Әл-Ғазалидің философиялық еңбектері жайлы



Кіріспе
1. Әл.Ғазалидің философиялық еңбектері жайлы
2. Әл.Ғазалидің философиясындағы мәселелер
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Бай тарихы бар Ислам мәдениетінің адамзат үшін әкелгені шаш етектен. Соның бірі –мұсылман философтары. Олар бүкіл Шығыс пен Батысқа адами асыл мұраттардың жаршысы болған. Айталық, әл-Фараби, Ибн Сина сынды данышпандардың Ежелгі Грециядағы ұмыт қалған философиялық дүниелерді тарих қойнауынан аршып алып, оларға жаңаша өң беріп түсініктемелер жазғаны жаһан тарихына мағлұм. [1]
Мұсылман философиясының идеялық бастауы жалқы емес. Мұсылман философиясы, біріншіден, VI ғ. соңындағы араб мәдениеті, христиан және иудаистік идеялардың өзара алмасуының жемісі, екіншіден, ислам дінінің интеллектуалды деңгейі, үшіншіден, парсы, түрік тілдес ұлттық мәдениеттің қалыптасу және жетілу бағдары. Мұсылман философиясының объектісі –дүниетанымның мәңгі мәселелері туралы антикалық және діни дәстүрлерді саралау, әрбір тарихи кезеңдегі аймақтық, ұлттық рухани жетістіктерді бағалау.
Мұсылман философиясының қалыптасу кезеңдері мен бағыттары қилы-қилы, қайшылықққа толы. Ол өзінің объектісі бойынша бір-біріне сабақтасады. Мұсылман философиясының бір бастауы – Құранның рухани құндылығында, ислам дінінің христиан және иудаизммен пікір таласында, екіншісі – аристотелизмде. Дүниетанымның осы бағдарларында болмыс бастамасы, дүние мен адам қатынасы, шындыққа жету жолдары көзқарасты үнемі үйіріп отырады.[2]
Әл-Фараби мен Ибн Синаның жасап кеткен шындық іздеу жолын жалықпай сын елегінен өткізген, шынайы сыни көзқарасқа ие мұсылман философтардың да болғаны мәлім. Солардың ең басында Исламның «төл құжаты» деген атқа ие болып, атағы жаһанға жайылған ислам философы Әбу Хамид Мұхаммед әл-Ғазали келеді.
Әл-Ғазали сан-саланы меңгерген жан-жақты философ. Оны қай жағынан қарастырсақ та таусылмайтын теңіз сияқты. Біз, бұл жерде философтың тек қана кәләм ғылымына, философияға, логика және Батыс философиясына тигізген әсерін, сонымен қоса, өз заманында ортаға шыққан Батиния бүлігіне қарсы жасаған еңбектерін тілге тиек етеміз. [3]
1. Молдабеков Ж. Қасабек А. Шығыс философиясы .Алматы: Қазақ университеті, 2001.- 302 б.
2. Ортағасырлық діни философия. 5 том. Алматы: Жазушы, 2005.- 560 б.
3. Есім Ғ. Фалсафа тарихы. Алматы: «Раритет», 2004.- 304 б.
4. Философия. Алматы: Қаржы-Қаражат, 2002.- 352 б. bigox.kz
5. Дайыр Д. Әл-Ғазалидің Шығыс пен Батыс философиясына қосқан үлесі // Ақиқат, 2005.- №6 , 54-58 б.
6. Айдаров Ш. Әл-Ғазали еңбектерінің этика философиясы // Ақиқат, 2006.- №5, 60-63 б.
7. Иманбекова Б. Имам Ғазали тәрбие туралы // Білім берудегі менеджмент, 2004.- №2, 186-191 б.
8. Есім Ғ. Әл-Ғазали // Абай, 2002.- №4, 11-17 б.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
1. Әл-Ғазалидің философиялық еңбектері жайлы
2. Әл-Ғазалидің философиясындағы мәселелер
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Бай тарихы бар Ислам мәдениетінің адамзат үшін әкелгені шаш етектен. Соның бірі - мұсылман философтары. Олар бүкіл Шығыс пен Батысқа адами асыл мұраттардың жаршысы болған. Айталық, әл-Фараби, Ибн Сина сынды данышпандардың Ежелгі Грециядағы ұмыт қалған философиялық дүниелерді тарих қойнауынан аршып алып, оларға жаңаша өң беріп түсініктемелер жазғаны жаһан тарихына мағлұм. [1]
Мұсылман философиясының идеялық бастауы жалқы емес. Мұсылман философиясы, біріншіден, VI ғ. соңындағы араб мәдениеті, христиан және иудаистік идеялардың өзара алмасуының жемісі, екіншіден, ислам дінінің интеллектуалды деңгейі, үшіншіден, парсы, түрік тілдес ұлттық мәдениеттің қалыптасу және жетілу бағдары. Мұсылман философиясының объектісі - дүниетанымның мәңгі мәселелері туралы антикалық және діни дәстүрлерді саралау, әрбір тарихи кезеңдегі аймақтық, ұлттық рухани жетістіктерді бағалау.
Мұсылман философиясының қалыптасу кезеңдері мен бағыттары қилы-қилы, қайшылықққа толы. Ол өзінің объектісі бойынша бір-біріне сабақтасады. Мұсылман философиясының бір бастауы - Құранның рухани құндылығында, ислам дінінің христиан және иудаизммен пікір таласында, екіншісі - аристотелизмде. Дүниетанымның осы бағдарларында болмыс бастамасы, дүние мен адам қатынасы, шындыққа жету жолдары көзқарасты үнемі үйіріп отырады.[2]
Әл-Фараби мен Ибн Синаның жасап кеткен шындық іздеу жолын жалықпай сын елегінен өткізген, шынайы сыни көзқарасқа ие мұсылман философтардың да болғаны мәлім. Солардың ең басында Исламның төл құжаты деген атқа ие болып, атағы жаһанға жайылған ислам философы Әбу Хамид Мұхаммед әл-Ғазали келеді.
Әл-Ғазали сан-саланы меңгерген жан-жақты философ. Оны қай жағынан қарастырсақ та таусылмайтын теңіз сияқты. Біз, бұл жерде философтың тек қана кәләм ғылымына, философияға, логика және Батыс философиясына тигізген әсерін, сонымен қоса, өз заманында ортаға шыққан Батиния бүлігіне қарсы жасаған еңбектерін тілге тиек етеміз. [3]

Әл-Ғазалидің философиялық еңбектері жайлы
Философияның көрнекті ойшылы Әбу Хамид Мұхаммед әл-Ғазали Европада туып-өсіп өмір сүрмеді демесе осы аймақтарда кең атақ болған адам. Ислам әлемі оған көзінің тірісінде Шейх-ул-ислам деген құрметті атақ берген. Сондықтан Ғазали туралы айтушылардың мына пікіріне таң қалуға болмайды: Егер Мұхамедтен кейін пайғамбар болса, ол сөзсіз Ғазали болған болар еді.[4]
Ғазали хижри 450милади 1059 жылдарында Хорасанның Туси уәләятында дүниеге келіп, 5051111 жылдарда туған жерінде дүние салған.
Әл-Ғазали 4731085 жылында Тус қаласының бір топ жастарымен Нишапур қаласына барып Низамия медресесіне оқуға қабылданады. Ол жерде атақты кәләмшы Имам Харамайн әл-Жүвайниден сабақ алады. Ұстазы дүние салғаннан кейін, 1092485 Селжұқ Сұлтаны Мәлікшахтың данышпан уәзірі Низамул Мүліктің қасына барып, оның қадағалауындағы фықых (Ислам құқығы) кәләм (Ислам теологиясы) ғылымдарының ғылыми пікірталасына қатысады. Бұл жер ғылымға, өнерге құмар Низамул Мүліктің небір дүлділдерімен, ғылымның қаймағын қалқып ішкен ғұламалардың бас қосатын, ғылымның ордасы болатын.
Әл-Ғазали Низамия медресесінде ұстаз, қазіргі тілмен айтсақ мәртебелі ректор секілді абыройлы қызметтер атқарды. Ол көптеген ғылым саласын терең меңгерген жоғары ғылыми дәрежеге лайық, халықтың мақтанар біртуар тұлғасы. Ғұмыры қысқа болғанымен де Ибн Сина сияқты артында философия, астрономия, ислам шариғатына қатысты жүздеген еңбек қалдырған ірі тұлға.
Әл-Ғазалидің Ислам философиясының дамуына қосқан үлесі қандай болса, сопылық ғылымының да белгілі бір жүйеге келіп, қалыптасуына еңбегі сондай сіңген. [5]
Әл-Ғазалидің жалпы еңбектерінің саны жүзге тартады. Бұл еңбектері құқықтану, философия, логика, теология, суфизмнің теориясы және тәрбиенің өзекті мәселелеріле арналған. Суфизмнің көрнекті өкілдерін халыққа танытушы белгілі ғалым Ғ. Есім: әл-Ғазалисіз суфизм түгілі, жалпы ислам философиясын түсіну мүмкін емес,- дейді. Ғалым Ғазалиді ислам философиясын ғылыми дәрежеге көтерген аса мол білімді хәкім. Өйткені суфизм әл-Ғазали қолында христиан мен ислам арасындағы діни партикуляризмді шешудің құралына айналған дей отырып, оның суфизмнің көрнекті ойшылы екенін Нұрды орын алу тәртібі; Жұмыс өлшемі; Інжілді бұрмалаушыларға нақтылы жауап және төрт томдық Діни ғылымдардың қайта өрлеуі атты еңбектеріне сүйене отырып дәлелдейді.
Ғазалидің жазған шығармаларының ішінде халық арасына кең тарағандары Жәуһар, Орталық, Қысқа, Қорытынды, Мұстафа, Жас шыбық, Философтарды бекерге шығаруы, Адасудан арылу, Көзқарасты анықтау, Ілім өлшемі, Әдемі есімдер - Алла есімдері, Шығыс, Мақсат пен уақыт аралығында, Құстар жайлы кітапша, Хақ жолының бастамасы, Ей, перзент, Діни ілімдерді тірілуі, Алла есімдерінің мағынасы, Түсінулер және т.б. [6]
Ғазали орта ғасырдағы Европаға белгілі болып қана қойған жоқ, ол жалпы батыстық схоластикаға әсер еткен ғұлама. Ол сонымен бірге әл-Фараби, ибн Синалармен айтысқа түсіп, екі кітап жазған: Философтар ниеті (Манасид әл-фаласафия) және Философтардың өздерін терістеуі (Тафафут әл-фаласафия).
Кезінде Ғазалиді христиан дініне іш тартты дегендер де болды. Оның себебі ол суфистік ілімнің барлық діндерге іштей жақындығы барын айтты. Осы пікірін Інжілді бұрмалаушыларға нақтылы жауап атты еңбегінде келтірген. Мұнда ол Інжілді түсіндіруші христиан ғалымдарын сынаған. Ғазалиді жете түсінбегендер, оның сөзі мен ісінің арасында алшақтық бар, іштей өзгеше пейілде болуы мүмкін деген жорамалдар жасаушылар көп болған.
Ғазали кәміл адам (инсан-и-кәмил) туралы Мизан әл-амал Жұмыс өлшемдері деген кітабында жан-жақты айтқан. Онда ол кәмілетті жан бір мезгілде бірнеше өлшемде кеңістікте өмір сүруі ықтимал деген батыл ой айтқан. Тегінде кәмелетті адам идеясына соқпай өтпеген ғұлама болмаған. Себебі, мәселе адам және оның мүмкіндігі туралы сөз болғанда, адам - пенде, адам - Жаратушының құлы; адам - Құдай немесе Құдайдың ұлы сияқты ұғымдардың барлығын мойындау емес, осылардың діни қағидалар барын естен шығаруғы болмайды. Сондықтан кәмелетті адам қандай жан деген сұрақ бүгінге дейін күн тәтібінен түскен жоқ.[7]

Әл-Ғазалидің философиясындағы мәселелер
Суфизмнің көптеген идеяларын мұсылман әлемінің әл-Ғазали (1058- 1111) сияқты ірі теолог қостады. Әл-Ғазалиге дейін өмір сүрген ойшылдар да, оның замандастары да мемлекеттік құрылым мәселесін айналып өте алмады. Әл-Ғазали өзінің бірқатар жұмыстарында мемлекетті басқару мәселесінде сұлтанға ұсыныстар береді, сұлтанның нақты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әбу Хамид әл-Ғазалидің тасаууфтық көзқарастары
Ислам философиясының пайда болуы және қалыптасуы
«Әл-Ғазалидің діни философиялық көзқарастары»
Ислам философиясының Батыс христиан және яхуди философиясына әсері маңызды болды
Ислам философиясы және Әл-Ғазали
Идея Құдайдың ойлары
Философиялық көзқарастары
ИСЛАМ ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БАСТАУЛАРЫ
Дін философиясы. Философия танымы
ДІНИ ФИЛОСОФИЯ пәнінің ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
Пәндер