«НҰРЛЫ КӨШ» – «СОРЛЫ КӨШке» айналды ма?


«
Нұрлы көш
» - Қазақстан мемлекеттік бағдарлама. Басты мақсаты - ресми, қасаң тілмен айтқанда этникалық көшіп келушілерді, жылышырай беріп айтсақ шеттегі қандастарымызды, сондай-ақ еліміз аумағында еңбек қызыметін жүзеге асыру үшін келген Қазақстанның бұрынғы азаматтарын; қолайсыз аудандарда тұратын тұрғындарды ұтымды қоныстандыру және олардың жайғасуына жәрдемдесу. «Нұрлы көш» бағдарламасы арадағы үзіліп қалған тінді жалғап, тиылып қала жаздаған көштің тиегін қайта ағытса игі.
Бағдарламаны іске асыруға 2009-2011 жылдарға 197 795, 6 млн. теңге, оның ішінде қосымша 118 073, 7 млн. теңге қарастырылып отыр. Бірақ жүзеге асыру 2010 жылдан басталмақшы.
Алматы көші-қон комитетінің мәліметінше, Астана мен Алматы қалаларына «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша қоныстандыру жүргізілмеуі де мүмкін. Өйткені тұрғын үй қымбат, бөлінетін жер телімі тапшы. Ал нарық бағасынан төмен қақпен, әкімдік тарапынан берілетін жалдамалы пәтерлердің мәселесі әзір шешілмейтін түрі бар.
Есесіне өзге облыстар бойынша қоныстандыру жүргізілмек. Әсіресе, облыс орталықтарында, жұмыс орыны жеткілікті қалаларда, шегкараға іргелес елді мекендерде, ауылдық елді мекендерге қоныстандыруға көңіл бөлінбек.
«Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша барлық көшіп келушілерді тұрғын үймен қамтамасыз етіледі делініп отыр. Тұрғын жайлар жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық меншігіндегі тұрғын үй есебінен үлестіріледі. Кейбір аймақтарда оралмандарды шоғырландырып қоныстандыратын қалашықтар салынбақшы. Олардың қарызын қайтару үшін оралмандарға «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» 4 пайыздық мөлшерде кредит беріледі. Оны қайтару үшін жұмыспен қамтылады, кәсіппен шұғылдануға қаржыбөлінеді.
«НҰРЛЫ КӨШ» - «СОРЛЫ КӨШке» айналды ма?
2009 жылы сол кездегi Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Бердiбек Сапарбаевтың бастамасымен өмiрге жолдама алған «Нұрлы көш» бағдарламасының алғашқы кезеңi 2009-2011 жылдарға жоспарланған болатын. Бұл бағдарлама бойынша, осы уақыт аралығында Қазақстанға 300 мыңдай этникалық қазақ қоныс аударуы тиiс болатын. Негiзiнен бұл мақсатқа арналған 200 миллиардтай теңге жұмсалды. Алайда межелеген 60 отбасы «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша тұрғызылған ауылдарға қоныстанып үлгердi ме, жоқ па, ол жағы беймәлiм.
Тосқауыл күн өткен сайын артып барады
Көші-қон мәселелерімен нақты айналысатын мекеменің жоқтығынан «Нұрлы көш» бағдарламасы жайында нақты мәлімет алу қиынға соғып отыр.
Айталық, 2011 жылы қабылданған «Халықтың көші-қоны» туралы Заңда этникалық қазақтардың Қазақстан территориясында жүріп тұруы қиындады, тіркеу тәртібі күшейтілді және ең өкініштісі, азаматтық алу процесін жетілдірудің орнына 1991-1999 жылдардағы кедергіні қайтадан көлденең тартып отыр. Бұрын этникалық қазақтар былай тұрсын, шетелден келіп білім алып жүрген кез келген азамат үшін оқу визасы берілетін. Қазір оқып жатқанына қарамастан, студенттердің өзіне визасы аяқталғаннан кейін қудалау басталады екен. Жақында маған жолыққан бір жігіт балдызының Өнер академиясында оқып жатқанын, алайда тіркеу уақытының аяқталуына байланысты, оның Қытайға қайтып кетуі қажеттігін айтады. Аты жөнін айтудан бас тартқан ол балдызының есімінің де құпия болғандығын өтіне отырып, Алматыдағы тіркеу уақыты аяқталғаннан кейін, Алматы көші-қон полициясы оны екі айдан кейін тіркеуден шығарған екен. Енді Алматы облысы бұны заңсыз деп тауып, оны тіркеуге алмай отыр.
- Сонда менің балдызым оқуын тастап, Қытайға оралуы керек пе, -дейді ол жыларман күйде.
Дәл осындай мысалды осыдан бірнеше ай бұрын тағы жолықтырған едім. Астанада Л. Н. Гумилев атындағы университеттің Тарих факультетінің студенті Ташкентке өндірістік тәжірибеден өту үшін сапар шегеді. Алайда Сарыағаш бекетіндегі біздің шекарашылар оның оқу визасы бар екеніне қарамастан, 60 мың теңге айыппұл салады. Бар тапқан кінәсі - Қазақстан территориясында болуы тиіс 90 күннен уақыты асып кеткендігі. Ал оқып жатқан анықтамасын олар қаперге ілмеген.
«НҰРЛЫ КӨШТІ» ЕНДІ «СОРЛЫ КӨШ» ДЕЙМІЗ БЕ?
2009-2011 жылдар аралығында «Нұрлы көш» бағдарламасы Шымкенттен бастау алып, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақтау және Алматы облыстарында жүзеге асырылды. Бұл жоба Оңтүстік Қазақстан облысының, Шымкент қаласындағы «Асар» шағын ауданында сәтті жалғасын тапты. Үкімет бұл жобаны қолға алғанда, осы «Асар» шағын ауданының тәжірибесін ескерген болатын. Бұдан кейін жобаға үш жыл ішінде - 200 миллиардтай теңге бөлінді. Шығыс Қазақстан облысында бұл бағдарлама бойынша, 403 пәтер салынған. Олар Курчатов қаласы, Новоявленко селосы. Өскемен қаласының маңында Ертістің сол жағалауында 110 га аумақта 7000 үй салу көзделген. Шымкентте 2011 жылдың 13 қазанында бағдарламаға қатысуға ниет білдірген 650 адамның өтініші түскен, олардың 465-імен келіссім шартқа қол қойылып, 239 үй тұрғызылып, 138 үйдің құрылысы пайдаға берілген. Ақтөбе облысында бұл жоба бойынша Хромтау ауданының Көктау-2 ауылында 75 коттедж бой көтерген. Бұл облысқа 3 мың отбасын қабылдау үшін үш жылға 1-1, 2 миллиард теңге бөлінген. Батыс Қазақстан облысының Зеленовск ауданы Балаган ауылында 100 үйдің құрылысы басталған. Сондай-ақ, «Нұрлы көш» бағдарламасы жүзеге асырылған аумақтарда оралмандарды жұмыспен қамту көзделген. Әрі әрбір ауылдың жанынан мектеп, бала бақша және акушерлік пункт салына бастаған. Мәселен Шығыс Қазақстан облысының Новоявленко ауылында 600 орындық мектеп, Батыс Қазақстан облысының Балаған ауылында 192 орындық мектеп пен 75 орындық бала бақшаның, 35 орындық акушерлік пункттің жобасы қолға алынған. Шымкентте тұрғызылған үйлермен қатар жылыжайлар салынған. Ол жылыжайлардан жылына 12000 доллардың табысын табу көзделген. Бір ескерте кететіні - бұл үйлер тегін берілмейді. Оралмандарға 15 жылға, «Тұрғын үй жинақ» банкіден 5, 5 пайыз үстемақымен несиеге беріледі. Олар айына 25-30 мың теңге төлеп тұруға мәжбүр. Бірақ олардың көңілін су сепкендей басқаны - біріншіден, жұмыспен қамту мәселесінің ойдағыдай болмағаны, екіншіден салынған үйлердің сапасыздығы. Мәселен Көкшетау қаласының жанындағы Красный Яр ауылының жанынан тұрғызылған 272 үйге «Нұрлы көш» ауылы деген ат беріліпті. Өйткені бұл үйлер Красный Яр ауылына ресми түрде өткізілмеген. Сол себепті де оларды қанатының астына алған ешкім жоқ. Ал үйлердің қақыраған аязға төтеп бермей, жарылып кеткендігі, 30-40 градус аязға сай салынбағандығы бұған дейін баспасөз беттерінде көп айтылды. Сол кездегі Ақмола облысының әкімі өзі бас болып барып, үйлерді жөндеуден өткізіп, оны салған «Сарыарқа» коммуналдық мекемесіне жөндеу жұмыстарын жүргізуді мәжбүрлегені мәлім. Дәл осындай проблема Шығыс Қазақстан облысындағы Новоявленко ауылы және Курчатов қалаларында да бой көтерді.
«Нұрлы көш» бағдарламасының басты мақсаты - адам аз қоныстанған солтүстік, шығыс және батыс облыстар мен шекара аймақтарды қамту болатын. Сол мақсатпен бұл жоба Павлодар және Қостанай облыстарында да қолға алынуы тиіс еді. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Павлодар облысындағы филиалының жетекшісі Болат Заут Павлодарда бұл бағдарламаның қолға алынбағанын айтса, Қостанай облысының басшылары «Нұрлы көш» бағдарламасымен салынуға тиісті үйлерден бас тартып, 551 миллион теңгені үкімет қоржынына қайтарған екен. Бұл жайында «Алаш айнасы» газетінде егжей тегжейлі жазылған. Қостанай облысының Тұрғын үй қатынастары жөніндегі агенттігі Қостанайда салынатын үйдің бір шаршы метрі 90 мың теңге, яғни 600 АҚШ долларына тең екендігін жаза отырып, «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша, салынуға тиісті үйлердің бір шаршы метрі 56515 теңгеге бағаланған, оны ешкім салуға дауаламай отыр: «Кәнекей, шаршы метрі 56 мың тұратын жөні түзу баспана салып көріңдерші. Бізде қазір 1 шаршы метрдің құны 120 мың теңгені құрайды, орта есеппен 90 мың дейік. Ал басқа бағаға біз үй тұрғыза алмаймыз», - дейді облыс әкімі Сергей Кулагин. Осыны тілге тиек еткен жергілікті
билік «Нұрлы көш» бағдарламасы аясында Қостанайға бөлінген қаржыны қазынаға қайтаруды жөн көріпті. Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Виктор Мейстер: «Нұрлы көштің» 551 миллион теңге қаржысын біз өз еркімізбен қайтардық. Инженерлік желілерді қалдырдық, себебі басқа жүйеге қайта қарастырып берді. Бірде-бір мердігер 90 мыңнан төмен бағаға үй салуға келіскен жоқ», - дейді. Осылайша, «ұлттық шоғырлану процесінің одан әрі дамуын, әлеуметтік тұрақтылық пен өзара келісімнің нығаюын, демографиялық ахуалдың жақсаруын қамтамасыз етуге» бағытталған «Нұрлы көштің» Қостанайдағы жыры жергілікті билік үшін оңай, ал атамекенге оралуды аңсаған қайран отандастар үшін өкінішпен аяқталды» деп жазады «Қостанайдағы «Нұрлы көш» көштен неге қалды?» («Алаш айнасы», 2010. 11. 04) атты мақалада Әсел Мизамқызы.
Демек, көздеген мақсаты игі, жақсы жобаның көш керуенді дұрыс бағытқа бағыттай алмағаны байқалады.
ГАЗЕТТЕР ОРАЛМАНДАРДЫ ОҢДЫРАР ЕМЕС
«Егемен Қазақстан» газетінде Сейфолла Шайынғазының «Өз елінде өзі қонақ болғысы келетін оралман ағайындардың ойлағандары не?» атты мақаласы жарық көрді. Дәл осындай сарындас мақалалар «Время» газетіндегі Данияр Әшімбаевтан бастап, «Айқын» газетінде жалғасын тапқан еді. Бұл Жаңаөзендегі әлеуметтік шиеленістерден кейін жүргізілген саясат. Елдегі осы саясат - оралманға қырын қарау, қазақ мәселесіне көз жұму, ішкі көші-қонды тыю болайын деп тұрғандай. 70 жыл Қызыл империяның қанды шеңгелінде қазақ мәселесін көтеруге мүмкіндік болмады. Ал өз қолымыз өз аузымызға жеткен бүгінгі таңда қазақ мәселесін көтергендерге тағы да жауыға бастадық. Бұның сыры неде? Сұрақ көп, жауап жоқ.
Көші-қонБасты бет Көші-қон «Нұрлы көш» бағдарламасы және Моңғолия қазақтары
2009-2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасы Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2007-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес президент Н. Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен әзірленген еді. Өз қандастарын елге шақырып қоныстандыруда басқаларға үлгі болған Германия және Израиль секілді елдердің көші-қон тәжірибесіне негізделген бұл бағдарламаның мақсаты - этникалық көшіп-келушілерді яғни шетелдегі қандастардың көшін, Қазақстан аумағында еңбек ету үшін келген Қазақстанның бұрынғы азаматтарын (атажұрттарына көшіп кеткен неміс, орыс, кәріс, шешен тағы басқалардың) елміздің қолайсыз аудандарында тұратын басым көпшілігі қазақтар болып келетін азаматтарды ұтымды қоныстандыру, жайлы жайғасуына жәрдемдесу еді [1] .
«Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша сырттан көшіп келушілерді негізінен Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс аймақтарына қоныстандыру жоспарланған болатын. Осы мақсатқа арнап үкімет қыруар қаржы бөлді. Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі дайындаған «Нұрлы көш» бағдарламасы 2009-2011 жылдары жүзеге асырылып, мемлекеттік және жергілікті бюджеттен бұл бағдарламаға 197 миллиард теңге қарастырылған. Үш жылда бұл бағдарлама бойынша, 60 мың отбасын, орта есеппен 300 мың адамды көшіріп алу жоспарланған болатын.
Алайда «Нұрлы көш» бағдарламасына жұмсалған қаржы жағдайын тексерген Қазақстан Республикасының Есеп комитеті 2009-2011 жылдардағы «Нұрлы көш» бағдарламасы тиімсіз іске асырылыпты деген қортындыға келді [2] . ҚР президентіне тікелей бағынатын жоғары қаржылық бақылау органы болып табылатын аталмыш комитеттің мәлімдеуінше, «Нұрлы көш» бағдарламасының шараларын іске асыру барысында тиісті мониторинг және ведомствоаралық өзара іс-қимыл жоспарланған 21 іс-шараның 9-ы ғана орындалып, 3-уі орындалмаған, ал 9 іс-шара сапасыз орындалған. 2009-2011 жылдары Бағдарлама шеңберінде 2567 этникалық қазақ отбасына тұрғын үй берілген. Бағдарлама шеңберінде жалпы құны 2, 6 млрд. теңгеден астам сомаға салынған 3223 пәтердің 622 пәтеріне ел қоныстанбаған. Ақмола облысындағы Красный Яр ауылында 138 екі пәтерлік тұрғын үй төменгі сапамен салынған. Бос тұрған құны 51, 6 млн. теңгелік 18 пәтер тұруға жарамсыз, жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Солтүстік Қазақстан облысында құны 42, 0 млн. теңгеден астам соманы құрайтын бір пәтерлік 10 тұрғын үйдің құрылысы аяқталмай қалған. Міне бұл республикалық бюджеттің қалай жұмсалғандығына бақылау жасайтын құзырлы мекеменің айтып отырғаны.
Жалпысы оу-бастан «Нұрлы көш» бағдарламасын кең түрде насихаттап жүргізу мәселесінде кемшіліктер көптеп орын алғаны белгілі жайт. Бұны 2009-2010 жылдары Моңғолияға және Қытайға жұмыс сапарымен барғанымда өз көзіммен көрдім. Ондағы ағайындардың «Нұрлы көш» бағдарламасы туралы есігендері болмаса нақты мүмкіндіктері жайында көбінің білмейтіні байқалды [3] . Соған қарамастан «Нұрлы көш» бағдарламасы шеңберінде 2009-2010 жылдары Моңғолиядан барлығы 1317 отбасы немесе 6271 адам Қазақстанға қоныс аударған. Олар Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары және Алматы қаласы мен Астана қалаларына көшіп келді.
2010 жылы «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша 150 ден астам отбасы барлық жан саны 750 дей адам Моңғолияның Баян-Өлгей және Қобда аймағынан Павлодар, Қарағанды, Ақмола облыстарына көшіп келді. Көбісі жол қаражатына керек ақшаны әреңдеп тауып келді. Алайда сол кісілерге «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша берілетін көмек ақшалары бір жылдан астам уақыт кешіктіріліп берілді. Олар бұрын көшіп келген ағайын туыстарын паналап бір қысты әреңдеп өткізген.
«Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша 2011 жылы Моңғолияның әр түкпірінен Қазақстанға қоныс аударсақ деген отбасылар саны көп болды. Жалпысы «Нұрлы көш» бағдарламасының жүйелі түрде іске асуына көп кедергілер туындады. Әсіресе, мынау Көкшетау облысының Қызылжар деген аулына және Шығыс Қазақстан обылысындағы Куршатов қаласына көшіп барған оралмандар өздерінің хал-жағдайлары және бағдарлама бойынша берілген үй-баспаналары жағдайына қатысты қыс бойы ақпарат құралдары арқылы реніштерін, сын пікірлерін білдірумен болды. «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша олардың жұмыс орыны, мектебі, ауруханасы, балабақшасы, адамға қажетті барлық инфрақұрылымдары әзір болуға тиісті болған. Олар салынып бітпеген. Жұмысы жоқ адамдар үкімет салып берген үй-баспанаға ай сайын төлейтін 25-30 мың теңге шамасындағы ақшаны қалай төлей алсын! Оған қоса аз уақыттың ішінде сапасыз салынған үйлер Қызылжар мен Куршатовтың суығына шыдамай, жарыла бастаған. Осындай қиындықтарды бастарынан кешкен оралмандар зар жылаумен болды.
«Нұрлы көш» бағдарламасының жүйелі түрде іске аспай жатуының басты бір себебі бұл көші-қон саласын жайлаған жемқорлық болып отыр. Мысалы, ҚР Бас прокуратурасының жариялаған мәліметіне назар аударсақ, Солтүстік Қазақстан облысында «Нұрлы көш» бағдарламасына бөлінген 137 миллион теңге әлдекімдердің жеке пайдасына жұмсалған. Маңғыстау облысында осындай 136 миллион теңге қолды болса, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан сияқты бірнеше облыстарда салынуы тиіс 700 үйдің қаржысы жалған ақпар жасау арқылы желге ұшқан. Ал Қазақстанға мүлдем келмеген немесе бұрын жәрдемақы алған оралмандарға жалған құжатпен заңсыз қаржы төлеу салдарынан 80 миллион теңге талан-таражға түскен. Жақында ғана Өскеменде белгісіз біреулер Монғолиядан көшіп келмеген 17 қазақ отбасының атынан «Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламасы бойынша квота алып, жалпы сомасы 24 млн теңгені жымқырғаны туралы хабарланды [4] .
Прокурорлардың айтуынша, белгісіз біреулер Моңғолиядағы қандастардың құжаттарын әкеліп, оларды квота алатындардың тізіміне қосқан. Ал оралмандарға тиесілі қаржы кімнің қалтасында кеткені әлі анықталған жоқ. Міне көші-қон саласын жайлаған осындай жемқорлық және бей-берекетсіздік шеттегі қандастардың ата-жұртқа жетіп, жайлы қоныстансақ деген үмітін шайып, жақсы тілектеріне үлкен тұсау болып отыр. Сондықтан көші-қон саласындағы жемқорлыққа карсы күресті күшейту арқылы жұмысты жандандыру оны жаңа деңгейге көтеруді заман бізден талап етуде.
Ал, Дүниежүзі қазақтарының IV құрылтайында Елбасы Н. Назарбаев «Нұрлы көш» бағдарламасының екінші кезеңін бастаймыз, бағдарламаны тоқтатпаймыз дегенді айтты [5] . Егер қазақтың санын 20 миллионға жеткізейік десек онда ұлы көштің бұйдасын кеңірек ағытып, «көш көлікті болсынды» басымырақ айту жөн болмақ.
Пайдаланылған әдебиеттер мен дерек көздер:
- «2009-2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасы» www. e. gov. kz/wsp
- www. esep. kz- 2012
- Баймолда Д. Моңғолия сапары //Алтын Бесік. №5. 2009.
- www. procuror. kz
2009 - 2011 жылдарға арналған "Нұрлы көш" бағдарламасын бекіту туралы5. Назарбаев Н. Қазақстан - дүниедегі әр қазақтың қастерлі құбыласы (Дүниежүзі қазақтарының 4 құрылтайында сөйлеген сөзі) . - Егемен Қазақстан. 26. 05 2011.
Досан Баймолда,
философия докторы - PhD,
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің кафедра меңгерушісі
// Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының құрылуының 20 жылдығына орай өткізілген республикалық ғыл. -практ. конф. материалдары (Павлодар қ. 8 маусым 2012 ж. ) = Вклад соотечественников в развитие казахстанского общества: Материалы республиканской науч. -практ. конф., посвященной 20-летию Всемирной Ассоциации казахов (г. Павлодар, 8 июня 2012 г. ) / Жауапты ред. Т. А. Мамашев. - Алматы: Атажұрт, 2012. - 96 б. қазақша, орысша; ДҚҚ-ның ағымдағы мұрағаты
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы N 1126 Қаулысы
- Мәтін
- Ресми жарияланым
- Ақпарат
- Өзгерістер тарихы
- Сілтемелер
- Екі тілде
- Көшіру
- Қағазға шығару
Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2009 - 2011 жылдарға арналған "Нұрлы көш" бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Бағдарламаның орындалуына жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ мүдделі ұйымдар:
1) Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) Бағдарламаны іске асырудың барысы туралы ақпаратты жылына екі рет, жарты жылдықтың қорытындылары бойынша 15 қаңтарға және 15 шілдеге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ұсынсын.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011. 06. 25 № 708 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Бағдарламаны іске асырудың барысы туралы жиынтық ақпаратты жыл сайын жылдың қорытындылары бойынша 30 қаңтарға Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011. 06. 25 № 708 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е. Т. Орынбаевқа жүктелсін.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010. 07. 03 N 703 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 2 желтоқсандағы
N 1126 қаулысымен
бекітілген
1. Бағдарламаның паспорты
2. Кіріспе
3. Қазақстан Республикасындағы көші-қон процестерінің қазіргі жай-күйін талдау
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асыру тетігі
5. 1. Бағдарламаға қатысушылар
5. 2. Бағдарламаға қатысушыларды қоныстандыру аймақтары
5. 3. Бағдарламаға қатысушыларды қоныстандыруды ынталандыру
5. 3. 1. Қоныстандыру
5. 3. 2. Әлеуметтік қолдау
5. 3. 3. Тұрғын үймен қамтамасыз ету
5. 4. Бағдарламаға қатысушыларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету
5. 5. Бағдарламаға қатысушыларды көшіруді және бейімдеуді ұйымдастыру
5. 5. 1. Ақпараттық-түсіндіру жұмысы
5. 5. 2. Қоныс аударуды және алғашқы бейімдеуді ұйымдастыру
5. 6. Бағдарламаның іске асырылуын басқару
5. 7. Бағдарламаны нормативтік құқықтық қамтамасыз ету
6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері
7. Күтілетін нәтижелер
8. 2009 - 2011 жылдарға арналған "Нұрлы көш" бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Ескерту. 1-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009. 04. 21 N 561, 2009. 12. 29 № 2218, 2010. 11. 28 N 1252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2011. 06. 25 № 708 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2011. 12. 03 N 1445 Қаулыларымен.
Бағдарламаның атауы
2009 - 2011 жылдарға арналған "Нұрлы көш"
бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама)
Әзірлеу үшін негіздеме
Бағдарлама Қазақстан Республикасы
Президентінің 2007 жылғы 28 тамыздағы N
399 Жарлығымен бекітілген Қазақстан
Республикасы көші-қон саясатының 2007 -
2015 жылдарға арналған тұжырымдамасына
қараңыз. U110088;
Қазақстан Республикасы Президентінің
2006 жылғы 28 тамыздағы N 167 Жарлығымен
бекітілген Қазақстан Республикасының
2015 жылға дейінгі аумақтық даму
стратегиясына және Қазақстан
Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10
шілдедегі N 1149 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Ауылдық
аумақтарын дамытудың 2004 - 2010
жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасына сәйкес әзірленді
Әзірлеуші
Қазақстан Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Мақсаты
Этникалық көшіп келушілерді; Қазақстан
Республикасының аумағында еңбек қызметін
жүзеге асыру үшін келген Қазақстанның
бұрынғы азаматтарын; еліміздің қолайсыз
аудандарында тұратын Қазақстан
азаматтарын ұтымды қоныстандыру және
олардың жайғасуына жәрдемдесу
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz