Табиғатта және адамның іс-әрекетінде өсімдік ауру қоздырғыштарының (фитопатогендердің) маңызы



ЖОСПАР

І. КІРІСПЕ
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Өсімдіктің ауру қоздырғыштары
2. Олардың табиғатта таралуы
3. Ауру қоздырғыштарының залалдайтын өсімдіктері
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе

Микроорганизмдер қоршаған ортаға тез бейімделіп кететіндіктен, табиғатта өте кең таралған.Оларды басқа организмдер тіршілік ете алмайтын ортада да кездестіруге болады. Экватордан бастап Антарктидаға дейін, органикалық заттарға бай қара топырықпен қатар шағыл құмдар мен гранит тастарда да микробтар тіршілік етеді. Ауаның сферада да микроорганизмдер кездеседі.Температурасы +60-70 жететін Гейзер қайнарлар мен тұзды суда да микробтар тіршілік етеді.Су мен топырақтың терең қабаттарында оттегісіз ортада тіршілік ететін анаэробты микробтар да белгілі.
Өсімдіктер- микроорганизмдердің тіршілігі үшін қолайлы орта. Жасыл өсімдіктер микрофлораға өте бай келетінін бірінші рет ағылшын ғалымы Бурри байқады.Ол 1 грамм картоп жапырағында 25,6 миллион , қиярда -15,4 миллион, алмада- 1,38 миллион бактерия клеткалары кездесетінін анықтады.
Микроорганизмдердің қоршаған ортаға тез бейімделуінің негізгі себебі – олар өте жылдам көбейетініндігінде .Бактерия клеткасы 25- 30 минуттың ішінде жаңа өнім бере алады.Егер бір клетка 30 минут сайын 1000 есе көбейіп отырады. Өсуіне кедергі болмаса 48 сағаттың ішінде 1 бактериядан 270 миллион клетка түзілген болар еді.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Р. Д. Карбозова, К. Н. Туленгутова «Фитопатология» Алматы, 2014

2. М.Х.Шығаева, Ә.Т.Қанаев «Микробиология және вирусология» Алматы, 2008ж

3. Әметов Ә.Ә. Ботаника – Алматы: Дәуір, 2005. Бейсенова Ә., Самақова А., Есполов Т., Шілдебаев Ж. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Алматы «Ғылым» 2004.


4. http/www. referat.kulichku.net

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Орман, жер ресурстары және фитопатология факултеті
Өсімдік қорғау және карантин кафедрасы

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:Табиғатта және адамның іс-әрекетінде өсімдік ауру қоздырғыштарының (фитопатогендердің) маңызы

Дайындаған: Абырайхан Шынар
Тобы:ЗР-209
Қабылдаған: Сүлейменова Г

АЛМАТЫ 2017ж

ЖОСПАР

І. КІРІСПЕ
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Өсімдіктің ауру қоздырғыштары
2. Олардың табиғатта таралуы
3. Ауру қоздырғыштарының залалдайтын қсімдіктері
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Микроорганизмдер қоршаған ортаға тез бейімделіп кететіндіктен, табиғатта өте кең таралған.Оларды басқа организмдер тіршілік ете алмайтын ортада да кездестіруге болады. Экватордан бастап Антарктидаға дейін, органикалық заттарға бай қара топырықпен қатар шағыл құмдар мен гранит тастарда да микробтар тіршілік етеді. Ауаның сферада да микроорганизмдер кездеседі.Температурасы +60-70 жететін Гейзер қайнарлар мен тұзды суда да микробтар тіршілік етеді.Су мен топырақтың терең қабаттарында оттегісіз ортада тіршілік ететін анаэробты микробтар да белгілі.
Өсімдіктер- микроорганизмдердің тіршілігі үшін қолайлы орта. Жасыл өсімдіктер микрофлораға өте бай келетінін бірінші рет ағылшын ғалымы Бурри байқады.Ол 1 грамм картоп жапырағында 25,6 миллион , қиярда -15,4 миллион, алмада- 1,38 миллион бактерия клеткалары кездесетінін анықтады.
Микроорганизмдердің қоршаған ортаға тез бейімделуінің негізгі себебі - олар өте жылдам көбейетініндігінде .Бактерия клеткасы 25- 30 минуттың ішінде жаңа өнім бере алады.Егер бір клетка 30 минут сайын 1000 есе көбейіп отырады. Өсуіне кедергі болмаса 48 сағаттың ішінде 1 бактериядан 270 миллион клетка түзілген болар еді.

Саңырауқұлақтар - өсімдіктің ауру қоздырғыштары
Қазіргі кезде табиғатта саңырауқұлақтардың жүз мыңға жуық түрлері белгілі. Олардың ішінде он мыңға жақын түрі ауру қоздырғыштары. Саңырауқұлақтар гетеретрофтф организмдер. Көптеген өсімдіктер саңырауқұлақтардың бір түрімен залалдануы мүмкін, ал әрбәр паразитты саңырауқұлақ өсімдіктің әр түрін залалдайды. Кейбір саңырауқұлақтар өмірінің бәрін тек тірі өсімдікте өткізеді. Оларды облигатты паразиттер деп атайды. Басқалары өмірінің бір бөлігін тірі өсімдікте, ал қалғанын өлі органикалық қалдықтарда өткізеді (облигатты емес паразиттер) .
Табиғатта саңырауқұлақтар органикалық заттарды ыдыратып, заттардың табиғатта алмасуына қатысады. Кейбір саңырауқұлақтар дамуы кезінде адамға пайдалы антибиотиктер сияқты заттарды синтездейді, нан пісіруде, сыра өнеркәсібінде қолданылатын түрлері де бар. Сонымен қатар көптеген саңырауқұлақтар өсімдік ауруларын қоздырып, өнімнің сапасы мен шығымын төмендетіп, қоймадағы өнімді бұзып, халық шаруашылығына үлкен зиян келтіреді.
Саңырауқұлақтар дүниесі өте бай. Олар сырт пішіні әр түрлі жүздеген мың түрге жататын хлорофильсіз гетеротрофты организмдерді біріктіреді.Бұл топқа тек микроскоп арқылы көрінетін,мөлшері бірнеше микроннан аспайтын микромицеттермен қатар орманда,ылғалды жерлерде жиі кездесетін қалпақты саңырауқұлақтар сияқты макромицеттер де жатады. Әр алуан систематикалық кластарға ажыратылатын саңырауқұлақтарды бір топқа біріктіретін жалпы қасиет-олардың денелері тарамдалған жіпшелерден- мицелийден тұратындығы.Мицелийдің көлденеңі бір микроннан ондаған микронға дейін,ал ұзындығы бірнеше микроннан ондаған сантиметрге дейін жетуі мүмкін.Саңырауқұлақтардың клеткасының құрылысы бактерия мен актиномицеттердікінен күрделірек келеді.Клетка қабықшаларды целлюлоза мен пектин заттарынан және кей жағдайда насекомдардың хитиніне ұқсас смола мен азот заттарынан тұрады.Оның ішінде жұқа қабықшамен көмкерілген ядро болады.Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар үлкен бір клеткадан тұрып,көлденең перделермен бөлінбейді.Сол себептерден олардың клеткасында бірнеше ядро кездеседі.Жоғары сатыдағы сағырауқұлақтардың мицелийлері көлденең перделер мен бірнеше клеткаларға бөлінеді.Олардың клеткасында бір немесе бірнеше ядро болады.Қоректі затты саңырауқұлақтар бүкіл денесі арқылы сорады.Олардың ферменттік аппараты жақсы жетілген.
Цитоплазмада клетчатка мен пектин заттарын ыдырататын,крахмалды гидролиздейтін,белок пен майларды жай қосылыстарға айналдыратын ферменттер бар.Саңырауқұлақ клеткасының протоплазмасында хлоропласт немесе басқа пластидтер болмайды.Клетка шырыны ерітілген көміртегінен,пигменттермен қатар ферменттерден тұрады.Қоректік заттардан онда гликоген мен валютин болады,кейде май тамшылары кездеседі.Саңырауқұлақтар споралар арқылы жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді.Көбею жолдарына және ерекшеліктеріне байланысты төменгі және жоғары сатыдағы саңырауқұлақтар деген екі үлкен топқа бөлінеді.Сонымен қатар,олар нағыз саңырауқұлақтар және миксомицеттер деп те екіге бөлінеді.Нағыз саңырауқұлақтар 4 классқа бөлінеді.
Сәулелі саңырауқұлақтар.(Актиномициттер) - өсімдіктің ауру қоздырғыштары
Актиномициттер бір клеткалы микроорганизм. Актиномициттер коптеген ортақ қасиеттеріне орай бактерияларға өте ұқсас келеді, ал кейбір ерекшеліктері оны саңырауқұлақтарға жақындата түседі. Олар зең саңырауқұлақтары секілді тарамдалған жіпше пішіндес мицелийден құралады. Мицелицлердің ұзындығы 600 микронға дейін жетеді. Нағыз актиномитциттердің мицелийдері өте жақсы жетілген, бірақ оларды жеке клеткаларға бөлетін перде болмайды. Сол себептен бір клеткада бірнеше ядро болуы мүмкін.
Актиномициттері көбінесе жыныссыз жолмен, споралар арқылы көбейеді. Олар пішіні әртүрлі арнайы бұташаларда түзіледі. Спорангий деп аталатын жеміс органдарында споралар түзетін актиномицеттер кездеседі. Олардың спораларының полярлы талшықтары болады. Қолайлы жағыдайда споралар өсіп бірнеше өскін береді. Ол өскіндер тарамдалған мицелиге айналады.
Бактерияға ұқсас келетін актиномицеттер әуелде тарамдалған жіпше түрінде болады да, кейін олар таяқша немесе шар пішіндес жеке клеткаға бөлшектенеді. Микробактерия туысына жататын актиномицеттер бөлшектену мен бірге бүрлену арқылы да көбейеді.
Актиномицеттер жасанды қоректік субстраттарда жақсы өседі. Олардың колониясының реңінен күн сәулесі спекторының барлық бояуларын кездестіруге болады. Нағыз актиномицеттердің колониясының консистенциясы тығыз келеді, ал микробактерияларікі - иленген қамыр таріздес болады.
Актиномицетер топырақта, іріменен өсімдік қалдықтарында кездеседі. Ферменттік қасиеттері өте күшті болғандықтан, олар басқа микроорганизмдер пайдалана алмайтын клетчаткада мол у заттармен қоректеніп, оларды қарапайы қосылыстарға дейн ыдыратады.
Актиномицеттерден медитцина, мал дәргерлігі салаларында кең қолданылатын стрептомицин, биомицин, тетрациклин басқсда антибиотиктер алынады. Соңғы жылдары олардан өсімдік ауыруларына қарсы қолданылатын полимиксин,касугами, актидион, фитобактериомицин тәрізді антибиотикрер шығарылуда. Кейбір актиномициттер адам мен жануарлардың және өсімдіктердің ауыруларын қоздырады.

Вирустар мен микоплазмалар - өсімдік ауруларының қоздырғыштары
Вирустарды электронды микроскоппен 20 - 100 мың есе үлкейту арқылы ғана көруге болады. 1892 жылы орыс ғалымы Д.И. Ивановский темекінің мозаика ауыруын тудыратын бактерия сүзгіштерінен өтіп кететін, жаратылысы жұқпалы ауыру қоздыратын микроптарға ұқсас организмдер екенін анықтады. Бұл организмге вирус немесе сүзгіден өтетін у деген ат береді.
Ағылшын ғалымы У.Стенли мозайка ауыруына шалдыққан темекі шырынын химиялық жолмен тазалау арқылы вираустың таза препаратын алды. Оны қышқылдандырып тұнбаға түсетін кристалды белокқа айландырды. Осы кристалдың ертіндісі жапырағына жағылған сау темекі екі үш күннен кейін мозаика ауыруына шалдықты.
Электронды микроскоп арқылы вирустардың марфологиялық қасиеттері толық зерттелді. Өсімдік ауыруларын қоздыратын вирустар, жіпше немесе шар пішіндес. Таяқша вирустың ұзындығ 55 ммк 1250 ммк дейін жетсе, ал шар пішіндестерінің диаметрі 30ммк аспайды (1 миллимикрон миллиметрдуің миллионнан бір бөлігі).
Вирстардың химмиялық табиғатты әр түрлі. Темекі мозаикасының вирусы жалаң протеидтен тұрса, ал көпшілік вирустарының құрамында нукелеин қышқылдары мен (ДНҚ РНҚ) қатарар белоктар да болады.
Бактериялар мен актиномицеттер клеткалардың бөлінуі арқылы көбейсе, ал вирустар басқаша жолмен өседі.Өсімдік ,жануарлар мен адам организмінде вирус бөлшектері бірден белок пен нуклеин қышқылы бір клеткадан екіншісіне ауысып ,оданда жана вирустың бөлшектері пайда болады. Клеткадағы қоректік зат біткен кезде вирустардың көбеюі тоқталып олар тыныштық қалпына көшеді.
Вирустардың табиғаты туралы ғалымдар белгілі бір тұжырымға алі келген жоқ. Зерттеушілердің көбі вирустарды тірі организм деп есептемесе, ал кейбіреулері оны өлі табиғат өкіліне қосады.. Мұндай екі ұшты пікірлер вирустардың кейбір физикалық қасиеттеріне орай туып отыр. Себебі клеткадан тыс вирустарда еш.андай тіршілік белгісі байқалмайды,көп уақыт тіршілік белгісі байқалмайды.
Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына төзімділік қабілеті барлық вирустарда бір деңгейде бола бермейді. Кейбір вирустар +80-90 та 10 мин қыздырғанда тіршілік қабілетін жоятын болса,ал бағзы біреулерінің өлі дүниеге айналуына,+37-50температура жеткілікті.
Микроорганизмдердің денесінде вирустардың паразитті тіршілік етуге бейімделген түрлері де болады. Бактерияларда тіршілік ететін вирустарды - бактериофак, ал актиномицеттерде кездесетіндер актинофак деп аталады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктерді бактериоздардан қорғау
Фитопатогендік микроағзалар және олардың анатгонисттері
Карантиндік сараптау және оның жалпы ережелері
Өсімдік ауруы туралы түсінік
Өсімдік иммунитетінің маңызы мен мақсаты
Топырақ микроорганизмдердің негізгі мекені
Табиғатта және адамның іс-әрекетінде өсімдік ауру қоздырғыштарының маңызы
Патологеннің арнайы бейімделігі
«Жалпы фитопатология» пәнінен оқу – әдістемелік кешені
ФИТОПАТОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
Пәндер