Жыр алыбы- Жамбыл



1 Сабақтың барысы
2 Мектепке алғашқы қадам
3 Жас ұстазға кеңестер
4 Жас мамандарға психологиялық көмек
Агрессивті бала.Агрессивті мінез-құлықтың ар жағында не тұрғанын білуге тырысыңыз. Агрессивтілік пен өзін - өзі танытудың арасында айырмашылық көп. Осыны балаларға жеткізе білудің маңызы зор. Балаларды қажетті нәрсесін сыпайы түрде сұрай білуге үйретіңіз, олардың пікіріне құлақ асыңыз. Көздеген нәрсені өзгелерді ренжітпей, қалай алуға болатынын көрсетіңіз. Оларды өз сезімдерін игеруге және өз күйініш-сүйініштерін баламалы түрде білдіруге үйретіңіз.
Өтірікші бала.Kөпбалалар пікір талқысынан және сыннан қашып өтірік айтады. Балаларға артын бағып қорғалақтамай, шындықты айта білуге үйретіңіз. Олар ата-аналарының өз қателіктерін, түсінбестіктерін кешіріп, оның бәрін ретке келтіруге көмек беретініне сенімді болуы керек.
Баланың қиқар мінезі.Апдымен өз мінез-құлқыңызға қараңыз. Оған айтқан әңгімелеріңіздің ішінде тікелей іске қатыстысы бар ма? Бәлкім, сіз ашумен босқа сөйлеп, қазымырланып, әмір бере айқайлап жатқан шығарсыз. Балаңызға өздігінше әрекет етуге ерік беріңіз. Балалар адам бір-біріне құрметпен қарап, ынтымақтастықта болса, ол бір-біріне қарсы тұрғаннан әлдеқайда жақсы екенін үғуы тиіс.
Сотқар бала.Балаларға проблемаларды шешудің әр түрлі жолдары болатынын түсіндіріңіз. Қайшылықтарды шешудің бейбіт тәсілдерін көрсетіңіз.
Ұялшақ балалар.Балаларыңызбен сөйлесіңіз, олардың ішкі әлеміне еніп, ұялшақтықтың проблемаға айналып кетпеуін қадағалаңыз. Өзге адамдар ортасында өзін неғұрлым қолайлы сезіну үшін ұялшақтықты жеңудің алғашқы қадамдарын жасауына көмектесіңіз. Баланың ұялып қажетті істен бас тартуына жол бермеңіз.
Ашулану көріністері.Кенеттен бой көтерген ашу көріністеріне қарсы еңжақсы реакция тәсілі - оған тіпті мән бермей қою, назар да аудармау. Сабырлы қалпыңызда ашу қашан басылғанша күтіп тұрыңыз. Баланы өз сезімдерін игерудің өзгеше бір жолы - бәрін сөзбен жеткізе білуге үйретіңіз. Олар бұрқылдаған ашумен ештеңе де жасау мүмкін еместігін түсінуі, көздеген нәрсеге қол жеткізудің оған қарағанда әлдеқайда оңтайлы, әлдеқайда тиімді жолдары бар екенін ұғынуы тиіс.
Беймаза балалар.Өзіне үнемі көңіл аударып отыруды қалайтын бала көбіне өз-өзіне сенімсіз келеді. Сіз оны жақсы көретіндігіңізді және жұмысты өздігінен, өзгенің көмегінсіз-ақ атқара алатынына сенетініңізді айтыңыз. Уақытыңызды онан басқа да нәрселерге бөлу қажет екенін түсіндіріңіз. Баланы өзгенің сезімдері мен талап-тілегін құрметтеуге баулыңыз.
Тілазар балалар.Баланы өзін өзі тәртіпке келтіре білуге, жауапкершілікке, ынтымақтастыққа, проблемаларды шеше білуге, өзін де, өзгені де құрметтей білуге үйретіңіз.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Сабақтың тақырыбы: Жыр алыбы- Жамбыл
Сабақтың мақсаты:БК Жыр алыбы Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуге ұғындыру.
ДҚ:Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру, ақын өлеңдерін, поэзиясын сүйе білуге үйрету.
ТК: Ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінінің өнерін сүюге тәбиелеу.
Сабақтың әдіс- тәсілдері:әңгімелеу, мәнерлеп өлең оқу.
Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті, ақын жазушылардың пікірі, буклеттер, ақын өлеңдерінен үзінділер,сурет, кітап көрмесі, сөзжұмбақ,Жамбыл әлемі фотосуреттер.
Сабақтың барысы: Кіріспе. Мұғалім сөзі.
Жүзге кеп бақыт тапқан ақын Жамбыл,
Дүниеге түгел кеткен атың Жамбыл.
Тілекке көл аңсаған бүгін жеттің,
Далада жасасаң да ғасыр Жамбыл.
Халыққа үшін төрге төсеп төсек етер,
Ағарған сақалы мен шашы Жамбыл.
Көтерген көкке төбе тірелгенше,
Иеді көпшілікке басын Жамбыл.
Қайырлы күн, құрметті көрермендер!
Армысыңдар, ардақты ұстаздар мен оқушылар!
Заманына ХХ ғасырдың Гомері , жыр дүлділі, ғасыр ақыны, Жыр алыбы- Жамбыл Жабаевтың тәрбие кешіне хош келдіңіздер! Бүгінгі біздің тәрбие сағатымызда қара өлеңнің алыбы, даланың дархан данасы Жамбыл ата өзіңнің үміт күткен ұрпақтарың сіз туралы ой толғап сыр шертеді.
Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Жамбыл Жабаев 165 жасқа толып отыр. Осы мерейтойға арналған би шашу.
Сахнада 7 а сынып оқушыларының орындауында қазақ биі.
1-жүргізуші:Халық поэзиясының алыбы атанған Жамбылдың есімі дүние жүзі халықтарына кеңінен мәлім. Жамбыл медресе- мектептің есігін ашып, қолына қалам ұстап, жазу- сызуды білмесе, де жастайынан домбыра тартып, жыр жаттады, қазақ халқының сөз өнерін үйренді, кейін ақындығымен елге әйгілі жыршы атанды.Ол Көрұғлы, Мұңлық- Зарлық, Шаһнама, Қыз Жібек сияқты үлкен дастандарды бірнеше апта бойы жырлаған.
2-оқушы: Жамбыл екі заман тұсында өмір сүрді. Екі дәуірдің куәсі болған ақын өз көзімен көрген өмірдің бар шындығын жырлады.
3-оқушы:Жамбыл Жабаев қазіргі Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы, Жамбыл тауының етегінде 1846 жылы 28 ақпанда көшпелі кедей отбасында туған.Жастайынан өлеңді қолма- қол жанынан шығарып айтатын болған. Қаршадай баланың өнеріне сүйінген атақты Сүйінбай ақын оған ақ батасын берген.
Екі ғасырдың куәсі, жыршы- жырау, халық ақыны, ірі айтыскер ақын, Халық поэзиясының алыбы, ХХғасырдың Гомері, Жамбыл - менің жай атым, халық- менің шын атым деген ұлы тұлға.1938 жылы Ленин орденімен, 1939 жылы Құрмет белгісі орденімен марапатталды. 1941 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлық берілді.Алғашқы өлеңдері Бақтыбай, Сары, Сарбас, Досмағамбет, Құлмамбет, Шашубаймен айтысқан, әсіресе 1881 жылы Құлмамбетті жеңіп , Жетісудың атақты ақыны аталды. Жамбылдың бізге қалдырған өлеңдері,дастандары бар.
2-оқушы: Тірек сызба мен жұмыс.
Поэзия алыбы.
Жүз жасаған. Айтыс ақыны.
Дастаншы. Жамбыл
Жыр алыбы.
Ауыз әдебиет алыбы. Суырып салма ақын.
Қазақтың Гомері.
3-оқушы: Шын жүректен шыққан сөз. Ақын жазушылардың Жамбылға берген бағасы.
Жамбыл - ақыл ойдың алғыры , өзгеге ұқсамайтын дара , оқшау бет - бейнесін аса зор құбылыс. Оның бір өзі әрі эпик ақын , әрә айтыс ақыны, әрә азаматтық әуеннің де ақыны. М. Әуезов.
Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан сықылды. Оны жинап алып, халқының қолына беру- біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.
С. Сейфуллин.
Жамбыл жырлары Бұғымүйіз, Бесмойнақ жайлауларының гүліндей алуан түрлі. Хош иісі күншілік жерден аңқып тұрады. Ақын жырын тыңдаған сайын, көк жайлауға әсер аласың. І. Жансүгіров.
Жамбыл- жүз жасаған адам, соның 85 жылы ақындықпен өтті. Ол әлеуметтік және жеке өміріндегі сөзінің көбін өлеңмен сөйлеген кісі. С. Мұқанов.
4-оқушы.Слайд. Жамбыләлемі Фотосуреттер.
Жамбылдың үрім бұтақтары жөнінде әңгімелеу.
5-оқушы: Халық - менің шын атым.
Жамбыл деген - жай атым,
Халық - менің шын атым,
Жай - құйрығым, қанатым,
Қазақстан- Отаным.
Қалаған бақыт мұрасын.
Кеңес - менің мыңдап жыл.
Аңсап тапқан мұратым.
Жаңқамды жауға бермеске,
Отанға берген бар атым.
Миллион- миллион барлық жан ,
Арыстан жүрек ер балам,
Сарқылғанша талшы қан,
Қорған, шебін құратын,
Жау мойынан жұлатын-
Атым осы болатын...
Көрермендермен ойын. Сөзжұмбақ.
1.Жамбылдың әкесінің есімі.
2.Дүниеге келген айы.
3.1881жылы Жетісуде қай айтыскер ақынды жеңіп алды?
4.Жамбылдың ұстазы кім?
5.Жамбыл жас ұрпақты неге шақырады.
6. Жамбыл1938жылы қандай орденмен марапатталды?
7.Жамбыл қанша жасаған?
8.Жамбылдың ұлының аты кім?
9. Біреу сапар шегер алдында, үлкен іс бастарда оң тілек айту не деп аталады?
10.Екі ақынның бір- бірімен жарысар өлеңі.
11.Жамбылдың шәкірті кім?
12.Алматы қаласының патшалық кезеңдегі аты.

ж
а
п
а

А
қ
п
а
н

қ
ұ
л
м
а
м
б
е
т

с
ү
й
і
н
б
а
й

ы
н
т
ы
м
а
қ
қ
а

л
е
н
и
н

ж
ү
з

А
л
ғ
а
д
а
й

б
а
т
а

а
й
т
ы
с

К
е
н
е
н

в
е
р
н

Мұғалім: Сиынып аруағына бабамыздың,
Киесін ұққандаймын даламыздың.
Жырлары-шежіресі еліміздің,
Сырлары-сағынышы санамыздың.
Осымен Жыр алыбы- Жамбылдың арналған тәрбие сағаты аяқталды.Ынта қойып,тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.

1 қыркүйек мерекесі: балаларды бірінші қыркүйекпен құттықтаудың сценариі мен идеялары
Отбасында мектеп жасындағы балалар бар болса, әсіресе бірінші сыныпқа баратындар бар болса, Білім күні күздегі басты мерекелердің біріне айналады. Есеюдің кезекті кезеңі баланы жігерлендіріп, келешекте жақсы жағынан есте сақталып қалуы тиіс. Әрине, бұл мәселедегі жауапкершілік бірінші кезекте ата-анаға жүктеледі.

Мектептегі алғашқы күн немесе кезекті оқу жылының басталуы балалардың есінде жақсы жағынан сақталып қалуын қамтамасыз ету үшін оларға мейрам ұйымдастырыңыз. Мұнда ынта білдіруіңіз құпталады және балаларды Бірінші қыркүйекпен құттықтауды жақсы дәстүрге айналдырғаныңыз дұрыс.
Мектепке алғашқы қадам
1 қыркүйекке қарай Сіз мұғаліммен де, сыныптастарының ата-аналарымен де танысып үлгерсеңіз керек. Салтанатты сапқа тұрудан кейін сыныпта шағын ертеңгілік ұйымдастыруыңызға рұқсат берілуін келісіңіз.

Сері атағын беру рәсімі секілді, бірінші сынып оқушысы атағын беру рәсімін ұйымдастырыңыз. Бұл салт жорасы үшін сілтеу таяқшасы немесе сызғыш болса жеткілікті, ал орденнің орнына естелік төсбелгі тағуға болады немесе мойнына салтанатты түрде ойыншық медаль ілуге болады. Ал бұның алдында: бала мектепке барғысы келеді ме, ол не нәрсені үйренгісі келеді, кім болғысы келеді деген сұрақтардың қойылуымен қысқаша сұхбат жүргізілсін. Мұндай бейнежазба келешекте бітіру кешіне дайындалған кезде немесе жай ғана отбасылық мұрағат үшін құнды материал болады.

Мүмкіндігінше алдын-ала сыныпты шарлармен, жалаулармен және қызыл-сары жапырақтармен сәндеңіз. Балаларға шағын тамақ дайындаңыз: шаймен немесе шырынмен жейтін тәттілер. Музыкалық безендіруді ойластырыңыз. Егер мектеп туралы өлеңдері бар балалар слайд-шоуын жасап, компьютерде немесе интерактивті тақтада іске қосатын болсаңыз, мерекелік ахуал күшейе түсері сөзсіз. Шай ішкеннен кейін интерактивті ойындар мен конкурстар өткізу балалардың бір-бірімен жақсырақ танысуына септеседі және жалпы жағдайды жайластырады. Бірінші сынып оқушыларына жарауы мүмкін бірнеше нұсқаны ұсынамыз.
Әуе айқасы
Екі командаға бөлінген балалар қолдарына әуе шарын ұстап, жорамалданған сызықтың қарама-қарсы екі жағында тұрады және сигнал бойынша шарларын қарсыластарына қарай лақтыра бастайды. Айқастың аяқталуын білдіретін сигнал естілген кезде шарлардың азырақ мөлшері жиналған команда жеңімпаз атанады.

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!
Қатысушымыз болыңыз
Жануарлар
Жүргізуші балаларға кезекпен доп лақтырып, бір әріпті атайды. Бала осындай әріптен басталатын жануардың атын мүмкіндігінше жылдам ойлап тауып, допты кері қарай лақтыруы тиіс.
Сараң
Қатысушылар екі командаға бөлінеді. Әр команданың алдында еденде бір сызықпен алмалар немесе апельсиндер қойылып шығады. Баланың міндеті - отырған күйінде жылжи отырып, қалталарын пайдаланбастан мүмкіндігінше көбірек жеміс жинау. Өте қызықты және екпінді конкурс.
Осындай ойын-сауықтарды ұйымдастырған кезде қиялға ерік беруге болады, ең бастысы - соңына қарай барлық қатысушылар мұз кәмпит, қаламсап немесе қойын дәптер секілді шағын жүлделер алуы тиіс.
Үйдегі мереке
Мектептегі жағдай бір бөлек, ал баланы үйіндегілерінен артық түсінетін және жігерлендіретін жан бар ма екен? Жаңа күнді оқушының мектептегі сапқа тұруға дайындалуы жайлы фото- немесе бейнерепортаждан бастаңыз. Қызыңыздың сәнді шашына бантиктердің қалай тағылып жатқанын, ұлыңыз өзінің алғашқы мектеп киімін қалай киіп жатқанын түсіріп алыңыз. Мектептен қайтып келгеннен кейін ата-анасымен, бауырларымен, ата-әжелерімен отбасылық түскі ас ұйымдастырыңыз. Отбасылық фотоальбомдарды қараңыз, мектеп шағыңызды еске алып, онымен бөлісіңіз. Әрбір адамның өмірінде мұндай жауапты күннің болатынын Сіздің бірінші сыныпқа баратын балаңыздың түсінгені маңызды.
Егер балаңыз кезекті сыныпқа бара жатса, Білім күнін ол да ерекше толғаныспен күтіп отырары сөзсіз, өйткені бұл - ұзақ демалыстан кейін достарымен асыға күткен кездесу болмақ. Балалар бір-бірімен бейресми жағдайда тілдесіп, жазғы әсерлерін бөлісе алуы үшін сыныптастардың боулингке, Q-ZAR-ға немесе киноға бірге баруын ұйымдастырыңыз.

Кез келген өзге мереке секілді 1 қыркүйек те тек жақсылықтарымен және ерекше жағымды сезімдерімен есте қалуы тиіс. Және олардың сондай болуы ата-аналар мен мұғалімдердің қолында. Мереке алдындағы машақаттан қорықпаңыз, бұл соған тұрарлық!
Жас ұстазға кеңестер
Сабақты қалай өткізу керек:
1. Кабинетке қоңыраудан сәл бұрын келіңіз. Кабинеттің сабаққа дайындығын жиһаздың дұрыс тұрғанын, тақтаның таза екенін, ТОҚ, көрнекіліктердің дайындығына көз жеткізіңіз.
Сыныпқа соңғы болып кіріңіз. Барлық оқушының ұйымдаса қарсы алғанын талап етіңіз. Сыныпқа көз жүгіртіп, әсіресе тәртібі нашар оқушыларға міндетті түрде көз салыңыз. Оқушыларға ұйымдасқан сабақтың көркемдігін көрсетуге тырысыңыз, тек бұған уақытты бірте - бірте аздатыңыз
2.Сынып журналынан өз пәніңізді іздеуге уақыт жұмсамаңыз. Оны қоңырауда дайындап қоюға болады. Кезекшілерді мұғалімнің үстеліне сабаққа келмегендердің аты-жөні жазылған парақты қалдыруға үйретіңіз.
3. Сабақты батыл бастаңыз.Оқушыларға: кім үй тапсырмасын жасамай келді? деген сұрақты қоймаңыз. Бұл сауал үй тапсырмасын орындамауды күделікті іс сияқты қылып көрсетуі мүмкін. Сабақ балалардың сабақ басынан аяғына дейін жұмыспен шұғылданып отыратындай құрылуы тиіс. Үзілістер, баяулық, әрекетсіздік - тәртіп бұзушылар екенін ескеріңіз.
4. Оқушыларды мазмұны қызық материалдармен, ой салумен баулып, сабақты бақылап, үлгірімі төмен балалардың өз күшіне сенуіне көмек беріңіз.Сынып түгелдей көзден таса қалмасын. Әсіресе назары тұрақсыз, әлденемен айналысып кететіндерді назардан тыс қалдырмаңыз.Жұмыс тәртібін бұзушылардың алдын алыңыз.
5. Сабақ үстінде өзге жұмыспен айналысатын оқушыларға көбірек сұрақтар қойып, зейінін өзіңізге аударыңыз.
6. Оқушы білімін бағалауда өз сөзіңізді іскерлік және қызығушылық қабілетпен ұштастырыңыз. Оқушының немен жұмыс істеу керектігіне нұсқау беріп, аталған тапсырманың орындалуын қадағалаңыз. Бұл еңбекке деген жауапкершілікке үйретеді. Оқушы мұғалімнің тапсырмасын міндетті түрде орындау керектігіне үйренеді.
7. Баға қою үшін оқушының ынтасы мен тәртібін ескеріп, оқушыныңбілімін объективті түрде бағалаңыз.
8. Сабақты сыныптың жалпы бағалаумен және жекелеген оқушылардың біліміне баға қоюмен аяқтаңыз. Оқушылар сабаққа деген өз еңбектерінің нәтижесін сезініп, шаттыққа бөленсін. Тәртібі нашар оқушылардың жұмыстағы оң нәтижесін ескеріңіз, дегенменде бұндай іс-әрекетпен болмашы жетістікті бағалауды жиі қайталамауға тырысыңыз.
9. Сабақты қоңыраумен аяқтаңыз. Кезекшіге өз міндетін ескертіңіз.
10. Орынсыз ескерту жасаудан аулақ болыңыз.
11. Басқалардың көмегіне сүйенбеңіз. Педагогикалық практикада тәртіпке шақыру мұғалімнің пайдасына шешілмейтінін ескеріңіз. Көмекке оқушыларды шақырыңыз. Сынып оқушылары тәртібі нашар оқушыларды қолдамаған жағдайда мәселені шешу оңай.
12.Сыныптың бөлігімен немесе тұтас сыныппен келіспеушілікке жол бермеңіз, егерде осындай жағдайға тап болсаңыз мәселені оңды шешу жолын қарастырыңыз.
13. Мұғалімнің қылығының дұрыстығына күмән туып, тіпті оның кінәсі сөзсіз дәлелді болса, келіспеушілік оқушылардың пайдасына шешілу керек екенін ескеріңіз.
14. Н.А. Добролюбованың Оқушылардың көз алдында іс-әрекеті толық ақталған мұғалім - бұл әділ мұғалім деген сөзін есте сақтаңыз.
Жас мамандарға психологиялық көмек
02 Мау, 22:39
ЖАС МАМАНДАРДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ
Жас маманды психологиялық қолдау үшін баулушы тәлімгердің онымен жиі кездесіп, әңгіме, тренингтер өткізуі, педагог этикасы, оқушылармен қарым- қатынас жасау ережелері, ата-аналар жиналыстарын ұйымдастыру жайы туралы ұсынымдар беруі пайдалы болмақ(1-қосымша).Тренингтік сабақтарды біз тоқсанына бір рет психодиагностикалық әдістемелерді(темперамент типін анықтау, өзіне өзінің сенімділігін бағалауға арналған тест (Рейдаст тесті), оқытып-үйрету процесіндегі педагогикалық ынтымақтастық дең- гейінің диагностикалық әдістемесі, Мүғалімнің психологиялық портреті әдістемесі)қолдана отырып өткіземіз. Тренинг соңынан жас мұғалімге жаднама, өткізілген тест(2-қосымша)бойынша анализдік талдау нәтижелері беріледі. Оқу жылының соңында қорытынды шығарып, оларды талқылаймыз. Пікірлерді түйіндейміз. Бұл кезде жас мұғалімдердің өзіне сенімі, дербестігі, бастамашылдығы айтарлықтай көтеріліп қалады. Тәлімгерліктің арқасында олар сабақ жүргізу, сынып сағаттарын, ата-ана жиналыстарын өткізу техникасын игеріп үйренеді. Біз төмендеӨзін өзі ашу тренингінназарларыңызға ұсынып отырмыз(3-қосымша).Бұл біздің жұмыс жоспарымызда бірінші тұрған тақырып.

1-қосымша
Жұмысты жаңа бастаған жас мұғалімдерді
қате қадамнан сақтандыратын бірнеше тыйым
1. Балаларды көңіліне тиетін атаулармен және теңеулермен атапкемсітпеңіз.
2. Шектен шыққан жағдай орын алса дадауыс көтермеңіз.Егер сондай бір жәйт үстінде
дауыс көтеріп қалған болсаңыз, артынша неге бұлай еткеніңізді түсіндіріп, бұған мәжбүр
болғаныңызға өкінетініңізді білдіріңіз.

3. Баланы жазалай отырып,дер кезінде кешіре де біліңіз, шын көңілден кешірім сұрауға дайын болатындай жағдай да жасаңыз.
4. Баланы жазалай отырып, сол жаза арқылы өзге балалардың қуанышынынталандырмаңыз.
5. Балалардың бір-бірін жамандап әңгіме айтуынажол бермеңіз,шағым айтқыштарды сөзі шын болса да ынталандырмаңыз. Кінәлі балаға өз қателігін мойындатуға тырысыңыз. Бірақ ол өзін жаман, тәрбиесіз немесе бәрін әдейі істейтін бала секілді сезінбейтін болсын.
6. Баланың отбасы мен ата-анасы туралы оның көзіншеешқашан жағымсыз сөз айтпаңыз және өзгенің де олай етуіне жол бермеңіз.
7. Егер сіз ойынды немесе сабақ тақырыбын өзіңіз жақсы білмейтін болсаңыз немесе әзірлігіңіз нашар болса, оларды өткізбеңіз.
8. Баланың бастамасын Өзіңнен сұраған кезде ғана айт немесе Өзіңе рұқсат берген кез - де ғана жаса депүзіп тастамаңыз,әйтпесе олар сіздің басшылығыңызсыз бірдеме істеуден мүлдем қалады.
9. Ашуланбаңызжәне ез ашуыңызды керсетпеңіз. Егер солай бола қалған жағдайда, бұл жәйттің сізді қатты қынжылтқанын білдіруге тырысыңыз.
10. Сәтсіздік кезіндегі өз көңіл-күйіңізді, реніштеріңізді балаларданжасырмаңыз,олардың бірге қынжылып, сіздің қиналысыңызды өз сезімдері арқылы бірге белісуге жол беріңіз, бірақ шамадан асырмай, бұл үшін оларға ризалығыңызды білдіріңіз.
Жас мамандарға
1. Жас баланы ересек адамша құрметтей де, жақсы көре де біліңіз.
2. Балалармен жұмыс жүргізуден туындайтын сүйсіну сезімдерін бойға сіңіруге тырысыңыз, өйткені ол бірден емес, біртіндеп қана қалыптасатын сезім.
3. Өзіңіздің білім багажыңызды қызықты тарихи оқиғалармен, ертегілермен, жануарлар әлемінен, табиғаттан және т.б. алынған қызықты фактілермен толықтырыңыз.
4. Жұмысты әрқашан жақсы көңіл-күймен атқарыңыз. Бұл мұғалім ешқашан қабақ шытпасын деген сез емес. Бұл жерде әңгіме адамның жұмысқа өзін өзі даярлауы туралы болып отыр.
5. Әрқашан запас сабағыңыз, артық ойын түрі болсын. Олар бастаған сабақтың барысын өзгертуге немесе оны жоспардан тыс өткізуге тура келген жағдайда қолдану үшін қажет. Сабаққа запасымен әзірленіңіз. Материалдың жетпей қалғанынан гөрі, артық болып пайда- ланылмай қалғаны жақсы.
6. Адал көңілмен қарым-қатынас жасаңыз, балалар оны сезеді және бағалайды.
7. Әділеттілік кодексін сақтауға тырысыңыз. Жасөспірімдер әділетсіздік көріністеріне тым шамшыл келеді.

Ата-аналар жиналысына әзірлік және оны өткізу жөніндегі жаднама
1. Жиналыс басталар алдында нашар көңіл-күйдің есік сыртында қалғаны жөн.
2. Жиналысқа бөлінетін уақыт 1, 5 сағаттан артық болмасын.
3. Адамға ең жағымды дыбыс - оның өз аты. Алдыңызда ата-аналардың аты-жөндері жазылған тізім болсын.
4. Ата-аналар жиналысын бастар алдында талқыланатын мәселелерді жариялаңыз.
5. Педагогикалық талдаудың алтын ережесін ұмытпаңыз: сөзді оңды нәтижелерден бастап, негативті жәйттерге сонан кейін көшу керек, сөйтіп әңгімені алдағы болашаққа жасалатын ұсыныстармен аяқтау қажет.
6. Ата-аналарды ақпараттардың бәрі бірдей балалар игілігі үшін қызмет өте бермейтіндігі туралы ескертіңіз.
7. Жиналысқа қатысқандардың барлығына уақыт тауып келгендері үшін ризашылығыңызды білдіріңіз (әсіресе әкелерге).
8. Ата-ана баласының оқу үлгірімі үшін мұғалімі де өздерімен бірдей күйзелетінін түсінетін болсын.
9. Жеке әңгімелесу кезінде бала үлгірімі туралы оның әлеуеттік мүмкіндіктеріне сәйкес баға беріңіз.
10. Ата-аналарға нашар оқушы нашар адам деген сөз емес екенін ұқтырыңыз. Жиналыста мына нәрселердің орын алуы дұрыс болмайды:
- жиналысқа қатысып отырған ата-аналарды өткен жиналыстарға келмегені үшін жазғыру;
- жекелеген оқушылар мен әр түрлі сыныптардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жамбыл Жабаев өлеңдерін мектепте оқыту
Жамбылдың ұстазы еді майкөт ақын
Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалдық музейінің тарихы мен қызметі
Жамбыл жырлары - теңіздің терең түбінде жатқан тұңғиық сырдай қол жетпес асыл қазына
Жамбылдың Жабаевтың дастандары
Ж.Жабаевтың өмірі мен өнер жолы
Жамбылдың өмір жолы
Жамбыл Жабаев. Өмірі мен шығармашылығы
Жамбыл - жүз жыл өмір сүрген ақьн
Ж. Жабаев творчествосын зерттеудің қазіргі жай-күйі мен маңызды мәселелері
Пәндер