Мотивация ұғымы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

1. А. Н. Леонтьев бойынша мотивтер дамуының механизмдері;

2. Балалардағы мотивтік өріс қалыптасуының негізгі этаптары;


Лекцияның мәтіні:

Мотивация ұғымы адамның нақты бір мақсатқа жетуге бағытталған талаптану жүйесімен түсіндіріледі. Мотивациялық жүріс-тұрыс “Адам нені қалайды?” “Ол неге ұмтылыды?» деген сұрақтарға жауап береді. Адамның талабы әрқашан басым қажеттіліктердің жүзеге асуымен байланысты болады. Адамдар жүріс-тұрысының негізінде белгілі бір қажеттіліктер болады. Қажеттілік-бұл адам бастан кешіретін мұқтаждық қанағаттануы адам тіршілігі, оның жеке адамдық тұтастығын сақтау үшін өмірлік маңызы. Адам тіршілік етуі, дамуы және жетілдіруі өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыруы үшін құралдар мен белсенділіктерді қажет етеді. Адам қажеттіліктері әр түрлі болады.

Қазіргі кезде қажеттіліктің материалдық (тамақ, киім, тұрғын үй т. б) және рухани (қоғамдық өмірге, еңбекке, қарым-қатынасқа, білім алуға, шығармашылыққа т. б) түрлерін бөліп шығарады. Мұндағы қажеттіліктердің кез-келген жетілуі де шартты болады. Мұндағы қажеттіліктердің кез-келген адамның барлық психологиялық іс-әрекеті, ақыл-ойы, сезімі, еркі құрылытын ең басты негізі болып табылады.

Адам қажеттіліктерінің негізі оның күші, пайда болу кезеңдерімен қанағаттандыру тәсілдермен сипатталады.

Қажеттілік мотивация құрлымында ерекше орын алады. Қажеттілік кез-келген іс-әрекет белсенділігінің бастау көзі болып табылады. Іс-әрекет-сәйкес қажеттілікті қанағаттандыру құралы. Осылайша, қажеттілік іс-әрекет субьектісінің белсенділігінің жалпы бағыттылығын көрсетеді.

Қажеттіліктің заттану процесі дегеніміздің өзі-оның мотивке көшуі (трансформация) . Субьект белсенділігінің бағыттылығы нәтижеге жетуі және жекелеген әрекеттің қасиеті, оның алдында тұрған мақсатқа қалай тәуелділігіне байланысты, мотив іс-әрекетте толық себептендіреді.

Іс-әрекет субьтектісінің осындай тәуелсіздігі, іс-әрекеттің сыртқа себептер субьектіге, ылғи, әрқашан ішкі шарттар арқылы әсер етуінен көрінеді(С. Л. Рубинштейн) .

Мотивтер қажеттіліктермен заттала отырып, бұл қажеттіліктер мотивтің бағыттылығын анықтайды. Бір адамның бойында сансыз көп қажеттіліктердің болуы мүмкін емес, бірақ мотивациялық сфераның байлығы олардың әртүрлілігінен және өзара толықтырулардан байқалып отырады. Мотив сферасындағы қажеттіліктердің өзара әрекеттесуі бір-бірін күштейді немесе әлсіретеді, ал олардың өзара қарама-қайшылыққа түсуінің нәтижесі аморальдық нәтижесі жүріс-тұрысқа әкеп соғуы мүмкін.

Жеке адамның мотивациясын анықтайтын шешуші фактор ол өмірлік мақсатқа, мағанасына байланысты танымдық белсенділігі. Мақсат саналы түрде анықталады, яғни болашақ нәтиженің сөз арқылы алдын ала мақтау, әрекеттің бейнеленуі, оның мүмкін болар салдарының, жалғасуының бейнесі, аралық және соңғы нәтижелерінің бейнесі. Мақсат мотивациясының детерминалды ретінде шығады, адамның тікелей сыртқы әсерге қатысты түрде тәуелсіз бола алу қабілеттілігін көрсетеді.

Мотив-бұл адамның белгілі бір әрекет үшін саналы меңгерілген қалыптасуы. Ол адамның өзінің қоршаған жағдайын және алға қойған мақсатын бағалау, ақылға салу, есептеу деңгейіне байланысты мазмұны анықталып қалыптасады.

Мотивация механизмнің дамуын талдағанда адам мотивацияның ерекшелігін алдын-ала анықтау мәселелерінің маңызы зор. Адам мотивациясының төмендегідей бірнеше ерекшкліктері бар;

-Адам мотивациясының шығу тегі әлеуметтік сипатта болады. Оның қажеттіліктерінің заттылығы қоғамдық өндірісінің нәтижесі болып табылады(А. МЛеонтьев, Мильман) ;

-Адам мотивациясының биологиялық мотивациядан айырмашылығы қоғам қажеттілігінде жауап береді;

-Адам мотивациясына онтогенез барысында арнаулы бағытталған негізгі мазмұнын тәрбие процесі белгілейтін қалыптастырушы әсері зор (Иванчук, Семенов) ;

-Адам мотивациясы интеллектпен, сөйлеумен тікелей байланысты. (Ковалев, Хекхаузен) ;

-Адам мотивациясы ерік процестері көмегімен жүзеге асырылады;

-Адам мотивациясының тұрақтылығы, ситуациялығы, функционалдық дербестігі организм қалпына байланысты болады;

-Адам мотивациясының өмірлік алыс мақсаттарға бағытталуы;

-Іс-әрекеттің полимотивациялық сипаты мотивтердің қажеттіліктерге поливалентті қатынасы(Додонов, Имедадзе) ;

-Икемділігі, өзара ауыспалылығы(Дилитекский) .

Осы айтылған негізгі белгілердің арасында маңызды сипатқа ие жеке адамның мотивациялық сферасына оның жүріс-тұрысының полимотивациялық феноменділігі болып табылады.

Полимотивация феномені. Бұлұғым негізінде адам жүріс-тұрысындағы бірнеше қажеттіліктерді анықтау тенденциясы жатыр. Л. И. Божович пікірінше, түрлі обьектіні бір ғана қажеттілік емес, сол обьектіге әртүрлі өзара әрекеттесуші, шиеленісуші, көп жағдайда бір-біріне қарама-қарсы қажеттіліктерді мұғалімдердің қоштауы, өзіндік бағалауының жоғарылауы, жолдастарының назарына ілігуі, болашақ жұмысында шығармашылық жоғары жетістікке жету нақтылы іске асыра алады.

А. Н. Леонтьев концепциясы бойынша; мотивтердің қалыптасу процесі бірқатар қажеттіліктердің затталынуы анықтамасын береді. А. Н. Леонтьевтің қажеттіліктердің дамуы олардың обьектілерінің дамуы арқылы өтеді, деген пікірі қажеттіліктердің бөлек түрі ғана емес, бүкіл жүйесін сипаттайды. Бірқатар қажеттіліктер өз шығу тегі жағынан экзогенді болып табылады.

Полимотивация түрлері. Жүріс-тұрысты анықтайтын түрлі талаптану күштерінің өзара әрекеттестігі мен жиынтығы бірқатар түрлер мен формаларға бөлініп кетеді. Белсенділіктің полимотивациясы кем дегенде екі түрлі жағдайды қамтиды. Біріншіден, нәтижесінде тіркелген тұрақты полимотивацичлық және поливалентті қажеттіліктердің онтогенетикалық орталықтандырылуы және олардың негізінде тікелей дамитын жаңа мотивациялық құрылымында мотивациялық қатынас болады (В. С. Магул) . Екінші, нақты ситуациялық жағдайда адамның бір мезгілдік өзара әрекеттесуде немесе қарама-қарсы қажеттіліктерді бастан кешіруде оларды бірден-бір мәмілеге келтіруде қалыптасатын молимотивация.

Полимотивацияның екі жағдайы да өзара тығыз байланысты. Бұл онтогенезде қалыптасқан поливалентті мотивацилық қатынас ситуативті өзара әрекеттестік нәтижесі болып табылады. Бұдан басқа іс-әрекеттің күрделі түрлеріндегі мотивтер арақатынасының толығырақ сызбасын Б. И. Додонов (1978) ұсынды. Бұл схема бойынша іс-әрекет мотивтері келесі шекті құрамымен жүзеге асады:

  • Іс-әрекет процесінің өзінен қанағат алуы,
  • Іс-әрекеттіңғ тікелей нәтижесі,
  • Іс-әрекет үшін сыйлық беру (еңбек ақы, атақ, даңқ),
  • Іс-әрекет дұрыс орындалмаған жағдайларда жазаланудан қорқу-депривация.

Бұл мотивтердің әрқайсысы іс-әрекет мотивациясының жиынына өздерінің үлес салмағын (жағымды, жағымсыз) қосады. Осыған сәйкес полимотивация феноменологиялық сипатқа ие болады.

Сонымен, мотивация-бұл іс-әрекеттің бірнеше түрлерінде жүзеге асатын, адамның қажеттіліктерін анықтайтын мотивтердің жиынтығы ретінде қарастырылатын күрделі психологиялық құбылыс. Адамның іс-әрекетінің әрбір түрі көп мағыналы мотивтерден тұрады. Мотивтердің пайда болуы, өзара қатынасқа түсуі құрылымдық деңгейі нақты адамның тұлғалық ерекшеліктеріне және іс-әрекеттің өзіндік ерекшелігіне байланысты болады.

-Жеке адам мотивациялық сферасының кеңдігі; Бұл мотивациялық факторлардың (қажеттілік, мақсат, мотив) әртүрлі сапалығы, яғни адамда әртүрлі қажеттілік, мақсат, мотивтер неғұрлым көп болса, оның мотивациялық сферасы соғұрлым кең болады.

-Жеке адам мотивациялық сферасының икемділігі; Бұл қандай да бір қажеттілікті қанағаттандыру барысында түрлі мотивациялық талпыныстарды пайдалана алумен сипатталады.

-Жеке адам мотивациялық сферасының иерархиялылығы; Бұл жеке адам бойында болатын қажеттілік, мақсат, мотивтердің әрқайсысы өз алдына мотивациялық диспозиция ретінде өмір сүрмейтінін, керісінше олардың бір-біріне бағыныштылығы немесе басымдылық белсенділігімен сипатталынады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маркетингтегі мотивация теориясы мен мотивация түсінігі
Менеджменттегі ынталандыру қызметі жайлы
Мотивация жайлы
Ұйымдағы мотивация процессі
Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешеннің жинағы
Менеджменттегі жігерлендіру (мотивация)
Студенттердің психологиялық ерекшеліктері
Мотивацияның жасайтын әрекеттері
Кәсіпорында еңбек мотивациясын жетілдіру
Кәмелетке толмағаңдардың қылмыстық мотивациясының ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz