«Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында қызанақ егістерінде кездесетін зиянды нематодтардың, кенелердің және кеміргіштердің таралуы, зияндылығы және күресу шаралары»


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Кафедра: «Өсімдік қорғау және карантин»

Семестрлік жұмыс

Тақырыбы: «Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында қызанақ егістерінде кездесетін зиянды нематодтардың, кенелердің және кеміргіштердің таралуы, зияндылығы және күресу шаралары»

Орындаған: Жамалбек А

Қабылдаған: Алимкулова М

Алматы 2017 ж

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. ОҚО Түлкібас ауданының климаттық жағдайы

2. 2. Қызанақты өсіру технологиясы

2. 3. Қызанаққа зиян келтіретін нематодалар, кенелер, кеміргіштердің биологиясы таралуы және зияндылығы

III. Күресу шаралары

IV. Қорытынды

V. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Ауыл шарушылығы дақылдарына зиян келтіретін организмдер тобына зиянды нематодалар, кенелер және кеміргіштер жатады. Зиянкестердің біразы дақылдардың көптеген түрлерін зақымдайды. Сонымен қатар, аздаған түрлерімен қоректенетіндері де кездеседі. Олардың өсімдіктерді зақымдау сипаты мен зақымдайтын ағзалары да әр түрлі болады. Мәселен, кейбір түрлері тамырлармен қоректенсе, басқалары өсімдіктің жер үстіндегі ағзаларын қорек етеді. Ал енді біреулері белгілі бір ағзаны зақымдайды.

Nematoda, немесе жұмыр құрттар класы Nemathelminthes типіне жатады. Нематода класы өкілдеріне тән ерекше қасиеттер бар. Нематодалар кеңінен таралған организмдер. Олар теңізді, тұщы суды және топырақты мекендейді. Көптеген нематодалар эволюциялық дамуында басқа организмдерге, облигатты немесе факультативті паразиттер болып бейімделген. Ғылыми деректер бойынша қазіргі кезде нематодалардың 500 мыңға жуық түрлері белгілі.

Кенелер Acari класс тармағына, өрмекші тәріздес Arachnida класына, хелицера - Chelicerata тип тармағына және буынаяқтылар - Arthropoda типіне жатады. Кенелердің өсімдіктермен қоректенетін көптеген түрлері ауыл шаруашылығы дақылдарының қауіпті зиянкестері.

Кеміргіштер сүтқоректілер класының ерекше тобын құрайды. Кеміргіштердің көптеген түрлері ауыл шаруашылығы дақылдарына, жеміс және орман ағаштарына, жайылымдықтарға және қоймадағы жем қоры мен азық-түліктерге үлкен зиян келтіреді. Әсіресе, техникалық қызылша дақылын көп зақымдайды.

2. 1. Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының климаттық жағдайы.

Облыстың климаты континенттік. Қысы қысқа, жұмсақ, қар жамылғысы жұқа, тұрақсыз. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы солтүстігінде -7 - 9°С, оңт-нде -2 - 4°С. Жазы ұзақ, ыстық, қуаң және аңызақты. Шілде айының жылдық орташа температурасы 25 - 29°С. Шөлді аймағында жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100 - 150 мм, тау алдында 300 - 500 мм, биік таулы бөлігінде 800 мм. Тәуліктік орташа температурасы 0ºС-ден асатын жылы кезеңнің ұзақтығы облыстың солтүстігінде 8 айға тең және оңтүстігінде 10 айдан асады. Облыстың территориясы аграрлық климаттық тұрғыдан мынандай аймақтарға бөлінеді:

Ыстық шөлді құрғақшылық аймақ облыс территориясының көп бөлігін қамтиды және онда Бетпақдала, Мойынқұм, Қызылқұм шөлдері бар. Оған сондай-ақ облыстың орталық бөлігі де кіреді.

Өте қуаң ыстық тау бөліктерлі аймағы. Оған Түркістан, Алғабас, Түркістан, Сайрам, Ленгір, Ленин аудандарының тау бөліктеріндегі бөлігі, Созақ ауданының оңтүстік-шығыс бөлігі кіреді.

Таулы аймақ- Қаратау жотасы және Батыс Тянь-Шаньнің тармақтары. Аймақ Түркістан, Созақ, Алғабас, Түлкібас, Ленгер және Ленин аудандарының таулы бөліктерінде орналасқан.

Климатический график, Шымкент

График температуры, Шымкент

2. 2. Қызанақты өсіру технологиясы

Қызанақ - алқа тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Сабағының биіктігі 30 - 40 см-ден жоғары. Жапырағы қауырсын тәрізді. Гүлінің түсі сары, жемісі - екі не көп ұялы жидек, пішіні әр түрлі. Салм. 25 - 500 г, кейде 800 - 900 г-ға дейін жетеді. Қызыл, сарғыш жемісінің құрамында 4, 5 - 8, 1% құрғақ зат, 3, 5 - 8, 5% органикалық қышқыл, минералдық тұздар, С витамині, В, РР тобының витаминдері, каротин бар. Жемісін тамаққа пайдаланады, тұздайды, шырын алады. Қызанақ жылу сүйгіш және құрғақшылыққа төзімді. Өсуіне қолайлы температура 20 - 25С, температура 15С-қа дейін төмендегенде гүлдеуін, ал 10С-та өсуін тоқтатады. 1 - 2С-та үсікке шалдығады. Жартылай түйіршікті, қарашірігі мол топырақта жақсы өседі. Әр га-нан ашық жерде өсіргенде 150 - 200 ц, ал жылыжайларда 1 м2-нен 12 - 15 кг өнім алуға болады. Қазақстанның әр аймақтарында Қызанақтың әр мезгілде пісетін бірнеше сорттары бар. Ерте пісетін сорттары: Белый налив 241, Ранний 80, Ақтөбелік 85, Глория, т. б. сорттары Батыс Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, т. б. облыстарда аудандастырылған. Негізгі зиянкестері: картоп қоңыр көбелегі, ызылдауық қоңыз, колорадо қоңызы, т. б. Ең көп тараған аурулары: бактериялық теңбілділік, фитофториоз, макроскориоз, т. б. Қызанақ жөнінде ғылыми-зерттеу жұмыстарымен Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты шұғылданады.

Қызанақты әр түрде өсіруге болады. Жылда бір ғана сорт емес, бірнеше сортты алмастырып отырған дұрыс. Қызанақ - картоптың жақын туысы. Қызанақ күн шуағы мол түсетін ашық тыңайтылған жерде жақсы өседі. Көктемнің ортасында өскіндерді тұрақты жеріне әр өскіннің арасын 60 см, ал қатар аралықтарын 75 см қондырады, бұны түптеп егу дейді. Өскінге тіреу қажет, сондықтан да ағаш қадалар, керілген сым темір не ескен жіптер тарту керек. Топырақ ылғалды болу үшін, үнемі суғаруды тілейді. Қосымша қоректендіруді әр он күн сайын қайталап отыру керек. Күздің қара суығы түскенше өнім негізінен пісіп үлгереді. Пісіп үлгермегендерін тамыр сабағымен қоса жұлып алып қалқа жерге іліп қойса, сапасын жоғалтпай піседі. Қызанақты жинаған кезде гүл табанымен үзіп алу керек.

Қызанаққа көптеген аурулар мен зиянкестер әуес. Инфекциялық аурулардан қызанақтың қысқы ауруы, картофель өрнегі, сұр және жапырақты шіру, фитофтора. Зиянкестерден ақ көбелек, бит, қызыл торлы қандала, темір құрттар. Су жеткіліксіз болса қызанақ жарылып қақырап кетеді.

2. 3 Қызанаққа зиян келтіретін нематодалар, кенелер, кеміргіштердің биологиясы таралуы және зияндылығы.

Галла (беріш) түзіші нематодалар - Meloidogyne Goel . Беріш түзуші түрлі терілі нематодалар гетеродерит тұқымдасына жатады. Фитогельминттердің ішінде төрт беріш нематодалары: явандық, арахис немесе құмды, оңтүстік және солтүстік ауыл шаруашылық дақылдарға аса зиян келтіреді. Олардың дене құрылысы, өмір сүруі және өсімдіктерді залалдауы ұқсас болып, соңғы екі түрі Қазақстанда кездеседі. Нематодалардың бұл түрлері оңтүстік аудандарда далалық егістерде және жылыжайларда кең таралған. Ал баска аймақтарда көбінесе ірі қалалар жанындағы жабық жайларда кездеседі. Зиянкестің жұмыртқалары мен дернәсілдері өсімдік тамырлары қалдықтарында тіршілігін жойған аналық нематоданың тері қабығың ішінде жіне топыраө астында қыстайды. Олардың дамуы көктемде топырақ температурасы 10-12 С жеткенде басталады. Дернәсілдер қыстайтын жерлерінен шығып, өсімдік тамырына еніп, біраз уақыт қоректеніп алған соң жыныс мүшелері жетілген ересек нематодаға айналады. Ауруға шалдыққан мәдени өсімдіктер әсіресе, қияр уақытынан бұрын солып, қурап қалады.

Қызанақ кенесі - Aculus (Vasates) lycopersici Massee. Эриофиид кенелер тұқымдасына жатады. Қызанақ кенесі - олигофаг. Кенелер қызанақтан басқа картоп, бұршақ және тағы да басқа дақылдармен қоректенеді. (1-сурет) Зиянкес алдымен дақылдың сабағы мен төменгі жапырақтан зақымдайды, содан соң жоғарғы жапыраққа ауысады. Өсімдіктің сабағы жарылады, ал жапырақтары қарайып, артынан солып, түсіп қалады. Бұл кене қызанақ өнімділігін 30 - 50 пайызға кемітеді.

a_lycop1.jpg

Олигофагтың қызанақпен қоректенуі (1-сурет)

Зиянкес жабық жерлерде қыстайды, ал қолайлы жағдайда олар жыл бойы дамиды. Ашық жерлерге қызанақ кенесі көшеттер арқылы тарайды. Жоғарғы ылғалдылықпен жоғарғы температура кененің дамуын бәсеңдетеді, ал жоғарғы ылғалдылық пен төменгі температура, керісінше зиянкеске ұнамды. Бір ұрғашы кене 50 дана жұмыртқа салады. (2-сурет) Оның өмірінің ұзақтығы 40 күнге созылуы мүмкін.

PUMILIO.jpg

Қызанақ кенесі (2-сурет)

Аламан - Cricetus cricetus Linnaeus , ел ішінде бұл кеміргішті алақоржын деп те атайды. Дене тұрқы 239 - 280 мм, салмағы 312 - 536 г. Арқасының жүні қызыл қоңыр, жауырыны ақ дақты, бауырының жүні - қара. (3-сурет)

cricet.jpg

Аламан (3-сурет)

Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Шөлді және шөлейтті аймақтарда өзен, көлдердің жағасында тіршілік етеді. Қоныстарында ін қазып тұрақты тіршілік етеді. Тек жаз айларында азық іздеп қоныстарынан 2 - 3 шақырымға дейін кетіп қалады. Астық, көкөніс қоймаларында кездестіруге болады. Аламан інінің басқа кеміргіштерден айырмашылығы - індерінде азық қорын жинайтын қоймасы болады. Олар күндіз інінде жатып тек күндіз ғана тіршілік қоректеріне кіріседі. Әр түрлі азықтармен қоректенеді. Көбінесе көк шөпті, жемісті, мәденижәне жабайы өсімдіктердің тұқымы мен тамырын жейді. Қысқа қарай қоймасына 10 - 18 кг дейін азық қорын жинайды. Бұл кеміргіш ұзақ қысқы ұйқыға кетпейді. Аламанның ұрпақ беруі наурыздың аяғында басталады. Аламан жылына 2 - 3 ұрпақ береді. Аламан ауыл шаруашылығына аса қауіпті кеміргіштердің бірі. Астық егілетін аудандарда маусым сайын әр аламан 8 килограммға жуық астық дәнін немесе 15 - 18 кг көкөністі жейді.

Эверсман атжалманы - Allocricetulus eversmani Brandt , дене тұрқы 150 мм, салмағы 95г. Түсі сарғылт-қоңыр, кеудесіне қара теңбілдері бар. (4-сурет) Шөлейтті және далалық аймақтарды мекендейді. Көбінесе егістік маңын, бау-бақшаларға жақын қоныстарды мекендейді.

Allocricetulus%20curtatus.jpg

Эверсман атжалманы (4-сурет)

Азығын іздеуге түнде шығады. Қоныстарында тұрақты тіршілік етеді. Қысқы ұйқыға кетпейді. Ұрпақ беруге ерте көктемде қар ерімей- ақ кіріседі. Жылына 3 - 4 рет балалайды, әр көбейген сайын 3 - 12 бала туады. Соқыр, жалаңаш жәрдемсіз туылған ұрпақтың салмағы 1, 3 г, денесінің ұзындығы 37, 4 мм. Атжалмандарды жыртқыш аңдар мен құстар және жыландар жем етеді.

Күресу шаралары.

Қызанақ нематодасымен күресу шаралары: Галла беріш түзуші нематодалармен күресу шаралары. Әр түрлі беріш нематодалармен күрес шаралары үнемі жүргізіліп, олардың мекендейтін жеріне қарай жою жұмыстары ұйымдастырылады. Ашық жерлерде күресу шараларынан бірінші орында агротехникалық тәсіл, екінші- химиялық, ал жабық жайларда - керісінше. Агротехникалық тәсілдермен ерекше орын ауыспалы егіс үлесіне тиеді. Егіске 4 - 5 жылдық мерзіміне қабылдағыш дақылдары егуге болмайды. Өсімдік қалдықтарын ұқыпты жинап жою, күннің ашық мерзімінде өнімді жинап, топырақты аударып, оны 1 - 1, 5 ай бойы жақсы кептіру керек. Мәдени өсімдіктің өсіп - жетілуі кезінде оған мыс, марганец, және бор тыңайтқыштарын беру. Жабық жайларда топырақты бумен қыздырып соңынан тоңазыту, кейде оны түлегімен ауыстыру сияқтышаралар жүргізіледі. Көкөніс егілетін жабық жайларда топырақты беріш нематодаларынан зарарсыздандыру үшін 1% формалин, 94-100% базамид түйіршігі қолданылады.

Қызанақ кенесімен күресу шаралары: жабық жерлерде өнімді жинап алғаннан кейін жылыжайдың ағаштан жасалған бөліктерін 40% формалин және тағы басқа инсекто - акаридциттердің біреуінің қоспасымен бүрку қажет. Ауыл шаруашылығы дақылдарында қызанақ кенесі пайда болғанда мына препараттардың біреуін пайдалануға болады: актеллик, 50 % к. э. (1, 0 - 1, 5л/га ), кельтан, 18% к. э. (2, 0 - 4, 0 л/га) немесе 1% суланатын коллоидты күкірт.

Қызанаққа зиян келтіретін кеміргіштермен күресу шаралары: жабық жайларда сұр тоқал тістілерден, егеуқұйрықтардан және қаптесерлерден зияндылық көбінесе көктемде байқалады. Бұларға қарсы улы еліктіргіштерді пайдаланады, оны жабық жайлардың шет- шетіне орналастырады. Еліктіргіш қалдықтардан мұқият жинап, оларды 60 - 70 см болатын топырақ астына көміп тастау керек.

Жабық жайларды мекендейтін кеміргіштерге қарсы негізгі күресу шараларыұйымдастыру жұмыстарына жатады. Ол үшін жабық жайлардың төңірегіндегі қоқыстарды жою керек. Жабық жайларда улы еліктіргіштерді үй жануарлары жеп кетпес үшін оларды арнайы жәшіктерге салып, олар толықтырылып отырады.

Көкөніс сақтайтын қоймалар көкөністерден бос кездері кеміргіштерден тазартылады және олардың қоймаларға өтіп кетуіне кедергі жасайды. Ал көкөністерді сақтау кезінде қоймалар ұдайы тексеріліп, қажетті жағдайда кеміргіштерге қарсы профилактикалық шаралар жүргізіледі.

Бау-бақшаға және үй жануарларына қауіп төнбей тұрған мерзімдерде егеуқұйрықтарға, атжалмандарға, кәдімгі тоқалтестілерге, су тышқанына қарсы улы еліктіргіштер пайдаланылады. Аламандар мен саршұнақтар қақпандармен немесе індерінде су құйылып ұсталады.

Қаптесер - Mus muscules Zinnaeus

Сырқы пішіні . Дене түрқы 100 мм аспайтын ұсақ кеміргіш, салмағы 10, 5-31, 0 г. Реңі сұр-қоңыр, бурыл-қоңыр болып келеді. (5-сурет)

Таралуы және сан мөлшері . Адамдардың көмегімен дүние жүзіне таралған. Қазақстанда қаптесерлер барлық жерлерде кездеседі. Сан мөлшері көп.

http://www.azoresbioportal.angra.uac.pt/imagens/Imagenes/Novembro24/V_Mus_musculus2.jpg

5 - сурет. Қаптесер

Биологиясы . Үйлерде, үй маңайындағы құрылыстарда және табиғи жағдайда тіршілік ете береді. Дала және шөлді аймақтарда өзен және көлдердің жағаларын мекендейді. Тіршілігінің негізгі ерекшелігі - маусымдық қоныс аударуы болып табылады. Көктемде үйлер мен кұрылыстардан далаға, бау-бақшаларға, егіс, көкөніс алқаптарына, күзде қайтадан құрылыска қайтып оралады. Үйлерде кабырғаны, еденді кеміріп, ін қазады. Негізгі тіршілігі түнде өтеді. Азығы тіршілік еткен ортасына байланысты. Үйлерде немесе астық қоймаларында мекендейтіндері нан мен астықты қорек етеді. Табиғи ортада өмір сүретіндері ауыл шаруашылығы дақылдары мен жабайы өсімдіктердің тұқымдарымен қоректенеді. Қысқа аздап азық жинайды, қысқы ұйқыға кетпейді. Қаптесерлер жыл бойы көбейе береді. Үйлерде, құрылыс алаңшаларында қыс айларында да өсіп жетілсе, ал далада бұл процесс тек жылдың жылы кезінде ғана өтеді. Қазақстанның солтүстігінде шағылысқаннан кейін 20 күн өткеннен соң 5-тен 14- ке дейін, оңтүстігінде 1-ден 11-ге дейін бала туады. Жаулары - барлық жыртқыш құстар мен аңдар. Қаптесерлер денесінде кенелер, бүргелер, паразит құрттар, кокцидиялар кездеседі. Сондықтан да олардың тулярямия, оба және т. б. ауруларды таратуға қатысуы ықтимал.

Шаруашылық, маңызы. Тамақ өнеркәсібіне, ауыл шаруашылығы дақылдарына, үй мен коймаларға үлкен зиян тигізеді. Түрлі індеттер таратады. Жыртқыш андар мен құстардың негізгі қорегі.

Зорман - Citellus fulvus Lichtenstein, 1823

Сыртқы пішіні. Саршұнақтардың ішіндегі ең ірісі. Дене тұрқы 23, 0-37, 0 см, салмағы 700-1600 г. Арқасының реңі құм түстес. сары-қара, қоңырлау болып келеді, бауыры ашық сарғылт. (6-сурет)

http://www.darwin.museum.ru/expos/zoogeo/Images/8_11B.jpg

6-сурет. Зорман

Таралуы және сан мөлшері. Жайық өзенінен бастап, Оңтүстік және Орталық Қазақстанда, Орта Азияда, Солтүстік Иранда жөне Ауғанстанда таралған. Ол Атырау, Батыс Қазақстан облыстарынан бастап Іле өзеніне дейінгі аралықта жатқан шөл және шөлейтті өңірлерді мекендейді. Зорман әсіресе, Ақтөбе (ЬІрғыз, Қарабұтақ аудандары), Қостанай (Аманкелді, Жанкелді аудандары), Қарағанды (Жезді, Ұлытау аудандары), Алматы (Жамбыл, Қарасай аудандары) облыстарында өте көп таралған. Жамбыл облысында Қордай, Шу, Меркі, Құлан және Мойынқұм аудандарында бұл кеміргіш көптеп кездеседі.

Биологиясы. Негізгі мекені - сазды топырақты шөлді қоныстар, құмды төбелер, шөлейтті жазықтар. Мал фермаларының маңайын, жол мен арық, сай-сала жиектерін мекендеуді ұнатады. Қоныстарында тұрақты тіршілік етеді. Тұрақты және уақытша тұратын індері болады. Жатағынан таңертеңгілік және кешкілік мезгілдерде шығып жайылады. Негізінен шөптесін өсімдіктердің 30-40 түрімен қоректенеді. Олардың ішінде бағалы азықтық шептер - бидайық, бетеге, жусан, жабайы жуа, изен және т. б. бар. Сондай-ақ зорман құрғақшылық жылдары түрлі қоңыздарды, шегірткелерді, құмырсқаларды және бунақденелілердің тағы басқа түрлерімен қоректенеді. Зорман қыста ұйқыға кететін кеміргіш, ал құрғақшылық жылдары жазда да ұйықтайды. Батыс және Орталық Қазақстанда қысқы ұйқыдан наурыз айының екінші жартысында тұрса, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарда ақпанның аяғында оянады. Көктемде бірақ рет шағылысқан соң 30 күннен кейін 1 ден 9-ға дейін бала туады. Жалаңаш, соқыр, жәрдемсіз зорманның туылғандағы салмағы 15 г, денесінің ұзыңдығы 60 мм болады, 10 күннен кейін жүні денесін жабады. 22 күннен кейін көздері ашылады; 251 күнде зормандар інінен шығады. Бұл саршұнақтың жаулары - сасық күзен, шұбар күзен, түлкі, қарсақ, қасқыр, жамансары, тілеміш, қарақұс, бүркіт, кезқүйрық жөне т. б. жыртқыш хайуанаттар. Денесінде үй жануарларына және адамға ауру тарататын кенелердің 9 түрі кездеседі.

Шаруашылык маңызы. Зорман ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкесі. Ол бидай, қара бидай, арпаны, қарбыз, қауын, жүзім отырғызылған жас ағаштарды кеміріп, зақымдайды. Зорман саршұнақтар ішіндегі ең ірісі және терісі өте құнды кеміргіш болып саналады. Оны кәсіптік жолмен аулау наурыз-сәуір айларында өтеді. Республикамызда жыл сайын орта есеппен 450-500 мың зорман терісі дайындалады. Әрине, бұл көрсеткіш мүмкіншіліктен көп төмен. Ғалым мамандардың есебі бойынша Қазақстанда бұл аңның жылына 1, 0-1, 5 миллиондай бағалы терісін дайындап тұруға болады. Ол үшін аңшылық шаруашылығын дұрыс ұйымдастыру мәселесін шешу қажет-ақ. Оның терісінен әйелдер мен балалардың сырт және бас киімдері тігіледі. Бұл аңның сондай-ақ, еті мен майы да сапалы.

Күресу шаралары

Нематодаларға қарсы күрес шаралары: Ауыспалы егісті енгізу және оны меңгеру. Нематода таралған танаптарға алабота және шаршыгүлділер тұқымдастарына жататын мәдени өсімдіктерді егуге тиым салу, ал қызылша дақылын егістікке 4-5 жылдан кейін егу. Өнімді жинаған соң егістік жерді өсімдік қалдықтарынан тазартып, қыртысты аудара терең сүдігер жырту. Егістік, оның айналасы, жол және арық жағаларындағы арам шөптермен жүйелі түрде күресу. Қызылша көктеп шыққан соң азот, фосфор және калий тыңайтқыштарын беру.

Ауыспалы егіс жүйесін дұрыс сақтау, нематодамен залалданған танапқа дақылды кемінде 3-4 жылға дейін қайта егуді жоспарлау. Өнім жинағаннан соң егістік жерді өсімдік қалдықтарынан тазартып, терең сүдігер жырту.

Жабық жайларда топырақты бумен қыздырып, соңынан тоңазыту, кейде оны түгелімен ауыстыру сияқты шаралар жүргізіледі. Көкөніс егілетін жабық жайларда топырақты беріш нематодаларынан зарарсыздандыру үшін 1% формалин, 94-100% базамид түйіршігі (40-60 г/м 2 ) қолданылады.

Кенелерге қарсы күресу шаралары:

Ауыспалы егісті ендіру және дақылдар егу кезегінің ретін сақтау, егістік танаптарды және олармен шектес арық бойы, жол жағаларында арам шөптерді жою, өнімді жинап алған соң егістік жерді өсімдік қалдықтарынан тазалап, терең етіп сүдігер жырту.

Ерте көктемде (наурыз, сәуір айларында) өрмекші кенені жою үшін егістердің айналасындағы арам шөптерді (1 шаршы метрьжерге келетін кененің саны 20 данадан асқанда) нитрофеннің 65% пастасымен (40-75 кг/га + 1000л су) бүрку қажет.

Кенелерге қарсы екінші, үшінші және одан кейінгі жою шаралары кезінде мынадай препараттарды қолдануға болады: аполло 50 % с. к. (0, 4-0, 6 л/га), актеллик 50% к. э. (0, 3-1, 5 л/га), Би-58 40% (1, 5-2, 5 л/га), вертимек 1, 8% (0, 3 л/га), данитол 10% к. э. (1-1, 5 л/га), золон 35% к. э. (2-3 л/га), неорон 50% к. э. (1, 5-2 л/га) . Жұмсалатын жұмыстық сұйықтықтың мөлшері 600 л/га.

Жабық жерлерде өнімді жинап алғаннан кейін өсімдіктерді және сонымен қатар жылыжайдың ағаштан жасалған бөліктерін 40% формалин ерітіндісімен (2, 5 л/га) және инсектоакарицидтердің біреуінің қоспасымен бүрку шараларын жүргізу қажет.

Зябь жырту, арықтар бойы мен жолдардың жағаларын өсімдік қалдықтарынан тазарту, арам шөптерді құрту кененің санын азайтады. Агрохимикаттардан инсекто-акарицидтерді кеңінен пайдалануға болады.

Ауыл шаруашылығы дақылдарына зиян келтіретін тышқан тәрізді кеміргіштермен күресу шаралары

Тышқан тәрізді кеміргіштермен күресу жұмыстарын жүргізгенде профилактикалық және агротехникалық шаралардың маңызы өте зор. Тышқан тәрізді кеміргіштерге қарсы күресуде олардың зиянкестік әрекетін болдырмаудың бірінші кезектегі кепілі алдын алу шаралары. Оларға егістік жердің топырағын дұрыс өндеу, арамшөптерді отау, астықты төкпей-шашпай жинап алу, егістіктен сабанды уақытыңда тасып әкету, егіс төңірегіндегі қураған шөптерді құрту және т. б. жатады. Механикалық тәсіл - қақпандар мен тұзақтарды пайдалану. (7-сурет) Қазіргі кезде биологиялық тәсіл үшін қолданатын жыртқыштардың маңызы өте зор. Бұл жыртқыштар түріне дала бүркіттері, кезқұйрықтар, қаршығалар, үкілер, жапалақтар, ақ тышқандар, күзендер, түлкілер, қарсақтар жатады. Тышқан төрізді кеміргіштер жаппай көбейгенде оларға қарсы уландырғыш еліктіргіштерді қолдануға болады. Олар фосфид мырышы және глифтор.

http://dezvektor.ru/images/stories/izobrazheniia_saiyta/oborudovanie/mehanicheskie_lovushki/otkrytaia_trappm.jpg

7- сурет. Тышқандарға арналған қақпан

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызанақ көшеттерін өсіру
Бүлдірген нематодасы
Бүлдірген дақылын өсіру технологиясы
Қант қызылшасы дақылының өсіру технологиясы
Алматы облысы Ақсу ауданының табиғи - климаттық жағдайы
Картоп дақылын өндіру
Мақта дақылы
Батыс Қазақстан облысы жағдайында кеміргіштерге жасалған фитосанитарлық мониторингтар, саны, зияндылығы және олармен күресу шаралары
Сұлыны өсіру технологиясы
Сұлы дақылының технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz