Жаратылыстану концепциялары


Пән: Астрономия
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 140 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Р. А. Мирзадинов

Жаратылыстану концепциялары

Алматы, 2004

КІРІСПЕ

Қазіргі заманның адамы бұл дүниеге келіп о дүниелік болғанына дейін сырттай қарағанда бір бірімен мүлдем байланысы жоқ екі әлемде - шынайы (табиғи) сондай ақ жасанды техно-психоәлеуметтік ортада өмір сүретіндігі белгілі. Бұл жерде, техно- және психоәлеуметтік ортаның табиғи ортаға қарағанда басым болатындығын атап көрсету керек.

Адамды қоршаған орта жасанды техникалық орта мен қоғамнан құралған. Адам өз қолымен жасаған материалдық әлемнің барлығы да техникалық орта болып табылады (мысалға: үй хайуанаттары, дәрі - дәрмек, киім, механизмдер, үйлер және т. б. ) . Техникалық ортаны адамды қоршаған ортаның табиғи психоәлеуметтік ортаға өту кезеңі, яғни, аралық өтпелі орта деп көрсетсек те болады. Техникалық орта адамның дене және ой еңбегінің, басқа сөзбен айтқанда білім мен ғылымның арқасында пайда болған. Техникалық орта адамзаттың табиғатты ұзақ жылдар бойы түпкілікті зерттеуінің арқасында қалыптастырылған (модельденген) . Ал психоәлеуметтік орта болса (қоғам) осы қоғамға тиесілі әлеуметтік-саяси институттардың негізінде қалыптасады және эволюцияға ұшырайды. Осындай институттар ретінде мемлекеттің құқықтық және идеологиялық негізі, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының сипаты мен деңгейі, аталған қоғамда елеулі орынға ие болып отырған жанұялық, топтық, ұйымдық, рулық, ұлттық, діни, ғылыми және т. б. түрлі әдет - ғұрып, салт- дәстүрді көрсетсек болады.

Сонымен қатар техникалық және психоәлеуметтік ортаның адамға деген әсерінің өте жоғары екендігін байқау қиын емес. Сол себепті адамға табиғаттың, ғылымның, техника және қоғам дамуының заңдылықтарын білмей қазіргі заманда өмір сүру белгілі бір деңгейде қиындықтар тудыратыны сөзсіз.

Америкалық және ағылшын классификациясында психоәлеуметтік ортаны қоғамдық (гуманитарлық) ғылымдардың объектісі деп санап, оны “fіctіon” тарауына жатқызады. Бұл жерде “fіctіon” сөзінің бірнеше мағынасы бар: 1. Беллетристика, 2. Ойдан шығарылған зат немесе құбылыс, фикция. Бұл ғылымды оны жаратылыстану және техникалық ғылымдарға қарама - қарсы қояды. Осымен қатар жоғарыда көрсетілген классификацияда жаратылыстану және техникалық ғылымдар “scіense” тарауына жатқызылған. Бұл жерде де “scіense” сөзінің: 1) ғылым; 2) жаратылыстану ғылымдары және 3) білім секілді әртүрлі мағыналарының бар екендігін көрсеткеніміз абзал.

Қазіргі кезде адамның санасына оның психоәлеуметтік ортасында орын алып отырған алуан түрлі жалған ғылыми, діни, мистикалық көзқарастар әсер етуде. Әрине, шынайы ғылым мен білім бұл жалған ілімдермен сиысуы мүмкін емес және ғылыми дүние танымды елемей бұрмалау аса қауіпті әлеуметтік және жекелеген зардаптарға душар етуі мүмкін. Бұл қауіп саяси билік, дін және жалған ғылым одақтасқан жағдайда бірнеше есе күшейуі мүмкін. Оған мысал ретінде инквизиция, діни фундаментализм мен фанатизм, фашизм, кибернетика мен генетиканы қудалау және т. б. келтіруге әбден болады.

Ғылымның дамуы нәтижесінде біздің өміріміз бір ғана ұрпақ ішінде елеулі өзгерістерге ұшырап отыр. Қоршаған орта туралы ақпараттың ағымы бірнеше жыл ішінде еселеп көбеюде. Адам болса бұл ақпарат ағымын жеткілікті деңгейде қабылдап үлгере алмау үстінде. Оның себебі, қоғам дамуы барысындағы мүлдем жаңа ғылыми пәндердің пайда болып, осыған қоса олардың тармақтанып, салаларға бөлінуінде. Ғылымның салаларға бөліну үрдісі нәтижесінде қазіргі кезде ғылымда 15 мыңнан астам ғылыми пән бар. Әрине, осыған байланысты адамзаттың өзін қоршаған табиғат пен қоғам туралы білімінің тереңдігі мен дәлдігі де елеулі түрде өскен. Осымен қатар ғылымның әртүрлі салаларының және ғалымдардың арасындағы байланыс пен өзара түсіністіктің де әлсірегендігін мойындау керек. Тіпті кейбір жағдайларда, бір ғылымның әртүрлі салаларында жұмыс істейтін ғалымдар екінші бір саланың зерттеу әдістері мен нәтижелері жайлы мүлдем бейхабар болады. Абырой болғанда қазіргі кезде ғылымның өзі дүниені тек пәндік сипатта зерттеуге қарсы әдістер мен құралдар қалыптастырып, шығарып отыр. Ғылыми салалардың арасындағы байланысқа деген бұл жаңа көзқарас интегративті немесе пәнаралық деген атқа ие болды.

Қазіргі кезде дамыған капиталистік елдер ғылымға жалпы ұлттық кірістің 2-3 % жұмсауда. Бұл шығындарсыз елдің қорғаныс және өндіріс саласының жоғары деңгейін сақтап қалу мүмкін емес. Ғылым экспонент бойынша дамуда, яғни ғылыми ақпарат пен ғылыми еңбектердің көлемі әр 10-15 жыл сайын екі есе көбеюде. Ғылымдардың көбеюі нәтижесінде ғалымдардың да саны ұлғаюда. Егер 1900 жылы ғалымдардың саны 1 болса, қазіргі кезде олардың саны 5 - ға жеткен (яғни Жер шарында тұратын әрбір мың адамның біреуі) .

Егер қазіргі заман адамы ешқашан ғылым саласында еңбек етпеген болса, оның ғылыми қағидаларды (концепцияларды), қаншалықты білуі қажет? Ғылым - тек білімнің, фактілердің және т. б. жиынтығы ғана емес ол сондай ақ, қоғамның мәдени-әлеуметтік маңызды құбылыстарының бірі. Яғни ғылым дегеніміз бұл:

1) мәдениеттің бір саласы;

2) дүниетанымдық әдістің бірі;

3) адамды және табиғатты қайта өңдеуші өндіргіш күш;

4) арнаулы институт (институт түсінігіне тек жоғары оқу орны емес, сонымен қатар ғылыми қауымдастықтар, академиялар, лабораториялар, журналдар және т. б, кіргізіледі) .

Біздің жаңа капиталисттік дәуірімізде көптеген құбылыстар ғылыми методологияға сәйкес қалыптастырылып отыр. Әрине адамзат еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыруға әлі қол жеткізе қоймаса да, дегенмен ғылыми қағидалар қазірдің өзінде еңбекте қолдануда. Осыған сәйкес бұл қағидаларды қолдану үшін, ең алдымен оларды білу қажет - себебі дамып келе жатқан капиталистік өндіріс жаңа табиғи ресурстарды, технологиялар мен машиналарды еңгізуді талап етіп отыр. Осы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін капиталистік қоғамның өндіргіш күштері ретінде қазіргі заманғы ғылыми концепцияларды білу қажет.

Адамзат санының 1900 жылғы 1 млрд-тан 2000 жылы 6 млрд-қа дейін күрт өсуі, жаппай сауаттану, ғылыми революция, ғылыми-техникалық прогресс өкінішке орай, адамзаттың мәдениеті мен дүние танымының тап осылай дамуына себеп бола алған жоқ. Әдетте ғылымның қалыптасуы, шынайы ғылымдарға ұқсас әртүрлі жалған ғылымдар мен ілімдердің пайда болуымен қатар жүреді. Мысалға астрономиямен қатар табысы көп астрология, психологияның қасында парапсихология қолданыста. Ғылыми жетістіктермен қатар надандық пен тағылық қатар жүріп, діннің, мистиканың, окультизмнің және жалған ғылымдардың жаңарған түрлері таралуда. Осыған сәйкес табиғат пен қоғам дамуының жалпы принциптерін, әлемнің ғылыми бейнесіне сай дүниеге көзқарастың концепцияларын білмеу көп ретте діни және ұлттық экстремизмге әкеліп соғады.

Гуманитарлық салада білім алып жатқан студенттің жалпы білім деңгейі, ойлау мәдениеті мен ғылыми дүние танымының қалыптасуы оның ғылым дамуының бүкіл тарихында пайда болған аса маңызды концепциялармен танысып, оларды игеруі арқылы анықталады. Осымен қатар осы пән қоршаған ортаға деген концептуалдық көзқарастың қалыптасуына, эрудицияның деңгейінің көтерілуіне, жалпы мәдениеттің және жауапкершіліктің пайда болуына себеп болады.

Сонымен, концепция дегеніміз не? Ғылыми зерттеулердің нәтижесі болып теориялар, заңдар, модельдер, гипотезалар, эмпирикалық тұжырымдар болатындығы белгілі. Әрқайсысының өз мәні, мағынасы бар, бірақ бұл түсініктерді бір ғана “концепция” сөзімен ақ біріктіруге болады. Яғни “концепция” термині белгілі бір көзқарастардың жүйесі, белгілі бір құбылыстардың, процестердің түсінігі, белгілі бір туындының басты ойы ретінде түсінілуі .

Ғылыми методологиялық көзқарастардың ішіндегі ең жақсы тұжырымдалып, фундаменталды түрде зерттелгені - эволюция концепциясы болып табылады. Эволюциялық концепция қазіргі заманғы әлемдегі бүкіл ғылымның негізін құрайды десек те қателеспейміз. Біз осы концепцияға сүйене отырып, қоғам мен табиғат арасындағы процестердің байланыстары мен арақатынастарын айқындайтын жаратылыстанудың басқа барлық концепцияларын дұрыс түсініп және түсіндіріп бере аламыз.

Ғылымның концепцияларына ғылымдарды классификациялау проблемасы да жатқызылады. О. Конт алғашқылардың бірі болып ғылыми классификацияны жасауға тырысты. Ол сызықтық классификация деген атқа ие болған класификацияны ұсынды, бұл классификация бойынша ол ғылымды жалпыдан жеке түрлерге, қарапайымнан күрделі және спецификалық түрлерге қарай қатарластырыптоптады. Өз кезегінде Б. Кедров ғылымды ғылыми білімнің координациясы мен субординациясы қағидаларын ұстана отырып классификациялауды ұсынды. Оның ойы бойынша ғылымдар жаратылыстану, гуманитарлық және техникалық ғылымдар деп үшке бөлінуі қажет болды. Бірақ қоғамда ғылымды бұрыннан бері қалыптасқан гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарына бөлу қолданылып отыр. Тіпті Англияда білім беру жүйесі де қатаң түрде гуманитарлық, және жаратылыстанушылық - техникалық болып келеді.

Ал егерде біз ғылым мен өнерді салыстыратын болсақ, көрсетілгеннен бөлек жағдайды көреміз. Ғылым - қоршаған ортаны зерттеп білу процесіндегі көптеген адамдардың өз тәжірибелерін жинақтап, оларды түсіндіруге бағытталған өзара үйлесімді, жүйелі іс-әрекеттерінің нәтижесі. Ал өнер болса жекелеген адамның жан - тәнінің белгілі бір жағдайын суреттеп, нақты бір сезімдерді оятуға бағытталған белгілі бір адамның интуитивтік әрекеттері.

Ғылым дегеніміз - білім. Ғылымда дәстүрлі екі бағыт қалыптасқан. Бұл бағыттың бірі - қоғам мен техникалық ортаның тарихын сипаттау болса, екіншісі- табиғат тарихы. Бұл бағыттардың екеуі де мәдениеттің бет - бейнесін тарихи анықтай алады. Әрине, біздің техникалық өркениеттің дамуы кезеңінде жаратылыстануды абсолютті түрде қарастыру тенденциясы байқалып отырғандығы ақиқат. Бұл тарихи фактыны жаратылыстанудың мәдениет шеңберіндегі орны мен маңызын анықтауы мен түсіндіруге тырысуы деп қабылдауымыз керек. Жаратылыстану мәдени құндылық ретінде қарастырылады. Сондай - ақ ол міндетті түрде екінші бір концепцияға қарама-қарсы қойылуы керек, мысалға гуманитарлық мәдениетте: физика - лирика дегеніміз секілді.

Осыған байланысты жаратылыстану және гуманитарлық мәдениеттің арақатынасы жайлы екі түрлі түсінік қалыптасқан. Бірінші пікірді жақтаушылардың көзқарастары бойынша: гуманитарлық ғылымдар үшін тек қана жаратылыстану мен оның нақты зерттеу әдістері үлгі болуы керек дейді. Осы пікірді ең қызу жақтаушы позитивистер үшін- математикалық физика басқа ғылымдар үшін идеалды болуы керек, ал кез келген ғылыми танымның әдісі - математиканың аксиомалық- дедуктивті әдіс деп санайды. Антипозитивисттік бағытты ұстанушы, яғни тарих, психология, социология, т. б. гуманитарлық ғылым салаларының ғалымдары бұндай көзқарас гуманитарлық зерттеудің ерекшеліктері мен күрделілігін толық қанды ескермейді, сол себепті бұл көзқарас утопиялық және нәтижесіз деген ойда.

Жалпылай айтсақ, ғылым - жүйелі түрде теоретикалық білімді дүниеге келтіретін адамның әрекеттерінің бір түрі болып табылады. Сонымен қатар ғылым қоғамның аса маңызды өндіргіш күштерінің бірі бола отырып, ғылым адамның өзін-өзі тану процесінің түрі болып табылады.

Жалпы, білім берудің, яғни, жаратылыстану концепциялары пәнінің де басты мақсаты, тек жаңа білімге ие болу ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемдік жаратылыстану ғылымында қоршаған әлем туралы қалыптасқан түсініктер мен ойлаудың ғылыми, рационалды ойлау қабілетін қалыптастыру болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, эрудицияны дамытып, қоршаған дүниеге, жалпы мәдениетке деген концептуалды көзқарасты, жалпы мәдениетті және білгірлікті қалыптастыру.

І. БІЛІМ ЭВОЛЮЦИЯСЫ

1. 1 Ғылым эволюциясы

Ғылым адамға өз өмірін сақтап калу үшін қажетті білім негізінде пайда болды. Адам шөптерді қоректену және дәрі-дәрмек ретінде пайдалануды үйреніп, жануарлардың мінезін бақылап, оларды қолға үйретті, рудамен тәжірибе жасап, әртүрлі металдарды балқытып шығаруды үйренді. Табиғатпен алуан түрлі тәжірибе жасау барысында адам өзінің өмірін ыңғайлы етуге бағытталған көптеген әдіс - айланы ойлап тапты. Қазіргі замандағы біз ыңғайлылық, денсаулық және ойын - сауық үшін былай қарағанда өзінен өзі болуы керек сияқты көрінетін заттар мен құбылыстар ғылымның арқасында пайда болған. Қазіргі заманда ғылым түсінігінде, адамзат баласының жүріп өткен жолдары көрсетіледі және адамның қалыптасуының құралдары мен әдістері болып табылған, ғылымның тарихи - мәдени құбылыс ретінде пайдалануының нысандары көрініс тапқан.

Ғылыми эволюцияның білімді жинауға, сақтауға және ұрпақтан ұрпаққа беруге себеп болған басты фактордың бірі болып жазбаның ойлап табылуы болды. Шумерлердің пиктографиялық жазбасы б. э. д. 3200 ж. ж. бұрын пайда болды. Б. э. д. 3000 ж. ж. Египетте иероглифтік жазба деген атқа ие болған жазбаның жаңа жүйесі пайда болды. Бұл жүйеде әріпті, дыбысты және сөздерді белгілеу үшін символдар пайдаланылған. Б. э. д. 2800 ж. бұрын шумерлердің көршілері болған вавилондықтар, ассириялықтар мен парсылар пиктографиялық жазуды ұшты жазбаға (клинопись) айналдырды. Ақырында б. э. д. 1300 ж. бұрын Сирияда ең алғашқы алфавит жасалып шығарылды. Онда 32 әріп болды, әріптің әрқайсысы белгілі бір дауысқа сәйкес болды. Көне гректер осы жазба жүйесін қабылдап, ол кейін латын алфавитінің негізі ретінде қолданылды.

Көне әлемде білімнің жеткіліксіздігінен табиғат күштері құдайдың құдіретті күші делініп, табиғатты зерттеушілер құдайдың абыздары деп саналды. Египеттегі астрономдар деп аталған осындай адамдар күнді аса үлкен сағат деп санап, ай мен жұлдыздардың орналасуына қарай, Ніл өзенінің тасу уақытымен көптеген мерекелерді тойлау мерзімдерін анықтап отырды. 365 күннен тұратын ең алғашқы календарды египет астрономы Имхотеп жасап шығарғандығы белгілі.

Өз кезегінде шумерлер (б. э. д. 4000-3200 жыл бұрын) есептеудің ондық жүйесін ойлап тауып, өздерін шебер математик және астрономдар ретінде таныта білді.

Вавилондықтар (б. э. д. 1900-600 жыл бұрын) көп жылдық бақылаулардың нәтижесінде құрастырылған, планеталардың жылжуын сипаттайтын кестелерді пайдаланып, жұлдыздар мен планеталардың қозғалуы жайлы жорамал бере білді. Сонымен қатар вавилондықтар календарды жетілдіріп, болашақты болжауға тырысты. Вавилондықтар жұлдыздарды өз құдайларының атымен атады. Вавилондықтардың білімі ертедегі гректер астрологиясының негізі болып табылды.

Жалпы қабылданған ұғым бойынша қазіргі заман ғылымының бастамасы - ертедегі грек мәдениеті болып табылды, бұл көзқарасты гректің ойшылдарының еңбектеріне сілтеме жасаған қазіргі заман ғылымының негізін салушы Н. Коперник, И. Кеплер, Г. Галилей қуаттады. Ертедегі гректердің адамды қоршаған әлемді зерттеуінің тереңдігі соншалық, олар түрлі бақылау жұмыстар, есептеулер жүргізіп, қоршаған дүниені классификациялауының арқасында, өздерін қоршаған әлемде бақыланып отырған құбылыстар мен заттарды діни жағынан емес жаратылыстанушылық сипатта зерттеу қажеттігін түсінді. Ертедегі гректердің ең басты жетістіктерінің ішінде заттардың атомдық құрылысы жөніндегі ілімді шығарып, академия мен лицейлерді оқу мекемелері ретінде ашуы болып табылды. Ежелгі гректердің атом жөніндегі көзқарастары Р. Бойль, И. Ньютон, М. В. Ломоносов, Авогадро, Лавуазье, Менделеев секілді көрнекті табиғат зерттеушілерінің еңбектеріне үлкен ықпал етті. Ежелгі грек ғалымдарының еңбектерінің нәтижесінде, олардың идеяларына сәйкес атомдық құрылыс тәжірибе жүзінде дәлелденбей тұрып-ақ, заттардың физикалық-химиялық құрылысы жөніндегі теориясы жасалды. Аталған теорияның негізінде Х1Х ғасырда химия саласында ғалымдар тамаша жетістіктерге жетті.

Гректердің идеялары Европаға арабтар арқылы таралды. Ежелгі гректердің барлық еңбектері бізге араб тілінен латын тіліне аудармалары бойынша таныс. Араб ғалымдары антикалық дәуірдің идеяларын сақтай біліп, оларды ортағасырлық Европаға жеткізе білді. Ортағасырлық арабтар, кейін римдіктер ие болған ертедегі гректер философиясы мен білімін тек игеріп қана қоймай, сонымен қатар аса ірі ғылыми жетістіктерге де жетті. Араб әлемінде әсіресе 900 - 1200 ж. ж. аралығы ғылым мен өнер шарықтап тұрған дәуір болды. Араб ойшылдары алгебраны ойлап тапты. Тіпті олардың ақындары бірінші болып математикамен айналысып, кейін ақын болып өлең шығарды. лкен қалалардың көркейіп, өсуі медицинаның дамуына ықпал етті. Қазіргі Өзбекстанның жерінен шыққан Абу Али Ибн Синаның (Авиценна) "Медицина канондары" атты еңбегі XІV ғасырға дейін дерлік барлық дәрігерлер үшін канондар ретінде пайдаланылды.

Араб ойшылдары ғылымға тек қана методологиялық нұсқаулар ғана емес, сондай - ақ көптеген терминдер енгізді: аль хебри - алгебра, аль хемия- алхимия, аль хогол-алкоголь және т. б. Ғылыми құбылыстар әдетте көптеген латын және грек сөздерімен белгіленеді де, олар көп жағдайда терминдер ретінде қалыптасады. Ал араб оқымыстылары болса сол терминдерді ойлап тапты, ал кейін латын тіліне аударылды. Әрбір ғылымның тек өзіне ғана тән түсініктері мен терминдерден құралған тілі болатындығы белгілі. Грек тілінің көптеген сөздері латын сөздерімен қатар ғылыми терминдер түрінде қолданылады. Бірақ терминдердің өзін арабтар ойлап шығарған.

Білім ұрпақтан ұрпаққа кітаптар арқылы жеткізілді, кітаптар қолмен көшіріліп отырды. Кітаптарды көшірумен жазба жазушылар айналысты. Осы себепті кітаптар өте аз болды және өте қымбат тұрды. Қағаз бен кітап басып шығару пайда болысымен, кітапты қолмен көшіруші бір жылда жаза алмайтын парақты, кітапты басып шығарушы бір күнде басып шығара алатын дәрежеге жетті. Кітаптар мен брошюралар көпшіліктің қолына тиді, бұл жағдай жаңа идеялардың кеңінен таралуына тікелей әсер етті.

Ең алғашқы басылым VІІІ ғасырда Жапонияда жарық көрді деп есептеледі. Бұл ойып жазылған ағаш қалыптардан көшіріліп басылған, түрлі суреттер, қолтаңбалар салынған дұғалар болды. («Алмас сутра - б. э. д. 868 жылы ең алғашқы басылып шыққан кітап) . Осындай қалыпты жасап шығаруға өте көп уақыт қажет болды, оның үстіне бұл қалып тек бір ғана бетті басып шығаруға мүмкіндік берді. Шамамен, 1045 жылы Қытайдың императорлық сотының мүшесі Ли Чен құрамалы шрифтті ойлап тапты. Ол әрбір қытай иероглифін саздан жасап, олардың әрқайсысын темірден жасалған арнайы рамаға орналастырды. Бұл белгілерді қажетінше құрастырып, қайта бөлшектеп, орналастырып, жаңа беттер жасауға болатын еді.

XV ғасырда қытайдың баспа тәсілдерімен таныс емес, немістің алғашқы баспашысы Иоганн Гутенберг (1400-1468 ж. ) баспа шрифтерін өз бетінше жеке құрастырып шығарды. Ол әрбір әріпті темірден құйып жасады. Сөздерді құрайтын әріптер бір ағаш рамаға жиналып, преске орналастырылды, осыдан кейін оларға бояу жағылып, бір парақ қағаз салынды. Осындай әдіс бір беттің мыңдаған экземплярын шығарып, одан кейін келесі беттерді басып шығаруға мүмкіндік берді. 1500 жылға қарай Италияда -100, ал Испанияда - 30 баспа станоктары іске қосылып, қызмет еті.

Қазіргі заманғы ғылым ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы жаңа европалық цивилизацияның негізінде кітап басып шығару кең таралғаннан кейін пайда болды. Кітап басу бұл кезде коммерциялық қызмет, яғни пайда табудың бір түрі ретінде дамыды. Неміс философы К. Ясперс ғылымның қалыптасуының екі кезеңін көрсетеді:

1 кезең - ғылымның логикалық және әдістемелік қалыптасуы, яғни ертедегі грек ғылымы және Қытай мен Индиядағы ғылыми танымның алғашқы қайнар көздерінің қалыптасуы;

2 кезең- қазіргі заманғы ғылымның орта ғасырдың соңында пайда болып, XVІІ ғасырда бекінуі. XVІІ ғасырда біз ғылыми революция туралы сөз қөзғауға мүмкінді беретін жаңалықтар мен әрекеттер жасалды. Осы кезеңде ғылымның радикалды жаңа әдістері мен ұсынылып, танымның жаңа қағидалары ұсынылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі жаратылыстану концепцияларын терең меңгеру
Қазіргі жаралыстану концепциялары
“Қазіргі жаратылыстану концепциялары” пәні және оның әлеуметтік маңызы
ЖАРАТЫЛЫСТАНУДЫҢ ҒЫЛЫМИ ДАМУЫ
А.опарин және оның тіршіліктің абиогендік жолмен пайда болуы теориясы
«Қазіргі жаратылыстану концепциялары» курсы бойынша дәрістер
Жаратылыстану негіздері
Биология концепциясының деңгейлері
Әлеуметтік ақыл-ой тарихы
В. Вундттың психологияда сіңірген еңбегі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz