Діни дәстүрлер арқылы жеткіншектердің рухани-адамгершілігін қалыптастыру



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І тарау. Ислам дәстүрлері арқылы жеткіншектерді рухани. адамгершілікке тәрбиелеу мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 7
1.1. Ислам дәстүрлеріндегі рухани . адамгершіліктік міндеттер
арқылы жеткіншектердің рухани . адамгершілігін қалыптастыру ... ... ... ... . 7
1.2. Ислам дәстүрлерінің адамгершілік қағидалары арқылы жеткіншектердің рухани . адамгершілігін қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 26

ІІ тарау. Жеткіншектердің рухани . адамгершілігін қалыптастыруда Ислам дәстүрлерін пайдаланудың көріністері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 59
2.1. Ислам дәстүрлері арқылы жеткіншектердің рухани .
адамгершілігін қалыптастыруының тәжірибелік көрінісі ... ... ... ... ... ... ... ... 59
2.2. Ахлақтық міндеттер, қағидалар, биліктерді орындауда
сенімнің ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 64

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 80

Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 85
КІРІСПЕ

Зерттеу көкейкестілігі: Қазақстан Республикасының алдында тұрған келесі міндеттерді шешуде, Қазақстан егемен мемлекет ретінде қалыптасуында халықтың руханилығы, адамгершілік болмыс сипаты басты назарда болуы өркениеттіліктің маңызды шарттарының бірі болмақ.
Білім беру тұжырымдамасында: «жалпы білім беретін мектептің мақсаты жас ұрпақты ұлттық игіліктермен адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын сақтап оқыту, тәрбиелеу және әрбір шәкіртті жеке тұлға деп санап, оның жан- жақты дамуына мүмкіндік жасау» - делінген. Ол үшін оқушының ой- санасы мен мінез- құлқы ұлттық рухты сезіне тәрбиеленіп тілі, діні мен ділі қалыптасуы қажет. Кеңес Одағы кезінде және одан кейінгі кезеңдерде қалыптасып қалған жағдайларды ескерер болсақ, білім беру жүйелеріндегі білім мазмұны ескі сарында, халықтық педагогика жаңалықтарды үрдістерді енгізгенімізбен идеялар мен қағидалардың бастау алар тұсын дөп басып, ұрпағымызды имандылыққа бұра алған жоқпыз. Дін туралы сауатсыздық қазақ халқымыз бұрын соңды тарихында болмаған небір нашар қылықтарға, нашақорлық, жезөкшелік, тастанды бала мен ата- анаға мойынсынбау және тағы басқа осындай теріс қылықтар көрініс беруде.
«Дін – ғылымның атасы, ғылым – діннің баласы» деген өрелі ойға зер салсақ, дін туралы ой мүлдем өзгеріп, барлық тіршілік бастауына нәр болатынын байқаймыз. Сондықтан, адамның дін туралы, Ислам діні туралы көзқарасы, сауаты болуы шартты да.
Қазақ халқының әлеуметтік – экономикалық, саяси дамуының жаңа жағдайында ата- бабаларымыздың Ислам дәстүрінің маңызы ерекше. Ислам дәстүрі бабаларымыздың халықтық мәдениетінің қалыптасуына, адамгершілік болмысына арқау болды. Ол белгілі дәрежеде салт- дәстүріне, әдет- ғұрпына, адамгершілігіне ықпалын тигізді. Адамгершілік мұраттары тәрбиенің өзегіне айналды. Дегенмен, осындай үрдістердің үзілуі мен Ислам діні туралы сауатсыздық жат мінезге, имансыздыққа, дін мен өмір парқын болжамауға әкеп соқты. Осындай кереғарлықтың өзі сөзсіз діни танымды қажет етеді.
Мәселенің өзектілігі. Адам баласы қандай қоғамда өмір сүрсе де дінге, жаратқан тәңірге, иманға берік сенеді. Дін - әлемдік өркениеттегі барлық қоғамдық құрылыстарға тән тарихи, саяси - әлеуметтік, дүниетанымдық және психологиялық құбылыс. Дін адамзатпен бірге келіп және де әрдайым адамзатпен бірге болмақ. Тарихтың қай дәуіріне қарасақ та дінсіз адам кездесер- ау, бірақ дінсіз қоғам кездеспейді. Дін адамның өз жаратылысындағы құпияларды анықтап, табиғаттағы құбылыстардың, ғарыштағы қозғалыстардың астарын түсіну үшін ізденіске түсуінен, сұрақтарға жауап іздей бастауынан алау алған сезімнен туындайды. Яғни, адамзат діннен ешуақытта ажырамаған. Адамдарға күш- жігер беретін, қоғамды тәртіпке келтіретін, жақсылық пен туралыққа жетелейтін, жалғыздық пен қиыншылықты жойып, сенімділікті орнататындардың басында қашанда дін тұрмақ.
Қазіргі таңда бәрімізге мәлім, хақ дін әрі соңғы дін – Ислам діні. Бүгінде жер бетіндегі халықтың көпшілігі, Қазақстан халқының басым бөлігі осы дінді ұстанушылар. Ислам діні, ата- бабамыздан бері ұстанып келе жатқан дін болғанымен, кейінгі Кеңестік Одақтың жетпіс жыл бойы сіңірген атеистік сенімінің құрсауынан құтыла алмай жатқанымыздың әсерінен көпшілік бұл дінді толық әрі анық түсінбеуде. Сондықтан діннің шынайы мағынасы әрі оның жеке адамның қалыптасуы мен қоғамға тигізер әсері кезек күттірмей зерттеуді талап ететін басты мәселе.
Бұл мәселе жөнінде ұлттық руханияттың көсемі Әбу Насыр Әл- Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас- дұшпаны» деп ұрпағына өсиет мұра қалдырды. Бұл өсиетке адалдық, қазіргі қоғам мүшелерінің жұмыс заңына, тәрбие процесінің түп қазығына айналуы шарт демекпіз. Сондықтан да ең әуелі, бойымызға имандылық – адамгершілік қасиеттерді дарытуға пәк рухта тәнімізді таза ұстауға, өмір салтына бейімделуіміз қажет. Қоғамда қалыптасып отырған жағдайлардың өзі діни тәрбиені, оның ішінде адамгершілік тәрбиесін қажет етіп отыр. Осыған сай дипломдық жұмысымның тақырыбын «Ислам дәстүрлері арқылы жеткіншек жастағы азаматтардың рухани – адамгершілігін қалыптастыру» деп алуға негіз болды.
Зерттеу мақсаты: Жеткіншек жастағыларды адамгершілікке тәрбиелеу процесі.
Зерттеу объектісі: Ислам дәстүрлері арқылы жеткіншектерді адамгершілікке тәрбиелеу үрдісі.
Зерттеу пәні: Жеткіншек жастағы оқушылардың адамгершілікке тәрбиелеуде Исламдық дәстүрлердің озық үлгілері арқылы тиімді тәрбиелеуді қарастыру.
Зерттеудің міндеттері:
- Құран мен Сүннетте адамгершілік мәселесінің қарастырылу аясын анықтау;
- Теолог ғалымдардың зерттеулеріндегі адамгершілік ой- пікірлерді айқындау;
- Жеткіншек жастағы балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде Исламдық дәстүрлерді тиімді пайдалану мүмкіндігін белгілеу.
Зерттеу болжамы: Ислам дәстүрлеріндегі адамгершілік мәселесі туралы танымы болған жағдайда, жеткіншек жастағы оқушының адамгершілік міндеттер, қағидалар, адамгершілік процестер туралы мағлұмат болады және оның Құран мен сүннетттік талаптарын ұғынып, адамгершілік мінез- құлықты сақтау қажеттігін ұғынады.
Зерттеудің әдістері: Құран, Сүннет туралы және Ислам туралы кітаптардан адамгершілікке қатысты материалдармен танысу. Түрлі саладағы ғалымдардың адамгершілік туралы ой- пікірлері, идеяларын пайдалану. Жеткіншек жастағы балалар психологиясы мен педагогикалық адамгершіліктік тәрбиесі зерттеу көзі бола алады.
Теориялық маңыздылығы:

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 83 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Дипломдық жұмыс
Тақырыбы: Діни дәстүрлер арқылы жеткіншектердің рухани-адамгершілігін
қалыптастыру.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І тарау. Ислам дәстүрлері арқылы жеткіншектерді рухани- адамгершілікке
тәрбиелеу
мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 7

1.1. Ислам дәстүрлеріндегі рухани – адамгершіліктік міндеттер
арқылы жеткіншектердің рухани – адамгершілігін
қалыптастыру ... ... ... ... . 7
1.2. Ислам дәстүрлерінің адамгершілік қағидалары арқылы жеткіншектердің
рухани - адамгершілігін
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
26

ІІ тарау. Жеткіншектердің рухани – адамгершілігін қалыптастыруда Ислам
дәстүрлерін пайдаланудың
көріністері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 59
2.1. Ислам дәстүрлері арқылы жеткіншектердің рухани –
адамгершілігін қалыптастыруының тәжірибелік
көрінісі ... ... ... ... ... ... ... ... 59
2.2. Ахлақтық міндеттер, қағидалар, биліктерді орындауда
сенімнің
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... . 64

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 80

Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 85
КІРІСПЕ

Зерттеу көкейкестілігі: Қазақстан Республикасының алдында тұрған келесі
міндеттерді шешуде, Қазақстан егемен мемлекет ретінде қалыптасуында
халықтың руханилығы, адамгершілік болмыс сипаты басты назарда болуы
өркениеттіліктің маңызды шарттарының бірі болмақ.
Білім беру тұжырымдамасында: жалпы білім беретін мектептің мақсаты жас
ұрпақты ұлттық игіліктермен адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын сақтап
оқыту, тәрбиелеу және әрбір шәкіртті жеке тұлға деп санап, оның жан- жақты
дамуына мүмкіндік жасау - делінген. Ол үшін оқушының ой- санасы мен мінез-
құлқы ұлттық рухты сезіне тәрбиеленіп тілі, діні мен ділі қалыптасуы қажет.
Кеңес Одағы кезінде және одан кейінгі кезеңдерде қалыптасып қалған
жағдайларды ескерер болсақ, білім беру жүйелеріндегі білім мазмұны ескі
сарында, халықтық педагогика жаңалықтарды үрдістерді енгізгенімізбен
идеялар мен қағидалардың бастау алар тұсын дөп басып, ұрпағымызды
имандылыққа бұра алған жоқпыз. Дін туралы сауатсыздық қазақ халқымыз бұрын
соңды тарихында болмаған небір нашар қылықтарға, нашақорлық, жезөкшелік,
тастанды бала мен ата- анаға мойынсынбау және тағы басқа осындай теріс
қылықтар көрініс беруде.
Дін – ғылымның атасы, ғылым – діннің баласы деген өрелі ойға зер
салсақ, дін туралы ой мүлдем өзгеріп, барлық тіршілік бастауына нәр
болатынын байқаймыз. Сондықтан, адамның дін туралы, Ислам діні туралы
көзқарасы, сауаты болуы шартты да.
Қазақ халқының әлеуметтік – экономикалық, саяси дамуының жаңа
жағдайында ата- бабаларымыздың Ислам дәстүрінің маңызы ерекше. Ислам
дәстүрі бабаларымыздың халықтық мәдениетінің қалыптасуына, адамгершілік
болмысына арқау болды. Ол белгілі дәрежеде салт- дәстүріне, әдет- ғұрпына,
адамгершілігіне ықпалын тигізді. Адамгершілік мұраттары тәрбиенің өзегіне
айналды. Дегенмен, осындай үрдістердің үзілуі мен Ислам діні туралы
сауатсыздық жат мінезге, имансыздыққа, дін мен өмір парқын болжамауға әкеп
соқты. Осындай кереғарлықтың өзі сөзсіз діни танымды қажет етеді.
Мәселенің өзектілігі. Адам баласы қандай қоғамда өмір сүрсе де дінге,
жаратқан тәңірге, иманға берік сенеді. Дін - әлемдік өркениеттегі барлық
қоғамдық құрылыстарға тән тарихи, саяси - әлеуметтік, дүниетанымдық және
психологиялық құбылыс. Дін адамзатпен бірге келіп және де әрдайым
адамзатпен бірге болмақ. Тарихтың қай дәуіріне қарасақ та дінсіз адам
кездесер- ау, бірақ дінсіз қоғам кездеспейді. Дін адамның өз
жаратылысындағы құпияларды анықтап, табиғаттағы құбылыстардың, ғарыштағы
қозғалыстардың астарын түсіну үшін ізденіске түсуінен, сұрақтарға жауап
іздей бастауынан алау алған сезімнен туындайды. Яғни, адамзат діннен
ешуақытта ажырамаған. Адамдарға күш- жігер беретін, қоғамды тәртіпке
келтіретін, жақсылық пен туралыққа жетелейтін, жалғыздық пен қиыншылықты
жойып, сенімділікті орнататындардың басында қашанда дін тұрмақ.
Қазіргі таңда бәрімізге мәлім, хақ дін әрі соңғы дін – Ислам діні.
Бүгінде жер бетіндегі халықтың көпшілігі, Қазақстан халқының басым бөлігі
осы дінді ұстанушылар. Ислам діні, ата- бабамыздан бері ұстанып келе жатқан
дін болғанымен, кейінгі Кеңестік Одақтың жетпіс жыл бойы сіңірген атеистік
сенімінің құрсауынан құтыла алмай жатқанымыздың әсерінен көпшілік бұл дінді
толық әрі анық түсінбеуде. Сондықтан діннің шынайы мағынасы әрі оның жеке
адамның қалыптасуы мен қоғамға тигізер әсері кезек күттірмей зерттеуді
талап ететін басты мәселе.
Бұл мәселе жөнінде ұлттық руханияттың көсемі Әбу Насыр Әл- Фараби:
Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек. Тәрбиесіз берілген
білім – адамзаттың қас- дұшпаны деп ұрпағына өсиет мұра қалдырды. Бұл
өсиетке адалдық, қазіргі қоғам мүшелерінің жұмыс заңына, тәрбие процесінің
түп қазығына айналуы шарт демекпіз. Сондықтан да ең әуелі, бойымызға
имандылық – адамгершілік қасиеттерді дарытуға пәк рухта тәнімізді таза
ұстауға, өмір салтына бейімделуіміз қажет. Қоғамда қалыптасып отырған
жағдайлардың өзі діни тәрбиені, оның ішінде адамгершілік тәрбиесін қажет
етіп отыр. Осыған сай дипломдық жұмысымның тақырыбын Ислам дәстүрлері
арқылы жеткіншек жастағы азаматтардың рухани – адамгершілігін қалыптастыру
деп алуға негіз болды.
Зерттеу мақсаты: Жеткіншек жастағыларды адамгершілікке тәрбиелеу
процесі.
Зерттеу объектісі: Ислам дәстүрлері арқылы жеткіншектерді
адамгершілікке тәрбиелеу үрдісі.
Зерттеу пәні: Жеткіншек жастағы оқушылардың адамгершілікке тәрбиелеуде
Исламдық дәстүрлердің озық үлгілері арқылы тиімді тәрбиелеуді қарастыру.
Зерттеудің міндеттері:
- Құран мен Сүннетте адамгершілік мәселесінің қарастырылу аясын
анықтау;
- Теолог ғалымдардың зерттеулеріндегі адамгершілік ой- пікірлерді
айқындау;
- Жеткіншек жастағы балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде Исламдық
дәстүрлерді тиімді пайдалану мүмкіндігін белгілеу.
Зерттеу болжамы: Ислам дәстүрлеріндегі адамгершілік мәселесі туралы
танымы болған жағдайда, жеткіншек жастағы оқушының адамгершілік міндеттер,
қағидалар, адамгершілік процестер туралы мағлұмат болады және оның Құран
мен сүннетттік талаптарын ұғынып, адамгершілік мінез- құлықты сақтау
қажеттігін ұғынады.
Зерттеудің әдістері: Құран, Сүннет туралы және Ислам туралы кітаптардан
адамгершілікке қатысты материалдармен танысу. Түрлі саладағы ғалымдардың
адамгершілік туралы ой- пікірлері, идеяларын пайдалану. Жеткіншек жастағы
балалар психологиясы мен педагогикалық адамгершіліктік тәрбиесі зерттеу
көзі бола алады.
Теориялық маңыздылығы:
- Ислам дәстүрлері мен ахлақи принциптер жайлы құнды пікірлер мен
деректер;
- Ислам дәстүрлері арқылы рухани- адамгершілікке тәрбиелеудің
ерекшеліктері.
Практикалық маңыздылығы:
- Жалпы мектептен тыс жеткіншектер сарайының тәрбиелеріне тәжірибелік
көмек көрсету;
- Мектеп сынып жетекшілерінің тәрбиелік жұмыстарының жақсаруына үлес
қосу.
Дипломның құрылымы: кіріспеден, 2 бөлімнен және әр бөлім 2 бөлімшеден,
қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.

І тарау. Ислам дәстүрлері арқылы жеткіншектерді рухани- адамгершілікке
тәрбиелеу мәселесі

1. 1. Ислам дәстүрлеріндегі рухани – адамгершіліктік міндеттер арқылы
жеткіншектердің рухани – адамгершілігін қалыптастыру

Қазіргі таңда адамгершілік тәрбиесінің өзекті мәселесі, қоғам дамуында
тұрған мақсат – мүддесіне сай адамгершілік қасиеттердің тұтастығын
тәрбиелеу. Бала тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын ойшылдары мен
зерделі зиялыларын талассыз толғанысқа, үздіксіз ізденіске түсірген ізгі
мұрат екені даусыз. Бүгінгі таңда тәуелсіздігін алып, өзінің чыртқы және
ішкі жағдайларын анықтап жатқан қазақ елі үшін өркениетке жеткізер тәрбие
жолдарын саралап, жүйелеп, өмірге енгізудің орны ерекше екені белгілі. Бұл
ретте бала дүниеге келгеннен кейін ең алдымен отбасында, онан кейін
қоғамдық ортада және оны тұлға ретінде қалыптастыруға, тәрбиелеуге қатысты
дініміздің ғасырлар бойы халық арасында сақталып келе жатқан дәстүрлі тәлім-
тәрбиесін қолдаудың маңызы зор. Өз тарихының бастауынан- ақ адамзат ұрпақ
тәрбиелеуге ерекше мән берген. Әсіресе жас ұрпақтың бойына рухани-
адамгершілік қасиеттерді сіңіру қажет. Және бұл жолдарда отбасы, қоршаған
орта, отан, ана мектептің берері мол. Жас ұрпақтың рухани – адамгершілігі
қалыптасқанда ғана болашаққа нық сеніммен, үмітпен қарай аламыз.
Рухани- адамгершілік – барлық ізгіліктердің, жақсы қасиеттердің бастау
бұлағы. Қаныш Сәтбаев бұл жөнінде: Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз
адамгершілікпен кіріссеңіз, сөз жоқ жеңіске жетесіздер. Сіздің мінез-
қасиетіңізге адамгершілік бірінші болып орын алса, шыншыл, батыл, тиянақты,
жігерлі және кішіпейіл адам болған болар едіңіздер. Жеткен жетістік пен
табысқа мақтану, масаттану сіздер үшін қасиет емес. деген. Жалпы рухани-
адамгершілік дегеніміз жас ұрпақ бойында мінез- құлықтың белгілі- бір
сипаттарын қалыптастыру және олардың өздерінің де бір- біріне, отбасына,
басқа адамдарға, мемлекетке, отанға деген қатынасын анықтайтын мінез
нормалары мен ережелерін дарыту.
Рухани- адамгершілікке тәрбиелеу жан- жақты тәрбиенің аса маңызды
бөлігі болып табылады. Соның ішінде Ислам дәстүрлері арқылы рухани
адамгершілікке баулу өте мағыналы ұғым. Ол адамның ішкі жан- дүниесінің
әсемділігінен бастап, оның сыртқы қабілеті, ой әсемдігі мәселелерін
қамтиды. Жеткіншектердің рухани адамгершілігін қалыптастыру адамның
дүниеге, адамдарға деген көзқарасын анықтайды. Оның ықпалымен жеке адамның
адамгершілік құқығын қалыптастырады. Адамгершілік, адалдық пен шыншылдық,
қарапайымдылық пен сыпайылық, үлкендерді сыйлау сияқты мінездегі моральдық
ерікті саналарды тәрбиелеудің негізі болып табылады. Баланы адамгершілігі
мол, шыншыл, адал етіп тәрбиелеу әр отбасының қоғам дамуындағы міндеті.
Рухани – адамгершілік тәрбиесі үзіліссіз процесс. Ол адам туғаннан
бастап, өмір бойы жалғаса береді. Жеке адамның адамгершілік жағынан
қалыптастыру процесінде Ислам дәстүрлері ерекше орын алады. Рухани-
адамгершілікке тәрбиелеу көп қырлы процесс. Ислам дәстүрлері баланың мінез-
құлқына керемет әсер етеді. Осы орайда Ислам және дәстүр сөздеріне
түсініктеме бере кетсек.
Ислам сөздікте араб тілінен енген, бағыну, мойынсұну, сенім,
бейбітшілік, ынтымақ деген мағыналарға келеді. Ал терминдік мағынасы, Хз.
Мұхаммед пайғамбар арқылы Аллаһ Тағаланың адамзат әлеміне жіберген ең
соңғы, әрі хақ дінін Ислам дейміз. Бұған дәлел Құран Кәрімде Әли Имран
сүресінің он тоғызыншы аятында: Расында Аллаһ Тағаланың құзырында шынайы
дін - Ислам. делінеді. Және де Құран Кәрімнің Әли Имран сүресінің сексен
бесінші аятында: Кімде- кім Исламнан басқа бір дін іздесе, әсте одан қабыл
етілмейді де, ақыретте зиянға ұшырағандардан болады. деп бұйырылады.
Ал, дәстүр сөзіне келетін болсақ, дәстүр (зат есім) сөздікте, әдетке
сіңген салт, ғұрып, мирас деген ұғымдарды береді. Мысалы, Ілияс
Есенберлиннің Қаһар әңгімесінде былай деп жазады: Ескірген кенет
тебініп қап, қазақтың ескі дәстүрімен ой, бауырымдап! ауылға қарай шаба
жөнелді.
Ж. Жұмақановтың Әлия әңгімесінде дәстүр сөзіне байланысты былай
жазады: ... Әлия жоқ, бірақ оның даңқы, ерлік дәстүрі әлі тірі.
Дәстүр сөзі, салтқа енген, әдетке айналған деген мағынаны береді және
дәстүрлі мұра, дәстүрлі кеш, дәстүрлі жиын деп сөйлемдерде қолданылады.
Демек, Ислам дегеніміз дін, ал діннің өзіндік қағидалары мен
заңдылықтары болады, сол қағидалар мен заңдылықтардың қоғамға еніп, әдетке
айналып, қолданыс табуын, іс жүзінде жүзеге асуын дәстүр дейміз. Мысалы,
сүндетке отырғызу Исламның денсаулық дәстүріне жатады.
Тәрбиеде Ислам дәстүріне сүйену, тәрбие ісінің тиімділігін арттырады.
Діннің негізгі қағидаттары Құран мазмұнынан туындайды. Сүннеттер арасында
қалыптасқан көзқарас бойынша, дін ұғымының мазмұны үш құрамдас бөліктен
тұрады. Оны үкімдер, биліктер, қағидаттар деп те қарастырылады.
Мұсылмандар өмірінде дәстүрлі екі мереке бар. Біріншісі – Құрбан айт
мерекесі (араб. ъидуль- адһа деп аталады). Бұл құрбандықтың ең ұлы
мерекесі. Бұл рәсімді барша мұсылман халқы тойлайды. Екінші дәстүрлі мереке
(араб. ъидуль- фитр, ъидус- сағир деп аталады), Рамазан айындағы
мұсылман оразасының бітуіне арналады. Бұл екі мерекеде де дәстүр бойынша,
қайтыс болған туыстарының бейітінің басына барумен, салтанатты дастархан
жаюмен, қайыр- садақа және сыйлықтар таратумен, бір- біріне қонаққа барумен
бірге жүреді. Мерекелер – Аллаһтың құлдары үшін тағайындаған сый- сияпат
күндері. Бұл күндерді Аллаһтың ризашылығына сәйкес іс- әрекеттермен өткізу
керек.
Мерекенің біріне жұма күні де жатады. Мұсылман дәстүрі бұл күнді
қасиетті деп санайды, өйткені дәл осы апта күнінде Мұхаммед пайғамбар (Оған
Алланың сәлемі болсын) дүниеге келген. Жұма күнінің қасиеті туралы хадис-
шәріпте: Күндердің ең жақсысы – жұма. Жұма күні адам жаратылған, жұма күні
ол жұмаққа жіберілген, жұма күні жұмақтан шығарылған, жұмада уақыт
тоқтайды. - делінген. Мұсылмандар жұма күні жұма намазын оқиды, жамағатқа
жиналады, бас қосып, бір- бірінен хал- ахуал сұрайды. Әр апта
мұсылмандардың осылайша бас қосулары араларындағы достықты, ынтымақтастықты
нығайтады, бірлікке ұйытқы болады.
Ислам дәстүрінде қағидалы және қағидалы емес мерекелер де бар. Қағидалы
мерекелер жоғарыда аталынса, қағидалы емес мерекелерге Мәуліт (Пайғамбардың
туған күні), Исра және Миғраж (Намаз сыйланған кеш), Қадір (Құран түскен
түн) түні мерекелері жатады.
Ислам дәстүрінде рухани- адамгершілік өнеге арқылы тәрбие көрген
балалар да өз бойында ең жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастырып,
адамдарға мейіріммен қарауға, ата- аналарын құрметтеуге, үлкенді сыйлап,
кішіге қамқорлық етуге, әділдік пен адалдыққа, жақсы істен ләззат ала
білуге дағдыланады. Ислам дәстүріндегі ахлақтық тәрбие ата- анадан балаға
қасиеттер дарып немесе ата- анасынан берген тәрбиесінен алса, тәрбие – ата-
анадан деген нақыл сөз өте орынды айтылған. Баланың бойында жақсы
қасиеттер қалыптастыру үшін мейірімділік, қарапайымдылық, қамқорлық, шын
жүректен шыққан жылы сөз бен жақсы мінезді болу үлгісін көрсетеді. Ахлақтық
тәрбиесіндегі дәстүрлер баланы ақиқаттың дұрыс жолына бағыттайды. Оның
жұмсақтығы әлсіздікке, талапшылдығы қаталдыққа айналмайды. Осының арқасында
бала, ізгі жүректі, ақылды әрі жомарт , жауапкершілігі мол, табанды болып
өседі.
Ислам – адамгершілік пен ізгіліктің уағыздаушысы. Имандылыққа
қайта бет бұрғалы халқымыздың Исламиятқа деген құштарлығының артқаны
белгілі. Бұл Ислам дінінің халық жүрегінен терең орын алғандығының,
ұлтымыздың мұсылманшылық пен имандылыққа бет бұрғанының белгісі. Ата-
бабамыздан келе жатқан Ислам дінінің маңызы артып, әртүрлі діни дәстүрлер
мен жөн- жоралғылардың кең көлемде орын алуы да қуантарлық жәйт.
Қазақ халқының ділін айтқанда, оның басты бір ерекшелігі – тәрбиелік
қасиеті. Қазақ халқының дерлік салт- санасы, әдет- ғұрпы айналып келгенде
Ислам дінінен туындаған тәрбиелік мәселелерге келіп тіреледі. Олар
адамгершілікке, имандылыққа, көпшілдікке, азаматтыққа баулиды. Ислам
дінінің қоғам дамуы барысындағы роліне тоқталатын болсақ, тарихтағы кейбір
оқиғалардың алдын- алуына, халық басына түскен күйзеліске төзуіне, жеңе
білуіне себепші болады. Ислам дінінің қазақтар арасында кеңінен таралуы
және қазақи ой- санада берік орнауы, ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып келе жатқан
ұлттық қасиет, үлгі- өнеге. Қазақ халқы ұрпақ тәрбиесіндегі жақсы
әдеттерге, имандылық құндылықтарға, ата- бабадан қалған игі мұраларға,
ұлағатты өнегенің әсеріне ерекше мән берген. Ал, дін – адамның абыройын, ар-
ұятын сақтап отыратын ереже немесе тәрбиелік құрал іспеттес. Дін рухани
мәдениеттіліктің баламасы, дүниетанымның бір бітімі, дүниедегі тәрбие
туралы бағдар немесе жол.
Діннің басты қызметі – адамдардың қарым- қатынастарын реттеп, белгілі-
бір тәртіпке келтіріп, оның құдіреттілігі мен қасиеттілігіне иландыру.
Діннің басты мақсаты – екі дүниеде де адамның бақытты болуын көздейді.
Бақытқа жетудің әліппесі әрине, адамгершілік қасиет.
Адамгершілік сенім, адамгершілік сананы, адамгершілік талаптарын білу,
түсіну және соған сай қарым- қатынаста болуды қамтиды. Адамгершілік сенім
әрбір іс- әрекетте, мінез- құлықта, адамның бағыт- бағдарын, принциптілігін
анықтайды. Сондай- ақ адамның адамгершілік санасының дәрежесі, оның мінез-
құлқы мен іс- әрекетін анықтайды. Сондықтан адамгершіліктің қалыптасуында
Ислам дәстүрлері туралы білім, түсінік ұғымдарының негізіндегі адамгершілік
сана мен сенімнің алатын орны ерекше. Жеткіншектерге адамгершілік
дағдыларын қалыптастыру ұзақ уақытқа созылумен, күрделі де көп қырлы
процесс. Ол баланың сана- сезіміне ықпал етуді, олардың жақсы әдеті мен
мінез- құлқы адамгершілік сезімі мен қасиеттерді қалыптастыруды және
олардың еркі мен тілегін бағыттай білуді, т. б. талап етеді.
Сонымен, адамгершілікті қалыптастыру А. С. Макаренконың сөзімен
айтқанда: Өмірге жаттықтыру болып табылады.
Адамзат тарихында пайда болған адамгершілік адамгершілікке байланысты
көптеген ұғымдар, жомарттық, батылдық, шыншылдық, сыпайыгершілікке, ар-
намыс т. б. сонау көне дәуірден бастап, күні бүгінге дейін өз маңызын
жоғалтпаған деп Қ. Әбжанов, С. Нысанбаев секілді ғалымдар адамгершілік
ұғымдарын осылай атап көрсеткен. Осыған сүйене отырып, адамгершілік
қасиеттерге ар- ұят, намыс, абырой, әділдік, адалдық, кішіпейілділік,
жауапкершілік, парасат, сабыр, нысан, қанағат, қарапайымдылық, бауырмалдық
т. б. жататынын көреміз. Сондықтан қазіргі кезде оқытушылар, ұстаздар,
тәрбиешілер, ең алдымен жас жеткіншектерді, оқушыларды жан- жақты халқының
қамын ойлайтын азамат етіп өсіруі қажет.
Қазақ халқының дәстүрлі тәрбие жүйесі, жас ұрпақты, қоғам мүшелерін
отанға, халқына, елге, жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, мұны олардың
бойына сіңіріп, қалыптастыруды жетекші орынға алады. Сондықтан да әрдайым
тың бағыттарда іздене отырып, бала жүрегіне жол табатындай етіп, осы
адамгершілік қасиеттерді отбасында, мектепте, сабақ уақытында, сабақтан тыс
уақыттарда дұрыс, тиімді пайдаланып үйретуді керек етеді. Адамгершілік рух
– қазақ елінің әлемдік өркениеттегі елдер көшіне қосылып, дүниежүзілік
қауымдастықтан лайықты орын алуына мүмкіндік беретін бірден- бір күш.
Бүгінгі таңда жас ұрпақты Ислам дәстүрлері арқылы рухани- адамгершілікке
баулу, діннің құпия- сырларын оқытып, үйрету – дүниеге келген әрбір
ұрпақтың жан дүниесіне адамгершілік, имандылық қасиетті сыйлау болып
табылады. Олай болса, дін – ғылым, дін – білім екенін ескере отырып, жас
ұрпақтың жан дүниесіне рухани азық беруді кешіктірмей, іске батыл
кірісуіміз керек.
Ислам - имандылыққа жетелейді. Имандылыққа – адамның ар- ожданы,
тазалығы, адамгершілігі, әдептілігі, әділеттілігі т. б. жатады. Сонымен
қатар, қай қоғамда болмасын өз дінін, өз тілін сақтап қалған халық қана
тарих көшінен қалмай алға дамыған. Мысалы, АҚШ- та дін мемлекетті
нығайтудың рухани құралы ретінде бағаланады.
Ұлы Абай:
Алланың өзі де рас, сөзі де рас,
Рас сөз ешуақытта жалған болмас. дейді.
Адамзат баласының имандылығы артып, ата- бабадан мирас алған рухани
құндылықтарға бейімделген сайын, қоғам тазарып, ілгерілеп, дамып,
өркениетке бет алары анық. Сонда ғана мәдениеті жоғары елдің тәрбиелі,
адамгершілікті рухтағы азаматына сеніп, болашаққа зор үмітпен қарауға
болады.
Ислам дінінде Құран мен Сүннетте адамгершіліктің қарастырылуына қатысты
ғалымдар адамгершілік міндеттер, адамгершілік қағидалар деп көрсетеді.
Адамгершілік міндеттер бес міндетпен қарастырылса, ал адамгершілік
қағидалар: адалдық, әділеттілік, шыншылдық, әдептілік, ар- ұят,
қарапайымдылық, тазалық, бауырмашылдық, еңбекқорлық, тіл тәрбиесі, тағы
басқа осындай қағидалар аясында қарастырылады.
Жеткіншектердің жас ерекшелігінде дене бітімі өзгеріп, психологиялық
дисгармония пайда болады. Мұндай өзгерістер жеткіншектердің бойына әртүрлі
әрекеттердің пайда болуына әкеп соғады. Олар шыдамсыз, бетке тура айта
салушылық, мінез көрсетушілік, ата- ананы мойындамаушылық немесе жүре
тыңдау, сыр жасыру сияқты мінез- құлықтар көрсетеді. Ата- ана, өз алдындағы
адамгершілік міндеттері туралы білімі болса және осы күрделілікті өмірде
зерделі пайдалана алса, өзіне- өзі реттеуіне, түзелуіне болар еді.
Психологтардың пікірінше, бұл жастағы өзгерістерді үлкендік сезім
туушылық деп атайды. Мұны жеткіншектердің өзіндік санасының өсуіндегі
салалық белгілердің қалыптасуы деп қарайды. Осы кезеңде Мен -дік
сипатындағы өзгерістер діни адамгершілік міндеттің өз басына қатысты
адамгершілігі мен қоса дамыса, бұл жастағы оқушының дүниетанымы, көзқарасы
кеңейе түсер еді. Бұл жастағы балаларда алғашқы тұрақты қызығулар пайда
болады. Адамгершілік, кісілік келбетінің көріністерін байқата бастайды. Ол
жасандылық, немесе уақытша туындама діни, ислами адамгершілік міндет
талабымен қабысып жатса, пайдасыз, зиянсыз сыртқы және ішкі әуестік
сезімдерге бой алдырмас еді. Бұл кезеңдегі балалардың әуестік
қызығушылығының ауқымы айтарлықтай кеңитіндігін ескерер болсақ, атүстілікке
душар етпей, тұрақты, әрі берік мінез қалыптасуына негіз болады. Аллаһ
Тағаланың адам баласынан талап еткен адамгершілік міндеттері мен борышын
ескере отырып, өзінің сыртқы және ішкі әуестігін қанағаттандырады.
Сыртқы әсер белсенділігінің маңызы ерекше. Ол қимыл-
қозғалыстарынқабылдау, белгілі бір өзгеріске мән берушілік, айнала ұжымдағы
өзгерісті тез танушылық, заттық тәжірибелерді, іс- қимылды анықтап, тану
арқылы орындалады. Ішкі белсенділіктің жүзеге асуы жеке басындағы
шығармашылық мүмкіндікті, өзінің және өзгенің құқығы мен міндеттері,
ерекшеліктерін интеллектуалдығы арқылы орындай алады. И.С. Кан, В. А.
Крутецкий сияқты психологтардың пікірінше, бұл жастағы балалар болашаққа
үмітпен қарап, өзінің негізгі бағытына бетбұрыс жасауда, жаңа өзгерістердің
қалыптасатынын айтады. Осы кезеңде өзін- өзі анықтау, өзіндік сана, қарым-
қатынас сұранысы бағалы бағдарламаның даму ерекшеліктері жатады. Дегенмен,
бұл жастағы (5- 7 сыныптар) жеткіншектер үлкендерден өздерін аулақ ұстауға
немесе сирек араласуға тырысады. Адамгершілік міндеттің бірі ата- ана
алдындағы міндетті түсінетін болса, осы кезеңдегі кейбір дағдарыстан тез
шығып, ата- ана, Отан, жалпы адамзат алдындағы міндеттерін атқаруда оларға
деген қатынасы өзгере, молыға түсер еді.
Жеткіншектер көпшілікте, ұжымда өзін- өзі ұстай білу, жолдастарымен
қарым- қатынас жасауда, бұл кезеңдегі балалар бойында белгілі- бір
қасиеттер туындайды.
Қазіргі кезде бірнеше жылдар бойы дінсіздіктің етек алуынан сауатсыздық
пен ел егемендігіндегі дінге ерік беру, көптеген діни ағымдарға талғаусыз
енуіне алып барды. Сол ағым бағыты дұрыс деп тауып, теріс көзқарастар
қалыптасады. Осыған байланысты бұл жастағы балалар адамгершілік, исламдық
дәстүр туралы терең білімі қалыптасуы қажет.
Ислам дәстүрінде адамгершілік міндеттер ахлақтық борышпенен
көрсетіледі. Олар жөнінде дінтанушы ғалымдар ойлары мына төмендегідей
тұжырыммен беріледі.
Аллаһ тағала жаратқанының ішіндегі ең ұлығы адам. Оның денесі,
денесінің ішінде көзге көрінбейтін РУХ-ы бар.
Ислам діні адамдарға өз денесін әртүрлі сырқаттардан және зиянды
нәрселерден сақтауға, сондай-ақ рухани жағынан жетілуіне көмектеседі.
Жақсы адам болуы үшін тек денесінің сау болуы жеткіліксіз, рухани
саушылықта болуы өте қажет. Пайғамбарымыз бір хадисінде: "Аллаһ сендердің
сыртқы түрлеріне қарамайды, сендердің іштеріңе, жүректеріңе қарайды"-депті.
Демек, ішкі мусаффалық, ягни рухтың кінаратсыз тазалығы Ислам дінінде өте
қажет. Адамның өзінің алдындағы ең үлкен борыштарының бірі болып
есептелетін нәрсе сол-рухани жағынан жетілуге ұмтылу, бұзық әрі жарамсыз
пікірлерден өзін тазалау, басқалар жайында жаман пікір таратуды өзін тыю.
Ислам діні біздегі, бойымыздағы ауруды екіге беледі. Бірі заттық-
денелік кесел болса, екіншісі рухы кесел. Денелік кесел адамның түрінен,
бойынан көрініп тұрады. Бойымызды түрлі денелік кеселдерден сақтау
өзіміздің алдымыздағы борышымыздың бірі. Рухи кесел денеден көрініп
тұрмайды. Ғайбат, жалғандық, жала, алаяқтық, өтірікшілдік, сараңдық және
жалқаулық сияқты кеселден де сақтану керек.
Пайғамбарымыз ғ. с.: "Екі күнін бірдей өткізген адам зиян табады "деп
айтыпты. Таза мұсылман өз келешегі үшін әрекет етуші және үнемі өзін
жетілдіру үстіндегі адамдар. Көп оқыған, көбірек еңбек еткен әрі көбірек
ізденген адам өзіне, халқына және дініне пайдалы болмақ. Өзінің борышын
жақсы түсінген адам сол-өзін жақсы тәрбиелеген адам.
1. Отбасы алдындағы борышымыз
Бір ұлттың немесе мемлекеттің ең кіші бөлігі-жанұя. Жанұяның негізі ата-
ана. Жанұяда бірге тұрып жатқан адамдардың да бір-біріне қатысты борыштары
бар. Бұларды үшке бөлсе болады:
-Ата-ананың балалары алдындағы борышы:
-Балаларының ата-аналары алдындағы борышы;
-Туысқандар мен бауырластар арасындағы борыштар,
а Ата-ананың балалары алдындағы борыштары:
Ата-ананың борышы баланы туғызумен ғана шектелмейді. Дүниеге келген
перзенттерін жақсы тәрбиелеу, Діні мен Отаны үшін пайдалы етіп өсіру
міндеттері тұрады. Пайғамбарымыз бір хадисінде: "Перзенттеріңді жақсылап
бағыңдар, оларға жақсы тәрбие беріңдер", деп айтқан еді.
-ұрпақтарын адал ризықтармен бағуы;
-туылған балаға діни салттарына лайық көркем және мағаналы есім қою;
-ұл баласын сүннеттету;
-мектеп жасына жеткенде оқуға беру;
-жеті жасынан бастап, біртін-біртін діни білімді үйрете бастауы және
кейбір Құран сүрелерін жатқа үйрету;
-он үш жасқа келген соң намаз оқудың керек екенін түсіндіру. Осы жастан
бастап балаға Құран оқуды үйрету және дініміздің негіздерін, иман
негіздерін үйрету ата-ананың ең үлкен міндеттерінің бірі;
-ата-ана перзенттерін бірдей көруі керек.
Исламнан бұрын араптар қыздарын жек көріп, тірідей жерге көмуші еді.
Исламият адамдарды бұл істерден қатаң түрде қайтарды. Пайғамбарымыз бір
хадисінде: "Аллаһтан қорық және балаларың жөнінде әділеттіліктен аспағын",
деп еді.
-ата-ана ұл-қыздарьшың жақсы кісілермен дос болуына көңіл бөлуі керек,
өйткені жаман әдеттегі адамдар баланың жаман жолға түсуіне ықпал етуі
мүмкін.
-үйлену жасына жеткенде баланы үйлендіру керек;
б Балаларының ата-ана алдындағы борышы:
Біздің дүниеге келуімізге ата-анамыз себеп болған. Олар бізді мәпелеп
өсірді, өмірінің ең қымбат шақтарын бізге арнады. Біздер үшін көптеген
қиыншылықтарды бастарынан кешірді. Сондықтан да олардың бізде көптеген
міндеттері бар. Ата-ананың міндеттерінен ақысынан түгелдей құтылудың
мүмкіншілігі жоқ, қанша тырыссақ та олардың ақысы таусылмайды. Бірақ олар
біздің ісімізге қанағаттанып әрі разы болса ғана, біз перзенттік
борышымызды орындаған боламыз.
-балалары ата-анасына салқын болмауы, бақырып, жекіріп оларды
ренжітпеуі керек. Сондықтан да Аллаһ Т: "...ата-анаға "УФ" деп айтпа..."
деп Исра с-сі, 23-аят.
-балалар ата-анасына құрмет көрсетіп, оларға бой ұсынғаны дұрыс.
Пайғамбарымыз бір хадисінде: "Ата-анаға бой ұсынуАллаһқа бой ұсыну. Оларды
ренжіту Аллаһты ренжіту..." депті.
- ата-ана шақырған кезде жүгіріп келу;
-жәрдемге мұқтаж болып отырған ата-анаға көмектесу;
-балалары қайда болса да, ата-анасына хабар беріп, олардан рұқсат
сұрауы;
-ата-анасы үйге келгенде оларды орнынан тұрып қарсы алуы;
-пәниден қайтқан ата-анасына балалары ұмытпай, әр уақытта олара дұға
бағыштап еске алулары, қабырының басына ызиярат етулері керек.
Балаларының өз ата-анасының алдындағы борыштары жайында пайғамбарымыз
айтқан хадистерінде былай деген: "Аллаһ жаратқа ең сүйікті адамдар жұмыс
істеп жүріп намаз оқыған адамдар және ата-анасына жақсылық жасаушылар".
Тағы бір хадисінде: "Жәннат аналарыңның аяғының астында", - деген.
б Туысқандар мен бауырластардың бір-бірінің алдындағы борыштары;
Ата-анадан кейінгі жақын кісілеріміз-туыстарымыз. Өзімізді құрмет
тұтқанымыз сияқты оларды да құрмет тұтқанымыз орынды. Ата-ана дүниеден
өткен соң ең үлкен ұл-әке, ең үлкен қыз-ана орнында қалады.
Кіші бал ырластары үлкен аға-апаларын құрметтейді, ал үлкендерінің
кішілеріне мейрімділік көрсетулері қажет.
Туысқандар мен бауырластар.
—ата-анадан қалған мал мүлікті әділеттілікпен бөліседі, мирас
мәселесінде бірін-бірі ренжітпейді;
-бір-бірімен жақсы қатынаста болып, қуаныштарын бөлісе жүріп, қиыншылық
кезеңдерде сүйеніш болады;
-үйлері жақын болса жиі-жиі жүздесіп тұрулары, қашық шаһарда немесе
басқа мемлекетте тұрып жатса, хат арқылы, телефон арқылы байланысып
тұрғандары жақсы;
Бұл айтылғандарды Исламда "СИЛАЙ РАХЫМ" дейді. Пайғамбарымыз бір
хадисінде: "Ризықтарының мол, өмірлерінің ұзақ болуын тілеген адамдар
бауырластарына барып, олармен жүздесіп тұрсьт", - деген еді.
-бақуатты бай кісілер туысқандарына көмек көрсетулері керек. Дінімізде
зекет пен садақаның иелері мұқтаж адамдар екені айтылған.
Сондықтан бауырластарыңның ішінде мұқтаж адамдар болса зекет пен
садақаны соларға берген сауаптылық саналады;
-кейде қате іс істеп қойып, өкпелесіп, бірін-бірі көрмей жүре бергені
дұрыс емес, дініміз ондай жағдайдың үш күннен артыққа созылғанын қаламайды.
2. Отан мен мемлекетіміз алдындағы міндетіміз
Біздің кең байтақ жеріміз, бір мемлекетке біріккен, көп ұлтты Отанымыз
бар. Сол Отанда тұрып жатқандарды отандастар дейді. Әр адамның өз отанының,
мемлекетінің алдында міндеттері бар:
— отаңдастар арасындағы адами қатынастарды реттеу мақсатында, сол
мемлекеттің Үкіметі заңдар шығарады. Біздің борышымыздың бірі сол заңдарды
құрмет тұту. Өйткені осы заңдарды негіз ете отырып өмір сүреді, жақсылықта
әрі тыныштықта болады.
-адамдар өздерінің тапқан қаражаттарының бір бөлегінен мемлекетімізге
алым-салық төлеп тұрулары керек. Бұл түсім арқылы Үкіметіміз
отандастарымыздың мүддесі үшін қажетті экономикалық, саяси, әлеуметтік және
тағы басқа шараларды іске асырады. Мысалы: ауруханалар, мектептер, үйлер,
өндіріс орындарын құрады. Сондықтанда мемлекетіміз талап етіп отырған
салықты уақытында түгел төлеп отыру отандастарымыздың үлкен борышы;
Отанды сақтау тек қана қаржымен шектелмейді. Бұл күндері мемлекетіміз
өз еркіндігін өрі отандастардың тыныштығын сақтау мақсатында неше мыңдаған
әскер ұстауға міндетті. Сондықтан қаржы борышы салықпен, ал Отан қорғау
борышы әскерге қызмет етумен орындалады. Уақыты келгенде әскерлік
міндетімізді өтеу Отан алдындағы бір борышымыз болып саналады;.
-мемлекет істерін алып жүруші үкімет қызметкерлерін отандастар
сайлайды.
Сайлау кезінде сол іске лайық кісілерді Үкіметке немесе мемлекет
қызметіне сайлауда, сайлауға қатысып дауыс беру де Отан және мемлекет
алдындағы борышымыздың бірі.
3. Бүкіладамзат алдындағы міндетіміз.
Ислам діні көрсетіп отырғандай, бүкіл адамзат Адам-Ата мен Хауа -Ананың
ұрпағы. Дүниеде түрлі түстегі, түрлі тілдегі адамдар өмір сүруде.
Мұсылмандардың бірі мен бірінің алдындағы борышы сияқты, мұсылман
еместердің де алдында түрлі борыштарымыз бар:
-басқа адамиың өмірі де біздікі сияқты құрметті, қымбатты әрі қадірлі.
Кім болса да бұл дүниеде өмір сүруге құқылы. Дініміз көрсетіп отырғандай
ешкімді де әділетсіздікпен өлтіруге болмайды. Сондықтан Ислам дінінде
нақақтан кісі өлтіру ең ауыр күнәнің бірі болып саналады;
-Аллаһ Т барлық адамды еркін етіп жаратқан. Олар еріксіздікте,
тұтқында болу үшін жаратылмаған. Исламнан бұрын Құлдарды мал сияқты
базарларда сатушы еді. Исламият бұл іске тыйым салды. Пайғамбарымыз:
"Аналарынан еркін болып туылған адамдарды құлдыққа ұстауға сенің қақың жоқ
"-деген еді.
-адамдардың ой-пікірлері бірдей емес, сенімдері әр түрлі. Түрлі
пікірдегі адамдар кездеседі. Әр адамның өзіне тән түсінігі— фәлсәфасы бар.
Олай болса бізге ұқсап ойламайтын адамдардың пікірін де тыңдап, адамзаттың
рухаятына тигізетін пайдасы мен зиянын айыра білгеніміз абзал. Олардың
жақсы ойларын мақұлдап, теріс пікірлеріне орынды жауап беріп, олармен
сұхбаттасып, ақиқатты түсіндірген дұрыс. Пікірлердің бірдей болмауы олардың
арасында қайшылықтар туғызуы мүмкін. Қайшылықтар күреске жетелейтіні
белгілі. Әрине бұл күрес, пікірлер әлемін кеңейте отырып, ақиқатқа алып
баратын жолды көрсетеді;
-Әр адамның ары мен намысы құрметті. Адам ең ұлы, ең ізгілікті
жаратылыс. Оның абыройын төгу үшін жала жауып, ғайбат айту, жамандау,
шағыстыру исламда арам етіліп, қатаң түрде тыйым салынған;
-адамыың жаны да, мүлкі де қымбат нәрселер. Басқалардың мүлкіне не
байлығына зиян тигізуге болмайды. Әділетсіздікпен, зұлымдықпен басқалардың
мүлкін тартып алу арам, яғни тыйым салынган. Адамдардың үйлерін,
бұйымдарын, басқалай байлықтарып бүлдіру немесе малдарына зиян тигізу күнә
болып есептелінеді. Демек, әр адамның өмірін, мүмкін, намысын құрмет тұта
отырып, ой-пікірімен, сенімімен санаса білсек, адамдар арасындағы ахлақтық
борышымызды орындаған боламыз.
4. Аллаһ тағала мен пайғамбарымыздың алдындағы борышымыз.
а Аллаһ тағала алдындағы борышымыз:
-Аллаһтың барлығына және бірлігіне сену.
-Аллаһ бұйырған істерді орындау.
-Аллаһ тыйым салған істерден бас тарту.
-Аллаһтың берген сансыз нығыметтеріне жақсылық пен жамандығына
шүкіршілік ету.
-Аллаһқа деген сүйіспеншілікті, Аллаһ қорқынышынан жоғары қою.
-Аллаһқа шын көңілмен ғибадат жасау.
-Аллаһ алдында үнемі тәрбиелі, әдепті болу. Оның есімін құрметпен тілге
алу.
ә Пайғамбарымыз Мұхаммед саллааллаһу ғәләйһи уә сәллимнің алдындағы
борышымыз:
-Адамзатты қараңғылықтан құтқарып, оларға бір жарқын әлем ұсынған әрі
бізге дүние және ахирет бақытын дайындаган кісі-пайғамбарымыз хазіреті
Мұхаммед саллаһу ғәлейһи уә сәллим еді. Пайғамбарымыздың алдында түрлі
борыштарымыз бар:
-хазреті Мұхаммед с. 5. с.-нің пайғамбарлығына сену.
-пайғамбар хабар берген діни мәселелерге сеніп әрі олардың Аллаһ
тағаладан келгеніне шүбә келтірмей қабылдау;
-Оның ахлақынантәрбиесінен өнеге алу;
— Оның бұйрығы мен ұсыныстарын орындау, мән еткендерінен тыйым
салғандарынан тыйылу;
-Оның өмірін өзімізге өнеге деп біліп, сүннеті бойынша өмір сүру;
-Оның атын естігенде "Саллаһу ғәләйһи уә сәлләм" немесе "Ғәләйһиссалату
уә сәләм,"-деп іштей ділмен құрметтеу.
-Аллаһ Т-ны және пайғамбарымызды өз жанымыздан да артық көріп
құрметтеу.
Осы орайда Исламдағы адамгершілік туралы дәстүрлі бес адамгершілік
міндеттердің мазмұны түрлі деңгейде беріледі.
1. Аллаһ, Пайғамбар және Құран алдындағы міндеттеріміз
а) Аллаһ алдындағы міндеттеріміз: Бізді жоқтан бар етіп, тамаша дене
мүшелерін берген, жер бетіндегі барлық нәрсені біз үшін жаратқан – Аллаһ.
Адамға берілген бұл нығметтер басқа тіршілік иелеріне берілмеген. Сондықтан
осы жақсылықтарға шүкірлік ретінде жүзеге асыруымыз қажет болған кейбір
міндеттер бар. Олар: Алланың бар және бір екеніне сену; Құлшылығымызды
орындау; Әмірлеріне мойынсұнып, тиымдарынан сақтану; Аллаға деген
сүйіспеншілікті барлық нәрседен жоғары ұстау; Оның атын құрметпен еске алу;
Берген нығметтеріне шүкіршілік ету.
ә) Пайғамбар алдындағы міндеттеріміз: Аллаһ Ислам дінін адамдарға
баяндау міндетін Хз. Мұхаммедке (Оған Алланың сәлемі болсын) жүктеген. Ол
адамзатты құтқару үшін көп еңбек сіңірген. Сондықтан: Оның соңғы және ең
ұлы Пайғамбар екеніне сену; Оны сүйіп аты аталғанда сәлем айту; Ол
көрсеткен жолмен жүру; Оның адамгершілік қасиетін үлгі- өнеге тұту.
б) Құран алдындағы міндеттерміз: Құран Кәрімнің Аллаһ тарапынан
Пайғамбарымыз арқылы жіберілген соңғы кітап екеніне сену; Оны тәсілі мен
қағидаларына сай оқу; Мағынасын түсінуге тырысу; Құран оқылып жатқанда
құрметпен тыңдау; Құран істе деген нәрселерді жасап, істеме деген
нәрселерді істемеу.
2. Жеке басымызға байланысты міндеттеріміз
Адам – дене мен рухтан құралған тіршілік иесі. Сондықтан жеке басымыз
алдындағы міндеттеріміз екіге бөлінеді: Тәніміз және рухымыз алдындағы
міндеттеріміз. Тәніміз алдындағы міндеттеріміз: Пропорционалды қоректену;
Денсаулығымызды қорғау; Тазалық сақтау.
Рухымыз алдындағы міндеттеріміз: Рухымызды негізсіз және жалған
сенімдерден тазарту; Дұрыс және берік сенімдерді орнықтыру; Дұрыс және
пайдалы білімдермен қаруландыру; Жаман ойлар мен жағымсыз мінез-
құлықтардан тазарту; Жақсы ойлар мен тамаша мінез- құлықтармен безендіру.
Рухымызды мынадай жаман мінез- құлықтардан тазартуымыз керек:
дұшпандық, ашу, басқаларды қызғану, өтірік айту, сөзінде тұрмау,
екіжүзділік, ұятсыздық, құрметсіздік, тәрбиесіздік, мейірімсіздік,
қорқақтық, жалқаулық, сараңдық, менмендік, зұлымдық, әділетсіздік, аманатқа
қиянат жасау, сабырсыздық, дөрекілік, жүрегі қатты болу, т.б.
Рухымызды мынадай тамаша мінез- құлықтармен безендіруіміз керек:
достық, мейірімділік, шыншылдық, батылдық, еңбекқорлық, сабырлылық, ұят,
үлкендерге құрмет, адамдарды жақсы көру, сөзінде тұру, нәзіктік, жұмсақ
мінезді болу, әділеттілік, әдептілік, тәрбиелілік, кешірімшілдік, ашуын
жеңу, тіліне ие болу, адамдарға және басқа да тіршілік иелеріне жанашырлық,
т.б.
3. Отбасымыз алдындағы міндеттеріміз
Бұл міндет, ерлі- зайыптылардың бір- біріне, ата- ананың балаларға,
балалардың ата- аналарына, бауырлардың өзара, жақындар мен туған-
туысқандар, көршілер алдындағы міндеттер болып топтасады. Әрине бұлар,
өзіндік ахлақи- адами қағидаларға ие. Сонымен қатар олар көркем мінез-
құлықтарды дарытушы болып келеді.
Жанұяның негізі - ерлі- зайыптылар. Пайғамбарымыз (Оған Алланың сәлемі
болсын) былай деген: Естеріңде болсын, сендердің әйелдеріңде және
әйелдеріңнің де сендерде хақ- құқықтары бар.
Ең алдымен ерлі- зайыптылар арасында өзара сүйіспеншілік болу керек;
Отағасы жанұясының материалдық қажеттіліктерін қамтамасыз етуі үшін
еңбектенуі, адал ақша табуы керек; Отағасы жанұясының діни және
адамгершілік міндеттерді орындауына жәрдемші, ұйытқы болып, кемшіліктерін
толықтырып отыруы керек; Ер адам әйеліне нәзік, жұмсақ болуы, дөрекі
болмауы, ренжітпеуі керек; Әйел қосағына сүйіспеншілік және құрметпен
қарауы, үй шаруасында, бала тәрбиесінде жұбайына жәрдемші болуы керек; Әйел
үнемшіл болуы керек, жұбайының тапқанын ысырап етпей, үйге ие болуы керек;
Әйел үйін, жанұясын ойлап, намысын қорғау керек. Пайғамбарымыз (Оған
Алланың сәлемі болсын) былай дейді: Әйел бес уақыт намазын оқып, Рамазан
оразасын ұстап, намысын қорғап, күйеуіне мойынсұнса, оған қалаған есігіңнен
жәннатқа кір деп айтылады.
Жанұяның көркі мен бақыты, шаттығының көзі болып табылатын бала – ата-
анаға Аллаһ Тағаланың берген аманаты. Ата-ана баласының тәбиесіне Аллаһ
Тағаланың алдында және халқының алдында жауапты. Ата-ана балаларын дені сау
етіп өсіруге, оның тән мен жан саулығын қорғауға, балаларына арам
нәрселерді жегізбеуге, баласына жақсы ат қоюға, баласын жақсы тәрбиелеп,
оған ахлақ тұрғысынан үлгі болуға, т.б. міндетті. Пайғамбарымыз (Оған
Алланың сәлемі болсын): Әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оны
жақсы тәрбиелеуі. дей отырып, бала тәрбиесінің қаншалықты маңызды екенін
атап көрсеткен.
Балалардың ата-ана алдындағы міндеттері: Ата-анаға жақсылық жасау;
Күн-көрісі қиын болса, оларға көмектесу, ешқашан сөзбен не қылығымен
ренжітпеу; Кез-келген істе олардың разылығын алу; Ата-анаға жылы қабақ
танытып, оларға дауыс көтермеу, Олардың рұқсатынсыз еш жерге бармау; Қайтыс
болғанда оларды құрметпен еске алып, дұға қылу, рухтары үшін қайырлы істер
жасау; Ата-анаға жаман ат келтірмеу. Пайғамбарымыз (Оған Алланың сәлемі
болсын) бұл туралы: Аллаһ ең жақсы көретін амал – уақытында оқылған намаз
бен ата-анаға жақсылық жасау.
Бауырлардың өзара міндеттері: Бауырлар арасында шынайы
сүйіспеншілік пен бірлік, ынтымақ болуы керек; Бауырлар бір-біріне жақсылық
жасап, бір-бірінің қамын өз қамындай ойлауы керек; Мирас, мұра, дүние-мүлік
сияқты нәрселер, материалдық шығындар бауырлардың арасын ашып шырқын
бұзбауы керек; Ағалар інілер үшін ата-ана тәрізді. Кішілері үлкендерге ізет
көрсетіп, үлкендері кішілерін қорғап, сүйіп, оларға мейірімді болуы тиіс.
Жақындарымыз бен туған-туысқандарымызды жанұямыздың бір бөлігі деп
қарауымыз керек, олардың алдында да адамгершілік борышымыз бар: Оларға
құрмет көрсетіп жақсы көру; Қажет болғанда қол ұшын беру; Оларды ұмытпай,
көңіл-күйлерін сұрап, сыйлық беріп тұру, алыстағыларға хат жазып,
телефонмен хабарласып, жағдайларын сұрап, жанұя байланысын арттыру.
Пайғамбарымыз (Оған Алланың сәлемі болсын): Туысқандарымен байланысты
үзген адам жәннатқа кіре алмайды. деп бұйырады.
Пайғамбарымыздың (Оған Алланың сәлемі болсын): Аллаһқа және ақырет
күніне сенетін адам, көршісіне жақсылық жасасын. дейді. Сонымен, көрші
ақысына құрметпен қарау, оларды сөзімізбен, ісімізбен ренжітпеу; Жылы-
шырайлы болып, қуаныш пен қайғыларына ортақ болу; басына іс түскенде қол
ұшын беріп, өзара сыйласу, т.б. көршілік міндеттерге жатады.
4. Отан және ұлтымыз алдындағы міндеттеріміз
Ата – бабаларымыз ең тамаша және берекелі топырақты бізге мекен етіп
қалдырған. Бұл өмір сүріп жатқан мекенді Отан дейміз. Ислам діні Отан мен
ұлтқа байланысты мынадай міндеттер жүктейді: Отанға, ұлтқа сүйіспеншілікпен
қарау; Ұлттық бірлігімізді қамтамасыз етуге ұмтылу; Отандастарымызға
бауырмалдық, кішіпейілділік таныту; Ұлттық Рәміздерге деген сүйіспеншілікте
болу; Қоғам, мемлекет мүлкін қорғау; Үлкендерімізді құрметпен еске алу;
Отанымызды, ұлтымызды сақтау, жаудан қорғау.
5. Жалпы адамзат алдындағы міндеттеріміз
Адамдар алдындағы ахлақи міндеттерге: Ешкімге зиян тигізбеу; Басқаларға
жәрдем көрсету; Үлкендерге құрмет, кішіге қамқор болу; Сәлемдесу; Ренішті
ұзақ сақтамау; Ренжіскендерді татуластыру; Достармен жиі- жиі араласу;
Қонақ күту; Шақырғанға бару; Үлкендердің қолын алу; Өзгенің кемшілігін
іздемеу; Жаманшылық жасағандарды кешіру; Ауру адамдардың халін сұрау;
Жаназаларға қатысу; Дін бауырларға жақсылық тілеу.
Сонымен қатар Исламда, жан-жануарларға деген міндеттер де қойылған,
Оларға жақсы қарап, қинамау – адамгершілік ісі. Пайғамбарымыз Мұхаммед
(Оған Алланың сәлемі болсын) былай деп бұйырады: Әр жаны бар тіршілік
иелерінде біз үшін сауап бар.
Мінеки, осындай адамгершілік міндеттерді біліп, ойға түйіп, ықыласпен
Исламның адамгершілік дәстүрлеріне сай өмір сүрген азаматтарда мынадай
ерекшеліктер қалыптасады: Иман негіздеріне кәміл сеніп, бұл сенімін тілмен
жеткізеді. Ғибадаттарын Аллаһ әмір еткендей және Пайғамбарымыз көрсеткендей
жасайды. Дініміздің тиымдарынан бойын аулақ ұстайды, өтірік айтпайды,
ешкімді жамандамайды. Қолымен де тілімен де ешкімді ренжітпейді. Берген
сөзінде тұрып, міндеттерін орындайды, аманатқа қиянат жасамайды. Адамдар
арасын татуластырады. Екіжүзділіктен аулақ болып, шыншыл, адал болады.
Парасатты, кішіге қамқор, үлкенге құрмет көрсетеді. Ата-анасын құрметтейді.
Кешірімшіл, әділетті, барлық адамның игілігі үшін еңбектенеді. Аллаһ
жолында Отан және ұлт үшін қажет болғанда, қолынан келгенше, тіпті жанын
пида етуге дайын тұрады. Қиындықтарға ұшырағанда үмітсіздікке түспейді,
сабырлы болады. Айбатты, кішіпейіл болады. Адамзатты бауырым деп санайды.
Ислам дінінде адамгершілік қағидалардың адам мінез- құлқының кемелденуі
үшін маңызы үлкен. Исламның мақсаты да, адамзатты игі ахлақ иесі етіп
тәрбиелеу. Ислам – көркем мінез деген сөз. Кімде- кім жоғарыдағы
міндеттерге мойынсұнып, өмірлік ұстаным етіп алса, Аллаһ алдында да,
адамзат алдында да кәмілдікке жетері хақ, әрі айқын.
Ахлақтық немесе адамгершілік міндеттер жалпы адам баласына қатысты
атқарылатын борыш түрлері болып есептелінеді. Жеткіншек жас осы міндеттерді
танып-біліп, алғашқы шарт негіздерін өз бойларында орындап, жаман ойлардан,
іс-әрекеттер мен сөздерден арылып өздерін өзі тәрбиелеп, реттеп отыруы
қажет.
1. 2. Ислам дәстүрлерінің адамгершілік қағидалары арқылы
жеткіншектердің рухани - адамгершілігін қалыптастыру

Бүкіл мұсылмандардың үйренуі керек болған білімдерді Ислам білімдері
деп атайды. Ислам білімдері үш салада топтастырылады:
1. Ислам сенімі; 2. Ислам құлшылығы; 3. Ислам ахлағы.
Осы ілімдердің үшіншісі, яғни Ислам ахлағы адамның рухани
адамгершілігін қалыптастырып тәрбиелеу саласы.Бұл қазіргі таңдағы
психология (жантану) ғылымының мақсаттары мен міндеттерін көздейтін ілім.
Ислам ахлағы үш түрлі сала бойынша зерттеледі:
1. Адамның істері мен амалдарының, қылықтарының жақсы немесе жаман
екендігін түсіндіретін ілім саласы. Бұл адамның жалғыз болса
да,көпшілікпен болса да бұлжымас қылықтарын үйретеді. Мысалы:
жұмсақ мінезді, жомарт, ұялшақ болу т.б.
2. Адамның отбасындағы, бала-шағасын, жұбайының алдындағы іс-
әрекеттерінің зерттейді. Бұған отбасылық әдеп дейміз.
3. Адамның қоғамдағы міндеттерін, іс-әрекеттерін, басқаларға
пайдалы болуын үйретеді. Бұған әлеметтік тәрбие дейміз.
Адам жақсы немесе жаман әрбір әрекетін бір себепке байланысты
орындайды. Бұл себеп, не табиғи, не болмаса әмір, не болмаса заң. Табиғи
әрекеттерге ақылы, ой-санасы, тәжірибелерінен туындаған қылықтар. Мұндай
әрекеттер уақыт өте келе немесе қоғамдағы құбылыстарға байланысты
өзгермейді. Ал, әрекетіне себеп болған әмір және заң болса, қоғамның,
ұлттың ортақ пікірлерінен туындайды. Бұған ғұрып немесе дәстүр дейді.
Немесе мұндай заңды танымал ғалымдар, тәжірибелі, үстемдік иесі адамдар
тарапынан қойылады.
Пайғамбарлар, әулие-әмбиелер, патшалар, диктаторлар міне осындай
адамдарға жатады. Пайғамбарлар, әулие-әмбиелер, ғалымдар тарапынан бізге
білдірілген Аллаһ Тағаланың әмірлері (заңдары) үшке бөлінеді:
1. Әрбір тұлғаның жеке-жеке орындауы керек болған, өзіне тән
әмірлер. Бұған құлшылықтар жатады.
2. Адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеп отыратын, бүкіл
адамдардың бір-бірі алдындағы міндеттері. Мысалы: үйлену,
қоғамдық тәртіп, сауда-саттық. Бұған ахлақи әмірлер дейміз.
3. Мемлекет, қоғамға байланысты әмірлер – құқықтық немесе саяси
жүйе. Осы үш заңдылықты ортақ атаумен Фыкых дейміз. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ислам дәстүрлері арқылы жеткіншектерді адамгершілікке тәрбиелеу үрдісі
Хз. Мұхаммед пайғамбардың көркем мінезі
Отбасы - әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді үйретуші және ұйымдастырушы
Мектептің оқу – тәрбие процесінде салт – дәстүрдің пайдаланудағы тәрбиелік мүмкіндіктері
Күй өнері - тәрбиенің басты құралы
Адамгершілік-рухани білім беру және тәрбиелеу жөнінде халықаралық тәжірибе
Мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі бағыттары
Этнопедагогика материалдары негізінде қиын балаларды тәрбиелеу
Ауыл мектебі оқушыларының адамгершілік қасиетерін қалыптастыру
Музыкалық-эстетикалық білім беру жүйесінің құрылымы
Пәндер