Мүгедектік ұғымы және оның ерекшеліктері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... 2
1 Негізгі бөлім
1.1 Мүгедектік ұғымы және оның ерекшеліктері ... ... ..4
1.2Мүгедектерді әлеуметтік қорғау ... ... ... ... ...8
1.3 Дүниежүзіндегі мүгедектермен әлеуметтік жұмыс ... ... ... ... ... ... ... ... .13
1.4 Мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ конвенциясы ... ... ... ... ... ... ... 18
1.5Мүгедектер мәселелерін шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2 Қорытынды ... ... ... ... ...25
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... .27
Әлемде 1 миллиардтан астам мүгедек адам бар. Біз олардың қоғамға кірігіп, араласуына кедергі келтіретін тосқауылдарды жойып, бұл адамдарды кемсітетін көзқарастан арылуымыз қажет.
1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы шешімімен 3 желтоқсан халықаралық мүгедектер күні болып белгіленді. Ал, Қазақстанда мүгедектер күні жыл сайын қазан айының екінші жексенбісінде аталып өтіледі.Мақсаты - мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын сақтау,әлеуметтік жағдайын жақсартуға айрықша назар аудару.
Жалпы мүгедек дегеніміз – бұл өмірлік қызметіне шек келітірп, оның әлеуметтік қорғалуын қажет ететін ағза қызметінің бұзылуы, аурулар, жарақаттар, олардың зардабынан болған дефектілері бар денсаулығы бұзылған тұлға.
Бұл мүгедектер қоғамның әлсіз топтарына жатады, сондықтан да олардың құқықтарының айрықша қорғалуына әрбір мемлекет ереше назар аударады. Бұл мәселе жөнінде БҰҰ мен басқа да халықаралық ұйымдар қарарларын шығарып отырады. Қазақстан Республикасы бұл қараларға қосылып, өзі де мүгедектердің құқығын қорғау, оларға әлеуметтік көмек көрсетуге байланысты өзінің заңдарын шығарып отырады және олапрдың орындалуын қамтамасыз етеді.Мүгедектер жалпы 3 топқа бөлініп қарастырылады. Олардың 1-тобы аса ауыр деңгейдегі мүгедектер болып табылады, одан кейін 2 және 3-топтағы мүгедектер болады.
Мүгедектердің проблемаларын шешу мәселелері мемлекеттердің өңірліу ынтақтастығы шеңберінде де көтерілді: 1983-1992 және 1993-2002 жылдар Азиялық-тынық мұхиттық мүгедектерінің он жылдығы, 2000-2009 жылдар –Африкалық мүгедектердің он жылдығы, 2003-2012 жылдар – араб елдері мүгедектерінің он жылдығы, 2003 жыл – Еуропадағы мүгедектер жылы деп жарияланды.
1 Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғаутуралы(2015.03.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
2Повышение уровня здоровья инвалидов /Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы (ДДСҰ). 2015 / http://www.who.int/disabilities/infographic/ru/
3 Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы №39 Заңы/ 13.04.2005/ http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z050000039_/z050039.htm
4 ВКарагандинской области проживает около 55 тысяч инвалидов/21.04.2014/ http://www.news.ekaraganda.kz/news/
5http://www.balakst.kz/index.php?option=com
6 БҰҰ ресми сайты / http://www.un.org/
7 https://egov.kz//

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
1 Негізгі бөлім
1.1 Мүгедектік ұғымы және оның ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .4
1.2 Мүгедектерді әлеуметтік қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3 Дүниежүзіндегі мүгедектермен әлеуметтік жұмыс ... ... ... ... ... ... ... .. ...13
1.4 Мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ конвенциясы ... ... ... ... ... ... ... 18
1.5 Мүгедектер мәселелерін шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2 Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27

Кіріспе

Әлемде 1 миллиардтан астам мүгедек адам бар. Біз олардың қоғамға кірігіп, араласуына кедергі келтіретін тосқауылдарды жойып, бұл адамдарды кемсітетін көзқарастан арылуымыз қажет.
1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы шешімімен 3 желтоқсан халықаралық мүгедектер күні болып белгіленді. Ал, Қазақстанда мүгедектер күні жыл сайын қазан айының екінші жексенбісінде аталып өтіледі. Мақсаты - мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын сақтау,әлеуметтік жағдайын жақсартуға айрықша назар аудару.
Жалпы мүгедек дегеніміз - бұл өмірлік қызметіне шек келітірп, оның әлеуметтік қорғалуын қажет ететін ағза қызметінің бұзылуы, аурулар, жарақаттар, олардың зардабынан болған дефектілері бар денсаулығы бұзылған тұлға.
Бұл мүгедектер қоғамның әлсіз топтарына жатады, сондықтан да олардың құқықтарының айрықша қорғалуына әрбір мемлекет ереше назар аударады. Бұл мәселе жөнінде БҰҰ мен басқа да халықаралық ұйымдар қарарларын шығарып отырады. Қазақстан Республикасы бұл қараларға қосылып, өзі де мүгедектердің құқығын қорғау, оларға әлеуметтік көмек көрсетуге байланысты өзінің заңдарын шығарып отырады және олапрдың орындалуын қамтамасыз етеді. Мүгедектер жалпы 3 топқа бөлініп қарастырылады. Олардың 1-тобы аса ауыр деңгейдегі мүгедектер болып табылады, одан кейін 2 және 3-топтағы мүгедектер болады.
Мүгедектердің проблемаларын шешу мәселелері мемлекеттердің өңірліу ынтақтастығы шеңберінде де көтерілді: 1983-1992 және 1993-2002 жылдар Азиялық-тынық мұхиттық мүгедектерінің он жылдығы, 2000-2009 жылдар - Африкалық мүгедектердің он жылдығы, 2003-2012 жылдар - араб елдері мүгедектерінің он жылдығы, 2003 жыл - Еуропадағы мүгедектер жылы деп жарияланды.
Қазақстан халықаралық имиджінде демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде, құндылығы -- адам, оның құқығы мен еркіндігі болып таңылады.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің Үкіметіне 2016 жылға арналған бюджетте тиісті қаржы қарастырып, 2016 жылдың қаңтар айынан бастап мүгедектігі бойынша әлеуметтік жәрдемақылар (МӘЖ) мөлшерлерін арттыруды тапсырды. Мүгедектерге арналған бірқатар қызметтерді онлайн режимде ұсыну қарастырылған.
Республикада мүмкіндігі шектеулі 620 мың адам тұрады, оның ішінде 63 мың адам мүгедектер болып табылады. Тәуелсіздік жылдары мүгедектерді әлеуметтік қорғау бойынша жүйелі атқарылған жұмыс арқылы айқындалған нәтижеге қол жетті. Бірақ, қазір мүгедектік және мүгедектерді әлеуметтік қорғау түсінігі өзгертіліп және жеке түсінік іске асуда. Егерде Үкімет алдында тек қанауақытында әлеуметтік төлемдер төлеу мәселесі тұрса, бүгінгі таңда бұл мәселе кеңейді және мүгедектерді оңалтумен қоғаммен біріктіру мәселесі енген. Айта кету керек, Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарымен қамту және өмір сапасын жақсарту үшін бірқатар маңызды заңдар қабылданды.
Дамыған елдерде мүгедектердің құқықтарын бекіту тетіктері әртүрлі: Швецияда, АҚШ-та, Норвегияда, Финляндияда, Ұлыбританияда, Канадада және Германияда ертерек араласу бағдарламасы дамыған, мақсаты - көмекке мұқтаж баланы мүмкіндігінше ерте анықтау және оған осы көмекті көрсету.
Көптеген мемлекеттерде мүгедектерге қатысты мемлекеттік саясаттың жүргізілуін бақылайтын үйлестіру тетіктері жасалды. Кипрде мүгедектік проблемасы бойынша орталық орган болып табылатын Еңбек және әлеуметтік сақтандыру министрлігі жанында Оңалту мәселелері жөніндегі кеңес жұмыс істейді. Финляндияда Мүгедектік проблемалары жөніндегі Мемлекеттік кеңес министрліктер мен мемлекеттік мекемелердің консультациялық органы болып табылады.
Бұл жұмыстың негізгі бөлімінді міне осы мүгедектердің құқығының әлемдік деңгейде және Қазақстандағы қорғалуы қарастырылады. ҚР заң бойынша мүгедектерге берілетін анықтама және Батыс мемлекеттерінің инвалид сөзінің түсінуі салыстырылады.

Негізгі бөлім

Мүгедектік ұғымы және оның ерекшеліктері

Бүгінде әрбір мүмкіндігі шектеулі азаматқа оңалтудың жеке бағдарламасы түзелген. Оны жүзеге асыру жергілікті халықты әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдері жүзеге асырады.
1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы шешімімен 3 желтоқсан халықаралық мүгедектер күні болып белгіленді. Ал, Қазақстанда мүгедектер күні жыл сайын қазан айының екінші жексенбісінде аталып өтіледі. Мақсаты - мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын сақтау,әлеуметтік жағдайын жақсартуға айрықша назар аудару.
Осы жылдың 5 мамырында болған Еуропа Кеңесі Парламент ассамблеясының реабилитациялық бағдарламасының ұсыныстарында мүгедектік - физикалық, психологиялық, сенсорлық, әлеуметтік, мәдени, заңдық барьерлермен шартталған мүмкіндіктері шектеулілер ретінде анықталады. Бұл мүмкіндіктер мүгедектікті иеленетін адамдардың қоғамда бірлесіп, қоғамның басқа мүшелері секілді қоғамдық немесе отбасылық жағдай жасауға жол ашады. Қоғам өзінің стандарттарын мүгедектігі бар адамдардың сұранымдарына сәйкес, олардың тәуелсіз өмір сүруіне жағдай жасау мақсатына бейімдеуі қажет. БҰҰ экономикалық, әлеуметтік және мәдени ережелер туралы құжатында әрбір мүгедектің (ересек немесе бала) өзінің денелік және психикалық денсаулығының мүмкін болатын дәрежесіне қол жеткізуіне құқығы бар екендігі атап көрсетілген.
Мүгедектер өмірінің барлық жақтарын тұтасымен қамтитын құжат - БҰҰ қабылдаған Мүгедектер үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің стандартты ережесі болып табылады. Бұл құжатта өмір сүру ғана құндылық ретінде қарастырылып қоймай, сонымен қатар аурусыз, қиналмай өмір сүру, әлеуметтік қалыптасып, даму да өмірдің сапасы ретінде қарастырылды.
Бұл мүгедектер қоғамның әлсіз топтарына жатады, сондықтан да олардың құқықтарының айрықша қорғалуына әрбір мемлекет ереше назар аударады. Бұл мәселе жөнінде БҰҰ мен басқа да халықаралық ұйымдар қарарларын шығарып отырады. Қазақстан Республикасы бұл қараларға қосылып, өзі де мүгедектердің құқығын қорғау, оларға әлеуметтік көмек көрсетуге байланысты өзінің заңдарын шығарып отырады және олапрдың орындалуын қамтамасыз етеді.
Ал мүгедектік деген ұғым мен ауру адам арасында үлкен айырмашылық бар. Мүгедектік - бұл ауру немесе жарақат салдарынан болатын ағза функцияларының, жүргізілген емдеу шараларына қарамастан тұрақты бұзылып, тыныс - тіршілік ету әрекеттері шектелген, әлеуметтік көмекке мұқтаж адам.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларға сәйкес мүгедектік науқас адамның денсаулығына тұрақты түрде функционалдық ауытқулар мен кемшіліктер байқалған жағдайда ғана белгіленеді. Яғни науқас мүгедектік топ алу үшін жергілікті жерде кем дегенде 4 айдан кем емес уақытта емдеу-оңалту шараларын алуы тиіс. Содан кейін ғана емдеу мекемесінің жолдамасымен медициналық әлеуметтік сараптамаға келуі керек. Кейде науқастар осы талаптарды орындамай, өзіне мүгедектік топ белгіленуін талап етеді.
Мүгедектік - науқастану, жарақат, апатқа ұшырау, кемтар болып туу салдарынан адамның мүлдем не уақытша еңбек ету қабілетінен айырылуы. Мүгедектік медицина, әлеуметтік және құқықтық болып ажыратылады. Аурудың жағдайына, органдардың қызметінің бұзылу деңгейіне, клиника болжамға және еңбекке жарамсыздығына байланысты мүгедектік үш топқа бөлінеді.
І-топқа мүлде немесе ұзақ уақыт еңбекке жарамсыз, үнемі басқа біреудің күтімін, көмегін немесе бақылауын қажет ететін адамдар жатады;
ІІ-топқа басқа адамның көмегін қажет етпейтін, жұмыстың кейбір түрлерін атқара алатын адамдар жатады;
ІІІ-топқа еңбек ету қабілеті төмен болғанымен жеңіл-желпі жұмыстарды істей алатын, бірақ денсаулығына байланысты жұмысжағдайын оңтайлы өзгертуді қажет ететін адамдар жатады.
Мүгедектерді жалпы 3 топқа бөлініп қарастырылады. Жарақат алып немесе өзге де жағдайлармен денсаулығына және басқа да себептерге байланысты еңбек қабілеті шектелген азаматтар медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберіледі. Сараптама олардың мүгедектік тобын анықтайды. Мүгедектік және еңбек қабілетінен айырылу дәрежесі 6 айға және 1 немесе 2 жылға, анатомиялық кемістіктер болған жағдайда мерзімсіз уақытқа белгіленеді.
Ал 16 жасқа дейінгі жасөспірімдерге мүгедек бала санаты бойынша мүгедектік 6 айға, 1,2,5 жылға және 16 жасқа толғанға дейін деп белгіленеді. Мерзімсіз мүгедектік деген бар. Яғни өмірлік мүгедектікке шығу.
Өмірлік мүгедектік - ағза функцияларының тұрақты, қалпына келмейтін өзгерістері мен бұзылулары болған кезде, емдеу-оңалту іс-шаралары тиімсіз болғанда, ал 1 топтағы мүгедектік - кемінде 4 жыл, 2 және 3 топтағы мүгедектік - кемінде 6 жыл динамикалық қадағалаудан кейін ғана белгіленеді. Сондай-ақ зейнеткерлік жастағы адамдарға оңалту болжамы қолайсыз болған кезде мерзімі шектеусіз мүгедектікке шығуға мүмкіндік қарастырылған.
Мүгедектік - өзгеріп тұратын категория. Мысалы, аурудың түріне қарай және оның дұрыс емделуіне байланысты мүгедек адамның денсаулығы жақсарып, еңбек ету қабілеттілігі жоғарылауы, ал кейде, керісінше жағдайдың да көрініс беріп, адам мүлдем кемтар болып қалуы мүмкін. Тұрақты еңбекке жарамсыздықты сараптау және мүгедектік тобын әлеуметтік қорғау мекемелерінің жанынан ұйымдастырылған медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясы белгілейді. Еңбек ету қабілетін жоғалтқан тұлғаларды әлеуметтік қамсыздандыру негізінен 2 бағытта жүргізіледі: зейнетақымен қамтамасыз ету және еңбек ете алатындарды жұмысқа орналастыру.
Мүгедектердің саны жыл сайын артып отырады . Әсіресе жүрек-қан тамырлары, жарақаттар, қатерлі ісік аурулары бойынша мүгедектікке шығу жағдайлары көп. Бұл жағдай балалар арасында да тым жиі кездеседі.
Мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік оңалту қазіргі әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қызмет көрсету жүйелері үшін ең маңызды міндеттерінің бірі. Мүгедектердің құқығы жөніндегі декларация 1975 жылы қабылданды. Мүгедектер тәуелсіздігі Декларациясы оларға әлсіз адам ретінде қарамауға, тең серіктестік тұрғыдан қарым-қатынас жасауға, олардың өмірге белсенді позициясын қалыптастыруға, құрметтеуге шақырады.
Түнгі уақыттағы жұмысқа тек мүгедектік келісімімен, егер оның денсаулығына мұндай режим тыйым салынбаса жіберіледі.Еңбек келісім-шартын жасаудан, қызметте өсіруден бас тарту, басқа жұмысқа ауыстыру тек мүгедектің келісімен жүзеге асуы тиіс, егер халықты әлеуметтік қорғау саласындағы облыстағы өкілетті органның аймақтық бөлімшелерінің қорытындысы бойынша оның денсаулығы кәсіби міндеттерді атқаруға келмесе, денсаулығына қауіп келсе және өзге тұлғалардың еңбек қауіпсіздігіне қайша келсе жоғарыда аталған шаралар керісінше іске асады.
Мүгедектің мынадай құқықтары бар:
* әлеуметтік қорғалу, соның ішінде сауықтыру, қоғамға бейімделу
* әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына кірумен қамтамасыз етілу
* ақпаратты алуға мүмкіндік берумен қамтамасыз етілу
* білім беру, қызмет түрін еркін таңдау, соның ішінде еңбекке байланысты
* Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталатын тәртіппен көрсетілетін тегін медициналық көмектің кепілденген көлеміне ие болу
* кәсіби дайындық және қайта дайындау, еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру және жұмысқа орналасу
* Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес үй алу
* Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда, соның ішінде денсаулық сақтау, мәдениет, байланыс, көлік, қызмет саласында бірінші кезекте қызмет көрсетіледі
* Мүгедектердің шығармашылық мүмкіндіктерін қолдау.
Мүгедектерге көрсетілетін әлеуметтік көмектердің түрлері:
* Мемлекеттік жәрдемақы, өтемақы және басқа да төлемдер
* Жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін қосымша әлеуметтік төлемдер
* Жұмыс берушілердің көрсететін қосымша әлеуметтік көмек түрлері
Мүгедектерді тұрғын үймен қамтамасыз ету
Жергілікті атқарушы органдар:
* Есепке алып, баспанасыз мүгедектерге үй береді
* Мүгедектер мен отбасылық құрамында мүгедек бер жанұяға баспана кеңістігі жабдықтары мен арнайы құралдар мен жабдықтармен қамтамасыз етеді
Мүгедектерді жұмыспен қамту
Жергілікті атқарушы органдар мүгедектерді жұмыспен қамтуды мына жолмен қамтамасыз етеді:
* қызмет орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектерге жұмыс орындарынан квота бекіту
* жеке кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы мүгедектер үшін қосымша жұмыс орындарын құру
* арнайы, сонымен қатар мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру
* мүгедектерді кәсіби оқыту ұйымдары

Қазақстандағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау

Халықты әлеуметтік қорғау Қазақстанның ішкі саясатының негізгі басымдылығына жатады. Республикада мүмкіндігі шектеулі 620 мың адам тұрады, оның ішінде 63 мың адам. Тәуелсіздік жылдары мүгедектерді әлеуметтік қорғау бойынша жүйелі атқарылған жұмыс арқылы айқындалған нәтижеге қол жетті. Бірақ, қазір мүгедектік және мүгедектерді әлеуметтік қорғау түсінігі өзгертіліп және түсінік іске асуда.
Қазақстан Республикасының Конституциясында еңбекке жарамсыз азаматтарды әлеуметтік қамсындандыру мәселелері ерекше орын алып отыр. Жалғыз басты егде жастағы адамдар мен еңбекке жарамсыз азаматтарды әлеуметтік қолдау үшін Қазақстанда 35 мың адамға қызмет көрсететін, үйде әлеуметтік көмек көрсететін 343 бөлімше жұмыс істейді. Өзіне күтім жасауға қабілеті жоқ адамдар үшін республикада 3 мыңнан астам азаматқа қызмет көрсететін 10 оңалту орталығы, сондай-ақ 6,9 мыңнан астам азамат тұратын егде жастағы адамдар мен мүгедектер үшін 49 медициналық-әлеуметтік мекеме қызмет етуде.
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау мен оңалтудың кешенді стратегиясын әзірлеудің көкейкесті қажеттілігі қолданыстағы нормативтік құқықтықбазаны бүгінгі өзгерген жағдайлармен, қажеттіліктерменжәне мүмкіндіктермен сәйкестік кекелтіру қажеттігімен де байланысты болып отыр.
Қазіргі кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуытуралы Заң 1991 жылы қабылданған. Онда ТМД елдерінде алғашрет мүгедектердің тіршілік әрекеті үшін оларды теңдей мүмкіндіктермен қамтамасыз ету үшін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және ұйымдық жағдайлартуғызу ресми түрде мәлімделді.
Заң қабылданғаннан кейінгі өткен жылдарда мүмкіндігі шектеулі балаларды медициналық оңалту, әлеуметтік қолдау және түзеуді жақсарту жөнінде белгілі бір шаралар қабылданды:стационарлық әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің, үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінің жүйесі кеңейді, мүгедектерге берілетін компенсаторлық техникалық көмекші құралдардың сапасы жақсарды, мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына қол жеткізу мүмкіндіктері ұлғайтылды.
Сонымен қатар, ауыспалы кезең және талай жылдар қалыптасқан әлеуметтік қорғау жүйесі жарияланған саяси іске толық асыруға мүмкіндік бермеді. Сондықтан, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мүгедектер құқықтары туралы декларацияға, Мүгедектерге қатысты дүниежүзілік іс-әрекет бағдарламасына, БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған Мүгедектерді теңдей мүмкіндіктермен қамтамасыз етудің стандарттық ережелеріне орай жаңа Тұжырымдама мен Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заң жобасын әзірледі.
Жәрдемақының мөлшері мүгедектік тобына байланысты төменгі күнкөріс деңгейіне қарай тағайындалады. Жыл сайын републикалық бюджет туралы заңға сәйкес төменгі күнкөріс деңгейінің ұлғаюымен мүгедектігі бойынша жәрдемақы мөлшері де артып отырады.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің Үкіметіне 2016 жылға арналған бюджетте тиісті қаржы қарастырып, 2016 жылдың қаңтар айынан бастап мүгедектігі бойынша әлеуметтік жәрдемақылар (МӘЖ) мөлшерлерін арттыруды тапсырды.
Президент тапсырмасы бойынша 2016 жылдан бастап мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері 1-топтағы мүгедектер үшін 10353 теңгеге, 2-топтағы мүгедектер үшін 8060 теңгеге, 3-топтағы мүгедектер үшін 5738 теңгеге және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар үшін 7 513 теңгеге арты . Жалпы мүгедектігі бойынша жәрдемақы мөлшерін арттыру 34 пайызды құрайды.
Республика бойынша осы көбейтілген мөлшердегі мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны 1-топтағы 42 986 мүгедек алады, 2016 жылдың қаңтар айынан бастап жалпы ауруы бойынша мүгедектер үшін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері 40690 теңгені құрайды. Ал бірінші топтағы мүгедектердің басқа санаттарын есепке алғанда МӘЖ орташа мөлшері 35892 теңгеден 48062 теңгеге дейін немесе 33,9 пайызға өсті.
Жәрдемақы мөлшерінің артуы 2-топтағы 212696 мүгедекті қамтиды, оның мөлшері жалпы ауруы бойынша мүгедектер үшін 31775 теңгені құрады, ал мүгедектердің басқа санаттарын есепке алғанда республика бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 27667теңгеден 37090теңгеге дейін немесе 34,1 пайызға өсті.
Жәрдемақы мөлшерінің артуына байланысты жалпы ауруы бойынша 3-ші топтағы 203 863 мүгедектердің жәрдемақысы 22 042 теңгені құрады.
Республика бойынша барлық санатты 3-топтағы мүгедектердің МӘЖ орташа мөлшері 20243теңгеден 27089 теңгеге немесе 33,9 пайызға өсті.
16 жасқа дейінгі 63618 мүгедек бала үшін МӘЖ мөлшері 22433 теңгеден 29 946 теңгеге немесе 33,5 пайызға өсті.
Қазастан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы Заңымен және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.
Қазақстандағы мүгедектермен әлеуметтік жұмыс Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заң 1991 жылдың 21 маусымында қабылданды. Осы заңда мүгедектік дене немесе ақыл-ой кемістігінің болуы салдарынан тіршілік етуінің шектелуіне байланысты әлеуметтік көмек пен қорғауды қажет ететін жағдай ретінде түсіндіріледі.
Сондай-ақ, адамның тіршілік етуінің шектеулігі оның өзіне-өзі қызмет етуі, жүріп тұруы, бағдары, қарым-қатынасы, өзінің мінез- құлқына бақылау жасауы, сондай-ақ еңбек қызметімен айналысуы қабілеті мен мүмкіндіктерінен толық немесе ішінара айырылуы делінген.
Осылайша, мүгедек адам іс-әрекетінің шектелуіне байланысты бірнеше негізгі аспектілер келіп туындайды:
Бірінші, мүгедектер мәселесін шешудегі құқықтық аспектілер мүгедектердің құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін қамтамасыз етеді.
Екінші, әлеуметтік-орталық аспектіге микроәлеуметтік (отбасы, еңбек ұжымы, тұрғын үй, жұмыс орны және т.б.) және макроәлеуметтік (ақпараттық орта, әлеуметтік топтар, еңбек нарығы және т.б.) ортамен байланысты мәселелер жатады. Әлеуметтік қызмет көрсететін объектілердің ерекше категориясы құрамын мүгедек адамы бар отбасылар құрайды. Мұндай отбасылар әлеуметтік қолдауға мұқтаж адамдар тұратын микроорта болып саналады.
Үшінші, өндірістік-экономикалық аспекті тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және реабилитациялық өнім мен қызмет нарығы мәселелерімен байланысты. Мұндай тәсіл кәсіптік, тұрмыстық және қоғамдық әрекетке өз бетінше қабілетті мүгедектер санын арттыруға, мүгедектердің реабилитациялық құралдар мен қызметтерге деген қажеттілігін қанағаттандыратын адрестік көмек жүйесін жасауға мүмкіндік береді. Ал ол өз кезегінде, мүгедектердің қоғамға қайта қосылуларына септігін тигізеді.
Төртінші, анатомиялық-қызметтік аспекті реабилитациялық қызмет пен мүгедектің реабилитациялық әлеуетті дамытуға мүмкіндік беретін әлеуметтік ортаның (физикалық және психологиялық мағынада) қалыптасуын алға тартады.
Мүгедектердің құқықтары Қазақстанда барынша сақталады. Атап көрсеткенде: әлеуметтік қорғалу, соның ішінде сауықтыру, қоғамға бейімделу; әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына кірумен қамтамасыз етілу; ақпаратты алуға мүмкіндік берумен қамтамасыз етілу; білім беру, қызмет түрін еркін таңдау, соның ішінде еңбекке байланысты;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталатын тәртіппен көрсетілетін тегін медициналық көмектің кепілденген көлеміне ие болу; кәсіби дайындық және қайта дайындау, еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру және жұмысқа орналасу;
Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес үй алу; мемлекеттік және басқа да ұйымдарда, соның ішінде денсаулық сақтау, мәдениет, байланыс, көлік, қызмет саласында бірінші кезекте қызмет көрсетіледі; мүгедектердің шығармашылық мүмкіндіктерін қолдау.
Мүгедектерге мынадай қызмет түрлері көрсетіледі: үйге дәрігерлік көмек көрсетіп, әлеуметтік қызмет көрсету; жартылай стационарлық қызмет көрсету (ауруханада күндіз немесе түнде болу); интернаттар, пансионаттар және тағы басқаларында стационарлық қызмет ету; ерекше жағдайларда жедел әлеуметтік қызмет ету (тамақтандыруды ұйымдастыру, киіммен, аяқ киіммен, уақытша тұрғын үймен қамтамасыз ету); әлеуметтік-кеңестік көмек беру.
Жергілікті атқарушы органдар мүгедектерді жұмыспен қамтуды мына жолмен қамтамасыз етеді: мүгедектерді жұмыспен қамту үшін жергілікті атқарушы органдар (әкімшілік) жұмыс орындарының жалпы санына байланысты 3 пайыздық көлемде квота бөледі; жеке кәсіпкерлік пен шағын және орта бизнесті дамыту арқылы қосымша жұмыс орындарын бөледі, сонымен қатар Қазақстан республикасының заңдылығына сәйкес мүгедектерді жұмыспен қамту үшін жұмыс орындарын анықтап, мүгедектерге кәсіби білім беру қарастырылған.
Мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы оларға әлеуметтік, медициналық және әлеуметтік кәсіби жарамдылығын арттыру, білім беру сияқты бағыттағы қоғамдық өмірге оралтуға байланысты өткізілетін шаралармен жүзеге асады. Сонымен бірге, еңбекке жарамсыз болған жағдайдағы міндетті сақтандыру төлемдері заңмен қарастырылған.
Мүгедектерді әлеуметтік сауықтыру әлеуметтік статус пен олардың әлеуметтік-тұрмыс және әлеуметтік-орталыққа үйрету мақсатында жүргізіледі. Оған мүгедектерді әлеуметтік, техникалық көмек құралдарымен, көлік және рекреакциялық құрылымдармен, ақпараттық ортамен қамтамасыз етілу және материалдық, әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету кіреді. Мүгедектер мен мүгедектік мәселесін шешуде компенсация мен бейімделудің әлеуметтік механизмдеріне сүйенетін реабилитацияға ерекше көңіл аударылады.
Қазіргі уақытта әлеуметтік сипаттағы шараларға мемлекет тарапынан ерекше маңыз беріліп отыр. Еңбек, жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау салаларының мамандары жергілікті әкімшілік органдарымен бірлесіп, соғыс және еңбек ардагерлері кеңестерінің, мүгедектер қоғамдастығының белсенділерімен жүйелі түрде кездесулер өткізіп, Қайырымдылық, Қамқорлық акцияларын өткізу барысында тұрмысы төмен зейнеткерлер мен мүгедектерге ақшалай немесе азық-түлікпен көмек көрсете бастады. Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің - дегендей, адам баласы басқа жандарды қуантып, біреудің мұңын жеңілдету арқылы өзі де бақытты болады, бақыттың не екенін түсінеді. 2012-2018 жылдарға арналған мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету жəне өмір сүру сапасын жақсарту жоспарын іске асыру мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Республикада мүгедектердің мәселелерімен көптеген қоғамдық бірлестіктер айналысады, оның ішінде: Республикалық Мүгедектер қоғамы мен оның облыстардағы бөлімдері, Қазақ зағиптар қоғамы, Қазақ саңыраулар қоғамы, асырауында балалары бар республикалық мүгедек әйелдер қоғамы, Кеңес әлеуметтік бейімдеу және еңбекпен оңалту орталығы, мүгедектер мен психикалық-дене дамуы бұзылған қорғаншылық жасау жөніндегі Ақ бота бірлестігі, Қазақстан мүгедектер конфедерациясы республикалық қоғамдық бірлестігі, Шырақ мүгедек әйелдер ассоциациясы.
Мүгедектер аз мобильді деп аталып жүрген категорияға жатады және олар ең аз қамтылған, ең аз қорғалған және қоғамның әлеуметтік әлсіз бөлігі болып табылады. Мұндай жағдай, ең алдымен, мүгедектерді мүгедектікке әкеліп соққан денесіндегі физикалық ақауларымен және қозғалыстық белсенділігінің төменділігімен байланысты. Сонымен қатар, тұрғындардың осы тобының әлеуметтік қорғалмауы мүгедектердің қоғамға деген қатынасын қалыптастыратын психологиялық факторлардың бар болуымен және олармен байланысқа түсу қиындықтарымен тікелей байланысты. Мүгедектердің әрекетіндегі көптеген шектеулерге байланысты олар өздерін төмен бағалап, жеке тұлғалық қасиеттерін жоғалтып алулары да мүмкін.
Н.Назарбаев қол қойған Мүгедектер құқығы туралы Концепцияға сәйкес, 2012-2018 жылдарға арналған еліміздің Ұлттық іс-қимыл жоспарын жасаған.
Ал, ойын-сауық отаулары, дүкендер, дәмхана сынды басқа да халықтық қызмет көрсету орындары бұл жобаға кірмейді екен. Жыл басынан, аудан бойынша 6 объектіге пандус салу жұмыстары аяқталды. Биылғы жылға тағы да 6 ғимаратқа пандустар орнату үшін 3,6 млн. теңге бөлінген.
2014-2016 жылы мүгедектердін көп жүретін жерлеріне жол белгілерін жəне дыбыс бағдаршамдарын қою жұмыстары, мүгедектерге арналған мамандандырылған автокөлік (инватакси) сатып алу жолында жұмыстар жүргізіліп, ауданға мүгедектерді тасымалдауға қажет 1 инватакси бөлінді.

Дүниежүзіндегі мүгедектермен әлеуметтік жұмыс

Мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік оңалту қазіргі әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қызмет көрсету жүйелері үшін ең маңызды міндеттерінің бірі. Мүгедектердің құқығы жөніндегі декларация 1975 жылы қабылданды. Мүгедектер тәуелсіздігі Декларациясы оларға әлсіз адам ретінде қарамауға, тең серіктестік тұрғыдан қарым-қатынас жасауға, олардың өмірге белсенді позициясын қалыптастыруға, құрметтеуге шақырады.
1992 жылдың 5 мамырында болған Еуропа Кеңесі Парламент ассамблеясының реабилитациялық бағдарламасының ұсыныстарында мүгедектік - физикалық, психологиялық, сенсорлық, әлеуметтік, мәдени, заңдық барьерлермен шартталған мүмкіндіктері шектеулілер ретінде анықталады. Бұл мүмкіндіктер мүгедектікті иеленетін адамдардың қоғамда бірлесіп, қоғамның басқа мүшелері секілді қоғамдық немесе отбасылық жағдай жасауға жол ашады.
Қоғам өзінің стандарттарын мүгедектігі бар адамдардың сұранымдарына сәйкес, олардың тәуелсіз өмір сүруіне жағдай жасау мақсатына бейімдеуі қажет. БҰҰ экономикалық, әлеуметтік және мәдени ережелер туралы құжатында әрбір мүгедектің (ересек немесе бала) өзінің денелік және психикалық денсаулығының мүмкін болатын дәрежесіне қол жеткізуіне құқығы бар екендігі атап көрсетілген.
Мүгедектер өмірінің барлық жақтарын тұтасымен қамтитын құжат - БҰҰ қабылдаған Мүгедектер үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің стандартты ережесі болып табылады. Бұл құжатта өмір сүру ғана құндылық ретінде қарастырылып қоймай, сонымен қатар аурусыз, қиналмай өмір сүру, әлеуметтік қалыптасып, даму да өмірдің сапасы ретінде қарастырылды.
Мүгедектерге жәрдемдесу және қолдау саласында ауқымды жұмыстарды мүгедектікті болдырмау, мүгедектерді тамақтандыру, гигиенасы, білім беру, оларды кәсіби-техникалық даярлау, еңбекке орналастыру бағдарламаларымен айналысатын БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелері мен басқа да халықаралық ұйымдар жүргізеді. Осы бағдарламаларды жүргізетін ұйымдардың ішінде: Халықаралық еңбек ұйымы, БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шарушылығы ұйымы (ФАО), Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО), Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО), Дүниежүзілік почта одағы (ДПО).

Мүгедектердің проблемаларын шешу мәселелері мемлекеттердің өңірліу ынтақтастығы шеңберінде де көтерілді: 1983-1992 және 1993-2002 жылдар Азиялық-тынық мұхиттық мүгедектерінің он жылдығы, 2000-2009 жылдар - Африкалық мүгедектердің он жылдығы, 2003-2012 жылдар - араб елдері мүгедектерінің он жылдығы, 2003 жыл - Еуропадағы мүгедектер жылы деп жарияланды.
Бағдарлама мүгедектік ұғымының өзін елеулі өзгертті: мүгедектерді халықтың әлсіз тобына жатқызуды тоқтатты. Мүгедектерге қатысты дүниежүзілік іс-қимыл бағдарламасы мүгедектердің проблемаларын шешуде тәсілдерді өзгерткен бірінші құжат болды. Оны қабылдағанға дейін мүгедектерге қатысты әлеуметтік саясат тек медициналық сипаттағы шараларды, оңалтуды және мүгедектіктің жекелеген себептерін болдырмау жөніндегі алдын алуды ғана қамтыды. Бағдарламада жария етілген мүгедектердің қоғамдық өмірдегі теңдігі мен толық қатысуын қамтамасыз ету мақсаты халықаралық қауымдастықтың мүгедектіктің жай-күйін өзгертуді түсінгендігін, мүгедектік проблемасын шешуге тұтас амалдар қолдану қажеттігін мойындағанын айғақтайды.
Мүгедектердің осалдығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мүгедектің ұғымы және оның топтары
Мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың әлеуметтік шаралары
Мүгедектік мәселесін шешу аспектілері мен жолдары
Мүгедектік жеке мәселе ретінде
Жас мүгедектермен әлеуметтік жұмыс
Мүмкіндіктері шектеулі балалармен әлеуметтік
Мүгедек балалармен әлеуметтік жұмыс
Мүгедектермен әлеуметтік жұмыс туралы
Патогенетикалық бағыттағы әлеуметтік медициналық жұмысқа
Сот медицинасы пәні және оның мазмұны
Пәндер