Ерінгүлділер тұқымдасының өкілдері және олардың шаруашылықтағы маңызы
І.Кіріспе ІІ.Негізгі бөлім: 1. Кермек жалбыз 2. Көкжалбыз 3. Кәдімгі жебір 4. Сәлбен ІІІ.Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
Ерінгүлділер (лат. Lamiáceae) немесе Тауқалақайгүлділер (лат. Labiátae) Қосжарнақтылар класының тұқымдасы, тұқымдасқа 250-дей тегі және 7850-дей өсімдіктер кіреді, оның арасында кең таралған: жалбыз, сәлбен, жаужапырақ, тасшөп, киікоты, т.б. түрлер кіреді. Қазақстан аумағында олардың 234 түрі бар. Тауқалақайдың гүл құрылысына зер сала қарайтын болсақ, гүлдердің әрқайсысы аузын аңқайта ашқандағы көрінісі жоғары және төменгі ерінді еске түсіреді. Гүлдің 5 күлтесі жіңішкерт бітіседі де түтікше құрайды. Біріккен 2 жоғары күлте - жоғары ерін тәрізді, ал біріккен 3 күлте төменгі ерін тәрізді болып көрінеді. Тауқалақайгүлділер сондықтан ерінгүлділер деп аталады. Гүлдің мұндай құбылысы - осы тұқымдастағы өсімдіктердің барлығына тән ерекшелік. Ерінгүлділер тұқымдасы - жапырақтары қарама-қарсы орналасатын шөптекті өсімдіктер. Олардың бөбешік жапырақтары болмайды. Тропиктік Оңтүстік Америкада бұталы, шала бұталы, кейде аласа ағаш түрінде, өрмелегіш түрлері өседі. Бұлардың сабағы 4 қырлы. Аталығының саны 2,4. Аналығы әдетте 2 жеміс жапырақты болып келеді. Жоғары жатынды. Жемісі - сүйекті жеміс немесе бір-бір тұқымнан төртке бөлінетін жаңғақша. Гүл формуласы: Т(5)С(2+3)А4Ж(2). Гүлшетен, лаванда, молдавандық жыланбас, көкжалбыз және басқа өсімдіктер парфюмерия өнеркәсібіне шикізат есебінде пайдаланылады. Өте хош иісті.
1. Ботаника ЖОО студенттеріне арналған оқулық./ Р.Н.Асылова, В.С.Иманғазиева Алматы 2013жыл
2. Өсімдіктер физиологиясы ЖОО студенттеріне арналған оқулық Ж.Қалекенұлы Алматы 2004 жыл
3. Биология: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылым, өңделген./ М.Гильманов, А.Соловьева, Л.Әбшенова. Алматы: “ Атамұра ” баспасы, 2009 жыл.
4. Биология. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық. Алматы: “ Атамұра”
5. Сартаев А, Гильманов М С22 Жалпы биология: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық – гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. Алматы: “ Мектеп ” баспасы 2006 жыл.
6. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / Алматы: “ Сөздік- Словарь ”, 2009 жыл
7. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “ Ғасыр-Ш ”, 2005 жыл.

Жоспар
І.Кіріспе ІІ.Негізгі бөлім: 1. Кермек жалбыз 2. Көкжалбыз 3. Кәдімгі жебір 4. Сәлбен ІІІ.Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Ерінгүлділер (лат. Lamiáceae) немесе Тауқалақайгүлділер (лат. Labiátae) Қосжарнақтылар класының тұқымдасы, тұқымдасқа 250-дей тегі және 7850-дей өсімдіктер кіреді, оның арасында кең таралған: жалбыз, сәлбен, жаужапырақ, тасшөп, киікоты, т.б. түрлер кіреді. Қазақстан аумағында олардың 234 түрі бар. Тауқалақайдың гүл құрылысына зер сала қарайтын болсақ, гүлдердің әрқайсысы аузын аңқайта ашқандағы көрінісі жоғары және төменгі ерінді еске түсіреді. Гүлдің 5 күлтесі жіңішкерт бітіседі де түтікше құрайды. Біріккен 2 жоғары күлте - жоғары ерін тәрізді, ал біріккен 3 күлте төменгі ерін тәрізді болып көрінеді. Тауқалақайгүлділер сондықтан ерінгүлділер деп аталады. Гүлдің мұндай құбылысы - осы тұқымдастағы өсімдіктердің барлығына тән ерекшелік. Ерінгүлділер тұқымдасы - жапырақтары қарама-қарсы орналасатын шөптекті өсімдіктер. Олардың бөбешік жапырақтары болмайды. Тропиктік Оңтүстік Америкада бұталы, шала бұталы, кейде аласа ағаш түрінде, өрмелегіш түрлері өседі. Бұлардың сабағы 4 қырлы. Аталығының саны 2,4. Аналығы әдетте 2 жеміс жапырақты болып келеді. Жоғары жатынды. Жемісі - сүйекті жеміс немесе бір-бір тұқымнан төртке бөлінетін жаңғақша. Гүл формуласы: Т(5)С(2+3)А4Ж(2). Гүлшетен, лаванда, молдавандық жыланбас, көкжалбыз және басқа өсімдіктер парфюмерия өнеркәсібіне шикізат есебінде пайдаланылады. Өте хош иісті.
Негізгі бөлім
Кермек жалбыз Қазақстанда жалбыздың 10 түрі бар. Олар суармалы жерлерде, бұлақ, өзен, көл маңында, арықты бойлай өседі. Шалғындықта, тоғайда, таулы аймақта да өсетін жалбыз түрлерін кездестіруге болады. Солардың бірі - кермек жалбыз. Оны кейде бұрыш жалбыз деп те атайды. Кермек жалбыз - биіктігі 30-120 см шамасындағы көпжылдық шөптектес өсімдік. Оның тармақталған тамырсабағы көлбей өседі. Жапырақтары жұмыртқа тәрізді, бір ұшы сүйірлеу болады. Өзіне ғана тән хош иісі бар. Гүлдері ұсақ, түсі - бозғылт күлгін немесе қызғылтым, шоғырланып орналасады. Өркендердің ұшында масақ тәрізді гүлшоғыр түзіледі. Гүл шірнелігінде тәтті тірне жиналады. Кермек жалбыз - маңызды дәрілік өсімдік. Оның жапырақтарында 3%-ға дейін, гүлшоғырларында 6%-ға дейін эфир майы болады. Жалбыз майы ауырсынуды басатын дәрі ретінде пайдаланылады. Бас сақиналы, асқазан, тыныс жолдарының ауруларын емдеуге таптырмайтын дәрі. Дәрілерге, парфюмерия бұйымдарына хош иіс беру үшін өте пайдалы. Соңғы кезде Ресей кермек жалбызды қолда өсіре бастады. Кермек жалбыздың бір гектарынан 18-25 ц түсім алуға болатыны анықталды. Кермек жалбыз - ылғал, жарық, топырақ құнарлылығын талап ететін өсімдік. Оны тамыреабақ кесінділерінен көбейтеді. Өсімдіктің қаулап өсуі үшін орташа тәулікте 18-220С температура қажет. Температура бұдан жоғарылап кетсе, жалбыздың өсуіне кедергі жасайды. Тамырсабақты ерте көктемде егеді. Ол үшін жыртылған жердің тереңдігі 8-10 см болуы шарт. Жалбыздың түсімін гүлдеу кезінде жинайды. Өсімдік сабақтарын жасыл күйінде орып алып, май алады. Дәріханаға қажетті жапырақтар бөлігін кептіріп, кепкен жапырақтарды бастырады. Сабағы төрт қырлы күрең-күлгін түсті. Жапырағы ұзынша, жұмыртқа пішінді, қысқа сағақты, тақтасының жиектері ара тісті иректелген жай жапырақ. Сабаққа қарама қарсы орналасады. Жапырағын саусақпен уқалағанда жағымды иіс шығады. Себебі, жапырағында 5% эфир майы болады. Маусым мен тамыз айларында гүлдейді. Гүлдері ұсақ, түбі біріккен 5 тостағанша жапырақшасы күлгін түсті. Түбі біріккен 5 күлте, оның екеуі бірігіп жоғарғы ернін, үшеуі бірігіп төменгі ернін құрайды. Сондықтан да, мұндай гүлдерді ерінгүлділер тұқымдасы деп атайды. Аталығы 4, аналық жатыны екі ұялы біреу. Гүлдері сабақ ұшына шашақ гүлшоғырына жиналған. Жемісі- жаңғақша. Жалбызды тамырсабағынан көбейтеді. Эфир майында 55%-ға дейін ментол кездеседі.
Кермек жалбыздың емдік қасиеті ертеден мәлім. Жалбызды жерде жан қалады, ерменді жерде ер өлмейді деген мәтел бұл өсімдіктің осындай қасиетіне байланысты айтылған болса керек. Жалбыздың түрлері көп. Қазақстанда оның екі иүрі кездеседі - қара жалбыз, ақ жалбыз. Ол ерінгүлдер тұқымдас, көпжылдық өсімдік. Өзен мен көл жағаларында, тау баурайында, шабындықтар мен бақшаларда кездеседі. Жалбыз өсімдігінің құрамында адам ағзасына пайдалы заттар мол. Соның екі қасығын аралыстырып күніне бір шай қасықтан үш рет екі ай ішсе, жүрек ауруының бәріне ем. Сондай-ақ оны бүйрек пен бүйрек түбекшесі, бауыр мен жолының қабынуына қарсы қолданады. Жалбыз ұнтағының осы мөлшерін бал орнына сары майға аралыстырып жоғарыдағыдай ретпен қабылдаса демікпе сырқатын жазып, өкпенің тыныс алу жолдарын тазартады. Булығып жөтелгенді тиып, қарлыққан дауысты ашады. Тершең адам жалбыздың кепкен жапырағын ыстық суға бұқтырып демдеп, жатар алдында жарты стаканын ішіп, ал аяғының шуашы барлар сол суға үш мезгіл аяғын жуып жүрсе, бұл жағымсыз иістен арылады. Полиартритпен ауыратын адам кепкен жалбыз шөбін суға қайнатып, күніне бір реттен жатар алдында ванна жасап булап жүрсе сырқатынан сауығады. Ал, соңғы кезде жалбыз тұнбасын іштің кебуін басатын, бойға күш-қуат беретін, несеп жүргізіп қуықтың қабынуын жазатын, етеккірді шамадан тыс келуін тоқтататын дәрі ретінде қолданып жүр. Сонымен қатар жалбызды басқа дәрілік шөптерге қосып өкпе туберкулезін де емдей бастады. Еті тілініп кеткен жарақатқа, іріңді шиқан сияқты шығулар мен қотырларға жалбыз тұнбасын таңып тастаса, тез жазылады.
Көкжалбыз Көкжалбыз, көкбасшөп (лат. Nepeta) - ерінгүлділер тұқымдасына жататын бір не көп жылдық өсімдіктер туысы. Дүние жүзінде кең тараған, әсіресе, Иранда және Батыс Гималай таулы аймағында кездеседі. 250-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанның барлық өңірінде кездесетін 16 түрі бар. Ең көп тарағаны - мысық көкжалбызы (N. catarіa). Ол шалғынды тау беткейлерінде, сортаң және тастақты жерлердегі бұталар арасында өседі. Оның биіктігі 27 - 32 см, тік өскен, бұтақты қалың жапырақ басқан сабағы бар. Жапырақтары жүрек не жұмыртқа пішіндес, бозғылт түк басқан, сағақты келеді. Күлтесінің ұзындығы 7 - 10 мм, жоғарғы ерні күлгін ақ түсті, төменгі ерні қызыл көк. Гүлдері шатырша немесе сыпыртқы тәрізді, қос жынысты. Маусым - шілдеде гүлдеп, тамыз айында жемістенеді. Жемісі - сырты тегіс, қоңыр түсті жаңғақша. Өсімдік құрамында парфюмерия өндірісінде қолданылатын эфир майы бар (0,3%). Шірнелі өсімдік ретінде қолдан да өсіріледі. Көкжалбыз - дәрілік өсімдік, оның шөбінің қайнатпасын суық тигенде, іш ауырғанда және қан азайғанда дәрі ретінде пайдаланады. Тамырындағы заттардың жүйке жүйесін қоздыратын қасиеті бар. Жапырағының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz