«Оңтүстік Қазақстан облысындағы халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту жолдары»


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

«Оңтүстік Қазақстан облысындағы халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту жолдары»

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

050600 - мамандығы -«Экономика»

Түркістан 2015

Ф-ОБ-001/033

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті

Әлеуметтік ғылымдар факультеті

«Қорғауға жіберілді»

«Экономика»

кафедрасының

меңгерушісі э. ғ. д., профессор

Б. Мырзалиев

« » 2015

Диплом жұмысы

Тақырыбы: Оңтүстік Қазақстан облысындағы халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту жолдары

5В050600 - «Экономика» мамандығы

Орындаған: СЭК 211до т. ст. Н. Еркінов

Ғылыми жетекшісі,

аға оқытушы: А. Самаликова

Түркістан 2015

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
4
:
КІРІСПЕ:
4:
: 1
КІРІСПЕ: ХАЛЫҚТЫҢ ТҰРЫС ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
4:
: 1. 1
КІРІСПЕ: Халықтың тұрыс жағдайы түсінігі, ықпал етуші факторлары, көрсеткіштер жүйесі
4: 6
: 1. 2
КІРІСПЕ: Халықтың әлеуметтік жағдайын бағалаудың әлімдік тәжірибелері
4: 14
:
КІРІСПЕ:
4:
:
КІРІСПЕ:
4:
: 2
КІРІСПЕ: ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
4:
: 2. 1
КІРІСПЕ: Қазақстандағы халықтың өмір сүру деңгейінің әлеуметтік - экономикалық жағдайы және әлеуметтік қорғау мәселелері
4: 23
: 2. 2
КІРІСПЕ: Оңтүстік Қазақстан облысында халықты әлеуметтік қорғаудың қазіргі жағдайын талдау
4: 38
:
КІРІСПЕ:
4:
:
КІРІСПЕ:
4:
: 3
КІРІСПЕ: ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫҢ ТҰРМЫС ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУ МЕХАНИЗМДЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
4:
: 3. 1
КІРІСПЕ: Халықты әлеуметтік қорғау және әлеуметтік саясат басымдықтары
4: 55
: 3. 2
КІРІСПЕ: Қазақстан Республикасындағы халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын жетілдіру шаралары
4: 59
:
КІРІСПЕ:
4:
:
КІРІСПЕ:
4:
:
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
4: 68
:
КІРІСПЕ:
4:
:
КІРІСПЕ:
4:
:
КІРІСПЕ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
4: 73

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Халықтың тұрмыс деңгейі - белгілі бір уақыт кезеңіндегі елдің (аймақтың) азаматының (тұрғынының) биологиялық, әлеуметтік және рухани-адамгершілік тіршілік иесі ретіндегі биологиялық жаратылысын, әлеуметтік мақсатын және тұлғалық ұмтылысын мүмкіндігінше толықтай жүзеге асыруларына қажетті тамаққа, киімге, баспанаға, көлікке, білімге, денсаулық сақтауға, мәдениетке, өнерге, демалысқа, қауіпсіздікке, еркіндікке және т. б. игіліктерге (қызметтер мен тауарлар) қажеттіліктері секілді физиологиялық, материалдық, рухани және әлеуметтік қажеттіліктерінің қанағаттандырылуын және аталмыш қажеттіліктерді қанағаттандыруға елдегі (аймақтағы) табиғи, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік, саяси, демографиялық, қауіпсіздік және т. б. мүмкіндіктерді ескеріп, анықталатын, халықтың тұрмысы ахуалының объективті, орташа, қорытынды бағасы. Елдің тұрмыс деңгейі неғұрлым жоғары болуы үшін әлеуметтік бағытталған мемлекеттік пәрменді саясат қажет. Мұндай саясаттың тұжырымдары айқын, саяси құралдары - ықпал ету тетіктері жүйелі жұмыс істей алатын дәрежеде болуы тиіс. Халықтың тұрмысынының деңгейін көтеруге бағытталған мемлекеттік әлеуметтік саясаттың негізгі тұжырымдарын айқындап, оны жүзеге асырудың бірыңғай тетіктерін жетілдіру үшін ең алдымен елдің әлеуметтік өмірі және оның даму серпіндері ғылыми негізде жан-жақты объективті бағаланып, талдануы шарт. Мұндай сараптаулар мен талдаулардың қорытындылары негізінде елдің әлеуметтік саласындағы жетістіктері мен олқылықтары анықталып, әрі қарай саланың дамуы беталыстары жақын, алыс болашақтарға болжанып, осы болжамдардың негізінде жоспарлануы тиіс. Тек мұндай болжамдар мен жоспарлар негізінде ғана ұтқыр мемлекеттік әлеуметтік саясатты әзірлеп, оны ұтымды жүргізуге жол ашылады. Елдің әлеуметтік өмірін және оның дамуы серпіндерін жан-жақты объективті бағалау және талдау үшін бірінші кезекте халықтың өмірінің барлық қырларын қамтыған, ахуалын нақты сипаттайтын көрсеткіштер кешені қалыптастырылу қажет. Әрі қарай, мұндай көрсеткіштер кешен ішінде сипаттық белгілеріне қарай топтастырылып, қорытылып, алынған мәліметтер негізінде сараптау, талдау, салыстыру жұмыстары жүргізілуі тиіс. Тек сонда ғана елдің әлеуметтік жай-күйін жан-жақты, объективті, толық бағалау мүмкін болады.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Елдің тұрмыс деңгейін анықтаудағы әлемдік тәжірибелерді ескере отырып, халықтың тұрмысы деңгейін бағалауды жетілдіру және Қазақстандағы халықтың тұрмыс деңгейін көтеру жолдарын айқындау. Зерттеу барысында келесідей міндеттерді шешу көзделді:

- Халықтың тұрмыс деңгейі түсінігінің мәні ашу, маңызы мен көрсеткіштерін айқындау;

- Қазақстан мен Оңтүстік қазақстан облысындағы халықтың тұрмыс деңгейлеріне талдау жүргізу;

- Халықтың тұрмыс деңгейін көтеру жолдарын ұсыну.

Зерттеу пәні мен нысаны. Зерттеу нысаны халықтың тұрмыс деңгейін анықтауда қолданылатын тұрмыстық жағдайды сипаттаушы көрсеткіштер жүйесі. Зерттеу пәні халықтың тұрмыс деңгейін жақсарту жүйесінде туындайтын мәселелермен байланысты нарық субъектілері арасындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастар жиынтығы.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізін әлеуметтік қорғау сферасындағы экономикалық ғылым тұжырымдамалары, әлеуметтік қорғаудың қалыптасқан модельдері, әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету жүйесінің заңдылықтарын ашатын теория мен тәжірибедегі отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, Қазақстан Республикасының нормативтік және құқықтық актілері, әлеуметтік қорғау жүйесіндегі Президент жарлықтары, үкімет қаулылары мен үкіметтің әлеуметтік бағдарламалары, еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық материалдары, ҚР статистика жөніндегі Агенттік мәліметтері мен мерзімді баспасөз құралдарының ақпараттары құрады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы . Зерттеуді жүргізу процесінде келесі нәтижелер алынды:

  • Халықтың тұрмыс жағдайына ықпал етуші көрсеткіштер айқындалды;
  • Қазақстандағы және Оңтүстік Қазақстан облысындағы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді талдау нәтижесінде өмір сүру сапасын арттыру мәселелері қарастырылды;

Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, 3 тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жалпы жұмыста барлығы 9 кесте бар, 4 сурет, 40 пайдаланылған әдебиеттер бар. Жұмыс көлемі 75 бетті қамтиды.

1 ХАЛЫҚТЫҢ ТҰРЫС ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Халықтың тұрыс жағдайы түсінігі, ықпал етуші факторлары, көрсеткіштер жүйесі

Кез келген қоғам дамуының түпкі мақсаты - адамдардың ұзақ, салауатты және материалдық тұрғыдан қарағанда молшылықта өмір сүрулері үшін қолайлы жағдайлар жасау. Қоғамның осы міндетті қаншалықты игергенін халықтың тұрмыс деңгейін статистиканың көрсеткіштер жүйесін талдау нәтижесінде білуге болады.

Халықтың тұрмыс деңгейі адамдардың қажетті игіліктер мен қызметтерді тұтынуда қол жеткізген деңгейін көрсетеді. Бұл қоғам өміріндегі барлық әлеуметтік -экономикалық жағдайларды қамтып көрсететін күрделі санат. Тұрмыс деңгейі ұғымын кең ауқымда қарастырғанда бұл ұғым халықтың әр түрлі игіліктер мен қызметтерді тұтынумен қатар еңбек және демалыс жағдайы, әлеуметтік қамсыздандыру мен кепілдіктер, тұлға құқықтарын сақтау, бос уақыттың болуы және оны жақсы пайдалану мүмкіндігі, табиғи климаттық жағдайлар сияқты сипаттамаларды да қамтиды. Мұндай жағдайда тұрмыс деңгейі ұғымының орнына "тұрмыс сапасы" термині жиі қолданылады. [1]

Халықтың тұрмыс деңгейін төрт топқа бөлуге болады:

  1. Молшылық (ауқаттылық) деңгейі. Бұл деңгей адамдардың жан жақты дамуын қамтамасыз ететін барлық игіліктерді пайдалануға мүмкіндік бар екенін көрсетеді.
  2. Қалыпты деңгей. Бұл - адамның дене және ақыл парасат күшін қалпына келтіру үшін ғылыми негізделген нормаға сай оңтайлы тұтынуға қол жеткізгенін сипаттайтын деңгей.
  3. Кедейшілік деңгейі. Мұндай деңгейде жұмысқа қабілеттілікті сақтауға ғана жететін игіліктер тұтынылады.
  4. Жоқшылық деңгейі. Бұл деңгей адамның тіршілік қабілетін демеп отыруға ғана жететін игіліктерді тұтына алатынын көрсетеді.

Халықтың тұрмыс деңгейін статистикалық тұрғыдан зерттеудің негізгі міндеттері болып мыналар саналады:

  • халықтың әр түрлі әлеуметтік топтарының табыс деңгейін, оның динамикасын зерттеу;
  • халықтың тұтыну шығындарын зерттеу;
  • халықтың тұрғын үй жағдайын зерттеу;
  • қызметкерлердің еңбек жағдайын зерттеу;
  • халықтың тұрмыс деңгейінің өзгеруіне әр түрлі әлеуметтік экономикалық факторлардың тигізетін әсерін талдау.

Тұрмыс деңгейі көпжақты санат болғандықтан, оны қандайда бір жалпы көрсеткіш көмегімен сипаттау мүмкін емес. Сонымен қатар халықтың материалдық әл-ауқатын бағалау сенімділігін арттыратын және аумақтық бөліністе кедейліктің, табыс теңсіздігінің неғұрлым толық сипаттамасын алуға мүмкіндік беретін жылыдық және тоқсандық сұрақ жауаптар өткізліп тұрады.

Халықтың тұрмыс деңгейі - халықтың материалдық және мәдени қажеттіліктерінің қанағаттандырылу дәрежесі. Алуан түрлі көрсеткіштерді қамтитын интегралдық сипаттамасы:

  • халықтың жан басына шаққандағы тұтыну қоры,
  • нақты табыс,
  • аса маңызды өнімдерді табиғи тұтыну мөлшері,
  • тұрғын үймен,
  • коммуналдық және әлеуметтік қызметтер көрсетумен қамтамасыз етілу,
  • білім берудің,
  • денсаулық сақтаудың,
  • әлеуметтік қамсыздандырылудың дамуы.

Халықаралық нормалар бойынша мыналар ескеріледі:

  • жұмыспен қамтылу және еңбек жағдайының жасалуы,
  • жеке адам құқықтарының қолданыстағы әлеуметтік кепілдіктері,
  • оның қоғамдағы қауіпсіздік жағдайы,
  • денсаулық сақтау,
  • демография,
  • экология көрсеткіштері,
  • азықаласытүлікпен және тағамдық құндылықтармен,
  • үй мүлкімен қамтамасыз етілу көрсеткіштері,
  • қорланым,
  • әлеуметтік қызметтер көрсету көрсеткіштері,
  • сондай-ақ қоғамдағы жіктелушілік,
  • келеңсіз әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың - инфляцияның,
  • жұмыссыздықтың,
  • кедейліктің,
  • қылмыстың,
  • кез келген белгілер бойынша кемсітушіліктің таралуы.

Тұрмыс деңгейін жалпы ел бойынша ұлттық-тарихи ерекшеліктерді ескере отырып, жекелеген аумақтар бойынша әлеуметтік топтар жағдайының өзгешеліктерін басшылыққа ала отырып, осы топтар бойынша бағалауға болады. Халықтың тұрмыс деңгейін сипаттау үшін материалдық игіліктердің көлемін, құрамын, олардың халықтың жекелеген топтары арасында пайдаланылуы мен бөлінуін сипаттайтын статистикалық деректер негізінде қалыптасатын бірқатар әлеуметтік - экономикалық көрсеткіштер (индикаторлар) қолданылады. Халықтың тұрмыс деңгейінің негізгі көрсеткіштері: халықтың ақшалай табысы, жалақының мөлшері, күнкөріс минимумының шамасы, тағайындалған зейнетақының орташа мөлшері, сондай-ақ әлемдік қоғамдастық адамзат әлеуетінің дамуы мен пайдаланылуы деңгейін кешенді түрде бағалау ретінде қарастыратын адамзаттың дамуы индексінің көрсеткіші. Халықтың тұрмыс деңгейі мен сапасын арттыру қоғамдық дамудың қазіргі кезеңде республиканың әлеуметтік саясатының аса маңызды міндеті болып табылады[2] .

Үй шаруашылықтарына ішінара зерттеу жүргізуді облыстық департаменттер арқылы Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі жүзеге асырады. Халықтың тұрмыс деңгейін табыс мөлшері әр-түрлі үй шаруашылықтары, халықтың әлеуметтік топтары немессе жалпы халық бойынша зерттеуге болады. Мұндай зерттеулерде төмендегі көрсеткіштер қолданылады:

  • тұрмыс деңгейінің интегралды көрсеткіштері;
  • халықтың жеке табысының көрсеткіштері;
  • халықтың тұтыну шығындарының көрсеткіштері;
  • халықтың табыс диференциясының көрсеткіштері;
  • әлеуметтік көрсеткіштер.

Тұрмыс деңгейінің интегралды көрсеткіштері қоғамның даму деңгңгейін сипаттау үшін қолданылады. Мұндай көрсеткіштерге табыс пен шығынның макроэкономикалық көрсеткіштері, демографиялық көрсеткіш-тер, халықтың экономикалық белсенділік көрсеткіштерін жатқызады [3] .

Жан басына шаққандағы ЖІӨ-дегі білімге, денсаулық сақтауға, әлеуметтік қызметтерге жұмаслаған мемлекеттік шығынның үлесі, үй шаруашылықтарының қолда бар нақты табыстары, олардың нақты ақырғы тұтыну шығындар, тұтыну бағаларының индексі айлық атаулы жалақының орташа мөлшері, нақты жалақының индексі, атаулы ақшалай табыстар, әлеуметтік трансферттер сияқты индикаторлары тұрмыс деңгейінің макроэкономикалық көрсеткіші болады.

Ал болжалыды өмір сүру ұзақтығы, туудың және өлім жетімнің жалпы коэфиценттері, нәрестелер, балалар, аналар өлімнің көрсеткіштері тұрмыс деңгейін демографиялық тұрғыдан сипаттайды.

Халықтың экономикалық белсенділік көрсеткіштеріне экономикалық белсенді халық, экономикалық тұрғыдан енжар халық, экономикалық белсенділік деңгейі, жұмыспен қамтылған халық, жалданып жұмыс істейтіндер, өз бетінше жұмыс істейтіндер, жұмыссызда, жұмыссыздық деңгейі сияқты көрсеткіштерді жатқызуға болады. Халықтың жеке табысы ақшалай және заттай алынған барлық табысты қамтиды.

Тұтыну шығындары көрсеткіштерін анықтағанда үй шаруашылықтарының ақырғы тұтыну және нақты ақырғы тұтыну шығындары есепке алады.

Тұрмыс деңгейін сипаттайтын әлеуметтік көрсеткіштер білім, денсаулық сақтау, мәдениет, т. б әлеуметтік сферадағы даму деңгейін көрсетеді.

Табыс диференциясының көрсеткіштері халықтың жеке топтарындағы табыс деңгейінің теңсіздігін, олардың қалай өзгеретінін көрсетеді [4] .

Аталған көрсеткіштер жүйесі тұрмыс деңгейін негізінен сандық жағынан сипаттайды. Ал халықаралық ұйымдар дамудың дамудың сапалық аспектілеріне көп көңіл бөледі. Сондықтан тұрмыс деңгейін анықтайтын мынадай сапалық көрсеткіштерге де көңіл бөлу қажет:

  • демографиялық көрсеткіштер;
  • денсаулық;
  • пайдаланатын азық-түліктің сапасы;
  • сауаттылық деңгейі;
  • білім және мәдениет саласының даму деңгейі.

Ал әр елдің даму деңгейіне халықаралық салыстыру жасағанда жан басына шаққандағы ЖІӨ - мен қатар нәрестелер өлімі, болжалды өмір сүру ұзақтығы сияқты көрсеткіштер қолданылады.

Қазіргі кезде кейбір халықаралық ұйымдар, ұлттық статистикалык қызмыттер тұрмыс деңгейін жан-жақты қамтып көрсететін әр түрлі интегралдық көрсеткіштерді есептеу, оларды талдау, қорытындылау мен айналысады. Мысалы, БҰҰ адам дамуы индексін халықтың тұрмыс деңгейін сипаттайтын қорытындылаушы көрсеткіш деп санайды.

Тұрмыс деңгейіне қарай қоғамның әр түрлі топқа бөлінуі экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, географиялық факторларға байланысты болады. Материалдық игіліктерді, қызметтерді тұтынуда халық ішінде болатын теңсіздік олардың табыстарының бірдей болмауына байланысты [5] .

Тұрмыс деңгейі бойынша халықтың дифференциясын бағалағанда мына көрсеткіштерді пайдаланады:

  • жан басын шаққандағы ақшалай табыс бойынша халықтың бөлінуі ;
  • халық табысының дифференциация коэфициенті;
  • табыс концентрациясының коэффициенті (Джинни индексі) ;
  • табысы кедейшілік шегінен төмен халық саны;
  • кедейшілік индексі.

Ал табыс мөлшеріне қарай халық дифференциациясының ерекшеліктерін айқындауүшін мода, медиана, квартиль, квентиль, дециль сияқты құрылымдық орташа шамалар қолданылады.

Модалық табыс деп халық табысының ішіндегі ең жиі кездесетін табыс деңгейін айтады. Модалық табысты келесі формула бойыншы есептеледі

м о = х м о + і м о × f M o f M o 1 ( f M o f M o 1 ) + ( f M o f M o + 1 ) м_{о\ = х_{мо} + і_{мо} \times \frac{f_{Mo} - f_{Mo - 1}}{\left( f_{Mo} - f_{Mo - 1} \right) + \left( f_{Mo} - f_{Mo + 1} \right) }}

Медианалық табыс деп жиынтықты тең екі бөлікке бөлетін табыс деңгейін айтады, яғни халықтың жартысының табысы менианалық табыстан аз болады, ал екінші жартысының табысы бұл көрсеткіштен артық болады. Медианалық табыстыт көрсетілген варияциялық қатар медианасының формуласына сәйкес анықтайды:

М е = х М е + і М е f 2 S M e 1 f M e М_{е} = х_{Ме} + і_{Ме}\frac{\frac{\sum_{}^{}f}{2} - S_{Me - 1}}{f_{Me}}

Табыстың консентрациясының коэффициенті немесе Джини коэффициенті де қоғамда табыстың біркелкі бөлінбегенін сипаттайд. Ол табыстың нақты бөлінуінің біркелкі бөлінуден қаншалықты ауытқитынын көрсетеді.

G = 1 2 i = 1 n x i × c u t y + i = 1 n x i y i G = 1 - 2\sum_{i = 1}^{n}{x_{i} \times cuty + \sum_{i = 1}^{n}{x_{i}y_{i}}}

мұндағы x i x_{i} - i- топтағы халықтың жалпы халық санындағы үлесі;

y i y_{i} - I топтағы халықтың табысының үлесі

c u t y cuty - жиынтық табыстың үлесі

n n -топ саны

Халықтың тұрмыс деңгейінің сипаттамасы толық болу үшін кедейлік индикаторларын есептеу кажет [6] .

Кедейлік - әр түрлі нысанда кез - келген қоғамда болатын құбылыс, сондықтан барлық елдерде кедейлікті жою мәселесі негізгі мәселелердің бірі болып саналады. Кедейлікті өлшеу үшін дүниежүзлік практикада үш негізгі әдіс қолданылады:

  • абсолютті,
  • қатысты;
  • субъективті.

Абсолютті әдісті қолданғанда кедейлік критерийі ретінде ең төменгі көнкөріс деңгейі алынады да, халықтың ақшалай табысы осы көрсеткішпен салыстырылады. Соның нәтижесінде кедей халықтың үлесі анықталады.

Кедейлікті қатысты әдісі арқылы анықтағанда кедей деп сол қоғамдағы тұтыну стандартына қол жетпегендерді атайды. Бұл әдіс бойынша халықтың табысы осы қоғамдағы орташа табыспен саластырылады.

Кедейліктің субъективті әдісі адамдардың материалдық жағдайларын өздері субъективті түрде бағалауына негізделген. Адамдар өз әл ауқатын дәл бағаламағандықтан, бұл әдістің кемшіліктері көп.

Үй шаруашылықтарының табыстары мен тұтыну шығындары. Халықтың тұрмыс деңгейіне мемлекеттік статистикалық қадағалау жүргізу үшін үй шаруашылықтарын ішінара бақылауға алынып, зерттеледі.

Қазақстанда үй шаруашылықтары секторын зерттеу 1994 жылдан басталды. Қазіргі кезде халықтың тұрмыс деңгейін сипаттайтын көрсеткіштерді анықтау үшін12 мың үй шаруашылықтары бақылауға алынды.

Үй шаруашылығы - бір немесе одан да көп адамдардан құралған, бірге тұратын өз табыстары мен мүлкін толықтай немесе ішінара біріктіретін және тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді бірлесіп тұтынатын экономикалық субъект.

Табыс адам мүмкіндіктерін ұлғайтады, сондықтан оны адам дамуы индексін есептегенде лайықты тұрмыс деңгейін анықтайтын компонеттердің бірі ретінде қолданылады. Үй шарушылығының табысын ақшалай табыс және басқа табыстар деп бөледі.

Мемлекеттік статистиканың халықаралық стандартқа көшуіне байланысты қазіргі кезде үй шарушылықтарының табыстары мен тұтыну шығындарына қатысты мынандай индикаторларды анықтайды:

  • үй шаруашылықтарының қолда бар табыстары;
  • үй шаруашылықтарының түзетілген қолда бар табыстары;
  • үй шаруашылықтарының қолда бар нақты табыстары;
  • үй шаруашылықтарының нақты ақырғы тұтынулары;
  • тұтыну бағаларының индексі.

Адам даму индексі - ол нөльден бірге дейін көрсеткішпен қабылданатын елдің даму деңгейі мен өмірдің сапасын көрсететін жиынтық көрсеткіші. БҰҰ эксперттерінің анықтауы бойынша елдің, адам дамуы потенциалының индексі (АДПИ) 0, 9 және одан жоғары болса, ол дамыған, ол деңгейге жетпейтіндер - дамушы елдер. Көрсеткіші 0-ден 0, 499-ге дейінгілер АДПИ-і төмен, 0, 500-0, 799 - орташа, 0, 800-0, 899 - жоғары, 0, 900-дан көбі - өте жоғары болып саналады. Бұл көрсеткіштерді таңдау, мысалы қоғамдағы еңбек потенциалы ауру мен жарақаттың азаюы, жұмыс күнінің саны мен еңбекпен қамту масштабының кеңеюі есебінен өсетініне негізделген.

Біріккен ұлттар ұйымының даму бағдарламасы ПРООН-ның 2014 жылы жариялаған әлемдегі елдердегі адам дамуының индексі 2013 жыл бойынша Қазақстан Республикасы 0, 757 балл мен 70-орынды иеленді. Бізбен шамалас алыс шет елдегі Норвегия 0, 944 баллмен 1-орынға, Дания 0, 900 баллмен 10-орынға, Финляндия 0, 879 баллмен 24-орынға, Венгрия 0, 818 баллмен 43-орынға, Хорватия 0, 812 баллмен 47-орынға, Болгария 0, 777 баллмен 58-орынға, Венесуэла 0, 764 баллмен 67-орынға, Коста-Рика 0, 763 баллмен 68-орынға ие болыпты. Ал ТМД елдеріне келер болсақ біздің, мәңгілік-қазақ елінен озғандар мыналар: Эстония 0, 840 баллмен 33-орынды, Литва 0, 834 баллмен 35-орынды, Латвия 0, 810 баллмен 48-орынды, Беларусь 0, 786 баллмен 53-орынды иеленген. ТМД елдерінің ішінде біздің мәңгілік елімізден кейін қалғандар мыналар: Грузия 0, 744 баллмен 79-орынға, Укриана 0, 734 баллмен 83-орынға, Армения 0, 730 баллмен 87-орынға, Туркменстан 0, 698 баллмен 103-орынға, Өзбекстан 0, 661 баллмен 116-орынға, Қырғызстан 0, 628 баллмен 125-орынға, Тәжікстан 0, 607 баллмен 133-орынға ие болған. Сараптаумен барлығы 187 ел қамтылған. Ең соңғы 187-орынды 0, 337 баллмен Нигер елі иеленген [7] .

БҰҰДБ (ПРООН) 2010 жылы адам дамуы деген ұғымға жаңаша анықтаманы былайша пайымдаған еді: «Адам дамуы - адамдардың ұзақ, ауру-сырқаусыз, шығармашыл, жасампаз өмір сүруі мен басқа да мақсаттарына жету еркіндігінің кеңею үдерісі» болып табылып, олардың пікірінше, аса құндылық деп танылатын: ғаламшарымыздың тұрақты дамуы мен әділеттілікті қамтамасыз етуге белсенді ат-салысу мүмкіндігі. Адам даму индексі (АДИ) белгілі бір елдегі адам даму деңгейінің жиынтық көрсеткіші, сондықтан бұл ұғымды «өмір сүру сапасы», «өмір сүру немесе «тұрмыс-тіршілік деңгейі»» деген ұғымдардың баламасы, синонимі ретінде қолданады.

АДИ негізгі үш бағытты қамтиды:

1. Дүниеге келгеннен кейін болжамды өмір ұзақтығы арқылы өлшенген ден-саулық пен өмір ұзақтығының көрсеткіші.

2. Ересек тұрғындардың сауаттылық деңгейі мен біліммен қамтудың жиынтық жалпы коэффициенті арқылы өлшенген білім алу мүмкіндігі.

3. Сатып алу қабілеті басымдылығы ППС бойынша АҚШ долларымен есептелген жан басына шаққандағы (ІЖӨ) ішкі жалпы өнім шамасымен өлшенетін тұғырлы өмір деңгейі.

Осы уақытқа дейінгі экономиканың дамуы табиғи ресурстарды пайдалану мен минералдық шикізатты өндіріп экстенсивті түрде болғандықтан Қазақстан үшін адам капиталын дамытудың маңызы зор [8] .

Экономика мен әлеуметтік-мәдени салаларда жүргізілген прогрессивті өзгерістерге қарамастан елдегі экономиканы модернизациялау мен индустриалды-инновациялық жолмен дамуға көшу қарқыны әлі жеткіліксіз. Қазақстан ғалымдарының жетістіктері мен елдегі білім жүйесі әлемдік деңгейдегі талаптарға сай болмағандықтан бәсекеге қабілетсіз. Оның бір себебі Қазақстан экономикасының дамуы мен модернизациясы және мәдени-әлеуметтік механизмдер мен методологиясы дайындалмағандықтан бұл салалар осы уақытқа дейін индустриалдық доминант тұрғысынан, яғни негізгі мақсат пен дамудың нәтижесі экономиканың шикізатты өндіруі мен материалдық капиталды пайдалану тұрғысынан қаралуында. Сонымен қатар модернизациялау мен елдің постиндустриалдық қоғамға көшудегі шешуші фактор адам капиталын дамытуға арналған жүйелі зерттелген ғылыми негіз бен механизмнің болмауы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақтөбе облысындағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қазіргі жағдайын талдау
Туризм мәні
Оңтүстік Қазақстан облысында агробизнестің дамуы
Қазақстандағы, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы туризмді дамыту жолдары
Қызылорда облысы халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайының өзекті мәселелері
Территориялды еңбек мобильділігі миграция ретінде
Жамбыл облысына тарихи тұрғыдан сипаттама
Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуы
Сапаның экономикалық маңызы
Қазақстан Үкіметі, аймақтық биліктермен аймақтық экономикалық саясат координациясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz