Заттық құқық



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2

1 . ТАРАУ ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Заттық құқықтың ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Заттық құқықтың белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10

2 . ТАРАУ МЕНШІК ИЕСІ БОЛЫП ТАБЫЛМАЙТЫН
ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРЫ
2.1 Қазақтардың әдет.ғұрып құқығындағы заттық құқық ... ... ... ... ... ... ... ... .20
2.2 Заттық құқық пен меншік құқық анықтамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24

3 . ТАРАУ ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ МЕНШІК ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ
ЗАҢДАРДЫҢ ДАМУЫ
3.1 Азаматтық кодекс бойынша меншік құқығының
нысандары мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
3.2 Қ.Р меншік заттық құқығы туралы заңдардың дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... 34
3.3 Меншік құқығына және өзге заттық құқықтарға ие болу негіздері ... ... ..37

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .53
КІРІСПЕ
Конституцияда меншікті екі нысанға бөліп қарау олардың мемлекетке меншік құқығының субъектісі ретіндегі катынасының белгісіне орайластырылған. Осыған орай жеке меншік мемлекеттік емес меншік болып саналады. Егер меншік құқығының субъектісі мемлекет болса (тікелей немесе тиісті мемлекеттік органдар арқылы), онда әңгіме мемлекеттік меншік жөнінде болады. Ал субъект мемлекеттік емес занды тұлға немесе азаматтар деп танылса, онда жеке меншік деп есептелінеді.
Сонымен, меншікке субъектілер: мемлекет, әкімшілік-аумақтық бөліністер, заңды тұлғалар мен азаматтар бола алады.
Заң меншікті түрлерге де бөледі. Азаматтық кодекске сәйкес мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық, болып екіге бөлінеді (192-бап).
Конституцияның 87-бабында коммуналдық меншікті басқару жергілікті атқару органдарының қарауына жатады делінген.
Мемлекет өкілеттігін жүзеге асыра отырып, қарауындағы мүліктерді өзінің органдары мен мемлекеттік заңды тұлғалары арқылы басқарады. Қазақстан Республикасы азаматтық заңдармен реттелетін қатынастарға осы қатынастардың өзге қатысушыларымен тең негіздерде кіреді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік өкімет билігі мен баска органдары өздерінің осы органдардың мәртебесін айқындайтын заң кұжаттарында, ережелерде және өзге де кұжаттарда белгіленетін кұзыреті шегінде Қазакстан Ресггубликасының атынан өз әрекеттері арқылы мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді алып, оларды жүзеге асырады, сотта өкілдік ете алады.
Зандарда көзделген реттер мен тәртіп бойынша Қазақстан Республикасының арнайы тапсырмасымен оның атынан өзге де мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар мен азаматтар өкілдік ете алады (АК-тің 111-бабының 1 және 2 тармақтары).
Азаматтық кодекстің 191-бабына сәйкес жеке меншік азаматтардың және мемлекеттік емес занды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі ретінде көрінеді. Сөйтіп, ұжымдық меншік пен азаматтардың меншігі "жеке меншік" деген терминнің аясына бірігеді. Оларды біріктіру мемлекеттен бөліп қарау арқылы бұл меншікпен жұмысты ыңғайлы ұйымдастыруға байланысты, мәселен, салық саясатын жүргізуге, немесе мемлекеттік әкімшілік аппараттың жөнсіз араласуынан қорғайды.Мемлекеттік емес занды тұлғалар мен азаматтар өздеріне қарасты барлық мүліктің меншік иесі болып табылады. Мысалы, акционерлік қоғамның акциясының белгілі бір бөлігі мемлекетке тиесілі болғанымен, оны мемлекеттік меншік деп айтуға келмейді, себебі ол жеке меншік болып қала береді.Азаматтардың жеке меншік категориясы жеке дара өзіндік меншік ұғымына сай келеді. Сонымен бірге, біздің пікірімізше ол азаматтардың меншігіндегі жеке дара (өзіндік) (тұтыну-шылық) және жеке меншік ішкі дифференциациясы болуы қажет. Меншік иесінің құқығын жүзеге асыру, яғни оның иелік етуі, пайдалану және билік етуі мүліктің мүддесі мен мақсатына орай заңға сәйкес шектелуі мүмкін. Қазақстан Республикасының "Тұрғын- үй қатынастары туралы" заңының 40-бабында меншік иесінің үй-жайды, ортақ мүлікке қауіп төндіретін немесе оны нашарлататын жұмыстар жүргізумен байланысты өзгертуіне, соның ішінде қайта жоспарлауына және кайта жабдықтауына тыйым салынады.Жеке меншіктің ерекше түріне кондоминиум меншігі де жатады. Кондоминиум ұжымдық меншік түрінде көріне тұрса да ("Тұрғын-үй қатынастары туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы) біздің Азаматтық кодексте ұжымдық меншік ұғымы жоқ екендігін ескерте кеткен жөн. Үй-жай меншік иелерінін әрқайсысы өзіне бөлек (жеке-дара) меншік құқығы бойынша тиесілі үй-жайды өз қалауы бойынша иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқылы
Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Азаматтық құқық. І том. Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық /академиялқ курс/ Өңделген және толықтырылған 2-басылым/жауапты редактор:М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин —Алматы: 2003 ж.
2. ҚР Азамттық кодексі (жалпы бөлім), 1994 жыл, 27 желтоқсан (өзгерт. мен толықтырулар). —Алматы: Жеті Жарғы 2004ж.
3. ҚР Азаматтық кодексі (ерекше бөлім), 1999 жыл, 1 шілде. —Алматы: Жеті Жарғы 2004ж.
4. Право и собственность Монография. /Под.ред. М.К. Сулейменова.-Алматы:Жеті Жарғы,2001
5. Тугинский Б.И., Сафулин Д.Н. Правовая экономика проблемы становления. М., 2002
6. “Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы”. 1998 жыл, 22 сәуір (өзгерт. мен толықт.)
7. ҚР “Өндірістік кооперативтер туралы” Заңы. 2001 ж.
8. Ә.Ерали, Жерге меншік құқығының негіздері.-Алматы,1996,18бет
9. Гражданское право Учебник ч.1./под.ред. Ю.К Толстого А.Г Сергеева,-М,;ТЕИС,1996-552с
10. К.Маркс, Ф Энгельс Сочинение 2-е издательство Т46.ч1 с23-24
11. ҚР “Мемлекеттік кәсіпорындар туралы”. Президентінің заңды күші бар Жарлығы. 1995 жыл, 23 желтоқсан. (өзгерт. мен толықт.)
12. ҚР “Жеке кәсіпкерлік туралы” Заңы 19 маусым 1997 ж.
13. Тулеуғалиев Ғ.И. Азаматтық құқық. —Алматы: 2001 жыл
14. ҚР “Тұрғын үй қатынастары туралы” заңы 16 сәуір 1997 ж.
15. ҚР “Жер кодексі” 20 шілде 2003 ж.
16. Гражданское права РК/под.ред. Тулеугалиева Г.И., Мауленова К.С.-Алматы 2001
17. Соколовский К.И. Собственность в гражданском праве. Учебно-практическое пособие. —М.: Дело, 1999 г.
18. Джусупов А.Т. Право собственности и иные вещные права. —Алматы: Жеті жарғы. 1996
19. Суханов Е.А. Лекции о праве собственности. —Москва: 1991 г.
20. Римское частное право. Учебник /Под.ред проф. И.Б.Новицкого и С.Перетерского. —М.Юрист, 1994
21. Жанайдаров И.У. Проблемы реализации права государственной собственности. —Алматы: Қазақстан, 1994
22. Сулейменов М.К. Развитие института права собственности в законодательстве Казахстана. Научные труды. Әділет, 2000
23. Шершеневич Г.Ф. Учебник русского гражданского права. —М., 1995г.
24. Бибиков А.Н. Правовые проблемы реализации государственной собственности. —Иванова, 2002г.
25. Сулейменов М.К. Коментарий к Закону РК “О собственности”, Бизнес и права в Казахстане, 2001г.
26. Витрянский В.Г., Суханов Е.А. Защита права собственноти. —М., 2002

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2

1 - ТАРАУ ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Заттық құқықтың
ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 4
1.2 Заттық құқықтың
белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..10

2 – ТАРАУ МЕНШІК ИЕСІ БОЛЫП ТАБЫЛМАЙТЫН
ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРЫ
2.1 Қазақтардың әдет-ғұрып құқығындағы заттық
құқық ... ... ... ... ... ... ... .. ...20
2.2 Заттық құқық пен меншік құқық
анықтамасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .24

3 – ТАРАУ ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ МЕНШІК ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ
ЗАҢДАРДЫҢ ДАМУЫ
3.1 Азаматтық кодекс бойынша меншік құқығының
нысандары мен
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...31
3.2 Қ.Р меншік заттық құқығы туралы заңдардың
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ..34
3.3 Меншік құқығына және өзге заттық құқықтарға ие болу
негіздері ... ... ..37

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .51

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..53

КІРІСПЕ
Конституцияда меншікті екі нысанға бөліп қарау олардың мемлекетке
меншік құқығының субъектісі ретіндегі катынасының белгісіне
орайластырылған. Осыған орай жеке меншік мемлекеттік емес меншік болып
саналады. Егер меншік құқығының субъектісі мемлекет болса (тікелей немесе
тиісті мемлекеттік органдар арқылы), онда әңгіме мемлекеттік меншік жөнінде
болады. Ал субъект мемлекеттік емес занды тұлға немесе азаматтар деп
танылса, онда жеке меншік деп есептелінеді.
Сонымен, меншікке субъектілер: мемлекет, әкімшілік-аумақтық бөліністер,
заңды тұлғалар мен азаматтар бола алады.
Заң меншікті түрлерге де бөледі. Азаматтық кодекске сәйкес мемлекеттік
меншік республикалық және коммуналдық, болып екіге бөлінеді (192-бап).
Конституцияның 87-бабында коммуналдық меншікті басқару жергілікті
атқару органдарының қарауына жатады делінген.
Мемлекет өкілеттігін жүзеге асыра отырып, қарауындағы мүліктерді өзінің
органдары мен мемлекеттік заңды тұлғалары арқылы басқарады. Қазақстан
Республикасы азаматтық заңдармен реттелетін қатынастарға осы қатынастардың
өзге қатысушыларымен тең негіздерде кіреді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік өкімет билігі мен баска органдары
өздерінің осы органдардың мәртебесін айқындайтын заң кұжаттарында,
ережелерде және өзге де кұжаттарда белгіленетін кұзыреті шегінде Қазакстан
Ресггубликасының атынан өз әрекеттері арқылы мүліктік және жеке мүліктік
емес құқықтар мен міндеттерді алып, оларды жүзеге асырады, сотта өкілдік
ете алады.
Зандарда көзделген реттер мен тәртіп бойынша Қазақстан Республикасының
арнайы тапсырмасымен оның атынан өзге де мемлекеттік органдар, заңды
тұлғалар мен азаматтар өкілдік ете алады (АК-тің 111-бабының 1 және 2
тармақтары).
Азаматтық кодекстің 191-бабына сәйкес жеке меншік азаматтардың және
мемлекеттік емес занды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі
ретінде көрінеді. Сөйтіп, ұжымдық меншік пен азаматтардың меншігі "жеке
меншік" деген терминнің аясына бірігеді. Оларды біріктіру мемлекеттен бөліп
қарау арқылы бұл меншікпен жұмысты ыңғайлы ұйымдастыруға байланысты,
мәселен, салық саясатын жүргізуге, немесе мемлекеттік әкімшілік аппараттың
жөнсіз араласуынан қорғайды.Мемлекеттік емес занды тұлғалар мен азаматтар
өздеріне қарасты барлық мүліктің меншік иесі болып табылады. Мысалы,
акционерлік қоғамның акциясының белгілі бір бөлігі мемлекетке тиесілі
болғанымен, оны мемлекеттік меншік деп айтуға келмейді, себебі ол жеке
меншік болып қала береді.Азаматтардың жеке меншік категориясы жеке дара
өзіндік меншік ұғымына сай келеді. Сонымен бірге, біздің пікірімізше ол
азаматтардың меншігіндегі жеке дара (өзіндік) (тұтыну-шылық) және жеке
меншік ішкі дифференциациясы болуы қажет. Меншік иесінің құқығын жүзеге
асыру, яғни оның иелік етуі, пайдалану және билік етуі мүліктің мүддесі мен
мақсатына орай заңға сәйкес шектелуі мүмкін. Қазақстан Республикасының
"Тұрғын- үй қатынастары туралы" заңының 40-бабында меншік иесінің үй-жайды,
ортақ мүлікке қауіп төндіретін немесе оны нашарлататын жұмыстар жүргізумен
байланысты өзгертуіне, соның ішінде қайта жоспарлауына және кайта
жабдықтауына тыйым салынады.Жеке меншіктің ерекше түріне кондоминиум
меншігі де жатады. Кондоминиум ұжымдық меншік түрінде көріне тұрса да
("Тұрғын-үй қатынастары туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы) біздің Азаматтық
кодексте ұжымдық меншік ұғымы жоқ екендігін ескерте кеткен жөн. Үй-жай
меншік иелерінін әрқайсысы өзіне бөлек (жеке-дара) меншік құқығы бойынша
тиесілі үй-жайды өз қалауы бойынша иеленуге, пайдалануға және оған билік
етуге құқылы

1 - ТАРАУ ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1.1 Заттық құқықтың ұғымы

Заттык қүқык деп белгілі бір тұлғаның өз қарамағындағы жеке заттарға
үстемдік (қожалық) етуін айтады. Әдетте адамның затқа қатынасы әртүрлі
болады, біріншіден, ол сол заттың меншік иесі, екіншіден, оны иеленуші,
үшіншіден, өзгенін затын меншіктену құқығын еншілей алады.
Олардың ара жігі занда өзіне тән ерекшеліктерімен айқындалады.
Азаматтық кодекс жүйесінде құқықтың өзі меншік құқығы және басқалай
заттық құкық болып бөлінеді. Онын соңғысына жерді пайдалану құқығы,
шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару кұкығы және басқа да заттық
құқықтар (мысалы, сервитуттар) жатады.
1963 жылы қабылданған Азаматтық кодексте заттық құкық деген түсінік
болған жоқ . Әрине, оның мәнісін де түсіну қиын емес, өйткені кеңестік
Азаматтық кодекс тұлға мен затты, меншік иесі мен меншік объектісін
байланыстыратын кұкықты елемеді.
Азаматтық кодексте меншік құқығы заттық құқықтың жалпы жүйесіндегі
негізгі кұқық институты бола тұрса да, түптеп келгенде ол заттық құқықтың
бірі болып саналады. Заң шығарушы затқа ауыртпалық түсірумен қатар оған
өкілеттілікті жүктейді. Мысалы, өзге заттық құқықтың субъектілері сол
заттың меншіктен туатын ауыртпалығын көтерді немесе белгілі бір адамға
меншік иесінің құкығын жүзеге асыру өкілеттігі беріледі. Барлык заттық
құқықтарға — меншік құкығына, сон-дай-ақ басқа да заттық құқықтардың
табиғатына тән нәрсе, олардың шексіз (абсолютті) құқықтар қатарына
жататындығын айту керек. Ал кұкықпен қоғам мүшелерінің бәрі бірдей шексіз
(абсолютті) қорғалады. Мысалы, азаматтың меншігіндегі машинаға ешкімнің
тиісуге құқығы жоқ.
Цивилистика ғылымында зат адам еңбегімен жасалған, сондай-ақ табиғи

күйінде кездесетін физикалық дене және адамның пайдалануына болатын
сыртқы материалдық дүниенің нәрсесі деп түсіндіреді.
Сонымен, заттық құқық дегеніміз — өкілетті жақтың немесе өзге жақтардың
заң актілері арқылы танылатын және қорғалатын белгілі бір жаққа немесе
(жақтардың жиынтығына) тиесілі әртүрлі заттарға өз қалауы бойынша тікелей
үстемдік (қожалық) ету құқығы болып табылады.
1.2 Заттық құқықтың белгілері:
Кеңес заңдарында заттық құқық ережелері әрқилы болды. РСФСР-дің 1922ж.
қабылданып, Қазақстан Республикасы аумағында 1964-жылға дейін қолданылып
келген Азаматтық кодексінде заттық құқықтың бөлімдері болған еді. Ол меншік
құқығы, кұрылыс салу құқығы және кепіл құқығы деп бөлінді. Мұндай бөлудің
өзі иелену құқығының, меншік құқығы мен басқа біреудің заттарын иелену
құқығының классикалық түрінен біршама ерекшеленді. Алайда, бұдан былай
заттық құқықты дамыту шектеліп қалды. Оған РСФСР-дің 1922 ж. қабыдданған
Азаматтық кодексінен затты нақтылы иеленуді алып тастауы (меншік кұқығымен
әркез сәйкес келмеуіне байланысты) оның дамуына кері әсерін тигізді.
Екіншіден, бірқатар объектілердің айрықша мемлекет меншігіне айналуы да
(жер және басқа табиғи ресурстар) оған себепкер болды. Заң заттарды
қозғалатын және қозғалмайтын деп бөлуді қабылдамай тастады. Демек, заттар
өндіріс құрал-жабдығы және тұтыну заттары деп бөлінетін жағдайға жетгі де,
ал жердің тек мемлекет меншігіне ауысуымен түсіндірілді. Міне, сондықтан да
1964 жылғы Азаматтық кодексте заттық құқық арнайы бекітілмей қалды, оған
тек "Меншік құқығы" деген бөлім енгізілді, бұл, сайып келгенде, социалистік
меншікке қолайлы жағдай туғызу үшін жасалған болатын.
Жаңа Азаматтық кодексте заттық кұкық меншік кұқығы нормалары ретінде
көрініс тапты, мұның өзі онын бұл құқықтармен заңдық табиғаты жағынан
біртұтас екендігін дәлелдейді. Әрі бұл нормаларға тек аталған құқық еніп
қана қоймай, сондай-ақ өзге де меншік түрлері, мысалы, меншік иесі болып
табылмайтын

адамдардың заттық құқықтары бекітілді (АК-тің 194 және 195-баптары).
Азаматтық кодекстің "Иелену мерзімі" деп аталып 240-бабы негізінде
иелену мен пайдаланудың жаңа заттық құқығы пайда болды. Біздін ойымызша,
енді иелену құқығының екі түрін бөліп қарауымыз керек:
а) АК-тің 188 және 194-баптарына сәй-кес меншік иесінің өзіне
берілетін мүлікті иелену кұкығы және меншік иесі болып табылмайтын
адамдардың заттық құқықтары (АК-тің 195-бабы);
ә) мерзімдік иелену құқығы, яғни мүліктің меншік иесі болып табылмайтын
мүлікті АК-тің 240-ба-бының шарттары сақталса, бірақ өзінің жеке
қозғалмайтын мүлкіндей 15 жыл бойы, не өзге мүлікті кем дегенде 5 жыл адал,
ашық және ұдайы иеленген азамат немесе занды тұлға мүлікке меншік құқығын
(иелену мерзімін) алады.
3. Заттық кұқықтар жөніндегі тиісті нормаларды екшей отырып, оның
бірқатар белгілерін атап өтелік: заңда бекітілген заттық құқықтың шектелген
шеңбері; заттық құқыктардың шексіздігі (абсолюттік құкық): затқа тікелей
үстемдік ету; затпен үздіксіз байланыс жасау; осыдан келіп "құкық жалғасуы"
өкілеттігі шығады; затты алудың занды тәсілдерінің нақтылы және қорғау
нысанының ерекшелігі.
Заттық, құқықтың тізбе шеңбері заңның өзімен айқындалған (АК-тің 188,
194, 195-баптары), яғни тұлғалардың өз беттерімен заттық құқықтың жаңа
түрлерін жасауға хақысы жоқ . Айта кететін жәйт, заттық құқықтың аясы тек
Азаматтық кодекспен шектеліп қалмай, бұл кодекске енгізілмеген кейбір
заттық құқықтар басқа заңдарда көрініс табуы мүмкін.
Заттық, құқық шексіз (абсолюттік) құқық түрінде сипатталады. Демек, бұл
барлық басқа субъектілердің аталған құқық өкілеттілігін жүзеге асыруына
бөгет жасамау міндетін алға тартады. Шексіз (абсолюттік) құқыққа мазмұны
жағынан қарама-қарсы тұрған міндеттемелік құқық . Бұл құқық бойынша
міндетті болатын бір ғана жақ немесе бірнеше жақтар. Бүл құқықтың сол
міндетті болған
субъектіге не міндетті субъектілерге ғана күші бар, сондықтан бұл
міндеттемелік қүқықты бұзатын тек солар ғана . Мысалы, мәмілеге негізделген
құқықтардың бәрі де міндеттемелік құқық болып табылады. Бұл құқықтарды
орындауды мәміле бойынша сол міндеттерді мойнына алушылардан ғана талап
етуге болады. Мысалы, затты беру, белгілі бір жұмысты орыңдау, т.т.
міндеттер. Заттық құқық басқа кұқықтардан өзінің объектісімен ерекшеленеді.
Заттық құқықтың объектісіне жеке дара белгілі бір мүліктер жатады. Бір-
біріне тектес заттар, сондай-ақ материалдық емес өзіндік игіліктер заттық
құқықтың объектісі бола алмайды. Өйткені, заттық қүқықтың өзіне тән қасиеті
басқа біреудің иелігінен затты қайтару болып табылады әрі бұл затты сыйға
беруге болмайды, заттай жүзеге асады.
Екінші жағынан алғанда, заттық құқықтың шексіз (абсалютті) сипаты басқа
адамдармен қатынасқа түскенде айқын көрінеді. Мәселен, олар меншік иесінің
құқығына қол сұқпауға міндетті. Демек, заң меншік құқығын қорғай отырып,
азаматтарға өз құқығын жүзеге асыруға бөгет жасамауына жағдай жасайды.
Мысалы, меншік иесінің затты иелену немесе пайдалану құқығына заңсыз түрде
бөгет жасау әрекеттерінің бәрі де жоғарыда айтылған міндетті бұзушылық
болып табылады.
Заттық құқықтың маңызды белгісі оның затқа тіквлей үстемдік етуі болып
табылады. Мұның өзі құқық объектісі араға үшінші бір адамды салып үстемдік
етпейді дегенді білдіреді. Бұл арада затқа үстемдік толық, күйінде болуы
мүмкін, ал кейде заттық кұкықтың шектелуіне орай шектелген түрінде де
кездеседі.
Заттық құқықтың тағы бір ерекшелігі заттың иесі мүлкін басқа біреуге
берген кезде өзінің құқыгы иеленуші ретінде сақталып қалатындығы деуге
болады. Азаматтық кодекстің 188-бабына сәйкес меншік иесі өзіне тиесілі
мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауына, соның
ішінде мүлкін басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, бірақ
өзі меншік иесі болып кала беруіне құқылы. Басқаша айтканда, мүлікке меншік
құқығы сақталады. Егер зат заңсыз иеленген болса, онда ол виндикацияланады,
яғни меншік иесі өзінін заңсыз иеленген өз мүлкін талап етуге кұқылы.
Мысалы, кепілге салынған мүлікке құқық басқа тұлғаға кұқықты мирасқорлық
тәртібімен көшірілгенде кепіл сақталады (АК-тің 323-бабы). Заттық құқық
мекемені меншіктену құқығы баска адамға ауысқан кезде бұл мекеме өзіне
тиесілі мүлікке оралымды билік жүргізу құқығының сақталып калуына
байланысты заттық құқықта сақталады (АК-тің 208-бабы).
Заңда заттық құқықтың затты алудың заңды тәсілдерінің нақтылығы (АК-тің
7-бабы 4-тармакшасы, 198-203-баптары) мен қорғау нысанының ерекшелігі (АК-
тің 260-261-баптары) көрсетілген.
Заттық, құқықтың түрлері. Заттық құқық екі үлкен топқа бөлінеді:
меншік құқығы және меншік иесі болып табылмайтын тұлғаның заттық құқығы.
Азаматтық кодекстің 195-бабында заттық құқықтық үлгі тізімі келтірілген,
бірақ онда бәрі бірдей қамтылмаған. Заттық құқыққа меншік кұкығымен қоса
жерді пайдалану құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару құқығы,
басқа да заттық құқықтар жатады.
Өзге заттық құқыққа мекеме және қазыналық кәсіпорынның мүлікке билік
етуде қатысты болуы мүмкін (АК-тің 206-бабы). Сондай-ақ отбасы мүшелерінің
тұрғын үйді пайдалану құқығы ("Тұрғын үй қатынастары туралы" ҚР Заңының 22-
бабы) және жер қойнауын пайдалану құқығы ("Жер туралы" Қазақстан
Республикасының Заңы, 2-бөлім), тағы басқалар заттық құқыққа қатысты бола
алады.
Олардың субъектілеріне тән нәрсе, оны иеленіп, пайдаланып, билік
еткенімен, мүліктің меншік иесі бола алмайды. Шаруашылық жүргізуге құқығы
бар мемлекеттік кәсіпорындар, егер заң актілерінде өзгеше көрсетілмеген
болса, кәсіпорынның меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген мемлекеттік
органның келісімінсіз кәсіпкерлік қызметтің мына түрлерін жасауға:
1) өзіне тиесілі үйлерді, құрылыстарды, жабдықты және кәсіпорынның
баска да негізгі қорларын өзге адамдарға сатуға және беруге, айырбастауға,
ұзақ мерзімді (үш жылдан астам) жалға беруге, уақытша тегін пайдалануға
беруге;
2) филиалдар және еншілес кәсіпорындар кұруға, жеке кәсіпкермен бірге
кәсіпорындар мен бірлескен өндірістер құруға, оларға өндірістік және ақша
капиталын салуға;
3) жеке кәсіпкерлерге қарыз беріп, олар бойынша Қазакстан
Республикасының Ұлттық банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми
ставкасынан төмен сыйақымен (мүддемен) төлетіп алуға;
4) үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілдеме немесе кепілдік
беруге құқығы жоқ (АК-тің 200-бабы 1-тармағы).
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде заттық құкықтың жіктелуі
(классификациясы) толық түрде берілмеген. Әдебиетте заттық құқықтарды
дәрежелеуге ұмтылыс бар. Айталық, Ю.К.Толстой құқықты мынадай түрге бөледі:
белгілі бір мүлікке қатысты құқық (мысалы, жер учаскесіне); белгілі бір
адамға қатысты құкық (мысалы, бөтен адамның үйінде өмір бойы тұру құқығы);
жария мүддеге байланысты бекітілген құқық (мысалы, жария сервитуттар); жеке
мүддені қорғау үшін бекітілген құқық (мысалы, жер учаскесін өмір бойы
мұрагерлікпен иелену); белгілі шектелген қатынаста бөтеннің затын
пайдалануға берілген құқық (мысалы, сервитуттар); бөтеннің затына билік
жасауға берілген құқық (мысалы, ипотека).
Л.В.Шенникова заттық құқықты өзінше жіктеп, оны мынадай топтарға
бөледі:
1) меншік иесінің мүлкіне шаруашылық жүргізуге заңды тұлғалардың
заттық құқығы;
2) азаматтардың мүлкін белгілі бір шектеу шегінде пайдаланатын
сервитуттық түрдегі құқық;
3) ұйымдар мен азаматтардың жер учаскесін пайдаланудағы заттық
құқықтары;
4) мүліктің кепілі туралы шарттағы кепіл ұстаушының өкілдігі. Заттық
кұқықтардың бұдан басқа да түрлері әр жағдайда кездесуі мүмкін (сот
шешімімен, шарт бойынша және т.б.).

МЕНШІК ИЕСІ БОЛЫП ТАБЫЛМАЙТЫН ТұЛҒАЛАРДЫҢ ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан — 2030" деп аталатын
халыққа Жолдауында жеке меншік институттары жерге меншік арқылы беки
түсетіндігі, сондай-ақ менік құқығын қорғайтын зандық жүйелердің
құрылатындығы айтылған.
Меншік құқығының зандық жүйесін құру меншік иесі болып табылмайтын
адамдардың құқылық тәртібін бекітіп, тағайындамайынша мүмкін болмайды.
Бұл орайда әңгімемізді жерді пайдалану мен сервитутқа қатысты заттық
құқықтан бастамақшымыз. Шаруашылық жүргізу құқығы мен оралымды басқару
құкығы "Мемлекеттік меншік құқығы" тарауында қаралады.
Жерді пайдалану кұқығы — заттық құқық бұрынғы Кеңес азаматтық
зандарында жерді пайдалану құқығы заттық құқық болып есептелмеді. Қазақстан
Республикасының "Жер туралы" Заңымен жер пайдалану құқығына заттық кұқық
берілді (Заңның 20-бабы). Бұл орайда меншік құқығынан басқа жер учаскесін
және меншіктегі уақытша пайдалану құқығы, сервитуттар және басқа да заттық
құқықтар пайда болды. "Жер туралы" Заңның 5-бабы 4-тармағына сәйкес жерді
пайдалануға байланысты меншік құқықтар азаматтық зандардың нормаларымен
реттеледі, әрине ол "Жер туралы" Заңға қайшы келмеуі тиіс. Заң сондай-ақ ,
"Жерге меншік құқығы, жер пайдалану құқығы және өзге де заттық құқықтар"
деп аталатын арнайы бөлімді енгізген (Заңның ІІ-бөлімі).

Жерді пайдалану құқығы дегеніміз — тұлғаның мемлекеттік меншігіндегі
жер учаскесін өтеулі және (немесе) өтеусіз негізде мерзімсіз (жерді тұрақты
пайдалану) немесе белгілі мерзім ішінде (жерді уақытша пайдалану) иелену
және пайдалану құқығы.
Бұл анықтамада айтылғандай, жерді пайдалану құқығынан жеке меншік
құқығы негізгі ерекшелікке ие. Өйткені, жеке меншік иесі жер учаскесін
иеленеді, пайдаланады және оған билік етеді, ал жерді пайдаланушы болса
берілген учаскеге ғана иелік жасап, пайдаланады. Ал жерге билік ету меншік
иесі ретінде мемлекет құзырында болады. Оның үстіне заң жер пайдаланушыға
жерді белгілі бір шекте пайдалану құқығын береді.
Жер пайдалану субъектілері азаматтар мен занды тұлғалар болады. "Жер
туралы" Заңның 22-бабына сәйкес:
мемлекеттік және мемлекеттік емес;
ұлттық, шетелдік;
жеке және заңды тұлғалар;
тұрақты және уақытша;
бастапқы және кейінгі болып бөлінеді.
Мерзімі бойынша жер пайдалану тұрақты (мерзімсіз) және уақытша болады.
Жерді тұрақты пайдалану құқығындағы жер учаскелері мына мемлекеттік жер
пайдаланушыларға:
1) кондоминиум объектілеріндегі үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) үй-
жайларды шаруашылық жүргізу құқығымен немесе оралымды басқару құқығымен
иеленетін заңды тұлғаларға;
2) ауыл шаруашылық және орман шаруашылығы өндірісін жүзеге асыратын
заңды тұлғаларға;
3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерінде жер пайдалануды жүзеге
асыратын заңды тұлғаларға;
4) заң актілерінде көзделген өзге жағдайларда беріледі. Тұрақты жер
пайдалану құқығы шетелдік жер пайдаланушыларға тиесілі бола алмайды (Заңның
27-бабы).
Жерді уакытша пайдалану құқығы қысқа мерзімді (5 жылға дейін) және ұзақ
мерзімді (5 жылдан 49 жылға дейін) болуы мүмкін. Бастапқы ұзақ мерзімді
акылы жер пайдалану құқығы бар мемлекеттік емес жер пайдаланушылар егер
заңда өзгеше белгіленбесе, өздеріне тиесілі жер учаскелерін (немесе олардың
бір бөлігін) жалға (кіші жалға) немесе өтеусіз уакытша жер пайдалануға
беруге, сондай-ақ өздеріне тиесілі уакытша жер пайдалану құқығын иелігінен
шығаруға құқылы.
Жер пайдалану құқығы былайша:
1) жер пайдалану кұқығын беру;
2) жер пайдалану құқығын тапсыру;
3) жер пайдалану құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен
(мұраға қалдыру, заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру) ауысуы арқылы пайда
болады. Жер пайдалану құқығын беру басқа біреуге тапсыру және оның ауысуы
жер учаскесінің нысаналы мақсатын ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс.
Жер пайдалану құқығының объектісі дегеніміз — жекелеген жер
пайдаланушыға заңды бекітілген тәртіп бойынша берілген жер учаскелері болып
табылады. Жер учаскесінің құқық объектісі ретінде белгілі бір аумағы, нақты
мекені және сыртқы шекарасы болады.
Жер учаскелері өзінің құқықтық тәртібі бойынша жер пайдалану объектісі
ретінде шаруашылық бағыты, нысаналы мақсатты пайдаланылуы, жер пайдалану
субъектісі, жерді пайдалану құқығының түрлеріне орай (тұрақты немесе
уақытша, иеліктен шығарылатын немесе шығарылмайтын, өтеулі немесе өтеусіз
алынатындығына байланысты) бір-бірінен ерекшеленеді. Жер пайдаланудың өзіне
тән объектісі жалпы жер пайдаланудағы жер үлесі болып табылады. Жер үлесі
дегеніміз — учаскесіне құқықтар мен міндеттерге басқа тұлғалармен бірге
қатысудың Жер туралы Заңда және өзге де заң актілерінде белгіленген
жағдайлар мен шарттарда бөлінуі мүмкін сан жағынан анықталған үлесі болып
табылады.
Жер пайдаланудың маңызы Азаматтық кодекстің 195-бабы 2-тармақшасында
айқындалған. Жер пайдалану құқығына байланысты болатын ерекшеліктер жер
пайдалану құқығының кімде болуына қатысты келеді. Мемлекеттік жер
пайдаланушылар шаруашылық жүргізуге жерді алғаннан соң жер учаскесін
иеленіп, пайдалануға құқық алады, оның өзі мақсатты пайдалану шенберінде
жүзеге асады әрі ол жер бөлу актісінде көрсетіледі. Ал негізгі билік
мемлекеттің қолында қала береді. Жерді алып, оралымды баскаруға кұқығы бар
жер пайдаланушылар, сондай-ақ жер учаскесін иеленеді және оны пай-даланады,
бірақ билік тізгіні мемлекетте де, сонымен бірге меншік иесі болып
табылатын мемлекеттік емес занды тұлғалардада болады. Сонымен, мемлекеттік
жер пайдаланушының өзіне тиесілі жер пайдалану құкығын оқшаулауға, сондай-
ақ кепілдікке беруге хақысы жоқ, бұған жер учаскесінде орналасқан
жылжымайтын мүлікті белгіленген тәртіппен окшаулауға не оның кепілдікке
берілуіне байланысты жағдайлар қосылмайды. Мемлекеттік жер пайдаланушы
өзінің қарауындағы жер учаскесін ұзақ мерзімді жалға беруіне болады, бірақ
бұл орайда алдымен өкілетті орган ретінде мемлекеттен келісім алуы тиіс, ал
өзіне тиесілі жер учаскесін біреуге тегін пайдалануға беруіне мүлдем рұқсат
етілмейді, бұл тек қызмет бабына орай жер учаскесін бөлгенде ғана мүмкін
болады.
Жер учаскесіне заттық құқықтар осы учаске шекарасындағы, яғни
аумағындағы топырақтың үстіңгі қабаттарына, тұйық су тоғандарына, орман
ағаштарына қолданылады.
Егер "Жер туралы" Заң мен өзге заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, жер
пайдаланушылардың:
1) жер учаскесін оның мақсатынан туындайтын мақсатқа пайдалана отырып,
жерде дербес шаруашылық жүргізуге;
2) ауыл шаруашылық және өзге де дақылдар егістеріне және отырғызылған
көшеттерге, өндірілген ауыл шаруашылық өнімі мен жер учаскесін пайдалану
нәтижесінде алынған өзге де өнімді және оны өткізуден түскен табысқа
меншік, шаруашылық жүргізу, оралымды басқару;
3) өз шаруашылығының қажеттері үшін жер учаскесінде бар құмды, сазды,
қиыршық тасты және басқа да жалпы таралған пайдалы қазбаларды, шымтезекті,
екпелерді, жер үсті және жер асты суларын кейіннен мәмілелер жасасу ниетін
көздемей, белгіленген тәртіппен пайдалану, сондай-ақ жердің өзге де пайдалы
қасиеттерін пайдалану;
4) жер учаскесі мемлекеттік қажеттер үшін алып қойылған (сатып алынған)
жағдайда келтірілген залалды толық көлемінде өтетіп алу;
5) меншік, шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқығымен жер
учаскесінің, нысаналы мақсатына қайшы келмейтін тұрғын үйлер, өндірістік,
тұрмыстық және өзге де үйлер (құрылыстар, ғимараттар) салу;
6) белгіленген құрылыс, экологиялық, санитариялык-гигиеналык және өзге
де мелиорациялық жұмыстар жүргізу, тоғандар мен өзге де суаттар жасау
құқығы бар ("Жер туралы" Заңның 47-бабы, 1-тармағы).
"Жер туралы" Заңда жер пайдаланушылардың міндеттері тәртіптелген және
жер учаскесін пайдаланушыларға берілмейтін мәселелер де қаралған.
2. Жер пайдалану қуқыгын тоқтату негіздері. Жер пайдалану құқығын
тоқтату занда немесе шартта қаралған негізде жүзеге асады. Жер туралы"
Заңның 63-бабындағы тұжырымды келтіре кетелік: "Жер учаскесіне жер
пайдалану құқығын:
1) жер учаскесін жер пайдалану құқығын жер пайдаланушы басқа тұлғаларға
иеліктен шығарып бергенде;
2) жер пайдаланушы жер пайдалану құқығынан бас тартқанда;
3) жер учаскесіне жер пайдалану құкығынан заң актілерінде көзделген
өзге реттерде айрылғанда тоқтатылады.
Жер пайдалану құқығынан бас тартуға байланысты заң белгілі бір тәртіп
қарастырған. Пайдаланушы алдымен өзі хабарлауы керек немесе өздеріне
тиесілі жер учаскесіне құкыктарды сактауға ниет білдірмей, ол құқықтардан
шеттегенін айқын дәлелдейтіндей іс-әрекеттер жасауы мүмкін. Жер пайдаланушы
құқықтарынан бас тартқандығын айқын іс-әрекет жағдайда (баска жаққа кету,
учаскені ұзақ уақыт бойы пайдаланбау және т.б.) бұл учаскені жер кадастрын
жүргізетін органдар иесіз мүлік ретінде есепке алып, жылжымайтын мүлікке
құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органға ха-барлайды. Есепке
алынғаннан кейін иесіз мүлік ретінде бір жыл өткен соң мұндай жер учаскесі
жергілікті атқару органдарының талабы бойынша сот шешімімен мемлекет
меншігіне кайтарылады.
Жер пайдалану құқығынан бас тарту осы жерді пайдалану құқығын басқа
адам сатып алғанға дейін, жер пайдаланушының жер учаскесіне қатысты
құкықтары мен міндеттерін тоқтатуға әкеліп сокпайды.
Жалпы ереже бойынша, жер пайдаланушыдан жер учаскесін алуға (сатып
алуға) жол берілмейді. Дейтұрғанмен, белгілі бір жағдайда оған рұқсат
етіледі:
1) жер пайдаланушының міндеттемелері бойынша жер учаскесінің құнын
өндіріп алу. Айта кетелік, бұл орайда жер пайдалану құқығы заңдарда
көзделген тәртіппен ауысатын адамда алынған жер учаскесіне пайдалану құқығы
пайда болған сәттен бастап тоқтатылады;
2) мемлекеттік қажеттілік үшін жерді пайдаланушыдан алу (сатып алу);
3) максатты пайдаланбаған немесе заңды бұзып пайдаланған жер
учаскелерін жер пайдаланушыдан алу;
4) тәркілеу. Жасалған қылмысы үшін санкция түрінде жер пайдаланушыдан
жер учаскесін заңдарда көзделгендегідей сот арқылы тегін алу жағдайы да
болады. Бұған қоса жер пайдаланушының құқығын тоқтатуда мынадай негіздер
болуы мүмкін:
1) жер учаскесі берілген мерзімнің аяқталуы;
2) жер учаскесі кепілде тұрған жағдайларды қоспағанда жер учаскесін
жалға беру шартынын немесе өтеусіз уақытша пайдалану шартының мерзімінен
бұрын тоқтатылуы;
3) соларға байланысты жер пайдаланушыға қызметтік жер үлесін беруге
негіз болған қатынастарының тоқтатылуы.
Сервитуттар. Азаматтық кодекстегі сервитут (латынның servituts деген
сөзінен шыққан, "заттың қызмет етуі", дегенді білдіреді) бөтен меншікке
болатьн заттық құқықты (затты) немесе бөтеннің затын пайдалануды шектеу деп
түсіну керек.
Қазакстан Республикасының Азаматтық кодексінде сервитутқа анықтама
берілмеген, оны саралайтын арнайы тарау жоқ. Оған қарап, Азаматтық кодекс
сервитутты мүлдем реттемейді екен деген ұғым тумауға тиіс. Азаматтық
кодекстің 188-бабы 6-тармағында "Заң құжаттарында көзделген реттерде,
жағдайлар мен шектерде меншік иесі өз мүлкін басқа адамдардың шектеулі
түрде пайдалануына жол беруге міндетті" деп ап-анык жазылған. Сонымен,
қазіргі азаматтық заң сервитуттарға нақты анықтама мен оның тізімін
бермегенімен, бұл институттын өмірдің әркилы жағдайларына кеңінен қолдануға
жалпы ережені бекіткенін айтсақ та жеткілікті.
Қазақстан Республикасының қазіргі заңдарында жер сервитуты деген
түсінік кеңінен мәлім, айталық, ол "Жер туралы" Заңда "Сервитуттар" деп
аталатын дербес тарау бар.
Сервитуттың елеулі белгілерінің қатарына мыналар жатады:
1) өзге біреудің (бөтеннің) затына құқық, бұл жағдайда меншік құқығы
бұзылмайды, меншік құқығынан ешқандай жеке өкілдік туындамайды, тек
сервитутты жүзеге асыру мөлшерінде ғана қажетті деңгейде оған жол беріледі,
тек шыдамдылық керек немесе ештеңе істемесе болғаны;
2) сервитуттын мақсаты — белгілі бір тұлғаға оның алар пайдасы мен
мүддесі үшін жер учаскесін беру болып табылады (мысалы, бөтен біреудің
үйінде өмір бойы тұру құқығы);
3) сервитутка билік ету құқығы меншік иесінде қалатындықтан, билік
етуге жол берілмейді. "Жер туралы" Заңның 56-бабы 2-тармағына сәйкес
сервитут мәміленің, оның ішінде сатып алу-сатудың және кепілге салудың
дербес нысанасы бола алмайды;
4) сервитутқа "жалғасу құкығы" тән. Мысалы, "Жер туралы" Заңда
"Сервитут баска тұлғаларға қамтамасыз етілуі үшін сервитут белгіленген
құқықпен бірге ғана ауыса алады" деп ашық айтқан.
Сервитуттың субъектілері азамат, заңды тұлға және мемлекет болып
табылады. Сервитуттар заттық (жер) және жеке болып бөлінеді. Заттық (жер)
Сервитуттар белгілі бір тұлғаның пайдасына емес, белгілі бір жер
учаскесінің пайдасына тағайындалады. Жеке тұлғаның қоршалмаған, жабық емес
жер учаскелерінде әркімнің қандай да бір рұқсатсыз еркін жүріп-тұруға
хақысы бар. Мемлекет және мүлікті пайдалануда нормативтік шектеу қояды,
айталык, көрші құқығы тәрізді, онда ол жеке сервитут болып табылады.
Мәселен, электр желісін көрші учаскесі арқылы тарту мұнын айқын мысалы
болып есептеледі.
Сервитуттар икемді және икемсіз болып жіктеледі. Икемді сервитуттарға
меншік иесінін келісімімен оның иелігіне басқа тұлғаның кіруі жатады.
Айталық, мал айдау, жер учаскесін зерттеу жұмыстарына пайдалану және т.б.
Икемсіз сервитуттар дегеніміз — меншік иесінің оған іргелес учаскені
пайдалануда өзімен санасуын талап ету құқығы болып саналады. Оған, әсіресе,
әуежайлар құқығы жатады, өйткені, әуежай аумағына іргелес жерде көп қабатты
үйлер мен құрылыстарды салғызбауды олар талап ете алады.
Сервитуттар заң күшінде немесе шартпен тағайындалады. Олар біржақты
келісім болмаса, оны жүзеге асырудың көнелігімен көріне алады. "Жер туралы"
Заңның 50-бабы 2-тармағына сәйкес бөтен жер учаскесін шектеулі нысаналы
мақсатта пайдалану құқығы (сервитут) мынадайжағдайларда:
1) тікелей нормативтік-құқықтық актіден;
2) мүдделі тұлғаның жеке меншік иесімен немесе жер пайдаланушымен
жасаған шартының негізінде;
3) жергілікті атқарушы органның актісі негізінде;
4) сот шешімі негізінде;
5) заң актілерінде көзделген өзге де жағдайларда пайда болуы мүмкін.
Мысалы, уақытша (маусымды) пайдаланылатын мал айдау жолдары жеке меншік
иелерінен немесе жер пайдаланушылардан жерді қайтарып алмай, өздерінің
жерлерінен мал өтетін жеке меншік иелерімен немесе жер пайдаланушылармен
келісе отырып, аудандық (аудан аумағында) немесе облыстық (екі немесе одан
көп аудандардың аумағында) атқарушы орган — акт мүдделі тұлғаның жеке
меншік иесімен немесе жер пайдаланушымен шарт негізінде сервитут
тағайындауын қарастыратын болса, ал соңғысы мұндай шарт жасаудан бас тарта
қалса, онда оны мүдделі жақ сотқа береді. Мұндай құжаттарды жергілікті
атқару органдары да бекітілген тәртіппен қарай алады.
Сервитуттың объектісі қозғалмайтын мүлік болып табылады. Егер сервитут
тікелей нормативтік-қүқықтық актіден туындамайтын болса, оның пайда болуы,
өзгертілуі және тоқтатылуы жылжымайтын мүлікке не онымен мәміле жасау
құқықтарын тіркеу үшін белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге жатады
(АК-тің 118-бабының 2-тармағы).
Сервитуттың мазмұнын заттық құқык ретінде оның зандық күші анықтайды.
Өкілдігінің нақты аумағы сервитут тағайындауды талап етуші тұлға мен меншік
иесі немесе жер пайдаланушы арасында жер учаскесіне байланысты жасалатын
шартқа тағайындалады. "Жер туралы" Заңның 52-бабына сәйкес жеке меншік иесі
немесе жер пайдаланушы көрші жер учаскесіне жеке меншік немесе жер
пайдалану құқығының объектісінен, ал қажет болған жағдайда, өзге учаскеге
де жеке меншік немесе жер пайдалану құқығының субъектісінен осы учаскені
шектеулі пайдалану құқығын беруді талап етуге құқылы.
Көрші немесе өзге жер учаскесін шектеулі пайдалану құқығы мына
мәселелерді қамтамасыз ете алады:
1) егер жеке меншік иесінің немесе жер пайдаланушының өз учаскесінен
басқа жолмен өтуге мүмкін болмаса, аса қиын болса немесе үлкен шығындарды
талап етсе, көрші немесе өзге жер учаскесі арқылы жаяу немесе көлікпен
жүріп өтуді;
2) қажетті электр қуаты, байланыс желілерін тарту және пайдалану, су
мен, суғарумен, жылумен жабдықтауды, мелиорацияны және жеке меншік иесінің
немесе жер пайдаланушының көрші немесе өзге учаскеге сервитут
белгіленбейінше қамтамасыз етуге болмайтын басқа мұқтаждарын қамтамасыз ету
үшін белгіленуі мүмкін.
Затқа меншік иесімен, яғни сервитут тағайындалған адам мен сервитутқа
құқық алған тұлға арасындағы шарттык қатынастан мына мәселелер туындайды:
а) жер учаскесін шектеулі пайдалану құқығының субъектісі және меншік
иесіне немесе жер пайдаланушыға сервитутқа байланысты барлық шығындарды
өтеп тұруға тиісті ("Жер туралы" Заңның 52-бабының 4-тармағы); ә) сервитут
үшін жасалған шартқа ақы белгіленуі мүмкін ("Жер туралы" Заңның 52-бабының
5-тармағы); б) ауыртпалық түскен учаскенің міндеті өз учаскесіне белгілі
бір бөтен әрекеттердің орын алуына рұқсат етуі болып табылады не ондай
әрекеттерден бас тартуы керек. Мысалы, жер учаскесін іздестіру жұмыстары
үшін пайдаланғанда ондай жұмыстарды жүргізу мерзімдері, орны, жерді
пайдаланғаны үшін төлемдердің мөлшері, шығынды өтеу және жерлерді нысаналы
мақсатына сай пайдалануға жарамды күйге келтіру жөніндегі, сондай-ақ басқа
да шарттар іздестірушінің жеке меншік иесімен немесе жер пайдаланушымен
жасаған шартында анықталады.
Сервитут та, баска да заттық құқықтар тәрізді заң бойынша тоқтатылады.
Заң жер сервитуттарына қатысты оның тоқтатылуының екі жағдайын қарастырады:
біріншіден, сервитут белгіленген себептердің жойылуына байланысты ол жеке
меншік иесінің немесе жер пайдаланушының талабы бойынша тоқтатылуы мүмкін;
екіншіден, сервитуттың ауыртпалығы түскен жер учаскесі мұндай ауыртпалықтың
салдарынан өзінің қолданылуы мақсатында пайдаланылмайтын реттерде жеке
меншік иесі немесе жер пайдаланушы сервитуттын тоқтатылуын сот тәртібімен
талап етуге құқылы ("Жер туралы" Заңның 57-бабы);

2.1 ҚАЗАҚТАРДЫҢ ӘДЕТ-ҒҰРЫП ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ

Қазақтардың заттық құкығы азаматтық құкықтын арнайы зерттеу пәніне
айнала койған жоқ. Әдет-ғұрып құқығының нормаларын зерттеп білуге
байланысты заттық құқықты талдау тарихи-этнографиялык тұрғыда ғана қолға
алынды.
Қазақтардың заттық құқығы тарихымыздың бөлінбес бөлшегі болып табылады.
Қазақ халқының заттық құқығының тарихын түбегейлі әрі нақты зерттеу
Қазақстан Республикасының қазіргі азаматтық заңы үшін тек танымдық қана
емес, тәжірибелік саяси мәні бар екендігін баса айтуымыз керек.
Баршаға мәлім, қазақ халқының мемлекеттігін қалыптастыру өте күрделі
жағдайда болды. Сол себепті де казақ халкының заттық құқығынын дамуы
көптеген жағдайларға тәуелді еді. Қазақ халкының өз алдына мемлекет
болуынан кейін бірқатар заңдар қабылданған, оның ішінде заттық құкыктың
алар орны ерекше. Атап айтканда, ондай зандарға ХҮІ ғасырдың бірінші
ширегіндегі "Қасымханның қасқа жолы" (1511— 1521 жж.) жатады. Оны Қасым
ханның өзі қабылдаған, ХҮІ ғасырдың аяғы — ХҮІІ ғасырдын бас кезінде Есім
хан тұсында (1598—1628 жж.) "Есім ханның ескі жолы" деп аталатын дәл сондай
құжат дүниеге келді. ХҮІІ ғасырдың аяғы — ХҮІІІ ғасырдың басында Хан
Тәукенің заманында (1680—1718 жж.) "Жеті жарғы" деп аталатын тұтастай жинақ
жасалды.
Академик С.Зиманов қазақтардың заттық кұкықтарында мүліктік
жауапкершіліктің басым орын алатындығын атап көрсетеді. Мұндай
жауапкершілік жүйесінің аукымы өте кең әрі нұсқалары мен түрлерінің өте көп
екендігіне мән береді (айып, тоғыз, құн — бұл дегеніміз тұтастай бір
жауапкершілік институты болып табылады).
1731 жылы 19-ақпан, яғни Қазақстанның Ресей отары болуынан бастап
патшалық Ресей қазақтардың құқылық жүйесіне өзгеріс енгізуге тырысып бақты,
мұның өзі заттық құқыққа да қатысты екені белгілі. Сөйтіп, патша мемлекеті
қазактардың ғасыр бойы қалыптасқан әдет-ғұрып құқығын бұзу үшін әдейі
саясат жүргізді, сөйтіп, орнына орыс мемлекетінің заңдық нормаларын
тықпалады, осылайша өздерінің айтқанына көндіріп, дегенін істету үшін
әрекет етті. Кейбір аймақтарда орыс заңының нормаларымен казақтың әдет-
ғұрып құқықтары қабысып кетті. Алайда "қазақтардын дәстүрлі құқығын
жалпыимпериялык заңмен ауыстыра қою қолдарынан келе қоймады... " Сондықтан
да Қазақстанда кұқықтың екі жүйесінің нормалары қолданылып келді.
Қазақтардын көне меншік түрлерінің бірі қозғалмайтын мүлікке деген
меншік еді. Жер иелік етудің басты заты болды да, жеке меншік туралы ұғым
жерге байланысты пайда болды. Сондықтан да казак коғамында жерге меншік
мәселесі даулы сипат алды. Бірқатар зерттеушілер қазақтардың көшпелі
болуына байланысты дербес жер меншігі болған емес деген тұжырым жасайды.
Яғни жер бүкіл халыққа тиесілі болып, тіпті хан жарлықтарында жерді иелену
жөнінде айтылмады, тек арық, қыстақ және жайлау жөнінде әңгіме болды
дегенді айтады. Қазақтарда "енші" деген ұғымның болғанына ешкімнің таласы
жоқ. Сол себепті де біздің халықта жеке меншік деген болған және
қолданылған. Мәселен, ру басшысы Алаш өзінің үш ұлына "енші" беріп,
әрқайсысына тиесілі меншіктің түсін түстеп, атын атаған. Мұның өзі жеке
меншіктің болғанын, яғни жеке меншіктің барлық объектіге қатысты екендігін
білдіреді. Қалған мүліктерді ұлдарына таратып берген Алаш былай дейді:
"Менен қалған менің мүліктерімнің төртінші болігін алыңдар, ал оны
өздеріңнің "меншіктерің" деп есептемеңдер, ол бөліп берілмейтін ортақ
игілік болып есептеліп, ғасырдан ғасырға сендердің еншілерің болып кетеді
(былайша айтқанда. ортақ меншік те болған, ал оны қауымдастық меншікпен
шатастыруға жол берілмеген).
С.З. Зиманов қазақтардың көшпелі тұрмысында феодалдык қатынастың негізі
ретінде жер (жайылым) феодалдық меншіктің объектісі болды деп есептейді.
Сонымен, қазактың әдет-ғұрып құқығы бойынша жерге, малға, құрылысқа, бау-
бақшаға, арыққа, құдыққа және басқа мүліктерге жеке меншік құқығы жүзеге
асқан.
Қазақтарда дербес мүліктердің меншік иесі отағасы, яғни отбасының
қожасы болып табылды, әйелі мен енші алмаған балалары ешқандай мүлікке
билік ете алмады. Дей тұрғанмен, жұбайлар мүлікті ортақ ("еншілес")
пайдаланды. Соған қарамастан, мүліктің иесі отбасының қожасы болып қалды,
ал оның құқығы белгілі бір дәрежеде шектеулі еді. Айталық, әкесі мен атасы
баласынан немесе немересінен не алам, не қоям десе де ерікті болды. Ал
баласы атасынан не әкесінен тек үш мәрте ғана алуына рұқсат етілді
(төртінші peт алса, ол айып төлеген).
Әкесі қалыңмал мәселесін шешуге міндетті еді. Егер ол оны шеше алмайтын
болса, онда ұлына әкесінің малынан қажеттісін айдап кетуге құқық берілді.
Бұл орайда баласы ұры деп есептелмеді. Ұлға берілетін бөліктің ең аз
мөлшері ақсақалдармен шешілген.
Меншік құқығын шектейтін бірқатар принциптер де жерге байланысты.
Мәселен, егер жер иеленуші егістікке құрылыс салса, онда ол оның меншігі
болып есептелді.
Сонымен, меншік құқығын шектеу жалпының қатысу құқығы және жеке қатысу
құкығы болып бөлінді. Қазактарда жалпының қатысу құкығы кең тараған.
Мысалы, көшуге бөлінген жер, мал айдайтын жолдар жалпыға бірдей пайдалануға
жатты.
Қазақтардың әдет-ғұрып құқығы бойынша әрбір өкілеттілік (иелену,
пайдалану мен билік ету) шектеулі деуге болады. Әдетте ондай шектеу
өкілеттіліктің біреуіне немесе бірнешеуіне қатар жүрді. Меншік құқығын
шектеу тек бір ғана иелікке катысты болды, қазақтардың әдет-ғұрып
құқықтарында шектеусіз пайдалану мен билік ету кездеспейді. Иелік етуді
шектеу пайдалануды шектеумен бірге жиі кездеседі. Мысалы, оған кәмелетке
жасы толмағандар мен ақыл-есі кем адамдарға камқорлық жасау, сондай-ақ
қозғалатын мүлікті кепілдікке қою жатады. Меншік құқығындағы шектеу кейде
тек бір ғана билік етуге қатысты болды (мысалы, салынған қыстақты басқа
біреуге беруге тыйым салу).
Бірқатар ғалымдардың пікірі бойынша қазақтың әдет-ғұрыптық құқығында
бөтеннің затына деген құқық белгісіз болған. Ал басқалары әдет-ғұрып
құқығында мұндай кұқық танылған деп түйіндейді.
Біздің ойымызша, соңғы пікір көңілге конады. Оған туысқандарына мінерге
ат, сауарға мал, пайдалану мен иелік етуге жер беруінің өзі мұндай құқықтың
болғанын дәлелдей түседі.
Әдет-ғұрып құқығы мүліктерді қозғалатын, қозғалмайтын деп бөліп
карамайды. Дей тұрғанмен, заттық құқықтың белгісі ретінде "таңба" болды
(рулык, сословиелік және т.б.). Көшпелі өмірдің кезінде байлықтың көзі мал
деп есептелді, ал мал дегеніңіз ақшаның рөлін атқарды, демек, мал мен басқа
мүліктер арасында бөлудің басқаша түрі дүниеге келгені шындық. Малды
қазақтар "дәулет" дейді, демек, ол — байлық. Ал қалған қозғалатын не
қозғалмайтындары мүлік деп аталды. Қозғалатын заттар "нәрсе" деп те
айтылды. Осындай бөлу қазактардың мүліктік айналымдарында негізгі орын
алды.
Қазақтардың әдет-ғұрып құқығы бойынша заттық кұқыққа қысқаша талдау
жасағанда заттық кұқықтың бүкіл болмысын осы нормалардан табуға болады,
олардың кейбіреуінің тіпті ерекше маңызы бар. Мәселен, меншікті иеленудің
бір түрі — барымта. Барымта дегеніміз: иелену тәсілдерінің бірі болып
табылады, сондай-ақ тек осы құқыққа тән меншік кұқығын жүзеге асыру, қандай
да бір заңды талабын қанағаттандырмаған адамнан малын тартып алып кетудің
тәсілдері. Барымтаның мынадай жағдайлары бар:
а) барымтаға түнде емес, күндіз аттану;
ә) барымтаны ашық түрде жариялау;
б) келтірілген зиянның орнын толтыру үшін жасалатындығы;
в) егер де жауапкер талап қоюшыға ақысын төлемей, би жарлығын
орындамаса онда барымта жасалады.
ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ПЕН МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ АНЫҚТАМАСЫ

Меншік қай қоғамның да сан қырлы өзекті мәселесі болып келді. Сондықтан
да меншік құқығын құқық институты ретінде қараған кезде оны меншіктен
шығатын экономикалық категория деп түсіну керек.
Меншік дегеніміздің өзі материалдық игіліктерді — табиғаттың өнімдері
мен еңбекті — меншіктену әрі иеленуді білдіреді. Ол тарихи қоғамның ішкі
айқындауы арқылы пайда болады.
Сонымен, меншік затты иелену, меншіктену екен, оның өзі заттың пайдалы
қасиеттеріне орай жүзеге асады, демек, оны меншіктенген соң өндіріс
барысында пайдаланып, оған билік етіледі. Меншіктің экономикалық қатынасы
құқық нормаларымен реттеліп, меншік құқығына айналады.
Әлемдік құқықтану доктринасы мен отандық заң ғылымы меншік құқығын
объективті жағдайдағы меншік құқығы және субъективті жағдайдағы меншік
құқығы деп бөледі."
Материалдық игіліктерді иелену, пайдалану және билік етуге байланысты
қоғамдық қатынастарды реттейтін азаматтық құқық нормалары жөнінде (кодекс,
заңдар мен басқа да заңдык, нормативтік құжаттар) әңгіме болғанда — шын
мәнінде объективтік мағынадағы меншік кұкығы, яғни меншіктің құқық
институтын кұрайтын нормалардың жиынтығы екенін көреміз (мысалы, АК-тің 188-
276-баптары). Меншік құкығының объективті нормалары негізінде нақтылы
меншік иесі өз қалауы бойынша өзіне тиесілі мүлікті пайдалануына және оған
билік етуге құқылы екендігін, яғни сату-сатып алу, жалға беру және тағы
баска белгілі зандық фактілерді жүзеге асыра алатындығын әңгіме еткенімізде
меншік құқығының субъективті жағына тап боламыз (АК-тін 188-бабы).
Азаматтық кодекстің 188-бабында меншік құқығына мынадай анықтама
берілген: "Меншік құқығы дегеніміз — субъектінің заң кұжаттары арқылы
танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену,
пайдалану және оған билік ету құқылы". Бұл анықтама мейлінше дәл әрі ғылыми
жағынан толық берілген. Өйткені, субъектіге "тиесілі" деген сөзбен шектеліп
қалмай, мүліктеріне өз қалауынша иелену, пайдалану және билік ету құқығын
береді. Меншік кұкығына аныктаманы субъектінің, мүлікке заңға сәйкес билік
етуі, оны өзінің калауынша пайдалануы деп түсіну керек. Яғни субъектінің
затқа үстемдік етуі заңдастырылған және оған толық құқылы. Осындай
үстемдікке қол жеткізу арқылы меншік иесі заттың табиғат берген
қасиеттерінің бәрін пайдаланып. оны өзгертуге, өндеуге, билік етуге, тіпті
бөтен біреуге беруге, жойып жіберуіне толық құқы бар. Затқа заң арқылы
үстемдікті тану заң кұжаттарында көрсетілген шекте жүзеге асады, өйткені,
затқа үстемдікті шектеу меншік иесінің еркіндігіне белгілі бір дәрежеде
ықпалын тигізеді, демек, затқа меншік иесінің билігі шексіз болуы мүмкін
емес. Сондықтан да Азаматтық кодекстің 188-бабындағы меншік құқығын шектеу
мұндай кұқықтың шексіз еместігін көрсетеді, сол себепті де тұлғанын өз
иелігіндегі затты иелену, пайдалану және билік ету құқығы заң арқылы
айқындалады. Меншік иесінің еркіндігін шектеу меншік иесінің өз өкілеттігін
жүзеге асыруы баска тұлғалар мен мемлекеттің құкықтарын және заңмен
қорғалатын мүдделерін бұзбауға тиіс міндеттен туындайды. Мұндай құқықты
немесе заңды мүддені бұзу баска түрлерде де кездесуі мүмкін, айталық,
меншік иесі өзінің монополиялық немесе басым жағдайларын пайдаланып,
нарықта көрер көзге қиянатқа жол беруі мүмкін (АК 11-бабының 3-тармағы).
Міне, осындай теріс пиғылды әрекеттерге жол бермеу үшін де осындай талап
заңға енгізілді. Меншік иесі өз құкықтарын жүзеге асырған кезде
азаматтардың денсаулығы мен айналадағы ортаға келтірілуі мүмкін зардаптарға
жол бермеу шараларын қолдануға міндетті (АК-тің 188-бабының 4-тармағы).
Азаматтық кодекстің 188-бабында қаралған меншік құқығының иелену,
пайдалану және билік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншік және меншік құқығы
Азаматтардың меншік құқығы
Азаматтық құқықтағы заттық құқықтар
Кәсіпкерлердің заттық құқығы
Заттық құқықтың ұғымы
ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҚОРҒАУ
ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕРІ
Заттық құқықтың белгілері
Меншік құқығын қорғаудың заттық - құқықтық тәсілдері
Меншік құқығын тану
Пәндер