Өрт – тілсіз жау


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:
Өрт - тілсіз жау.
Жоспар:
- Өрттің шығу себептері.
- Орман өрті.
- Өндіріс орындарындағы өрт.
- Тұрғын үйлердегі өрт.
- Көліктегі өрт.
- Өрттің алдын алу және сөндіру шаралары.
- Қорытынды.
Өрт - көбінесе қатты құрғақшылық мерзімінде пайда болатын табиғат апатының қауіпті түрі. Ормандағы немесе даладағы ең үлкен өрттердің өзі қайғылы салдары жөнінен қаланың, халык тығыз орналасқан ең баяу өртпен бісекелесе алмайды.
Өрт - бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы. Ең күрделі, зиян тигізетін өрттер өртке қауіпті объектілерде және басқа да зақымдау факторлары (жарылыс, улы заттардың жиналуы т. б. ) бар объектілерде болады. Сонымен бірге, адамдар көп шоғырланған жерлерде де өрт шығу қаупі бар. Өрт - бұл жану салдарынан материалдық байлықтың жойылуы және адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін жағдай. Жану дегеніміз жанушы зат пен ауадағы оттегінің арасындағы тез жүретін сонымен бірге газ, жылу және жарық бөлетін процесс. Жану толық және толық емес болып бөлінеді. Толық жану оттегі жеткілікті жағдайда, ал толық емес жану оттегі жеткіліксіз жағдайда жүреді. Өзі тұтану (самовоспламенения) химиялық процесстің әсерінен болатын жағдай. Өзі тұтанудың температурасы әр түрлі факторлардан тұрады. Атап айтқанда жанушы қоспаның құрамы мен көлемі ортаның қысымы т. б. байланысты. Көптеген газдар мен сұйықтар 400-700 °С аралығында, ал қатты денелер (ағаш, көмір) -250-450 °С аралығында тұтанады. Өрт және жарылыс қауіпі бар обьектілерге жарылу және тұтану қауіпі бар заттарды өндіру, сақтау және тасмалдаушы өндірістер жатады.
Өрт факторларының әрекеттері.
Өрт салдары зақымдау факторларының әрекеттеріне байланысты болады. Оларға жататындар:
- жанғыш заттың отқа тікелей әсері;
- сәулелер есебінен жоғары температуралы заттар мен объектілерге қашықтықтық әсері;
3. жану зонасында иісті газбен улану;
4. жану кезіндегі токсинді өнімдерден улану;
5. құрылыстардың конструктивті бөліктерінің бұзылып құлауынан адамдардың жарақат алуы немесе қаза болуы.
Өрттің шығуына отты бейғам пайдалану, өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу себеп болып табылады. От сөндірілмей тасталған сіріңкеден немесе темекі қалдығынан, сөндірілмеген алаудан, атылғаннан кейін құрғақ шөпке түскен ыстық патроннан, орманды ақаулы техниканы пайдаланудан және басқа себептерден тұтанады. Өрттің 90% - адамның күнәсінан, 7 - 8% - найзағайдың соққысы әсерінен құрғақ ағаштың жануынан, 2 -3 % - басқа себептерден (күн түсетін жерге лақтырылған шыны сынығы күн сәулесін өзіне тартып, қатты қызады) болады.
Орман өрті . Орман өрттері құрғақ ауа райы мен жел кездерінде айтарлықтай үлкен территорияға таралып кетеді. Ыстық ауа райы кездерінде, егер жауын-шашын болмаса ормандар құрғап, кез келген абайсыз жанған оттың әсерінен өрт тез таралып кетуі мүмкін. Ең өртке қауіпті орман өсімдіктеріне қарағайлы, жапырақты ағаштар, қыналар, ит бүлдіргендер, аршалар т. б. жатады. Құрғақ құмды топырақты жерлердегі ағаштарға өрт ең жиі әрі тез таралады, бірақ оларды өшіру оңайырақ келеді. Қылқан жапырақты ормандардағы түскен жапырақтар, бұталар және құрғақ шөптер қауіпті өрт тудырады. Олар үлкен зардап шектіреді. Ормандағы өтр жану жиілігі боынша әлсіз, орта және күшті, ал жану сипаты бойынша төменгі және жоғарғы өрт, созымдылығы бойынша қаулама және тұрақты болып бөлінеді. Кейінгі жылдары республикамыздың орман қоры аумағында 2257 орман өрті орын алыпты. Ең өкініштісі, бұл өрттердің 70 пайызы отты дұрыс пайдаланбаудың салдарынан және қасақана әрекеттердің кесірінен болған көрінеді. Яғни адами фактор табиғи үдерістерге қарағанда басты зиян келтіруші болып отыр. Статистикаға сүйенсек, өрт 4 млн. текше метрге жуық ағашты жойса, соның ішінде ірі орман өрттері Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Алматы облыстарында орны толмас флоралық және фауналық шығындарға ұрындырған.
Орманда жүргенде есіңізде болсын:
• Қоқыс пен оттықты тастамаңыз;
• Отты таратпаңыз және қоқысты өртке қауіпті жерлерде жақпаңыз;
• Абай болыңыз! Отты таза алаңда жағыңыз;
• Дем алған жерден кетерде отқа су құйып немесе топырақпен жауып, толық өшіріп кетіңіз;
• Орманда майланған немесе бензин сіңіп қалған маталарды қалдырмаңыз;
• Бөтелкенің жәшігі мен сынған бөтелкелерді қалдырмаңыз. Күн сәулесі түсіп өртке айналуы мүмкін;
• Жаңа басталған өртті сумен, ағаштың жапырақты бұтақтарымен және топырақ тастау арқылы өшіріңіз.
Өндіріс орындарындағы өрт. Өндірістегі өрттердің негізгі себептеріне құрал-жабдықтардың технологиялық жұмыс тәртібінің бұзылуы, электр жабдықтарының ақаулылығы, жабдықтардың жөндеу жұмыстарына нашар дайындалығы, әртүрлі материалдардың өздігінен жануы және т. б. жатады.
Жарылыс кезінде өртті болдырмау үшін ыстық жанғыш, жарылысқа қауіпті ортаның пайда болуына мүмкіндік бермей, оталдыру көзінің пайда болуына кедергі жасау керек. Өрттердің көбі дерлік өндіріс ошақтарында, атап айтсақ Пәкістандағы тігін фабрикасынан, Атырау қаласындағы мұнай өңдеу зауытынан шыққан өрттер және т. б.
2012 жылдың 11 қыркүйегінде Пәкістанның Карачи каласындағы тігін фабрикасында өрт шығып, кем дегенде 246 адам қаза тапты. Өртке оранған ғимараттан секіріп шықпақ болған жұмысшылардың көбі жарақат алған.
2011жылы 11 шілдеде Павлодар қаласындағы химиялық зауыттан өрт шықты. КСМ: Өндіріс ошағының ауласында тұрған екі бірдей цистерна жанып кетті. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ, қызметкерлердің барлығы дін аман. Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жұмысшылар сыйымдылығы 50 тонна цистернаналарды бөлшектемек болған. Соның салдары өрт оқиғасына әкеп соқты.
2013 жылдың 29 қаңтарында сағат 12:00-де Атырау мұнай өндеу зауытындағы қалыпты технологиялық режимде болған АТ-2 мұнайды бастапқы өндеу жабдығының ыстық сорғысындағы жабдықтың герметизацияланбауы салдарынан өрт шыққан. Апатты жою жоспарына сәйкес АТ-2 жабдығының жұмысы тоқтатылды. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.
Тұрғын үйлердегі өрт. Сараптаманың негізі өрттердің басым бөлігі тұрғын үйлерде болатынын көрсетеді. Тұрғын үйлерде болатын өрттердің саны жалпы өрттің 57, 7 % құрайды. Тұрғын үй - коммуналдық қызметі мен пәтерді жалға алушылардың өздерінің өртке қарсы іс шараларды орындамауынан мәселелер қиындай түсуде. Тұрғын орынжайларды энергиясы көп тұрмыс құралдарымен жабдықтау, қабырғалар мен едендерді жанатын материалдармен өңдеу нәтижесінде тұрғын үйлердің өрт қаупі тұрақты өсіп отырады, сонымен қатар бірде - бір тұрғын үйде алғашқы өрт сөндіру құралдары және өртті автоматикалық анықтау құралдары жоқ. Биік қабатты ғимараттардағы өртке қарсы қорғау жүйесі істен шыққан. Жоғарыда көрсетілгендерге тағы да адамдардың өрт қауіпсіздік ережелеріне сел-қос, немқұрайлы қарауы, өрттің негізгі себептері болып табылады. Жанып жатқан пеш, қосулы тұрған электр жылытқышы, газ плитасында ұмытылып қалған тамақ - өрттің шығуына бірден бір себепкер. Бұған мас, өзіне бақылау жасай алмайтын адамды қоссақ - бұлардың бәрі өртке, қайғылы оқиғаға апарып соғатын факторлар. Негізгі және басты өрт қауіпсіздік ережелері отты қолданғандағы немқұрайлықты болдырмау болып табылады. Өрт қауіпсіздігіне байыппен қарамайынша, жыл сайын оттан жүздеген адамдардың қаза табатыны анық. Ал елімізде басты байлық - адам болса, онда әркім өз қауіпсіздігін жасау арқылы мемлекеттің өсіп-өркендлеуіне ықпал еткендігі болмақ.
Көліктегі өрт. Көліктегі өрт өршіп тұр. 2009 жылдың 11 айында Астана қаласының аумағында 539 өрт тіркелді, соның ішінде 92 өрт автокөліктерде болған. Өрт қауіпсіздігі Ережесі бойынша әрбір автокөлікте өрт сөндіру құралы болуға тиіс, бірақ, көлік иелері оны Жол полициясынан көліктерін техникалық қараудан өткі-зетін кезде ғана есіне алады. Көліктегі өрттің көбісіне автокөлік иелерінің өздері кінәлі. Машинадағы электр жабдықтары, жанар-жағар май мен синтетикалық материалдар тез тұтанып, жылдам жанады. Соның нәтижесінде көлік санаулы үш-төрт минуттың ішінде жалынға оранып үлгереді. Электр жаб-дықтарының бұзылуы, отқа қалай болса солай қарау, жанар-жағар май жүйесінің ақауы, салонда шылым шегу, сайып келгенде көлік иесінің машинадағы өрт қауіпсіздігіне салғырт қарауы - көліктегі өрттің басты себебіне айналып отыр.
Атап айтсақ, 18 қараша күні сағат таңғы 10. 30 шамасында «Қуат корпарациясы» акционерлік қоғамының автотұрақ базасының аумағында ГАЗ - 3307 маркалы көлігі жанғаны туралы хабар түсті. 21 қараша күні сағат таңғы 8 шамасында Фольксфаген гольф - 2 маркалы машинасы өртенген. 24 қараша күні Ауди - 100 маркалы көлігінің қозғалтқышынан өрт шығып, салонына дейін жанып кеткен.
Автокөліктегі өрттің алдын-алу шаралары: қыс кезінде көптеген жүргізушілер суықтан оталмай қалған машинаның қозғалтқышына ашық отты жағып (паяльная лампа, факел, ашық спиральды калорифер) жылытатыны белгілі. Бұл мүлде дұрыс емес.
- аккумуляторларды тікелей көлік құралдарында зарядтауға болмайды;
- көлікке жарық түсіру мақсатында ашық отты пайдалануға тыйым салынады;
- көліктің жанар-жағармай құятын багының аузын ашық тастауға болмайды;
- автокөліктің қозғалтқы-шына ғана емес, сонымен қатар электрлік жабдықтарына да назар аударып, техникалық қарауды жиі жүргізу қажет; - автокөлікте міндетті түрде өрт сөндіру құралын алып жүру керек.
Өрттің алдын алу шаралары:
-құрылыстық-жобалау;
-техникалық;
-ұйымдастырушылық;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz