“Қорғасынның адам денсаулығына зияны”


Тақырып : “Қорғасынның адам денсаулығына зияны”

Жоспары

I Кіріспе бөлім :

1. Тақырыптың өзектілігі

2. Зерттеудің мақсаты мен міндеті

II Негізгі бөлім:

1. Қорғасын және оның қосылыстарының қоршаған ортаға әсері

2. Құрамында қорғасын бар өндіріс қалдықтарының шығу көздері

3. Қорғасын және оның қосылыстарының уытты әсері 4. Қорғасынның токсикологиялық әсері

III Қорытынды бөлім

Шымкент қаласының ауыр металдармен ластану көрсеткіші

IV Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Оңтүстік Қазақстан облысы экологиялық қауіптілігі бойынша 2-ші орында тұр. Облыста шамамен 130-дан астам ірі кәсіпорындар (7023 ластану көздері) атмосфераны зиянды заттармен ластайды.

Соңғы кездердегі басты экологиялық мәселелердің бірі тастанды қалдықтардың жиналуы және көбеюі. Олар әсіресе «Петро Қазақстан Ойл» АҚ, «Оңтүстік құс» ААҚ, «Кентау Т 3» ААҚ, «Экскаватор» ААҚ, «Южполиметалл» ЖАҚ, ТОО «Интеркомшино», ААҚ «Химфарм» мекемелерінің әсерінен. Сондықтан қоршаған ортаға түсіп отырған ауыр металдардың тірі ағзаларға, соның ішінде адамға әсерін білудің маңызы зор.

Бүкіләлемдік Денсаулық Сақтау Ұйымының мәліметі бойынша 80% аурудың түрі қоршаған ортаның ластануынан болатындығын және адам ағзасына улы заттардың 70% тағам арқылы келіп түсетінін дәлелдеп, адамзат үшін дабыл қағуда.

Жұмыстың мақсаты -тірі ағзаларға ауыр металдардың токсикологиялық әсерін зерттеу, соның ішінде қорғасын металымен Шымкент қаласының ластануы мен оның адам денсаулығына әсерін анықтау.

Осы мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттер қойылды:

- Шымкент қаласының ауыр металдармен, соның ішінде қорғасынмен ластануын анықтау;

- Шымкент қаласы емханаларында тіркелген аурлардың ауыр металдар тудыратын сырқаттармен байланысын анықтау.

Жұмыста ауыр металдардың, соның ішінде қорғасынмен Шымкент қаласының ластануы және ондағы тұратын халықтың денсаулығына әсері қарастырылып, ұсыныстар жасалған. Шымкент қорғасын зауыты маңындағы топырақта қорғасынның мөлшерінің нормадан бірнеше есе артық екендігі көрсетілген. Мұндай мәлметтерді жергілікті тұрғындар арасында кеңінен таратып, адамдардың металдармен уланбау жолдары мен шараларын ұсыну қажетігі орын алып отыр.

Қорғасын және оның қосылыстарының қоршаған ортаға әсері

Құрамында қорғасын бар өндіріс қалдықтарының шығу көздері

Қазіргі өндіріс пен техниканың дамуымен тікелей байланысты элементтердің бірі - қорғасын. Өндіру көлемі бойынша, ол түсті металдар тобында Аl, Сu, Zn - тан кейін төртінші орында тұр, бірақ практикалық маңыздылығы бойынша олардан кем түспейді. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, бүкіл әлем бойынша жылыны 3 млн. тонна қорғасын қолданылады, оның ішінде 40% -ы аккумулятор батареялары, 20% - ы қорғасын алкилі өнідірістерінде, 12% - ы басқа мақсаттар үшін пайдаланылады екен. Бұл элементті өндіру соңғы ғасырда қарқынды дами бастады, мысалы ХІХ ғасыр басында жылына 20*10 3 тонна болса, ХХ ғасырдың 80 - ші жылдары өндіріс көлемі 3, 5*10 6 тоннаға дейін жеткен. Сәйкесінше, өндірістік қолданылуы кезінде, құрамында қорғасын бар қалдықтардың мөлшері де өсті.

Қорғасынның таралу тізбегін мындай түрде көрсетуге болады: ластау көзі - табиғи тасымалдаушы орталар - жинақтаушы табиғи орталар - тірі организмдер. Металдың табиғи оратаға түсу жолдары мынадай топтарға бөлінеді. 1. Шаңды - газ түріндегі қалдықтар; 2. Химиялық мелиорация заттары; 3. Өндірістік және тұрмыстық ағынды сулар.

Өндірістен шығатын шаңды - газ түріндегі қалдықтар, қорғасынның атмосферада таралуына, ауаның ластануына әкеледі, тыныс жолдары арқылы тірі орагинмздерде биоконцентрленеді. Ластау көздерінің әсер ету зоналарында бұл шаңдардың жердің беткі қабатына қонуы нәтижесінде, топырақ биотасы және өсімдіктер ластанады.

Қалаларда қорғасынның ластаушы көздері - транспорт және полиграфия. 1923 жылдан бастап бензинге антидетонаторлар ретінде - қорғасын тетраэтилі немесес тетраметилі қолданыла бастады. Кейбір авторлардың есептеуінше, автомобиль қозғалысында бұл қосылыстағы қорғасынның 25% - дан 75% - ға дейін мөлшері атмосфераға шығарылып тасталады, ал басқа авторлардың тұжырымдауы бойынша, металдың 15% -ы ғана автомобиль қозғалысына жұмсалады да, 85 % -ы «ауаға ұшады». Қорғасынның тераэтил - және тетраметил - тәрізді органикалық қосылыстары липоидтарда еритін болғандықтан, организмге тек тыныс жолдары ғана емсе, тері арқылы да ене алады.

М. Мурозуми қызметкерлерімен бірге атмосферадағы қорғасын мөлшерінің өсуін зерттей отырып, гренландиялық мұз күмбезіндегі қар қабатында металл мөлшерінің өсуі жайлы қызықты деректер келтірген. Мысалы, 1750 жылы сол мұздағы қорғасын мөлшері - 20 мкг/т болса, 1860 жылы өндірістің дамуына байланысты ол 50 мкг/т - ға өскен. Ал жеке автомобильдер санының өсуіне байланысты 1950 жылы - 120 болса, 1985 жылы ол көрсеткіш 210 мкг/т - ға дейін жеткен.

Автотранспорттың тастанды газдарының атмосфераны ластауының жол бойындағы топырақ пен өсімдіктерге әсері Варен мен Делавоның биохимиялық зертеулерінде және басқа да әдеби деректерде жан - жақты зерттелінген. Осы мәліметтер бойынша, жол жиегінде өсетін жасыл өсімдіктер топыраққа қарағанда қорғасынды атмосферадан көп адсорбциялайды деп тұжырым жасауға болады.

Кестеде әртүрлі өнеркәсіптердің маңындағы топырақтардағы қорғасынның жоғары мөлшері, түсті мателдардың қалдықтарын қайта өңдеу өнеркәсібінде байқалатындығы көрсетілген. Қорғасынның қоршаған ортадағы экологиялық маңыздылығы ең алдымен, оның биогеохимиялық ерекшеліктерімен: тірі организмдерге ену жағдайы және деңгейі арқылы анықталады.

Кесте 1.

Біртекті ландшафты геохимиялық құрылымды территориялардағы әртекті профильді өнеркәсіптер маңындағы топырақтағы қорғасын мөлшері .

Өнеркәсіп типі
Максимальды әсер ету зонасындағы қорғасынның орташга мөлшері, мг / кг
К с *
Өнеркәсіп типі: Түсті металдар сынықтарын қайта өңдеу
Максимальды әсер ету зонасындағы қорғасынның орташга мөлшері, мг / кг: 2470
Кс*: 95
Өнеркәсіп типі: Түсті металдар құймаларын өңдеу
Максимальды әсер ету зонасындағы қорғасынның орташга мөлшері, мг / кг: 1612
Кс*: 62
Өнеркәсіп типі: Аккумулятор өндірісі
Максимальды әсер ету зонасындағы қорғасынның орташга мөлшері, мг / кг: 564
Кс*: 22
Өнеркәсіп типі: Машина жасау
Максимальды әсер ету зонасындағы қорғасынның орташга мөлшері, мг / кг: 552
Кс*: 22
Өнеркәсіп типі: Электротехникалық өндіріс
Максимальды әсер ету зонасындағы қорғасынның орташга мөлшері, мг / кг: 390
Кс*: 15
Өнеркәсіп типі: Тікелей машина жасау өндірісі
Максимальды әсер ету зонасындағы қорғасынның орташга мөлшері, мг / кг: 312
Кс*: 12
Өнеркәсіп типі: Ауыр машина жасау
Максимальды әсер ету зонасындағы қорғасынның орташга мөлшері, мг / кг: 260
Кс*: 10
Өнеркәсіп типі: Тұрмыстық құрал саймандар өндірісі
Максимальды әсер ету зонасындағы қорғасынның орташга мөлшері, мг / кг: 156
Кс*: 6
Өнеркәсіп типі: Пластмасса өндірісі
Максимальды әсер ету зонасындағы қорғасынның орташга мөлшері, мг / кг: 52
Кс*: 2
Өнеркәсіп типі: Цемент өндірісі
Максимальды әсер ету зонасындағы қорғасынның орташга мөлшері, мг / кг: 36
Кс*: 1, 5

К с * - жергілікті топырақтардағы табиғи деңгеймен салыстырғанда неше есе көп екендігін көрсететін коэфициент.

Сонымен, қорғасынның шаңды - газ түріндегі қалдықтарымен атмосфераға таралуының техногенді геохимиялық тізбегі барлық жағдайда да табиғи орталарда ауытқулар туындауына әкеледі.

Жоғарыда атап өткендей, қорғасын және оның қосылыстары химиялық мелиорация заттарын қолдануға байланысты да қоршаған ортаға таралады. Химиялық мелиорация заттары дегеніміз, қышқыл топырақты нейтралдау үшін қолданылатын органикалық және минералдық тыңайтқыштар немесе қосылыстар. Соңғы жылдары осындай заттар ретінде әртүрлі тұрмыстық және өндірістік қалдықтар қолданыла бастады, көптеген зерттеушілер мұны, қалдықтарды пайдаға асырудың және зиянсыздандырудың жақсы әдісі деп есептейді.

2 - кестеде, түсті металдар зауыты аумағындағы организмдерге әсер ететін қорғасын мөлшері деңгейлері жайында мәлімет беретін деректер келтірілген. Қалдықтардың интенсивті әсер ету зоналарындағы қорғасын мөлшерінің өсімдіктерде жинақталуы фонды мөлшерден 58 есе жоғары, адам организмінде 2 - 5 есе өседі.

Кесте 2.

Түсті металдар зауыты қалдықтарының әсер ету аймағындағы организмдердегі қорғасын мөлшері [12] .

Зерттеу объектілері
Қорғасын мөлшері, мг/кг құрғақ затқа
Зерттеу объектілері:
Қорғасын мөлшері, мг/кг құрғақ затқа: Жақын зоналар (500-700 м-ге дейін)
Алыс зоналар (2000 м-ге дейін)
Жергілікті фонды деңгей
Зерттеу объектілері: Түрлі шөптер
Қорғасын мөлшері, мг/кг құрғақ затқа: 28(8) *
15, 5(4)
3, 5
Зерттеу объектілері: Күнбағыс (жасыл өсімдік)
Қорғасын мөлшері, мг/кг құрғақ затқа: ---
13, 4(4)
3, 4
Зерттеу объектілері: Жүгері (жасыл өсімдік)
Қорғасын мөлшері, мг/кг құрғақ затқа: 22(4)
15, 0(4)
5, 2
Зерттеу объектілері: Жүгері (початок)
Қорғасын мөлшері, мг/кг құрғақ затқа: 0, 9(4)
---
0, 25
Зерттеу объектілері: Үрме бұршақ
Қорғасын мөлшері, мг/кг құрғақ затқа: 38(7)
18, 0(3)
5, 4
Зерттеу объектілері: Қызылша
Қорғасын мөлшері, мг/кг құрғақ затқа: 6, 5(7)
---
1, 0
Зерттеу объектілері: Акация (жапырағы)
Қорғасын мөлшері, мг/кг құрғақ затқа: 14, 5(8)
---
1, 7
Зерттеу объектілері: Балалардың шашы **
Қорғасын мөлшері, мг/кг құрғақ затқа: 18, 2(7)
6, 7(2, 5)
2, 7

* Жақша ішінде фонды деңгеймен салыстырылып есептелген концентарция коэффициенті көрсетілген.

** - 1 грамда микрограмм түрінде көрсетілген.

Стандартты минералды және органикалық тыңайтқыштар құрамында, әдетте, қорғасынның мөлшері көп емес. Ал тыңайтқыш ретінде тұрмыс қалдықтарын қолданғанда басқаша жағдай туындайды. Бар мәліметтерге сүйенсек, көптеген мұндай қалдықтар, қоршаған ортаны уытты химиялық элементтермен ластаудың нақты потенциалды көздері болып отыр.

Қорғасынның қоршаған ортаға тағы бір таралуы ағызынды сулар ағыстарының миграциялық тізбегі бойынша жүреді. Ағыстардың миграциялық тізбегі - ең күрделі ластаушы көздерінің бірі; оған жергілікті ластаушы көздер ретінде - өндірістік және шаруашылық - тұрмыстық ағызынды сулардың техникалық жүйелер арқылы өзендерге түсуін жатқызуға болады.

Әртүрлі ағызынды сулардағы қорғасын мөлшері бойынша бар мәліметтерге жасалған анализ, олардағы қорғасын мөлшері 10 мкг / л - ден көп болатындығын көрсетті (3 - кесте) . Ағызынды сулар мен табиғи сулар араласқанда қорғасын мөлшерінің едәуір азаюы жүреді, сондықтан ірі қалалардың қалдық сулары табиғи сулармен араласқаннан кейінгі металдың мөлшері фонды мөлшерден 10 еседен артық бола қоймайды.

Су жүйесінің қорғасынмен ластануында атмосфералық жолмен түсу көздерінің рөлі зор. Үлкен көлдердегі металл катиондарының концентрациясын тікелей өлшеу кезінде, мысалы Мичиган көліне, ағыстармен - 180 т қорғасын, көл жағасынан - 240 т, атмосфералық жауын - шашындармен - 640 т немесе судағы қорғасынның 60 % -ы түсетіндігі мәлім болды. Кейбір авторлардың есептеуінше, күрделі өндіріс орындары бар қаланы дренаждайтын өзен балансында табиғи қорғасынның мөлшері - 20 %, өндірістік ағызынды сулармен - 5 %, канализациялық ағызынды сулармен келетін қорғасын 15 % құрайды, ал қалған 60 % қорғасын нөсер жауынмен және шайынды ағызынды сулармен, яғни атмосфера арқылы түседі.

Көпшілік жағдайда, су жүйесіндегі миграциялық циклға, қорғасын, негізінен қалқымалы қатты зат түрінде қосылады. Бақылау нәтижелері бойынша, азығынды суда еріген қорғасын мөлшері басым болғанның өзінде, тазалау қондырғыларында қатты зат: су қатынасы 2 : 1 - ден 6:1 аралығында болатындығы анықталды. Табиғи миграция процесінде бұл қатынас одан әрі кеңейеді. Күрделі өндірістік территориялар арқылы өтетін өзендер (Рейн, Рона, Миссисипи, Оттава, Эльба) бойынша мәліметтерде, осы өзендердегі қорғасынның қалқымалар күйіндегі миграциясы және оның қоршаған ортаға әсері, көпшілік жағдайда антропогендік факторлардың нәтижесінде болады.

Кесте 3.

Өндірістік және тұрмыстық ағызынды судағы қорғасын мөлшері

Ағызынды су сипаттамасы
Қорғасын мкг/л
К С
Әдеби деректер
Ағызынды су сипаттамасы: Түсті металлургия ағызынды сулары
Қорғасын мкг/л: 400-7000
КС: 40-700
Әдеби деректер: [19]
Ағызынды су сипаттамасы: Машина жасау өнеркәсібінің ағызынды сулары
Қорғасын мкг/л: 450-ге дейін
КС: 45
Әдеби деректер: [19]
Ағызынды су сипаттамасы: Автостраданың шайынды ағызынды суы
Қорғасын мкг/л: 8500-ге 7 дейін
КС: 850
Әдеби деректер: [20]
Ағызынды су сипаттамасы: Қаланың жауынды ағын суы
Қорғасын мкг/л: 4200
КС: 20
Әдеби деректер: [22]
Ағызынды су сипаттамасы: Қаланың шайынды ағын суы
Қорғасын мкг/л: 420
КС: 42
Әдеби деректер: [22]
Ағызынды су сипаттамасы: Прибор жасау профильді өндірістік зонаның топтастырылған ағызынды суы
Қорғасын мкг/л: 300
КС: 30
Әдеби деректер: [16]
Ағызынды су сипаттамасы: Өндірістік қаланың жалпы ағызынды суы
Қорғасын мкг/л: 69
КС: 6, 9
Әдеби деректер: [16]

Сонымен, қорғасынның антропогенді шығу көздері газ, шаң түрінде, су жүйесінде ағын сулар және химиялық мелиорация заттары болып табылады. Металдың қоршаған ортаға таралуын талдау, қорғасынның барлық жағдайда геохимиялық ауытқулар тудыратынын және олардың күрделі зардаптары бар екендігін көрсетті.

Оңтүстік Қазақстан облысында қорғасын өндірісінің, цемент және фосфор зауыттарының, сонымен қатар транспорттың зиянды қалдықтарнының тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі жөнінде бірқатар деректер бар. Шымкент қорғасын зауытынан 1, 5 км қашықтықтағы топырақта фонды көрсеткіштен қорғасын мөлшері 250, кадмий - 260, мыс - 45 есе жоғары . Шымкент қаласының ауа бассейнінің ауыр металдармен, әсіресе қорғасынмен ластануы жөніндегі мәліметтер периодикалық басылымдарда да жарық көрген. Панин М. С. өзінің еңбегінде, Семей қаласының цемент зауытының, тек цемент өнідірісінің шаңының құрамында жалпы мырыш мөлшері 8000 мг/кг, қорғасын - 4000; мыс - 230; ванадий - 27 ; кобальт - 9, 5; кадмий - 120; хром - 38; стронций - 530; мышьяк - 59 мг/кг бар деген деректер келтірген. Осындай шаңдар топыраққа қону арқылы топырақтағы және оларда өсетін өсімдіктерді ластайды. Өнідірістік өнеркәсіптер маңындағы топырақта қорғасын фондық мөлшерден 9, 9 есе жоғары болған.

Қорғасын және оның қосылыстарының уытты әсері

Қорғасын - политропты улы элемент, адам және жануарлардың барлық ағзалары мен жүйелеріне әсер етеді, бұл кезде белгілі өзгерістер жүйкелік және қан айналу жүйесінде, сонымен қатар бауырда және ас қорыту жүйесінде байқалады. Қорғасын және оның қосылыстары тек қана зиянды әсер етуімен ғана емес, сонымен қатар кумулятивтілігімен, яғни ағзада жоғары дәрежеде жинақталуымен және ағзадан шығарылуы аз мөлшерде, төменгі жылдамдықта жүруімен қауіпті.

Мына фактілерге назар аударайық:

  1. Топырақта қорғасынның 10-4% мөлшері ферменттердің активтілігін төмендетеді, әсіресе бұл кезде оның жақсы еритін қосылыстары зиянды.
  2. Балықтар үшін судағы қорғасынның 2*10-5% мөлшерінде зияны ауқымды.
  3. Судағы қорғасынның өте аз концентрациясы балдырлардағы каротиноидтар мен хлорофильдердің мөлшерін төмендетеді.
  4. Энциклопедиялық мәліметтер бойынша, 1952 - 1965 ж. ж. арасында 11 мыңнан аса адамдардың профессиональды қорғасын ауруымен сырқаттануы тіркелген.
  5. Қорағасын қосылыстары негізінде жасалған бояулардың аэрозольды бөліктерін жұту нәтижесінде, АҚШ - та балалардың улануының 200 мың жағдайы тіркелген.
  6. Он жылдық статистика нәтижесі бойынша, ФРГ - ның көмір қолданатын өндірістік өнеркәсіптері орналасқан аудандарының ауасындағы қорғасын және басқа да металдар мөлшерінің өсуі мен өкпе рагы ауруының саны арасында байланысты анықтады.

Қорғасынның уыттылық дәрежесі оның қосылыстарының концентрациясына, физика - химиялық күйіне және табиғатына байланысты. Қорғасын, әсіресе молекулярлы - ионды дисперсті күйінде қауіпті, ол өкпеден қан айналу жүйесіне өтіп, одан бүкіл ағзаға тасымалданады.

Қорғасын және оның қосылыстарының уыттылығы, олардың ағзаның биологиялық сұйықтықтарындағы ерігіштегіне байланысты өседі. Авторлардың пікірінше, қорғасын иондары сульфгидрильді топтардағы күкірттің электронодонорлы атомдарымен байланысып, ферменттерді улайды. Сондықтан да қорғасын ағзадағы көптеген ферментативті процестерді тежейді. Қорғасынмен уланған кезде жүйке жүйесінде белгілі өзгерістер байқалады; терморегуляция, қан айналу және трофикалық процестер бұзылады; ағзаның иммунобиологиялық қасиеттері және оның генетикалық аппараты өзгереді.

Органикалық қосылыстар, әсіресе тетраэтил - және тетраметилқорғасын, липоидтарда жақсы ериді, сондықтан да ол ағзаға тек қана тыныс жолдары емес, сонымен қатар жоғарыда айтылғандай, тері арқылы де ене алады. Уланудың алғашқы фазасында организмнің шартты - рефлекторлы қызметінің ауытқуы байқалады, одан соң симпатикалық және парасимпатикалық нерв жүйесінде өзгерістер басталады, ол ұйқысыздық, галлюцинация және діріл тудырады. Қорғасын әсересе кішкентай балалар үшін өте қауіпті, ол ойлау қабілетін төмендетеді және мидың созылмалы ауруларын тудырады. Қорғасынның неорганикалық қосылыстарының ең қауіпті әсері - сүйектердегі кальцийді алмастыруға қабілеттілігі, сондықтан ол ұзақ уақыт көлемінде уланудың тұрақты көзі бола алады.

Қорғасынның токсикологиялық әсері

Қорғасын экологиясы - бүкіл әлем үшін өзекті тақырып. Тек 15-20 жыл бұрын ғана қорғасынның балалар үшін қаншалықты зиянды екендігі анықталды. Бұл металдың әрқашан зияндылығы белгілі болды. Жақында ғана жас баланың қолына, аузына түскен қорғасын мөлшері өте ауыр жағдайды туғызатындығы және оның зардабы да ауыр болатындығы дәлелденді. Баланың есте сақтау қабілеті төмендейді, жаңа материалды қабылдауы төмендейді, отбасында, ұжымда өзара қарым-қатынас жасауы қиындайды. Бұл симптомдарды жасырын немесе спецификалық емес деп те атайды. Осыларға қарамастан әлемдік денсаулық сақтау ұйымы нақты интеллект коэффициенті арасындағы қатынасты қабылдады және балалар қанындағы қорғасын деңгейін бекітті, ол шама 10 мкг/дл (4-кесте) . АҚШ-та осы қауіпті ластаушыдан балаларды қорғау үшін шаралар қабылданды. Әрбір мектепке дейінгі бала қандағы қорғасынға тесттен өтуі қажет, зақымдалған территорияны тазалау үшін қомақты қаржы жұмсалуда және құрамында қорғасын болатын бояуларды қолдануға тиым салынады. Қазақстанда да аналогиялық немесе күшті шаралар қабылдау қажет.

Қорғасынмен уланған кезде жүйке жүйесінде белгілі өзгерістер байқалады; терморегуляция, қан айналу және трофикалық процестер бұзылады; ағзаның иммунобиологиялық қасиеттері және оның генетикалық аппараты өзгереді. Қорғасын, әсіресе, кішкентай балалар үшін өте қауіпті, ол ойлау қабілетін төмендетеді және мидың созылмалы ауруларын тудырады.

Шымкент қаласының ауыр металдармен ластану көрсеткіші

Шымкент қаласының қорғасынмен ластануы өндіріс орындары қалдықтары, автомобилдердің тастанды газдары және т. б. себептерден болып отыр. Бұл жерде күрделі мәселе Шымкентте қорғасынмен тарихи ластанудың көзі өте үлкен.

Әртүрлі орталардағы қорғасын мөлшерін анықтаудағы құралдар

қоршаған ортаға көптеп қорғасын қалдықтарын шығарған. Ластаушы заттар 74 жылдай жинақталған. Оның себебі Шымкент қорғасын зауыты адамдар мекендейтін аймақта орналасқан. Бұл жерде мекеме кінәлі емес, себебі зауыт алғаш соғылғанда ол шеткі аймақта болған, кейінірек жергілікті басқарудың шешімімен тұрғын үй және әлеуметтік құрылыс зауытқа жақын аймақтарға салынды.

Кезінде АО «Шымкент қорғасын зауыты» тек қана қорғасынды белгілі көлемде жылына 150 000 тонна шығарды, өз кезегінде АО «ПК» «Южполиметалл» қорғасынды 40 000 тонна бір жылда өндіріп отыр. АО «ПК» «Южполиметалл» 2003-2007 жылдары 5 жыл ішінде 39923т өндірістен 27474т қалдық тастады, ол АО «Шымкент қорғасын зауытының» бір жылда тастаған қалдығынан төмен. «Шымкент қорғасын зауыты» бір жылдың өзінде 35000-ден 43000 дейін қалдық шығарады, Балхаш зауыты 1 жылда 700 000т қалдық тастады, АО «ПК» «Южполиметалл» 7 000 т жылына қалдық шығарды. Көп жылдар бойы АО «Шымкент қорғасын зауытының» іс - әрекетінен мекеме айналасы ластанды.

Жалпы алғанда республикада жағдай барлық мемлекеттердегідей болып отыр. Өндіріс орындарынан басқа балалар құрылыс материалдар есебінен қосымша металл мөлшерлерін алып отыр. Сонымен қатар қорғасынмен улану құрылыс материалдарынан, ыдыс аяқтардан, ойыншықтардан, автотранспорттың қалдықтарынан болады. Сол себептен қазақстандық мектепке дейінгі балалардың 12-15 % қанындағы қорғасын мөлшері қалыпты мөлшерден жоғары болады.

Кесте 6. Қазақстанда балалар қанындағы қорғасын (норма - 10 мкг/дл)

Қала
Зерттелгендер саны
Қандағы қорғасын
орташа, мкг/дл
максимум, мкг/дл
% нормадан жоғары балалар
Қала: Кызылорда
Зерттелгендер саны: 303
Қандағы қорғасын: 6, 0
25
7
Қала: Алматы
Зерттелгендер саны: 70
Қандағы қорғасын: 6, 1
23, 6
16
Қала: Павлодар
Зерттелгендер саны: 160
Қандағы қорғасын: 5, 4
30, 3
9
Қала: Шымкент
Зерттелгендер саны: 157
Қандағы қорғасын: 20, 7
103
66
Қала: Өскемен
Зерттелгендер саны: 243
Қандағы қорғасын: 6, 6
29, 4
15
Қала: Талдықорған
Зерттелгендер саны: 70
Қандағы қорғасын: 8, 9
32
20
Қала: Текелі
Зерттелгендер саны: 75
Қандағы қорғасын: 8, 7
38, 4
16

Алынған нәтижелер көрсеткеніндей, мектепке дейінгі балалардың қанында қорғасын мөлшері 8, 82-0, 26 мкг/л құрады. Соның

ішінде 20, 7% балаларда қорғасынның қандағы мөлшері одан да жоғары екендігі анықталды. Қандағы қорғасын мөлшері қалыпты деңгейден орташа артуы 1 балаға шаққанда 2, 4 мкг/дл құрады.

Қан құрамында жоғарғы деңгейлі қорғасынның мөлшерінің болуы балалар арасында максимальды саны Шымкентте анықталды (66%), минимальды саны Павлодарда анықталды (5, 4%) .

Қандағы қорғасын концентрациясының 1 мкг/дл-ге артуы 1 балаға шаққандағы зардабы АҚШ-та шамамен 1200 долларға бағаланады.

Қоршаған ортаның қорғасын және оның токсикалық қосылыстарымен ластанудың Қазақстандағы негізгі көздері - өндірістік мекемелер, этилирленген бензин, қорғасыны бар бояуларды қолданатын ойыншықтар, құрылыс материалдары.

Балалардың интеллектуальды дамуына қорғасынның эффекті:

  • Ойлау қабілетінің төмендеуі;
  • Зейінінің төмендеуі (снижение внимания)
  • Тәртіптік өзгерістер (поведенческие расстройства)
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қорғасын зауыты қоршаған ортаны бүлдірмеу үшін барлық шараны қолдануда
Топырақ үлгілерін өлшеу
Қорғасынның ағзаға пайдасы
ОҚО металлургиялық өндірісі аймағындағы өсімдіктердің құрамына ауыр металдардың әсері
Маңғыстау облысының ауыр металдармен ластануы
АВТОКӨЛІКТЕРДЕН ШЫҒАТЫН ЗИЯНДЫ ЗАТТАР ЖӘНЕ ОНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚҚА ЗИЯНЫ
Топырақ жүйесін ауыр металдардан заласыздандыру жолдары
Кентау қаласының өндірістік орындарының қоршаған ортаға әсері
Қазақстан экологиясы туралы
Ауыр металдардың топыраққа әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz