Франция 1945-2006 ж.ж. аралығында


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   

Тақырып 12: Франция 1945-2006 ж. ж. аралыѓында

Жоспары:

1. Франция ‰шін екінші д‰ниеж‰зілік соѓыс ќорытындысы. Де Гольдіњ саясаты.

2. Францияныњ экономикалыќ ќалпына келтірілуі мен демократиялануы.

3. І‡-ші республиканыњ Конституциясы, оныњ сипаты мен ерекшеліктері.

4. Франция саясатындаѓы консервативті тенженцияныњ дамуы. “Маршал жоспары” мен Франция.

5. 1956 ж. ¦лттыќ жиналысќа сайлау. Ги Моленніњ ‰кіметі жєне оныњ саясаты.

6. Франциядаѓы ‡-ші республика.

7. Помпиду мен Жискар д”Эстенніњ президенттігі.

8. Оњшыл к‰штердіњ ныѓаюы мен олардыњ 1986 ж. парламент сайлауларындаѓы жењісі.

9. 1988 ж. сайлау жєне Митеранныњ жењісі.

10. 1993 ж. парламенттік сайлау. Э. Балладюрдіњ ‰кіметі.

11. 1995 ж. президенттік сайлау, Ж. Ширактіњ жењіске жетуі.

12. Францияныњ ќазіргі тањда саяси-экономикалыќ дамуы.

Лекцияның мақсаты : Шарль де Гольдің Франция өміріндегі орнын анықтау және ІҮ мен Ү Республикалар жылдарында Францияның ішкі-саяси, экономикалық өмірін қарастыру. Сондай-ақ 1990 жылдардың басында Ж. Ширактың әлем саясатындағы ұстанымына баға беру. ЕО құрамында Францияның орнын анықтау.

Лекцияның мазмұны: Соғыстан кейiн Францияның саяси iшкi өмiрiндегi маңызды саяси оқиға жаңа конституция жасауға тиiс Құрылтай жиналысына сайлау болды. Болашақ Конституцияның мазмұны, Құрылтай жиналысының өкiлеттiлiгi мен құқықтары жөнiндегi мәселе қызу таластар туғызды. Коммунистiк партия мен ВКТ Құрылтай жиналысына кең өкiлеттiлiктер берудi ұсынды. Радикалдар партиясы Құрылтай жиналысын шақырмай-ақ 1875 жылғы конституцияны қалпына келтiрудi талап еттi. Генерал де Голль Құрылтай жиналысының өкiлеттiлiгiн шектеп, оны шақыру мәселесiн шешудi халыққа берудi /референдум/ ұсынды.

21 қазан 1945 жылы Францяда соғыстан кейiнгi алғашқы сайлау жүргiзiлдi және онымен бiр мезгiлде Құрылтай жиналысы туралы мәселе бойынша референдум өткiзiлдi. 96, 4 процент сайлаушылар 1875 жылғы конституцияны жоюды және Құрылтай жиналысын шақыруды қолдап, дауыс бердi. 66, 3 процент сайлаушылар де Голль ±сынған өкiмет ±йымдастыру жобасымен келiстi. Құрылтай жиналысына сайлау елде жаңа саяси ахуал туғызды. Коммунистiк партия Франция тарихында тұңғыш рет парламентте бiрiншi орын алып, үлкен жеңiске жеттi - 5 млн. дауыс, 152 депутаттық мандат. Екiншi орында Социалистiк партия - 4, 6 млн. дауыс, 142 депутаттық мандат. МРП 4, 5 млн. адамның дауысын жинады - 141 мандат. Оңшыл Республикандық бостандық партиясына сайлаушылардың небәрi 6 процентi ғана дауыс бердi. Осылайша Құрылтай жиналысында коммунистер мен социалистер көпшiлiк орынға ие болды. /545 мандаттың 294-i/. Құрылтай жиналысының басым көпшiлiгiне көнгiсi келмеген генерал де Голль 20 қаңтар 1946 жылы күтпеген жерден отставкаға кеттi. Онан кейiн кейiнгi 12 жылда ол саясатпен айналысқанына қарамастан үкiмет құрамына кiрген жоқ.

Де Голль отставкаға кеткен соң коммунистер социалистiк партияға бiрiгiп үкiмет құруды ±сынды. Үкiмет басшысы болып социалист Ф. Гуэн, сонан соң 1946 жылдың маусымынан - МРП партиясының лидерi Ж. Бидо болды. Гуэн мен Бидо үкiметiне коммунистердiң қатысуы қалың көпшiлiк талап еткен iрi реформаларды жүзеге асыруға себепшi болды. 1945-1946 жылдарда оңшыл топтардың қарсылығына қарамастан iрi 5 банк: Француз банк, Лион кредитi, Бас қоғам, Ұлттықесеп конторы, Ұлттықсауда-өнеркәсiп банкi; басты сақтандыру компаниялары; көмiр, электро-энергия мен газ өнеркәсiбi национализацияланды. Олар бұрынғы национализацияланған кәсiпорындармен бiрге iрi мемлекеттiк сектор құрды.

Еңбек министрi А. Круазаның инициативасымен 40-сағаттық жұмыс күнi қалпына келтiрiлдi, 40 сағаттан асқан жұмысқа жоғары бағада ақы төлендi. Жұмысшыларға екi апталық, қызметкерлерге үш апталық төленетiн демалыс қалпына келтiрiлдi. Морис Торездiң басшылығымен шахтерлердiң мемлекеттiк қызметкерлердiң статуты жасалынды. ¶кiмет шаруашылығы соғыстан б±лiнген шаруаларға ссуда бердi, қартайған шаруалар пенсия алатын болды. Соғыстан б±лiнген экономиканы тез қалпына келтiру үшiн компартия мен ВКТ жұмысшыларды “өндiрiс үшiн күреске” шақырды.

13 қазан 1946 жылы екiншi рет өткiзiлген референдумда сайлаушылардың көпшiлiгi қолдап, жаңа конституцияға дауыс бердi. 1946 жылы желтоқсанда жаңа конституция ресми тұрде күшiне ендi. 1946 жылғы француз конституциясы Қарсылықтың солшыл ұйымдарының конституциялық жобаларының көптеген идеясын өмiрге енгiздi. Ол буржуазиялық елдердегi демократиялық конституцияның бiрiнен саналды. Конституцияға сәйкес Франция “тұтас, шайырлы, демократиялық және әлеуметтiк Республика” болып жарияланды. 1946 жылы конституцияда еңбек ету құқы, демалыс құқы, әлеуметтiк қамтамасыз ету құқы, бiлiм алу құқы сияқты ең қажеттi әлеуметтiк құқықтар көрсетiлген. Сонымен қатар конституцияда ерлер мен әйелдердiң тең праволылығы, еңбекшiлердiң кәсiпорын басқаруға қатысуы, кәсiподақ және саяси қызмет, “заң аясында” ереуiл жасау құқықтары айқындалған. 1946 жылы конституцияға солшыл күштердiң талап етуiменен әлеуметтiк-экономикалық қайта құрулар мұмкiндiгi енгiзiлдi. “Француз империясы” деген атау “Француз одағы” деген терминмен ауыстырған. Франция халқының және отар мен тәуелдi елдердегi халықтардың құқытары мен мiндеттерiнiң теңдiгi жарияланды.

1946 жылғы конституция бойынша мемлекеттiк өкiметтiң ең жоғарғы органы Ұлттықжиналыс пен республика Кеңесiмен тұратын парламент болды. Жалпы халықтық дауыспен сайланатын Ұлттықжиналыс ғана заңдар шығара алды. Республика Кеңесi заңның қабылдауын кейiнге қалдыруға және оны Ұлттықжиналыста қайта қарауға жiберу құқын иелендi. Үкiмет Ұлттық жиналыс алдында жауапты, оның талабымен отставкаға кетуге мiндеттi. Республика президентiн парламент сайлады, оның барлық актiлерiн үкiмет бекiттi. Жалпы алғанда 1946 жылғы конституция буржуазиялық-демократиялық сипатта болды.

Блюм бастаған тек социалистерден тұратын бiрпартиялық үкiмет құрылды. Ол бiр ай ғана өмiр сұрдi. Соған қарамастан Францияның тағдырында терең iз қалдырған iс iстеп үлгердi. 1946 жылы желтоқсанда ол Вьетнамда отарлық соғыс тұтандыруға себепшi болды. 1947 жылы желтоқсанда Блюм үкiметi социалист Рамадье бастаған коммунистер, социалистер, МРП мүшелерi, радикалдардың өкiлдерi кiрген коалициялық үкiметке орын бердi. Екi палатаның бiрiккен мәжiлiсiнде Франция президентi болып Венсан Ориоль сайланды. Ұлттықжиналыстың төрағасы Эррио болды. Уақытша режим күнi бiттi. Төртiншi Республика кезеңi басталды.

Төртiншi республика. Төртiншi республиканың алғашқы жылдарында Францияның экономикалық жағдайы ауыр болып қала бердi. 1948 жылы ғана өнеркәсiп өндiрiсi көлемi соғысқа дейiнгi деңгейiне жеттi. 1949 жылы карточкалық система жойылды, тек 1950 жылы ғана ауылшаруашылық өнiмi соғысқа дейiнгi деңгейiне жеттi. Осы кезеңде бюджет жоқтың қасы едi. Мұнан соң экономикалық даму жедел жүрдi. Соғыстың салдарларын жою, ғылыми-техникалық революция, мемлекеттiк заказдар мен кредиттер өнеркәсiптiң даму қарқынын көтеруге мұмкiндiк бердi. 1957 жылы өнеркәсiп өндiрiсiнiң көлемi соғысқа дейiнгiден екi есе асып тұстi. Әсiресе өнеркәсiптiң жаңа салалары электротехника, химия, автомобиль жасау тез дамыды да, олардан бұрынғы салалары тоқыма, терi, көмiр т. б. едәуiр қалып қойды. Осының нәтижесiнде ауыр өнеркәсiптiң үлес салмағы артты.

Өндiрiстiң шоғырлануынан Франция басқа капиталистiк елдерден қалып қойды. Француз өнеркәсiбiнде ±сақ кәсiпорындар әлi де көп едi. Соғыстан кейiн өнеркәсiптiң тез қарқынмен өсуiне байланысты француз империализмi өзiнiң өсiмқорлық сипатын жоғалтты. Шет елге капитал шығару ссудалық капитал тұрiнде емес, өнiм тұрiнде шығарылды. Ауылшаруашылығы өнеркәсiпке қарағанда баяу дамыды. 1957 жылы оның өнiмi соғысқа дейiнгi деңгейiнен 15%-ке ғана асып тұстi. Ауылшаруашылығын механизациялау қарқыны өнеркәсiптi техникамен жабдықтау қарқынынан қалып қойса да, ауылшаруашылық аудандарының көпшiлiгi электрлендiрiлдi. Трактор, автомобиль, комбайн саны көбейдi. Химиялық тыңайтқыштар көптеп қолданыла бастады. Ауылшаруашылығының өндiрiсiнде шоғырлану әпежептәуiр Үлғайды. . 1956 жылы iрi капиталистiк шаруашылық екi соғыс аралығымен салыстырғанда екi есе өстi.

Соғыстан кейiнгi кезеңде мемлекеттiк-монополистiк капитализмнiң дамуында үлкен қадам жасалды. Француз мемлекеттiк-монополистiк капитализмiне тән сипат соғыстан кейiнгi кезеңде iрi мемлекеттiк сектордың құрылуы мен экономиканы “бағдарламалауды” кең тұрде қолдану болды. 1946 жылы жоспарлау бойынша Бас секретариат құрылды. Ол экономикалық дамуды жоспарлауды дайындау мiндетiн атқарды. 1947 жылы үкiмет Франция тарихында тұңғыш рет модернизациялау мен реконструкция жоспарын қабылдады. Ол инициаторының атымен “Монне жоспары” деп аталды. Монне жоспары аяқталған соң, Төртiншi республиканың соңына дейiн күшiн жоймаған “Екiншi жоспар” (1954-1957ж. ж. ) деп аталатын жоспар пайда болды.

Антифашистiк коалицияның жiктелуi және халықаралық қатынасының шиеленiсуi коммунистердi үкiмет құрамынан қууды және КСРО-ға “жесткий курс” ±стауды талап еткен француз оңшылдарының әрекетiне жағдай туғызды. Францияда саяси күштердiң қайта топтасуы басталды. Қарсылық қозғалысы тарап кеттi. 1947 жылы сәуiрде генерал де Голль жаңа саяси ±йым - “Француз халқының бiрiгуi” (РПФ) деген ±йым құратынын жариялады. РПФ сыртқы саясатында батысевропа елдерiнiң саяси және экономикалық одаққа бiрiгуiн қолдады, Вьетнамдағы отарлық соғысты жақтады, байырғы халықтарға “iшкi өкiлеттiлiк” құқын беру мұмкiндiгiн жоққа шығармай, Францияның отарлардағы саяси, экономикалық,, әскери ±стемдiгiн сақтауды талап еттi. РПФ басшылары коммунизммен күресудi әу бастан-ақ басты мiндетiмiз деп санады. Олардың үгiт-насихатында Кеңес Одағын “агрессор”, “диктатор” етiп айыптау кең орын алды.

Сыртқы iстер министрлер Кеңесiнiң Москва мәжiлiсiнде Англия, Франция және АҚШ КСРО-мен есептеспей сепараттық келiсiмге қол қойды. Онда Англия мен АҚШ Францияға көмiр берудi Үлғайтуға және Саардың Францияға қосылуына қарсы болмайтындықтарына уәде бердi. Француз делегациясы ағылшын-американ саясатының антисоветтiк және антикоммунистiк бағытын мақұлдайтынын бiлдiрдi. Француз үкiметi Вьетнам Демократиялық Республикасының бейбiт келiсiмiн қайтарып, ¶ндiқытайға экспедициялық корпус жiбердi және Вьетнамда қуыршақ әкiмшiлiк құрды. 1947 жылғы наурыз-сәуiрде Рамадье үкiметi Мадагаскар аралындағы халықтың көтерiлiсiн басу үшiн жаппай репрессия жүргiздi. Компартия отарлық соғысқа қатты қарсы болды және Вьетнам ДР үкiметiмен бейбiт келiссөздi бастауға шақырды. Коммунистер мальгаш халқына қарсы жүргiзiлген репрессияны айыптады және Рамадье үкiметiнiң бұйрығы бойынша тұтқындалған Мадагаскар депутаттарын босатуды талап еттi.

Үкiмет коалициялық партияларының арасында конфликт 1947 жылы өз шыңына жеттi. 1947 жылы 25 сәуiрде национализацияланған Рейн автомобиль заводының жұмысшылары жалақыны көтеру талабымен ереуiлге шықты. Коммунистер оларды қолдады. Рамадье үкiметiнiң құрамына кiрген қалған партиялар бағаның өсуiмен күрес жүргiзу қажет деп, жалақының көтерiлуiне қарсы шықты. Саяси дағдарыс туды. Оны шешуiдiң ең оңай жолы Рамадье үкiметiнiң отставкаға кетуi мен жаңа үкiметтiң Ұлттықжиналысын қалыптастыру едi. Коммунистер осы жолды қолдады. Алайда, Рамадье және СФИО-ның парламенттiк фракциясының лидерi Блюм коммунистердi үкiметтен шығаруға Үйғарды. 5 мамыр 1947 жылы Рамадье үкiметтен министр-коммунистердiң шығарылғандығы жөнiнде декрет жариялады. Ұлттықжиналыс көпшiлiк дауыспен мұны қолдады. Осылайша сайлаушылардың көпшiлiгiнiң сенiмiне ие болған Франциядағы ең iрi партия демократиялық нормаларға сәйкес келмесе де үкiметтен ығыстырылды. үшпартиялық коалиция күйредi.

Үшпартиялық коалиция күйреген соң социалистiк партия мен радикалдық партия Ұлттықжиналыста азшылық болып қалды. ‰кімет басында коммунистердiң сүйенуiнсiз отыру үшiн, олар оңшыл топтардың көмегiн қажет еттi. Парламенттi таратуды және жаңа сайлау жүргiзудi талап еткен деголльдiктермен социалистердiң де, радикалдардың да келiскiсi келмедi. Осындай жағдайда Блюм мен Ги Молле коммунизм мен голлизм қаупiне қарсы күресетiн “үшiншi күш” коалициясын құруды ±сынды. 1947 жылы қарашада “үшiншi күш” үкiметi Рамадье үкiметiн ауыстырды. Оны радикалдық партияның көрнектi қайраткерi, 1940 жылы Петэн үкiметiнiң мүшесi болған, онан соң Қарсылыққа қатысқан Робер Шуман басқарды. “Үшiншi күш” коалициясын елде де, парламентте де, көпшiлiк қолдамады. Сондықтан олар оңшылдарға сүйендi. Соғыстан кейiн алғаш рет үкiмет құрамына, өздерiн “тәуелсiздермiз” деп атаған оңшыл партиялардың екi өкiлi кiрдi. “Үштiк күш” коалициясының өкiмет басына келуiмен, Франция буржуазиялық парламентаризмнiң ең нашар традицияларына - көпшiлiкке ие болмаған кабинетке, үнемi министрлiктердiң дағдарысы мен үкiметтiң тұрақсыздығына қайта оралды. Олар 1947 жылдың қарашасынан 1951 жылдың маусымына дейiн басқарды. Осы уақытта 8 үкiмет ауысты.

Өкiмет басына “үштiк күш” үкiметiнiң келуiне байланысты Франция саясатында түбегейлi бетбұрыс жасалды. 1948 жылы наурызда Франция Батыс одаққа мүше болды. 1948 жылы жазда Франция 16 мемлекеттiң iшiнде “Маршалл жоспарының” шарттарын қабылдады. Американ көмегiн алудан Франция Англиядан кейiнгi екiншi орынды иемдендi. “Маршалл жоспары” уақытысында (1949-1954ж. ж. ) Франция АҚШ-тан 3, 2 млрд. доллар алды. Мұнан басқа бұрынғы американ-француз келiсiмi бойынша 2 млрд. -қа жуық доллар алды.

1949 жылы сәуiрде Франция Солтұстiк Атлант пактiсiне (НАТО) кiрдi. Осыған кiре отырып, Франция АҚШ пен Англияның “кiшi партнерiне” айналды. Франция территориясында НАТО-ның соғыс базасы мен штаб-квартирасы, сондай-ақ американ әскерi орналасты. НАИТО-ғы одақтастардың қысымымен Францияның соғыс шығыны тез өстi. Мұнан соң, Францияның сыртқы саясатының басты бағыты “Атлантизм” және “Қырғи қабақ соғысқа” сәйкес Кеңес Одағы болды. Вьетнам халқына қарсы соғыса отырып, француз отаршылдары Оңтұстiк Вьетнамда император Бао-Дао бастаған қуыршақ үкiмет құрды. Франция 1949 жылы Бао-Даомен Француз Одағының аясында “тәуелсiздiк” беру туралы келiсiмге қол қойды. Дәл осылай Лаос пен Камбоджаның “тәуелсiздiгi” танылды. Олардың территорияларында француз әскерi қалып қойды.

“Үштiк күш” басқару жылдарында елдiң iшкi саяси өмiрiнде де елеулi өзгерiстер болды. Үшпартиялық системада партиялардың ынтымақтастығы социалистiк партия мен радикалдық партияның коммунистерге қарсы аяусыз күресiне ауысты. Коммунистермен тiлектес социалистер СФИО басшылығынан кетiрiлдi немесе шығарылды. Радикалдар партиясы “атлантизм” және “европалық интеграция” принциптерiн уағыздады. Елде және үкiметте оңшылдар ықпалы күшейе тұстi. Олардың негiзгi саяси ±йымы “тәуелсiздер мен шаруалар Орталығы” (Центр независимых и крестьян) деп аталды. Парламентте “тәуелсiздердi” Поль Рейно басқарды.

“Тәуелсiздер” буржуазияның консервативтiк топтарының көңiл-күйiн бiлдiрдi және француз кәсiпкерлерiнiң Ұлттықкеңесiнен толық қолдау тапты. Олардың iс-әрекетiнде антикоммунизммен қатар “кәсiпкерлерге бостандық” ұранын жариялады. “Тәуелсiздер” экономика саласында “дирижизмдi”, өнеркәсiп пен банктердi национализациялауды айыптады, әлеуметтiк сақтандырудың мемлекеттiк жүйесiне қарсы шықты. Олардың сыртқы саясаты “қырғи қабақ соғыс” рухында “атлантизм” және “Европада интеграциялау” принципiнiң негiздерi, олар Америка Құрама Штаттарымен тығыз байланысты болуды және Батыс Германияның қайта қарулануын талап еттi. “Қырғи қабақ соғыс” жағдайында вишистердi ақтау кампаниясы кең етек алды. 1951 жылы 24 мың вишистер мен француз соты соттаған 39 мың сатқындар ақталды. 1948 жылы Петэндi азат еткен комитет құрылды. Ол өлген соң, 1951 жылы Петэндi Версальдағы қасиеттi орынға қайта жерлеу кампаниясы басталды.

1951 жылы маусымда Ұлттықжиналысқа сайлау жүргiзiлдi. Көптеген жала жабылғанына қарамастан компартия 5 млн. дауыс (26, 5%) жинап, қайтадан бiрiншi орынға шықты, екiншi орында радикалдар партиясы 4, 1 млн. дауыс (21, 7%) жинады. “Үштiк күш” партиялары Едәуiр жеңiлiске ±шырады, олардың жеңiске жетемiз деген ұмiтi ақталмады. Партиялардың ара салмағының үлкен өзгерiске ±шырауы “үштiк күш” коалициясын ажыратты. 1951 жылы қыркүйекте социалистер радикалдар партиясының Баранженiң инициативасымен қабылданған дiни мектептердi субсидиялау туралы заңға қарсылық ретiнде үкiметтен шықты. Францияда саяси өмiрдiң тетiгi оңға қарай бұрылды. “Тәуелсiздер” тобы жетекшi роль атқара бастады, олардың ықпалы тез өстi.

Социалистер оппозицияға кеткен соң, 1956 жылғы сайлауға дейiн ауысқан Төртiншi республиканың алты үкiметi оңшыл -орталықтық партияларға, атап айтқанда “тәуелсiздер, ” радикалдар және халықтық-республикандық қозғалыс (МРП), сүйендi. 1652 жылы үкiметтi алғаш рет “тәуелсiздердiң” лидерлерiнiң бiрi фабрикант Антуан Пине басқарды. Пиненiң үкiметтiк декларациясы байларды “салықтан босатуды” көздеп, жаңа салықтардан бастарту, мемлекеттiң экономикаға араласуын азайту, баға мен жалақының өсуiн тежеу шараларын белгiледi. Антуан Пиненiң өкiмет басына келуi Франция экономикасы даму кезеңiнiң француздардың зәресiн алған бағаның өсуi тоқтаған кезге сәйкес келдi.

1952-1955 жылдары бағаның ресми индексi көбейген жоқ, кейде төмен тұстi. Франк тұрақтанды. өнеркәсіп пен ауылшаруашылық өндiрiсiнiң көлемi 15-тен 27 %-ке өстi. Осы көрсеткiштерге сүйене отырып, буржуазиялық баспасөз “Пине экспериментiнiң” табысы туралы жазып, оны “Пине кереметi” деп те көрсеттi. Пине iшкi саясатында компартия мен жұмысшы қозғалысына қарсы күрестi. Компартияға тиым салу жағдайын тудыру мақсатында полициялық арандатушылық ±йымдастырылды. Оның сылтауы 1952ж. 28 мамырда коммунистiк партия Парижге НАТО қарулы күштерiнiң басқолбасшысы генерал Риджуэнiң келуiне қарсы демонстрация ±йымдастыруы болды. Демонстрация кезiнде демонстранттар полициямен қақтығысты. Оның барысында демонстрацияға қатыспаған ФКП Бас хатшысының мiндетiн атқарушы Ж. Дюкло тұтқындалып, парламенттiк тиiспеушiлiк (неприкосновенность) құқы бұзылды. Оның машинасындағы көгершiндерге арналған, тамақты байқап полиция көгершiндер демонстранттармен байланысуға қолданылды деген айып тақты. Бұлоперация тарихқа “Көгершiндермен жасалған қастандық” деген атпен ендi.

Пине үкiметiнiң сыртқы саясатының бағыты Батыс Германияны “Европалық армия” аясында қайта қарулануды қолдаумен сипатталынады. “Плевен жоспарына” сәйкес Пине үкiметi 1952 жылы мамырда Европалық қорғаныс қауымдастығын (ЕОС) құру туралы Келiсiмге қол қойды. Келiсiмге сәйкес 6 мемлекеттiң әскерiнен - Келiсiмнiң авторы Шуманның (сыртқы iстер министрi Робер Шуман) атымен аталған жоспарға қатысушылар - бiрыңғай Европалық әскер құрылды. Бұләскердiң ерекше формасы, халықаралық офицерлiк құрылым мен генералитетi болды. ЕОС басшылығына әскердi жабдықтау мен жаттықтыру, орналастыру тапсырылды. БұлЕвропалық әскер Солтұстiк Атлант пактiсi әскерiнiң басқолбасшысына бағынды. Шын мәнiнде Франция ЕОС-тың басқа мүшелерi сияқты өз әскерiн бақылаудан айырылды. Пиненiң отарлық саясаты ¶ндiқытайдағы “лас соғысты” жалғастыруға, француз отарларында өрiс алған ±лт-азаттық қозғалыстарды басуға бағытталған. 1952 жылы Тунистiң жергiлiктi үкiметi елге нақты “iшкi автономия” берудi талап еткенде, француз өкiметi премьер-министр мен оның кабинетiн тұтқындап, Тунисте қоршау жағдайын жариялады және өздерiн қанағаттандыратын жаңа үкiмет құрды.

Пине үкiметiнiң саясаты оңшыл топтардың ықпалын күшейттi. 1953 жылы жазда үкiметтi “тәуелсiздердiң” көрнектi өкiлi Ж. Ланьель басқарды. 1954 жылы социалист В. Ориольдың орнына Франция президентi болып “тәуелсiздер” өкiлi Рене Коти сайланды. Ланьель үкiмет басына келе сала, Францияны тағы да бiр отарлық арандатушылыққа тартты. Марокко с±лтаны өз елiне тәуелсiздiк берудi ашық талап еткенде, француз отаршылдары оны орнынан тұсiрiп елден қуды және оның орнына өзiнiң жақтасын отырғызды. Тунис пен Марокконың тәуелсiздiгi туралы мәселенi Бiрiккен µлттар µйымы көтердi, алайда НАТО-дағы өз одақтастарына сүйенген француз үкiмет бұлмәселенi шешкiзбедi.

Отар проблемалары мен Германияны қайта қаруландыру маңайындағы талас буржуазиялық партиялар арасына жiк туғызды. Буржуазиялық партиялардың iшiндегi алауыздық оңшыл орталық блоктың құлауына әкелiп соқты. 1955 жылы 30 қарашада Ұлттықжиналыс таратылды. Парламентке кезектен тыс сайлау жүргiзiлдi. 1956 жылғы қаңтардағы сайлау қорытындысы бойынша үш iрi саяси күш анықталды: Компартия, “Республикандық майдан” және МРП мен “Тәуелсiздер” бастаған оңшылдар.

Коммунистiк партия сайлаушыларға қалың көпшiлiктiң мүддесiне сай келетiн демократиялық бағдарлама ±сынды. Ол француз әскерiнiң Алжирден, Тунистен, Маоккодан әкетiлуiн және осы елдердiң өкiлеттi өкiлiмен келiссөз жүргiзудi талап еттi. Коммунистер бейбiт қатар өмiр сұру принципi, социалистiк елдермен достық қатынас орнату, жаппай қарусыздану және атом қаруына тиым салу үшiн күрестi. Iшкi саясатта олар жалақы, пенсия, жәрдемақыны өсiру, демалыстарды Үзарту, салықтарды төмендету, ±сақ шаруа қожалықтары мен қолөнершiлерге кредиттер берудi ±сынды.

“Республикандық майдан” партияларының ресми жалпы сайлау платформасы болмады. Бiрақта олар халықтың көкейiнен шығатын коммунистер бағдарламасына сәйкес талаптар қойды. олардың сайлау алдындағы үгiт-насихатында “Африкада француздардың қала беруiн сақтап, Алжирге бейбiтшiлiк” деген ±ран басым болды. Халықаралық жағдай эволюциясын ескере отырып, “Республикандық майдан” партиялары жаппай қарусыздануды жүзеге асыруға, атом энергиясына халықаралық бақылау орнатуға, социалистiк елдермен арақатынасты жақсартуға уәде бердi. Ал оңшыл партиялар “Империяны сақтау”, Алжирдегi отарлық соғысты жеңiске дейiн жеткiзу, НАТО-ға “адалдық” деген ±рандар көтердi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеңес Одағы мен Финляндия арасындағы соғыс
Жапония мемлекетінің саяси-экономикалық дамуы
Францияның экономиканы мемлекеттік реттеу тәжірибесі
Біріккен Ұлттар Ұйымының қазіргі таңдағы халықаралық қатынастардағы ролі
БҰҰ әмбебап халықаралық ұйым ретінде
Америка мен Жапонияның тарихы
Екінші дүниежүзілік соғыс: алғышарттары және басталуы
Екінші дүниежүзілік соғыс тарихы
Екінші дүниежүзілік соғыс. Соғыс алдындағы келіссөздер мен фактілер
Екінші дүниежүзілік соғыстың қорытындылары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz