«Екі секциялы, екі қабатты, он екі пәтерлі кірпіштен салынған тұрғын үй»
Кіріспе3
1Жалпы мәлімет5
2 Функционалдық талаптар6
3 Көлемдік орналасуы7
4 Жалпы бөлім9
4.1 Конструктивтік шешімдер9
4.2 Іргетас және цоколь12
4.3 Қабырға15
4.4 Еден17
4.5 Аражабын20
4.6 Шатыр22
4.7 Терезе мен есік25
4.8 Сыртқы және ішкі әрлеу29
4.9 Инженерлік жабдықтар30
Қорытынды31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1Жалпы мәлімет5
2 Функционалдық талаптар6
3 Көлемдік орналасуы7
4 Жалпы бөлім9
4.1 Конструктивтік шешімдер9
4.2 Іргетас және цоколь12
4.3 Қабырға15
4.4 Еден17
4.5 Аражабын20
4.6 Шатыр22
4.7 Терезе мен есік25
4.8 Сыртқы және ішкі әрлеу29
4.9 Инженерлік жабдықтар30
Қорытынды31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Соңғы жылдары құрылыста үлкен өзгерістер болды. Жаңа сәулеттік шешімдер және конструкциялар,жобалау есептеу әдістері сонымен қатар жүк көтергіш және қоршау конструкцияларына арналған құрылыс материалдары пайда болды. Құрылыстың мөлшерлі құжаттары жаңартылды. Жаңа қала құрылысы және тұрғын үй ережелері күшіне енді. Аз қабатты тұрғын үйлер құрылысы қазіргі таңда қарқынды даму үстінде.Қазіргі таңда аз қабатты тұрғын үй Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй қорының 40% құрайды. Жеке жер теліміндегі аз қабатты ғимараттарды жобалау және құрылысы өзекті болуда.
Ғылыми жаңарту ретінде заманауи құрылыс материалдарындың (жылытылған жеңілбетон, пластикті есік терезелер, шатыр материалдары және әрлеу матералдары) әртүрлі конструкциялық шешімдердің ғимарат жобалау барысында мүмкіндігін қарастыру.
«Қазақстан 2030» мемлекеттік бағдарламасы арқасында Республикамыздың экономикасы, осыған байланысты халқымыздың жағдайының өсуі байқалып отыр. «Қазақстан 2030» мемлекеттік стратегиясының дұрыс әрі нақты орындалуы мемлекеттің әрі қарай қадам жасауына жол ашып отыр. Бұл үшін Қазақстанның жылдам, сонымен қатар әржақты жаңарту жолын таңдап отыр. Республиканың экономикасының структурасының өзгеруі нәтижесінде Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы қолға алынды. Бұл бағдарлама мемлекетте 2015–2017 жылдар аралығында өтуі қажет болды. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі алға қойған мақсаттарының ішіндегі ең маңызды тапсырмаларының бірі тұрғын үйлерді салу, Қазақстан халқының және біздің қоғамның алдында ынталы әрі жоспарлы жұмыс күтілуде.
Тұрғын үй құрылысы бағдарламасының басты бағыты болып мемлекеттегі тұрғын үй құрылыс қарқынының бірқалыпты өсуі, әрі осы құрылыстарға халықтың қолы жететіндей етіп, оның бағасының арзан болуы қажет. Осыған байланысты несиелерді өтеу мерзімінің ұзаруы және тұрғын үй несие пайыздарының төмендеуі қажет.
Осы бағдарламаны іске асыру үшін құрылыс істері бойынша комитетінің (МИТ ҚР) алға қойған жоспарлары бар. Бұл жоспар Қазақстан Республикасының үкіметі шешімімен бекітіліп қойған болатын.

1 http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K970002030_Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің сайты.
2МаклаковаТ.Г.,НанасовС.М.,БородайЕ.Д.,ЖитковтарВ.П. Азаматтық ғимараттардың конструкциялары.-М:құрылысбасп,1986.
3 СавушкинаО.А. Сыртқы қоршауды жылутехникалық есептеуге нұсқау, 1997.
4 ТеличенкоВ.И., ЛапидусА.А., Терентьев О.М. Ғимарат және ғимараттарды тұрғызудың технологиясы. Жоғары оқу орны.-М: 2001. – 320. ил.
5 Розақов Ғимарат конструкциялары.
6 Біржанов Р.Т.Құрылыс конструкциялары.

Пән: Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Жалпы мәлімет 5
2 Функционалдық талаптар 6
3 Көлемдік орналасуы 7
4 Жалпы бөлім 9
4.1 Конструктивтік шешімдер 9
4.2 Іргетас және цоколь 12
4.3 Қабырға 15
4.4 Еден 17
4.5 Аражабын 20
4.6 Шатыр 22
4.7 Терезе мен есік 25
4.8 Сыртқы және ішкі әрлеу 29
4.9 Инженерлік жабдықтар 30
Қорытынды 31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 32
Кіріспе
Курстық жұмыстың тақырыбы: Екі секциялы, екі қабатты, он екі пәтерлі кірпіштен салынған тұрғын үй.
Соңғы жылдары құрылыста үлкен өзгерістер болды. Жаңа сәулеттік шешімдер және конструкциялар, жобалау есептеу әдістері сонымен қатар жүк көтергіш және қоршау конструкцияларына арналған құрылыс материалдары пайда болды. Құрылыстың мөлшерлі құжаттары жаңартылды. Жаңа қала құрылысы және тұрғын үй ережелері күшіне енді. Аз қабатты тұрғын үйлер құрылысы қазіргі таңда қарқынды даму үстінде. Қазіргі таңда аз қабатты тұрғын үй Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй қорының 40% құрайды. Жеке жер теліміндегі аз қабатты ғимараттарды жобалау және құрылысы өзекті болуда.
Ғылыми жаңарту ретінде заманауи құрылыс материалдарындың (жылытылған жеңілбетон, пластикті есік терезелер, шатыр материалдары және әрлеу матералдары) әртүрлі конструкциялық шешімдердің ғимарат жобалау барысында мүмкіндігін қарастыру.
Қазақстан 2030 мемлекеттік бағдарламасы арқасында Республикамыздың экономикасы, осыған байланысты халқымыздың жағдайының өсуі байқалып отыр. Қазақстан 2030 мемлекеттік стратегиясының дұрыс әрі нақты орындалуы мемлекеттің әрі қарай қадам жасауына жол ашып отыр. Бұл үшін Қазақстанның жылдам, сонымен қатар әржақты жаңарту жолын таңдап отыр. Республиканың экономикасының структурасының өзгеруі нәтижесінде Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы қолға алынды. Бұл бағдарлама мемлекетте 2015 - 2017 жылдар аралығында өтуі қажет болды. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі алға қойған мақсаттарының ішіндегі ең маңызды тапсырмаларының бірі тұрғын үйлерді салу, Қазақстан халқының және біздің қоғамның алдында ынталы әрі жоспарлы жұмыс күтілуде.
Тұрғын үй құрылысы бағдарламасының басты бағыты болып мемлекеттегі тұрғын үй құрылыс қарқынының бірқалыпты өсуі, әрі осы құрылыстарға халықтың қолы жететіндей етіп, оның бағасының арзан болуы қажет. Осыған байланысты несиелерді өтеу мерзімінің ұзаруы және тұрғын үй несие пайыздарының төмендеуі қажет.
Осы бағдарламаны іске асыру үшін құрылыс істері бойынша комитетінің (МИТ ҚР) алға қойған жоспарлары бар. Бұл жоспар Қазақстан Республикасының үкіметі шешімімен бекітіліп қойған болатын.
Тұрғын үй құрылысының дамуы арқасында жеке әрі сапалы жоспарланған шаралар анықталып отыр. Ол жерде құрылысты жүргізетін мекеме және құрылысты іске асыру уақыты, өндіріс секторының дамуы, сонымен қатар шамаланған жұмыс көлемі және қаржыландыру көздері қарастырылып отыр.
Жоспардың орындалуы Қазақстан Республикасындағы барлық құрылыс бағытындағы орталықтағы және жергілікті атқарушы органдарының әрекеттерінің максималды координациялығын қамтамасыз етеді және мүмкіндіктердің топталуына жол ашады.
Мемлекеттегі барлық тұрғын үй құрылысы бағдарламасының іске асырылуын мемлекет басшылары бағалап отырады.
Курстық жұмыстың мақсаты: замануи конструкциялық элементтерді жетік қолдана білу: жабын материалдары, едендер, жылытқыштар, баспалдақтар, есік пен терезелер.
Курстық жұмыстың міндеті:
- ҚР - ның азаматтарының әлеуметтік жағдайына байланысты үй салу;
- адамдарды баспанамен қамтамасыз етудің тиімді жолдарын ұсыну;
- тез баспана салу;
- бір отбасын жақсы баспанамен қамтамасыз ету;
- қаражаттың аз кетуін қамтамасыз ету;
- құрылысты дәл уақытында тапсыру;
- құрылыс барысында қауіпсіздік техникаларының орындалуын қадағалау;
- Елбасымыздың міндеттегенін орындау.
Курстық жұмыстың құрылымы - курстық жұмыс кіріспеден, төрт бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады, қосымшалар қарастырылған (сызба бөлімі А1).
1 Жалпы мәлімет
Қарағанды облысы 1932 жылы 10 наурызда құрылған.
Құрылыс ауданы - Қарағанды қаласында.
Рельеф - бірқалыпты.
Топырақ - сазды.
Уақытша сумен және электрмен қамтамасыздандыру қаланың тұрақты су, энергия көздерінен келеді.
Материалдармен, құралдармен қамтамасыздандыру жергілікті зауыттардан әкелінеді. Жобалау жұмыстары бірыңғай құжаттама бойынша және нормативтік жобалау негізінде жүргізіледі.
Жобаланған екі қабатты тұрғын үй он екі отбасына арналған. Көлемі 312,78 шаршы метр, жер көлемі 10 шаршы метр жерде салынуға жоспарланған. Тұрғын үй барлық адамдарға тұруға қолайлы үй болып келеді. Екі қабатты тұрғын үйдің жобасында он екі үлкен ортақ бөлме, он екі жатын бөлме, он екі ас бөлме, он екі жуынатын бөлме, он екі дәліз, он екі балкон, төрт қойма және сегіз киінетін бөлме орналасқан. Үйдің қырық төрт терезесі, алпыс екі есігі және сыртқа шығатын екі баспалдағы орналасқан.
Қаланың климаты континенттік. Қыс айының жылдық орташа температура - 15 - 18ºС, жазда +15 +25ºС. Жауын - шашынның жылдық орташа мөлшері - 380 - 450 мм. Оның басым бөлігі көктемде, жазда және күз айларында түседі. Жел негізінен шығыс (34%) және оңтүстік (16%) бағыттарынан соғады. Кейбір жаз айында қуаңшылық болады. Ең алғашқы қар қарашаның бас кезінде жауады, ал наурызда қарлар ақырындап ери бастайды. Қардың түсу қалыңдығы 10 - 15 см дейін жетеді. Ең көп жауатын жері - ол шет жақтарда қалың түседі. Үйдің терезесі 1,5х2, ал іргетасы болса - таспалы іргетас үстіне орналасқан кірпішті, блокты, ірі панельді қабырғалардан түскен күш жүктемелерін бірқалыпты қабылдап тұратын үзіліссіз орнатылған жер асты құрылым.
Жобаланатын үйдің ауданы соттық жерде 312,78 шаршы метр жер теліміне орналастыру жоспарланған. Үйді жер теліміне орналастыруда ауданның климаттық сипаттамалары, оның күнге және желдің көп қайталанатын салыстырмалы бағыты ескерілген.
2 Функционалдық талаптар
Әр пәтер жанұяның 3 - 5 адамы тұруы үшін арналған. Тұрғын үй екі қабатты, жалпы өлшемі 312,78 м2. Жобаланған тұрғын үйде мынадай бөлмелер орналастырылған: үлкен ортақ бөлме, жатын бөлме, ас бөлме, жуынатын бөлме, дәліз, киінетін бөлме, қойма, балкон. Сонымен қатар, әрбір бөлмеге нақтылы функционалдық талаптар көрсетіледі, яғни әрбір бөлме нақтылы функциялар орындауы керек.
Үлкен ортақ бөлме қонақтарды күтуге, жанұя мүшелерінің белсенді демалысы үшін арналған және сонымен бірге азықты қабылдау бөлмесі қызметін көрсете алады.
Жатын бөлме жанұя мүшелерінің енжар демалысы (ұйқы) үшін қызметкер бөлме болып табылады.
Ас бөлме даярлау және азықты қабылдау үшін қызмет көрсетеді.
Жуынатын бөлме жуынып - шайыну үшін сонымен бірге душ қабылдау үшін арналған бөлме. Қазіргі уақытта жуынатын бөлме дәретханалармен және бидемен жабдықталған.
Дәліз (коридор) кеңістікке шығуды, жылуды оқшаулайтын функцияны орындайды, асханамен және қонақ үйдің аралығында жақынырақ қатынас үшін қызмет көрсетеді, сонымен қатар бірінші қабаттың қосымша иллюминациясы болып табылады.
Балкон көшеге көрініс ашады және таза ауаға ғимараттан кетпей-ақ, шығуға мүмкіндік береді.
Қойма (кладовка) шаруашылық заттарды сақтауға арналған басқа бөлмелерден қоршалған қоймалы бөлме.
Киінетін бөлме киім, көйлек сақтауға арналған бөлме.
3 Көлемдік орналасу жоспары
Көлемдік - жобалау шешімдері деп - бұл шешімнің негізгі болып қабылданған ғимараттың құрамы мен өлшемін айтады.
Азаматтық ғимараттардың (тұрғын ғимараттардың) негізгі түрі пәтерлік үйлер болып саналады. Жаппай тұрғындық құрылыс типтік жобалар және жұмыс өндірісін индустрияландыру негізінде өркендеуде.
Әр деңгейдегі жанұяларға қоятын талаптарына жеткілікті деңгейде жауап беретіндей және де біріншіден бөлмелерінің көлемдері мен саны бойынша айырмашылықтары болатын түрлері қарастырылуы қажет. Пәтер түрлері мен өлшемдері жанұядағы адамдар санына байланысты өзгереді.
Пәтер үйлер екі түрге бөлінеді:
1 аз қабатты үйлер - әр пәтермен тығыз байланысқан учаскелері бар;
2 қалалық түрдегі үйлер - жер учаскелері жоқ. Мұнда тұратын халықтың демалуы үшін, тұрғын аудандарда жалпылай пайдалану үшін аумақты көгалдандыру қарастырылады.
Көп пәтерлі тұрғын үйлер өзінің көлемді - жоспарлық құрылымына байланысты:
1 бөліктелген секциялы;
2 дәлізді;
3 тізбектелген үйдің өң бойына салынған балкон.
Мұндай үйлер тұрғын құрылысында 80% бөлігін құрайды. Тұрғын үй бір немесе көп бөлікті болып келеді.
Соның ішінде біздің тұрғын үйіміз көп пәтерлі бөліктелген секциялы қатарына жатады.
Біздің алған азаматтық ғимарат - екі қабатты, екі секциялы, он екі пәтерлі тұрғын үй.
Жобаланып отырған тұрғын үй тіктөртбұрышты жоспарда.
Осы тұрғын үй он екі жанұя тұруына арналған он екі пәтерлі етіп есептелінген. Ғимараттың екі деңгейі болады.
Бірінші қабаттың бірінші секциясында адамның тұруына арналған екі бөлмелі пәтерден екеу және бір бөлмелі пәтерден біреу орналасқан. Ал екінші секциясында үш бөлмелі пәтерден біреу және екі бөлмелі пәтерден екеу орналасқан.
Екінші қабаттағы бөлмелердің орналасуы бірінші қабаттағы орналасқан бөлмелермен бірдей.
Санузел су құбыры және канализациямен жабдықталған. Негізгі бөлмелердің арасындағы байланыс корридор арқылы іске асады.
Бөлмелердің желдетуі табиғи. Терезелердің өлшемдері тәуліктің ашық уақытында бөлмелерді қажетті жарықтандырумен қамтамасыз етеді.
1-кесте. Бірінші қабат бойынша бөлмелердің ауданы
№ бөлмелер
Бөлменің аты
Аудан, м[2]
1
2
3
4
5
6
1.
Үлкен ортақ бөлме
16,90
16,90
18,40
18,40
14,30
14,30
2.
Жатын бөлме
-
8,00
9,00
9,00
8,00
10,00
10,00
3.
Ас бөлме
5,95
5,95
10,62
10,62
9,45
9,45
4.
Жуынатын бөлме
3,32
3,17
10,35
10,35
3,64
3,64
5.
Дәліз
5,46
5,46
5,46
5,46
5,46
5,46
6.
Киінетін бөлме
-
1,32
2,00
2,00
1,55
-
7.
Қойма
-
-
1,72
1,72
-
-
8.
Балкон
5,00
5,00
5,00
5,00
5,00
5,00
Барлығы
36,63
45,80
62,55
62,55
57,40
47,85
Жалпы ауданы 312,78 м2
Кісі тұратын ауданы 153,20 м[2]
Бір тұрғынға келетін ауданы 12,45 м2
4 Жалпы бөлім
4.1 Конструктивтік шешімдер
Үймереттер, ғимараттар, тұрғын үйлер, инженерлік, ауылшаруашылық құрылыстарын салуды ұйымдастырудың әдіс - тәсілдері бар. Құрылыс - құрастыру жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді жолы - құрылысты кешенді әдіспен және технологиялық ретімен жүргізу. Құрылыс технологиясы құрылыс жұмыстарына және процестерге бөлінеді.
Құрылыс жұмыстары жер жұмыстары, бетон және темір - бетон, құрастыру, әрлеу және т.б. өзара құрылыс процестеріне бөлінеді. Мысалы, жер жұмыстарын жүргізу үшін мына процестерді орындау қажет: жердің өсімдік қабатын бульдозермен тіліп алу, жер бетін тегістеу, топырақты көлікке тиеп қазу, ордың түбін тазалау және т.б. аталған құрылыс жұмыстары мен оның процестері белгіленген технологиялық ретімен істелуі қажет.
Құрылыс жұмыстары үш кезеңге бөлінеді: дайындық жұмыстары - жер астындағы құрылыстар (нөлдік цикл), жер үстіндегі құрылыстар және әрлеу жұмыстары (сылақ, бояу). Құрылысқа мөлшерленген уақытты қысқарту үшін құрылыс кезеңін тасқынды әдіспен жүргізу қажет. Бұл әдіс құрылыстың өзіндің құнын кемітеді, еңбек өнімділігін арттырады және машина - механизмдерді тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Құрылыс мерзімін қысқартуға құрастыру процестері ерекше әсер етеді. Сондықтан жоғарыда аталған процестерді жүргізу мерзімдері құрастыру процестеріне тікелей байланысты. Атап айтқанда, құрастыру процесінжеделдету дегеніміз - жалпы құрылыс мерзімін қысқарту. Осы процестің даму қарқынына орай басқа жұмыстардың реті мен әдістері де өзгереді. Құрылыс өндірісінің құрамы мен қарқынын белгілеу және оны біркелкі үздіксіз ұйымдастыруды жақсартып, технологиясын жетілдіруге болады. Құрылыста тасқынды әдіспен жүргізудің негізі - құрылыс процестерін тоқтатпай, бір мезгілде әр түрлі жұмыстарды бірден атқару. Ол үшін объектідегі барлық жұмыстарды кезекті ретімен істелетін процестерге бөліп, құрылысшылардың мамандық дәрежесіне лайықты звено, бригадалар құрамын тағайындап, жалпы құрылыс көлемін тепе - тең ауқымға (учаске, кесінді, алым) бөліп жоспарлау қажет. Тең бөлінген ауқымдардың көлемі мен істелінетін жұмыс мерзімдері бірдей болу керек. Бұл бөлімдер тасқын ырғағы деп аталады. Құрылыстық тәжірибеде құрылыстар және ғимараттар деген түсініктер бар.
Құрылыс деп халықтың материалдық және рухани талаптарын қамтамасыз ету үшін салынған жасандыларды айтады.
Ғимараттар деп адамның әр түрлі іс - әрекеттеріне арналған және икемделген ішкі кеңістігі бар жер бетіндегі құрылыстарды айтады (мысалы, тұрғын үйлер, дүкендер, мәдениет сарайлары, зауыт корпустары, т.б.).
Құрылыстар тек қана техникалық міндеттерді атқаратын болса, онда оларды инженерлік құрылыстар деп атайды.
Ғимараттың ішкі кеңістігі жеке бөлмелерге бөлінеді (тұрғын бөлмесі, қызмет бөлмесі, цех, аудитория, т.б.). Бір деңгейде орналасқан бөлмелер ғимарат қабатын құрайды. Қабаттар арқалық жабындар арқылы бөлінеді.
Ғимараттың қай - қайсысын болсын ішінде бір - бірімен тікелей байланысқан үш тобын көрсетуге болады:
1 Көлемді - жоспарлық;
2 Құрылымдық;
3 Құрылыстық бұйымдар
Ғимараттар әр түрлі қасиеттері бойынша төмендегідей жіктеледі
1 Арналуы бойынша:
а) адамдардың тұрмыстық және қоғамдық талаптарын қанағаттандыруға арналған азаматтық ғимараттар;
б) өндіріс құрал - жабдықтарын орналастырып және еңбек процестерін орындау арқылы әр түрлі өндірістік өнімдерді алуға арналған (цех ғимараттары, зауыттар, фабрикалар, электр станциялары, т.б.) өндірістік ғимараттар;
в) ауыл шаруашылығының мүдделерін қанағаттандыруға арналған (мал және құс ұстау ғимараттары, жылыжайлар, қоймалар, т.б.) ғимараттар.
2 Қабырға материалына байланысты:
а) ағаштан;
б) тастан.
3 Қабырға құрылымы бойынша:
а) кіші бөлшектерден (кірпіштер, блоктардан, кіші бетон блоктарынан);
б) ірі бөлшекті (ірі блоктардан, панельдерден, көлемдік блоктардан).
4 Жасалуы бойынша:
а) құймалы және кіші бұйымдардан өрмелі;
б) толық құрастырмалы.
5 Қабаттарының санына байланысты:
а) бір қабаттылар;
б) аз қабаттылар (2,3 қабат);
в) көп қабаттылар (4 - 9 қабат);
г) көтеріңкі қабаттылар (10 - 20 қабат);
д) зәулім, биік қабаттылар (20 қабаттан аса).
6 Мерзімділік дәрежесі бойынша:
а) бірінші - қызмет ету мерзімі 100 жылдан аса;
б) екінші - қызмет ету мерзімі 50 - 100 жыл;
в) үшінші - қызмет ету мерзімі 20 - 50 жыл;
г) төртінші - қызмет ету мерзімі 20 жылдан аз (уақытша ғимарат).
7 Өртке төзімділік дәрежесі бойынша:
а) I - III - тасты құрылымдарымен;
б) IV - сыланған ағаш құрылымдарымен;
в) V - сыланбаған ағаш құрылымдарымен.
8 Таралу дәрежесіне байланысты:
а) ғимараттың кең тараған құрылыстары (мектептер, бала - бақшалар, тұрғын үйлер, кинотеатрлар, емханалар, т.б.);
б) бірегей, арнайы жобалармен салынатын (театрлар, спорт ғимараттары, әкімшілік ғимараттары, т.б.).
Қойылатын талаптар:
1 Мақсатқа сәйкестігі - ғимараттар өздерінің арналуына сәйкес келуі керек;
2 Беріктілік - әр түрлі әсер еткен күштерге төзімділік көрсетіп, өзі сол алғашқы қалпын сақтау қасиеті;
3 Орнықтылық - көлденең әсер еткен күштерге қарсы тұру қабілеті;
4 Жылу ұстамдылық - арналуына байланысты ғимарат ішінде нормативтік температура бірқалыпты сақтау қасиеті;
5 Индустриялдығы - жаңа технологияны қолдана отырып, құрылыс жұмыстарын автоматты және биік механикаландырылған түрде дайын бөлшектерден ғимаратты жинақтау;
6 Сәулеттілігі, көркемділігі - өңдеу жұмыстарына жаңа материалдарды қолдану, көріністеріне сәулеттік бұйымдарды енгізу, қабырғаның сыртқы беттерінде әр түрлі бөлшектердің дұрыс орналасуы, т.б. арқылы іске асырылады;
7 Ұзақ мерзімділігі - ғимараттың бұзылмай нормативтік мерзіміне байланысты қызмет етуі;
8 Экономикалық талаптар - ғимарат тек салынуда ғана емсе, сонымен бірге оны пайдаланғанда да үнемді болу тиіс.
9 Өртке төзімділігі. Отқа төзімділік шегі деп құрылымды отқа сынау мерзімінің басынан бастап, сол құрылымның жанған бетінде температура 140ºС жеткенге дейінгі немесе уақыт мерзімін айтады.
4.2 Іргетас және цоколь
Іргетастар - жүктемелерді ғимараттан грунтқа (топыраққа) түсіретін жерасты конструкциялары. Іргетастар ғимараттың негізгі құрылымдық бөлшегінің бірі болып табылады. Олар ғимараттан және басқа да әсерлерден пайда болған жүктемелерді қабылдап астындағы негіздерге береді. Іргетастың ғимарат қабырғасы жататын жоғарғы жазықтығын іргетастың шегі деп, ал негізге тірелетін жазықтығын табаны деп атайды. Іргетастың жіктелуі:
1 Материалы бойынша:
а) шойтастан;
б) шойтасты бетоннан;
в) бетоннан;
г) темірбетоннан;
д) кірпіштен;
с) ағаштан
2 Жасалуы бойынша:
а) құймалы;
б) құрастырмалы;
в) майда бөлшектерден.
3 Құрылымы бойынша:
а) таспалы (ленталы);
б) діңгекті;
в) қада тәріздес;
г) біртұтас құймалы.
4 Беріктігі бойынша:
а) қаттылар - іргетас материалдары тек сығылысқа қызмет етеді;
б) иілімді - іргетас материалдары сығылумен қатар, иілімге де қызмет атқарады.
5 Орналасу тереңдігіне байланысты:
а) таяз орналасқан - іргетас табаны 6 метрге дейін;
б) терең орналасқан - іргетас табаны 6 метрден терең.
Қойылатын талаптар:
- мықтылық;
- орнықтылық;
- жасалу қарапайымдылығы;
- индустриялдылығы;
- ұзақ мерзімділігі;
- ылғалға төзімділігі;
- жер суымен жуылып кетпеуі;
- үнемділігі.
Биіктігі бойынша тегістелген жер беті деңгейінен іргетастың табан деңгейіне дейінгі қашықтықты іргетастың тереңдік орналасу деңгейі (ІТОД) деп атайды.
ІТОД - нің шамасы төменде көрсетілген жағдайларға байланысты:
1 жоғарыдан әсер ететін жүктемелер шамасына;
2 негіз болатын топырақтың түріне, құрылымына, ылғалдылығына;
3 топырақтың нормативтік қату деңгейіне;
4 жер суы деңгейіне;
5 жер асты инженерлік коммуникациялардың болуына, олардың жер бетінен орналасу деңгейіне;
6 жер асты қабаттарының болуы;
7 егер ғимарат бұрынғы ғимаратқа жанаса салынатын болса, онда бұрынғы ғимараттың іргетасы деңгейіне;
8 іргетастың орналасу жеріне (сыртқы және ішкі қабырғалар астында).
Егер іргетас астындағы негіз ұсақ түйірлі немесе шаңды құмнан, саздық, саз топырақтардан тұратын болса, онда іргетас табанын топырақтың есепті қату деңгейінен жоғары салуға болмайды.
Егер ғимарат жылытылатын болса, онда ішкі қабырғалар астындағы іргетастардың тереңдік орналасу деңгейі топырақтың есепті қату деңгейіне байланысты болмайды, тек жер бетінен 0,5 метрден кем болмаса болғаны.
1-сурет. Құймалы және құрастырмалы іргетастар.
Өзіміздің алып отырған іргетас туралы айтатын болсақ, олар жасалуы бойынша таспалы іргетастар құймалы және құрастырмалы болады.
Құймалы іргетастар шойтасты, шойтасты бетонды, бетонды және темірбетонды болады.
Құймалы шойтасты бетон және темірбетон іргетастарды жасауда қалыпты орнатуды керек етеді.
Шойтасты бетон В5 классты бетоннан және жеке шойтастардан тұрады. Шойтастар бетонды үнемдеу үшін алынады. Жеке шойтастардың өлшемдері іргетас енінің 13 - нен артық болмауы тиіс.
Құймалы шойтасты бетонды іргетастар қазіргі индустриялды құрылыстың талаптарына сай келмейді, олардың жұмыстарын механикаландыру қиынға түседі. Жасалуы бойынша шойтасты және шойтасты бетоннан тұрғызылған. Бұл іргетастардың еңбек сыйымдылығы әлдеқайда биік, сондықтан шойтас жергілікті материал болып есептелетін аудандарда қолданылады.
Әлдеқайда тиемді болып есептелінетіні - алдын ала зауыттарда дайындалып шығарылған бөлшектердер тұрғызылатын бетонды және темірбетонды іргетастар. Оларды орнатқанда құрылыста еңбек шығыны екі есе кемиді. Оларды қыс мезгілінде де қыздырмай-ақ жасай беруге болады.
Қабырға астындағы құрастырмалы таспалы іргетастар темірбетон жастықтарынан және қабырға аралық іргетас блоктарынан тұрады. Негіз құм топырақ болғанда темірбетон жастықтары бірден сол негізге немесе қалыңдығы 100 - 150 мм болатын құм дайындамасынан орнатылады. Негіз тиянақты түрде нығыздалуы тиіс. Іргетас бетон блоктары қалыңдығы 20 мм болатын цементті - құм ерітіндісінен тік жіктері байланыстырылып қойылады. Блоктар арасында пайда болған құдықшалар ұқыпты түрде ерітіндімен толықтырылады.
Үлкен еңісті учаскілерде ғимаратты тұрғызғанда іргетастардың биіктігі бойынша сатылы түрде жасайды. Текше биіктігі 0,5 м - ден артық емес, ал ұзындығы 1,0 м - ден кем емес етіп жасайды.
4.3 Қабырға
Ғимараттың қабырғалары қоршаған ортаның әсерінен қоршауға және қорғауға арналған және жоғары жатқан конструкцияларды, іргедегі аражабындар және жамылғылардан жүктемені іргетасқа береді.
Ғимараттың қабырғаларын тұрғызуда жіктердің көлденең және тік таңғышымен қолмен қалау қолданылады. Сыртқы және ішкі қабырғаларды қалау үшін шылқыған силикат кірпішті қолданады.
Кірпіш - жасанды құрылыс материалы. Оны саз және кремнезем жынысынан, өнеркәсіп қалдықтарынан күйдіру (сазды) немесе автоклавта булау (силикатты) арқылы алады.
Силикаттық кірпіш - ең көп таралған силикаттық бұйымдар түрі. Оның құрамы 92 - 94% таза кварцтық құмнан, 6 - 8% ауалық әктен және 7 - 9% судан тұратын әктілі - құмдық араластан барабандық немесе силостық тәсілмен жасап шығарады. Силикаттық кірпішті барабандық тәсілмен өндіру алты технологиялық негізгі операциялардан тұрады:
1 құм мен әк табиғи тасын шығару;
2 әкті күйдіру;
3 шаралық диірменде күйдірілген қайнама әк тасын ұнтақтау;
4 әктілі - кұмдық араласпаны даярлау;
5 кірпішті пресстеп қалыптау;
6 кірпішті - шикіні автоклавта булау.
Силикаттық кірпішті қалыптарда пресс қысымдылығын 15 - 20 МПа дейін жеткізеді. Әрбір автоклав бірден 12 - 13 мың кірпіш сыйдырады. Буландыру процесі жоғарыда аталған сатыда жүргізіліп 10 - 14 сағатқа созылады. Кірпіштерді автоклавтан шығарылғаннан кейін қоймаға қатарлап жинайды немесе вагондарға және автомашиналарға тиеп тұтынушыларына жөнелтіледі.
Силикаттық кірпіш қысқандагы мықтылық шегі бойынша жеті маркада шығарылады: М300, М250, М200, М150, М125, М100 және М75.
Аязтұрақтылығы бойынша: F50, F35, F25, F15.
Сыртқы қабырғаға қойылатын талап әр түрлі. Ең бастысына:
1 қосымша шығынсыз бөлмеде қалыпты температулық - ылғалдылық тәртібін сақтау;
2 технологиялық процеске және жұмыс шартына ыңғайлы жағдай қалыптастыру;
3 статикалық және динамикалық жүктемелердің әсерінен беріктік және төзімділік қасиетін сақтау (конструкцияның салмағы, желдің күшеюі, температуралық және вибрациялық әсерлер);
4 өртке төзімділік;
5 ұзақ мерзімділік;
6 олардың дәрежесі ғимараттың капиталдығына байланысты;
7 пайдалану кезіндегі сенімділік;
8 тұрғызудың индустриялдығы;
9 элементтерді тасымалдаудың, монтаж және жөндеу ыңғайлылығы;
10 қоғамдық - эстетикалық талаптарға сәйкестігі;
11 үнемділік;
12 салмақты құрылыс материалдарын қолдану.
1-сурет. Сыртқы қабырға.
Қабырғаға материал таңдау көп жағдайда бөлменің температуралық - ылғалдылық жағдайына және құрылыс ауданының климаттық талабына байланысты. Мысалы, Қарағанды қаласының кейбір аз қабатты тұрғын үйлерде немесе коттеджді үйлерде осы факторларға және талаптарға байланысты ғимарат қабырғалары таутезекті бетон панельдерінен құралған. Мұндай қабырғалар сапаны жақсартуға, ғимарат салмағын азайтуға мүмкіндік береді. Мұндай қабырғалар металды аз талап етеді. Оның қаңқа конструкциясының ұстындар адымы 6м. Ғимараттың сыртқы қабырғаларының ішкі жағы цементті - құмды ерітіндімен, ал сыртқы жағы күрделі (құм, әк, цемент) сылақпен сыланған.
Ішкі қабырғалар және қалқа - бұл ғимараттардағы ішкі тік қоршаушы құрылымдары. Ғимараттарда ішкі қабырғалар қоршайтын және жүк көтергіш (көтеруші), қалқа - тек қана қоршайтын функцияларды орындайды.
Жобалап қойылған кірпіштен қалау түріндегі ішкі жүк көтергіш қабырғалар және қалқаның жіктермен таңылғандағы жуандығы 380 мм, қалқа 120 мм жуандықта.
Ішкі жүк көтергіш қабырғаларға аражабын арқа сүйейді және олар бөлмелерге бөледі. Қабырғалар және қалқаларды қалау үшін силикат кірпіш қолданады.
Аражабын тақталарында қалқалар төл қабаты бойынша бекітіледі.
Ішкі қабырғалар және ғимараттың қалқалары бетіне 20 мм жуандықта сылақтың қабаты жағылады.
Осы қабырғалар және қалқалардың конструкциялары беріктік, орнықтылық, отқа шыдамдылық, дыбыстан қоршаушы нормативтік талаптарын қанағаттандырады.
4.4 Едендер
Бұл конструкциялар механикалық әсерге үнемі ұшырайтын жабулар. Қабат аралық аражабындар бойынша едендер дыбыс оқшаулайтын қасиеттерге ие болуы керек. Санитарлық торапта және етекті бойлар бөлмесінде жабулар керамикалық тақташадан орындалады.
Жалпы еденнің аталуы оның жабылмасының қандай материалдан жасалуына байланысты болады.
Едендерді жабын үстіне немесе тура топырақ бетіне жасайды. Жабынның көтергіш бөлшектері немесе топырақ еден астындағы негіз рөлін атқарады. Топырақ үстіне таза еденді материалы мен қалыңдығы еден түріне және жүктеме сипатына байланысты болатын дайындама (төсеніш) қабаты үстіне жасайды. Дайындама қабаты үстіне бетоннан, цементті - құм ерітіндісінен, асфальттан, гипс бетоннан тегістегіш қабаты орналасады. Тегістегіш қабаты еден жабынына керекті еңкіс жасау үшін де қажет.
Осылармен қатар, еден құрылымына дыбыс өткізбеу, жылу оқшаулағыш, ылғал өткізбеу қабаттары да енгізілуі мүмкін.
Едендер баспанаға қабырғаларға тұтасады. Бөлменің барлық периметрі бойынша сынғыш жердің аралығында саңылаулар болмау және қабырға үшін ағаш ірге бастырғылар тұтқалайды. Етек бетпен керамикалық тақташа қызмет көрсететіні баспанаға модалы керамикалық тақташадан ірге бастырғыны қолданылады.
Арқалық жабынның үнемділік шешімдері еден құрылымына байланысты, өйткені, олардың құны көтергіш жабын құрылымының 50 - ден 100% - ға дейінгі бөлігін қамтиды.
Ғимараттың арналуына және бөлмеде өтетін функционалдық процестің сипатына байланысты едендерге төмендегідей талаптар қойылады: мықтылық; жылу ұстамдылығы; дыбыс өткізбеу; сәнді - сәулеттілігі; ылғал мен суға төзімділігі; оңай тазаланғыштығы; ұзақ мерзімділігі; аз қажалғыштығы; тайғақсыздығы; үнемділігі.
Едендердің жіктелуі:
1 Жасалуы бойынша:
а) тұтас құймалы;
б) дана материалдардан;
в) орамалы материалдардан.
2 Жылу ұстамдылығы бойынша:
а) жылы едендер;
б) суық едендер.
3 Жасалатын орны бойынша:
а) топырақ үстінде;
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz