Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің теориялық негізі


Жоспар
КІРІСПЕ
І ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1. 1 Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы зейнетақы
жүйесінің түсінігі
1. 2 Зейнетақы қоры, функциялары мен оларды басқару қағидалары
ІІ. Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайына экономикалық талдау
2. 1 Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жағдайына экономикалық талдау
2. 2 Зейнетақы жүйесінің мәселелері: инвестициялық портфелін басқарудың кемшіліктері мен қиыншылықтары
ІІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3. 1 Қазақстан Республикасы жинақтаушы зейнетақы қорлары және оны мемлекеттік реттеу
3. 2. Инновациялық бағдарламаны іске асыруда жинақтық зейнетақы
қоры мүмкіндіктерін пайдалану жолдары . . .
1 ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1. 1 Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы зейнетақы
жүйесінің түсінігі
Бірнеше жыл бұрын үкіметпен қабылданған зейнетақы сферасын реформалау туралы шешім бүкіл ел үшін тарихи маңызды оқиға болды. Қазақстан ТМД елдері ең бірінші болып азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың ескі ынтымақтастық зейнетақы жүйесінен жоспарлы түрде жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшті. Бұл реформа бюджеттік ауыртпашылықты болдырмауға және зейнетақымен қамсыздандырудың әділетті жүйесін құру үшін ойластырылып жүзеге асырылған болатын. Сонымен қатар оның мақсаттары анықталды - ол салымшылардың зейнетақы жинақтарын сақтау және көбейту болды. Зейнетақы жинақтарын сақтау үшін мемлекет үш сатылы қорғану механизмін құрды:
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің үстінен әртүрлі мемлекеттік институттар арқылы - ҚР-дағы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жинақтаушы зейнетақы қорларының іс-әрекетін реттеу комитеті (бұрын Ұлттық зейнетақы агентствосы деп аталған), ҚР Ұлттық Банкінің құнды қағаздарды нарығын реттеу және Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық болатын. Бірақ кейіннен жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қатысушыларының іс-әрекетін қадағалаудың тиімділігін арттыру мақсатында 2001 жылдың тамыз айында құнды қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның, ал 2002 мамыр айында ҚР-дағы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен жинақтаушы зейнетақы қорларының іс-әрекетін реттеу комитетінің функциялары ҚР Ұлттық банкіне берілді. Осылайша, Ұлттық банк - қазіргі таңдағы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің іс-әрекетін реттейтін жалғыз орган болып отыр.
Жаңа зейнетақы жүйесінің қатысушыларының негізгі үш тобының арасында - жинақтаушы зейнетақы қоры, зейнетақы активтерін басқаратын компаниялар мен банк кастодиондар арасындағы нақты заң шеңберінде функциялары мен бірін-бірі қадағалау жүйесін орнату) ;
Пруденциалдық нормативтерді заң жүзінде орнату және зейнетақы активтерін инвестициялаудың қатаң түрде қаржы инструменттерін анықтау.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің басты қатысушылары зейнетақы қорлары болып табылады, олардың саны қазіргі таңда 16 жетті, соның ішінде біреуі мемлекеттік (МЖЗҚ), 2-корпоративті жинақтаушы қоры бар (Қазахмыс және Филип Моррис Қазақстан) . Бұл дегеніміз, қорлардың бәсекелестік жағдайында жұмыс істейтінін көрсетеді. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің тікелей қатысушыларына үш қоғамдық бірлестікті жатқызуға болады- оларға мемлекеттік емес зейнетеқы қорларын, банк кастадиондарды, ЗАБК және зейнетақы сферасына программалық өнімдерді дайындаушыларды біріктіретін ҚР зейнетақы жүйесінің қатысушылары одағын, Зейнетақы қорлары Ассоциациясын және ҚР қаржыгерлер Ассоцицациясын жатқызуға болады. Жүйемен бірге сонымен қатар коммуникациялық қызметтерді ұсынатын компаниялар, әртүрлі жабдықтаушылар мен тұтынушылар жұмыс істейді (1 сурет) .
1 сурет. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қатысушылары
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәні - ол салымшылардың қаржыларын сақтау және көбейту, яғни нақты өндіріске инвестициялау. Оның жұмыс істеу механизмі келесідей: жұмыс берушілер әр ай сайын міндетті түрде еңбек ақының 10% есебінен зейнетақы жарналарын аударып тұрады. Онда еңбекақының барлық түрі, әртүрлі премиялар, үстеме ақылардың барлық түрі кіреді. Осы қаржылардың көзінен жинақтаушы зейнетақы қорларында салымшылардың зейнетақы жинақтары қалыптасады. Салымшылар немесе олардың жұмыс берушілері міндетті зейнетақы жарналарымен қоса көлемі шектелмеген ерікті зейнетақы жарналарын төлей алады.
Зейнетақы жарналары салымшылардың қалауымен Мемлекеттік немесе мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларына бағытталады, зейнетақы келісім шарты негізінде жеке зейнетақы шоты және жеке нөмір - әлеуметтік жеке код ашылады (ӘЖК) (2 сурет) .
2 сурет. Зейнетақы жүйесінің қатысушылары мен олардың өзара қарым-қатынасы
Салымшылардың жинақталған жарналарын зейнетақы қорлары өкілетті банк (кастодиан) арқылы зейнетақы активтерін басқаратын компанияларға береді, олар өз кезегінде қаржыларды бағалы қағаздарға, банк депозиттеріне және тағы да басқа қаржы құралдарына орналастырады. Орналастырудан алынған табыс инвестициялық табыс деп аталады және ол салымшылардың жеке шоттарында жинақталған қорға байланысты бөлінеді. Осындай жолмен салымшылардың зейнетақы жасына жеткенде төленетін жеке зейнетақы жинақтары құралады (3 сурет) .
3 сурет. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі
Концептуалды схема ақпараттық жүйе құру мен оның іс атқарауында басты әдістемелік тұрғыда қарастыруда көрсетеді. Ақпараттың жүйенің негізгі концептуалды схемасы тұтас жүйе тұрғызудың әдістемелік аспектілерін бейнелейді, және негізгі құралдарды анықтайды.
Ақпараттық жүйелер-бұл күрделі жүйе болып келеді.
Сондықтан оларды жеке бөлшектер мен элементерге бөлуге, (декомпозициялау) тура келеді. Бірден бүкіл жүйеге жасай алмайтын жұмысты, бөлек бөлшектерге біртіндеп жасап алу керек. Бөлшектермен элементтер неғұрлым дұрыс бөлінсе, соғұрлым жұйе құру және оны іске асыру нәтижелі болады.
Әдетте декомпозициялау анықталған белгілеріне қарай жасайды. Ақпараттық жүйелер құрамындағы элементтердің атқару роліне қарай екі бөлшекке бөледі. Ол функционалды және жабдықтаушы бөлшек. Функционалды бөлігіне функционалды жүйелердің комплексі жатады, ал жабдықтаушы бөлшекке жабдықтаушы жүйешелер жатады.
Жүйеше дегеніміз-жүйенің анықталған белгілері бойынша бөлінген дербес бөлшегі.
Ақпараттық жүйенің функционалдық бөлшегі- ол жүйешелер немесе есептер жиыны мен басқарудың негізгі бөлігін құрайтын есептердің жиыны.
Функционалдық жүйеше-нақты функциянермен шектелген. Ақпараттық жүйенің (АЖ) бір бөлігі.
Қамтамасыз ету бөлігі- бұл автоматтандырылған тәртіпте (режимде)
жүйенің қызымет етуі үшін қажетті жағдайлардың жиынтығы.
Қамтамасыз ету бөлігі мыналардан тұрады- техникалық қамтамасыз ету, бағдарламалық қамту, ақпараттың қамтамасыз ету (АҚ) .
Зейнетақы және әлеуметтік салымдарды есепке алудың ақпараттық жүйесінің концептуалдық сызбасы 6-ші суретте көрсетілген.
4 -сурет Концептуалды схема
1. 2 Зейнетақы қоры, функциялары мен оларды басқару қағидалары
Жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақымен қамсыздандырудың ең маңызды бөлігі болғандықтан, бұл тарауда осы туралы айтылады. Зейнетақы қоры дербес қаржы - банктік жүйе ретінде құрылған және оның қаржысы мемлектеттік бюджет құрамына кірмейді. Зейнетақы қоры әлеуметтік қаматамсыз ету органын аустырмайды және көшірмейді: оның қызметі жәрдемақыны, зейнетақыны тағайындау және төлеу. Зейнетақы қорлары белгілі себептермен қаржылық ауыр жағдайда қалып, зейнетақыны және жәрдемақыны төлей алмай жатқан территорияларға жіберуге болатын резервтік қорлар құрайды. Ол резервтік қорларды ары қарай өсіру үшін қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздарға салуға, комерциялық іс-әрекетпен айналысуға рұқсат берілген. Жинақтаушы зейнетақы қорлары сонымен қатар өкілетті органның келісімімен филиалдар мен өкілеттіліктер ашуға құқығы бар, бірақ олар басқа бір жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы бола алмайды. Зейнетақы қорының басқарушы органы - төрағаның басқаруымен болады. Қазақстанда жинақтаушы зейнетақы қарларының екі түрі бар. Біріншісі және әрі ең ірісі Мемлекеттік және Мемлекеттік емес. Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі болаты жабық акционерлік қоғам нысынында құрылады. Мемлекеттік зейнетақы қоры қаржыландырады:зейнеткерлік жасына жеткен зейнеткерлерге және зейнетақы төлемдерін алушылардың пайдасына, көрсетілген қорға төлеген зейнетақы төлемдері есебінен мемлекеттік зейнетақы төлеу; зейнетақы мөлшері заңмен белгіленген мөлшерден төмен болған жағдайда әлеуметтік жәрдемақы негізінде үстеме ақы ретінде төлеу. Бұл қор зейнетақы активтерін бағалы қағаздар нарығын реттеу жөніндігі үәкілетті орган белгілейтін тәртіппен мемлекеттік бағалы қағаздарға, банктердің депозиттеріне, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына орналастыру жолымен инвестициялық қызметті жүзеге асырады.
Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары жабық акционерлік қоғам ретінде құрылады. Оның құрылтайшылары Қазақсан Республикасының резиденті болатын жеке немесе заңды тұлға болуы мүмкін. Корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары мен акционерлері болып Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары тағайндалады. Бірақ мемлекеттік кәсіпорын және
мемлекеттік үлесі немесе акциялар пакеті бар кәсіпорындар мемлекеттік емес зейнетақы қорларының құрылтайшылары бола алмайды.
Мемлекеттік емес зейнетақы қорлары келесідей болып бөлінеді:
ашық;
копоративті.
Ашық жинақтаушы зейнетақы қорлары алушының жұмыс істейтін істейтін және тұратын жеріне қарамастан салымсылардың зейнетақы жарналарын қабылдауды жүзеге асырады.
Копоративтік жинақтаушы зейнетақы қорлары сол қордың құрылтайшылары немес акционерлері болып табылатын бір немесе бірнеше заңды тұлғалардың алушы қызметкерлері үшін құралады/1/.
«ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңының 36 бабына сәйкес Ашық зейнетақы қорын құру кезінде берде-біртұлға тікелей немесе жанама түрде мүндай жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс құқығы бар акцияларының 25 процентінен астамынан, билік етуге және/немесе басқаруға қақылы емес. Бірақ аталған шектеулер корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қорларына қолданылмайды. Бір ескеретін жай, жинақталған зейнетақы қаражатының нақты құны кеміген жағдайда копортивтік зейнетақы қорларының акционерлері бірдей жауапты болады және ҚР Үкіметі белгілеген тәртіппен инвестициялық кіріс ысырабының орнын толтырады.
Осылайша мемлекеттік зейнетақы жүйесін демонополизацилау зейнетақы сферасында нарықтық ортаны қалыптстыруға ықпал жасады. Зейнетақы қорларының активтері инвестициялық ресурустардың маңызды құраушысы болды және қазіргі уақытта еліміздің қаржылық жағдайын өзінше бір тұрақтандырушысы болып отыр.
Бұдан басқа жинақтаушы зейнатақы қорлары тағы бір маңызды қызметті - ол инвестициялық қызмет. Зейнетақы жүйесін реформаларын Зейнетақы жүйесін реформалау кезінен бастап зейнетақы қорларының активтері ҚР капитал рыногын реформалау процестерінің құраушы бөлігі болды деп ойластырылған. Қазақстан экономикасының даму стратегиясының басқа бөлінбес екі процесі құнды қағаз нарығының дамуы мен жекешелендіру болуы тиіс. Сонымен бірге жеке зейнетақы қорларының активтері бағалы корпоративті қағаздар нарығын дамытуды ынталандыру үшін жоспарланған. Бірақ зейнетақы реформасының алғашқы жылының нәтижелері бойынша 99, 3% активтер сол немесе басқа мемлекеттік бағалы қағаздарға салынған болатын: еврооблигацияларға - 15, 53%, Қаржы министрлігінің қысқа, орташа және ұзақ мерзімді бағалы қағаздарына - 81, 78%, Ұлттық Банк ноталарына - 2% .
Осылайша мемлекеттік және мемлекеттік емес зейнетақы қорларының барлық іс-әрекеті келесіге келеді, Үкімет жарлығы бойынша азаматтар табыстың 10% жинақтаушы зейнетақы қорларына аударып отырады. Бұл ақшалардың 90% инвестициялық табыс ретінде салымшының жеке шотыны, ал қалған 10% қор қажеттілігіне жұмсалады.
Портфельдік қалыптастыру кезінде түрлі қасиеттері бар құнды қағаздар арасындағы пропорцияны анықтау қажет. Классикалық консервативті (тәуекелі аз) портфельді құрудың негізгі қағидалары мыналар: консервативтілік, диверсификациялау және жеткілікті ликвидтіліктің қағидалары /12, 19б. /.
Консервативтілік қағидасы басым ықтималдылығы бар тәуекелді үлестен мүмкін болатын шығындар сенімді активтердің табыстарымен жабылатындай жоғары сенімді және тәуекелді үлестер арасындағы өзара байланысын ұйғарады.
Мұндай жағдайда инвестициялық тәуекел негіз сомма бөлігінің шығынына емес, ол тек қана жоғары табысты жеткіліксіз алудан тұрады. Тәжірибе көрсеткендей, клиенттердің көбісі депозиттік мөлшерлемесі бірден екіге дейін шамасында ауытқитын сенімгерліктің жоғары категориясындағы банкілерінің табысымен қанағаттанады.
Диверсификациялау қағидасы портфельдік инвестициялаудың негізгі қағидасы болып келеді. Диверсификация бір құнды қағаздар бойынша мүмкін болатын көлемді емес табыстар басқа қағаздар бойынша көлемді табыстарымен өтеу арқасында тәуекелді төмендетеді. Іскерлік активтілігінің циклдық ауытқуларының синхронділігін болдырмау мақсатында бір-бірімен тығыз байланыспаған, әр түрлі саласындағы құнды қағаздарды портфельге қосу арқасында тәуекелділіктің минимумі пайда болады.
Оптималды мөлшері - сегізден жиырмаға дейін құнды қағаздардың түрлері. Диверсификация активті сегменттер арасында да, олардың ішінде де қолданылуы мүмкін. Мысалы, мемлекеттік қысқа мерзімді облигациялар мен қазыналық міндеткерлікті түрлі сериядағы құнды қағаздар арасында диверсификациялауға болады, корпоративті құнды қағаздар үшін - әр түрлі эмитенттер акциялары арасында. Жеңілдетілген диверсификация мәнді анализсіз бірнеше құнды қағаздар арасында қаражатты бөлуден тұрады. Қоржындағы қаражаттың жеткілікті көлемі салалық және аудандық диверсификацияны өткізуге жағдай жасайды. Салалық диверсификацияда бір саладағы өнеркәсіптің қағаздары жағына қарай қоржынның басым болып түсуіне жол берілмеуі тиіс, әйтпесе бүтіндей бір салада дағдарыс басталуы мүмкін. Мысалы, дүние жүзі нарығында мұнай бағасының түсуі, сонымен қатар бүкіл мұнай қайта қорыту кәсіпорындағы акциялар бағасының төмендеуіне әкеп соқтыруы мүмкін, ал бұл өз кезегінде инвестициялық қоржыгға кері әсер етеді. Солай сияқты бір аудандағы кәсіпорындарға да қатысты болады. Бір уақыттағы акциялар бағасының төмендеуі саяси тұрақсыздықтың, ереуілдердің, табиғи апаттардың және т. б. нәтижесінде болуы мүмкін. Корреляциялық анализ әдістері қоржындағы әр түрлі құнды қағаздар арасында оптималды баланс табуға жол береді.
Жеткілікті ликвидтілік қағидасы ақшалай қаражатқа деген клиенттердің сұраныстарын қанағаттандырарлықтай дәрежеден төмен емес тез жасалынатын активтердің үлесін қоржынға сақтап тұру үшін жағдай жасайды. Тәжірибе көрсеткендей, қаражаттың нақты бір бөлігін ликвидті (табысы азырақ болса да ) құнды қағаздар ұстау тиімдірек, ол өз кезегінде нарық конъюнктурасының өзгеруіне және жеке тиімді ұсыныстарына тез жауап беруге мүмкіншілік береді.
Портфельді құрастыру сұрағын қарастырғанда, инвестор олармен басқаратындай өзіне параметрлерді анықтау қажет :
- портфельдің оптималды типін таңдау қажет;
- өзіне тиімді портфельдің табысы мен тәуекелдің үйлесімділігін бағалау және сәйкесінше әр түрлі дәрежедегі тәуекелі мен табысы бар құнды қағаздар портфелінің салмағын анықтау;
- қоржынның алғашқы құрамын анықтау;
- әрі қарай қоржынды басқару сызбасын таңдау /19, 93б. /.
Инвестициялық портфельді қалыптастыру міндеті өз клиенттердің қаржы ресурстарын аккумуляциялауымен және оларды капиталдар нарығында пайдалануымен айналысатын зейнетақы қорлары үшін актуалды. Зейнетақы қорларының инвестициялық қоржының қалыптастыру бірнеше жолдармен жүзеге асады:
- оны құру мақсатын қалыптастыру және олардың приоритеттілігін ( оның ішінде, маңыздырақ - дивидендтерді үнемі алып отыру әлде активтер бағасының өсуі), тәуекел дәрежесін, минималды кірісін, болатын кірісінен бас тартуын және т. б. анықтау;
- қаржы компаниясын таңдау (ол отандық немесе шетелдік фирма болуы мүмкін: шешімді қабылдау кезінде фирма абыройын, фирманың қаржылық жағдайы туралы ақпараттың болуы; фирма ұсынатын қоржын түрлері, оның табыстылығы, қолданылатын инвестициялық құралдардың түрлері, т. б. критерийлерді пайдалануға болады) ;
- инвестициялық есепті жүргізетін банкті таңдау.
Зейнетақы қорының инвестициялық портфелін қалыптастыру кезіндегі құнды қағаздарды тиімдірек бөлуді статистикалық әдістер арқылы жүзеге асыруға болады. Оның негізгі элементтері активтерді бағалау, инвестициядық шешім, портфельді оптимизациялау және нәтижелерді бағалау болып келеді. Жалпы осы жағдайда жүйелі тәуекел мен табыстылық бір-бірімен байланысты болу керек. Құнды қағаздарға инвестиция тәуекелі күтілетін маңызынан кірістің бас тартуының ықтималдылығымен анықталады. Кірістің болжамды мәнісін инвестициядан кірістің динамикасы туралы статистикалық мәліметтерді қайта құру негізінде анықтауға болады. Ал тәуекелді болатын кірістен ортақ квадратикалық бас тарту ретінде / 40, 16 б. /.
Табыс пен тәуекелдің абзал үйлесімі тәуекелдің әсерін төмендеуге жағдай жасайтын салымдарды диверсификациялау жолымен, активтердің көп бөлігі бар, зейнетақы қоры арқылы жүзеге асады.
Зейнетақы қорлардың активтерді тиімсіз басқарудан шығын тәуекелдерін төмендету мақсатымен мемлекет зейнетақы резервтерін қаражатын орналастыру тәртібін орнатады.
Қорлар зейнетақы активтерін өз бетінен немесе басқару компаниясы арқылы басқаруды жүзеге асыра алады. Зейнетақы қорларының ативтерін мемлекеттік құнды қағаздарға, банктік депозиттерге және басқа да инвестициялау объектілеріне орналастыруды заңға сәйкес қорларымен жүзеге асырылады. Зейнетақы жиналым қаражаттарын басқару компанияларына тасымалдау заңға сәйкес сенімді басқару шарты негізінде ғана қорымен жүзеге асырылады. Бұл жағдайда зейнетақы резервтерін және зейнетақы жиналым қаражаттарын сенімді басқаруға берілгенмен, басқару компанияларына оларға деген жеке меншік құқығы берілмейді / 42, 35 б. /.
Қорлардың, зейнетақы ережелеріне сәйкес құрылған, зейнетақы резервтерін орналастыру, қатысушылар мүддесіндегі зейнетақы резервінің өсуі және сақталуы мақсатымен ғана жүзеге асырылуы тиіс. Қорлар зейнетақы резервтерін орналастыруды басқару компаниясы арқылы ұйымдастырады. Ол өз кезегінде қор берген қаражатын қайтаруды қамтамасыз етуі қажет. Басқару компаниясы заңға сәйкес өзіне жүктелген міндеттерін атқармаған жағдайда қор алдында жауап береді. Мұндай жағдайда басқару компаниясы қордың міндеттері бойынша қатысушылар алдында жауап бермейді.
Осыған орай зейнетақы қорларының активтерін басқаруының негізгі ерекшеліктерін бөліп көрсетуге болады / 18, 7 б. /.
Біріншіден, зейнетақы қорларының активтері зейнетақы жүйесінің қатысушыларының зейнетақы жарнасынан тұрады. Сондықтан да активтерді басқару нәтижелері тікелей пропорционалды түрде болашақ зейнеткерлердің инвестициялық кірістеріне әсер етеді, яғни инвестициялық кірістерді алу зейнетақы төлемдерің көбейтуге мүмкіндік жасайды.
Екіншіден, зейнетақы активтерінің ұзақмерзімділігі және көлемдігі басқару құрылымдарына бұларды экономикада активті қолдануға мүмкіндік береді.
Үшіншіден, инвестициялайтын активтер көлемдерінің жеткілікті болжамы инвестициялау процессін тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.
Төртіншіден, зейнетақы қорларының активтерін инвестициялау қоржынды инвестициялау болып табылады. Сол уақытта бұл процесс белгілі бір дәрежеде мемлекетпен реттелуі мүмкін. Мұндағы инвестициялық қаржылар зейнетақы жүйесінің қатысушыларына тиесілі болғандықтан, олардың сақталынуына кепілдік берілуі тиіс. Содықтан да активтерді басқару кезінде қоржынды инвестициялаудың қағидаларын ескеру қажет .
Бесіншіден, зейнетақы қорының активтерін басқаруының мақсаты берілген тәуекел дәрежесі негізінде максималды табыстарымен қамсыздандыратын қоржын құру болып табылады.
Алтыншыдан, зейнетақы қорының инвестициялық портфелін тиімді басқару мынадай факторлар негізінде жүзеге асады: құнды қағаздар нарығының қалыптасуы, оның қызметінің нақты мерзімі, нарық статистикасы /20, 66 б. /.
Зейнетақы активтерінің инвестициялық мәні бәріне белгілі. Шетелде зейнетақы қорларының активтері инвестициялық ресурстардың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, себебі зейнетақы қорларының көмегімен бос ақша ресурстары жұмыс капиталы ағынына айналады.
Бүгінгі таңда экономикада зейнетақы қаражаттарын пайдалану проблемалары тек Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге Америкада, Германияда да - зейнеткерлер үлесі көбейіп, ал оларды қаржыландыратын қызметкерлердің үлесі аз елдердің барлығында да талқыланып отыр. ХВҚ (Халықаралық валюталық қор) бағалауынша, 2010 жылға қарай зейнетақылық жүктеме коэффициенті (65 жас және одан жоғары тұлғалар санының 15-64 жастағы тұлғалар санына қатынасы) Германия мен Италияда 30 %-дан жоғары асады, Ұлыбритания, Францияда - 25%-ды, АҚШ-та 20 %-ды құрайды.
Соңғы онжылдықтағы басым тенденция зейнетақы жүйесінің бөлу принципінен жинақтауға көшуі болып отыр. Бұл жүйенің артықшылықтары нарықта оның барлық қатысушылары үшін “ойын ережелерін” нақты сақтау арқылы зейнетақы активтерін тиімді басқару есебінен жүзеге асуы мүмкін.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық саясаты мемлекет бекіткен инвестициялық шектеулер есебімен инвестициялық пайданы қамтамасыз ету мақсатында қорға шоғырландырылған ақша қаражаттарын пайдаланудың негізгі бағыттарын таңдауды ұйғарады. Инвестициялық саясат инвестициялау мақсаттарын таңдау, инвестициялау объектілерін таңдау, инвестициялау пропорцияларын бекіту сияқты критерийлерды қарастыру тиіс.
ЖЗҚ инвестициялық саясатының мақсатты бағытын таңдау қажеттілігі былайша түсіндіріледі: ЖЗҚ инвестициялық ресурстары салынуы мүмкін активтердің әр түрі бір-бірінен екі балама бойынша ерешеленеді:тиімділік пен сенімділік.
Табыстылық пен сенімділік барлық ЖЗҚ инвестициялық қызметінің мақсатты нұсқауларының мазмұнын анықтайды. Осы мақсаттарға сай олар өздерінің инвестициялық стратегияларын құрып және қаржы құралдарын салудың бағыттарын таңдайды. Егер шет елдерде ЖЗҚ көбі бірқалыпты стратегияны таңдаса, ал Қазақстанда консервативті инвестициялық саясат көп қолданылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz