Еркек малдың жыныс мүшесі



Кіріспе:
Негізгі бөлім:
1. Малдыңжыныстықжетілуі
2. Ұрықтанупроцесі
3. Буаздық және әр түрлі жануарлардағы оның ұзақтығы
4. Еркек малдың жыныс мүшесінің құрылысы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Көбею-жануарлардың өніп-өсуін,белгілі түрдің сақталуын қамтамасыз ететін биологиялық процесс.Жыныстық жетілу деп жыныс ағзаларының ұрпақты жалғастыруға деген қаблетінің қалыптасқан мерзімін айтады.Жыныстық жетілупроцесінің негізгі реттеуші факторы гипофиздің гонодотроптық гормондары (ФЖҚ,ЛГ)болып табылады.Олардың синтезінің күшюімен байланысты аталық және аналық жыныс бездерінде түзілетін жыныс жасушалары мен жыныс гормондарының мөлшері артып,сыртқы жыныс белгілері қалыптасады және жыныстық рефлекстер пайда болады.
Көбею – жануарлардың өніп-өсуін, белгілі түрдің сақталуын қамтамасыз ететін күрделі биологиялық процесс. Жыныстық жетілудеп жыныс ағзаларының құрылымы мен қызметі жағынан толық жетіліп, ағзаның ұрпақты жалғастыруға деген қабілетінің қалыптасқан мерзімін айтады. Жыныстық жетілу процесінің негізгі реттеуші факторы гипофиздің гонадотроптық гормондары (ФЖК, ЛГ) болып табылады. Олардың синтезінің күшеюімен байланысты аталық және аналық жыныс бездерінде түзілетін жыныс жасушалары мен жыныс гормондарының мөлшері артып, сыртқы жыныс белгілері қалыптасады және жыныстық рефлекстер пайда болады.
1) Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы.Жаңабеков Г.К
2) Ветеринариялық акушерлік гинекология және көбею биотехнологиясы Қалтаев Ш.К.,Жукин Б.Д.,Қойбағаров Б.У.
3) Интернет желісі

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Ветеринария факультеті

Акушерлік,хирургиялық және өсіп-өну биотехнологиясы
кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Еркек малдың жыныс мүшесі

Орындаған:
Тексерген:

АЛМАТЫ 2017

Кіріспе:
Негізгі бөлім:
1. Малдың жыныстық жетілуі
2. Ұрықтану процесі
3. Буаздық және әр түрлі жануарлардағы оның ұзақтығы
4. Еркек малдың жыныс мүшесінің құрылысы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Көбею-жануарлардың өніп-өсуін,белгілі түрдің сақталуын қамтамасыз ететін биологиялық процесс.Жыныстық жетілу деп жыныс ағзаларының ұрпақты жалғастыруға деген қаблетінің қалыптасқан мерзімін айтады.Жыныстық жетілупроцесінің негізгі реттеуші факторы гипофиздің гонодотроптық гормондары (ФЖҚ,ЛГ)болып табылады.Олардың синтезінің күшюімен байланысты аталық және аналық жыныс бездерінде түзілетін жыныс жасушалары мен жыныс гормондарының мөлшері артып,сыртқы жыныс белгілері қалыптасады және жыныстық рефлекстер пайда болады.

Көбею - жануарлардың өніп-өсуін, белгілі түрдің сақталуын қамтамасыз ететін күрделі биологиялық процесс. Жыныстық жетілудеп жыныс ағзаларының құрылымы мен қызметі жағынан толық жетіліп, ағзаның ұрпақты жалғастыруға деген қабілетінің қалыптасқан мерзімін айтады. Жыныстық жетілу процесінің негізгі реттеуші факторы гипофиздің гонадотроптық гормондары (ФЖК, ЛГ) болып табылады. Олардың синтезінің күшеюімен байланысты аталық және аналық жыныс бездерінде түзілетін жыныс жасушалары мен жыныс гормондарының мөлшері артып, сыртқы жыныс белгілері қалыптасады және жыныстық рефлекстер пайда болады.
Малды тек физиологиялық жетілу мерзімінен кейін ғана шағылыстырған жөн. Физиологиялық жетілудеп жас мал денесінің өсіп-жетілуінің, сақа малға тән пішіннің толық қалыптасуының аяқталған мерзімін атайды. Әр түрлі малда физиологиялық жетілу мерзімі (аймен санағанда): ірі қарада 16-18; қой-ешкіде 12-15; шошқада 10; жылқыда 36; түйеде 48-60; бұғыда 30; қоянда 6; итте 12; мысықта 10; қара күзенде 14.
Аталық жыныс жүйесiне (systema genitalia masculina): аталық жыныс жасушаларын (шәуеттердi) және гормондар түзетiн-ен; ендi аталық жыныс мүшесiмен байланыстыратын-еннен тыс шәует жолдарының жүйесi; шәует тасымалдауына және жетiлуiне қажет орта түзетiн-үстеме жыныс бездерi; ұрғашы малдың жыныс жолдарына шәует жеткiзетiн-жыныстық мүше жатады.
Ен (testis) - қос ағза, оған сыртқы және iшкi секреция тән. Көптеген сыртқы секреция бездерiнен еннің ерекшелiгi сол, ол сұйық түзiндi емес аталық жыныс жасушаларын (шәуеттер) түзедi. Еннiң iшкi секреция қызметi-жыныс рефлексi дамуына түрткi салатын, жыныс жетiлуiн және еркек мал жыныс белгiлерiн көрсететiн аталық жыныс гормоны - тестостеронды бөледi.
Ен сырты меншiктi қынап қабығымен (tunica vaginalis) жабылған. Оның астында тығыз дәнекер ұлпа қабығы-ақ қабық (tunica albuginea) жатады. Құрамына коллаген талшықтары кiредi, ал серпiмдi талшықтар өте сирек кездеседi. Талшықтар арасындағы негiзгi затта пiшiнi сопақша фибробласт болады. Ақ қабықтың қабаты қан тамырларына бай борпылдақ дәнекер ұлпадан түзiлген, ол тамырлы қабық (tunica vasculosa) барын дәлелдейдi.
Ақ қабықтан ағза iшiне дәнекер ұлпа қалқалары (пердешелер-septulum testis) енiп, ендi бөлiкшелерге (lobulus testis) бөледi. Еннiң артқы жағында ақ қабық қалыңдап, ен ортасын (mediastinum) түзедi, онда биiктiгi әртүрлi куб тәрiздi жасушалармен төселген ен торы (rete testis) орналасады. Aғзаның дәнекер ұлпа бөлiгi, ен қабығы, қалқалары және ортасы қосылып, строма құрады. Ағза үлпершегiн еннің ирек түтiкшелерi (tubuli seminiferi convoluti), олардың кеңiстiгiн толтыратын борпылдақ ұлпадағы тамырлар, жүйкелер, аталық гормондарды өндiретiн аралық ұлпа эндокриноциттерi (Лейдиг жасушалары) құрады .
Әр еннiң бөлiкшесiнде 1-4 шәует түзетiн (жалпы эмбриологияны қара) ирек түтiкшелерi болады, диаметрi 160-200 мкм, бiр ендегi түтiкшелердiң жалпы ұзындығы 1-3 км жетедi. Ирек түтiкшелер ен ортасына жақындай келе, бiр-бiрiмен қосылып, тiк түтiкшелерге (tubulus seminifer rectus) айналады, ал ен ортасының қалың жерiнде ен торы өзектерiне қосылады. Бұл тордан 10-30 шығарушы түтiкшелер (ductuli efferens) шығады. Ол ен қосымшасының басын түзедi.
Ен қосымшасының (epididymis) басы, денесi және құйрығы болады. Қосымша басын ен ортасынан шығып, күрт бұралып, тамырлар конусы деп аталатын құрылымды қалыптастырып, кең негiзiмен қосымшаға, жоғарғы ұшы ен ортасына бағытталған шығарушы түтiкшелер түзедi. Олардың қабырғасы үш-кiлегейлi, бұлшық ет, сiр қабықтарынан тұрады.
Кiлегейлi қабық эпителийден, меншiктi тақташа құратын жұқа үзiлмелi борпылдақ ұлпадан тұрады. Эпителийде призма, куб тәрiздi жасушалар кезектесiп, фестон сияқты болады.
Призма тәрiздi жасушалар кiрпiкшелермен жабылған, қосымша өзегiне шәуеттер тасымалдануына мүмкiндiк туғызады.
Куб тәрiздi жасушалар бетiнде микробүрлер болып, түтiкше арнасында сұйықтықтар сiңiруiне белсендi қатысады.
Бұлшық ет қабығын бiрыңғай салалы бұлшық ет жасушаларының қабаттары құрады, шығарушы түтiкше алыстаған сайын, ол шәует жолы бойында байқалады. Бұл қабық шәуеттердiң тасымалдануын қамтамасыз етедi.
Сiр-сыртқы қабық, өте көп тамырлар мен жүйке талшығын сақтайтын борпылдақ талшықты ұлпадан тұрады.
Қосымша денесi мен құйрығының қабырғасы аталған үш қабықтан тұрады (149 суреттi қара).
Кiлегейлi қабықтың эпителийi көп реттi, екi түрлi: басты (биiк призма тәрiздi, шәуеттер жетiлуiне қажет заттар өндiредi), негiздiк (ұсақ, пiшiнi домалақ, пирамида тәрiздi, басты жасушалары негiздiк бөлiктерiнiң арасында орналасады, түзушi рөл атқарады) жасушалардан құралған.
Шәует жолы (ductus deferens) қосымша арнаның жалғасы, алысырақта шәует өзегiне қосылады. Қабырғасы жұқа, түтiкше тәрiздi, арнасы тар және кiлегейлi, бұлшық ет және сiр қабықтардан тұрады.
Кiлегейлi қабық шәует жолының ұзына бойында қатпарлар құрады. Эпителийi көп реттi, екi түрлi: призма тәрiздi және негiздiк жасушалардан құралған. Меншiктi тақташасында көптеген серпiмдi талшықтар болады.
Бұлшық ет қабығы миоциттерден тұратын үш: iшкi, сыртқы-ұзына бойы, ортаңғы-айнала қоршалған қабаттардан түзiлген.
Сiр қабық борпылдақ дәнекер ұлпадан, мезотелийден құралған.
Үстеме жыныс безiне-еркек малдың көпiршiкше, қуықалды және баданалық бездерi жатады. Олар шәует сұйықтығы құрамбөлiктерiне қажет түзiндiлер өндiредi.
Көпiршiкше без (glandula seminalis) - қап тәрiздi жұп құрылым, шәует жолымен шәует өзегi шығатын аумақта байланысқан, қабырғасы үш: кiлегейлi, бұлшық ет, сiр қабықтардан тұрады.
Кiлегейлi қабығы бiрнеше реттi қатпарлар (plica) құрады, ол көп реттi призма тәрiздi эпителиймен төселген, онда секреторлы түйiршiктерi, липофусциндi тұрақсыз қосындылары (жыныстық пiсуден кейiн пайда болады) бар биiк, негiздiк жасушалары байқалады. Электронды микроскоп жасушада белсендi белок синтезi жүретiнiн дәлелдедi.
Бұл ағзаның қабырғасында көпiршiктi-түтiкше бездер болады, олардың даму қарқыны жануарлар түрiне байланысты жүредi. Бұл бездiң қуысында қышқыл сүйгiш түзiндi сақталады, ол шәуеттердi қорғайды, жылжуына мүмкiндiк туғызады. Малды пiштiргенде бұл без өз қызметiн тоқтатады.
Қуықалды без баданалық без (prostata) күрделi бөлiкшелi түтiкше без. Оның жалпы бiр немесе бiрнеше шығарушы өзегi несеп-зәр шығару өзегiне ашылады. Бездің құрылысы жануарлар түрiне байланысты болады.
Бұқада ол бездi ұлпалардың шашыранды шоғырынан тұрып, несеп-жыныс өзегiнiң жамбас бөлiгiнде орналасады.
Айғыр мен қабанда без бөлiктерi бiр денеге жиналып, бұлшық еттi-дәнекер ұлпалардан тұратын қабықпен жабылады. Әр бөлiктiң тегiс емес орталық қуысы болады, оған көптеген ұсақ бездердiң шығарушы түтiкшелерi ашылады. Орталық қуыстан басты шығарушы түтiкше шығып, түзiндiнi үрпi арнасына жеткiзедi. Шығарушы түтiкшелерге минеральды тұздар сiңген түзiндiлер жиналуы мүмкiн. Оны қуықалды без тастары деп атайды.
Қуықалды бездің соңғы бөлiмi, шығарушы өзегi бiр қабатты эпителиймен төселген, жасушаларының биiктiгi өзгерiп отырады. Басты шығарушы өзектiң iшкi жағы ауыспалы эпителиймен жабылған.
Бездiң түзiндiлерi қынаптың қышқыл ортасын бейтараптандырады, шәуеттер жылжымалылығын ынталандырады.
Баданалық бездер (glandula bulbourethralis) көпiршiктi-түтiкшелi, құрылысы жануарлардың түрiне байланысты болады. Aйғыр мен қабанда жақсы дамыған. Соңғы бөлiмдерi бiр қабатты призма тәрiздi эпителиймен төселген. Бiр қабатты куб тәрiздi эпителийi бар шығарушы түтiкшесi арқылы түзiндi үрпi арнасына жеткiзiледi. Бездiң қызметi әлi толық айқындалмаған, тегi түр ерекшелiгi болуы мүмкiн.
Несеп шығаратын түтiктiң қабырғасы үш: кiлегейлi, бұлшық еттi, сыртқы қабықтардан тұрады.
Кiлегейлi қабық эпителий қабатынан, меншiктi тақташадан, тамырлы, бездi қабаттардан тұрады.
Қуық жанында кiлегейлi қабық ауысу эпителийiмен жабылады, кейiн ол көп қабаттыға ауысады. Меншiктi тақташа ретикулярлы жасушаларға, лимфа түйiншелерiне бай борпылдақ дәнекер ұлпадан тұрады. Оның терең жерiнде көктамыр торлары жатып, зәр шығару өзегiнiң кеулеме денелерiмен байланысады. Көктамырлар торы жиылып, кiлегейлi қабықтың тамырлы қабатын құрады.
Бездi қабатты қуықалды без бөлiкшелерi түзедi. Бұл бездер зәр шығару өзегiнің артқы жағында болмайды. Оның кiлегейлi қабығын осы аймақтағы эпителий және зәр шығару өзегiнiң кеулеме денелерi құрады. Кеулеме денелер сыртын аққабық жабып тұрады. Одан, оның iшiне перделер өтiп, кеулеме денелер стромасын қалыптастырады. Перделер арасында тығыз дәнекер ұлпалар жатады, онда эндотелиймен төселген қуыстар болады. Қуыстар бiр-бiрiмен жалғасады, сондықтан кеулеме денелер өте жылдам қанмен толады. Шәуеттер жылжығанда зәр шығару өзегiнiң қабырғасы серпiмдi болады.
Бұлшық ет қабық көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасынан тұрады. Оның талшықтары әдетте айнала жатады, ал айғырда iшкi-ұзына бойы, сыртқы-айнала орналасқан қабаттары болады.
Сыртқы қабық борпылдақ дәнекер ұлпадан тұрады.
Аталық жыныс мүшесi (penis) бұқада - қамшы, қошқар-текеде - шыбық, айғырда - қаса, төбетте - шүкi деп аталады. Оның басы, денесi және тамыры болады. Ол арқылы ерекше тамыр ұлпаларымен қоршалған, кеулеме денелер (corpus cavernosum) деп аталатын, зәр шығару өзегi өтедi. Дәнекер ұлпа негiзiнде өте көп бiрыңғай салалы бұлшық ет жасушалары сақталады, әрi көптеген бiр-бiрiмен жалғасқан қуыстар және саңылаулар жатады, олар эндотелиймен жабылады. Бұл зәр шығару өзегiнiң кеулеме денелерi болып келедi.
Жыныстық мүше негiзiн құратын тағы екi кеулеме дене болады. Олар тығыз дәнекер ұлпамен бiрiгедi, әрi әрқайсысын бұл ұлпа жан-жақтан қоршайтындықтан, оның ақ қабығын (tunica albugines) қалыптастырады.
Кеулеме дене қуысы қан тамырларына жалғасатын көктамыр қанымен толы болады. Мұндай тамыр мен кеулеме денелердiң байланысы, кейiнгiге қобу кезiнде қанмен толуға мүмкiндiк бередi.

Еркек малдың көбею ағзаларына аталық жыныс безі (ен), шәуеттік жол, қосалқы жыныс бездері (көпіршік тәрізді, қуық және баданалық бездер), жыныс мүшесі жатады. Ен - жыныс жасушалары мен жыныс гормондарын бөліп шығаратын жұп жыныс безі. Аталық жыныс жасушаларының түзілу, жетілу және сақталу процестері дене температурасынан 3-40С төмен жағдайда өтеді. Бұл аталық бездің құрсақ қуысынан тыс орналасуымен байланысты. Ен температурасын реттеуде ұма терісі мен еттері зор рөл атқарады.
Ен қосалқысы өзегінің жалғасы шәуеттік жол деп аталады. Ол оң және сол жол болып бөлінеді. Шәуеттік жол жіңішке түтік ретінде шаттың сақина тесігі арқылы ен бауының ішімен құрсақ қуысына өтеді де, қуықтың үстіңгі жағымен жүре отырып несеп-жыныс өзегінің жамбастық бөлігімен жалғасады.
Шәует деп шағылысу кезінде еркек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күйіттеуші малдарды дайындау әдістері
Балонопастит, фимоз, парафимоз және оның емдері
Аталық малдың жыныстық рефлекстері
Көбеюдің мәні
Аталық малдың жыныс мүшелері
Жіті нефрит
Туғанан кейінгі аурулар туралы ақпарат
Жыныстық цикл
Ұрғашы малдың жыныстық циклы
Аналықтардың бедеулігі. Аталықтардың белсіздігі. Туғанан кейінгі аурулар
Пәндер