Қазіргі кезеңдегі дәстүрлі емес оқыту технологиясы арқылы экологиялық білім берудің ғылыми - теориялық негіздері


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
I. Қазіргі кезеңдегі дәстүрлі емес оқыту технологиясы арқылы экологиялық білім берудің ғылыми - теориялық негіздері
I. 1. Дәстүрлі емес сабақ технологиялары арқылы білім берудің педагогикалық негіздері . . . . . . 7
I. 2. Дәстүрлі емес сабақ технологиялары арқылы білім берудің қазіргі жағдайы . . . 15
II. 3. Оқушыларға сабақтан тыс уақытта білім беруде интерактивті технологияларды қолдану…… . . . . . . …… . . . 25
II. Инновациялық оқыту технологиясы арқылы оқушыларға экологиялық білім берудің әдістемесі
II. 1. Модульдік оқыту технологиясы . . . . . . 38
II. 2. Компьютерлік және ақпараттық технологиясы . . . 45
II. 3. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы . . . 51
II. 4 Тәжірибелік - эксперименттік жұмысының нәтижесі . . . 60
Қорытынды . …… . . . . . . … . . . 63
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . …… . . . . . . 64
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан мектебінің алдына қойып отырған мақсаты - оқу мен тәрбие жұмысын дамыту, еліміздің әлеуметтік - экономикалық жағдайын жақсарту бағытында оқушыларға жүйелі де нақты білім беру.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс - тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді [1] . Бұл міндеттерді шешу мұғалімнің ізденісіне байланысты. Осы күні Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім берудің жаңа парадигмасын туғызды.
Жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру бүгінгі күн тәртібіндегі бірден - бір қажетті кезек күттірмес екендігі 1991 жылғы «Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасында», 1996 жылғы «Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасында» және Ата заңымызға негізделіп жасалған ҚР «Білім туралы» заң мен 2004ж қабылданған талаптарды іс - жүзіне асыру жоғары, орта және арнаулы білім беруде оқушылар мен студенттерге экологиялық білім мен тәрбие беруді дұрыс ұйымдастыруға байланысты екендігі көрсетілген [2, 3, 4, 5, 6] . Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Конституциясының 6-шы бабы жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттің меншігі екендігін, олардың мемлекет қорғауында болатындығын мәлімдейді, ал Конституцияның 38-шы бабы Қазақстан Республикасының азаматтарына табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарын ұқыпты қарауға міндеттейді.
Оқушыларға экологиялық білім беру олардың қоршаған ортаны қорғауға, аялауға тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті міндеттерінің бірі
Экологиялық білім мен тәрбие беру мәселері жалпы білім берудің элементі ретінде оқушыларға айналадағы орта мен табиғатқа жауапкершілік қарым-қатынасты қалыптастырумен және қоғам арасындағы өзара байланысты ғылыми негізде меңгерумен сабақтас қаралады. Жас жеткіншектерге саналы білім мен тәлім-тәрбие беру Республикамыздың атақты педагог ғалымдарының Н. Ф. Хмель, Г. А. Уманов, Қ. Б. Жарықбаев, И. Н. Нұғыманов, С. Қ. Қалиев, Ж. Б. Қоянбаев, Қ. Б. Бөлеев және т. б. ғалымдардың еңбектерінде зерттелді [7, 8] .
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру саласында, ізденіп зерттеулер жүргізген ғалым - педагогтар И. Д. Зверьев, А. Н. Захлебный, Н. С. Сарыбеков, И. Г. Суравегина, Н. А. Гладков, П. В. Иванов, Б. Г. Иоганзен, И. С. Матрусов, Н. А. Рыков, А. П. Сидельковский, В. Н. Скалон, Е. С. Сластенина, А. С. Бейсенова, Н. Е. Ильинская және т. б. ғалымдарының еңбектерінде кеңінен қарастырылды [9, 10, 11, 12, 13] .
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмытылуы. Бүгінгі таңда П. Э. Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы Д. Б. Эльконин мен В. В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш. А. Амонашвилидің ізгілікті - тұлғалық технологиясы, В. Ф. Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, М. Чошановтың проблемалық модельді оқыту технологиясы, П. И. Третьяковтың, К. Вазинаның модельді оқыту технологиясы В. М. Монаховтың, В. П. Беспальконың оқыту технологиялары кеңінен таралған. Қазақстанда Ж. А. Қараевтың, Ә. Жүнісбектің, Ш. Т. Таубаеваның, Қ. Қ. Қабдықайыровтың, С. Н. Лактионованың, М. М. Жанпейсованың және Қ. М. Нағымжанованың т. б. ғалымдардың ұсынған оқытудың жаңа технологиялары оқу үрдісінде белсенді түрде қолдануда [14] .
Зерттеу нысанасы: Жалпы орта білім беретін мектептің оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні : Жоғарғы сынып оқушыларының инновациялық оқыту технологиясы негізінде алған экологиялық білімі.
Зерттеудің мақсаты: Жоғары сынып оқушыларына инновациялық оқыту технологиясы арқылы экологиялық білім берудің теориялық тұрғыдан негіздеу. Бұл мақсатты орындау үшін мынадай міндеттер қойылып, оларды шешуге ұмтылыс жасалды.
Зерттеу міндеттері:
- Жоғары сынып оқушыларына инновациялық оқыту технологиясы арқылы экологиялық білім берудің теориялық негізін айқындау;
- Инновациялық оқыту технологиясы арқылы экологиялық білім берудің түрлерін жетілдіру;
- Инновациялық оқыту технологиясы арқылы үздіксіз экологиялық білім берудің моделін жасау;
- Педагогикалық эксперимент арқылы экологиялық білім беруде инновациялық оқыту технологиясын пайдаланудың тиімділігін дәлеледеу.
Жетекші идея: Модульдік оқыту, компьютерлік және ақпараттық, деңгейлеп саралап оқыту технологиялар, арқылы әрбір оқушының сабаққа деген қызығушылығы артады, экологиялық білім мен шығармашылығы қалаптасады.
Зерттеу әдістері:
- Тақырыпқа байланысты жаратылыстану, философиялық, психологиялық, педагогикалық, ғылыми-әдістемелік еңбектермен танысып талдау жасау;
- Жалпы орта білім беретін мектептердегі экология пәнінің бағдарламаларына, оқулықтарына, әдістемелік - құралдарына талдау жасау;
- Зерттеу бойынша сұрақтар қою, бақылау жүргізу, пікір алысу, экологиялық ойындар ұйымдастыру.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері:
Философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттердегі таным теориясы, дидактикалық принциптер және тұлғаның шығармашылығы мен жаңашыл іс-әрекеттерін дамытуға негізделген инновациялық әдіс-тәсілдер теориясы.
Зерттеу көздері: Экология мәселесіне байланысты педагогика, психология, философия, жаратылыстану ғылымдары классиктерінің және инновация туралы ғылыми еңбектері, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы және Үкіметінің ресми құжаттары, мектеп бағдарламалары, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:
- Оқушыларға инновациялық оқыту технологиялар арқылы
экологиялық білім берудің теориялық тұрғыдан негізделуі анықталды;
- Оқушыларыға инновациялық оқыту технологиясы арқылы экологиялық білім берудің жолдары айқындалды;
- Инновациялық оқыту технологиясы арқылы (модульдік оқыту технологиясы, компьютерлік және ақпараттық технологиясы) оқушыларға экологиялық білім берудің түрлері қарастырылды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
- Оқушыларға экологиялық білімді пәнаралық сабақтар арқылы беру мен оны жүзеге асыру үшін инновациялық оқыту технологияның ұсынылған түрлерін қолданудың тиімділігі анықталды:
- Модульдік оқыту технологиясы арқылы оқушылардың экологиялық танымдық қабілетін арттырады;
- Компьютерлік және ақпараттық технологиясы арқылы үздіксіз, жан-жақты экологиялық білім береді.
Зерттеудің құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
I. Қазіргі кезеңдегі дәстүрлі емес оқыту технологиясы арқылы экологиялық білім берудің ғылыми - теориялық негіздері
I. 1. Дәстүрлі емес сабақ технологиялары арқылы білім берудің педагогикалық негіздері
Адамның даму тарихы, ғылыми прогрестің қоршаған орта мен табиғат арасындағы қатынасты байланыстыруда және дүниежүзілік табиғат байланысының кілт өзгеруіне әкеп соқты. Адам, қоғам табиғат заңдылығымен санаспауы нәтижесінде пайда болған экологиялық қайшылықтардың дамып, әлемдік дәрежеге жеткен, ең негізгі мәселенің бірі болды. Табиғат пен қоғамның дамуы бір-бірімен байланысты.
Қазіргі кезде балалардың санасына қоғамдық байлығы мен даму негізіндегі сезімдерін тәрбиелеп, оларға экологиялық білім беру мұғалімдердің міндеті.
Экологиялық тәлім-тәрбие мен білім беру мәселесін қарастыруда, ғалымдардың табиғат пәніндегі ой-пікірлері өзгеше. Ж. Ж. Руссо, И. Г. Песталоции, Ф. Дистерверг баланың табиғатпен байланысы негізінде ой санасын қалыптастыру, білім мен тәрбие беру заңдылықтарын негіздеді [15, 16] . Оқушының санасын дамытушы “табиғат сезіміне” үйрету жайында айта келіп, оның эстетикалық мінез-құлқының дамуындағы маңызын ашты. Ж. Ж. Руссо(1981) оқушылардың жан-дүние тәрбиесін табиғатпен өткізуін ұсынады. Ғалымның ойынша, табиғатқа деген жақсы көзқарасқа үйрету, баланың ой-санасын іштей дамыту арқылы табиғатты танып, қабылдау сезімдерінің әсерімен жүзеге асады деп тұжырымдайды[15] .
Педагогика ғылымын негізін қалаушы ғалымы Я. А. Коменскийдің(1955) тұжырымдарына назар аударсақ, ол дұрыс тәрбие берудің жан-жақты көзқарасымен табиғаттың байланысуы керек деген ой айтады. Сол себептен табиғаттың бір бөлшегі - адам деп қарап, адам мен табиғат тәрбиесінің арасындағы заңдылықтарын дәлелдеуге әрекеттенді [17] .
И. Г. Песталлоции(1981) табиғатпен тәрбиенің байланысы жөнінде баланың ақыл-ойы және күш - жігері ең өзекті мәселесі деп есептеді[16] .
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев 18 қара сөзіндегі табиғатқа деген философиялық тұрғыдан, сонымен қатар табиғатқа байланысты көзқарастарын да танытады. Ол табиғаттың байлығын адам баласының таусылмас азығы екенін көрсете келіп, «Кім өзіне махаббат қылса, сен оған махаббат қылмағың парыз» - деп жасөспірімді табиғат - ананы аялап сүйіп, құрметтеуге үндейді. Баланың дүниетанымы бесіктен басталады дей келіп, оның ой-санасының бастысы, білуге құштарлық деп санайды. Өсекеле үйрету құралдары арқылы жақсы іс - әрекетке, ішкі сезімдерінің қалыптасуына, адамгершілікке тәрбиелеу болса, ал баланың мінез - құлқын қалыптастыру ең маңыздысы ұстаздарының, достарының үлгі - өнегелері қажет деп түйіндейді [18] .
Еліміз мақтаныш тұтатын ұлы ғалымы Ш. Уәлиханов елінің әдет -ғұрпын, салт - дәстүрін зерттей келіп, өз ұрпағын табиғатпен айналысуға жетелейтін педагогикасын жоғары бағалайды. «Табиғат ғажап, табиғаттан құпия тіршілікте не бар?» - дей отырып, халқы киеліге аса көңіл аударған. Олар айналадағы және күнделікті тұрмысқа қажетті саймандарды киелі деп құрметтеген. Осы киелілерді қастерлеп, ырым жасау қазақ баласына құт-береке, байлық әкеледі.
Қазіргі таңда жасөспірімдерді табиғатты қорғау үйретуші құрал Шоқан Уәлихановтың осы тақырып жөніндегі бай мұрасы болып табылады. Уәлихановтың табиғат пен халықтың қатынасындағы зерттеулері қазақ халқының арасындағы жағымсыз сезімдердің «Табиғатты шексіз қадірлеуінен туған» - деген ой айтады [19] .
Қазақтың ұлы ағартушысы Ы. Алтынсарин жастарды ата-ананың тәлім-тәрбиесін, ақыл-кеңесін көңіл түюге шақырып «Ақыл-кеңесті алмасаң анау тұрған қисық ағашқа ұқсап өсесің» - деп өзінің тәрбиеге деген көзқарасын айтады. Сонымен қатар ақын ағарту және қоршаған орта мәселелерін сараптап арнаған шығармаларында дүниеге өзіндік көзқарасын көрсетеді.
Ағартушының өміріндегі ерекше орын алатын мәселелері мәдениеттілік пен әдет - ғұрыптың көзқарастары және маңызы. Мысалы: аққан судың сылдырауы, шалғынды көкорайдың көркі т. б. табиғат қозғалыстары «Жаз», «Өзен» деген өлеңдерінде суреттеледі. Бұл өлеңдер жастарды табиғатты қастерлеуге тәрбиелейді [20] .
Экологиялық білім мен тәрбиенің тамыры отбасы мен бала - бақшадан нәр алып, дамуы керек. Ата - бабаларымыз экологиялық тәрбиені ұлттық дәстүрде наным, сенім, ырымдар арқылы үздіксіз беріп отырған. Мысалы, «Көк шыбықты сындырма, көктей соласын», «Ақуды атпа, киесі ұрады», «Көзіңді қалдыр - бұлақ көзін ашып жүр, өзіңді қалдыр - бақша өсіріп жаса нұр» деген ата - баба өсиетінде не деген көрегенділік, ақылдылық бар десеңізші! Ата-бабаларымыз қазақ жол жүріп келе жатып, аға алмай жатқан бұлақ көрсе көзін ашқан екен. Қазіргі таңда жас жеткіншектерге ата - бабалардың нақыл сөздерін жеткізіп, оны ұғындыру және осыған байланысты экологиялық білім беру бұл мұғалімнің міндеті болып табылады.
Қай заманда болсын қазақ халқы дәстүрінде табиғатқа тағылықпен қарау деген болмаған. Аң - құстардан бастап өсімдіктерге дейін жанаршылықпен қарап, табиғат тұнығын «обал» деп санады. Табиғат байлығын жеке меншік емес, қоғамдікі, халықтікі, болашақ ұрпақтікі деп санады.
Жоғарыда келтірген халықымыздың ырымдары мен тыйым сөздері жас өспірімдерге экологиялық білім беру жолына үлес қосады.
Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелермен және әдебитеттермен танысу жалпы білім беретін мектептердің барлық түрлері мен мектептен тыс мекемелердің іс - қимыл бірілігінің нәтижесіндегі жетістіктің кепілі болатындығы туралы пікірдің қалыптасуы - бұл бағыттағы онды нәтижелерге тек жоғары сынып оқушылырмен жүйелі түрде жүргізілген экологиялық - туристік - өлктану қызметі арқылы ғана қол жеткізуге болады.
Жоғарғы сынып оқушыларының бойында шығармашылық қабілеттер мен қызығушылықтарды дамытуда, мектептен тыс мекемелер негізгі нысана болады. Жоғарғы сынып оқушылардың шығармашылық қызметтерінің ұжымдық түрлері, әсіресе табиғат пен қоршаған ортаның өсімдіктер мен жануарлар дүниесі арасында тығыз байланыста бола алады. Жоғарғы сынып оқушыларының экологиялық білімділігі мен тәрбиелілігі олардың экологиялық санасына байланысты, яғни олардың барлық қызметі мен мінез - құлықтарын, бұрынғы ой - пікірлері мен көзқарастарына өзгеріс енгізудің қалыпқа келтіруші құралы деп түсінуге болады.
Оқушыларға экологиялық тәрбие берудің басты мақсаты мен міндеттерін және маңызын белгілеу үшін И. Д. Зверев еңбектерінің орны ерекше. Ол «экологиялық тәрбиенің мақсаты білім жүйелерін, көзқарас пен сенімдерін, моральдық нормаларына сәйкес қоршаған, ортаның жағдайына азаматтық қатынастарды қамтамасыз ету болып табылады» - деп оның педагогикалық теориясы мен практикадағы сала екендігіне көңіл аударады.
И. Д. Зверев(1993) «Барлық оқу пәндерін экологияландыруға байланысты ойланып жасалған жұмыстар қажет» - деп мұғалімдерге қойылатын негізгі үш талапқа ерекше қөңіл бөледі. Біріншіден, мұғалімнің алдында табиғат және қоғам туралы сезім жауапкершілік болу керек. Мұғалімдер әр адам, болашақ ұрпақ табиғатты қорғау қажеттігін түсінуі қажет. Екіншіден, мұғалімнің өзінің өмірі мен қызметінде табиғаттың жанашыры ретінде басқаларға үлгі болуы тиіс. Үшіншіден, әрбір мұғалім экологиялық біліммен қарулануы қерек [9] .
Әрине оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беруде мұғалімдерге қойылатын негізгі талап - экологиялық білім мен тәрбие беру барысында негізгі мақсаты мен міндеттерін, маңыздылығын белгілеу болып табылады.
Б. Г. Иоганзен(1987) «Экологиялық білім мен тәрбие» жаңа ұғым екендігін атап көрсете отырып: «Экологиялық білім мен тәрбие әр адам қоғамды сақтау және жақсарту керектігін түсінуін қоршаған ортаның әсемдігін бағалай білетін, азаматтық жауапкершілік сезімін игерген жеке адамдарды қалыптастыруды қарастырады» - дейді [21] .
Э. А. Тұрдықұлов(1982) болса «Экологиялық білім мен тәрбие беру оқушыларды табиғатты пайдаланудың ғылыми негіздері жөніндегі дағдыларын, табиғат ресурстарын қорғау саласына көзқарастар қалыптастырудағы психологиялық-педагогикалық процесті айтамыз», - деп атап көрсеткен.
Осы компоненттердің әр қайсысының өзіндік мәнін ұғыну, олардың органикалық бірлікте болуын қамтамасыз ету, табиғатқа жауапкершілік қалыптастыруда оқушының қасиетін ескере отырып жүргізуге негіз болды.
Экологиялық білім мен табиғат қорғауға тәрбиелеудің мақсаты мен міндеттері А. Н. Захлебныйдың еңбектерінде байқалады.
Ғалымдардың басым бөлігі экологиялық білім беру жайлы жеке адамның іс-әрекетінде байланысатын, табиғатқа деген моральдық жауапкершілік деңгейінің қалыптасуы экологиялық сезімі болатынын көрсетеді [10] .
Жасөспірімдерге экологиялық білім мен тәрбие беру, олардың рухани жаңарып жандануына негіз болатын білім Ордасы мектеп екені бәрімізге мәлім. Сондықтан оқушылардың ой - өрісін, ұлттық мәдениет пен сана-сезімін дамытып алғыр тұлғаны қалыптастыруда оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық іс-әрекеттердің ендірілуі үлкен жетістіктерге жетелеуде.
Оқушыларға инновациялық технологиялар арқылы экологиялық білім беру жолдарын қарастыру үшін, ең алдымен біз ғалыми- педагогикалық әдебиеттерді зерттедім.
«Инновация» ұғымы педагогиканың сөздік қорына ежелден енген. Оларды «инновациялық процесс» немесе педагогикалық жаңалықтарды енгізу дейді. Ең алдымен инновация ұғымы (латынның in- в, novus - жаңа) жаңарту, жаңалық, өзгерту деген мағынаны білдіреді.
Инновация ұғымын әр елде әртүлі түсінген. АҚШ-та, Нидерландта бұл термин кең таралса, ал Аравия мен Жапонияда осы ұғымды сөздіктерде кезіктіру мүмкін емес.
Инновация деген ұғымының әр түрлі анықтамалары. Э. М. Роджерстің берген анықтамасында «Инновация» деген ұғымды нақтылы бір адамға жаңа бағыт болып табылатын идея», десе, ал ғалым Майлстың берген анықтамасы бойынша «Инновация» - арнайы жаңа өзгеріс. Осы өзгерісті жүйелі жүзеге асуын және шешілуін күтеміз» деген. Ғалымдар инновация мен өзгеріс арасындағы айырмашылықтарды анықтай отырып, бұл көбіне синонимдік қатынастар тұрғыда қараған. Бұл өзгеріс бүкіл мектеп жүйесінде жайылса, оны инновация деуге болады. Ал кез келген өзгерісті инновация деуге болмайды. Сондықтан өзгерту деген мағынаға тоқталсақ, педагогикада жаңа әдістер мен тәсілдер, құралдар, оқулықтар мен бағдарламаларды пайдалануды білдіреді. Яғни оқыту мен тәрбиелеуге өзгерістер енгізу, олардың сапасын арттыру болып табылады. Инновация ұғымын негізін салуға көп үлесін қосқан ғалымдар В. Замбарт, И. Шумбердт және т. б. Бұл ұғымды саяси экономикалық технологиялық үрдістерге байлынысты қолданған.
Инновация ұғымы білім беру жүйесіне жаңаны енгізу мағынасында педагогикалық еңбектерде кездесе бастады. Осы ағылшын ғалымдардың пікірінше, жаңалық көзі арнайы қолданған деректерде, оқулықтарда және негізгі идеяларында.
Орыс ғалымдары В. И. Днепрова, В. С. Лазереваның еңбектерінде «инновация» ұғымы пайда болды. Олар «инновация» ұғымы жаңалықтарды шығару, игеру, қолдану және тарату деп сипаттайды. М. М. Поташник, А. С. Доренсов «жаңалық» дегенді құрал ретінде, ал «инновацияны» осы тәсілдерді меңгеру үрдісі деп санайды.
Инновациялық негізін құраушы ұғымдардың «инновация», «нововедение», «новешество», «новое», т. б. қазақша аудармаларын жасаған: Инновация» - жаңарту, «Нововедение» - енген жаңалық, «новое» - жаңа, «Новшество» -жаңалық, «Инновациялық процесс» - жаңарту үрдісі.
Педагогикалық энциклопедияларда төмендегідей анықтамалар берілген: «инновация» сөзі латын тілінен енген «обновление - жаңарту», «новинка - жаңалық», «изменение - өзгеріс» деген мағына береді.
Инновация дегеніміз білім беру, тәрбиелеу жұмысына жаңалықты енгізу, яғни жаңа әдіс-тәсілдерді, амалдарды, құралдарды жасап, оларды қолдану деп анықталған.
Жоғарыда аталған мағлұматтарды бір жүйеге келтірсек, төмендегідей қорытынды шығарамыз. Инновация деген ұғымға ғалымдар әр түрлі түсінік берген. Олар: жаңалық, жаңаны енгізу, өзгеріс, құрал, әдіс-тәсілдер.
Инновация термині қазіргі таңда кеңінен қолданылып жүр. Бұл терминдік сөзге нақты анықтамасы педагогикалық тұрғыда берілмеген. Осы көптеген ғылыми педагогикалық еңбектерінде «инновация» ұғымын білім беру жүйесінде жаңалықтарды жасап шығару, игеру, қолдану және тарату іс-әрекеті деп сипаттайды. Атап айтатын болсақ Н. Р. Юсуфбекова «О педагогической инноватике» деген еңбегінде «инновация» - білім беру жүйесіндегі жаңартудың үрдісі деп көрсетеді. Инновациялық үрдіс дегеніміз - жаңалықтарды жасау, оқу-тәрбие үрдісінде қолдану [22] .
Педагог М. М. Жампейісова модульдік оқыту технологиясын жаңалықтарды, ой-идеялары өз уақытысында және қазірде қолдану тиімді деп санайды. Сонымен қатар «Педагогикалық технология» деген ұғым да қолданылып жүр.
Педагогикалық технология кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойынша, педагогикалық технология - бүкіл оқыту үрдісі мен білімді техникалық адам ресурсын олардың бір-біріне өзара әсерін, білім берудегі формасын оңайландыру міндеттерін ескере отырып меңгеруді жүзеге асырудың жүйелі әдісі. М. В. Кларин(1989) «Педагогикалық технология - бұл педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолдарындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті», деп анықтайды [22] .
Көптеген педагог ғалымдардың еңбектерінде оқу үрдісін «технологияландыру» бағдарламалап оқыту тәрбиесінде іске асатын білім технологиясы, дамытып оқыту конспектіндегі педагогикалқ технология, жаңа ақпараттық технологияның мәні, мазмұны, оларды оқу үрдісіне енгізу, т. с. мәселелері ашып қарастырылған (Б. С. Гершунский, В. М. Монахов, Н. Ф. Талызина, В. В. Давыдов, Т. И. Ильина, Г. И. Щукина, Ж. А. Қараев, Е. И. Машбиц т. б. ) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz