Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары


Жоспар
I. Кіріспе
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары
II. Негізгі бөлім
2. 1. Хитридиомицеттер класы (Chytridiomycetes) саңырауқұлағы және олардың ауылшаруашылық дақылдарына тудыратын аурулары
2. 2. Оомицеттер класы (Oomycetes) саңырауқұлағы және олардың ауылшаруашылық дақылдарына тудыратын аурулары
III. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазіргі кездегі жалпылама мойындалған өсімдік ауруының анықтамасы: фитопатогеннің немесе ортаның қолайсыз жағдайларының әсерінен өсімдік клеткасының, мүшесінің және тұтас ағзасының қалыпты зат алмасу үрдісінің бұзылуы өсімдік ауруы деп аталады. Өсімдік ағзасындағы зат алмасу үрдісінің бұзылу сипаты әр қилы болуы мүмкін: фотосинтез бен ферментативтік үрдістердің бұзылуы, клетка мембраналарының өткізгіштігі мен осмостық қысымның бұзылуы, тыныс алу және көмірсулар алмасуының бұзылуы және т. б. Бұлардың қай- қайсысы да ұлпалардың, мүшелердің немесе тұтас өсімдіктердің анатомиялық және морфологиялық өзгерістерін туындатады, нәтижесінде дақыл өнімінің мөлшері және оның сапасы төмендеп кетеді.
Хитридиомицеттер класы (Chytridiomycetes) саңырауқұлағы және олардың ауылшаруашылық дақылдарына тудыратын аурулары
Бұл класқа жататын саңырауқұлақтардың вегетативтік денесі нашар жетілген және плазмодий немесе мицелий бастамасы болуы мүмкін. Бұл класс саңырауқұлақтарының ішінде кең тарағандары Хитридий тәрізділер немесе Хитридиалес (Chytridiales) қатарының өкілдері. Олардың қатарына мысалы картоптың рак ауруының қоздырғышы - Synchitrium endobioticum Pers. саңырауқұлағы жатады. Картоптың рак ауруының қоздырғышы вегетативтік денесінің морфологиясы және залалданатын ұлпаға әсер ету сипаты бойынша плазмодиофоралы саңырауқұлақтарға ұқсайды. Бұл аурумен негізінен картоптың түйнегі залалданады. Залалдану сипаты - клеткалардың қарқынды бөлінуінің нәтижесінде түйнектердің бетінде өсінділер түзілуі (гиперплазия құбылысы) .
Саңырауқұлақтың көп клеткалы плазмодийі ұдайы клетка ішінде жетіледі. Қолайсыз жағдайлар туған кезде плазмодийден сырты қалың қабықшамен қапталған цисталар түзіледі. Олар ұзақ мерзім бойына (10 жыл және одан да ұзақ) топырақта сақталуы мүмкін. Ылғалды жерде цистадалардан дара талшықты зооспоралар өсіп шығады. Түйнектер (көбіне көзшелерінің тұсы) дара немесе қосарланған зооспоралармен залалданады. Егер залалдану дара зооспоралармен жүрсе жетілген плазмодийден түзілетін цисталар ұзақ сақталуға қабілетсіз (жаздық цисталар) . Ал қосарланған цисталармен залалданса цисталар ұзақ сақталады.
Осы қатарға жататын тағы бір маңызды саңырауқұлақ түрі - қырыққабат, шалқан және басқа да крестгүлді тұқымдасына жататын 45 өсімдіктердің қара сирақ ауруының қоздырғышы - Olpidium brassicae Dang. Аталған екі саңырауқұлақ та облигатты паразиттер қатарына жатады. Кеселдің жетілуі топырақтың ылғалдылығы жоғары болған жағдайда жүреді. Сондай-ақ олар үшін топырақ ерітіндісінің реақциясы қышқыл болуы қолайлы. Хитридиомицеттер қоздыратын аурулардан өсімдіктерді қорғауға бағытталатын басты бағыттар: ауыспалы егістік талабын сақтау: дақылдар бір танапқа цисталар тіршілігі жойылмай қайта отырғызылмауы тиіс; өндіріске ауруларға төзімді сорттарды енгізу; қышқыл топырақтарды ізбестеу (әктеу) .
Оомицеттер класы (Oomycetes) саңырауқұлағы және олардың ауылшаруашылық дақылдарына тудыратын аурулары
Бұл класқа жататын саңырауқұлақ өкілдерінің вегетативтік денесі көп ядролы бір клеткалы мицелийден тұрады. Ол жақсы жетілген, тармақталған жіпшелерден (гифтерден) тұрады. Жыныстық үрдіс оогамия типі бойынша өтеді. Мицелий бойында жыныстық клеткалар: аналық - оогониялар және аталық - антеридиялар. Олар қосылғанда тыныштық күйдегі споралар (ооспоралар) түзіледі. Қолайлы жағдай туғанда ооспоралар кӛбіне қос талшықты зооспораларға өнеді. Зопроганиялар мен зооспоралар - жыныссыз көбею мүшелері. Зооспоралардың көмегімен өсімдіктердің алғашқы залалдануы жүреді. Тармақталған мицелийлердің ұшында жазғы зооспорангиялар түзіледі. Олар вегетация кезінде өсімдіктерді екінші қайтара залалдауы мүмкін.
Оомицеттер класына 5 қатарға жататын сапротрофты және паразит түрлер жатады. Саңырауқұлақтарды қатарларға жіктеу мицелийдің, зооспорангийдің және ооспоралардың морфологиялық ерекшеліктеріне негізделеді. Оомицеттер класының фитопатогенді қасиеті бар саңырауқұлақ өкілдері Сапролегниялы (Saprolegniales) және Пероноспоралы (Peronosporales) қатарларына жатады. Сапролегниялылар қатары. Бұл қатарға негізінен су қоймаларында немесе ылғал топырақта сапротрофты күйде тіршілік ететін саңырауқұлақтар түрлері жатады. Олардың арасында өсімдіктер мен жануарлардың бойында паразит ретінде тіршілік ететін бірнеше түр кездеседі. Мысалы, оларға қызылша кӛгінің тамыр шірігі - Aphanomyces cochlioides Drechs. кіреді.
Пероноспоралылар қатары. Бұл қатарға жататын саңырауқұлақтардың жақсы тармақталған мицелийлерінде дараланған зооспорангия тасушылар (конидия тасушылар) түзіледі. Саңырауқұлақ ооспоралары ұлпа ішіндегі мицелийдің бойында түзіліп, өсімдік қалдықтарында сақталады. Ал олар шірігеннен соң тіршілікке 46 қабілеттілігін жоймастан 2 жыл, кейде одан да ұзақ мерзім, бойына сақталады.
Пероноспоралылардың көбі паразиттер, тек бірқатары ғана суда сапротрофты тіршілік етеді. . Пероноспоралылар қатарына үш тұқымдас кіреді: Питиелілер, Пероноспоралылар және Альбуголылар. Олардың ішінде алғашқыларының саны ӛте кӛп.
Питиелілер (Pythiaceae) тұқымдасына негізінен сапртрофты, көбіне әлсіреген өсімдік көгін залалдайтын саңырауқұлақ түрлері және балдыр паразиттері кіреді. Мицелийлері жіңішке, зооспорангия тасушылары гифтерге (жіпшелерге) ұқсайды. Зооспорангиялардан зооспоралар немесе мицелийлер конидиялар сияқты ӛсіп шығады. Ооспоралары шар тәрізді, тіршілікке қабілетін 12 жылға дейін сақтайды.
Өсімдіктерге ең көп зиян келтіретін саңырауқұлақ түрлері Питиум (Pythium) және Фитофтора (Phytophthora) туыстарына жатады.
Питиум туысының ішінде ең көп тараған саңырауқұлақтар өсімдіктердің (қызылша, қырыққабат, рапс, жүгері, темекі, қызанақ, сәбіз т. б. ) ӛркенінің тамырында орналасатын Pythium debarianum Hesse ауру қоздырғышы. Ол өсімдік тамыры мен сабақ етегінің жіңішкеріп, қараюын тудырып, жас өсімдіктердің өлуіне әкеліп соқтырады. Бұл кеселді - қара сирақ, тамыр жемірі, өркеннің өлуі деп атайды. Кеселдің кең етек алуына топырақтың сапасыз өңделуі, егістік жиілігі, ауыспалы егістіктің болмауы септігін тигізеді.
Фитофтора туысының құрамына 70-тен астам саңырауқұлақ түрлері кіреді. Олардың ішінде факультативтік паразиттерден факультативті сапрофиттерге дейін бар. Бұл саңырауқұлақтар барынша мицелий күйінде, яғни конидийлер сияқты қызмет атқаратын маманданған спорангиеносцалар түзуімен сипатталады. Тӛменгі дәрежедегі оң температуралар жағдайында зооспоралар түрінде өнеді. Бұл туысқа жататын саңырауқұлақтардың ішінде ең кӛп зиян келтіретін ӛкілі қызанақ, картоп және басқа да кейбір алқа тұқымдастар ӛкілін залалдайтын Phytophthora infestans de By. Сол сияқты P. erythroseptica Pctn, P. cactorum Schöt, P. parasitica Dastur және басқа түрлер фитопатогенді болып табылады. Пероноспоралылар тұқымдасы (Peronosporaceae) .
Бұл тұқымдас ӛкілдері - облигатты паразиттер. Бұл тұқымдасқа жататын саңырауқұлақтардың ішінде кең тараған фитопатоген қатарына кӛпшілік дақылдарда кездесетін жалған ақ ұнтақ ауруының қоздырғышын атауға болады.
Жалған ақ ұнтақ ауру қоздырғыштарының ерекшеліктері: мицелийлері әрдайым клетка аралықтарымен жайылады. Клетканың ішіне гаусториялар еніп, бойынан су мен қоректік заттарды сорып алады; залалдалған ұлпа бетіне устьицелер арқылы зооспорангия тасушылар (бір түрлерде) немесе конидия тасушылар (екінші бір түрлерде) шығады. Олар 47 тармақталған, ұшында зооспоралар түзетін зооспорангийлер немесе мицелийлер ӛсіп шығатын конидийлер болады; ауру қоздырғыштармен негізінен ӛсімдіктің топырақ беті мүшелері, оның ішінде кӛбіне жапырақтар залалданады; ӛсімдік ұлпаларының залалдануы леп тесіктері арқылы ӛсіп шығатын зооспоралармен немесе конидиялармен жүреді.
Жалған ақ ұнтақ ауруының белгілері (симптомалары) бір типті болып келеді: жапырақ алақанының үстіңгі бетінде сарғыш, қызғылт немесе қоңырқай дақ түседі, ал тӛменгі бетінде үстіңгі даққа сәйкес - ақ, кейде боз түсті споратүзу ӛңезі пайда болады. Ауру қоздырғыштардың тыныштық күйдегі формасы ретінде кӛбіне ұлпа ішінде түзілетін ооспоралар болып табылады. Олар топырақта 2-4 жыл бойына сақталуға қабілетті. Вегетативті жолмен кӛбейетін ӛсімдіктер мен кӛп жылдық дақылдар залалданса инфекция мицелий түрінде де сақталуы мүмкін. Кеселмен екінші қайтара залалдануы жыныссыз жолмен түзілген споралар (зооспоралар немесе конидийлер) кӛмегімен жүреді. Олар спора тасушылардар бӛлініп, желмен, сумен, кейде насекомдар кӛмегімен де таралады.
Зооспоралар мен конидийлер тек тамшы күйіндегі ылғал болса ғана ӛсе алады, ал спора түзуі ауа ылғалдылығы салыстырмалы түрде жоғары болғанда ғана жүреді.
Саңырауқұлақ тұқымдасының туыстарға бӛлінуі спора тасушылар мен жыныссыз споратүзу спораларының морфологиялық ерекшеліктеріне негізделеді. Ауыл шаруашылығы дақылдар үшін ең қауіпті ауру қоздырғыштары 2 туысқа жатады: Пероноспора (Peronospora) және Плазмопара (Plasmopara) .
Конидия тасушыларының тармақталуы - Peronospora туысының саңырауқұлақтарында дихиотомиялық болса, Plasmopara туысының ӛкілдерінде - моноподиалды. Бұл екі туысқа да кӛптеген түрлер жатады. Олардың ішінде жалған ақ ұнтақ немесе пероноспороз ауруының қоздырғыштары: асбұршақтікі - Peronospora pisi Syd., бұршақтардікі - Peronospora fabae West., жоңышқанікі - Peronospora aestivalis Syd., сиыр жоңышқанікі - Peronospora pratensis Syd., крест гүлді дақылдардікі - Peronospora brassicae Gaeum, күнбағыстікі - Plasmopara helianthi Novot, жүзімдікі - Plasmopara viticola және басқалары.
Альбуголылар тұқымдасы (Albuginaceae) . Облигатты паразиттер. Ең кең тараған түр Albugo candida Lev. - крестгүлділердің ақ таты ауруының коздырғышы.
Оомицеттер класына жататын ауру қоздырғыштарына қолданылатын негізгі қорғаныш шаралары мынадай:
ауыспалы егістік талаптарын қатаң сақтау;
орта ылғалдылығын (әсіресе жылыжайларда) реттеу;
ӛндіріске ауруларға тӛзімді сорттарды ендіру;
қайталай залалдануды болдырмау мақсатында фунгицидтер пайдалану.
Картоптың саңырауқұлақ қоздыратын аурулары
Фитофтороз. Кесел республиканың картоп ӛсірілетін барлық аймақтарында кездеседі, әcipece солтүстік облыстарда кең таралған. Аурумен ӛсімдіктің жапырағы, сабағы, ӛскіні, түйнегі залалданады. Кеселдің белгісі картоп гүлдей бастағанда білінеді. . Картоптың тӛменгі жапырақтарының шеткі бӛлігінде алғаш жайылған қара-қоңыр дақтар пайда болып, тез ұлғайып, залалданған жапырақтар солып, қарайып, қурайды Ылғалды ауа райында дақ жиегінде, жапырақтың астыңғы бетінде жеңіл ақ ӛңез түзіледі (100-сурет) . 197 100-сурет. Фитофтороз ауруымен залалданған картоп 101-сурет. Картоптың фитофтороз ауруының қоздырғышы Phytophthora infestans саңырауқҧлағының даму циклі Залалданған түйнекте сәл басылған сұрлау дақтар пайда болады. Түйнек кесіндісінде ішке қарай таралған "тіл" тәрізді. сарғыш-қоңыр ұлпалар байқалады. Картоптың фитофтороз ауруының қоздырғышы - Phytophthora infestans dBy. саңырауқұлағы (101-сурет) . Бip клеткалы қоздырғыш жіпшумағы клетка аралығымен таралады. Гаусторийлар клетка ішіне еніп, саңырауқұлақты қоректік заттармен қамтамасыз етеді. Нашар тармақталған зооспорангий тасушылар жапырақ саңылаулары арқылы сыртқа шығып, жеңіл ӛңез түзеді. Зооспорангийлері бip клеткалы, 198 кӛлемі 25-33 15-20 мкм, пішінi сопақша, түссіз, қабығы тeгic, Tӛбeci бүpшiктi. Зооспорангий ішінде 4-16 зооспора түзіледі. Зооспорангий кейде конидия сияқты жіпшеге енеді. Саңырауқұлақтың жынысты спорасы - ооспора, пiшiнi шар тәрізді, түссіз, ӛте сирек түзіледі. Аурудың дамуына қолайлы жағдай - 18-22°С температура мен 75%- дан жоғары ауа ылғалдылығы. Залалдану үрдіci жапырақ бетінде су тамшысы болған жағдайда жүреді. Инкубациялық кезеңінің ұзақтығы ауа температурасына байланысты - 3-6 күн. Картоп түйнектері жаңбыр тамшысымен топыраққа түскен зооспоралар арқылы залалданады. Ӛнімді жинау кезінде залалданған жапырақтар мен топырақтан кесел сау түйнектерге жұғуы мүмкін. Қоймада ауру түйнектен сауына инфекция жұқпайды, бipaқ залалданған түйнектерді басқа микроағзалар шiрітyi мүмкін. Саңырауқұлақ түйнекте жіпше түрінде сақталады да, ӛсу бүршіктерін залалдап, олар жер бетіне шықпастан жойылады. Кеселдің дамуына жаз айларының салқын, жаңбырлы күндері қолайлы. Ауа ылғалдылығы тӛмен жылдары картоптың ӛсу кезеңінде ӛсімдіктердің жапырақтары мен сабақтарында фитофтороз байқалмайды, бірақ ӛнімді жинау және сақтау кезінде түйнектерде ауру белгілері айқын білінеді. Инфекцияның негізгі қоры - ауру түйнектер және оның қалдықтары. Фитофторозбен залалданған ӛсімдік жапырағының ассимиляциялық аумағы кеміп, түйін саны азайып, жетілмейді.
Қырыққабаттың жалған ақ ұнтағы (пероноспороз) . Қоздырғышы: Peronospora brassicae Gaеum. (Oomycetes класы, Peronosporales қатары) . Крестгүлділер тұқымдастарына жататын көптеген мәдени және жабайы өсімдіктердің жапырақтары, бұршаққындары мен тұқымдары залалданады. Аурудың алғашқы белгілері жапырақтардың үстіңгі бетінде қисық пішінді ашық-қоңыр дақтар түрінде байқалады. Жапырақтардың астыңғы бетінде ылғалдылық жағдайында конидитүзгіштермен олардың конидилерінен тұратын сұрғылт өңез дамиды. Ауру жапырақтар сарғаяды және мезгілінен бұрын өліп қалады. Бұршаққындарда ылғалдылық жағдайында өңезденетін қара түсті ойық дақтар пайда болады. Саңырауқұлақтың конидилері жаңбыр тамшылары арқылы тарап өсімдіктерді жаппай зақымдайды. Ауру зақымданған қаудандарда және сақтау кезінде дамуын жалғастырады. Патоген тұқымдарда мицелий, ал өсімдік қалдықтарында ооспоралар түрінде сақталады. ПОӘК 042-18-21. 1. 91/03-2015 10 . 06. 2015ж. № 2 басылым 64 Беттін 27 шісі Күресу шаралары: егуге сау тұқымды пайдалану, тұқымды ыстық суға (температура 50° С) 20 минутқа салып, кейін 2-3 минут бойы суық суда жылдам салқындату арқылы өңдеу, « . . . Тізім» бойынша тұқымды дәрілеу және өсіп даму кезеңінде қажет болған жағдайда фунгицидпен өңдеу жұмыстарын жүргізу керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz