Аналықтың құрылысы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНСИТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Жеміс көкөніс шаруашылығы, химия және өсімдік қорғау » кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы : «Аналықтың құрылысы. Мегаспорогенез. Аталықтың құрылысы. Микроспорогенез. Қосарлана ұрықтану процесі. »
Орындаған: АГ-101 топ студенті Әміреева Г. М
Қабылдаған: аға оқытушы Асылова Р. Н
Алматы-2017 жы
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. 1 Аналық пен аталықтың құрылысы
1. 2 Мегаспорогонез. Ұрық қалтасының дамуы.
1. 3 Микроспорогенез
1. 4 Қосарлы ұрықтану процесі
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
1. 1Аналық пен аталықтың құрылысы
Аналық - гүлдің жеміс түзуге қатысатын негізгі бөлімі, гүлдің дәл ортасында орналасады.
Аналықтың құрылысы:
1. Аналық аузы;
2. Мойны;
3. Жатыны.
Аналықтың аузы - өсімдік түріне қарай түрліше домалақ, үлпекті, қостелімді, көптелімді болып келеді. Аналық аузынан жабысқақ сұйықтық бөлінеді, тозаңның аналық аузына түсіп, тез өнуіне жағдай туғызады. Аналықтың мойны - аузы мен жатынын жалғастырып, басқа бөлімдерінен жоғары биіктетіп тұрады. Мойны болмайтын аналық: көкнәр, қызғалдақ. Аналықтың жатыны - аналықтың ең негізгі бөлігі бір және көп ұялы. Жатынның ішінде бір немесе бірнеше мыңдаған тұқымбүршігі бар. Жатынның сыртын екі қабат қабықша қаптайды. Тұқымбүршігінің ішіндегі ұрық қалтасында жұмыртқажасуша болады. Сондықтан ұрықтану аналықтың ішінде жүреді.
Гүл бөліктерінің орналасуына қарай жатын: үстіңгі жатын, төменгі жатын және жартылай төменгі жатын деп бөлінеді.
Үстіңгі жатын гүл кіндігіндегі (табанындағы) гүл серігімен кірікпей бос, дара орналасады, оның қабырғалары жеміс жапырақшаларынан ғана пайда болады. Егер осындай аналық жатынның түбіне гүл серігі, аталық сияқты гүлдің қалған бөлімдері орналасса, ондай гүл аналық асты гүлі деп аталады.
Төменгі жатын ойыс гүл табанымен, гүл серігі және аталықтардың негізімен толығынан кірігіп кетеді. Гүл бөліктері жатынның жоғарғы деңгейінде орналасады. Төменгі жатынды гүл аналық үсті гүлі деп аталады.
Егер жатын ойыс құмыра тәрізді гүл табанымен (гипантий) кірікпей орналасса, онда оны ортаңғы жатын деп, ал гүл деңгейлес гүл деп аталады.
Аталық құрылысы.
Аталықтың құрылысы:
1. Аталық жіпшесі;
2. Тозаңқабы;
3. Тозаңдар.
Жіпше - аталықтың жіңішкерген жері. Тозаңқап - бір - бірімен байланысқан екі бөліктен тұрады. Әр бөлігінде 2 - ден тозаң ұясы бар. Тозаңқапта мыңдаған тозаң түйіршіктері түзіледі, пісіп - жетілгенде тозаңдары сыртқа шашылады. Тозаң - сыртқы және ішкі қабықшасы бар жасуша, пішіндері де алуан түрлі. Тозаңдар сырттай қарағанда ұнтақ тәрізді. Атқаратын қызметіне қарай сыртқы қабықшасы қалыңдап өзгереді. Тозаңның құрамында май, қант, минералды тұздар, нәруыз, витаминдер бар. Аталық - гүлдің көбеюге қатысатын мүшесі. Гүлде бірден бастап жүздеген аталыққа дейін болады. Әрбір аталық - аталық жіпшесінен және кеңейген жері тозаңқаптан тұрады. Тек магнолия өсімдігінің гүлінде аталық жіпшесі болмайды. Тозаңқап бір-бірімен байланысқан екі бөліктен құралған. Тозаң - сыртқы және ішкі қабықшасы бар жасуша. Тозаңының пішіндері де алуан түрлі. Тозаң сырттай қарағанда ұнтақ тәрізді.
1. 2 Мегаспорогонез.
Мегаспоралардың пайда болуы мегаспорогенез деп аталады. Мегаспорогенез - тұқым бүршіктерінде жүретін процесс. Тұқым бүршіктерінің жоғарыда қарастырылған құрылысы қалыптасқаннан кейін нуцеллустың субэпидермальды қабатының бір жасушасы көлемін ұлғайтып өсе бастайды. Бұл - археспориальды жасуша немесе мегаспоралардың аналық жасушасы. Диплоидты жасуша мейоз жолымен бөлініп, оның гаплоидты мегаспоралар тетрадасы пайда болады. Осыдан кейін ұрық қалтасы - аналық гаметофиттің қалыптасуы (мегагамметогенез) басталады. Одан ары төрт мегаспораның үшеуі жаншылып ыдырайды. Әдетте осылардың біреуі ғана, яғни тұқым бүршігінің халаза жағындағысы дамуын жалғастырады.
Мегаспора жасушасы көлемін ұлғайтады, оның ядросы митоз жолымен кезектесіп үш peт бөлінеді. Бірінші бөліну кезінде екі ядроның ортасындағы ірі вакуоль ұзарған жасушаның екі полюсіне ығысады. Бұдан кейін бұл ядролардың әрқайсысы екіден бөлініп, әр полюсте төрттен ядро қалыптасады. Бұл - ұрық қалтасы дамуының сегіз ядролық кезеңі. Одан әрі әр полюстен бір ядро бөлініп (полюстік ядролар), ұрық қалтасының ортасына қарай жылжиды. Бұлар ұрықтануға дейін, кейде одан кейін қосылады. Қосылу нәтижесінде ұрық қалтасының диплоид хромосомалы орталығы немесе соңғы ядросы пайда болады. Полюстерде қалған ядролар цитоплазмамен қоршалып, жасушаларға айналады да, бір-біріне жанаса тығыз орналасады. Микропиле полюсіндегі көлемінің үлкеңдігімен ерекшеленетін жасушаның біреуі аналық гаметаға - жұмыртқа жасушасына айналады. Оның жанындағы көлемдері шамалас екі жасуша синергидтер деп аталады. Жұмыртқа жасушасы мен оның синергидтері жұмыртқа аппаратын түзеді. Халаза полюсіндегі үш ядро дараланып дербес жасушаларға айналады. Бұл жасушалар антиподтар деп аталады.
Сөйтіп жабық тұқымды өсімдіктің жалғыз мегаспорасы тұқым бүршігінің (мегеспорангияның) ішінде өсіп жетіліп, жеті жасушалы аналық гаметофитті өмірге әкеледі. Жабық тұқымдылардың аналық гаметофиті өте қатты редукцияланған. Сырттай қарағанда аналық гаметофит қапшыққа ұқсайды. Оның ұрық қалтасы деп аталуы да осыдан. Ұрықтанудан кейін жұмыртқа жасушасынан (аналық гамета) ұрық, орталық жасушадан эндосперм жетіледі.
1. 3Микроспорогенез
Аталық гаметофит. (Тозаңның жетілу) . Микроспоралардың пайда болуы микроспорогенез делінеді. Бұл аталық тозаңқабының тозаң ұясында - микроспорангийлерде жүреді .
Дамуының бастапқы кезінде тозаңқап біркелкі жасушалардан тұрады, олардың сырты эпидермамен жабылады. Осы эпидерманың астыңғы жағынан алдағы уақытта төрт тозаң ұясы пайда болатын жерлерден жасушалардың субэпидермальды қабаты түзіледі. Субэпидермальды қабат жасушаларының тангентальды бағытта параллель бөлінуінен кенет қалыңдаған екі қабат пайда болады. Ішкі қабат жасушаларының бөлінуінен археспориальды, ал сыртқы қабаттан париетальды жасушалар түзіледі.
Париетальды жасушалардан, эндотеций немесе фиброздық қабат, аралық қабат пен тапетум немесе төселмелі қабаттардан тозаңқаптың қабырғасы дамиды.
Фиброздық қабат - бұл қабаттардың эпидермамен беттесіп жатқан ең сыртқысы. Бұл қалыңдаған серіппелі және торлы жасуша қабықшаларынан тығыз орналасқан ірі жасушалардың бір немесе бірнеше қатарынан тұрады. Тозаңқап қабырғасының жарылуына әсерін тигізетін серпімді серіппенің қызметін атқаратын осы фиброзды қабат. Бұл қабаттың іш жағында аралық қабат бар. Бұл қабаттың жасушалары жіңішке, тангентальды бағыттың ұзына бойында жатыр. Тапетум археспорий жасушаларына тікелей жанасып, оны қоршап жатады. Тапетумның әрбір жасушасында аралары қалтарыспен бөлінбеген үш-төрт ядро пайда болады. Жасушалары ірі, цитоплазмасы қою. Аралық, сол сияқты тапетум қабатының жасушалары тозаң жетіліп пайда болар кезге қарай ыдырайды, пішіндерін өзгертіп жаншылады, бірте-бірте езіліп кетеді. Сөйтіп бұлар микроспораларға қоректік зат ретінде жұмсалады. Археспориальды жасушалардың митоз жолымен бөлінуінен микроспоралардың бастамасын беретін аналық жасушалар - археспорийлер пайда болады. Археспорий жасушалары мейоз (редукциялық) жолымен бірінен кейін бірі екі рет бөлініп, оның әрқайсысынан микроспоралар тетрадасы түзіледі. Микроспора ашық тұқымдылардағы сияқты, гаплоидты және бір ядролы, цитоплазмасы қою, қор затына бай. Жас микроспоралар тозаңқап ұясында алғашқы кезде бір-бірінен ажыраспай, аналық жасуша қабықшасының ішінде төрттен орналасады. Біртіндеп микропоралар жасушасында вакуольдер пайда болып, көлемі ұлғаяды, бірақ көпке дейін бір ядролы қалпында қалады . Одан кейін әрбір микроспора ядросы митоз жолымен екіге бөлініп әрқайсысының сырты цитоплазмамен қоршалады, сөйтіп ортақ қабықшасы бар, бірі үлкен, бірі кіші екі жасуша түзіледі . Көлемі үлкені вегетативті жасуша немесе вегетативті ядро, кішісі генеративті (репродуктивті) жасуша немесе генеративті ядро деп аталады. Осындай қалыптасқан екі ядролы жасуша тозаң гүлді өсімдіктердің аталық гаметофиті. Екі ядролы тозаңдағы генеративті жасушаның бөлінуінен жыныс жасушалары екі спермия пайда болады . Бұл бөліну әрқалай тозаң ішінде немесе тозаң түтігі арқылы жылжып тозаң аналық аузына түскеннен кейін жүруі мүмкін. Вегетативті ядро ұрықтану процесіне қатыспайды, бұдан келешекте тозаң түтігі өсіп жетіледі. Тозаңның сыртын екі қабықша қаптап тұрады. Оның ішкісі - интина өте жұқа үлпек, беті тегіс, серпімді, порасыз негізі целлюлоза заттары сыртқысы - экзина қабырғасы қалың спорополленин (кутинге ұқсас зат) сіңген. Бұл зат экзинада өсімдік түрлері тозаңының әрқайсысына тән мүсінді қалыңдаулар пайда етеді. Экзинада қалыңдамаған учаскелер қалады, ол жерлерде тозаң түтігі өсіп шығу үшін қажетті поралар қалыптасады. Тозаң ұясында тозаңдар пісіп жетілген кезде тозаңқап кебірсіп, эндотеций шытынап жарылады. Жарылған жерден тозаң сыртқа шашылады. Осыдан соң тозаң қос жынысты гүлдерде өз гүлі аналық аузына және жел, насекомдар т. б. арқылы басқа гүлдер аналығына түседі. Аналыққа келіп түскен тозаң одан бөлінетін тәтгі сұйықтықпен қоректеніп өсе бастайды. Өсу тозаң түтігінің пайда болуымен басталады. Экзина порасы арқылы сыртқа жылжып томпайып шыққан тозаң цитоплазмасы созылып өсе келе түтікшеге айналады. Тозаң түтігінің өсу барысында тозаң интинасы да созылады, осыдан вегетативті генеративті жасушалардың цитоплазмасы бір бағытқа ығысып жаңа жетіліп келе жатқан тозаң түтігіне қарай жылжиды. Тозаң түтігіне алдымен вегетативті ядро, одан кейін цитоплазмамен қосарласа ілесіп генеративті ядро немесе екі спермия өтеді. Спермиялар - аталық гаметалар.
Вегетатив ядро және екі спермиялы тозаң түтікшесі - жоғары сатыдағы споралы өсімдіктердің аталық гаметофитінің гомологы. Жоғарыдағы құрылымдық сипаттамасына қарағанда жабық тұқымдылардың аталық гаметафитінің тым қарапайымдалғаңдығы анық көрінеді. Жоғары сатыдағы споралыларда аталық гаметофиттің вегетативті денесі көп жасушалы болса, ол жабық тұқымдыларда бір ғана тозаң дәнінен тұрады, ал көп жасушалы антеридий редукцияланған. Папоротник тәрізділердің антеридиінде пайда болатын көптеген сперматозоидтардың орнына жабық тұқымдыларда екі ғана спермий пайда болған. Жабық тұкымдылардың апталық гаметофитіңдегі осы құбылыстың өзі олардың сыртқы орта жағдайындағы шұғыл өзгерістерге, қолайсыз жағдайларға мейлінше бейімділігінің дәлелі іспетті.
ГИНЕЦЕЙ (АНАЛЫҚ ЖИЫНТЫҒЫ)
Гинецей деп гүлдегі бір немесе бірнеше аналықты түзетін жеміс жапырақшаларының жиынтығын атайды. Жеміс жапырақшалары құрылысы жағынан вегетативті жапырақтарға ұқсас. Жеміс жапырақшасының кәдімгі вегетативті жапырақ тәрізді сыртқы және ішкі беттерін эпидерма жауып тұрады. Сыртқы эпидермасында кейде устьице болады.
Жеміс жалырақшасының құрылымдық ерекшелігінің бірі - оның жүйкеленуі. Сырттай қарағанда вегетативті жапырақ жүйкеленуіне ұқсас, бірақ оның өзіне тән зандылығы бар. Жеміс жапырақшасы өткізген шоқтарының негізгі қызметі - тұқым бүршіктерін қоректік заттармен қамтамасыз ету. Әрбір тұқым бүршігіне бір өткізгіш шоқтан келеді. Жеміс жапырақшасының мегаспорофилл гомологы - вегетативті жапырақпен ұқсастығы, оның шығу тегінің жапырақ екендігін дәлелдейді. Жеміс жапырақшалары және сол сияқты вегетативті жапырақтар жоғары сатыдағы споралы өсімдіктердің жіктелмеген жапыраққа ұксас вегетативтік мүшелерінен пайда болған. Жеміс жапырақшасы тұқымды әр түрлі қолайсыз жағдайлардан қорғауға (сақтауға) бейімделген редукцияланған мегаспорофилл болып табылады.
1. 4 Гүлді өсімдіктердің қосарланып ұрықтануы
Жануарлар мен жоғары сатыдағы гүлді өсімдіктердің жыныс жасушаларының дамуы мен ұрықтануында көптеген ортақ қасиеттермен бірге айырмашылықтар да бар. Оны даражарнақты гүлді өсімдіктердің жыныс жасушаларының дамуынан байқауға болады.
Аналық жыныс жасушаларының дамуы
Аналық жыныс жасушалары түйінде дамиды. Оның ішінде тұқым бүршігі орналасқан. Бұл тұқым бүршігіндегі пісіп-жетілген жұмыртқа жасушасы мейоз жолымен екі рет бөлініп, гаплоидті жиынтығы бар төрт жасуша пайда болады. Осы төрт жасушаның үшеуі тіршілігін жояды да, қалған біреуі митоз жолымен үш қайтара бөлініп, гаплоидті жиынтыңғы бар сегіз жасуша түзіледі. Сегіз жасушаның бесеуі ұрықтың қабығын түзуге қатысса, ал қалған үшеуінің біреі жұмыртқа жасушасына айналады. Қалған екеуі гаплоидті хромосома жиынтығы бар жасушаларға қосылып, диплоидті жиынтығы бар жасушаға айналады. Осындай жолмен пісіп-жетілген гаплоидті және диплоидті жиынтығы бар жұмыртқа жасушасы ұрықтануға дайын тұрады.
Аталық гаметалардың дамуы.
Аталық гаметалар тозаңқаптың тозаң түтікшелерінде (аталықта) дамиды. Бұл жасуша да мейоз жолымен екі рет бөлініп, гаплоидті жиынтығы бар төрт жасуша түзіледі. Оның біреуі митоз жолымен бөлініп, гаплоидті жиынтығы бар екі жас жасушаға айналады. Түзілген жас жасушаның біреуі өсімді (вегетативті) , екіншісі генеративті жасуша деп аталады. Генеративті жасуша митоз жолымен екіге бөлінеді. Соңынан ол жасуша спермийге айналады. Сөйтіп, сыртын тығыз қабықша қаптаған тозаң түйіршігінде үш жасуша пайда болады. Оның біреуі - өсімді, екеуі - гаплоидті жиынтыға бар спермий. Пісіп-жетілген спермий гаплоидті жиынтығы бар жұмыртқа жасушасын ұрықтандырып, диплоидті хромосома жиынтығы бар жұмыртқа жасушасын ұрықтандырып, триплоидті жиынтығы бар жасушаға айналады. Триплоидті ядросы бар жасушадан дамып келе жатқан ұрықтың қоретік заты ретінле жұмсалатын эндосперм дамиды. Эндросперманың құрамында қоректік заттар- нәруыздар, майлар және көмірсулар болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz