Тәрбие процессінің мәні мен құрылымы



Глоссарий
Кіріспе
1.Тәрбие процессінің мәні мен құрылымы
2.Тәрбиенің мақсаты, мәндеттері
3.Тәрбиенің қозғаушы күші
Тәрбие, тәлім-тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс. Бесік тәрбиесі, балдырған тәрбиесі, өрен тәрбиесі, жасөспірім тәрбиесі, жастар тәрбиесі бір-бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен жүзеге асырылады. Тәрбиенің мақсаты адам бойында ізгілік, инабаттылық қасиеттерін және тіршілікке қажетті дағдылар қалыптастыру болып табылады.
Ғылым (араб.: علم‎ (ілім)— білім, тану; лат. scientia — білім) — жалпы мағынасы: жүйелікбілім мен тәжірибе. Арнайы мағынасы — ғылыми жолмен жинақталған білім жүйесі, сонымен қатар зерттеумен келген ретті білім жинағы.
Теория (гр. theorіa – пайымдау, анықтау)– белгілі бір құбылыстың, шындықтың заңдылықтары мен байланыстары жайлы жан-жақты, толық мағлұмат беретін тұжырым. Теория өзінің ішкі құрылымы жағынан бір-бірімен логикалық байланыста болатын біртұтас білім жүйесін құрайды. Теорияның мазмұны белгілі бір ұғымдар мен тұжырымдарға негізделіп, арнайы логикалық-методологиялық принциптер мен ережелерге сүйеніп баяндалады. Теория көбінесе болжамдық, тұспалдық сипатқа ие. Теорияның кең көлемді теориялық материалды жүйелеуге, сипаттауға бағытталған сипаттамалы немесе логикаға негізделген дедуктивті түрлері бар. Логикалық көзқарас тұрғысынан Теория өзара байланыстағы гипотетикалық-дедуктивтік жүйені құрайды. Кез келген теориялық қорытынды негізгі тұжырымнан (аксиома, анықтама, қағида) тұрады немесе бірнеше ой-тұжырымдардың логикенті қорытындысы (теорема, нәтиже) болып табылады. Эпистемологиялық мәнде Теория үнемі дамып, өзгеріп отыратын білімдер жүйесі. Қазіргі ғылым методологиясы Теорияның негізгі төрт құрамдас бөлігін айқындайды:
1. Амантурин Ш. Мұғалім және оқу-тәрбие жұмысы. Алматы, 1978.
2. Ж.Б. Қоянбаев., Р.М. Қоянбаев. «Педагогика», Алматы, 2000.
3. Н.И. Болдырев. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. «Мектеп» баспасы. 1987 ж.
4. Т. Баймолдаев. Қ. Ахметұлы. Ұрпақ тәрбиесі-көпке ортақ. Алматы-2001.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Глоссарий
Тәрбие, тәлім-тәрбие - жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс. Бесік тәрбиесі, балдырған тәрбиесі, өрен тәрбиесі, жасөспірім тәрбиесі, жастар тәрбиесі бір-бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен жүзеге асырылады. Тәрбиенің мақсаты адам бойында ізгілік, инабаттылық қасиеттерін және тіршілікке қажетті дағдылар қалыптастыру болып табылады.
Ғылым (араб.: علم‎ (ілім) -- білім, тану; лат. scientia -- білім) -- жалпы мағынасы: жүйелікбілім мен тәжірибе. Арнайы мағынасы -- ғылыми жолмен жинақталған білім жүйесі, сонымен қатар зерттеумен келген ретті білім жинағы.
Теория (гр. theorіa - пайымдау, анықтау) - белгілі бір құбылыстың, шындықтың заңдылықтары мен байланыстары жайлы жан-жақты, толық мағлұмат беретін тұжырым. Теория өзінің ішкі құрылымы жағынан бір-бірімен логикалық байланыста болатын біртұтас білім жүйесін құрайды. Теорияның мазмұны белгілі бір ұғымдар мен тұжырымдарға негізделіп, арнайы логикалық-методологиялық принциптер мен ережелерге сүйеніп баяндалады. Теория көбінесе болжамдық, тұспалдық сипатқа ие. Теорияның кең көлемді теориялық материалды жүйелеуге, сипаттауға бағытталған сипаттамалы немесе логикаға негізделген дедуктивті түрлері бар. Логикалық көзқарас тұрғысынан Теория өзара байланыстағы гипотетикалық-дедуктивтік жүйені құрайды. Кез келген теориялық қорытынды негізгі тұжырымнан (аксиома, анықтама, қағида) тұрады немесе бірнеше ой-тұжырымдардың логикенті қорытындысы (теорема, нәтиже) болып табылады. Эпистемологиялық мәнде Теория үнемі дамып, өзгеріп отыратын білімдер жүйесі. Қазіргі ғылым методологиясы Теорияның негізгі төрт құрамдас бөлігін айқындайды:
1. Теорияның теориялық тұрғыдан түсіндірілуге тиісті тәжірибелік нәтижелері мен деректік жиынтығынан тұратын эмпирикалық негізі;
2. Әр алуан жалпы заңдылықтар мен қағидаттардан тұратын теориялық негізі;
3.Белгілі бір логикалық және методологиялық реттегіштер;
4. Дәлелдерден, қорытындылардың жиынтығынан тұратын негізгі теориялық жүйе.
Негіз - кейбір құбылыстардың немесе құбылыстар жүйелерінің бастапқы алғышарты. Ертедегі гректерде, әсіресе Фалес, Гераклит, Демокрит Негізді материядан, ал Платонбейматериалдық құбылыстар дүниесінен іздеді. Ертедегі Шығыстың көптеген философиялық жүйелерінде Негіз ретінде көбінесе қайырымдылық, зұлымдық сияқты этикетикалық категориялар алынды. Бұл мәселені кең көлемде зерттеген Аристотельбарлық заттардың бір емес, төрт түрлі Негізі бар деп санады. Мистикалық орта ғасырлар философиясы (Я.Беме) Негіз іздеуді "ештеңе" категориясын дәлелдеумен байланыстырды. Г.В. Лейбниц (1646 - 1716) философия тарихында тұңғыш рет Негіз бен себептің айырмашылығын ашты. Ол сонымен бірге бұрынғы эмпирикалық философиядағы себептермен түсіндіріліп келген фактілердің ақиқаттығын айқындайтын жеткілікті Негіз принципін тұжырымдады. К.А. Крузиус (1715 - 75) тұңғыш рет болмыс Негізін таным Негізінен ажыратты. Кант ілімінде Негіз логикалық және шынайы Негіз болып екіге бөлінеді. Гегель Негіз категориясын жан-жақты зерттеді. Ол Негізді ұғымның диалектикалық дамуындағы белгілі бір кезең деп қарады. Гегельдің түсінігінше, мән өзін Негіз ретінде танытады. Негізсіз ештеңе де (болмыста да, танымда да, ойда да, іс-әрекетте де) іске аспайды. Мысалы, материалдық құбылыстардың Негізі олардың себептері, адамдар іс-әрекеттерінің негізі олардың мақсат-ниеттері саналады. Негізді анықтау, талқылау және одан нәтиже шығару процесі негіздеу делінеді. Заттардың шынайы Негізіне олардың мәнін толық шешу, ішкі қозғалысы мен даму заңдылықтарындағы қарама-қайшылықтарды айқындау арқылы ғана қол жеткізуге болады.

Кіріспе
Тәрбие процесі адамның қоғамдық мәнінің әлеуметтік маңызды сапаларын қалыптастыруға, оның қоғамға, адамдарға өз-өзі қатынастар жасауға және олардың шеңберін кеңейтуге бағытталады. Адамның қоғамдық мәнінің өмірдің түрлі жақтарына қатынасының жүйесі неғұрлым аумақты, кең болған сайын оның рухани жан дүниесі соғұрлым жазиралы, бай болады. Тәрбиенің мәні - адамның қоғамдық мазмұнының әлеуметтендіріп, оның ұжыммен және қоғаммен практикалық қатынастар жүйесін құру. Өзінің табиғаты жағынан тәрбие ісі педагогикалық міндеттердің төмендегідей бір қатар мәселелерін шешуді қамтиды:
1. Педагогикалық жағдайлардың, тәрбиелік әсерлердің нәтижесін талдау, жоспарлау жұмысын реттеу.
2. Тәрбие процесінің жобасын құру және жүзеге асыру. Бұл өзінің мазмұны жағынан педагогикалық іс-әрекетті пайдалы бөліктерге және ықпалдарға бөлудің, оқушылардың іс-әрекетіне педагогикалық басшылық етудің, оқушылар ұжымдары мен шағын топтардың, жеке оқушымен дұрыс қарым-қатынастарды бекітудің, оқушылар тәртібінің әлеуметтік-психологиялық шарттары мен себептерін аңғара білудің, оқушыларға жеке тұрғыда қатынас жасау бірлігінің болуын талап етеді.
3. Тәрбиелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер енгізу. Бұл мазмұны жағынан педагогикалық міндеттерге енгізілген түзетулерді орынды жүзеге асыруды, сыртқы ықпалдардың қалыпты жағдайға өтуін немесе қабылданбауын қамтамасыз етеді, қоршаған ортаға сай баланы дамыту үшін қажетті материалды таңдап алуды, ұжым мен адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеуді, бағыттауды, дамытуды, пайда болатын жеке шиеленістерді жоюды, оқушылар арасындағы достық пен жолдастық қатынастарды нығайтуды, педагогикалық жағдайға байланысты талап логикасын түрлендіруді, өзгерген жағдайлар да тәрбиелік ықпал жасаудың бағытын дұрыс анықтауды және тәсілдерді қайта құруды т.б. талап етеді.
4. Қорытынды есепке алу және бақылау. Мұның мазмұны әдепті берілгендермен салыстырып; қол жеткен нәтижені талдау, қолданылған тәрбие әдістерінің тиімділік шеңберін анықтау, балалардың дамуындағы және тәртібіндегі ойластырылмаған, қажетсіз құбылыстардың туу себептерін белгілеу, орынды құралдарды, әдістерді, тәсілдерді жинақтау, өз тәжірибесіне енгізу мақсатында басқа, мұғалімдердің іс-әрекетін зерттеу, педагогикалық теория мен тәжірибені сәйкестендіре білу деген сөз.

1.Тәрбие процессінің мәні мен құрылымы

Тәрбие - бұл педагогикалық құбылыс. Олай болса педагогикалық құбылыстар мен процестер арасындағы байланыс мәселелерін қарайық. Бұл жерде кейбір заңдылықтарды атауға болады.
Тәрбие түсінігі мағыналық жағынан кең ауқымды категория. Мысалы, жоғарыда тәрбиені өсіп келе жатқан әулетті тұрмысқа дайындау деп анықтағанбыз. Ал, бұл дайындықты арнайы ұйымдастырылған тәрбие қызметінің барысында іске асыруға болады, сонымен бірге ол балалардың күнделікті үлкендермен араласа жүріп, тұрмыстық іс-әрекетке үйренумен де орындалуы мүмкін. Бірақ аталған екі жағдайдағы тәрбиелік әрекеттер әртүрлі мағынаға ие болатыны сөзсіз. Қоршаған орта тәрбиеледі, Отбасының тәрбие жемісі деп нақтылап айтатын болсақ, онда бұл бір мақсатты сияқты әрекеттердің өзара теңгерілмейтінін байқаймыз. Қоршаған орта тәрбиеледі немесе Отбасы тұрмысы тәрбиеледі деумен жеке адам дамуы мен қалыптасуына әлеуметтік-экономикалық және тұрмыстық жағдайлардың күнделікті жоспарсыз, мақсатты бағдары болмаған ықпалын түсінеміз. Ал енді мектеп тәрбиесі десек, әңгіме басқаша, бұл ретте арнайы ұйымдастырылған және саналы іске асырылатын тәрбиелік қызметті білеміз.
К.Д. Ушинский: Педагогикадағы тәрбие - алдын-ала ниеттелген және арнайы ұйымдастырылған педагогикалық процесс,- деп тұжырымдаған.
Аға ұрпақтардың тәжірибесін беру және игеру, сананы қалыптастыру, тәрбиеленушілердің сезімін дамыту және мінез-құлық дағдыларын қалыпқа түсіру, оларды өмір мен еңбекке даярлау тәрбие процесінде жүзеге асырылады.
Тәрбие процесінде бір мезгілде сананы қалыптастырудың, сезімдерді дамытудың мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыпқа түсірудің маңызы үлкен.
Педагогтардың тәрбиелік ықпал жасауы алуан түрлі тәрбиелік қызметтерімен толықтырылады. Оқушылардың санасы мен мінез-құлқының қалыптасуына сезімдерінің дамуына әдебиет пен өнер, радио мен телевизия, кино мен театр айтарлықтай әсер етеді. Жеке адамға тәрбиелік ықпал жасау тасқыны едәуір кеңейіп келеді. Тәрбие процесі барған сайын көп қырлы, көп факторлы бала түсуде. Оны сабақтар шеңберінде, мектеп шеңберінде ғана шектеуге болмайды. Тәрбиенің табысты болуы әсер етудің қандай да бір қайнар көзіне емес, көптеген факторлар мен жағдайларға байланысты.
Тәрбие процесінің көп факторлылығы, тәрбиелік ықпал өрісін кеңейту жеке адамды қалыптастыру үшін әр түрлі резервтермен, мүмкіндіктерді пайдалануға септігін тигізеді. Сонымен қатар бұл тәрбие беру процесін біршама қиындатады. Алуан түрлі әсерлердің ықпалынан өте отырып, балалар тек жағымдыны ғана емес, кейде жағымсыз тәжірибеде жинақтайды.тәрбие процесінің екінші ерекшелігі оның ұзақ процесс екендігінде. Ол балалар мектепке түсерден көп бұрын басталды да мектеп бітіргеннен кейін де жалғасады.
ХҮІІІ ғасырдың Француз материализмнің аса көрнекті өкілдерінің бірі Гельвецкийдің өзі тәрбиені ұзақ процесс ретінде сипаттай отырып, шындыққа келгенде, бүкіл өмірдің өзі бір ұзақ тәрбие ғана деп жазды. Адам есейген жылдарында да тәрбиеленеді немесе қайта тәрбиеленеді. Ол өзінің еңбек және моральдық тәжірибесін молайтуды және жетілдіруді одан әрі жалғастырады, өзінің білімін кеңейтеді, және тереңдетеді. Эстетикалық байлықтарды меңгереді. Әрине, мектептегі жылдар-адамның неңұрлым қарқынды дамитын, мінезі мен тәртібінің қалыптасатын жылдары. Мектеп оқушысының орталық нерв жүйесінің жоғары икемділік пен қабылдағыштықпен ерекшеленетіні белгілі. Соның арқасында жеке адамның ойдағыдай қалыптасуына және жағдай жасалады. Сондықтан осы жастық шақта арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік процесс жүзеге асырылады.
Тәрбие процесінің үшінші ерекшелігі - оның сатылы сипатта болатындығы. Оны шартты түрде бірқатар кезеңге бөлуге болады. Бірінші сатысында балалар жанұядағы, мектептегі тәртіп ережелерінің бастапқы ұғымдарын игереді. Оларда қарапайым сезімдер ояна бастайды және мінез-құлықтың аса қарапайым дағдылары бойға сіңеді. Екінші сатысында оқушыларда тәртіп туралы бастапқы ұғымдардың негізінде этикалық түсініктер қалыптасады, белгілі бір жағдайда дұрыс қылық көрсете білу қоғамда қабылданған тәртіп ережелерін сақтау дағдысы бойларына сіңеді. Сонымен бірге жағымды сезімдердің одан әрі дамуы және жағымсыз сезімдерді жеңу процесі жүріп жатады. Үшінші саты көзқарастардың қалыптасуымен, мінез-құлықтың тұрақты әдеттерінің бойға сіңуімен және сезімдердің одан әрі дамып баюмен сипатталады. Осы сатыда мектеп оқушыларының идеялық адамгершілік принциптерімен анықтиалатын іс-әрекет мотивтері әлдеқайда айқын көрініс береді. Бұл сатылардың арасында үзілді-кесілді шек болмайды, олар тығыз байланысты болады.

2.Тәрбиенің мақсаты, мәндеттері
Балаларды мектепте, әсіресе жанұяда тәрбиелеу процесінің ұйымдастырылуы бірдей бола бермейді. Тәрбие берудегі кемшіліктердің бұрын игерген жақсы қасиеттердің бекімеуіне және кейде жойылып кетуіне, жаңа қасиеттердің бекімеуіне және кейде жайылып кетуіне, жаңа қасиеттерге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық технология
Пән бойынша бақылаудың негізгі формалары
Дидактикалық ойынның бала дамуына ықпалы
«Информатика сабағында ойын элементтерін пайдалану ерекшеліктері»
Бастауыш оқушыларының оқу барысындағы адамгершілік тәрбиесінің психологиялық педагогикалық негізі
Құқық социологиясының пәні
Биологияны оқыту әдістемесінің мақсаты мен міндеті
Биологияны оқыту әдісі
Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істер бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайлар
Ерік әрекеттерінің дамудағы бағыттар
Пәндер