Қылмыстық процестегі айыптау


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

I. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ АЙЫПТАУДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1. 1. Қылмыстық процестегі айыптаудың түсінігі мен мәні . . . 5

1. 2. Жеке айыптау iстерi бойынша іс жүргізу тәртібі мен ерекшеліктері . . . 11

1. 3 Айыптау маңызды процессуалдық функциялардың бірі ретінде: оның пайда болу сәті мен маңызы . . . 15

1. 4 Айыптаудың құрамдас бөлiктерi: түсiнiгi мен маңызы . . . 18

1. 5 Айыптаудың тұжырымдамасы - қылмыстық процестегi айыптаудың құрамдас бөлiгi ретiнде . . . 22 ҚОРЫТЫНДЫ . . . 26

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 27


КІРІСПЕ

Кез келген мемлекеттің нақты шағы мен болашағы оның Ата Заңына байланысты болып келеді. Өйткені, Конституция мемлекеттің құрылымын, басқару нысанын, адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын белгілей отырып, әрбір құқықтық саланың негізгі қайнар көзі болып, барлық ұлттық заңдарды өзіне бағындырып, мемлекеттің “айнасы” болып табылады.

Осылайша, Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 1-тармағында “Қазақстан Ресбупликасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады . . . ” деп жарияланған.

Ал қылмыстық процестің заңдылық принципіне сәйкес сот, прокурор, тергеуші, анықтау органы және анықтаушы қылмыстық істер бойынша іс жүргізу кезінде ҚР Конституциясының талаптарын дәл сақтауға міндетті (ҚР ҚІЖК 10-бабының 1-тармағы) . Сол себепті, заңдылықты, құқықтық тәртіптің кез келген бұзылуын және қылмыстылықты жоюды қатаң орындауды қамтамасыз етуді ең маңызды рөл әділ сотқа, қылмыстық сот өндірісіне, полиция органдары қызметіне және прокуратураға тиесілі болуы керек.

Бұл органдар өз алдына аталған міндетті орындау барысында әр түрлі құралдарды қолданады. Олардың арасында ең маңызды рөлді айыптау ойнайды. Сол себепті, айыптаудың маңызын тереңірек қарастырудың маңызы зор.

Ең алдымен, айыптаудың қоғамдық, әлеуметтік маңызы зор, өйткені ол әлеуметтік қоғамдық санат ретіндегі қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың құралы болып табылады. Ал қылмыстық жауаптылық - ол қылмыс тұлғасының әшкерелеуді, сотталуды, жазалауды және соттылықты өтеу міндеті. Мұндай міндет құқықтық нормалармен анықталады. Сол себепті оның бекіте отырып, мемлекет өзінің еркін білдіреді. Айыптау қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың құралы болғандықтан, ол сонымен бірге саяси, мемлекеттік міндеттерді орындауға бағытталған әлеуметтік құбылыс болып табылады.

Қылмыстық процестегі айыптаудың әлеуметтік маңызынан басқа, ол қылмыстық және қылмыстық-іс жүргізушілік міндеттерді шешуде үлкен рөл ойнайды. Егер де біз қылмыстық жауаптылықты мемлекеттік соттаудың, жазалаудың және сотталудың жиынтығы ретінде қарастырсақ, онда айыптаудың аталған элементтердің әрқайсысында айрықша маңызға ие екенін көреміз.

Айыптаудың тұжырымдамасында, ең алдымен, сөгіс (соттау) көрініс табады. Кінәлі адамға қатысты жазалауды тағайындау мен жүзеге асырғанға дейін айыптау оған моральды әсер етіп, жасаған қоғамға қауіпті әрекеттің көлеміне, кінәнің нысаны мен деңгейіне, қылмыспен келтірілген зардаптарға назар аудартады.

Аталған жағдайларды ресми түрде тұжырымдамасақ, айыпталушы жасаған қоғамға қауіпті әрекеттің барша ауырлығын көзіне елестетіп, қылмыстың қауіптілігін бағалай алмайды. Айыптау айыпталушының өз кінәсін түсінуге ықпал жасай отырып, оның қайта тәрбиеленуінің кепілі болып табылатын өкініш пен терең ойлануға итермелейді.

Айыптауды көрініс тапқан қылмыстық жауаптылықтың элементі ретіндегі сөгіс (соттау) айыптаумен танысатын, істі талқылау барысында соттың мәжіліс залында барша қауымға профилактикалық, тәрбиелеуші әсер етеді.

Айыптаудың тәрбиелеуші әсері, ең алдымен, кінәға тағылған фактілерді заңды, нақты тұжырымдау арқылы пайда болады. Сол себепті, заңда айыптау тұжырымдалатын мазмұны туралы, үкімнің қорытынды бөліктерін ғана емес, оны түгелдей жария ету қажеттілігі жөніндегі талаптар туралы ережелер бекітілген.

Жеке айыптау - адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін жеке азаматтар тарапынан сотқа шағым беру арқылы қозғалатын іс . Егер шағым анықтау органына, тергеушіге, немесе прокурорға берілген болса ол сотқа жіберіледі. Шағымда шағым берілген соттың атауы, қылмыстық оқиғаның сипаттамасы, дәлелдері, жасалған орны мен уақыты, іс жүргізуге қабылдау туралы сотқа жазылған өтініш, қылмыстық жауаптылыққа тартылған адам туралы мәліметтер, сотқа қажетті куәлардың тізімі қамтылуы қажет. Шағымның соңына оны берген адам қол қояды. Егер қылмыстық әрекет туралы бір адамның өтінішімен іс қозғалса, қалған басқа адамдар басталып кеткен іске қосымша айыптаушы ретінде қосылуға құқы бар. Жәбірленуші, қылмыстың жасалғаны туралы шағым берген өзге адам, қылмыстық мән-жайлар және оны жасауға күдік келтірілген адамның кінәлілігі сотта қандай дәлелдермен расталуы мүмкін екендігін шағымда көрсетуі қажет. Жеке айыптау жөніндегі іс сотта қаралып қылмыстық жауаптылыққа тартылған азаматқа айыптау не ақтау үкімі шығарылады, жеке айыптаушы айыптаудан бас тартса немесе екі жақ өзара бітімге келген жағдайда іс тоқтатылады. Жеке айыптау бойынша іс жүргізу ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көрсетілген баптарға сәйкес реттеледі

1 тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ АЙЫПТАУДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1. 1. Қылмыстық процестегі айыптаудың түсінігі мен мәні

Айыптау - ең көне және маңызды процессуалдық құбылыстардың бірі. Қылмыстық сот өндірісінде белгілі бір адамның тыйым салынған қылмыстық әрекетті жасаудағы кінәсі туралы соттау қажет болғандықтан, айыптау қылмыстық сот өндірісінің қалыптасуына едәуір ықпал жасағандығы анық.

Сол себепті қылмыстық сот өндірісінің теориясы мен тәжірибесі үшін айыптау ұғымының ерекше мәні бар. Бұл жерде оны көптеген мәселелерді шешуге ат салысатын негізгі және маңызды процессуалдық санаттардың бірі ретінде қарастыру қажеттігін ескерсек, бұл ұғымды дұрыс түсінудің маңызы зор.

“Айыптау” ұғымының логикалық мәні, ең алдымен, белгілі бір әрекетті білдіреді. Этимологиялық көзқарас бойынша айыптау дегеніміз өзге тұлғаға қатысты белгілі бір әрекеттер жасау, қоғамда қалыптасқан жүріс - тұрыс нормаларын бұзғандағы оның кінәсін дәлелдеу және оны тыйым салынған әрекетті жасады деп айып тағу.

Ал қылмыстық сот өндірісінде қоғамға қарсы әрекет ретінде әрдайым қылмыс қарастырылғандықтан, мұнда айыптау ретінде, ең алдымен, тұлғаның қылмыстық әрекетті жасады деп әшкерелеуге, оның қылмыстық жауапкершілігін негіздеуге бағытталған және заңға негізделген процессуалдық әрекетті айтамыз.

Процессуалдық әдебиеттерде бұл анықтама процессуалдық мағынадағы айыптау немесе айыптау функциясына қатысты қолданылады. Себебі, оның мазмұнын айыптау сипатындағы өзара байланысты әрекеттердің жиынтығы құрайды.

Айыптау процессуалдық функция және қылмыстық - процессуалдық қызметтің бір түрі ретінде айыптау пәнімен, яғни жүргізіліп отырған қылмыстық процестің себебі болып табылатын қылмыстық жазаланатын әрекеттердің материалдық - құқықтық көрінісімен өте тығыз байланысты.

Ал материалдық - құқықтық мағынадағы айыптау дегеніміз қылмыстық жауаптылықтың, сондай - ақ белгілі бір тұлға жасаған қылмыс құрамының процессуалдық көрінісі.

Айыптау қылмыстың барлық міндетті белгілерін, ҚР Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің тиісті бабының диспозициясында көзделген барлық элементтерін қамтиды. Айыптау процессуалдық құжаттарда көрініс тауып, айыптау тезисін негіздеуге, тексеруге, нақтылауға бағытталған қылмыстық - процессуалдық қызмет сатылап дамитын платформа қызметін атқарады.

Мүмкін осы себептен де шығар, көптеген процессуалист ғалымдар материалдық - құқықтық мағынадағы айыптау ретінде айыптау тезисін, айыпталушының қылмыс жасағандағы кінәсі туралы пайымдауды айтады.

Дегенмен, менің ойымша, мұндай анықтама толық еместен бұрын, нақты емес. Себебі, қазір қолданылып жүрген қылмыстық іс жүргізу заңнамасында айып тағу, оны өзгерту, сотта шешу, сондай- ақ оны дәлелденген деп тану туралы сөз қозғалғанда, біреудің өзге адамның кінәсі туралы субьективтік пайымдау немесе оның шығарған тезисі туралы айтылып қана қоймай, сонымен бірге айыпталушының кінәсіне обьективтік теріс фактілер мен қоғамға қауіпті әрекеттер тағылады, яғни қылмыстық процестегі айыптау бір тұлғаның субьективтік пайымдауы бойынша ғана емес, сонымен қатар заңда бекітілген тәртіппен тексерілген фактілер бойынша қалыптасады.

Айыптауды материалдық - құқықтық және процессуалдық - құқықтық (формальді) мағыналарда түсіндіру ерте заманнан қалыптасқан.

1927 жылы Н. Н. Полянский айыптауды “қылмыстық талап” деп танып, оның материалдық - құқықтық және формальді мағыналарда қарастырады. Материалдық - құқықтық мағынадағы айыптау деп ол “сот функциясынан ажыратылмаған, ерекше өкілеттігі бар органсыз жүзеге асырылмайтын айыптауды” айтады. Бұл анықтамаға сәйкес айыптау дегеніміз жүзеге асырылатын органдарға байланысты түрлерге бөлінетін қызмет, функция.

Кейін 1960 жылы Н. Н. Полянский айыптауды материалдық - құқықтық және процессуалдық - құқықтық ( “формальді” деген ұғымның орнына ) мағыналарда қарастырып, “материалдық - құқықтық мағынадағы қылмыстық талап дегеніміз айыпталушымен жауап берілуге тиіс айыптау” деп жаңа түсінік береді. Бұл жерде, көріп отырғанымыздай, айыптау ретінде функция да емес, қызмет те емес, белгілі бір талап танылады.

М. С. Строгович те, Н. Н. Полянскийдің пікірін қолдап, айыптауды аталған екі мағыналарда қарастырады. Оның ойынша, “материалдық - құқықтық мағынадағы айыптау дегеніміз қылмыс жасаған тұлғаны әшкерелеуге бағытталған процессуалдық әрекеттердің жиынтығы, яғни ол қылмыстық қудалаудың ұғымымен пара - пар келеді.

Алдын ала тергеу сатысында материалдық - құқықтық мағынадағы айыптау орын алады. Бұл сатыдағы айыптайтын және ақтайтын дәлелдемелерді жинау сол бір органның қолында шоғырланады. ”

Көріп отырғанымыздай, М. С. Строгович 1927 жылы Н. Н. Полянский берген анықтамадан өзгеше анықтама беріп, материалдық - құқықтық мағынадағы айыптауды сотпен емес, тергеушімен жүзеге асырылатын қызмет деп сипаттаған.

Аталған еңбектерде “материалдық - құқықтық мағынадағы айыптау” ұғымы алуан түрлі тұжырымдалады. Дегенмен, уақыт өте келе, көптеген ғалымдар одан бас тартады. Айталық, М. С. Строгович 1958, 1968 жылдары шыққан “Курс советского уголовного процесса” атты еңбектерінде “айыптау” ұғымын қарастырғанда, оны аталған мағыналарға бөлмейді.

Менің ойымша, қазіргі кезде айыптау ретінде нақты бір тұлғаның қылмыс жасағандығы туралы оған өкілеттігі бар органның пайымдауы танылған жағдайдың өзінде оны материалдық - құқықтық немесе қылмыстық - құқықтық деп ажыратудың тәжірибелік маңызы жоқ. Өйткені, белгілі бір ұғымды, жағдаятты материалдық - құқықтық немесе процессуалдық деп атау бұл ұғымның материалдық немесе процессуалдық құқықтың белгілі бір жағдаятын білдіретіндігіне негізделеді. Ал егер айыптау қылмыстық - құқықтық мәнге иеленетін болса, онда ол, сәйкесінше, қылмыстық құқықтың институты болып, қылмыстық заңмен реттелуі керек. Алайда, құқықтың бұл саласында айыптауға арналған бірде - бір норманың жоқ екендігі баршамызға мәлім.

Әрине, қылмыстық - құқықтық және қылмыстық - процессуалдық ұғымдардың, институттардың байланысы зор, дегенмен олар бір - біріне араласпауы қажет. Айыптау, оны тұжырымдау, растау және өзгерту мәселелері қылмыстық ізге түсу (айыптау), қылмыстық жауаптылық және қылмыс құрамының байланысы туралы нормалары орын алған қылмыстық - процессуалдық заңмен тиянақты түрде реттеледі. Бұл жерде айыптау “қылмыс”, “қылмыстық жауаптылық” деген ұғымдарға теңестірілмегендіктен, ол әрқашан да қылмыстық - процессуалдық ұғым болып табылады.

Осылайша, айыптауды материалдық - құқықтық мағынада бөліп қарастырудың қажеті болмағандықтан, оны процессуалдық - құқықтық мағынада қарастыру қажеттілігі де туындамайды.

Бұл жағдай Н. Н. Полянскийдің кейінгі жылдары шыққан еңбектерінде байқалады. Оның ойынша, процессуалдық - құқықтық мағынадағы “қылмыстық талап” ретінде айыпталушыны кінәлі деп тану туралы сотқа берілген талап танылады.

Бұл көзқарасты автордың жоғарыда келтірілген пікірмен салыстырсақ, оның “формальді” деген сөзін “процессуалдық” деген сөзбен алмастырып қана қоймай, сонымен бірге мазмұны жағынан да елеулі түрде өзгеріске ұшыратқаны анық.

Ал М. А. Чельцовтың пікірі бойынша “процессуалдық - құқықтық мағынадағы айыптау дегеніміз белгілі бір тұлғаның қылмыс жасағандағы кінәлілігін және қылмыстық жауаптылығын анықтауға бағытталған айыптау қызметі. ”

Бұл пікірді Ф. Н. Фаткуллин, А. Л. Ривлин, С. А. Альперт деген ғалымдар қолдап, айыптау қылмыстық процестің көптеген сатыларында көрініс табады деп өз еңбектерінде атап көрсетеді.

Кейін М. А. Чельцов “процессуалдық - құқықтық мағынадағы айыптау” терминін қолданбай, айыптау ретінде “сотта айыптауды қолдау бойынша айыптау қызметін” атайды.

Осылайша, “процессуалдық мағынадағы айыптау” ұғымын қолданған, оған түсінік берген авторлардың пікірлеріне қысқаша талдау жасау нәтижесінде менің олардың айыптаудың мазмұны жағынан да, оның қылмыстық процестің сатыларында орын алу мәселесі жағынан да бір пікірге келмейтініне көзім жетті. Бұл жағдай тағы да айыптауды материалдық - құқықтық және процессуалдық - құқықтық мағыналарда бөліп қарастырудың дұрыстығына және қажеттілігіне күмән туғызады, себебі оның не теоретикалық негізі, не тәжірибелік маңызы жоқ.

Арнайы әдебиеттерде айыптауды материалдық - құқықтық және процессуалдық - құқықтық мағыналарда талқылаумен қатар өзге де мағыналарда түсіндіру орын алған.

Мысалы, М. С. Строгович өзінің кейінгі еңбектерінде қылмыстық процестегі айыптаудың материалдық - құқықтық және формальді (процессуалдық - құқықтық) мағыналарын қолданбай, оның келесі төрт мағыналарын атап көрсетеді:

Біріншісі- “қылмыстық қудалау” деп аталған қылмыстық - процессуалдық функция ретіндегі айыптау, яғни қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұлғаны қылмыс жасады деп әшкерелеуге және оған қатысты тиісті жазалау шараларының қолданылуын қамтамасыз етуге бағытталған процессуалдық әрекеттердің жиынтығы.

Екіншісі - сотқа тарап ретінде қатысатын айыптаушының қызметі.

‡шіншісі - айыптау пәні, айыптау мазмұны, дәлірек айтсақ, айыпталушының қылмыс жасағандағы кінәлілігі туралы пайымдау, айыптау тезисі.

Төртіншісі - айыптау тарабы, сотқа қатысқан айыптаушының атауы. ”

Ал П. С. Элькиндтің айтуынша, “әдебиеттерде айыптаудың алуан түрлі түсінігі беріледі, оның ішінде айыптау процессуалдық қызмет ретінде, айыптаушының соттағы қызметі ретінде, айыптау тезисі немесе кінә туралы пайымдау ретінде. Дегенмен, мен айыптау ретінде мынадай ұғымдарды түсінемін: кінәлі адамның кінәсіне тағылған мән - жайлардың мазмұны; белгілі бір тұлғаға қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы қаулыны беру актісінің өзі; айыпталушының сотта қолдаған айыптау тезисі және іс бойынша шешімнің тұжырымдамасы. ” Қылмыстық процестегі айыптауды осылайша түсіндіріп, ол мынадай қорытындыға келеді: “Аталған барлық жағдайларда сөз бір - ақ біртұтас айыптау институтының түрлі жақтары жайында қозғалған”.

Ал П. М. Давыдов айыптауды “анықтау органы, тергеуші, прокурор, судья немесе соттың белгілі бір тұлғаның қылмыс жасағандығы туралы дәлелденген, процессуалдық құжатта бекітілген және қылмыстық жауаптылықты жүзеге асыруға бағытталған пайымдауы” деп сипаттайды. Осыған байланысты ол айыптаудың мынадай белгілерін атап көрсетеді:

  1. айыптау айыпталушының кінәсіне тағылған қылмыстың мән - жайларын сипаттайтын анықтау органы, тергеуші, прокурор, судья немесе соттың пайымдауы болып табылады.
  2. мұндай пайымдау ақиқатты, дәлелденген болып, заңның өзге де талаптарына сәйкес болуы керек.
  3. айыптаудың мақсаты болып жазалау мен соттаудың негізі бола алатын, сөгіс нысанында көрініс табатын қылмыстық жауапкершілікті жүзеге асыру табылады.

Ал кейбір процессуалист - ғалымдар айыптау ретінде айыптау көрініс тапқан процессуалдық құжатты (айыптау қорытындысы, жәбірленушінің арызы) немесе процессуалдық қатынасты атайды.

Жоғарыда келтірілген көптеген авторлардың пікірлерін зерделесек, онда қылмыстық процестегі айыптау ретінде пайымдау, тезис, айыптау қызметінің пәні, мазмұны және белгілі бір тұлғаның кінәсіне тағылған әрекеттің мәні сипатталатын тұжырымдалған жағдаяттар айтылған. Қылмыстық процестегі айыптаудың мұндай алуан түрлі анықтамасы тәжірибеде бірқатар қиыншылықтарға алып келетіні сөзсіз.

Сол себепті мұндай келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін қылмыстық процестегі айыптаудың бірыңғай мағынасы қолданылуы тиіс. Оның негізі болып, әрине, заң табылады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 7 бабының 13 тармақшасына сәйкес “қылмыстық ізге түсу (айыптау) дегеніміз қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет пен оны жасаған адамда, соңғысының қылмыс жасаудағы кінәлілігін анықтау мақсатында, сондай - ақ мұндай адамға жаза немесе өзге де қылмыстық - құқықтық ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету үшін айыптау тарабы жүзеге асыратын іс жүргізу қызметі ”. Мұндағы айыптау тарабы дегеніміз ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 7 бабының 12 тармақшасына сәйкес қылмыстық ізге түсу органдары, сондай - ақ жәбірленуші (жеке айыптаушы) , азаматтық талапкер, олардың заңды өкілдері мен өкілдері.

Қылмыстық процессуалдық заң қылмыстық ізге түсу органдарына прокурорды (мемлекеттік айыптаушы), тергеушіні, анықтау органы және анықтаушыны жатқызады.

Көріп отырғанымыздай, қолданылып жүрген заңнамада “қылмыстық ізге түсу” мен “айыптау” ұғымдары пара - пар берілген.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37 бабының 1 тармағына сәйкес айыптау мынадай жағдайларда орын алмауы керек:

  1. қылмыс оқиғасының болмауы;

2) әрекетте қылмыс құрамының болмауы;

  1. егер ол жасаған әрекет үшін жаза қолдануды жойса, рақымшылық ету актісінің салдары;
  2. мерзімнің ескіруіне байланысты;
  3. қылмыстық ізге түсу жеке және жеке - жариялы түрде жүзеге асырылатын қылмыстар туралы істер бойынша жәбірленуші шағымының болмауы;
  4. жеке айыптаушының айыптаудан бас тартуы;
  5. өзі туралы белгілі бір айыптау бойынша соттың заңды күшіне енген үкімі немесе қылмыстық ізге түсудің мүмкін еместігін белгілейтін соттың күшін жоймаған қаулысы бар адамға қатысты;
  6. белгілі бір айыптау бойынша қылмыстық ізге түсу органының қылмыстық ізге түсуден бас тарту туралы күшін жоймаған қаулысы бар адамға қатысты;
  7. қылмыстық іс қозғау оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін қажет жағдайларды қоспағанда, қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті есі кіресілі - шығасылы жағдайда жасаған адамға қатысты;

10) әрекет жасаған кезде заңға сәйкес қылмыстық жауаптылық

жүктеу мүмкін болатын жасқа толмаған адамға қатысты;

11) іс бойынша іс жүргізу қайтыс болған адамды ақтау немесе істі басқа адамдарға қатысты тергеу үшін қажетті жағдайларды қоспағанда, қайтыс болған адамға қатысты;

  1. 12) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ережелеріне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жататын адамға қатысты. Осы аталған мән - жайларды байқаған сот қылмыстық істі қысқарту туралы мәселені шешуге міндетті. Сондай - ақ, қолданылып жүрген қылмыстық процессуалдық заңнамада айыптауды жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән - жайлар көзделген. Осылайша, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 38 бабында бекітілген нормаға сәйкес сот, прокурор, сондай - ақ прокурордың келісімімен тергеуші немесе анықтау органы тиісті жағдаяттар болған кезде жәбірленушінің сезіктімен немесе айыпталушымен ымыраласуына байланысты, сондай - ақ ҚР Қылмыстық кодексінде көзделген ақтамайтын өзге де жағдаяттар бойынша адамды қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, қылмыстық істі қысқартуға құқылы. Мұндай жағдайларда сот қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, айыптау үкімін де шығаруға құқылы. Ал егер сезікті, айыпталушы немесе жәбірленуші қылмыстық істің қысқартылуына қарсылық білдірсе, онда оған жол берілмейді. Бұл жағдайда іс бойынша іс жүргізу әдеттегі тәртіппен жалғастырылады. Айыптауды жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән - жайлар сотта байқалған жағдайда мемлекеттік айыптаушы айыпталушыны айыптаудан бас тартуы туралы мәлімдеуге құқылы. Мемлекеттік айыптаушы мәлімдеген айыптаудан бас тарту жеке айыптаушыға қылмыстық істің материалдарын пайдалана отырып, айыпталушыны айыптауды жалғастыруына кедергі келтірмейді. Қылмыстық іс қысқартылғанға дейін айыпталушыға немесе сезіктіге істі қысқартудың негізі мен осы негіз бойынша оны қысқартуға қарсылық білдіру құқығы түсіндірілуге тиіс. Қылмыстық істің қысқартылғандығы туралы, сондай - ақ жәбірленушіге хабарлануы тиіс. Ал ол, өз алдына, қылмыстық процесті жүргізуші органның қаулысына жоғары тұрған сотқа немесе жоғары тұрған прокурорға шағымдануға құқылы.

1. 2 Жеке айыптау iстерi бойынша іс жүргізу тәртібі мен ерекшеліктері

Айыптаудың мәнiн толығырақ түсіну үшін және қылмыстық сот өндiрiсiнiң түрлі сатыларында айыптауды өзгертумен байланысты көптеген сұрақтарды дұрыс шешу үшін айыптаудың түрлерiн бiр-бiрiнен нақты ажырата бiлу керек.

Қылмыстық iс жүргiзушiлiк құқықтың теориясын зерделесек, онда оның тарихында айыптаудың мемлекеттiк, қоғамдық, жеке, жалпы-азаматтық және ведомстволық деген түрлерін кездестiруге болады. Алайда, қазiргi таңда айыптаудың мемелекеттiк және жеке сияқты түрлері ғана қолданылады. Ал айыптаудың жалпы-азаматтық және ведомстволық деген түрлері Кеңес Одағының алғашқы жылдарында ғана қолданылған. Кейiн айыптаудың қалған үш түрі заңнамада көрiнiс тауып, тәжiрибеде орын алған. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейiн, жаңа қылмыстық-iс жүргiзушiлiк заңда айыптаудың қоғамдық деген түрі көрсетiлмей, мемлекеттiк және жеке айыптау түрлері туралы нормалар көзделедi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық процестегі айыптаудың түрлері
Қылмыстық процесс
Тараптардың процессуалдық тең құқықтылығы
Қылмыстық процесс принциптерін жіктеу
ЖӘБІРЛЕНУШІ ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТІҢ ҚАТЫСУШЫСЫ РЕТІНДЕ
Қылмыстық процестегі дәлелдемелердің ұғымы мен маңызы
Қазақстан Республикасындағы қылмыстық процесс: жалпы бөлім
Заңдылық принципі
Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізуіндегі үкім және оның түрлері
Қылмыстық процестегі дәлелдеу процесі және оның сатылары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz