Егістіктегі жұмыстар


Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2. 1 Егістіктегі жұмыстардың технологиясы
2. 2 Себу, күтіп баптау, сұрыптау жұмыстары
2. 3 Жинау және есептеу жұмыстары
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақстанда өсімдіктер селекциясы саласындағы жүйелі зерттеулер 20 ғ-дың 30-жылдары басталды. Өсімдік сорттары мен гибридтерін шығарудағы негізгі мақсат - өсімдіктің өнімділігін, аязға, қуаңшылыққа төзімділігін арттырып, аурулар мен зиянкестерге қарсы тұру қабілетін күшейту, т. б. Қазіргі кезде жеміс-жидектің, дәнді дақылдардың, картоптың, көкөніс-бақша дақылдарының, т. б. бірнеше сорттары.
Өсімдік селекциясы (лат. selectіo - таңдау, сұрыптау) - ауыл шаруашылықтың өсімдіктерінің жаңа сорттарын, гибридтерін шығаратын және бұларды шығару әдістерін зерттейтін ғылым, өсімдік сорттары мен гибридтерін шығару әдістері туралы ғылым. Өсімдік селекциясы ғылым ретінде агрономия ғылымы саласына жатады, бірақ егіншілікке, агрохимия, өсімдік өсіруге қарағанда селекция ғылымы өсімдіктің өз табиғатына әсер ету жолдарын іздеп, тұқым қуу қасиетін қажет бағытқа өзгертуді көздейді. Сондықтан өсімдік селекциясының теориялық негізі - генетика. Өсімдік селекциясы ботаника, цитология, өсімдік физиологиясы, өсімдік өсіру, экология т. б. ғылымдар мен тығыз байланысты. Өсімдік селекциясы жұмыстары нәтижесінде шығарылған жаңа сорттарды өндіріске енгізу - алғашқы шыққан өндірісі өнімін арттырудың ең бір тиімді әдісі.
2. 1 Егістіктегі жұмыстардың технологиясы.
Сыналатын сорттар мен селекциялық материалдардың салыстырылатындығы - селекциялық процесті ұйымдастырудың ең маңызды талаптарының бірі. Селекциялық питомниктер мен сорт сынау учаскелерінде барлық жұмыстарды бір мезгілде және жоғары сапалы етіп өткізу қажет. Көң мен минералдық тыңайтқыштардың құрамы бойыншабіркелкілерін енгізу, оларды учаскеге біркелкі етіп бөлу және бірдей тереңдікке сіңіру керек. Учаскені бөлшектей отырып, мөлдектерде атыздардың құламауын, Бұлінбеуін бақылау қажет.
Себу - сорт зерттеу процесіндегі ең жауапты жұмыстардың бірі. Селекциялық питомниктер мен сорт сынау учаскелерінде тұқым себу үшін трактор аспалары, қолмен тұқым себетін және егетін машиналар қолданылады. Кезкелген сорт сынау питомнигі мен учаскесінде тұқым себу бір күн ішінде бітуі тиіс. Себілген тұқымның біркелкілігі мен тереңдігіне мұқият бақылау жасау қажет. Сорт сырауда тұқымдық материалды дайындау және тексеру, себу нормаларының есебі, тұқым себетін машинаны құру өте маңызды.
2. 2 Себу, күтіп баптау, сұрыптау жұмыстары
Селекциялық егісті күту. Селекциялық егісті үлгілі етіп үстау керек. Барлық зерттелетін сорттар үшін біркелілікті сақтай отырып, оларга дер кезінде және мұқият күтім жасайды. Сорт сынау уческесіндегі және питомниктердегі қатар аралықтары мен жолдар борпылдақ жұмсақ күйде ұсталуы және арам шөптерден мүлде таза болуы керек.
Селекциялық орталықтарда селекциялық питомниктердің қатараралықтарын өңдеу үшін, МР-300 ротациялы шабықтаушы жасалған. Ол еңбек өнімділігін 20 есе, кейде одан да көп арттырады. Топырақтың қатараралығын өңдеу және қатарлары кең селекциялық питомниктерде арам шөптерді жою үшін, төрт қатарлы РФ-4 фрезер қопсытқышы қолданылады.
Сұрыптау - селекцияның негізгі тәсілі . Сұрыптау дегеніміз - жануарлар қолтұқымын, өсімдіктер іріктемесін және ұсақ ағзалардың таза дақылдарының жаңа туындыларын шығарудың теориялық негіздері және әдістерін жетілдірумен шұғылданатын ғылым. Осы тұрғыдан алғанда сұрыптау XIX ғасырдың ортасынан бері өмір сүре бастады, өйткені сұрыптаудың теориялық негізі генетика және эволюциялық теория болып табылады.
Сұрыптау тәсілдерін жіктеу . Органикалық дүниенің эволюциялық даму теориясында Ч. Дарвин ауыл шаруашылығында жаңа асыл мал тұқымдары мен өсімдік сорттарының және жаңа түршелер мен түрлердің пайда болу негізі бір ғана ортақ бағыт сұрыптау екендігін анықтады. Ч. Дарвин табиғи және қолдан сұрыптау ғылымының негізін салды. Табиғи сұрыптау ұзақ мерзім ішінде жүретін құбылыс. Қоршаған табиғи жағдайда, осы ортаның әсерінен түрлі өзгерістерге ұшырап, бейімделе алатын, икемділік қасиеттері бар тіршілік қана ұрпақ беріп, тірі қалады. Икемделіп, бейімделе алмаған организмдер құрып кетеді.
Даму құбылысының ең кішкенебірліғі-бір үрпақтың өмірі. Бір немесе бірнеше ұрпақта қосылыстарында(популяцияда) жүргізілген сұрыптаулар болашақ үрпақтарда аса анық болмаса да белгілі әсер жасап, із қалдырды.
Табиғи сұрыптау қоршаған ортада екі бағытта жүреді: олар үнемі даму және тұрақты немесе тоқталған сұрыптау.
Үнемі даму сұрыптауы кез келген ұрпақтар қосындысында (популяцияда) жаңа өзгерістің (мутация) немесе бірнеше өзгерістер қосындылары (комбинация) болуын қамтамасыз етеді, Өмір сүретін орта жағдайлары өзғергенде, тіршіліктің оған тез икемделуі керек.
Тоқталған немесе тұрақты сұрыптау ұрпақтағы тұқым қуу қасиеттерінің тұрақтылығынан, бірнеше ұрпақ (популяциядағы) бойынша тіршіліктің бір-бірінен айырмашылығының болмауына жағдай жасайды.
Қолдан сұрыптау арқылы қазіргі бүкіл малдардың тұқымдары мен өсімдіктер сорттары шығарылған. Адамдар колдан сұрыптау арқылы табиғатта бұрын болмаған, жаңа тіршілік ала алатындығын Ч. Дарвин баса айтқан болатын.
Сұрыптаудың негізі - организмдердің өзгергіштігі және тұқым қууы болып саналады, бірақ қол қасиеттер адамға қажетті белгілері бар жаңа формалардың не себептен пайда болатындығын түсіндіре алмайды.
Пайдалы жаңа қасиеттер тек сұрыптау арқылы алынады. Американың атақты селекционері Л. Бербанк тәрбиелеу немесе қоршаған ортаның қандай күшті құбылысы болмасын, ғасыр бойына әсер етсе де, сұрыптаусыз, селекция жетістігіне байқаларлықтай із қалдырмайтындығын көрсеткен (атап өткен) болатын.
Өсімдіктердің көбею және тозандау тәсілдеріне байланысты сұрыптау тәсілдері
Қоршаған ортаға байланысты пайда болған өсімдік топтарының өз ерекшеліктері болады. Сұрыптау нәтижесінде құрғақшылық аймақтарында пайда болған өсімдіктер топтары ылғалды жерде пайда болған топтарға қарағанда өнімді аз береді, масақтары қысқа, ал дәндері ұсақ келеді. Бұл икемделгіш көрсеткіші мен өсімдік өнімінің кері байланыста болатындығымен түсіндіріледі. Құрғақшылық жерлерде, кейбір өсімдіктерде жоғары өнім беретіп белгілері болуы да мүмкін, бірақ олардың құрғақшылыққа төзімділігі төмен болады. Масақтардың кішілеу, дәндерінің ұсақ болғандары ғана, ірі масақты және ірі дәнділерге қарағанда құрғақшылыққа төзімді келеді, ал сұрыптау осылардың ұрпақтар ішінде алғашқысының көбейіп, екіншілерінің құрып кетуіне ұшыратады. Өте сирек болса да, құрғақшылық аудандарда пайда болған ұрпақтардың ара сында икемделгіш келген, ұсақ дәнді ұрпақтарды ығыстырып шығаратын ірі дәнді өсімдік топтары болуы мүмкін. Осындай өсімдіктер селекцияда аса бағалы ұрпақтар болып саналады. Егер құрғақшылық аудандарда ірі дәнді өсімдіктер, ұсақ дәнді топтардан басым болса, олардын тұқым қуушылық қасиеттерінің - соның ішінде тамыр жүйесінің жақсы дамып немесе аса көп жарық мөлшеріне икемділгі болғандығын, құрғақшылыққа төзімділігі жоғары өнімділігімен қатар жүріп, кейбір заңдылықтың бұзылатындығын байқатады.
Сонымен, барлық селекциялық тәжірибелер, Ч. Дарвиннің табиғи даму ғылымына сәйкес, өзгергіштік өздігінен икемділік жасап алмай, жаңа тіршілік топтарын және өсімдік сорттарын шығара алмайтындығын дәлелдейді.
Селекцияның мақсатына байланысты сұрыптау жекелеген немесе бірнеше, не көптеген белгілерін ескеру арқылы жүргізіледі. Біржақты, өсімдіктің басқа ерекшеліктерін ескермей, тек бір белгісіне қарап жүргізілген сұрыптау, егер өсімдіктің өнім құраушыларына немесе өнім мөлшеріне әсер ететін, қалыптасқан құбылыстардың өзгеруіне ұшыратса, кері нәтиже беруі де мүмкін. Айталық, тек тұқымның ғана ірілігіне қарап жүргізілген сұрыптау, бір уақытта осы өсімдіктердің тамыр жүйесінің дамуын ескеріп жүргізілмесе, нәтижесіз болып есептеледі. Дәннің ірілігін сұрыптау арқылы бекіту, көп жағдайда масақтағы дән санының азаюына әкеліп соғады. Жекеленген аудандар үшін өсімдік өсіп-өну мерзімдерінің өзіндік қолайлы ұзақтығы болады, ол мерзімдерден ауытқу - өнімнін азаюына соқтыруы мүмкін. Сондықтан, тек тез пісуіне қарап жүргізілген сұрыптау, кейбір ауа райы жағдайларында өсімдік өнімінің азаюына ұшыратуы мүмкін, қант қызылшасы тамыр түйнегін үлкейту бағытында жүргізілген сұрыптау көп жағдайда оның құрамындағы қант мөлшерінің азаюына әкеледі және т. б.
Өсімдіктерді сұрыптау кезінде аса көңіл аударылатын басты көрсеткіштер - әр гектардан алынатын өнім мөлшері, өсірілетін ортаның қолайсыз жағдайларына (қуаңшылық, құрғақшылық, суық және т. б. ) төзімді, алынатын өнімнің жоғары сапалы, ауру және зиянкестерге төзімді болуы, өндіру, өсіру, баптау, жинау жұмыстарында техникаларды пайдаланудың икемділігі.
Кейбір дақылдарда, жоғарғы өнім және онан алынатын пайдалы өнім арасындағы кері байланыстық болатындығын естен шығармаған дұрыс. Мысалы, біздің еліміздегі және шетелдерде соңғы 30-40 жыл бойына, қант қызылшасы селекциясының болашағы мол әдісі - бір рет сұрыптау арқылы жоғары қантты линиялар шығарып және болашақта оларды өзара шағылыстыру арқылы мол өнімді гетерозистік қасиеттері бар будадар алу болып отыр.
Селекция тәжірибесінде сұрыптаудың екі әдісі қолданылады: жалпылама және жекелеп сұрыптау. Ол әдістеменің әр қайсысы алға қойылған селекцияның мақсатына, гүлдеу биологиясына, алғашқы шығу тегіне және басқада жағдайларға байланысты.
Жаппай сұрыптауда алғашқы оз ерекшеліктері бар ұрпақтар тобы бір мезгілде коптеген жүзден, бірнеше мыңға дейін жетеді. Сұрыптауды көп жағдайда кәдімгі егістікте жүргізеді, ол егістіктен болашактағы сортқа ұқсас белгілер тобы бар жақсы өсімдіктерді таңдайды.
Барльгқ тандалып алынган өсімдіктердің сүрыптау мақсатына сай келетіңдігі, дәнінің толыктығы, аурулармен зақымданбағандьгғы және т. б. лабораториялық жағдайда қаралады. Кейбір жарамсыз белгілері бар өсімдіктерді боліп тастайды. Тандау жүргізілгеннен кейін алынган барлық өсімдік тұқымдары біріктіріліп араластырылады да, келесі жылы бірге, себіледі. Сонда, жаңа сорт сұрыпталып алынган жақсы өсімдіктердің ұрпақтары больш саналады.
Кейбір жағдайда алғашқы ұрпақтың қажеті қасиеттері бір рет
Жаппай сұрыптау әдісінің басты артықшылығы - оңайлығы, тездігі және кез келген жағдайда жүргізуге болатындығы. Осы артыкшылығын пайдаланып, бұл сұрыптауды ғылыми-зерттеу мекемелерінде ғана емес, ондіріс жагдайында да пайдалануға болады.
Жаппай сұрыптау әдісіне тән кемшіліктер, жекелей сұрыптау өдісін пайдалану арқылы жойылады.
Жекелей сұрыптау бұл әдістің негізі - жекелеген өсімдіктерді сұрыптап алып, болашақта әрқайсысынан алынган ұрпақтарды жекелей сақтау, көбейту. Алғашқы тандалған өсімдіктердің ұрпактарын көп рет тексеруден өткізеді.
Әлсіз, кездейсоқ сүрьшталған өсімдіктер жарамсыз деп табыльш, шетке шығарылады. Өсу ортасының бірдей жағдайында, әр түрлі жылдары таңдалып алынган жүздеген өсімдіктердің ұрпақтары салыстырылады. Сондыктан ол өсімдіктердің тұқым қуалаудағы, генотиптік және тұқым қуалау тұрақсыздыгы, фенотип өзгергіштігіндегі айырмашылықтар анықталып, соның аркасында ең жақсы өсімдік ұрпақтарын тандап, көбейтуге жағдай жасалады.
Өздігінен тозанданатын дақылдармен жұмыс істегенде, әдетте бір рет жекелей сұрыптау қолданылады. Алғашқы ұрпақтар ретінде табиғи, будандық және бір-бірінен айырмашылықтары бар ұрпақтар (мутанттар) пайдаланылады. Тандап алынған табиға бір өсімдіктің ұрпақтары - линиялық деп аталады, оның негізінде алынган сорт -линия, ал тандалып алынған будан
Өздігінен тозандатылған өсімдіктерге бір рет жүргізілген ұрпақтары будандық линия, одан алынған сорт -
будандык сорт
деп аталады.
Өздігінен тозанданатын дақыл сорттарының басым көпшілігі табиғи өсімдіктерді немесе будан қосындыларын жекелей сүрыптау әдісін қолдану аркылы алынған.
Будан қосындыларынан жекелей сұрыптау арқылы төмендегі атақты селекциялык сорттар шығарылған. Олар: күздік бидайдың Безостая 1 және Кавказ, жаздық бидайдың Саратов 29 және Мелянопус 26, жаздық арпаньщ Нутанс 244 және Москвалық 121, сұлыньщ Львовтык 78, тарыньщ Саратов 2, ас бұршактың Рамондық 77 және т. б. коптеген сорттары.
Жекелей сұрыптау әдісімен шығарылған сорттар, өздерінің жоғары біркелкі ұрықтық (гомозиготалык) қасиетіне байланысты, әдетте өзінің шаруашыльгқ-биологиялық қасиеттерін көп ұрпақтар бойьша жақсы сақтайды.
Мысалы, күздік бидайдың Безостаұ 4 сортынан сорт ішіндегі қайталап сұрыптау арқылы Безостая 1 сорты шығарылған. Осы әдіспен жаздық бидайдың Шортандинка сортынан Пиротрикс 28, тарының Мироновтық 85 сортынан - Мироновтық 51, күріштің Красноармиялық 173 сортынан - Кубань 9 сорттары және т. б.
Педигри әдістемесі (Ағылшын тілінен алынған padigree - тектілік, генеалогиялық деген ұғымды білдіреді) . Кейде өздігінен тозаңданатын дақылдардың будан қосындыларында жекелей сұрыптау бірнеше рет қайталанады, ал таңдалып алынған өсімдік ұрпақтары, шыққан тектері кеп жылдар боны белгілі болғандықтан, олармен салыстырып отырады. Осы әдіспен жүргізілген селекциялық жұмыс ең сапалы (элиталық) өсімдіктердің тек екінші (Ғ 2 ) ұрпағынан басталады. Сұрыпталған өсімдік туыстарын (линияларын) жекелей себеді. Үшінші (Ғ 3 ) ұрпағында нашар өсімдіктерге өте қатты шеттету жүргізіледі, егуге қалдырылған туыстарға қайтадан жақсы өсімдіктерді жіктеу үшін, қайтадан жекелей сүрыптау қолданылып, келесі ұрпақтарда да тексеру жүргізіледі. Шаруашылыққа қажетті қасиеттері және морфологиялық белгілері түрақты болғаннан кейін (көбінесе бесінші, алтыншы ұрпақтарда), өзара қосады да, ең сапалы туыстарды салыстыру арқылы селекциялық және бақылау питомниктеріне егеді
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz