Саңырауқұлақтар туралы


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Климаттық жағдайлардың қолайсыздығынан туатын аурулар

2. 2. Су мен ылғал мөлшері, ауа мен топырақ ылғалдылығы

2. 3. Жарық пен температураның әсері

2. 4. Жел және бұршақ, жауын-шашынның көп түсуі

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе

Саңырауқұлақтар аэробты организмдер. Сондықтан олар қоректік заттардың бетінде колония құрып тіршілік етеді.

Сыртқы орта жағдайларына саңырауқұлақтар төзімді организмдер. Тәменгі температура, түздың едәуір концентрациясы және ортаның қышқылдығы аса әсер ете қоймайды. Сондықтан саңырауқұлақтар іс жүзінде барлық жерлердекездеседі.

Саңырауқұлақтардың құрылысы. Саңырауқұлақтардың денесі өте нәзік жіпшелерден, яғни гифтерден тұрады. Бұл гифтердің өз ара шатасып орналасуынан барып мицелий пайда болады. Кейбір саңырауқұлақтардың денесі жіптерден құралмайды. Мұндай саңырауқұлақтардың басым көпшілігі өсімдіктер ауруын қоздырады. Мәселен, бұларға картоптың рак ауруын қоздыратын сақырауқұ-лақтар жатады. Саңырауқұлақтар бір клеткалы және көп клеткалы болып бөлінеді. Бір клеткалы саңырауқұлақтың бұтақталған мице-лийі бір ғана клеткадан тұрады, ал көп клеткалы саңырауқұлақтардың гифінде аралық перделер болады.

Жалпы саңырауқұлақтар клеткаларының құрылысы басқа организмдердің клеткаларының құрылысына ұқсас. Клеткалары сыртқы қабықтан, цитоплазмадан, бір немесе бірнеше ядродан тұрады. Қабық құрамында клетчатка, пектин және азот тектес заттар бар. Цитоплазмада әр түрлі заттармен бірге вакуоля да бар. Қор заттары ретінде клеткада углевод және май заттары кездеседі.

Саңырауқұлақтардың көбеюі. Саңырауқұлақтар бірнеше түрлі жолмен көбейеді. Олардың көпшілігінде көбеюге қажетті арнаулы органдар бар. Негізінен саңырауқүлақтар споралар арқылы көбейеді. Қоректік ортада кез болған споралар тез арада көбейіп, жаңадан гифтер түзеді.

Саңырауқүлақтар гифтерден үзіліп қалған бөлшектерден де көбейе алатын болса, кейбіреулері ерекше клеткалар-ойдийлер арқылы көбейеді. Ойдийлер, гифтер жеке клеткаларға бөлінгенде пайда болады және одан қоректік ортада жаңадан саңырауқүлақтар өсіп шығады. Бұл жоғары сатыдағы өсімдіктердің вегетативтік органдармен көбеюіне (мәселен, картоптың түйнекпен өсуі) үқсайды.

Негізгі бөлім

Жоғары сатыдағы саңырауқұлақтар - саңырауқұлақтың ең үлкен тобының бірі. Бұлар 3 класқа бөлінеді:

1) қалталы саңырауқұлақтар немесе аскомицеттер (Ascomycetes) - көп клеткалы мицелийлері жақсы дамыған, жыныстық көбеюі кезінде қалта (аск) түзетін саңырауқұлақтар. 30 мың түрі белгілі. Көп таралған түрі - сапрофиттер (өлексемен қоректенетіндер) . Бұлар өсімдіктер мен жануарлар организмінде паразиттік тіршілік етіп, целлюлозаны ыдыратады және әр түрлі өндіріс бұйымдарын бүлдіреді; сондай-ақ бүріспе саңырауқұлақ, трюфель, т. б. түрлері жеуге жарайды;

2) базидиялы саңырауқұлақтар немесе базидиомицеттер (Basіdіomycetes) - мицелийлері жақсы дамыған күрделі саңырауқұлақтар. Жынысты көбею кезінде - базидийдің (саңырауқұлақтың споралы мүшесі) үстінде 2 - 4-ке дейін экзогенді базиоспоралар түзіледі. Табиғатта кең тараған. 30 мыңнан астам түрі белгілі. Бұлардың арасында: өсімдіктердің паразиттері, вирус таратушылары, микоризатүзушілері (өсімдік тамырына жіпшумағымен селбесіп тіршілік ететіндер) және жеуге жарамды түрлері (қозықұйрық, қайыңқұлақ, терекқұлақ, майқұлақ, т. б. ) бар;

3) жетілмеген саңырауқұлақтар немесе дейтеромицеттер (Deuteromycetes) - қалталы және базидийлі спора тасушы органдары айқын байқалмайтын, мицелийлері жақсы дамыған саңырауқұлақтар. Бұлар жыныссыз жолмен түзілетін конидиилер арқылы, біраз түрі бүршіктену және мицелийдің жеке клеткаларға бөлінуі арқылы көбейеді. 30 мыңға жуық түрі белгілі, арасында жеміс-жидекті шірітетін, мақта мен картопта вертиллез ауруын тудыратын, адам денесінің кілегейлі қабықтары мен тері ауруын (кандидамикоз) қоздыратын түрлері бар. Кейбір түрлері (пеницилл, аспергил, т. б. ) антибиотиктер, ферменттер және органикалық қышқылдардың түзушілері (продуценттер) болып есептелінеді.

ҚАЛТАЛЫ САҢЫРАУҚҰЛАҚТАР НЕМЕСЕ АСКОМИЦЕТТЕР КЛАСЫ - Ascomycetes

Қалталы саңырауқұлақтарға 30 мыңдай түр жатады. Олардың мицелийлері субстратқа еніп жататын, бірнеше бөліктерге бөлінген (членистый) гифалардан тұрады. Субстраттың бетінде тек жыныстық көбею органдары орналасады. Қалталы саңырауқұлақтардың түрлерінің дәні (көпшілігі) сапрофиттер. Олар негізінен топырақты мекендейді де, өсімдіктердің шірінділерімен және тағамдардың қалдықтарымен қоректенеді. Сонымен бірге бұлардың бірқатары өсімдіктердің, сиректеу жануарлардың және адамның паразиттері болып келеді. Кейбіреулері өмірлік циклын паразит ретінде бастап, сапрофит ретінде аяқтайды.

Көбеюі. Жыныссыз көбеюі конидиялары арқылы жүзеге асады. Жыныстық көбеюі қарапайым түрлерінде мицелидің екі жіпшесінің (члеников) бірігіп кетуі арқылы жүреді. Зигота тыныштық кезеңін басынан өткізбей-ақ, оның диплоидты ядросы бірден мейоз жолымен, содан соң митоз арқылы бөлінеді. Нәтижесінде сегіз гаплоидты аскоспора пайда болады. Жоғарғы деңгейде жетілген қалталы саңырауқұлақтарда жыныстық көбею органдары болады: аналық жыныс органы - антеридий деп аталынады. Архикарп екі клеткадан тұрады: төменгі бүйірленген - аскогеннен және жоғарғы цилиндр тәрізді клеткадан тұрады. Осы екі органда (мүше) әдетте көп ядролы болып келеді. Антеридий трихогинаның үстіңгі ұшына жақын орналасады, оның ішіндегі заттары архикарпқа құйылады, нәтижесінде екі жыныс клеткасының цитоплазмалары қосылады. Бірақта шығу тегі әртүрлі болып келетін ядролары аскогендің (аналық) және антеридиалық (аталық) қосылмайды, олар екеу-екеуден жақындасып дикариондар түзеді. Осы жағдайдан соң аскогеннен тарамдалған аскогендік гифалар кетеді. Олардың ішіне дикариондар өтеді де бөліну арқылы көбейеді. Әрбір аскогендік гифаның ішінде бір ғана дикарион болады. Жыныстық процестің аяқталу кезеңінде аскогендік гифаның ұшы жағындағы бөлігінде дикариондардың ядролары қосылады да зигота түзеді. Зигота бірден мейоз жолымен, содан соң митоз арқылы бөлінеді. Нәтижесінде сегіз (кейде төрт) гаплоидты клеткалар - аскоспоралар пайда болады. Аскогендік гифалардың ұш жағындағы аскоспоралары бар бөліктері кеңейіп өсіп аскаларға немесе қалталарға айналады. Сонымен жоғарғы деңгейде жетілген қалталы саңырауқұлақтардың өмірлік циклында үш түрлі фаза (кезең) алмасып келіп отырады: гаплоидты (циклдың көп бөлігі), дикарионды және өте қысқа диплоидты. Қалталардың арасында барлық уақытта жыныссыз гифалар - паразиттер болады. Олар қалталарды бір-бірінен бөліп тұру үшін қажет сонымен бірге аскоспоралардың шашылуында қамтамасыз етуі мүмкін.

Дәріс №7 Аскомицеттер

Аскомицеттер (немесе қалталы саңырауқұлақтар) септирленген мицелийлері бар және жыныстық көбеюге қабілетімен ерекшеленетін саңырауқұлақ топтарын біріктіреді. Аскомицет атауы негізгі ұрықтану мүшесі болы саналатын аска немесе қалтаның болуына байланысты шыққан, онда 4 немесе 8 гаплоидты жыныстық споралар (аскоспоралар) болады. Аскомицеттерге Aspergillus, Penicillium тұқымасыныңң ұрықтанатын гиф түзу ерекшелігі қалыптасқан өкілдері жатады. Aspergillus (леечная плесень) түрлерінің ұрықтанатын ұштарында жуандау стеригма болады, онда конидия деп аталатын спора тізбегі түзіледі. Көптеген аскомицеттердің қалталарында сегіз споралар түзіледі. Аскоспоралардан басқа, қалталы саңырауқұлақтар көбеюдің басқа түрлерімен көбеюге қабілетті. Мысалы, жыныссыз көбею гиф ұштарының мүшеленуі арқылы және мицелий бөліктерінің көбеюі арқылы жүретін вегетативті көбеюді айтуға болады.

Мицелийдегі қалтаның орналасуына байланысты аскомицеттер келесідей кластарға жіктеледі: жалаңқалталы (голосумчатые), нағыз тұқымқалталылар (настоящие плодосумчатые) және жолаққалталылар (полостносумчатые) саңырауқұлақтар.

Жалаңқалталылар (голосумчатые) келесідей бөлінеді: бастапқы-қалталылар первичносумчатые - көбінесе ашытқылы сапрофит-саңырауқұлақтар, тафринді және протомицетті - мәдени және жабайы өсетін өсімдіктерде ауру қоздырғыштар.

Нағыз тұқымқалталылар (настоящие плодосумчатые) плектомицеттер, пиреномицеттер және дискомицеттер болып бөлінеді. Саңырауқұлақтардың бұл топтары тұқым денесінің типтерімен ерекшеленеді. Көптеген плектомицеттер - өсімдіктерді шірітетін зең саңырауқұлақтары, жартылайпаразиттер және сапрофиттер. Олардың арасында медицинада және техникада қолданылатын микроорганизмдер бар.

Пиреномицеттер - жоғарғы сатылы өсімдіктердің паразиті болып саналатын ұн-кеуекті (мучнисторосяных) саңырақұлақтардың үлкен тобы. Олар астық тұқымдастар мен ауыл шаруашылық дақылдарының және жеміс ағаштарының зиянкестері болып табылады. Солайша аса зор зардабын тигізеді.

Дискомицеттер саңырауқұлақтардың көптеген әр алуан тобын құрайды. Әсіресе гелоциялы, антрактоза, некроз қоздырғыштары күнбағыс, сәбіз, қарақат, жүзім сияқты дақылдарға зиянын тигізеді. Осылардың қатарына М. С. Воронин зерттеген склеротин саңырауқұлақтарын да жатқызады.

Aspergillus niger қалталы саңырауқұлақтар классына (Ascomycetes), аспергилл түріне (Aspergillaceae), Aspergillus тұқымдасына жатады. Қазіргі таңда оның 120-дан астам түрі белгілі. Осы саңырауқұлақтың денесі мицелий (грибница) түзетін түссіз гифтерден тұрады. Гифтер көлденең аралықтармен (поперечные перегородки - септы) бөлінген. Гифтердің диаметрі 3-6 мкм аралығында.

Жеңіл өсу кезінде аскомицеттерде - (конидиеносцы) түзіледі. Олар мицелийдің тірек жасушаларынан алшақтайды. ұзындықтары 2000мкм болатын гифтерге ұқсас септирленбеген болып келеді. ұштарында аралықсыз көбіршік тәрізді денешік пайда болады. Ол жерден саңырауқұлақтың басы шығады. Сол көбіршік домалана келе 400 мкм-ге дейін үлкейеді, сонан соң оның бетінен бір немесе екі ядролы жасуша - стеригмалар өсіп шығады. Стеригмалардың бос ұштарына әлдеқайда ұсақ жасушалар конидияр тізбекпен орналасады. Бұл түзіліс сырттай бақыланғанда тесіктерінен су тамшылары ағатын суқұйғышқа (лейка) ұқсайды. Аспергилланың орысша суқұйғышты саңырауқұлақ (леечный гриб) аталуы осыдан шыққан. (бірақ аспергилл терминінің тікелей аудармасы - «косматая голова»)

Конидиялар -тыныштықтағы жасушалар, құрамында аз мөлшерде суы болатын, шар немесе элипс формалы, орташа алғанда көлденең өлшемі 4 мкм болатын жасушалар. Конидияның беткі жағы - тегіс, кедір-бұдырлы немесе тікенекті, қара (niger атауының шығуы) немесе қоңыр болып келеді. Конидияның бояуы барлық конидиятасымалдағыш беттің түсін анықтайды. Әр бастағы (головка) конидия саны 10 мыңға жетеді.

Жетілген конидиялар бастардан (головка) ауа немесе су ағынымен тез ажырап кете алады. Олар сұйық ортаға тап болғанда алдымен ісініп, кейін бірмезгілде бір немесе екі гиф түзе отырып, өседі, қатты ортада аздаған сұйық өлшері болған жағдайда ісінусіз өседі. Гиф бос ұштарда бір қарағанда көрінетіндей ұзыншаланып, жан-жақтары да өсіп өзара шырмалып өсе колониялар түзеді. 16-20 сағаттан соң орталық гифтерде өсіп шығатын жекеленген гифтер пайда болады. Жетілген конидиялардың түзілуі 3-4 тәуліктен соң аяқталады.

Қарастырылған A. niger көбеюінің түрі жыныссыз деп аталады. Негізінде аспергиллалар жыныссыз да көбейе алады - тұқым денесінде түзілетін аскалар көмегімен. Дегенмен A. niger тұқым денесінің дамуы ерте стадияларда аяқталады.

Aspergillus niger-дің тіршілікке қабілеттілік шарттары

A. niger-дің тіршілікке қабілеттілігі азықтану, тыны салу, өсу процестері мен ішкі тітіркену реакциялары арқылы көрінеді. Азықтану мен тыныс алу организма үшін жнергия алу мен жасуша заттарының синтезіне қажет.

Азықтану типіне байланысты аспергиллалар органикалық қосылыстардан көміртекті сіңіретін гетеротрофтарға жатады. Суда еріген заттардың жасушаға түсуі дененің барлық беттік қабаты арқылы осмос пен диффузия жолымен жүреді де цитоплазмалық мембрана көмегімен реттеледі. Осылайша организм қоршаған ортадан өзіне қажетті азықты қабылдап алады.

Барлық тірі организмдер сияқты A. niger кәдімгі органоген болып саналатын - көміртек, азот, оттек, сутек және тағы басқа элементерді қажет етеді.

Құрамында келесі витаминдер (мкг/г) : тиамин 150; рибофлавин 70-85; пантотен қышқылы 244-727; никотинамид 120-840; фолий қышқылы 210; цианкобаламин 178 кездеседі.

Биотинді аздаған мөлшерде қоректік ортаға қосу A. niger. Өсуін жақсартады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саңырауқұлақтардың негізгі қант спиртіманнитол
Саңырауқұлақтар жайында
Микоризалы саңырауқұлақтар
Қалталы саңырауқұлақтар – ascomycetes класы
Саңырауқұлақ физиологиясы
Саңырауқұлақтардың жіктелуі
Микоздардың диагностикасы
Саңырауқұлақтар гетеротрофты организмдер
Саңырауқұлақтардың физиологиясы
Қарапайым өсімдіктер тобының топырақ қасиеттеріне әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz