Өсімдік ауруы



Жоспар
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1.Өсімдіктің жұқпалы аурулардың жіктелуі.
2.2.Өсімдік ауруының сыртқы белгілері.
2.3.Өсімдіктің жұқпалы аурулары.
III.Қорытынды
IV.Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Өсімдік ауруы – өте күрделі динамикалық құбылыс. Патологиялық үдеріс қоздырғыш және сыртқы ортаға байланысты өтеді. Ауруға шалдыққан өсімдік клеткалары мен ұлпаларының физиологиялық үдерісі қалыптан ауытқып, құрылымдары өзгеріп алынатын өнім төмендейді. Сонымен ауру бір қалыпты өтетін жағдай емес, керісінше, оның алғашқы басталуы, дамуы және аяқталуы бар үдемелі үдеріс.Сау өсімдікте гентикалқ ерекшеліктеріне байланысты өзіне тән физиологиялық қызметтері, яғни клетканың бөлінуі мен дамуы,дифференциасы, топырақтан суды сорып алуы, оның өсімдікте және өсімдік бойымен таралуы, фотосинтез және оның өнімнің өсімдік бойымен жылжуы, қоректік заттардың түзіліп, сақталуы және т.б. қалыпта жүреді.
Егер өсімдікке ауру қоздырғышы немесе сыртқы ортаның белгілі бір қолайсыз жағдайы әсер етсе, онда оның бір немесе бірнеше функциялары қалыптан ауытқып, өсімдік ауруға шалдығады. Өсімдіктің қоздырғышқа алғашқы реакциясы көзге көрінбей, кейін гистологиялық өзгерістер болғанда ғана өсімдікте аурудың сыртқы белгілері байқалады.Залалданған клеткалар мен ұлпалар әлсіреп немесе бұзылып, өсімдіктің дамуы бәсеңдеп, кейде солып, қурайды. Түрлі клеткалар мен ұлпалардың залалдануынан кейбір физиологиялық үдеріс бұзылады немесе жойылады. Мысалы, өсімдік тамырының инфекциялық залалдануы (тамыр шірігі) су мен оның ерітіндісіндегі қоректік заттардың топырақтан өсімдікке өтуіне кедергі келтіреді; ксилема түтіктерінің аурулары (ойық жара, вилт) су мен минералдық заттардың өсімдіктің жоғарғы бөлігіне таралуын бөгейді; жапырақ ауруы – фотосинтез үдерісіне едергі жасайды; қабықтың залалдануы – фотосинтезде түзілген заттарды өсімдіктің төменгі бөлігіне жылжуына бөгет жасайды; гүлдер залалданса –жемістер түзілмейді; жеміс кеселге шалдықса – жеміс пен тұқым шіриді.
Кейбір аурулар залалданған клеткалар санының көбеюіне немесе көлемінің ұлғаюына әсерін тигізеді. Соның нәтижесінде залалданған өсімдік мүшесі еріксіз үлкейіп ісінуі немесе қурап, жойылуы мүмкін. Өсімдік ауруы деп әртүрлі факторлардан клеткалар мен ұлпалардың биохимиялық, физиологиялық үдерістері қалыптан ауытқып, соның нәтижесінде өсімдіктің анатомиялық – морфологиялық құрылымының бұзылуын айтады. Бұл құбылыс өсімдік бетінде дақ, өңез, жара, ісік, шірік және т.б. әртүрлі белгілер қалдырады.
Пайдаланған әдебиеттер
1. М. Қойшыбаев, А.Б. Жанарбекова «Жалпы фитопатология» Алматы 2013
2. Р.Д. Карбозова, К.Н. Туленгутова «Фитопатология» Алматы 2014
3. Сагитов А.О., Джаймурзина А.А, «Ауыл шаруашылығы фитопатологиясы»Алматы 2000
4. Тілемісов Х., Рамазанов Е. «Ауыл шаруашылығы сөздігі Алматы»1992
5. Абиев С.А., Бызова С.М. «Фитопатология» Алматы 2003

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1.Өсімдіктің жұқпалы аурулардың жіктелуі.
2.2.Өсімдік ауруының сыртқы белгілері.
2.3.Өсімдіктің жұқпалы аурулары.
III.Қорытынды
IV.Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Өсімдік ауруы - өте күрделі динамикалық құбылыс. Патологиялық үдеріс қоздырғыш және сыртқы ортаға байланысты өтеді. Ауруға шалдыққан өсімдік клеткалары мен ұлпаларының физиологиялық үдерісі қалыптан ауытқып, құрылымдары өзгеріп алынатын өнім төмендейді. Сонымен ауру бір қалыпты өтетін жағдай емес, керісінше, оның алғашқы басталуы, дамуы және аяқталуы бар үдемелі үдеріс. Сау өсімдікте гентикалқ ерекшеліктеріне байланысты өзіне тән физиологиялық қызметтері, яғни клетканың бөлінуі мен дамуы,дифференциасы, топырақтан суды сорып алуы, оның өсімдікте және өсімдік бойымен таралуы, фотосинтез және оның өнімнің өсімдік бойымен жылжуы, қоректік заттардың түзіліп, сақталуы және т.б. қалыпта жүреді.
Егер өсімдікке ауру қоздырғышы немесе сыртқы ортаның белгілі бір қолайсыз жағдайы әсер етсе, онда оның бір немесе бірнеше функциялары қалыптан ауытқып, өсімдік ауруға шалдығады. Өсімдіктің қоздырғышқа алғашқы реакциясы көзге көрінбей, кейін гистологиялық өзгерістер болғанда ғана өсімдікте аурудың сыртқы белгілері байқалады. Залалданған клеткалар мен ұлпалар әлсіреп немесе бұзылып, өсімдіктің дамуы бәсеңдеп, кейде солып, қурайды. Түрлі клеткалар мен ұлпалардың залалдануынан кейбір физиологиялық үдеріс бұзылады немесе жойылады. Мысалы, өсімдік тамырының инфекциялық залалдануы (тамыр шірігі) су мен оның ерітіндісіндегі қоректік заттардың топырақтан өсімдікке өтуіне кедергі келтіреді; ксилема түтіктерінің аурулары (ойық жара, вилт) су мен минералдық заттардың өсімдіктің жоғарғы бөлігіне таралуын бөгейді; жапырақ ауруы - фотосинтез үдерісіне едергі жасайды; қабықтың залалдануы - фотосинтезде түзілген заттарды өсімдіктің төменгі бөлігіне жылжуына бөгет жасайды; гүлдер залалданса - жемістер түзілмейді; жеміс кеселге шалдықса - жеміс пен тұқым шіриді.
Кейбір аурулар залалданған клеткалар санының көбеюіне немесе көлемінің ұлғаюына әсерін тигізеді. Соның нәтижесінде залалданған өсімдік мүшесі еріксіз үлкейіп ісінуі немесе қурап, жойылуы мүмкін. Өсімдік ауруы деп әртүрлі факторлардан клеткалар мен ұлпалардың биохимиялық, физиологиялық үдерістері қалыптан ауытқып, соның нәтижесінде өсімдіктің анатомиялық - морфологиялық құрылымының бұзылуын айтады. Бұл құбылыс өсімдік бетінде дақ, өңез, жара, ісік, шірік және т.б. әртүрлі белгілер қалдырады.

Өсімдік аурулары, туындау себептеріне байланысты жұқпалы (түрлі бактерия, вирус, саңырауқұлақ,гематода, т.б. тудыратын) және жұқпайтын (қоректену тәртібінің бұзылуынан, ыстық-суықтан, өнеркәсіп қалдықтарының әсерінен, т.б.) аурулар топтарына бөлінеді. Жұқпайтын ауруларға қыстың үскірік аяздарынан жеміс ағаштарының діңі шытынап жарылуы, күздік егістер мен көпжылдық шөптесін өсімдіктердің үсікке ұрынуы, жаз айларының аптап ыстығы мен куаңшылығы, аңызақ желдер салдарынан астық дақылдарының масақтарында дән байлануы төмендеп, шөпектенуі, т.б. жатады. Өсімдіктердің жұқпалы ауруларын саңырауқұлақтар, бір клеткалы, таяқша тәріздес бактериялар, вирустар мен вироидтар қоздырады. Зиянды саңырауқұлақтардың, бактериялардың, кейде аяз салдарынан өсімдіктің кейбір бөлігі дұрыс өспей, шектен тыс ұлғайып ісікке, бұдырға айналып, өсімдік рагіне әкеліп соқтырады. Көпжылдық ағаштардың мех. немесе аяздан зақымданған діңдерінде, тамыры мен тамыр жемісінде, кейбір өсімдіктердің сабақтары мен гүл қауашақтарында, жапырақтарында бунақ денелілер жұмыртқаларын салып, сонда өсіп-көбейіп, зақымданған органды пішіні домалақтау келген ісіктерге айналдырып, оның дамуына себепші болады.

Өсімдік аурулары
Жаңа отырғызылған көшеттер де бастапқы кезде күн ашық, ыстық болса солып, толық тамырланғаннан кейін солуы тоқталады. Өсімдіктердің солуының келесі бір себептері топырақта тіршілік ететін кемірушілер мен бунақденелілер, саңырауқұлақтар мен бактериялар қоздыратын аурулардың (вертициллезді және фузариозды солу немесе трахемикоз аурулары) салдарынан болады. Топырақта тіршілік ететін сымқұрттар мен зауза қоңызының дернәсілдері өсімдіктердің тамырларымен қоректеніп, негізгі тамырларды зақымдауынан олар біртіндеп солады. Саңырауқұлақтар мен бактериялардың мицелийлері (жіпшелері) көбінесе тамырлар мен сабақтың түтікшелерін торлап, кейде улы заттар - токсиндер шығарады. Осының салдарынан өткізгіш түтікшелер бітеліп, жапырақтарға судың тасымалдануы нашарлайды. Кейде бөлініп шыққан токсиндер ұлпаларды улайды. Бұлардың салдарынан өсімдіктер тез арада солады. Таз қотыр ауруы өсімдіктің жапырағын, жемісін, өзегін зақымдайды. Олардың бетінде қара дақтар пайда болып, көптеген саңырауқұлақ жіпшелері бар қатты қоңыр даққа айналады. Бұл дақтар жемісті тіліктеп қатты жарақаттайды. Ауру қоздырғыштары жерге түскен жапырақ арасында қыстап шығады.
Өсімдік аурулары қоздырғыштарының сақталу, таралу немесе тасымалдану ерекшеліктеріне байланысты негізінен 3 топқа бөлінеді: тұқым немесе көшет арқылы, ауа толқыны және жаңбыр арқылы таралатындар, топырақта немесе өсімдік қалдықтарында сақталатындар. Вирустар мен бактериялар қоздыратын ауруларды таратуда олардың зиянкестерінің атқаратын рөлі зор. Ауру қоздырғыштары ауа толқыны, жаңбыр бұлттары арқылы жүздеген шақырым, кейде тіпті бір құрлықтан екіншісіне таралуы мүмкін. Ауа райы жағдайларына байланысты аурудың дамуы және таралу ерекшеліктері, одан келетін шығын құбылмалы болады. Эпифитотия дәрежесіне дейін дамыған жағдайда олардан келетін шығын 30 - 40%-дан асады. Өсімдіктің солуын тежеу үшін көкөніс және басқа да суды көп қажет ететін дақылдарды уақытында суғарып отыру қажет. Кеміргіш бунақденелілерден келетін ауруларды төмендетуде ауыспалы дақылдың және жер қыртысын аудара жыртудың маңызы зор. Сонымен қатар, отырғызылатын көшеттер мен тұқымды инсектицидтер және фунгицидтер ерітіндісінде дәрілеген жөн. Өсімдік ауруларының таралуы мен дамуын және зияндылығын шектеу үшін карантиндік және фитосанитарлық, агротехникалық, ал қажет болса химикалық шаралар қолданылады. Осы мақсат үшін селекция және биотехнология әдістерін кеңінен пайдалана отырып ауруға берік немесе төзімді сорттарды шығарудың атқаратын маңызы өте зор.

Негізгі бөлім
Әлемде өсімдіктрдің мыңдаған түрлері бар. Мәдени өсімдіктің әрбір сортында жүзден астам аурулар кездеседі. Қоздырғыштың бір түрі өсімдіктің ондаған, тіпті жүздеген түрін залалдайды. Сондықтан ауруларды зерттеу үшін, оларды жіктеу қажет. Өсімдік ауруларын жіктейтін бірнеше критерийлер бар. Мысалы, аурулардың сыртқы белгілері бойынша тамыр шірігі, ойық жара, вилт, дақ, антракноз, тат, мозаика, т.б.Залалданған өсімдік бойынша дәнді - дақылдар, көкөніс, жеміс - жидек аурулары және т.б. болып бөлінеді. Ауруларды қоздырғыштары арқылы жіктеген дұрыс, себебі бұл әдіс аурудың шығу тегін анықтап, дамуы мен таралуын және осы кеселмен күресу шараларын іздестіруге мүмкіндік береді.
Сондықтан барлық аурулар инфекциялық (жұқпалы) және инфекциялық емес (жұқпайтын) болып екі категорияға бөлінеді.
Инфекциялық аурулар фитопатогенді микроорганизмдер - саңырауқұлақтар (микоздар), бактериялар (бактериоздар), актиномицеттері (актиномикоздар), вирустар (вироздар), микоплазма организмдері (микоплазмоздар), жоғарғы сатыдағы гүлді паразиттер, қыналар, нематодалар және қарапайым әсерінен туады.
Инфекциялық емес (жұқпайтын) аурулар сыртқы ортаның қолайсыз жағдайлары - қоректік заттардың жетіспеуі немесе мөлшерден артық болуы, суық және ыстық ауа райы, топырақ пен ауа ылғалының мөлшері, ион сәулелері, пестицидтер әсері, механикалық жарақаттану және т.б. жағдайлардан пайда болады.
Өсімдікте таралуына байланысты ауруды жергілікті (локалды) және жалпы немесе жүйелі (диффузды) деп бөледі. Жергілікті аурулар өсімдіктің жеке мүшелерін немесе мүшенің бір бөлігін залалдайды. Диффузды ауруда қоздырғыш өсімдіктің барлық бойына немесе көпшілік бөлігіне тарайды.
Даму ұзақтығына байланысты ауруды созылмалы және қарқынды деп бөледі. Қарқынды аурулар тез дамып, бір вегетация кезеңінде бітеді. Мысалы, дақылдардың тат ауруы, картоп фитофтрозы және т.б. Созылмалы аурулар көпжылдық өсімдіктерде болып, жылдан жылға созыла береді, мысалы, сүйекті жеміс ағаштарының цитоспорозы және т.б.

Аурудың сыртқы белгілері
Патогендер өсімдікке еніп, онда дамып, көбейіп, аурудың алғашқы сыртқы белгісі көрінеді. Осы мерзімді инкубациялық кезең деп атайды. Аурудың сыртқы белгілерін негізгі бірнеше топқа бөледі.
Шіріктер - өсімдік ұлпасының ыдырап немесе бактерия сияқты қоздырғыштар (патогендер) бөліп шығаратын ферменттер өсімдік клеткасы қабығын еріту нәтижесінде ұлпа ыдырап, жұмсарып құрғақ ұнтаққа, кейде жағымсыз иісті қойыртпаққа айналады. Өсімдіктің қоректік заттарға бай және шырынды мүшелері - жеміс, тамыржеміс, түйнек, шырынды сабақ пен жапырақ шіруге өте бейімді.
Солу (вилт) - өсімдікте су және қоректік заттар жылжитын түтік жүйесінің саңырауқұлақтар мен бактериялар тіршілігінде түзілетін заттармен бітеліп немесе патогендер токсиндері әсерінен болатын құбылыс. Тамыр жүйесі механикалық зақымданған немесе топырақ ылғалының тапшылығынан да өсімдік солады.
Дақтар (некроздар) - өсімдік жапырағы, сабағы, жемісі немесе басқа мүшелерінде пішіні дөңгелек, бұрышты, сопақша, жиекті немесе жиексіз, түсі әртүрлі жансзданған бөліктер пайда болады. Қоздырғышына байланысты олар саңырауқұлақ, бактерия, вирус дақтары болып бөлінеді.
Саңырауқұлақ дағы үстінде немесе астында жеңіл өңез түзіледі. Кейбіреулерінде өңез үстінде жеміс денелер пайда болады. Бактерия дағы үстінде шырыш жиналып, кейін ол кеуіп қабыршақтанады. Дақ жұқарып тесіледі.
Вирус дағында өсімдіктің жапырағы, жемісі әдеттегі түсін өзгертіп, сарғыш немесе ақшыл бөліктерден мозаика түзіледі.
Өңездер - өсімдіктің залалданған мүшесі бетінде саңырауқұлақ жіпшумағы немесе спора тасушы жіпшелерінен құрылады. Өңездердің орналасу, түзілу ерекшеліктері және түсі ауру қоздырғыштарын анықтауда маңызы зор. Түзілуіне байланысты жеңіл торлы, мақпалды, киізді, ақ ұнтақты, бөртпелі өңездер болады. Бөртпелі өңезде тат саңырауқұлақтарына тән белгі.
Ісіктер мен бұлтықтар - патоген залалдаған өсімдік мүшелерінде (тамыр, тамыржеміс, түйнек, сабақ, т.б.) клетка санының көбеюінен немесе оның көлемінің қарқынды ұлғаюынан пайда болады.
Деформация (пішіннің өзгеруі) - түрлі жағдайлардан өсімдіктің жалпы пішінінің немесе жеке мүшелерінің қалыптан ауытқып жапырақтың ширатылуы, қыртыстануы және жіпшеленуі, ергежейлілік, аса түптену, қалташықтар, қуыршақтану, мыстан сыпырғышы түрінде білінеді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тіліндегі халықтық медицина терминдеріне этнолингвистикалық сипаттама
Өсімдіктердің аурулары. Түрлері
Өсімдік ауруы туралы түсінік
Адыраспан-дәрілік өсімдік
Өсімдіктердің аурулары. Жануарлардың өте қауіпті инфекциалық аурулары
Өсімдіктер карантині
Жылыжайдағы қырыққабаттың аурулары
Жануарлардың өте қауіпті инфекциалық аурулары
Табиғатта және адамның іс-әрекетінде өсімдік ауру қоздырғыштарының маңызы
Жоңышқа
Пәндер