Кәсіпорынынң инвестициялық қызметінің тиімділігі



Кіріспе

Бөлім I Кәсіпорынынң инвестициялық қызметінің тиімділігі

1.1 Инвестиция туралы түсінік және оның түрлері
1.2 Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің мәні мен принцптері
1.3 Нарықтық тәуекел жағдайындағы кәсіпорынның қызметімен іс.әрекеттері
Бөлім II Қазақстан Республикасындағы кәсіпорын инвестициялық процестерінің жағдайы
2.1 Инвестициялық жобаның тиімділігін талдау
2.2 Кәсіпорынның қаржылық инвестициялар есебі және инвестициялар басқару ерекшеліктері
2.3 Кәсіпорындағы инвестицияларды мемлекеттік басқару жүйесі
Бөлім III Тікелей шетел инвестициясының кәсіпорын қызметіндегі маңыздылығы
3.1 Кәсіпорында тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау
3.2 Кәсіпорынға шетел инвестицияларын тартудың нысандары мен бағыттары

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Инвестициялар деп -өнеркәсіпке, құрлысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқада салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей,заттай, сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.
Жалпылай алғанда, инвестиция дегеніміз - бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқада заттарды, яғни капиталды қандайда бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте, яғни алдағы уақытта пайыз (процент) түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.
Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі – уақыт ,ал екіншісі – тәуекелдік (тәуекелге бару) . Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып, елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды.
Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың, ғылыми – техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады.
1. «Кәсіпорын экономикасы» А. Қ . Мейірбеков
Қ .Ә . Әлімбетов «Алматы-2003»
2. «Экономикалық теория негіздері» Я . Әубәкіров «Алматы-2004 »
3. «Инвестициялық жобаның тиімділігін талдау» Қ . Ш . Дуисенбаев , Ә . Т .Төлегнов , Ж . Г .Жұмағалиев «Алматы -2001»
4. «Жалпы экономикалық теория» Ө . Қ Шеденов , Баижомартов . Ч .С , Жүнісов . Б .А Каиягин .Б . И .
5. «Қаржылық есеп» Қ . К Кеулмжаев , З . Н Әжбаева , Н . А Құдаибергенов , А ,Ә Жантаев .( 2001 –ж , Алматы ).
6. ( Қазақстан экономикасын басқару негіздері ) К . Б Бердалиев, ( 2001 – ж Алматы ).
7. ( Хабаршы 2005 -ж , №4 , №6 )

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

Кіріспе

Бөлім I Кәсіпорынынң инвестициялық қызметінің тиімділігі

1.1 Инвестиция туралы түсінік және оның түрлері
1.2 Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің мәні мен принцптері
1.3 Нарықтық тәуекел жағдайындағы кәсіпорынның қызметімен іс-әрекеттері
Бөлім II Қазақстан Республикасындағы кәсіпорын инвестициялық процестерінің жағдайы
2.1 Инвестициялық жобаның тиімділігін талдау
2.2 Кәсіпорынның қаржылық инвестициялар есебі және инвестициялар басқару ерекшеліктері
2.3 Кәсіпорындағы инвестицияларды мемлекеттік басқару жүйесі
Бөлім III Тікелей шетел инвестициясының кәсіпорын қызметіндегі маңыздылығы
3.1 Кәсіпорында тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау
3.2 Кәсіпорынға шетел инвестицияларын тартудың нысандары мен бағыттары

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

I . КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІ

1.1.Инвестициялар туралы түсінік және оның түрлері

Инвестициялар деп -өнеркәсіпке, құрлысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқада салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей,заттай, сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.
Жалпылай алғанда, инвестиция дегеніміз - бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқада заттарды, яғни капиталды қандайда бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте, яғни алдағы уақытта пайыз (процент) түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.
Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі – уақыт ,ал екіншісі – тәуекелдік (тәуекелге бару) . Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып, елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды.
Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың, ғылыми – техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады.
Инвестицияның көзі болып жаңадан жасалған қосымша құнның, яғни таза табыстың пайдаланылмай сақталған бір бөлігі болып табылады. Басқаша айтатын болсақ, инвестиция көзі – жаңадан жасалынған құн немесе таза табыстың сақталатын бөлігі болып табылады. Шаруашылық субъектілері немесе кәсіпкерлер инвестицияны өзінің таза табысының есебінен, өзін -өзі қаржыландыру немесе ол үшін сырттан несие алу арқылы жасайды. Тағайындалу түрлері бойынша инвестициялар нақтылық (реалный) және қаржылық инвестиция болып екі түрге бөлінелі.
Нақтылық инвестиция дегеніміз –шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық, құрлыс)өсуіне, дамуына жұмсалыну үшін салынатын салымдар болып табылады.
Қаржылық инвестиция дегеніміз –акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға, облигацияларға және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттеріне салынған салымдар болып табылады.
Инвестицияның бұл жоғарыда айтылған екі түрін бірімен-бірі бәсекелесуші емес, керісінше оларды бірін-бірі толықтыратындар деп түсінген дұрыс. Бұған, яғни бұл айтқанымызды нақтылай түсу үшін мынадай мысалды қарастырайық.
Қандайда бір кәсіпкер құрлысты салу үшін қаржы керек етеді. Мұндай жағдайда құрлыс нақты инвестицияның объектісі болып табылады. Кәсіпкер бұл құрлысты қаржыландыру үшін өзінің акцияларын шығарып, басқа біреулерге сату мүмкін. Сөйтіп бұл мысалда кәсіпкердің құрылысқа салған салымы нақты инвестиция, ал қатысушының акцияны сатып алуға жұмсаған шығыны қаржылық инвестиция болып саналады. Жоғарыда аталған инвестицияның қай түрінің болмасын алдына қойған мақсаты салым салған саланы, өндірісты дамыту, ондағы өндірілетін өнімдердің, дайындалатын бұйымдардың сапасын барынша жақсарту, яғни оларды халықаралық стандартқа сай етіп сыртқы нарықта сата алатын дәрежеге жеткізу, өндіріске жаңа техникалар мен технологияны қолдану арқылы табыс табу болып табылады.
Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға жіктеледі:
a)қысқа мерзімдік - иелену мерзімі бір жылға дейін;
ә)ұзақ мерзімдік - иелену мерзімі бір жылдан артық:
Жылжымайтын мүліктерге салынған нивестицияларды иеленуші субъектілер ұзақ мерзімдік ретінде есептейді.
Шетел капиталының біздің еліміздің экономикасын көтеру үшін салым ретінде салынуын, яғни шетел инвесторларын тартудың артықшылығы мен пайдалылығын былайша жіктеп көрсетуге болады:
1. Шетел капиталының біздің елімізге жұмсалынуы еліміздің бюджетіне түсетін түсімдерді көбейтеді;
2. Жергілікті халық үшін жаңа жұмыс орындары пайда болады және ол халқымыздың әлеуметтік жағдайын жақсартып, сатып алу қабілетін арттырады;
3. Жаңа алдыңғы қатарлы халықаралық дәрежеге сай техника мен технологияны елдің шаруашылық субъектілерінде қолдануды жылдамдатады;
4. Сырттан келген капитал – елде экспорттың көбеюіне, бәсекелестіктің қабілетінің жоғарлауына әсерін тигізеді.

1.2 Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің мәні мен принциптері
Негізгі қорға қаржы жұмсау (өндірістің негізгі қоры ) босалқы қорларға, резервтерге, сондай – ақ пайда, дивиденд және басқада табыс табу мақсатымен құнды қағаздар шығаруға ұзақ мерзімді капитал бөлуды инвестиция деп атайды. Инвестицияны материалдық – заттық және ақшалай нысынына бөлуге болады. Материалдық – заттық инвестиция – ол салынуға тиісті өндірістік және өндірістік емес объектілер, жабдықтар , машиналар және е.б.сонымен қатар, ол – ауыстыруға немесе техникалық парктерді кеңейтуге, материалдық заттарды басқа инвестициялық тауарларды арттыруға бағытталған, ал инвестицияның ақшалай нысаны болса, ол – ақшалай капиталдың материалдық - заттық инвестициясын жасауға, инвестициялық тауарларды қамтамасыз етуге жұмсалады.
Өндірістегі жалпы инвестицияны өнім инвестиция деп атайды. Ол – негізгі капиталдің (негізгі қор) артуын қолдауға бағытталады. Жалпы инвестиция біріктірушінің екеуінен қосылады.оның ішінде біреуі – амартизация . ол – негізгі өндіріс құралдарының ұдайы тозу және оның құнын өндірілетін өнімге көшу процесі.
Екінші біріктіруші таза инвестиция – бұл катпиталдың қаржы жұмсау негізгі қорларды арттыру, өсіре беру , ғимараттар салу, өндіру және қондыру, қосымша жабдықтар, қолда бар өндіріс қуаттылығын жаңғырту мақсатында іске асырылады. Материалдық өндіріс салаларындағы инвестициямен қатар, олардың едәуір бөлігі әлеуметтік – мәдени салаларына, яғни ғылым , білім, денсаулық, дене шынықтыру, спорт , қоршаған табиғи ортаны қорғай , осы салалардағы жаңадан салынатын объектілерге, олардағы қолданып жұрген техника мен технологияларды одан әрі жетілдіруге жұмсалады.
Кәсіпорынның инвестициялық қызметі - оның жалпы шаруашылық қызметінің ажыратылмайтын бөлегі болып табылады. Кәсіпорынның экономикасында инвестицияның маңызы орасан зор. Қазіргі өндіріс үшін ұзақ мерзімді факторлардың маңызының өсуі ерекше. Егер де кәсіпорын ойдағыдай жұмыс істейтін, өнімнің сапасын арттыратын, шығындарды азайтатын, өндіріс қуаттарын кеңейтетеін, өзінің шығарған өнімдерінің бәсекеге жарамдылығын арттыратын және нарықта өзінің жайғасымын нығайтатын болса , онда капитал салу қажет және оны салу пайдалы. Сондықтан да оған инвестициялық стратегияны мұқият әзірлеп , жоғарыдағы айтылған мақсаттарға жету үшін оны үнемі жетілдіріп отыруы қажет.
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы екі біріктіруден анықталады: көлемі және ресурстар сипаты, сол сияқты нарыққа және бәсекеге жарамдылығы. Бұл екеуінің біріктілігін талдау кәсіпорынның стратегиясын қисынға келтіруге мүмкіндік береді.
Сонымен, жалпы түрінде инвестиция ақша қаражаты ретінде, баніктік салықтар, акциялар және басқада құнды қағаздар, технология, машиналар, жабдықтар, лицензиялар, онің ішінде тауар белгілеріне, несиелер, кезкелген басқада мүліктер немесе мүліктер құқығы, зиялы құндарды кәсіпкерлік қызмет объектілеріне немесе басқада қызмет түрлеріне пайда (табыс) және әлеуметтік нәтижеге жету мақсатына пайдаланады.
Инвестициялық қаржы жағынан анықтамалығы – бұл табыс табу мақсатында шаруашылық қызметіне жұмсалатын активтердің (қаржы) барлық түрлері. Ал экономикалық жағынан экономикалық анықтамалығы – ол құруға, кеңейтуге, қайта құруға, негізгі капиталды техникамен жарақтандыруға, сол сияқты айналмалы капиталға осымен байланысты емес өзгерістерге жұмсалатын шығыстар деп түсіндіруге болады. Шынын айтқанда , тауар – материалдық босалқы қорлардың өзгерістері көпшілігінде негізгі капиталға жұмсалатын шығыстар қозғалысын түсіндіреді.
Нарықтық экономикада инвестиция кез келген формада қаржы жұмсау процесі ретінде табыс табуға немесе қандайда болмасын басқада нәтижеге жетуге тығыз байланысты.
Инвестиция – бұл ресурс, оны жұмсай отырып, болжалынған нәтижеге жетуге болады. Сонымен, инвестицияның мәні инвестициялық қызметтің екі жағын өзіне ұштастырады: ресурс шығындары және нәтижелік, яғни инвестициялар өз нәтижелерін бермесе , онда олар пайдасыз болғаны.
Инвестициялар қаржы ресурстарын пайдалануды қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді күрделі қаржылыр формасында жүзеге асырылады. Инвестициялардың түрлері бойынша тәуекелдік (венчурлік), тікелей, портфельдік және аннуитеттік болып бөлінеді.
Венчурлік капитал – үлкен тәуекелге байланысты жаңа саладағы қызмет көрсетудегі жаңа акциялар формасында шығарылатын инвестициялар болып табылады. Венчурлік капитал жұмсалған қаржының үлкен өтелімділігі есебіндегі өз өзінен байланысты емес жобаларды нивестицияларйды. Ол өзіне түрлі формадағы капиталды ұштастырады: несиелік , акционерлік, кәсіпкерлік.
Тікелей инвестициялау – шаруашылық субъектілерінің табыстыр түсіруіне және осы субъектіні басқаруға қатысу құқығын алу мақсатындағы жалға капиталға жұмсалуы болып табылады.
Портфельдік инвестициялар – портфелді қалыптастыруға байланысты (түрлі инвестициялық құндар жиынтығы ) және құнды қағаздарды сатып алу, сол сиақты басқада активтер болып есептелелді.
Аннуитеттік – тұрақты аралық уақыт арқылы салымшыға елеулі табыс әкелетін , сақтандыру және зейнетақы қорларына жұмсалатын қаржыларды көрсетеді. Еліміздің инвестициялық саясаты ірі салымдарды қаржылындыру үшін жағдайлар жасауға, тауар өндіру және қызмет етуді жоғары тимділікпен нарық қатынастары субъектілерінің сұаныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс. Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және дамытудың маңызды жолдарының бірі – инвестициялық қызметті ұлғайту, ең алдымен елімізэің ішкі резервтерін жұмылдыру және көбірек тиімді пайдалану болып табылады.
Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап экономикалық жағдайды тұрақтандыру, ішкі экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және инвестициялар тарту жөніндегі саясатты белсенді жүргізе бастады. Қазіргі уақытта жүргізілген нарықтық экономиканың оң нәтижелерін айқын көруге болады.Мәселен Халықаралық валюта қорының мәләметтері бойнша 1999 жылы Қазақстан жан басына инвестиция тарту көрсеткіші боынша тмд елдері ішінде алғашқы орындардың бірін иеленді.
1993 – 1999 жылдары Қазақстан Республикасына шет елдердің тікелей инвестицияларының салалары бойынша келіп түсуі
(Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша )
Млн.доллар

1993 -1999ж.ж
1999 .ж

игерілген
%
игерілгені
%
Барлығы
7229,2
100
1799,3
100
Оның ішінде:

Мұнай – газ кешені
3764,5
47,5
1529,5
84,7
Түсті металлургия
1907,5
24,1
51,2
2,8

Қазақстан экспорты мен импортындағы жекелеген елдердің үлес салмағы

Экспорт
Импорт

1995
1996
1997
1998
1999
1995
1996
1997
1998
1999
Барлығы
100
100
100
100
100
100
100
100
100
100
Оның ішінде

Германия
3,3
3,1
5,4
5,2
5,9
5,2
4,7
8,5
8,4
7,8
Италия
2,7
3,3
5,5
9,1
7,5
0,8
1,0
2,0
2,1
2,9
Ресей федерациясы
45,1
42,0
35,2
29,6
19,8
49,9
54,8
45,8
39,4
36,7
Ұлыбыритания
2,1
3,9
8,4
8,9
3,4
2,2
1,8
3,3
5,0
6,3
Қытай
5,7
7,8
6,8
7,0
8,5
0,9
0,8
1,1
1,2
2,2
Швейцария
3,6
3,6
4,4
6,2
5,3
1,5
1,1
1,2
1,5
1,2
Өзбекстан
2,9
3,4
2,3
2,2
1,2
7,1
2,1
1,5
2,2
2,4
Украина
2,3
3,6
4,7
4,8
2,1
2,3
2,2
2,2
2,1
1,6

Еліміздің инвестициялық саясаты ірі салымдарын қаржыландыру үшін жағдайлар жасауға отандық және шетелдік қаражаттарды келтіруге , тауар өндіру және қызмет көрсетуді үлкен тиімділікпен нарық қатынастары субъектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағ ытталуы тиіс.
Жеке инвесторлар мемлекеттік инвесторларға қарағанда коммерциялық табысты көбейтуге өте құштар. Оар таурларды және қызмет көрсетуді сұраныстар мен ұштастыра отырып арттыруға, өндірістің түрлі жобаларымен нағыз тиімділерін пайдалануға тырысады. Міне, сондықтан да, жеке инвесторлардың өндірісті дамыту белсенділігін қолдай отырып , мемлект тарапынан оларға өолайлы жағдайлар жасауға, атап айтқанда, салық салу, несие беру , кедендік пошлиндар жағынан едәуір жеңілдіктер беруге тиіс.
Қазақстан үкіметі 1996 жылы 1996 -1998 жылдарға арналған мемлекеттік инвестициялық бағдарлама қабылдадаы. Бұл бағдарламаға қаржылық секторды, құқықтық реформаны, мұнай және газ өнеркәсібін, су ресурстарын, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығын , құрлысты, коммуналдық шаруашылықты, шағын және орта бизнесті қолдауды дамытудың жобалары енгізілді.
Соңғы жылдары біздің республикамызда шетел инвестицияларымен (қаржымен)жұмыс істейтін кәсіпорындардың санының көбейе түскені мәлім.қаіргі кезде республикамыздағы инвестициялық тапшылық аса күрделі проблемалардың бірі болып отыр. Осыған орай, өндіріске және меншік инвестицияларды уақытша ынталандырудың қажеттілігі туып отыр. Нарықтық экономиканың жаңа кезеңінің мақсаттарына тек шетелдік инвестициялардың белсенді түрмен қатысуымен ғана қол жетеді, өйткені қор жинайтын ішкі көздер бізде әзірше жеткіліксіз.

1.3 Нарықтық тәуекел жағдайындағы кәсіпорынның қызметы мен іс - әрекеті
Нарықтық тәуекел жағдайында және кәсіпорынның толық экономикалық, құқықтық өзінше еркіндік алуы, оған көптеген қосымша міндеттер жүктейді сөйтіп кәсіпорынның айналысатын қызметы, шеңбері кәдімгідей ұлғаяды.Жалпы кәсіпорын кәсіпкер ретінде мынаны шешуі қажет:
- нарықтық тұтыныстардың құрлымын дұрыс бағалау керек және олардың ішінен қанағаттандырылатындардың қайсысы көп эффект беретіндігін анықтау;
- өзінің меншікті табысын қалай максимилизацияласа, сатып алушылардың пайдалылығын да солай арттыру қажет;
- кәсіпорынның мақсатын анықтап, адамдарды соған қол жеткізу үшін ұйымдастыру керек. ол үшін оған ынталандыру мен мотивация құрылады. сондай-ақосыдан туындайтын нарықтық экономиканың жаңа жағдайында кәсіпорынға басқада бірнеше қызметтерді жүзеге асыруға тура келеді;
- нарықтық ортаның жағдайында кәсіпорынның бәсекелестік қабілеттігін қолдау;
- менеджмет жүйесін қолдана отырып, ішкі ортаны басқару қызметі және қазіргі маркетингтік жүйені қолданып, сыртқы нарықтық ортаны басқару қызметі.
осы аталған үш қызметті кәсіпорынның атқаруә оған өзінің нарықтық ортадағы іс -әрекетінің сипатын анықтауға көмектеседі.
нарқтық экономикада кәсіпорынның қызмет жасауы үнемі айқынсыздықпен және тәуекелмен байланысты.Сондықтанда кәсіпорын жайлі мыңдаған іс -әрекет теорияларынан ерекше мәнге ие теориялар – ол нарықтық тәуекел жағдайындағы кәсіпорынның іс -әрекетін қарастыратындары болып табылады.
нарытық тәуекел жағдайындағы кәсіпорынның іс - әрекеті кәсіпкерлік қызметте тәуелсіз нәтижеге жету мүмкін емес.Егер басшы тәуекелге бой ұрмаса, онда ол түбінде банкрот болады. Менеджментте егер кәсіпкер тәуекелдік шешеімнен қашқақтайтын болса, онда оны ұйым үшін қауіпті әрі тоқырауға барады деп есептеген.
Тәуекелдің әртүрлі анықтамалары бар. бір жағдайда ол келешекпен салыстырғанда анықталмағандық ретінде түсіндірілсе, екіншісінде – оның дефинициялануы мүмкін болатын салдарлардықосып алады, үшіншісінде - өзінше тәуекелді жүзеге асырушы жаңалық ретінде түсіндіріледі.
Әлемдік практикада қымбат жұмстрадың басқа компанияларда жүзеге асқанында қаржылық тәуекелдіктің бірбөлігін аудару кең тараған (венчурлық яғни тәуекелдік), себебі барлық сәтсіздікке ұшыраған жағдайда қаржы шығынының бір бөлігін өзі көтереді.

II Қазақстан Республикасындағы кәсіпорынның инвестициялық процесстерінің жағдайы

2.1 Кәсіпорындағы инвестициялық жобаның тиімділігін талдау
Инвестициялардың тиімділігін анықтау жөніндегі мәселе іс жүзінде келгенде әрбір компания мен әрбір инвесторлардың алдында тұрған үлкен мәселе. Капитал салу немесе өз кәсіпорнына капитал енгізу жөнінде шешім қабылдамас бұрын, инвестицияны жоспарлау және талдау әдісін білу шарт. Барлық дамыған елдер үшін қабылданып, бүгінгі таңда қолданылып отырған инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау белгілері мен жоспарлау әдістері, әр түрлі елдердің инвесторлары мен кәсіпкерлерінің ортақ түсінусу әдісіне, тіліне айналған. Бұларға VNIDO, Дүниежүзілік банк, Европалық банк секілді ірі халықаралық ұйымдардың, инвестициялық жобаларың тиімділігін бағалау әдістерін жатқызуға болады. Олардың барлығы да ақша ағымын талдау әдісіне негізделген, инвестициялық жобаларды қаржылық талдау принциптеріне сүйенеді. Ағылшын тілінде Кеш-Флоу деген түсінік барлық дамыған елдердің экономистерінің лексиконына еніп отыр әрі маркетинг және контролингтен де көбірек пайдаланылады. Бүгінгі таңда Кеш-Флоу талдаудың өз инвестициялық қызметінде қолданбайтын ұйым жоқтың қасы. Бұл ақша ағымын талдау инвестицияларды талдаудың классикалық әдістеріне негіз болып және инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау мен жоспарлаудың танымал әдістемелерінде қолданылатындығына байланысты болып отыр.
Cash-Flow (Кеш-Флоу) дәл тәржімалағанда бар ақша ағымы деген мағынаны береді.
Іс жүзінде қаржылық жоспарды құраушы және инвестициялық жобаны жоспарлауға, талдау мен бақылауға мүмкіндік беретін 3 негізгі құжат бар: Бухгалтерлік баланс, Қаржы-шаруашылық натижесі туралы есеп және Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп. Алғашқы құжат,кәсіпорынның белгілі бір уақыт арасында емес ,нақты мерзімдіге, мысалы, 1996 жылдың 31 желтоқсанындағы қаржылық жағдайын сипаттайды. Баланс ,белгілі бір мерзімде жобаны жүзеге асырып отырған кәсіпорының қаржылық жағдайы қаншалықты мөлшерде тұрақты екенін көрсетеді.
Баланс, егер де көлденең нысанда жасалған болса, екі жақтан құралады: актив (сол бөлігі) пассив (оң бөлігі), олардың қосынды мәндері үнемі өзара тең болуы тиіс. Актив кәсіпорынның меншігіндегіні көрсетеді. Пассив кәсіпорынның кімге, қанша қарыз екенін көрсетеді.
Қаржы-шаруашылық қызмет натижесі туралы есеп кәсіпорынның белгілі бір уақыт аралықтағы операциялық немесе өндірістік қызметінің жағдайын сипаттайды, сонымен қатар, өндірістік шығындардың өнімді өткізуден түскен табыспен өтелу тұрғысынан алғандағы оның тиімділігін көрсетеді. Қаржы-шаруашылық қызметінің натижесі туралы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдау мақсаты
Қаржылық жоспарлау мен болжаудың теориялық негіздері
Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп және аудит жұмысының ұйымдастырылуы туралы
Корпорациялар қаржысының мазмұны және оларды ұйымдастыру
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау туралы ақпарат
Кәсіпорынның ағымдағы активтерін талдаудың маңызы және әдістері
Акционерлік қоғамның қаржысы
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі
Қаржы жоспарлары мен болжамдарының жүйесі
Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау әдістері
Пәндер