Ж.Аймауытов еңбектерінде көтерілген педагогикалық мәселелер маңызы



Кіріспе ... ... ... ...3
1 Ж.Аймауытовтың омірі мен шығармашылығы ... ..5
2 Ж.Аймауытовтың еңбектері және олардың мәні ... .7
3 Ж.Аймауытовтың педагогикалық идеяларының маңызы ... ... ... ... ... ... ... 13
4 Ж.Аймауытовтың қазақ психологиясының дамуына қосқан үлесі ... ... ... ...19
Қорытынды ... ... ... ... ... ...22
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... .25
Қазақстан Республикасы егеменді ел болғалы ғылым, мәдениет салаларында жасалып жатқан шаралардың барлығы жастарға жалпы адамзаттық және жеке ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге ықпал етуде. Бүгінгі таңда қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру жағдайында ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын рухани мәдениетімізді жетілдіру қажеттілігі туындап отыр. Отаршылдық езгісі әсер еткен ұлттық менталитетімізді қалпына келтіріп, нығайту және өркениетті елдер қауымдастығы қатарынан орын алу – ұлттық мемлекетімізді қалыптастырудағы басты алғышарттардың бірі. Еліміздің өркениетті дамуында жас ұрпаққа тәрбие мен білім берудің мазмұнын ұлттық рухани мұра негізінде қайта қарап, оны қоғам талабына сай жоғары сапалық деңгейге көтеру - бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселенің бірі. Ұлттық тәрбие әлемдегі барлық халықтарға тән заңдылықтар тұрғысынан келгенін зерттеліп отырған тарихи кезеңнің тәрбие үдерісінің мазмұнын қалыптастыруда зерттеуші-ғалымдар адамдық қасиетті құрайтын халқымыздың өшпейтін озық дәстүр салтына, әдет-ғұрпына іздеу салып, ең кажеттілерін адамзаттық құндылықтармен ұштастыра отырып, тәрбиені дамытуға біршама үлес қосты. Енді соның бәрін жүйелеп, қазақ мектебіне ұсыну үшін ұлтымыздың әлеуметтік-гуманитарлық, мәдени және адамгершілік құндылықтарына негізделген білім тәрбиесінің арнайы бағдарламасы жасалуы қажет. Ол тәуелсіз Қазақстанның болашақта болуға тиісті білім берудің ұлттық моделінің компонентін құрар еді.
1 Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында.- Алматы: Атамұра, 1999. – 296 б.
2 Білім туралы Қазақстан Республикасының Заңы. – Астана, 2014. – 63 б..
3 Құдиярова. Педагогика.-Алматы.Рауан.
4 Ж.Аймауытов. Психология.-Алматы.Рауан,1995.-311б.
5 Антология педагогической мысли Казахстана. – Алматы: Рауан, 1995. – 135-168б.
6 Сарбасова Қ.А. Қазіргі педагогика ғылымының қайнар көздері. Монография. - Алматы: Білім, 2008. - 243 б.
7 Серик Қирабаев.Көп томдық шығармалар жинағы 4.-Алматы:Рауан,1988.-273б.
8 С.Мақпырұлы,Т.Сыдықов.Қазақ әдебиеті.-Астана:Фолиант,2011.-63б.
9 Ғаламтор желісі www.bilim.kz

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ
МИНИСТРЛІГІ
С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ


КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Педагогика
Ж.Аймауытов еңбектерінде көтерілген педагогикалық мәселелер маңызы

Орындаған: ІІ-курс студенті
Нағашыбай Н.С.
Ғылыми жоба жетекшісі:
Байжанова З.Т.

Курстық жоба қорғауға жіберілді
____________________________

Астана-2015
Мазмұны


Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Ж.Аймауытовтың омірі мен шығармашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2 Ж.Аймауытовтың еңбектері және олардың мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
3 Ж.Аймауытовтың педагогикалық идеяларының маңызы ... ... ... ... ... ... ... 1 3
4 Ж.Аймауытовтың қазақ психологиясының дамуына қосқан үлесі ... ... ... ...19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

Кіріспе
Өзектілігі:Қазақстан Республикасы егеменді ел болғалы ғылым, мәдениет салаларында жасалып жатқан шаралардың барлығы жастарға жалпы адамзаттық және жеке ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге ықпал етуде. Бүгінгі таңда қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру жағдайында ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын рухани мәдениетімізді жетілдіру қажеттілігі туындап отыр. Отаршылдық езгісі әсер еткен ұлттық менталитетімізді қалпына келтіріп, нығайту және өркениетті елдер қауымдастығы қатарынан орын алу - ұлттық мемлекетімізді қалыптастырудағы басты алғышарттардың бірі. Еліміздің өркениетті дамуында жас ұрпаққа тәрбие мен білім берудің мазмұнын ұлттық рухани мұра негізінде қайта қарап, оны қоғам талабына сай жоғары сапалық деңгейге көтеру - бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселенің бірі. Ұлттық тәрбие әлемдегі барлық халықтарға тән заңдылықтар тұрғысынан келгенін зерттеліп отырған тарихи кезеңнің тәрбие үдерісінің мазмұнын қалыптастыруда зерттеуші-ғалымдар адамдық қасиетті құрайтын халқымыздың өшпейтін озық дәстүр салтына, әдет-ғұрпына іздеу салып, ең кажеттілерін адамзаттық құндылықтармен ұштастыра отырып, тәрбиені дамытуға біршама үлес қосты. Енді соның бәрін жүйелеп, қазақ мектебіне ұсыну үшін ұлтымыздың әлеуметтік-гуманитарлық, мәдени және адамгершілік құндылықтарына негізделген білім тәрбиесінің арнайы бағдарламасы жасалуы қажет. Ол тәуелсіз Қазақстанның болашақта болуға тиісті білім берудің ұлттық моделінің компонентін құрар еді.
Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев Тарих толқынында атты еңбегінде: Қазақтар - ұлы өркениеттердің мұрагерлері тарихтың сан-сапалақ құз-қияларынанөзінің ұлттық МЕН дегізерлік қасиеттерін алып шыға алды. Жай ғана алып шығып, жай ғана сақтай білген жоқ, сонымен бірге еселеп жаңғырта да білді - деп жазып (1), қазақ халқының мол мәдени, рухани мұраларының өміршеңдігіне баса назар аударды.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау екендігі атап көрсетіледі (2). Сондықтан халқымыздың өткен тарихындағы озық педагогикалық дәстүрлерді ұлттық және адамзаттық құндылықтар тұрғысынан қарап, бүгінгі ұрпақты жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптастыруға пайдалану керектігі айқын. Жалпы Жүсіпбек Аймауытов шығармаларының философиялық тегі, психологиялық, педагогикалық мүмкіндіктері мен әдебиеттанудағы маңызына байланысты А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Т.Тәжібаев, М.Әуезов, С.Мұқанов, С.Қирабаев, Қ.Мұхаметханов, Х.Сүйіншәлиев, М.Орынбеков, Ғ.Есім, З.Ахметов, М.Мырзахметов, К.Оразалин, Х.Досмұхамедұлы зерттеулерін айтуға болады.
Жүсіпбек тағылымы өшпес мәңгілік қазына, оған неғұрлым тереңірек үңілсең, соғұрлым көп байлыққа тап боласың. Оның қыр-сырын оқып-тоқып білу үшін үнемі зерттеулер жүргізу қажет. Сондықтан біз зерттеу жұмысымыздың тақырыбын Ж.Аймауытовтың еңбектерінде көтерілген педагогикалық мәселелер маңызы деп алдық.
Зерттеу объектісі - Ж.Аймауытовтың педагогикалық ілімдері.
Зерттеу пәні- Жүсіпбек Аймауытовтың педагогикалық мұрасы.
Зерттеудің мақсаты: Қазіргі білім беру саласында Жүсіпбек Аймауытовтың педагогика туралы ілімінің қолдану ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер, біз Жүсіпбек Аймауытовтың педагогикалық мұрасындағы идеялар мәнін аша отырып, қазіргі кәсіптік білім беру жүйесінде қолданатын болсақ, онда білім беруді тиімді ұйымдастыру мүмкіндіктері артады, себебі қазіргі күнгі педагогикалық іс-әрекеттің сапасын арттыруға маңызы зор.
Зерттеу міндеттері:
- Ж.Аймауытовтың өмірі мен қызметін зерттеу;
- Ж.Аймауытовтың педагогикалық идеяларын талдау;
- Ж.Аймауытовтың педагогика-психология жайлы әдебиеттеріне сүйене отырып, Жүсіпбек Аймауытовтың педагогикалық ілімінің мазмұнын ашу.
Зерттеудің ғылыми және тәжірибелік жаңалығы: Жүсіпбек Аймауытовтың педагогикалық идеяларына сүйене отырып, білім беру жүйесін ұйымдастыруға қатысты әдістемелік нұсқаулығын дайындау.
Зерттеудің әдістері: Теориялық әдістер: педагогикалық әдебиеттерге шолу жасау. Эмпирикалық әдістер: анкете алу, нәтижелерін шығару.
Зерттеу базасы: С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университеті.

1Ж.Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы

ХХ ғасырдың басында ұлттық әдебиеттің барлық жанрында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгерлердің қатарында ақын әрі прозашы, драмашы әрі аудармашы, сыншы әрі публицист Жүсіпбек Аймауытовтың есімі айрықша орын алады. Әдебиеттің әр алуан жанрларында қалам сілтей жүріп, ол қазақ әдебиетінің жаңа өріске шығуына мол еңбек сіңірді.
Аймауытов, Жүсіпбек (1889 -- 1931) -- қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы Қызыл ту, қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы.Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен.Жүсіпбек жастайынан арабша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады.
1911 -- 1914 жж. ауылда мұғалім болып істейді.1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады. Оны 1918 жылы аяқтап шығады.Мұнан соң алашордашылардың істеріне араласып, Семейде Абай журналын шығарысып, Қ. Сәтбаевпен, М. Әуезовпен танысады. Кейін Алашордадан бөлініп, Коммунистік партия қатарына өтеді (1919). Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайы съезіне делегат болып қатысып, Қазақ АҚСР Халық ағарту комиссариаты комиссарының орынбасары болып тағайындалады (1920). Мұнан соң Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі (1921), Қазақ тілі газетінің редакторы.Қарқаралыда мектеп мұғалімі (1922 -- 1924), Ташкентте шығатын Ақ жол газетінің бөлім меңгерушісі (1924 -- 1926), Шымкент педагогикалық техникумының директоры (1926 -- 1929) қызметтерін атқарады.Жүсіпбектің қаламынан туған мол мұраны М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары жинастырып, ғылыми зердеден өткізіп, 1996-1999 жылдары бес том етіп жарыққа шығарды. Сөйтіп, қазақ оқырманы әйгілі суреткердің шығармаларымен арада 60 жылдан астам уақыт өткенде қайта табысты.Жүсіпбек аз ғана ғұмырында әдебиеттің әр түрлі жанрларында өнімді еңбек етіп, қүнарлы шығармалар қалдырған. Бес томдық шығармалар жинағында оның өлеңдері мен Нұр күйі поэмасы, Рабиға, Мансап қорлар, Сылаң қыз, Ел қорғаны, Қанапия Шәрбану, Шернияз атты пьесалары, көптеген әңгімелері мен Қартқожа, Ақбілек романдары, Күнікейдің жазығы повесі, балаларға арналған ертектері, сын мақалалары мен аудармалары енген.Бұлардың сыртында Тәрбиеге жетекші (1924 ж.), Психология (1926 ж.), Жан жүйесі және өнер таңдау (1926 ж.), т.б. ірі ғылыми еңбектері бар.
Ж.Аймауытов Тәрбие жетекшісі атты еңбегінде "Адам мінезінің, ақыл-қайратының әр түрлі болуы-тәрбиенің түрлі-түрлі болуынан... Адам баласының ұрлық істеуі, өтірік айтуы, кісі тонауы, өлтіруі сияқты бұзақылықтарды жасауы, тәрбиенің жетіспегендігінен"-дейді.
Ж.Аймауытов бала тәрбиесінде туған елдің әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің белгілі мөлшерде әсер ететінін ғылыми тұрғыда дәлелдей түскен.
Ол "ойын-сауық, өлең-жырды естіп өскен елдің баласы өнерге бейім болады, діндар елдің баласы діншіл келеді. Жастайынан кемдік,жоқшылық көріп өскен бала жасқаншақ, бұйығы болады"- деп қоғамдық салт-сана, әдет-ғұрыптың тәрбиеге тигізетін ықпалына тоқталады.
Ж.Аймауытовтың пікірінше "мұғалімнің айналысатыны-үнемі қозғалып, өзгеріп, өсетін, өркендейтін тірі адам болғандықтан, біркелкі әдістен табан аумай шектеліп қалуға болмайды... Сабақ үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңаны табатын өнер... Дидактика мұғалімге жиі жөн-жоба көрсетіп жетекшілік етеді... Сыннан өткен тиімді деген жолдарды ғана нұсқайды"-деп, оқыту, білім беру әдістерінің ізденуден туатын іс-әрекет екенін атап өткен.
Ж.Аймауытов 1929ж."Комплексті оқыту жолдары" деген еңбегінде баланың білімге деген ынта-ықыласын, зейін-зердесін арттыру үшін мұғалімдерден мына шарттарды орындауды талап етті. Олар: жаңа берілетін білімді баланың бұрын меңгерген біліміне негіздеу, оқушылардың жаңа білімді меңгеруіне бағыттайтын проблемалық сұрақтар қоя отырып, олардың назарын меңгерілетін жаңа білімге бағыттау, басы артық, қажетсіз мағұлматтарды айтудан сақтану, салыстыру, теңеу, ұқсату сияқты тәсілдерді қолдану арқылы балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру. Тәсілдерді үнемі жаңартып жандандырып отыру, көрнекілікті пайдалану тағы басқа дидактикалық әдіс-тәсілдерді сөз етеді.
Жүсіпбек Аймауытов қаламынан туған мұралардың қай қайсысы да оның кесек дарын иесі екендігінің, гуманист суреткерлігінің, жалтақсыз ұлт жандылығының жарқын айғағы. Оның шығармалары өзі ғұмыр кешкен заманның, өзі араласқан қоғамның мұқтажын өтеуге, оның ақ қарасын парықтауға арналған. Сөйте тұра көркемдік тегеуріннің қуаттылығы, идеялық ұстанымдарының сонылығы, сөз қолданудағы шеберлігі Жүсіпбек шығармаларының өміршеңдігіне кепіл болмақ.
1929 ж. басталған кеңестік қуғын-сүргін кезінде Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген жаламен тұтқындалып, ұзақ тергеуден кейін 1931 жылы ату жазасына сырттай үкім шығарылған. Шымкенттегі педагогика техникумының директорлығы - міне, мұның бәрі Аймауытовтың жаңа өмірді орнықтыру жолындағы күрес жолын, өмір белестерін көрсетеді. 1929 ж. басталған зобалаң кезінде қармаққа ілінген Жүсіпбек 1931 ж. атылған. Астан-кестең ауыр, бірақ ерекше қуатты да қызық, әлеуметтік төңкерістер, ұлы революциялар заманында өмір сүрген Аймауытов өзінің осы қысқа ғұмырында артына аса бай, бағалы әдеби, ғылыми мұра қалдырып үлгірді.

2 Ж.Аймауытовтың еңбектері және олардың мәні

Ж.Аймауытұлының қазақ қоғамына, руханият ісіне қосқан сүбелі үлесі жайында айтқанда, ең алдымен ұлттық мұрат жолындағы еңбек-мұралары еске түседі. Олардың арасында, әсіресе поэзия бағытында Сарыарқаның сәлемі, Көшу, Ұран, Әскер марсельезасы, Жәмила, Тұңғиық түпсіз аспанда, Нұр күйі, кіші және үлкен жанрларда Әнші, Елес, Жол үстінде, Боранды болжағыш әулие, Жапырақтар, Күнікейдің жазығы, Қартқожа, Ақбілек, драмада Ел қорғаны, Қанапия- Шәрбану, Шернияз, әдебиет, сын саласында Абайдан соңғы ақындар, Мағжанның ақындығы туралы, Сұңқар жыры, драмада Бақылаушы (Н.В.Гоголь), Тас мейман, Сараң сері (А.С. Пушкин), Дәмелі (Ф.Дюшен), Телегей теңіз (Дж.Лондон), Өрбике (К.Беркович), Тау еліндегі оқиға (С.Чуйков), Коммунизм әліппесі (Н.И.Бухарин, Е.А.Покровский), Саяси экономияның қысқаша курсы (Богданов), РСФСР Конституциясы (П.И.Стучкий), ұлттық тәлім-тәрбие ісінде Психология , Жан жүйесі және өнер таңдау, балаларға арналған шығармаларында Жаман тымақ, Көк өгіз, Үш қыз, Шал мен кемпір қоғамдық-әлеуметтік мәселелермен бірге ұлт руханиятына қатысты өзекті жайттарды кең көлемде қозғайды. Аталған туындылардың бәрі-баршасынан кеше-бүгін мәселесі, ұлт тарихы мен ел-жерге қатысты ортақ мұраттар мен сабақтастық сырлары жан-жақты көрініс береді. Ақиқатын айтсақ, қайраткер-қаламгер Ж.Аймауытұлы қоғамдық өмірдің барша саласына, ұлттық сөз өнерінің жетекші жанрларына еркін араласты. Соның бәрінде - ұлттық мұратқа, руханият ісіне адалдық танытты. Өмір шындығына, уақыт тынысына табан тіреді. Оны әр алуан жанрлардағы туындыларында тақырыптық Һәм тілдік-стильдік бағытында, көркемдік-эстетикалық мұраттар тұрғысында сөз етті.
Осы орайда, ұлт руханиятының қайнар көзі - тәлім-тәрбие мәселесі баршаға ортақ, игілікті, ізгілікті істердің бастысы, әрі маңызды факторлардың негізгі жүйесін құрайды.
Қазақ халқының арғы-бергі тарихына жіті көзбен қарасақ, тәлім-тәрбие ісіне зор маңыз бергені байқалады. Арыдағы арналарды айтпағанда, ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялылыры - Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытұлы, Х.Досмұхамедұлы, Қ.Кемеңгерұлы, С.Сәдуақасұлы, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, М.Әуезұлы, С.Мұқанұлы қоғамдық-әлеуметтік салалармен бірге ұлттық дәстүр-өнегелерге, адамгершілік-имандылық мәселелеріне, жалпы руханият ісіне үлкен үлес қосты. Білім-ғылым жүйесіне, әдеби-мәдени салаларға, сондай-ақ тәлім-тәрбие ісіне де көп көңіл бөлді.
Қазақ әдебиеті мен мәдениетіне, ұлттық тәлім-тәрбие саласына өз тұстастары секілді Ж.Аймауытұлы да едәуір еңбек, мұралар қалдырды. Ұстаз-психологтың ұлттық тәлім-тәрбие тақырыбына арналған еңбектері Тәрбиеге жетекші, Психология, Комплекспен оқыту жолдары, Жаңа ауыл, педагогика саласының түйінді тұстарын арқау еткен мақала, ізденістері бүгін - демократия тағылымдары өмірдің барша саласына батыл енген шақта маңызды мәнге ие болып отыр. Біздіңше, оның бірнеше себеп-сыры бар.
Біріншіден, қаламгер әрі ұстаз-психологтың өмірбаян беттеріне үңілсек, 5 пен 15 жас аралығында ескі молдадан оқыған. Керекудегі екі сынып орыс-қазақ мектебін, Семейдегі мұғалімдер семинариясын бітірген. Семей губерниялық оқу бөлімін басқарып, Қазақ институтында, Шымкент пед. техникумында оқытушы әрі директорлық қызметтер атқаруы әлеуметтік-халықтық іске, ағарту саласына сергек қарауына мол себебін тигізді.
Екіншіден, педагог-ғалым уақыт талабына орай халқымыздың тыныс-тіршілігіне негізделген, тәлім-тәрбиелік маңызы зор ғылыми еңбектер жазып қалдыруы ұлттың, ұрпақтың ұлы байлықтарының бірі - бала-болашақты ата-ана тәрбиесімен, адамның өмірдегі мақсат-мұраттарымен, іс-әрекеттерімен табиғи байланыста қарастыруы бүгінгі күні де ерекше орын алады.
Ал негізгісі, оқу-білім, тәлім-тәрбие мәселелерінің адамтану ісінің күретамыры, келешек кепілі ретінде тану айқын аңғарылады. Адам мен оның өмірі, еңбегі мен іс-әрекеттері, әуелгі негізін, арна - бастауларын отбасынан, оқу-білім иірімдерінен, тәлім-тәрбие тағылымдарынан алатыны нақтылы дәлел-деректер негізінде өріс алады.
Абай журналында (1918, №1-2, 10-12, 14-21 беттер) басылған Тәрбие атты мақалада адам мен хайуанның жаратылысы, іс-әрекеттері әртүрлі мысал-деректермен беріледі. Тәрбие мәселесі, ол жайлы жазылған еңбек-мұраларға зор ілтипат көрсетіліп, өзіндік ой-пікір білдіріледі. Тәрбие екі түрлі,- деп жазады автор, - дене тәрбиесі және жан тәрбиесі. Хайуан көбінесе денесін тәрбиелейді. Адам балаларына дене тәрбиелеудің үстіне жанын, ақылын, сезімін, жігерін, мінезін тәрбие қылу керек. Денесі мен жаны бірдей тәрбиеленбеген кісі сыңар-жақтау бола береді...
Мінездің-ақыл-қайраттың әртүрлі болмағы тәрбиенің түрлі-түрлі болмағанынан. Демек, тәрбие мұраты, оның қоғам мен өмірден алар орны қай кезеңде де маңызды әрі мәнді мағынаға ие болып келген. Ал бүгін ше? Бүгін ойласар да, жүзеге асар тиіс те іс-шаралар шаш етектен екенін өмір шындыққа шығарып отыр. Несін жасырайық, қылмысқа - жаза сай еместігін күнделікті МАИ хроникасынан анық аңғарамыз. Алып-сатар деймісіз, адам өлімі мен алдап-арбау, ұрлық, күнделікті төл ісіміз секілді көрінеді. Мұндай мысалдар көп. Бірақ, негізгі тамыры қайда жатыр? дейтін болсақ, мың бір жауаптың бірегейі ретінде - тәрбие тағылымдары ойға оралар еді.
Асылы, отбасындағы тәрбие адам өміріне, еңбек ырғақтарына әсер етпей тұрмайды. Бұл жерде мектеп, жоғарғы оқу орынының әсер, ықпалын жоққа шығара алмаймыз. Алайда, от басындағы әке-шешенің бір-біріне деген қарым-қатынасы, іс-қимылдары жас буынға, оның қалыптасуына, өріс-өресіне тигізер әсер, ықпалы мол. Халық даналығын ойға аласақ: Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі, Сүтпен біткен мінез сүйекпен кетеді...
Ендеше, отбасындағы тәрбиеге көзқарас та, құрмет те төмендемеуге тиіс. Бүгінгі күннің басты шындықтарының бірі - осы.
Мақалада тәрбие туралы ой-пікір айтып, еңбек-мұралар қалдырған зиялы қауым өкілдеріне (Аристотель, Бикон, Сократ, Солон, Цицерон, Коменский, Толстой, Ушинский) жалпы ілтипат білдіріледі. Ақын Абайдың: Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам баласының мінезін түзеп болмайды деген кісілердің тілін кесер едім деген ойлары тәрбиенің жоғарғы үлгісі ретінде еске алынады. Бұл бағыттағы ойын: ...Адам баласының арасында ұрлық, зорлық, өтірік алдау, кісі өлтіру, тонау сықылды неше түрлі бұзықтықтың көптігі көбінеки тәрбиенің жетіспегенінен. Немесе: ... Адам тәрбиенің құлы болуға жертпей, әлі күнге дейін табиғаттың құлы болып жүргендігінен. Адам баласы қашан табиғатқа құл болудан құтылады? Анық ақылға билетіп, жалпы жұрт жақсы тәрбиелі болғанда құтылмақ деген түйінмен тиянақтайды.
Аталмыш еңбекте тәрбие мақсаты мен қуатына зор маңыз беріледі. Автор Адамды бұзатын да, түзейтін де тәрбие екеніне мол мысал-деректер келтіреді, бұрынғы білімпаздар ой-пікіріне ден қояды. Жеке адам оның өмірі, қоғамдағы орны мен ұлтқа, Отанға үлес-салмағы, адамгершілік, әділдік жолындағы іс-әрекеттері кең көлемде сөз етіледі. Бұл бағыттағы ғылым, тәжірибе әсерінің мәні терең түсіндіріледі. Нәтижесіде: ...адамның өмір сүруінде бір мақсат болса, тәрбиеде де мақсат болуға тиіс. Ол мақсат жалпыға пайдалы, іске асырарлық болуы жөн дейді.
Ғалым-ұстаздың тәрбие шарттары жөніндегі ой-пікірлері бүгінде мән-мағынасын жоймағанын байқар едік. Автор әрбір адамның туу, қалыптасу, жетілуінде тәрбие шарттарының, атап айтқанда, жаратылыс (дүние), үй-іші, өскен орта, замандастар, туған жұрты, оның діні, тілін бөлекше атап, ерекше мән береді. Айталық, ата-ана тәрбиесі туралы: Бұл мінездердің бәрі жас уақытта басқа бір күшті шарттармен бұзылып-түзелмесе, түпкілікті мінез болып қалғаны десе, оқу орнының маңызын: Баланың ақылын арттырып, білім беретін ілтипатты, табанды, талапты, ыждаһатты қылатын, өмірлік азық беретін жақсы медресе болу керек деп түйін жасайды.
Расында, тәрбие ғылымының бүгінгі өріс, өресіне жіті көзбен қарасақ, ұштаған ұжым - отбасы мен балабақша, оқу орынының маңыз-мақсаты биіктей түсері хақ. Әсіресе, тәуелсіздік талаптарын баянды ету жолында бұл бағыттағы іс-жұмыстардың арна-ағысы бұрынғыдан да кеңейіп, зорая, толыса түсуде.
Негізінен алғанда, айтылмыш мақала бірнеше маңызды қырларымен назар аудартады. Олар:
- тәрбие мақсатын айқындаудан;
- тәрбие туралы ойшылдардың пікірін назарда ұстаудан;
- тәрбие шарттарына көңіл бөлуден;
- тәрбие маңызын арттырудан тұрады.
Ж.Аймауытұлы тәлім-тәрбие мәселесіне зор маңыз беріп, оның табиғаты мен тағылымына қатысты жайттарды тереңнен толғайды. Арғы-бергі тарихтан, өмір-тұрмыстан алуан мысал-деректер келтіреді. Оқып көрелік: Малдың баласы туысымен тәлтіректеп, аяғын басып, біраздан соң буынын бекітіп, жүріп кетеді. Денесінің жетіліп, күшті болып туғандығынан, ширақтықтан, аса суық болмаса, жеңіл-желпі салқында туған қозы, бұзаулар өліп қалмайды. Бұл өңінің қалыңдығынан, шыдамдылықтан, тауықтың балапаны жұмыртқадан шығысымен енесімен бірге қаздаңдап жүгіріп, тамақ шоқып, жей бастайды.Үйректің балапаны жұмыртқадан шыққан соң енесіне еріп жүре береді, ал торғайдың балапаны жұмыртқадан қызылшақа болып туады да жуырда ширай алмай бірнеше заман шырылдап, тамақ сұрап жатады. Иттің, қасқырдың, мысықтың балалары көзін ашып, жер бауырлап, жүріп кеткенше бірталай заман. Құмырсқаның баласы алғашында ұзыншақ қана ақ құрт, қимылдай алмай жатады, жүре-жүре өсіп, мүшелері білініп, қанат пайда болып, ұшып кетеді. Сонан кейін қанаты түсіп, кәдімгі құмырсқа болады...
Ал, енді адам баласын қарасақ, хайуан баласынан анағұрлым нашар, болбыр, нәзік болып туады. Аяғы басуға, қолы ұстауға, көзі көруге көпке дейін жарай алмайды. Өңінің жұқалығынан, денесінің нәуетектігінен ыстыққа да, суыққа да шыдамсыз болады. Бір жылда, жыл жарымда аяғын әзер ғана басады. Онда да тамақ тауып жей алмайды. Денесі қуатты, мүшелері ширақ болған хайуан баласына азды-көпті күтім, асырау керек болса, денесі әлсіз, сезімдері жетілмеген адам баласына күту, асырау, сақтау, үйрету - бір сөзбен айтқанда тәрбие өте керек...
Тәрбиенің мақсаты - денені күшейтіп, ұлтшыл қылу болса, бұның жақсы жағы да, жаман жағы да болу керек. Жақсы жағы: бір халықтың ұлтшыл адамдары көбейсе, ұлты үшін жанын салып, сол ұлтты көркейтуге тырыспақ. Адамның өз басының көркеюімен ұлты көркеймейді, ұлты көркейсе, өзі көркеймейді. Бір ұлт бақытты болса, ол бақыт сол ұлттың ішіндегі адамдарына да ортақ. Бір адамның бақыты бір ұлтты бақытты қылуға жетпейді. Ұлтын, отанын көркейту қандас-діндес, тілдес бауырларының қамын жеу бұл жақсы жұмыс. Ал енді жаман жағы мынау: ұлтшыл адам бір жұрттың ғана қамын ойлайды, бұл қамын ойлау жолында басқа жұрттармен айтысады, тартысады, жұлқысады. Өз қылығы дұрыс, қисық болсын үстіне шығарып, басқаны жеңуге жаһат қылады. Біреуді жеңуге ұмтылған кісі қызуламақ, қызу кісі өз қатесін көрмейді, көргісі келмейді. Қатесін көрмеген кісі бірбеткей, ақыл көзінің ауданы тар кісі болу керек. Ақыл көзінің ауданы тар кісі адамшылыққа пайда келтіре алмайды. Адамшылыққа пайда келтіре алмаған кісі ахлағы әлсіз, жабайы кәдімгі кісі болмақ. Ұлтшыл адам біреуге зорлық қылса да, қан төксе де, мұқатып өз отанының дәуірлеуін іздейді. Мұның түбі бәсеке, талас, мен сенен артық боламын. Бұл-өзімшілдік ісі. Өзімшіл кісі кең болмайды: кең болмаса қаскүнем болады. Қаскүнемдік жақсы емес. Тіршіліктің өз талқысы аласұртып. Әр халыққа ұлтшыл болмасқа ерік қоймай отыр.Ұлтшыл болу - адамшылдық ісі емес, заманның ісі. Әділдік, адамгершілік заманы әлі ілгері сияқты.
Тәлім-тәрбие туралы осы үзінді-мәтіндерден өмір тәжірибесі, тұрмыс сырлары, жалпы жаратылыс табиғаты терең танылады. Автор ізденісі, көзқарас мұраттары арғы-бергі тарихтан сырлы шежіре қозғайды. Жаратылыс заңдылықтарына ден қояды. Әсіресе, адам әлемі мен табиғатын, жан-жануарлардың өзіндік өзгешеліктерін танып-талдау, салыстыру-салғастырулары, осының негізінде тәлім-тәрбиенің мақсат-мүраттарын айқындауы - мәнді болып табылады.
Жалпы, адам өмірінде, оның қалыптасуы мен дамуында, іс-әрекеттеріне тәрбие, тәлімнің сан тарау әсер, ықпалы жатқаны белгілі болса, Ж.Аймауытұлының бұл тақырыпты аталмыш мақаласында өмір-құбылыс сырына сай, әлеуметтік-қоғамдық және ғылыми тұрғыдан негізді етіп сөз етеді. Мұның қазіргі кезеңде, әсіресе демократиялық даму жолына түскен тұста мәні артып тұрғаны анық. Демек, бұл бағытта көпке ортақ, ойласатын тұстар әлі де бар.
Ж.Аймауытұлының педагогика ғылымындағы елеулі еңбектерінің бірі - Тәрбиеге жетекші. Ағартушы-психолог бұл еңбегінде педагогика саласының алуан қырын, әсіресе, дидактика туралы: ... Баланы оқытудың ережелерін, заңдарын баяндайтын дұрыс жүйесін көрсетеді десе, мектептің жүрегі - мұғалімді: жас ұрпақ тәрбиесіндегі басты тұлға ...үнемі қозғалып, өзгеріп, өсетін сипатта баяндайды. Нәтижесінде - мұғалімнің қоғамдық өмірдегі, мектеп, отбасындағы орнын нақтылы сөз етеді.
Ал, ана тілін - білім негізі, болашақ тұтқасы деп түсінген ұстаз-психолог: Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып, өзге пәндерге түсіну мүмкін емес екендігін алуан ой-аңсарлары арқылы жеткізеді. Автор ана тілін тарих, жағрафия, пәндерін өткен кезеңді танып-таразылауда, туған табиғат, жер-су, кісі аттарын айқындауда зор маңызы барын да негізгі назарда ұстайды. Алдымен өз тарихыңды тану, өмір-тұрмысты сезіп-білу барынша мәнді, құнды құбылыс екенін ескертеді. Әдебиет, тарих, жағрафия пәндері - халық өмірінің айнасы, дәстүр-өнегелерінің рухани шежіресі деп біледі. Бұдан Ана тілі - мәдени ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық педагогикалық ойлар
Оқу процесінің мəні жəне дидактика жөнінде
ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстандағы өріс алған оқу-ағарту, тәлім-тәрбиенің жәй-жапсары
XX ғасырдың 20-30- жылдарындағы қазақ тіліндегі мерзімді баспасөзі: шығу тарихы мен деректік маңызы
АҒАРТУШЫЛЫҚ ӘДЕБИЕТ ӨКІЛДЕРІНІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚЫТУ ЖОЛДАРЫ
Ж. Аймауытұлының өмiрi мен шығармашылығы
Жоғары мектепте басқарудың дидактикалық негізі
Этнопедагогикалық білімдер
Алашорда қайраткерлерінің педагогикалық мұрасы
Әдебиет сабағында қолданылатын әдіс - тәсілдер жүйесімен танысу
Пәндер