Ұлыбритания, АҚШ, кеңес одағының мемлекет басшыларының тегеран конференциясы


МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 2І-ТАРАУ. ҰЛЫБРИТАНИЯ, АҚШ, КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ТЕГЕРАН КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

1. 1. 1939-1942 жж. әскери қимылдар. Гитлерге қарсы одақтың құрылуы . . . 6

1. 2. КСРО, Құрама Штаттары мен Ұлыбританияның 1943 ж. Мәскеу конференциясы . . . 17

1. 3. Ұлыбритания, АҚШ, Кеңес Одағының мемлекет басшыларының Тегеран конференциясы . . . 24

ІІ-ТАРАУ. КСРО, АҚШ ЖӘНЕ ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ҚЫРЫМ (ЯЛТА) КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

2. 1. 1944 ж. екінші Квебек конференциясы . . . 30

2. 2. КСРО, АҚШ және Ұлыбританияның мемлекет басшыларының Қырым (Ялта) конференциясы . . . 33

ІІІ - ТАРАУ. БЕРЛИН (ПОТСДАМ) КОНФЕРЕНЦИЯСЫ. СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛЕРІНІҢ КЕҢЕСІНІҢ (СІМК) ҚҰРЫЛУЫ

3. 1. Потсдам конференциясы. Сыртқы Істер Министрлерінің Кеңесінің (СІМК) құрылуы . . . 46

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 58

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТКЕ СІЛТЕУЛЕР . . . 60

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 62

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі .

Адамзаттың дипломатиялық тарихында халықаралық конферен-циялардың алатын орны зор. Баршаға мәлім ең алғашқы бұндай халықаралық конференцияның Еуропадағы Наполеон жорықтары аяқталғаннан кейін 1815 Вена қаласында өткені. Ол тарихқа Вена конгресі деген атақпен кірді. Бірінші дүниежүзілік соғысы аяқталғаннан кейін Версаль-Вашингтон халықаралық жұйесін құрған атақты Париж бейбіт конференциясы өтті. Екінші дүниежүзілік соғыс барысында фашизмді жеңуге септігін тигізген, соғыстан кейінгі халықаралық тәртіпті орнатқан, адамзаттың келешек өмір сүруі мен дамуына зор ықпал тигізген Гитлерге қарсы құрылған коалицияның 3 конференциясы өтті. Ол Тегеран, Қырым, Потсдам конференциялары. Биылғы жылы бүкіл әлем адамзатқа зор қасірет пен қайғы әкелген, мыңдаған адамдардың жанын алып кеткен Екінші дүниежүзілік соғыс-тың аяқталуының 63 жылдығын және Кеңес үкіметінің фашизмді талқандауының 61 жылдығын салтанатты түрде атап өткен жағдайда бұл оқиғаларды қайтадан еске түсіріп зерттеу өте қажетті де өзекті.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі 1945-1991 жж. баяғы одақтастар арасында болған "қырғи - қабақ соғысы" барысында, Гитлерге қарсы құрылған коалицияның тарихы, жоғарыда аталған конференциялардың тарихы, олардың нәтижелері Кеңес одағында да, Батыс елдерінде де тенденциясында зерттелді. Сондықтан бұл кеңестік тарихнамада ең бұрмаланған тақырып болды.

Әлемдік социалистік жүйе күйреп, Кеңес Одағы ыдырып, оның құрамында болған мемлекеттер тәуелсіздікпен, егемендікке қолы жеткен жағдайда, имперлық диктаторлықтан арылған Қазақстан Республикасының жас тарихшылары көптеген мәселелерді қайтадан қарап, бағалауы керек. Сондықтан мен тарихи шындықты жаңғыртып, Екінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жетуге зор ықпалын тигізіген адамзаттың келешек дамуына зор әсерін тигізген Тегеран, Қырым, Потсдам конференцияларының тарихын зерттеуді өзімнің азаматтық борышым деп есептедім.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі тарихи ой жүйесіндегі өзгерістер негізінде зерттеу жұмысының өзектілігі мен қажеттілігін айқындай отырып, 1945-1991 жж. кеңестік тарихнамада, 1991 -2005 ж. ресейлік және отандық тарихнамада жарық көрген, бұл мәселеге арналған деректер мен арнайы зерттеулер негізінде, 1943-1945 жж. өткен Тегеран, Қырым, Потсдам конференцияларының шақырылу тарихын олардың қызметін, негізгі шешімдерін және адамзаттың тарихындағы алатын орнын көрсетуді мақсат етік. Бұл күрделі де жауапты мақсаттарға жету үшін төмендегідей нақты міндеттер айқындалды:

-1941 ж. бастап Гитлерге қарсы одақтың құрылуын, оның мақсаттарын сипаттау;

  • КСРО, Құрама Штаттары мен Ұлыбританияның 1943 ж. Мәскеу конференциясының маңызын ашу;
  • Ұлыбритания, АҚШ, Кеңес Одағының мемлекет басшыларының Тегеран конференциясының дайындалу тарихын, жұмыс барысын, күн тәртібіндегі қаралған маңызды мәселелердің талдануын, олар бойынша жүрген дискуссияларды көрсету және қабылданған шешімдерді талдау;
  • КСРО, АҚШ және Ұлыбританияның мемлекет басшыларының Қырым (Ялта) конференциясының негізгі шешімдерін көрсету;

- 1944 ж. екінші Квебек конференциясының Екінші дүниежүзілік соғыстағы алған орнын көрсету;

- 1945 ж. Потсдам конференциясының, әсіресе Германияға қатысты, және сонымен қатар бөтен де халықаралық мәселелерді шешуін көрсету;

- Екінші дүнижүзілік соғыс барысындағы Тегеран, Қырым, Потсдам конференцияларының тарихи маңызын көрсету.

Зерттеудің хронологиялық шеңбері 2 жылдан астам - 1944 -1945 жж. негізгі мақсаты - фашизмді күйрету үшін шақырылған Тегеран, Қырым, Потсдам конференцияларының тарихын қамтиды

Зерттеудің деректік және тарихнамалық негізі болған 1945-1991 жж. кеңестік тарихнамада, 1991 - 2005 ж. ресейлік және отандық тарихнамада жарық көрген, бұл мәселеге арналған деректер мен арнайы зерттеулер және мерзімді басылымдағы жарық көрген материалдар.

Бұл жұмысты жазуға негіз болған мынадай деректер:

  1. Бұл мәселеге қатысты жарық көрген "Важнейшие рөшения", 2 томдық "Переписка Председателя Совета Министров СССР с Президентами США и премьер-министрами Великобритании во время Великой Отечественной войны 1941-1945 гг. ", "Сборник действующих договоров, соглашений и конвенции, заключенных СССР с иностранными государствами», «Тегеран. Ялта. Потсдам: Сборник документов» деген құжаттар жинақтары мен «Қазіргі заман тарихы» бойынша хрестоматия.
  2. Сонымен қатар мен дерек ретінде бұл соғыс туралы жазған атақты саясатшылар мен әскөри адамдардың естеліктерін алдым. Мысалы Екінші дүниежүзілік соғыс барысындағы Ұлыбританияның премьер- министрі болған У. Черчилльдің "Вторая мировая война" деген 2 томдық естелігі мен фашистік Германияның 1933-1945 жж. Тұрғылықты әскерлерінің колбасшысы Б. Мюллер-Гиллебрандттың «Сухопутная армия Германии. 1933-1945 гг. " дөген мемуары.

Дипломдық жұмыста жоспарланған мәселелерді мен мынадай арнайы зерттеулер негізінде қарастырдым:

  1. 1945-1991 ж. кеңестік тарихнамада жарық көрген С. Л. Агаевтың "Иран между прошлым и будущим. События, люди, идеи", В. Л. Исраэлянның "Дипломатия в годы войны", В. С. Ковальдің "Политика и стратегия США во второй мировой войне", А. М. Самсоновтың "Вторая мировая война", В. Г. Трухановскийдің «Внешняя политика Англии в период второй мировой войны (1939-1945) », Н. Н. Яковлевтің "От Перл-Харбора до капитуляции" деген монографияларына негізделдім.
  2. Кеңестік кезеңде және қазіргі Ресей Федерациясында жарияланған мынадай зерттеулер жинақтары: "Внешняя политика Советского Союза в период Отечественной войны", "Всемирная история: Вторая мировая война / Под ред. А. Н. Бадак, И. Е. Войнич, Н. М. Волчек и др. ", "Исторой Второй мировой войны /Под ред. А. Н. Бадак, И. Е. Войнич, Н. М. Волчек и др. ", "Вторая мировая война: Дискуссии. Основные тенденции. Результаты исследовании. /По ред. В. Михалки. ", "История войны на Тихом океане. Т. 1У. "Мировое хозяйство и мировая политика", "Союзники в войне 1941-1945 гг. ".
  3. Ресей Федерациясында 2000 ж. жарық көрген Е. Ю. Сергеевтің өте құнды "Новейшая история. Подробности 1941-1945гг. " деген материалдар жинағы.
  1. Бұл мәселені зерттеуге арналған шетелдік зерттеушілердің орыс тіліне аударылған еңбеқтері: Дж. Эрманнның "Большая стратегия. Август 1943-сентябрь 1944", Ф. Шерманның "Война на Тихом океане".
  2. Мерзімді басылымдар: "Правда", "Известия" газеттері, "Новая и новейшая история" журналы.

Зерттеу жумысының құрылымы. Жұмыс кіріспе, қорытынды, пайдаланған әдебиеттөр тізімі мен 5 параграфқа бөлінген ІІІ тараудан тұратын негізгі бөлімнен тұрады.

І-ші тарауда "Ұлыбритания, АҚШ, Кеңес Одағының мемлекет басшыларының Тегеран конференциясының" тарихы зерттелген. ІІ -ші тарауда "КСРО, АҚШ және Ұлыбританияның мемлекет басшыларының Қырым (Ялта) конференциясы" сипатталған. ІІІ - ші тарауда "Берлин (Потсдам) конфөренциясының" тарихи маңызы ашылып, онда құрылған біріккен Сыртқы Істер Министрлерінің Кеңесінің соғыстан кейінгі Германияға, оның саттёлиттері мен азат етілген Еуропаға қатысты мәселелерді шешуі көрсетілген.

І - ТАРАУ. ҰЛЫБРИТАНИЯ, АҚШ, КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ТЕГЕРАН КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

1. 1. 1939-1942 жж. әскери қимылдар. Гитлерге қарсы одақтың құрылуы.

1939 ж. 1 қыркүйекте фашистік Германияның Польшаға соғыс жариялауымен Екінші дүниежүзілік соғыс басталды. 2 қыркүйекте Польша мемлекетінің өмір сүруіне кепілдік берген Ұлыбритания мен Франция Германияға соғыс жариялады. Немістер екі майданға соғысуға мәжбүр болды - Батыс майданында олар Ұлыбритания мен Франциямен соғысты, Шығыс майданда Польшамен.

Өздерінің "блицкриг" ("қауірт соғыс") жоспарларына сәйкес немістер Батыста шамалы әскерлгерін ғана тастап, негізгі күштерін Польшаға төкті. Фашистер әскер саны және техника бойынша Польшадан біраз асып түсті. Поляк әскерлерінің қатты қарсылығына қарамастан, немістер Польшаның территориясына тереңдей түсті. 16 қыркүйекте поляк үкіметі Лондонға эмиграцияға кетті. Қыркүйек айының соңында барлық поляк жерлерін немістер басып алды. Гитлер басып алған поляк жерлерінде неміс наместнигі басқаратын генерал-губернаторство құрып қойды [1, 24. ] . Бұл уақытқа дейін Польша мемлекетінің құрамында болған Батыс Украина мен Батыс Белоруссия жерлерін поляк үкіметі Лондонға қашып кеткеннен кейін, кеңес әскерлері басып алды және олар КСРО-ң құрамына қосылды [2, 58. ] . Бұл уақытта Батыс майданда тарихқа "оғаш соғысы" деген атпен кірген оқиғалар жүріп жатты. Ұлыбритания мен Франция немістерге соғыс жариялағанымен бұл жерлерде белсенді әскери қимылдар жүргізілмеді [3, 28. ] .

1939 ж. қараша айында Еуропаның солтүстігінде тағы да соғыс басталды. Кеңес үкіметі көршілес Финляндиямен шекаралық мәселелерді келіссөздер арқылы шеше алмағандықтан енді оны күшпен шешуге кірісті. 1939 ж. 30 қарашада КСРО Финляндияға соғыс жариялап оған қарсы әскери қимылдарды бастады. Бұл соғыс Кеңес Одағы үшін өте қиын түсті. Кеңес әскерлері көп шығынға ұшырады, майдандарда жеңіске жете алмады. Бұл соғысқа байланысты оның халықаралық беделі түсіп кетті. Оны Ұлттар Лигасынан шығарып тастады. Бұл оқиғаны пайдаланып Батыс мемлекеттері КСРО-ға қарсы біріккен майдан құру үшін ат салыса бастады. Бірақта 1940 ж. науырыз айында көптеген адам шығынының нәтижесінде КСРО бұл соғыста жеңіске жетіп, өзінің Финляндиямен шекарасын Ленинградтан, Мурманскіден және Мурманск темір жолынан әжептәуір аластатты [4, 58. ]

1940 ж. сәуір айында Лондон мен Париж күтпеген уақытта Гитлер өз тарапынан Батыстағы "оғаш соғысты" аяқтады. 9 сәуірдө 1 күннің ішінде ол Данияны басып алып Норвегияға десант түсірді. Гитлердің бұл әрекеттері Ұлыбритания мен Франциядағы Гитлерді "жайластыру" керек, оның экспансиясын КСРО-ға итермелеу керек деген бағытты үстанған саясатшылардың опық жегенін көрсетті. Ұлыбританияда бұл саясатты үстанған Дж. Чемберлен басқарған ағылшын үкіметі отставқаға жіберілді. Енді Ұлыбритания үкіметін басқаруға нацистік Германиямен батыл соғыс жүргізу бағытын қолдаған, XX ғ. ірі саясатшыларының бірі Уинстон Черчилль келді [5, 28. ]

Бірақта бұл кеш болды, себебі Гитлер Батыс майданда шабуылға шығу үшін дайындықты жасап үлгерген еді. 10 мамырда 1940 ж. немістер француздер неміс-француз шекарасында жасап қойған "Мажино қорғаныс шебін" айналып өтіп Бельгия мен Голандияны басып алып Солтүстік Францияға ұмтылды. Дюнкерк деген жердің маңайында 400 -мыңдық ағылшын-француз әскерлері немістердің қоршауында қалды. Тек көптеген адам шығындарынан кейін бұл ағылшын-француз әскери тобының қалдығын Ұлыбританияға эвакуациялауға мүмкіндік туды [5, 32. ] . Немістер адымдап астана - Парижге жақындап қалды. 1940 ж. 10 мамырында француз үкіметі астанадан қашып Бордо қаласына көшеді. Олар қашып кеткеннен кейін Францияның үкімет басына маршал Петен келеді. Билік басына келе сала ол Гитлерге тізе бүгіп бейбіт келісім жасауды өтінеді. Сөйтіп Фрнцияның коллаборационистік сатқын үкіметі Францияның немістерден жеңілгенін мойындады [6, 120. ] .

Германия мен Франция арасында жасалған келісім шарт бойынша, немістер Парижбен қатар Францияның 2/3 территориясын басып алды. Францияның оңтүстік бөлігі формалдық түрде тәуелсізідігін сақтап қалды. Виши деген кішкентай курорттық қала Гитлермен тығыз байланыста болған сатқын маршал Петен басқарған коллаборационистік француз үкіметінің резиденциясы болып жарияланды. Неліктен Гитлер Францияның жерлерін толық басып алмай, оның шектелген егемендігін сақтап қалды? Бұл іс-әрекеттерімен Гитлер мынандай мақсаттарды көздеген еді. Біріншіден, бұл әрекеттері арқылы ол орасан зор француздардың отарлық империясы мен қуатты француз флотын өзінің қол астында сақтап қалды. Егерде ол Францияның толық тәуелсізідігін жойса француз моряктары мен әскерлері Ұлыбританияға кетіп қалар еді және бүны сылтаулап Ұлыбритания француз отарларын өз қолына қағып алар өді. Ал Гитлердің бұл әрекеттерінен кейін, марионеттік француз үкімөтінің басшысы маршал Петен барлық француз моряктары мен Францияның отарларында орналасқан әскерлерге Ұлыбританияға кетуге қатаң түрде тиым салды. Екіншіден, формалдық түрде тәуелсіз Францияның сақталуы, бұл жерде өрістеп келе жатқан Қарсыласу қозғалысына тежеу болды, ал бул Ла-Манштан өтіп Ұлыбританияны жаулап алуға дайындалып жатқан Гитлерге бұл кезде өте пайдалы еді [6, 125] .

Қысқа мерзімде Францияның немістердің алдында тізе бүгуі АҚШ-н қатты үрейлендіріп жіберді. Енді АҚШ-ның оқшаулану саясатын қолдайтындардың саны азайды. "Еуропа істерінің бізге қатысы жоқ" деушілердің үні өшті. Американ президенті Ф. Д. Рузвельт Көне әлемде, яғни Еуропада әскери қимылдар басталғаннан кейін, американ үкіметі осы уақытқа дейін ұстанған оқшаулану саясатынан бас тартып, Ұлыбританияға көмек көрсете бастады. Ең бірінші болып ол Ұлыбританияға АҚШ-нан қару-жарақ пен стратегиялық шикі заттарды сатып алып ағылшын кемелерімен тасуға рұқсат берді. Американ тарихында алғашқы рет президенттікке 3 рет 1940 ж. қараша айында сайланғаннан кейін, ол АҚШ-ң Еуропа істеріне қатысты бейтараптық жариялаған заңды жою үшін күресе бастады. 1941 ж. қантар айында ол американ Конгресіне ленд-лиз туралы заңды үсынып, кескілескен саяси күрестен кейін оны қабылдатты. Ленд-лиз заңы дегеніміз - АҚШ-ның үкіметінің фашисттік агрессияға душар болған елдерге қарызға қару-жарақ және бөтен де оларға қажетті құралдарды беру. Бұл заң қабылданғаннан кейін бұл уақытқа таман финанстары таусылған Ұлыбритания Америкадан тегін қару-жарақ, азық-түлік және т. б. өзіне қажетті зттарды ала бастады [7, 45. ] .

Ал бұл уақытта соғыс өрістей түсіп, өзінің орбитасына көптеген жаңа елдер мен территорияларды қосып ала бастады. 1940 ж. жазында, Ұлыбританияның Британ аралдарына немістердің шабуылын қайтаруға дайындалуын пайдаланып, итальян әскерлері Британдық Сомалиді басып алу әрекетін жасайды, бірақта жеңіліп қалады. 1940 ж. қыркүйегінде олар Египет пен Суэц каналын басып алу әрекетін жасайды, бірақта ол да сәтсіздікпен аяқталады. 1940 ж. қазан айында, Итальян империясын құру туралы үмітін үзбеген Б. Муссолини Грецияны басып алу әрекетін жасайды, бірақта бұл жерде де сәтсіздікке ұшырайды. Одақтасына көмектесу үшін Гитлер Солтүстік Африкаға Роммельдің танктік корпусын жібереді және де Балқан жартылай аралын жаулап алуға дайындала бастайды. Мұнымен қатар Гитлер одақтастарының басын қосу үшін дипломтиялық әрекеттер де жасайды. 1940 ж. 27 қыркүйегінде Германия, Жапония, Италия әлемді өз үлестеріне бөліп алу туралы Үштік пактқа қол қояды. Кейінірек ол пактке Венгрия, Румыния және Венгрия қосылады [8, 84. ] .

Соғыс қимылдары Қиыр Шығысқа да таралды. Негізіннен әскери қиылдар Қытай жерінде жүрді. Жапон элитасы арасында оңтүстік бағытта экспансия жүргізу керектігі туралы айтқан ханзада Каноэның ықпалы күшейе түсті. Өзінің бұл үсынысын ол мынадай фактілермен дәлелдеді: Франция мен Голландия немістерден жеңіліп қалды, сондықтан олардың Оңтүстік-Шығыстағы отарлық иеліктері иесіз қалды, Британия немістермен соғысып жатып - Бирма, Малайя, Сингапурге көз тігуден қалды, сондықтан біз оларғ ие болуымыз керек. Оларды жаулап алғаннан кейін Жапонияға Үндістан мен Австралияға жол ашылады [9, 48. ]

1940 ж. КСРО 1917 ж. революция барысында айрылып қалған жерлерін: 1918 ж. Румыния тартып алған Прибалтика мен Бессарбияны өзіне қайтадан қосып алды. 1941 ж. Югославия әскери жанжалдыңортасында қалады. Грецияға шабуыл дайындау барысында, Гитлер Балқан жартылай аралындағы ең ірі мемлекет-Югославияда бекінуді көздей бастайды. Гитлердің қысымымен Югославия Үштік пактке қосылады. Бірақта бұл оқиға елде халық наразылығын тудырып, үкімет отставкаға кетіп, жаңа құрылған үкімет 1941ж. 5сәуірде КСРО-мен достық туралы пакт жасасады, Бұған жауап ретінде сәуір айының аяғында Германия Греция мен Югославияны жаулап алады [10, 44. ] .

Сөйтіп 1941 ж. ортасьша таман барлық континенталдық Еуропаның елдері, бейтараптық саясат ұстанған Швеция мен Швейцарияны санамағанда, Германияның қол астында болды (кейбіреулерін Гитлер жаулап алды, қалғандары нацистік рейхпен одақта болды. Бұл уақытта Германиямен соғысып жатқан төк Ұлыбритания ғана еді. АҚШ пен КСРО әлі соғысқа араласпаған болатын. Ағылшындардың қатты қарсылығына кездесіп, керемет бекіндірген Британ аралдарына неміс десантын түсіре алмайтынына көзі жеткен Гитлер енді КСРО-ға қарсы первентивтік соғысты ашуды ұйғарды.

1941 ж. 22 маусымында неміс әскерлері соғысты жарияламастан Баренцово теңізінің жағалауы мен Молдавияға дейінгі аралықта кеңес шекарасын бұзып екініші Шығыс майданда әскери қимылдарды бастады. Бұл оқиғалармен кеңес халқының Ұлы Отан соғысы басталды. Гитлер КСРО-ны 8-10 аптада жеңуді жоспарлаған болатын. Басында Кеңес Одағының басшыларының жібөрген қателіктерінің нәтижесінде кеңес әскерлері сасып қалды. Шекарадағы көптеген әскери бөлімшелер басшылықсыз қалып немстердің қолына түсті, көбісі қырылып қалды. Немістердің өте жылдам Мәскеуге қарай жылжығанына қарамастан, Гитлердің "қауірт соғыс" "Барбаросса жоспары" жүзеге аспай қалды. Кеңес әскерлері табандылықпен барлық Шығыс майданда немістерге қарсылық көрсетті. Бірақта стрататегиялық иницитива бұл уақытта немістердің қолында болды. 1941 ж. шілде айының ортасына таман немістер Прибалтиканы, Белоруссияны, Молдавияны, Украинаның көп бөлігін басып алып Киевке, Ленинградқа және Смоленскіге қауіп төндірді. Бірақта олардың негізгі мақсаты болған - Мәскеуді алу еді [11, 215. ] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Іі Дүниежүзілік соғыс жылдарындағы үш бірдей конференциялардың негізгі тақырыбына айналған Германия (неміс) мәселесіне сараптамалық шолу жасап, толыққанды талдап беру
Халықаралық конференцияларының шақырылуының алғышарттары
Ұлы отан соғысы (1941-1945 жж.)
Антигитлерлік коалициясының құрылуы және екінші майдан мәселесі
Үш держава қолбасшыларының конференциясы
Неміс мәселесіне қатысты АҚШ және Ұлыбританияның ұстанымы
Екінші дүниежүзілік соғыс туралы
Потсдам конференциясында
Конференцияда көтерілген Германия мәселесі
Потсдам конференциясының ашылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz