ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ РАДИКАЛДЫ ИСЛАМ АҒЫМДАРЫ


ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
Тарих және педагогика факультеті
Дінтану және теология кафедрасы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ РАДИКАЛДЫ ИСЛАМ АҒЫМДАРЫ
Орындаған:
Ғылыми жетекші:
Норма бақылаушы:
Қорғауға жіберілді
“___” 2014 ж.
Кафедра меңгерушісі:
Түркістан, 2014
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І. ИСЛАМ АҒЫМДАРЫ
1. 1 Ислам ағымдары (мәзхабтары) және олардың шығу себептері . . . 6
1. 2 Орталық Азиядағы ислам ағымдары (мәзхабтары) . . . 20
ІІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ РАДИКАЛДЫ ИСЛАМ АҒЫМДАРЫ
2. 1 Қазақстандағы қазіргі кездегі радикалды ислам ағымдары . . . 34
2. 2 Радикалды ислам ағымдарының алдын алу жолдары . . . 45
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 60
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектiлiгi. Өткен ғасырдың 80-жылдардың соңы мен 90-жылдардың басында күйреп бара жатқан КСРО-дан босаған идеологиялық кеңістікте орнай бастаған Ислам ренессансы - Орта Азия аймағындағы халықтардың жоғалуға айналған мәдени және діни дәстүріне қайта оралуына түрткі болды. Әйтсе де, бұл процесстердің тиімді аспектілері болумен қатар, қақтығыстардың да қайнар көзі болып, көптеген әлеуметтік және саяси проблемалар туғызды. Әсіресе көптеген проблемалар - Орта Азия мұсылмандары арасындағы діни ренессансқа байланысты туындады. Мұның басты себебі «ата-баба дініне қайта оралуымыз қажет» деген желеуден туындады. Бұған қоса, дінді барлық проблемалардың (экономикалық, әлеуметтік, саяси) шешушісі - панацеясы көретін жағдай қалыптасты. Осының аясында аймақта - басты идеясы «Халифат» сияқты мезгілі өткен теократиялық құрылымды қайта қалпына келтіруді көздейтін «Хизб ут-тахрир» (ХТ) секілді экспортталған діни топтар пайда бола бастады. Олардың тура және жанама ықпалының арқасында - табиғаты дәл сол әйгілі халифат (немесе Ислам республикасы) идеясымен және құпия жұмыс әдісімен сәйкесетін діни-саяси топтар да әрекет ете бастады. Өз кезегінде мұндай топтардың әрекеттері - елдің саяси тұрақтылығы мен біртұтастығына қауіп төндірмей қоймайды. Сол себепті, экстремистік сипатта жұмыс жүргізетін, террористік іс-қимылдарға бейім топтардың әрекеттерінің алдын алып, болдырмау шараларын жүргізу - күн тәртібіндегі маңызды шаралардың бірі.
Қазақстан Республикасында діннің қоғамдық өмірдегі рөлі соңғы он жылда айтарлықтай өсті: дәстүрлі деп танылған діни институттардың жұмыс жасау аумағы мен олардың әлеуметтік қызметтері өсті, жаңа деноминациялар пайда болып, жергілікті тұрғындардың діни іс-әрекеттерді қабылдауы күшейді, дінаралық қарым-қатынастар қиындап, діни білім беру кеңінен қанат жайды. Зерттеушілер діни фактордың бұлайша белсенділігінің артуының себебін - кеңестік дәуірде жүргізілген атеистік саясаттан, жұмыссыздық шегінің артуынан, өмір сүру деңгейінің күрт төмендеп кетіп, халықтың негізгі бөлігінің әлеуметтік жағынан аз қамтылғанынан, адамдардың басын біріктіруші мемлекеттік идеологияның болмауы мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын аяқасты ететін жекелеген билік өкілдерінің заңсыз әрекеттерінен көреді. Егер де, дәстүрлі діннің орнына экстремистік бағыттағы діни топтардың әрекеттері таралмайтын болса, халықтың жаппай дінге бет бұра бастағанынан саяси-әлеуметтік астар іздеудің қажеті болмас еді.
ҚР аумағында 40-тан астам конфессияның айналасына топталған 600-ден астам діни ұйымдар мен бірлестіктер жұмыс жасайды. Қазақстанда дәстүрлі емес христиандық конфессиялар мен тамырын шығыстық діндерден тартатын діни ағымдардың да өкілдіктері кеңейіп келеді. Сонымен қатар, олардың өз бәсекелестеріне деген өшпенділігі артып, өзге діндегілерге деген жеккөрінішті көзқарасы олардың көпшілік уағыздарының негізгі тініне айнала бастады. Соның салдарынан, зайырлы қоғамдағы білім беру жүйесінің конституциялық ережесінің бұзылу фактілері жиі кездесіп жүр. Дінтану тұрғысынан сараптама жасап, қандай да бір діни ұйымның қызметіне шынайы баға беретін мемлекеттік органның болмауынан қоғамдағы мұндай бейбастақтыққа шектеу қойылмай отыр.
Соңғы кездері эксперттер мен сарапшылардың, қоғам және саяси қайраткерлерінің, БАҚ-тың назары - Орта Азиядағы «ислам қаупі» тақырыбына ауып отыр. Билік пен ислам радикалдарының арасында өршіп келе жатқан қайшылықтың салдарынан, саяси-әлеуметтік және геосаяси жоспарларды өзгертуге қабілетті азаматтық соғыс өртінің тұтанып кету мүмкіндігінің жылдан-жылға артып келе жатқандығы туралы жиі айтылып жүр. Ішінара Қазақстанның ұлтаралық келісімге жік салып, қалыптасқан тұрақтылықты трагедиялық салдармен бұзатын түрлі экстремистік идеологиялық, саяси және діни көзқарастар мен ағымдардың плацдармына айналып бара жатқаны байқалады.
Қазақстан Республикасының рухани өмірінде соңғы жиырма жылдың көлемінде діннің әлеуметтік рөлінің өзгергенін көрсететін жаңа тенденциялар байқала бастады. Ол - дінге сенушілердің қатары мен діни ұйымдардың санының күрт өскендігінен, жаңа ағымдар пайда бола бастағандығынан, дінаралық қатынастардың қиындағанынан, дәстүрлі деп танылған діни институттардың аясы мен әлеуметтік қызметтері кеңігендігінен, діни білім беру ісі қанат жая бастағандығынан, жалпы халықтың дін туралы түсінігінің артуынан көрінеді. Сол себепті, мұндай тенденцияларды зерттеп, бақылап отыру - маңызды іс.
1. Жаңарып, жаңалыққа ұмтылудың философиясы мен идеологиясы болмағандықтан, Қазақстанның ЖОО-да оқитын жастардың дүниетанымдық көзқарастары әлі нақты қалыптасқан жоқ. Оларға бағыт болатындай ұлттық идеяның өзі де әлі қалыптаспай отыр. Мұндай жағдайда жастар кез-келген идеологияның соңынан кетуге бейім болады.
2. Тұрақсыз экономикалық жағдай, жастардың белгілі бір бөлігінің кедейшілікке ұшырап, қылмысқа бейім болуы, мәдени таным деңгейінің жаппай төмендеуі (тіпті студенттер арасында 65% қыз-жігіттер театрға бармаса, 55%-ы көркем әдебиет оқымайды. 25%-ы газет оқымаса, 20%-ы кинотеатрға бармайды. Казымбетова Д. К. «Девиантное поведение молодежи как объект социологического исследования» . . . 21-бет. ) - жастардың халифат сипатындағы ислам мемлекетін құру сияқты экстремистік ұрандар мен радикалды идеяларды қабылдауына, сондай-ақ, аймақ үшін дәстүрлі емес жекелеген секталардың саяси-әлеуметтік утопияларына түрткі болады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Ислам дініндегі ағымдардың, мазхаптардың діни-саяси ұстанымдары туралы мәліметтер түрік ғалымдары Бекир Топалоглу, Мұхаммед Әбу Захра, Етхем Рухи Фыглалы сияқты зерттеушілердің еңбектерінде ұшырасады. Қазақстанда бұл тақырып төңірегінде М. Исахан., Сейтбеков С., А. Сатыбалдиева сияқты дінтанушылар ізденістерін жариялап жүр.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысында алдымызға негізінен төмендегідей мақсаттар мен міндеттер қойылды:
- Ислам ағымдарын сипаттау, олардың пайда болуына әсер еткен ықпалдарды анықтау;
- Ислам ағымдарының бір-бірінен ерекшеліктері мен ұқсастықтарын зерттеп-зерделеу;
- Орталық Азия және Қазақстандағы Ислам ағымдарының діни ұстанымдарына назар салып зерттей отырып, сүнниттік бағыттың қағидаларына тоқталу;
- Қазақстандағы радикалдық исламдық ағымдардың қызметін сараптау, олардың пайда болу кезеңдеріне талдау жасау;
- Радикалдық ислам ұйымдарының іс-әрекеттерінің алдын алу мақсатында жүргізілетін жұмыстарды ұсыну.
Зерттеудiң әдiс-тәсiлдерi. Зерттеу жұмысында салыстырмалы әдіс, талдау әдісі, герменевтикалық әдіс пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының практикалық мәнi. Зерттеу жұмысын жоғарғы оқу орындарындағы дінтану мамандықтарында Ислам тарихы және кәлам пәндері бойынша қолдануға болады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Зерттеу мақсаты мен міндеттеріне сәйкес дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі екі бөлімнен (төрт бөлімшеден), қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. ИСЛАМ АҒЫМДАРЫ
1. 1 Ислам ағымдары (мәзхабтары) және олардың шығу себептері
Әлемдік діндердің бірі болған ислам діні тарихи кезең бойынша көптеген проблемаларды бастан өткерді. Сол проблемалардың бірі мұсылмандардың өзара бөлінуі болып табылады. Бұл бөлінушілік көптеген мәселелерден туындаған болатын. Ислам дінінде мұндай топтарға «мәзхаб» немесе «фирқа» деп атады. Мазхаб сөзі «жүрілген жол» деген мағынаны білдіреді. Терминдік мағынасы болса, белгілі бір кісіге бағынып, оны қолдаған және саяси бір бағыт ұстанып, ислам дінінің негізгі қағидалары болған Құран Кәрім мен пайғамбар сүннетін түсінуде түрлі жолдарды ұстанған ағымдар.
Ислам дініндегі ағымдар Хз. Мұхаммед пайғамбар мен оның ізбасарлары болған әділетті төрт халифа тұсында болмады. Төртінші халифа Хз. Әлидің кезеңінен (656-661) басталған саяси оқиғалардан кейін мұсылмандар түрлі ағымға бөліне бастады. Сол бөлінушілік жиырмасыншы ғасырға дейін өз жалғасын тауып отырды. Тарихи кезең бойынша пайда болған бұл ағымдардың көпшілігі тарих сахнасынан жойылып, қазіргі таңда біразы ғана дүниенің төрт бұрышында жалғасын табуда[1, 14] .
Тарихшы ғалымдарымыз мұсылмандардың ағымға бөлінуінің өзіндік себептері бар екендігі жайында түрлі пікірлерді айтуда. Ағымға бөлінуге себеп болған мәселелер көп болғандықтан бұл мәселелерді бес негіз аясында қарастырсақ түсінікті болар: Құран Кәрімнің мұсылмандарға берген ой еркіндігі; ағымға бөлінуде діни үкімдердің ролі; ағымға бөлінуде әлеуметтік өзгерістердің әсері; ағымға бөлінуге себеп болған саяси оқиғалар.
Ислам дінің ең алдымен жүгінетін заңы Қасиетті Құран Кәрім. Құран мұсылмандар үшін ең шынайы жол болып табылады. Ал Құранды зерттейтін болса, ішінде ағымға бөліну немесе «Әй мүміндер! Бөлініңдер» деген мағынада айтылған ешқандай аятты кездестіру мүмкін емес. Керісінше Құран аяттары мұсылмандарды бірлікке, ынтымаққа, бауырмаластыққа шақыра отырып, тек бір кісіге яғни басшыға бағынуымызды парыз етеді. Бұл жайында аятта былай дейді: «Әй мүміндер! Аллаға бой ұсынып, Пайғамбарға әрі өздеріңнен болған әмір иелеріне бой ұсыныңдар», (4. Ниса-59), бүкіл әлемді жаратқан Алла өзі жаратқан адамзаттың психологиясын, қимыл-әрекетін жақсы білгендіктен адамдардың ерте ме, кеш пе бәрібір бөлінетіндігін біледі. Мұсылмандардың да осындай жағдайға түсетіндігін білген Алла шығар жол ретінде Құранды нұсқап: «Түп-түгел Алланың жібіне (дініне) жабысыңдар да бөлінбеңдер», - деп әмір етеді. (3. Али-Имран-103) . Аяттан шығатын ұғым мұсылмандар пікірде, көзқараста жанжалдасып түсінбеушілікке баратын болса, Құранға сүйенулерін, осылай еткен жағдайда мәмілеге келетіндігін білдіреді. Дегенмен Алла Тағала Құранда мұсылмандарға ойлануын, әлемнің ішіндегі тамаша теңдесі жоқ байланысты көріп ой жүгіртуін, зерттеуін, шындықты ізденіп табуын, ақылымызды қолдануымызды талап етеді. Өйткені, діннің әр түрлі әмір мен міндеттерін, бұларды түсіну, талқылау, қорытындылау, оның мақсатын білу адамның ақыл ойына сүйенеді. Сол үшін Құранда 275 жерде «Ойланбайсыңдар ма? Ақыл жүгіртпейсіңдер ме!» деп талапты, әрі сұраулы түрде айтылады. Ал 200 жерде «түсіну мен ойлану» әмір етілсе, 12 жерде «Әлемді шарлап ғибрат алуды» бұйырады және 670 жерде «Ілім мен ғылымға» шақырады. Құранда мұсылмандарға бөлінбеңдер деп айтқанмен осы айтылған мәселелер мұсылмандардың түсінік пен пікір тұрғысынан бәрібір бөлінетіндігіне себеп болуда.
Олай болса Құранның талабы түк ілместен сенетін адамдар емес, білімді, ынталы, түсінетін және ақылды дұрыс қолдана алатын мұсылмандар қауымын жарату болып табылады. Тарихқа үңілсек шын мәнінде мұсылман ғалымдар Құран арқылы, исламның ғылымға деген талабы арқылы көптеген жаңалықтар ашып, әлемге әйгілі болып, есімдерін тарих парағына алтын әріппен жаздырып қалдырған. Сондай-ақ европалық ғалымдарға түрлі салаларда жол көрсетіп, ұстаздық еткендігі баршамызға аян [2, 89] .
Құран аяттары адамдарға сену мен исламды қабыл ету мәселесінде толық еркіндік берген. Себебі біздер былай дейді: «Бұл ақиқат Раббыларыңнан де. Сонда кім қаласа сенсін, кім қаласа қарсы келсін», (18. Кәхф - 29) және де дұрысты бұрыстан айыруда жүгінетін, ұстанатын негізгі принцип. Енді осындай ойлау еркіндігін бергеннен кейін мұсылмандардың арасында Құранды түсіну мен үкім шығаруда айырмашылықтар болатындығына ешкім бөгет бола алмас. Сонымен қатар кейбір сеніммен байланысты аяттарды түсіну барысында түрлі көзқарастар туды. Әр ғалым аяттарды өз түсінігі бойынша талдауға тырысқандықтан бұның ақыры ағымдардың пайда болуына себеп болды. Нәтижеде ағымдар арасында қырғи қабақ туып, бір-бірін кінәлау мен тіл ұзату, адасқан деп айту сахналары көрініс бере бастады. Бұл мәселеде де Құран мұсылмандарға былай деп өсиет айтуда: «Сәлем бергенді дүние мүлікке қызығып мүмин емессің демеңдер», (4. Ниса-94) . Пайғамбарымыз да бұл мәселеге байланысты былай деп өсиет қалдырған: «Бір адам бір адамды фасық немесе кәпір деп сөз айтпасын. Негізінде ол кісіде бұл жағдай жоқ болатын болса, бұл айтылған сөз соны айтқанға кері келеді», (Риязус-Салихин, ІІІ, 159-ші хадис) . өкінішке орай мұсылмандар өз ағымына қосылмаған өзге мұсылмандарды кінәлаудан әлі болса арылар емес.
Мұсылмандарды о бастан бері толғандырып жүрген мәселенің бірі Пайғамбарымыз (с. а. у. ) : «Израил ұлдарының басына келген нәрсе үмметімнің басына келеді. Израил ұлдары 72 бөлікке айырылады және біреуінен басқа өзгелері жәһәннамға кіреді. Әй Алланың елшісі! Оттан құтылатын бұл бөлік қайсысы? - деп сұрағанда Пайғамбарымыз (с. а. у. ) : Менің және сахабаларымның жолымен болған бөлік» - деген хадисі еді.
Осы хадисті айтылғандай мұсылмандар кейінірек өзара түсініспеушілік пен түрлі себептерге байланысты көптеген ағымдарға бөлінеді. Әрбір ағым өзінің ұстанған жолын хақ жол деп, аят пен хадистерден дәлелдер келтірген. Сол дәлелдердің біреуі де осы айтылған хадис болатын. Себебі, хадисте айтылған жәннатқа баратын бір ғана ағым өздері екендігін дәлелдеуге тырысты. Осылайша көптеген ағымдар өздірінің жолын ақиқат жолы, әрі тозақтан құтылатын ағым ретінде жариялады. Осындай бақталастықтан қаншама соғыстар шығып, бейкүнә адамдардың қаны төгіліп жатты [3, 46] .
Жалпы, Пайғамбарымыздың (с. а. у) дәуірінде ыдыраушылықтың болмауының бірінші себебі, Алла Тағала Құран-Кәрім аяттарын Пайғамбарымызға (с. а. у) түсіру арқылы кейбір алауыздықтардың алдын алған болса, екінші себебі Алла Елшісінің (с. а. у) жеке басының жұртты өзіне ұйыта алар ерекше қасиетінің арқасында болатын. Сахабалар оның әрбір сөзіне мұқият мән беретін. Қандай бір бөлінушілікке себеп болар ілік шыққан жағдайда, Пайғамбарымыз (с. а. у) дереу мәселені татулық тұрғысынан шешетін. Пайғамбармыз (с. а. у) мұсылмандардың ынтымағын арттыратын көптеген өсиет айтты. Солардың кейбірін айтар болсақ: «Біріккенге береке бар, ыдырағанға азап бар», «Жамағаттан бір қарыс айырылып өлген адам, жаһил (бұл жерде кәпір мағынасында болуы мүмкін) болып өлген саналады».
Кейбір зерттенушілердің айтуына қарағанда, исламдағы бұзық ағымдардың шығуына Пайғамбарымыз (с. а. у) дәуіріндегі екіжүзділер ықпал еткен.
Мұсылман қауымының арасындағы фиқһтық мазхабтар Пайғамбарымыз (с. а. у) қайтыс болғаннан кейін сахабалардың құқықтық үкім беруіндегі өзіндік ерекшелікке ие «Хадис» және «Рей» әдісін қолданумен пайда болды. Әрине, бұл құқықтық үкім берудің екі әдісінің негізінде сахабалардың ауызбіршілігіне нұқсан келе қойған жоқ. Әйтседе, кейінгі фиқһтық мазхабтар осы «Хадис» және «Рей» әдісінің негізінде пайда болғандығын көре аламыз [4, 68] .
Ханафи мазхабының негізін салған Имам Ағзам Әбу Ханифа Нұғман ибн Сәбит хижрий 80-ші жылы Куфа қаласында дүниеге келген. Ханафи мәзхабын ұстаушылар имам Ағзамның өмірбаянын жақсы біліп, әрдайым ол кісіге дұға етіп тұруға міндетті.
Имам Ағзам 16 сахабаны көрген. Осы кісілерден хадис риуаят еткен. Имам Ағзамға нәсіп болған мұндай дәреже, яғни Пайғамбарымыз (с. ғ. с) -ның сахабаларымен сұхбаттас болып, табиғин атану, Ол кісімен замандас болған, басқа имамдарға нәсіп болмаған.
Әбу Ханифа ақылды, өткір, парасатты кемел ой иесі еді. Осы ерекшелігімен ол тез арада өз дәуірінің ең ұлы ғалымдарының біріне айналды. Ол- ислам фиқһінің үлкен мүжтаһид ғалымы болды. Құран кәрім және сүннеттен басқа нақты дәлел ретінде ол сахабалардың, табиғиндердің алқалы пікірін, сондай-ақ қияс (салыстыру), истихсан (дұрыс санау, жақсы деп білу) және ғұрып-дәстүр сияқты фиқһ қағидаларын пайдалана отырып, шариғат шеңберінде үкімдер шығара білді. Әбу Йусуф ұстазын: «Бет пішіні және дене бітімі жөнінен ол әдемі еді. Сөзге өте шешен, дәлел келтіруге өте ұста, тілі жұмсақ болатын. Дәрісіне қатысқан кез-келген адам, оның ілім үйрету әдісінен ләззат алатын. Ол шәкірттерінің шариғат мәселелерін терең түсінетін ғалым болуларына көп көңіл бөлді. Оларға жұмсаған күш-қайраты соншалық, ол кісіден дәріс алған кез-келген адамның әйгілі ғалым болуы оңай еді», -деп еске алады. Имам Ағзам түні бойы ғибадат етіп, күндіз ораза тұтатын, тілін жалған сөзден сақтап, тәнін пәк ұстайтын, жағымсыз іс-әрекет пен ойын-сауықтан аулақ жүретін, Алла тағаланың разылығын табуды өзіне парыз санайтын. Имам Ағзамның имандылығы мен тақуалығы, білімділігі мен парасаттылығы туралы Имам Шафиғи (р. а. ) : «Адамдар фиқһ ғылымында Әбу Ханифаға қарыздар. Кімде-кім Әбу Ханифаның кітаптарын оқымаса, ғылымға бойламағаны және фиқһ ғалымы болмағаны», -дейді.
Имам Ағзам ижтиһад ету тәсілін қысқаша: Мен үкім шығаруда ең алдымен Құран Кәрімді бірінші орынға қоямын. Егерде аталмыш сұрағыма Құран аяттарында анық жауап болмаса Пайғамбарымыздың (с. ғ. с. ) сүннетінен іздеймін. Онда да мәселем шешілмесе сахабалардың сөзіне жүгінемін. Мұндай жағдайда, сахабалардың ішінен өзім қалаған кісінің сөзін аламын. Қайсы сахабаның сөзін қабылдау, қабылдамау өз еркімде, -деп баяндаған.
Шындығында Имам Ағзам Құран Кәрім және Пайғамбарымыздың сүннетінен, сонымен қатар сахабалардың сөздерінен таба алмаған мәселеде өз ілімі мен ақылына сүйеніп шешуге толық құқылы мұжтаһид ғұлама еді[5, 53] .
Шафи мәзхабының негізін қалаушы Мұхаммед аш-Шафи VIII- IX ғғ арасында. Шафиғи мәзһабы бітімшіл басқаша айтқанда Ханафишіл және Мәлікшіл мәзхабтардың ерекшеліктерін қабылдай отырып, солардың ықпалымен қалыптасқан. Оның негізгі принциптері төмендегідей. Құран мен сүннет біртұтас түпнұсқа ретінде қарастырылады, сүнна тек Құранда толықтыратын қысқаша ғана, ол салыстырылып аралық шешім шығару үшін Құранға балама материал бере алмайды. Бұл орайда Мединалық таратушылардан алынған хадистер күмәнсіз қабылданды. Ұжым (арабша ижма) Құранмен сүннаға қосымша ретінде қарастырылды, бірақ назарға тек мединалық мұжтаһидтердің шешімі ғана алынды. Ұқсату арқылы тұжырым шығару әдісі (әл қиас) тек жоғарыдағы түпнұсқалардың қасиетті материалдарды іріктеп алу үшін ғана жиі қолданылды. Егер хадистер мен мединеліктердің ұжымына ұқсас шешім шығаруға жеткілікті материал болса, онда одан әрі зерттеу ісі тоқтатылады. Біреудің қалауымен шешім қабылдау (әл-истихсан) толық жоққа шығарылады. Бірақ Мәлікшілер мәзхабынан шешімді оның қоғамдық пайдасына қарай шығару принципі сол күйі алынды, бұл принцип еркін тұжырым жасау негізінде немесе өздігінен құқықтың түпнұсқа болып саналмайтын ғұрып (араб урф) өлшемдері негізінде шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Осылайша Ханафишілер мәзхабімен салыстырғанда Шафиғи мәзхабы тура ұқсату жолмен шешім қабылдауды мойындай отырып, күрделі логикалық таңдауды айналып өтуге жағдай жасады, ал мәлікшілер мәзхабымен салыстырғанда Шафиғи Құран мен сунна текстерімен бірге мединалық қауымдастықтың құқықтар жинағын егжей-тегжей білуді талап еткен жоқ, мұны білу фикхтардың көпшілігі үшін мүмкін емес жағдай еді. Өзінің қарапайымдылығына байланысты Шафиғи мазһабы Сириямен Иракта ханафишілер мен мәлікшіліктерді тез ығыстырып шығарды. Мысырда берік орнықты, басқа елдерге де нақ таралды. Қазіргі кезде ол Сирияда, Ливанда, Палестинамен Иорданияда үстемдік етуші мазһаб болып саналады. Иракта, Пакистанда, Үндістанда, Малазиямен Индонезияда да оны жақтаушылар өте көп. Шафиғи Иран мен Иемендегі суннашылардың негізін құрайды. ТМД елдерінің ішінде кейбір халықтар осы мазһабпен жүрушілер қатарына жатады.
Малики мазһабының негізін қалаушы Малик ибн Анастың есімімен тығыз байланысты (713-795) Малики мәзһабы Мадинада дүниеге келіп, Араб еліне, Мысырға, Солтүстік Африкамен Андалусияға тез тарап кетті. Мемлекеттік мазхаб бойынша құқықтың ең басты негізі - Құранның жалғасы ретінде қарастырылатын Құран мен сунна. Мұхаммед (с. ғ. с) тұсындағы іс-әрекет, тазару, ораза ұстау, сүннетке отырғызу сияқты қоғамдық зердеде сақталған[6, 114] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz