда орыс әдебиетін, Батыс Еуропа әдебиетін терең зерттеп, орыс мәдениет қайраткерлерімен жете танысып, көпшілігімен достық қарым-қатынаста болады. Мәскеуде оқып жүргенде оның шығармалары орынсыз сынға ұшырады.
1924 жылы 24 қарашада Мәскеу қаласындағы Шығыс еңбекшілері коммунистік университетінде қазақ жастарының жерлестік ұйымында жиналыс өтіп, олар Жұмабайұлының 1922 жылы қазанда, 1923 жылы Ташкентте басылып шыққан жыр жинақтарын талқыға салды.
Онда ақын шығармаларын теріске шығаратын қаулы қабылданды. Бұл қаулы "Еңбекші қазақ" газетінің 1925 жылы 14 ақпандағы санында басылды. Орынсыз сыннан көңілі жабыққан ақын "Сәлем хат" деген өлең жазды.
Ол "Тілші" газетінде жарияланды. "Еңбекші қазақ" газетінің 1924 жылы 19 желтоқсанындағы санында С.Мұқановтың "Сәлем хат жазған азамат Мағжан Жұмабайұлына" деген ескертпемен "Сәлемге сәлем" деген жауап өлеңі басылды.
Жаңа құрылысқа, жаңа тұрмысқа қатысты нақтылы өлең жазбаса да, "уралап айқайламадың" деген кінәмен, тап күресіне белсене араласып, кедей сөзін сөйлемедің деген айыппен Жұмабайұлы қатаң сынға алынды. Жұмабайұлы 1927 - 1929 жылы Бурабайда, одан соң Қызылжарда оқытушылық қызметтер атқарады.
1929 жылы Жұмабайұлы "Алқа" атты жасырын ұйым құрғаны үшін деген айыптаулармен Мәскеудегі Бутырка түрмесіне қамалып, 10 жыл айдауға кесіледі. 1936 жылы М.Горький мен Е.Пешкованың араласуымен бостандық алып, Қазақстанға қайтады.
Петропавл қаласында мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беретін мұғалім болып жұмыс істейді. Көп ұзамай қалалық оқу ісінің меңгерушісі оны саяси себептерге байланысты деген айыппен мұғалімдік қызметтен босатады. 1937 жылы наурызда Жұмабайұлы Алматыға келеді. Аударма ісімен айналысады. 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді.
Ақпаев (Ақбаев) Жақып (7.11.1876, қазіргі Қарағанды обл. Қарқаралы ауданы - 1934, Алматы)- қоғам қайраткері, заңгер.Санкт-Петербург университетінің заң факультетін алтын медальмен бітірген (1903).1903-05 жж. Омбы, 1907-27 жж. Семей, Сырдария округтық, губернаторлық соттарында қызмет атқарды.1907 жылдан Орыс жағрафия қоғамы Семей бөлімшесінің мүшесі, 1917 ж. Шура-и-Исламдағы қазақ өкілі болды, Алаш партиясын және Алашорда үкіметін құруға белсене қатысты, Алашорда үкіметінің мүшесі болып сайланды.Ұлт азаттығы мен теңдігі жолындағы саяси күресі оны 20 ғ-дың басындағы қазақ зиялыларының халыққа ең ықпалды рухани жетекшілерінің бірі дәрежесіне көтерді.Ұлтына сіңірген еңбегін жоғары бағалаған Қарқаралы уезі қазақ комитеті Ақпаевтың құрметіне тегін оқытатын Якуб (Жақып) медресесін ашты (1.10.1917).Ақпаев саяси, таптық күреске, қоғамдық құрылыстың алмасуына тек қазақ халқының ұлттық мүддесі тұрғысынан қарады.Қазақ халқының тәуелсіз ел болуы үшін күресті.Сондықтан да Ресейдегі төрт өкімет: патшалық, Уақытша үкімет (1917), Колчак (1918-19) және Кеңестер (1920-34) тарапынан да үздіксіз қуғын-сүргін көрді.1919 ж. шілдеде ақ казактардың далалық соты оны атуға үкім шығарды.Қарқаралы, Кереку, Семей, Омбы, Алматы түрмелеріне қамалып, әлденеше рет (1908, 1910, 1929) жер аударылды.Қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы күрескері ақыры қызыл қырғынның құрбаны болды.Ақпаев Қазақстан Жоғарғы Сотының 28.02.1958 ж. шешімімен ақталды.

Ғаббасов Халел (Халиулла) Ахметжанұлы (1888, бұрынғы Семей обл. Семей уезі Шаған болысы - 1931, Мәскеу) - Алаш қозғалысының қайраткері.1898-1909 жж. Семейде приход, орыс-қазақ мектептерінде, гимназияда оқыған.1910 жылға дейін Сейтен болысында мұғалім болып қызмет еткен.1910 ж. Мәскеу университетінің заң факультетіне оқуға түсіп, 1911 ж. студенттер ереуіліне қатысқаны үшін оқудан шығарылған.Осы жылы Мәскеу университетінің физика-математика факультетіне оқуға түсіп, оны1915 ж. алтын медальмен бітірген.1915-17 жж. Орталық уақ қарыз басқармасының Семей қаласындағы бөлімшесінде есепші, мемлекеттік банктің Семей бөлімшесінде инспектор болып қызмет атқарған.1917 ж. Семей облыстық қазақ комитеті төрағасының орынбасары, обл. земство басқармасының мүшесі, Сарыарқа газетінің редакторы (1917-19) болды.Семей обл. қазақ съездерін өткізуді ұйымдастыруға белсене қатысты.1-ші жалпықазақ съезінде Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына мүшелікке кандитат ретінде ұсынылды.1917 ж. қазан айынан бастап Алаш партиясының Семей обл. комитетінің төрағасы қызметін атқарды.2-ші жалпықазақ съезінде Алаш милициясын құру жайында баяндама жасады.Алашорда үкіметі құрамына сайланды.1918 ж. қаңтардан Семей обл. земство басқармасы төрағасының орынбасары болды.1918 ж. 20 наурызда Алашорда үкіметінің тапсыруымен телеграф арқылы И.В.Сталинмен сөйлесіп, кеңес үкіметімен келіссөз жүргізіп, ұлттарға өзін-өзі билеу құқығын беруді талап етті.Кеңес үкіметі тұсында білімін, қайрат-жігерін қазақ халқының мүддесіне бағыттады.1920 ж. губ. рев. комитеттің ұлттық бөлімінде қызметкер, губ. земство басқармасы алқасының мүшесі, Қазақ рев. комитетінің Сібір рев. комитетіндегі өкілетті өкілі, қазақ рев. комитетінің мүшесі, 1921-23 жж. Қазақ АКСР ОАК жанынан Ақмола және Семей облыстарын қабылдап алу үшін құрылған төтенше комиссияның мүшесі, губ. атқару комитеті жер бөлімінің меңгерушісі болды.1924-25 жж. Алаш (Жаңа Семей) аудандық ауыл шаруашылығы одағында қызмет атқара жүріп, қоғамдық-мәдени шараларға қызу араласты.1926 ж. ақпанда Қазақ АКСР Жоспарлау комиссариатына қызметке шақырылды.Онда төралқа мүшесі, сектор меңгерушісі, ғылыми қызметкер болып қызмет істеді.1930 ж. халық жауы деген жалған айыппен тұтқынға алынып,ОГПУ үштігінің 1931 жылғы сәуірдегі шешімімен ату жазасына кесілді.Мәскеу түрмесінде атылды.1988 ж. ақталған.
Кемеңгеров Қошмұхамбет (Қошке) Дүйсебайұлы (15.07.1896, бұрынғы Ақмола обл. Омбы уезі Беке болысы Қаражас ауылы - 21.11.1937, Омбы қ.) - Алаш қайраткері, ғалым, драматург, жазушы, журналист. Әкесі Дүйсебай жастай қажыға барып, оқу-ағарту ісіне ықыласты болған.Қошке алғаш Белгібай деген молдадан дәріс алып, мұсылманша сауат ашқан.Одан Омбы шіркеу мектебінде, ветеринарлық-фельдшерлік мектепте оқиды.1913 ж. Омбы ауыл шаруашылық училищесіне оқуға түседі.Осында жүріп Қазақ жастарының тұңғыш қоғамдық-саяси ұйымы Бірлікке (1914-1918) мүше болып кіреді.1917 ж. сәуірде Омбыдағы Ақмола обл. Атқару комитетінің тапсырмасымен Д.Әділов екеуі Ақмолаға келеді, мұнда ол С.Сейфуллинмен бірлесіп, Қазақ комитетін, Жас Қазақ ұйымын құруға ат салысады.Осы жылы тамызда Ақмола обл. Халық санағын жүргізуге қатысады.1917 ж. күз-қыс айларында осы облыста Алашорда комитетін ашуға қатысады.1918 ж. Бірлік ұйымы идеялық көзқарас тұрғысынан екіге жарылып, Жас азамат ұйымы құрылғанда, Кеменгеров оның мүшесі және ұйымға аттас Жас азамат газетінің редакторы болып сайланды.1918 жылдың аяғында ауыл шаруашылық училищесін бітіріп, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1916 жылғы Ұлт-азаттық көтеріліс қарсаңындағы елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы
1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-заттық көтеріліс
1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс жағдайындағы қазақ ұлттық зиялы қауымы туралы
Көтерілістің Жетісудағы орталығы
Көтерілістің басталуы және себептері
Тәуелсіздік жолындағы ұлт-азаттық көтеріліс
Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт азаттық қозғалыстың басталуы, сипаты және себептері
Алаштықтардың мақсаты - қазақ халқын отарлық негізден азат ету, автономиялық ұлттық мемлекет құру
1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс
Қазақ мемелекетіндегі алғашқы ұйымдармен саяси партиялар
Пәндер