Вирустар және микоплазмалар туғызатын ауылшаруашылық дақылдарының аурулары



Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Вирустар және микоплазмалар
2.2. Қиярдың вирустық аурулары
Ш. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Фитопатология(грекше phyton – өсімдік, pathos – ауру, iogos - оқыту) – өсімдік ауруы туралы ғылым, оның негізгі міндеті – фитопатогенді организмдерден ауыл шаруашылығы дақылдарының шегетін зардабын бәсеңдету жолын іздестіру. Ол ауру өсімдікті, аурудың туу себептерін және оның дамуына қоршаған орта жағдайының әсерін зерттейді.
Фитопатология пәнінің мақсаты – өсімдік пен патоген арасындағы қатынасты химиялық, молекулалық, генетикалық деңгейде зерттеп, өсімдік ауруының пайда болып, таралуын алдын ала болжау, ауруға төзімді сорттар шығару, химиялық, биологиялық, агротехникалық және басқа да әдістерді қолданып, аурулардың алдын алып, олардан келетін шығынды мейлінше төмендету.
Вирустар – адамдарда, жануарларда және өсімдіктерде инфекциялық ауруларды тудыратын, жасушалық құрылымы жоқ және тек қана тірі иелік ағзада көбейе алатын, кішкентай (субмикроскопиялық) қоздырғыштар. Өсімдіктерде паразиттелуге қабілетті шамамен 600-дей вирус түрлері бар. Вирустық аурулар дәнді және бұршақ культураларында, сонымен қатар астық және жеміс өсімдіктерінде кең таралған.
Вирустар пасленовты туысына жататын өсімдіктер түрлеріне-картоп, қызанақ, темекіге өте үлкен зиян келтіреді. Темекідегі біркелкі жапырақтардың боялмауымен сипатталатын мозайкалық ауруды зерттеу арқасында 1982 жылы вирустар ашылған болатын. Бұл жаңалықтың ашылу приоритеті орыс ғалымы Д. И. Ивановскийге тиесілі, ол сонымен қатар, вирустардың өте кішкентай мөлшерін анықтады және олардың жұқпалы (инфекциалы),көбеюге қабілеттілігін (жинақталу) және арнайы жасушаішілік қосылыстарды (қазір оларды Ивановский кристалдары деп атайды ) анықтады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Р. Д. Карбозова. К. Н. Туленгутова. Фитопатология. Алматы. 2014.
2. Карбозова Р. Д. Фитопатология. Алматы. 2002.
3. Койшибаев. М. Жанарбекова. А.Б. Жалпы фитопатология. Алматы. 2013.
4. Сағитов А. О. Джаймурзина А. А. Туленгутова К.Н. Карбозова Р. Д. Ауылшаруашылық фитопатологиясы. Алматы. 2000.
5. Мишустин Е.Н, Емцев.В.Т, Микробиология - 3- изд, перераб.и доп - М.Агропромиздат,1987-368с.ил-(Учебники и учеб.пособия для высш.учеб.заведений).

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Орман, жер ресурстары және фитосанитария факультеті
Кафедра: Өсімдік қорғау және карантин

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Вирустар және микоплазмалар туғызатын ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

Дайындаған: Кенен Данагүл
Тобы: ЗР-209
Қабылдаған: Сулейменова Г

Алматы
2016-2017 оқу жылы

Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Вирустар және микоплазмалар
2.2. Қиярдың вирустық аурулары
Ш. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Фитопатология (грекше phyton - өсімдік, pathos - ауру, iogos - оқыту) - өсімдік ауруы туралы ғылым, оның негізгі міндеті - фитопатогенді организмдерден ауыл шаруашылығы дақылдарының шегетін зардабын бәсеңдету жолын іздестіру. Ол ауру өсімдікті, аурудың туу себептерін және оның дамуына қоршаған орта жағдайының әсерін зерттейді.
Фитопатология пәнінің мақсаты - өсімдік пен патоген арасындағы қатынасты химиялық, молекулалық, генетикалық деңгейде зерттеп, өсімдік ауруының пайда болып, таралуын алдын ала болжау, ауруға төзімді сорттар шығару, химиялық, биологиялық, агротехникалық және басқа да әдістерді қолданып, аурулардың алдын алып, олардан келетін шығынды мейлінше төмендету.

Негізгі бөлім
2.1. Вирустар және микоплазмалар
Вирустар - адамдарда, жануарларда және өсімдіктерде инфекциялық ауруларды тудыратын, жасушалық құрылымы жоқ және тек қана тірі иелік ағзада көбейе алатын, кішкентай (субмикроскопиялық) қоздырғыштар. Өсімдіктерде паразиттелуге қабілетті шамамен 600-дей вирус түрлері бар. Вирустық аурулар дәнді және бұршақ культураларында, сонымен қатар астық және жеміс өсімдіктерінде кең таралған.
Вирустар пасленовты туысына жататын өсімдіктер түрлеріне - картоп, қызанақ, темекіге өте үлкен зиян келтіреді. Темекідегі біркелкі жапырақтардың боялмауымен сипатталатын мозайкалық ауруды зерттеу арқасында 1982 жылы вирустар ашылған болатын. Бұл жаңалықтың ашылу приоритеті орыс ғалымы Д. И. Ивановскийге тиесілі, ол сонымен қатар, вирустардың өте кішкентай мөлшерін анықтады және олардың жұқпалы (инфекциалы),көбеюге қабілеттілігін (жинақталу) және арнайы жасушаішілік қосылыстарды (қазір оларды Ивановский кристалдары деп атайды ) анықтады.
Ғалым өзі ашқан қоздырғыш бактериялардан да ұсақ бөліктерден тұратынын, сонымен қатар ол кристаллдар түзетінін сол кездегі микроскоп арқылы көріп дәлелдеді.
М. В. Бейерник жаңа қоздырғышты "вирус" деп атады.
У. Стэнли 1935 жылы темекінің мозаикалы вирусының құрамында белок барын, ал Ф. Боуден мен Н. Пири 1937 жылы аталған вирус 5% РНҚ және 95% белоктан тұратынын дәлелдеген. Сонымен химиялық құрамы бойынша вирустар - нуклеопротеидтер.
Вирустарды жіктеуде нуклеин қышқылының типі, оның вириондағы пайыздық құрамы менжіпшелер саны, молекуланың салыстырмалы массасы, құрылу ерешеліктері және т.б. қасиеттері негізге алынған.
Вирустар жарық микроскопы арқылы көрінбейтін көлемі өте майда; клеткалық құрылысы болмайтын, химиялық құрамы өте қарапайым белок пен нуклеин қышқылының (РНҚ немесе ДНҚ) тек біреуінен тұратын, нуклеин қышқылы паразиттің инфекцияны жұқтыруға жауапты, ал белоктың негізгі рөлі нуклеин қышқылын қорғауға негізделген; жасанды қоректік ортада өспейтін, тек ие - өсімдікте дамитын облигатты паразиттілігімен сипатталады.
Вирус латынша "virus" - "у" деген мағынаны білдіреді. Нуклеопротеид өсімдік және барлық тірі организмдердің (бір клеткалы жәндіктер мен жануарлар) клеткаларында түзіліп, олардың ауруын қоздырады. Белгілі вирустардың төрттен бір бөлігіне жақыны өсімдік ауруын қоздырады. Вирустың бір түрі бір немесе бірнеше өсімдіктерді залалдайды, ал бір өсімдікте вирустың бірнеше түрін кездестіруге болады. Қазіргі кезде вирус ауруына шалдықпайтын өсімдік жоқ.
Вирустар ауыл шаруашылығына көп зиян келтіреді. Өсімдік өнімінің шығымы мен сапасын едәуір азайтады. Мысалы, қант қызылшасының тамыржемісінің қанты 1 - 2% - ға, картоптың крахмалы 1,5 - 2% - ға дейін кемиді. Бау - бақшадағы жемістер жетілмей түсіп қалады. Күздіктердің суыққа шыдамдылығы төмендеп үсіп кетуі мүмкін. Сонымен қатар вируспен залалданған өсімдіктер әлсіреп, басқа ауруларға қарсы тұра алмайды.
Фитопатогенді вирустардың нуклеин қышқылы (РНҚ) вирус бөлігінің ортасында орналасып, оны айнала белок молекуласы қоршап тұрады. Фитопатогенді вирустардың піщіні негізінен таяқша, домалақ, цилиндр, ұзынша болып келеді (1-сурет). Вирус құрамы 5 - 40% - ға дейін нуклеин қышқылынан, ал қалғаны протеиннен (белоктан) тұрады. Ұзынша вирустарда нуклеин қышқылы аз, протеин мөлшері көп болады, ал домалақтау вирустарда нуклеин қышқылы көп, ал протеин аз болады.
Вирустардың жетілген бөліктері вириондар деп аталып, нуклеин қышқылының (РНҚ немесе ДНҚ) біреуінен тұрады. Олардың пішіні вирустарға сәйкес болады. Кейбір вириондарда липидтер де болуы мүмкін.

1 - сурет. Вирустардың пішіні
Белок молекуласында 20 - ға жуық түрлі амин қышқылдары болады. Вирустар тек қана тірі клеткада көбейеді. Өсімдік клеткасына түскенде вирус өзінің құрамдас бөліктеріне белок пен нуклеин қышқылына бөлінеді, себебі белок жамылғышы (бұрын нуклеин қышқылын сақтап тұрған) вирустың клеткаға әсеріне кедергі болады.
Жамылғысынан ажыраған вирустың нуклеин қышқылы өсімдік клеткасының ядросы мен ядрошығында, ал белок рибосомда репликациялану (өзіне ұқсас жаңа вирус бөліктерін - вириондар өндіру) арқылы көбейеді.
Жаңа құрылымдардың құрылуы үшін 10 сағаттай уақыт керек. Нәтижесінде жаңа вириондар түзіліп, өсімдік цитоплазмаында РНҚ молекулалары белокты қабықпен жабылады. Вириондар жеке - жеке немесе топтанып кристалды және аморфты (пішінсіз) екі күйде өмір сүреді. Кейде вирустар ядрода және вакуольда болуы мүмкін.
Вириондардың түзілуі үдерісінде генетикалық өзгерген формалардың пайда болуы мүмкін. Оларды вирус штаммдары деп атайды. Бұрын ауруға төзімді өсімдіктер жаңа штаммдарға төзімсіз болып, вирус ауруына шалдығады.
Көптеген фитопатогенді вирустарда жаңа штаммдар пайда болып тұрады. Олар бірінен - бірі бөлек сорттар мен түрлерді залалдау қасиетімен, аурудың сыртқы белгілерімен, физикалық, химиялық қасиетімен ажыратылады. Мысалы, темекі мозаикасын қоздыратын вирустың 200 - ден астам штаммдары белгілі, олар әртүрлі сыртқы белгі береді: некроздық штаммы өсімдіктің жоғарғы жағының некрозы мен өсімдіктің қурауы, аукуба штаммы - сары дақ, бақажапырақтары штаммы - некроз сақинаын түзеді. Вирустардың өзгергіштік негізінде мутация және генетикалық рекомбинация болып тұрады.
Қоршаған ортаның әсеріне де вирустар әртүрлі төзімділік көрсетеді. Изоляцияда сақталатын вирустар төзімді және төзімсіз болып бөлінеді. Төзімді вирустар өсімдік сығындысында (шырынында) ұзақ уақыт сақталады. Мысалы, темекі мозаикасының вирусы (ТМВ) шырында 50 жылдан аса, ал оны жоғары температурада 80 - 90°С - та қыздырғанда 10 минутқа дейін тіршілігі жойылмайды.
Төзімсіз вирустар 25 - 50°С температурада және химиялық заттардың әсерінен белсенділігін тез жойып, инфекциялық қабілеті сақталмайды. Кейбір вирустар кепкен өсімдікте ұзақ жылдар сақталады. Бірақ көптеген вирустар инфекциялық қабілетін тез жояды Бұл мәліметтер әр вирусқа қарсы қолданатын шаралар жоспарланғанда өте қажет болады.

Вирустардың өсімдікте таралуы мен орнығуы
Өсімдікті залалдаған вирустар бір клеткада көбейіп, екіншісіне оларды қосатын плазмодесма арқылы өтіп, өсімдікке түгел немесе көпшілік бөлігіне таралады. Күніне 1 мм - дей жылжиды, бірақ паренхима арқылы өте алмайды. Вирустар флоэма, торлы түтік арқылы тез таралып, көбінесе 3 - 5 күнде залалданған жапырақтан шығып, әрі қарай флоэма арқылы өсімдіктің мүшелеріне жылжиды, мысалы, картоп вирусы жас өсімдіктің жапырағына енсе, әрі қарай флоэма арқылы сабақ бойымен жоғары жылжиды.
Егер залалданған өсімдік түйнек құра бастаса, вирус жоғары емес төмен қарай жылжып түйнекке барады. Флоэмаға түскен вирус өсімдік клеткаларының бәріне тарайды. Вирустың өсімдікте таралуы вирус пен өсімдікке байланысты. Кейбір жағдайда вирус залалданған жерден қашыққа ұзамай, сол жерде ғана белгі береді, ал кейде залалданған аймақ ұлғайып, вирустың ары қарай тарауын көрсетеді.
Вирусты инфекцияның таралуы
Вирустар өсімдікке тек қана зақымданған ұлпа арқылы енеді. Вирусты таратушы түрлі насекомдар (біте, цикада, трипс, қандала) нематодалар мен саңырауқұлақтар.
Вирустың тасымалдаушылар мен таралуын векторлық таралу дейді. Бұл табиғатта кең таралған әдіс. Тасымалдаушы организмінде вирустың инфекциялылығы белгілі уақытта ғана сақталады. Вирозға шалдыққан өсімдікпен қоректеніп одан кеткен соң да инфекцияның тасымалдаушыда сақталуын персистенттілік дейді. Персистенттілік үш түрге бөлінеді:
Персистентті емес;
Жартылай персистентті;
Персистентті.
Персистентті емес таратушыда вирустың инфекциялылығы 4 сағатқа дейін сақталады. Жартылай персистенттілерде инфекциялылық 10 - 100 сағат аралығында сақталады. Персистентті тасымалдаушыларда вирустың инфекциялылығы 100 сағаттан аса немесе өмір бойы жойылмайды.
Персистентті емес тасымалдаушылар ауру өсімдіктен 0,5 - 2 минут аралығында қорек алып (вирофорлы болып), бірден сау өсімдікті залалдайды. Кейін олардың залалдау қасиеті жойылады. Бұл вирустар әдетте бітелермен қоздырады. Мысалы, қызылша, үрме бұршақ, алма мозаикалары.
Персистентті таралу түрінде ауру өсімдіктен тасымалдаушылар ұзаұ уақыт (30 минуттан аса) қоректеніп вирофорлы болады. Олар ауруды басқа өсімдікке бірнеше күннен немесе аптадан кейін таратуы мүмкін. Цикадалармен таралатын кейбір вирустар насеком денесінде көбеюімен қатар оның инфекциялылығы жұмыртқа арқылы ұрпақтарына беріледі, оны трансовариалды таралу дейді. Мысалы, күріштің ергежейлілігі, картоптың сары ергежейлілігі т.б.
Вирустардың өсімдік арасында таралу жылдамдығы таратушы насекомға және ауа райына байланысты. Ауру 2 - 5 - тен 10 - 20 - ға дейін қайталануы мүмкін. Егер вирус өсімдіктің вегетативті бөліктерімен немесе тұқымымен және қосымша вегетация кезеңінде насекомдармен таралса, онда эпифитотия болуы мүмкін. Ондай жағдайда өсімдік өнімі төмендейді.
Сонымен қатар вирустың 100 жақын түрі тұқым арқылы тарайды. Бұл жағдайда залалдану өсімдік қасиеті мен вирустың даму циклына байланысты болады. Мысалы, темекінің сақиналы дағын қоздыратын вирус май бұршақтың тұқымы арқылы 100% таралады, ал арпаның жолақ мозаикалы вирусы 50% тарайды.
Тозаңмен таралу. Тозаңмен тараған вирус тек қана тұқым мен одан өнген өскінді ғана залалдап қоймай, сонымен қатар тозаңданған гүл арқылы аналық өсімдікке де тарайды. Бұл құбылыс өте сирек кездеседі.
Насекомдармен таралу өте жиі кездеседі. Сорғыш насекомдар (біте мен өсімдік және жапырақ бүргелері) вирусты өздерінің стилеттерінде тасиды. Бұл насекомдар ауруға шалдыққан өсімдікпен қоректенгенде стилеттеріндегі вируспен жаңа өсімдікті залалдайды. Кейде бітелер вирусты бірден тарата алмайды, бірнеше сағаттан кейін ғана тарады, ал вирустың жұғу үдерісі бірнеше күнге созылуы мүмкін.
40 - қа жуық вирустар жапырақ бүргесінен таралады. Вирустар флоэмаға өтіп, оның бұзылуына себеп болады. Бұлардың кейбіреулері тасымалдаушы насекомда көбейіп, оларда әрбір даму фазасында сақталып, жұмыртқалаған кезде жұмыртқамен таралады. Сонымен бұл насекомдар өзінің өмірі бойы ауру қоры болады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктердің тамыр шірік ауруларын қоздырушылардың терминдер
Өсімдіктерді бактериоздардан қорғау
«Жалпы фитопатология» пәнінен оқу – әдістемелік кешені
Өсімдік ауруларының белгілері
Жамбыл облысы, қордай ауданы жағдайындағы картопты өсіру технологиясы
ФИТОПАТОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
Өсімдіктердің патогендермен залалдануы
Өсімдік ауруы
Микроорганизмдер және қоршаған орта
Табиғатта және адамның іс-әрекетінде өсімдік ауру қоздырғыштарының (фитопатогендердің) маңызы
Пәндер