Ежелгі Египет мемлекеті


Жоспар
Кіріспе . . . 3
- Ежелгі Египет мемлекеті және құқығы . . . 4
- Ежелгі Египеттің мемлекеттік құрылысы . . . 6
- Ежелгі Египеттегі құқық . . . 8
Қорытынды . . . 11
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 12
Кіріспе
Мемлекет жəне құқықтың жалпы тарихы қоғамдық өмірдің əртүрлі жақтарын зерттейтін қоғамдық ғылымдардың бір түрі болып табылады. Мемлекет жəне құқықтың тарихы мемлекет пен құқық сияқты қоғамдық құбылыстардың пайда болуы мен дамуын зерттейді. Бұл ғылым əрі тарихи, əрі заңдық болып табылады. Алайда, егер тарих ғылымы жалпы қоғамның даму жəне қызмет ету үрдісін зерттесе, мемлекет жəне құқықтың тарихы мемлекет пен құқықты олардың пайда болу сəтінен бастап қана зерттейді.
Мемлекет жəне құқықтың жалпы тарихының пəні болып белгілі бір хронологиялық кезектіліктегі нақты тарихи жағдайлардағы жекеленген елдердің мемлекеті мен құқығының пайда болуы, дамуы мен қызмет етуінің жалпы, əрі арнайы заңдылықтары табылады.
Мемлекет жəне құқықтың жалпы тарихын зерттеудің жоғары кəсіби заңгерлерді дайындаудағы маңызы зор. Ең алдымен, мемлекет жəне құқық тарихын зерттеу студенттерде мемлекеттік-құқықтық құбылыстарға деген тарихи көзқарас сезімін қалыптастырады, оларға жалпы қоғамдық өмірді, оның ішінде мемлекет пен құқықты ғылыми əдістемелік түрде тануына мүмкіндік береді. Мемлекет пен қоғамның кезкелген құбылысын олардың қалыптасу, даму алғышарттарын анықтағанда ғана, бұл құбылыстың қалай пайда болғаны, қалыптасу барысында қандай кезеңдерден өткені жəне қандай бағытта дамып келе жатқаны зерттелген жағдайда ғана дұрыс түсінуге болады.
1. Ежелгі Египет мемлекеті және құқығы
1. Ежелгі Египет мемлекеті - әлемдегі көне мемлекеттердің бірі. Ол б. д. д. ІІІ мыңжылдықта Солтүстік Шығыс Африкада құрылды. Оның Ніл өзенінің төменгі сағасына орналасуы суармалы егін шаруашылығын дамытуына қолайлы жағдай жасады. Бұл б. д. д. ІV мыңжылдықтың бірінші жартысында-ақ әлеуметтік жіктелуге және билеуші топтың бөлініп шығуына мүмкіндік берді.
Б. д. д. ІV мыңжылдықтың екінші жартысында Ежелгі Египетте бірінші мемлекеттік құрылым - нома қалыптаса бастады. Ол суармалы егіншіліктің дамуына абйланысты пайда болды: ауыл қауымдары егіншілік жұмыстарын бірлесіп атқару үшін храмдардың айналысына топтасты. Біртұтас Египет патшалығы құрылғанға дейін номдардың саны отыз болды. Олар бастапқыда екі дербес мемлекетке - Жоғарғы (Оңтүстік) Египет және Төменгі Египетке бірікті.
Б. д. д. ІV мыңжылдықтың соңында Жоғарғы Египет патшалары бүкіл Египетті жаулап алып, өз билігіне қаратты.
2. Ежелгі Египеттің тарихы мынадай кезеңдерге бөлінеді:
- Ертедегі патшалықкезеңі (б. д. д. 3100-2800 жж. ) ;
- Ежелгі патшалықкезеңі (б. д. д. 2800-2250 жж. шамасы) ;
- Орта патшалықкезеңі (б. д. д. 2250-1700 жж. шамасы) ;
- Жаңа патшалықкезеңі (б. д. д. 1575-1087 жж. шамасы) .
Жаңа патшалық соңында Египет күйреуге ұшырады. Оны алдымен парсылар, кейіннен римдіктер жаулап алып, Египетті Рим империясының құрамына қосты. [1]
3. Ертедегі патшалық кезеңінде Египет патшалығы ежелгі тайпалық одақты білдірді.
Халықтың басым бөлігін еркін шаруалар-қауымшылдар құрады. Қауымдар қауымдық жер иелену негізінде жерді биледі. Мемлекеттік билік бүкіл жердің иесі деп есептеліп, еркін қауымдар кірісінің бір бөлігін өз пайдасына алып отырды.
Бұрын Египетте басқа елдерге қарағанда таптық құл иеленуші қоғам қалыптасты. Бастапқы патшалық кезеңінің өзінде-ақ көптеген соғыстар жүргізу нәтижесінде тұтқын құлдар пайда болды. Олар ірі шаруашылықтарға пайдаланылды.
Ертедегі патшалық кезеңінде шаруашылық жоғары деңгейде дамыды. Халықтың әлеуметтік және мүліктік жіктелуі нақты анықталды.
Мемлекет билігі перғауыннан бастап жекелеген адамдардың меншікті шоғырлануымен бекітілді.
Ірі құл иеленуші қомақты жер иелігіне ие болды және қоғамда жоғары билік иеленді. Сарайда және мемлекеттік басқаруда жоғары лауазымда отырды.
Шаруалар мемлекеттегі негізгі жұмыс күші болып қала берді. Ежелгі патшалық кезеңінде құлдар нарығы болғанымен, құлдар әлі де болса аз еді.
Египет қоғамында жрецтер ерекше жағдайда болды. Олар үлкен құрметке ие болды. Өйткені олар қабыр өмірі туралы ілімді білді, дәрігерлік өнерді игерді, күрделі сәулет құрылыстарын салуды, жер учаскелерін есептеп бөлуді білді. Жрецтер патша билігінің сүйеніші болды. Храм шаруашылығы салықтан босатылды. Перғауын тек жоғары билеуші болған жоқ, сонымен бірге ол жрец те болды. Кейіннен бұл функция бөліне бастады.
Орта ғасыр кезеңінің гүлдену дәуірі мынадай сипаттармен ерекшеленеді:
жеке шаруашылықтарда құл иелену едәуір өсіп, жер иеленушілердің жағдайы өзгерді;
ауыл қауымдарының бөлінуі жүрді, ол ұсақ меншік иелері - неджестерді қалыптастырды.
Неджестер тобы өз кезегінде, кедейлерге немесе кішкентайларға, неджестерге (ұсақ шаруа) және күшті неджестерге бөлінді.
Жаңа патшалық кезеңінде құлдық дамуын жалғастырды. Оған көптеген соғыстар әсер етті. Құл иеленуші қатынас қоғамға тереңдеп орнықты.
Құлдар еңбегі үй шаруашылығында ғана емес қолданылып қалған жоқ, олардың кәсіби санатқа бөлінуі жүрді. Тас қалаушылар, тас тасушылар, ұсталар, тігіншілер, құрылысшылар және т. б. осылардың арасынан шықты.
Шаруалардың басым бөлігі кедейленді. Жер өңдеушілерді еріксіз түрде патша және храм жерлері үшін пайдаланды.
Абыздықты ардақ тұту жалғаса берді. Жоғары абыздардың байлығы еселеп артты. Сөйтіп олар орталық билікке бағыныштылықтан босай бастады. [2]
2. Ежелгі Египеттің мемлекеттік құрылысы
1. Ертедегі патшалық кезеңінде мемлекеттік аппарат қалыптаса бастады. Осы кезеңде мемлекет басында патша болды, оны сарай қызметкерлерінен құралған көптеген сарайлар қоршап тұрды. Патша билігінің мәні құдайландырылды.
Ертедегі патшалық кезеңінде Ніл жазығындағы егіншілік ісін ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарға жоғарғы билік мемлекет қолында болды.
2. Ежелгі патшалықтың мемлекеттік құрылымының ерекшелігі басқарудың орталықтандырылуынан тұрады.
Заң шығарушы, атқарушы және сот билігі перғауынның қолына шоғырланды. Мемлекеттің барлық маңызды істері - суару шаралары, сот, тағайындау және кешірім беру, әскери жорық, мемлекеттік құрылыс - соның жалпы басшылығымен жүргізілді.
Перғауынның беделі патшаны құдайдай дәріптейтін діни идеологиямен нығайтылды.
3. Ора патшалық кезеңінің басы номархтардың шексіз билігімен сипатталады. Мемлекетті біріктіру және орталық билікті нығайту перғауындардың номархтар билігін шектеуіне мүмкіндік берді. Осы реформаларды жүргізуде патшаға сарай маңындағылар, белгілі әулеттер, әскер сүйеніш болды.
4. Жаңа патшалық кезеңіндегі мемлекеттік құрылыстың негізгі белгісі орталықтандырылған бюрократиялық басқару жүйесінің нығаюы болды. Ел екі әкімшілік округқа бөлінді: Жоғарғы және Төменгі Египет. Олардың әрқайсысын перғауынның арнайы адамы басқарды. Бірінші және жоғары қызметші уәзір болды. Әкімшілік округтар облыстарға - номдарға бөлінді. Қалалар мен бекіністерді перғауын тағайындайтын бастықтар басқарды.
Одан кейінгі маңызды қызметке бас қазынашы және бүкіл патшалық қызметтерінің бастықтары саналды. Көптеген шенеуніктер бұйрықтар жазды, жер өңдеушілер мен кәсіпкерлердің жұмысына бақылау жасады, кірістерді есептеді.
5. Ежелгі патшалықты тұрақты әскер болмады. Әскери операциялар жасау кезінде әскер бейбіт кезеңде өз шаруаларымен айналысып жүрген еріктілерден жасақталды. Кадрлық офицерлер болмады. Әскери отрядтарды перғауынның өзі немесе ол тағайындаған адам басқарды.
Орта патшалық кезеңінде кадрлық офицерлік пайда болды. Египетте патша гвардиясы мен патшаның жеке күзет қызметі қалыптаса бастады.
Жаңа патшалық кезеңінде көршілес аумақтар есебінен мемлекет шекарасын кеңейту жүргізілді. Әскери іс-қимылдардың күшеюіне орай тұрақты әскер құрылды. Ол жер өңдеушілерден, қала тұрғындарынан жасақталып, перғауынның қаржыландыруында болды.
Офицерлер саны мен олардың беделі өсті. Скер сонымен бірге жалдамалылар арқылы да толықтырылып отырды.
Полицейлер қызметін бастапқыда әскер, Жаңа патшалық кезеңінде - арнайы полицей отрядтары атқарды. Олар каналдарды, астық қоймаларын, храмдарды, астананы күзетті.
6. Ежелгі Египетте сот әкімшіліктен бөлінбеді.
Ежелгі патшалықта жергілікті сот ретінде қауымдық өзін өзі басқару органдары әрекет етті. Олардың құзыретіне жер, су, отбасы және мұрагерлік қатынастар туралы даулар жатты. [3]
Патша судьялары номдарда номархтар болды. Олардың қызметіне жоғарғы қадағалау функциясын перғауынның өзі немесе уәзір атқарды. Олар кез келген судьяның шешімін қайта қарай алды.
Египетте түрмелер қылмыскерлерді әкімшілік және шаруашылық тұрғыдан жазалау орындарын білдірді. Арнайы патша бюросы құқық бұзған адамдарды ауыр мәжбүрлі жұмыстарға жегуге бөлумен айналысты.
3. Ежелгі Египеттегі құқық
1. Ежелгі Египетте құқық бастаулары:
бастапқыда - әдет;
мемлекеттің дамуына орай - перғауындардың заң шығару қызметі;
2. Египетте жер иеленудің мынадай нысандары болды:
мемлекеттік;
храмдық;
жеке;
қауымдық.
Ең ірі жер иеленушілер храм шаруашылықтары мен патша вельможалары болды. Олар жермен әртүрлі мәмілелер жасай алды: сату, сыйлау, мұраға беру. Ауылдарда жеке меншік баяу жүрді. Өйткені қауым тежеуші фактор болды.
Жылжымалы мүлік (құлдар, малдар, құрал-саймандар) жеке және басқа меншікте болып, әртүрлі мәмілелер мәні бола алды.
3. Ежелгі Египет құқығындағы белгілі болған шарттардың түрлері:
заем шарты;
жалдау шарты;
сатып алу-сату шарты;
жер жалдау шарты;
поклажа шарты;
серіктестік шарты.
Египетте жердің айрықша құндылығына байланысты оның қолдан-қолға өтуінің ерекше тәртібі жасалды. Мұнда үш түрлі әрекет жасмау көзделді:
біріншісі - сатушы мен сатып алушы арасында шарттың мәні мен төлем туралы келісімге келу;
екіншісі - сатушы шартты құдай алдында шартты растаушы ант берді;
үшіншісі - сатып алушыны иелікке кіргізу, бұл жерге меншік құқығының өтуіне әкелді.
4. Египетте неке ер мен әйелдің арасындағы шарт негізінде жасалды. Әйелдің жасау ретінде әкелген мүлкі әйелдің меншігі болып қала берді. Бұл да шартта анықталды. Ажырасау екі жағынан да еркін түрде жүзеге асты.
Египетте матриархат ұзақ уақыт болды. Ақыт өте келе отбасының басшысы ері болды. Әйелдің отбасындағы теңдігі біртіндеп жоғала бастады.
Египет құқығы мұрагерлікке заң жүзінде де, өсиет бойынша да рұқсат етті. Заң бойынша мұрагер қосжыныстың да артындағы балалары саналды. Өсиетті ері де, әйелі де жасай алды.
5. Египет құқығы мынадай топтағы әрекеттерді қылмыс деп таныды:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz