Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидаттары


Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің м. а. 2011 жылғы 11 тамыздағы № 213-ө және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м. а. 2011 жылғы 12 тамыздағы № 243 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 5 қыркүйекте № 7158 тіркелді

  • Мәтін
  • Ресми жарияланым
  • Ақпарат
  • Өзгерістер тарихы
  • Сілтемелер
  • Екі тілде
  • Көшіру
  • Қағазға шығару

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13 бабы 4-тармағына және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабы 38) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық заңнама және құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Д. К. Мұқанова) :
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен соң оны ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Табиғат пайдаланушылардың тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2010 жылғы 23 ақпандағы № 45-ө және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 25 ақпандағы № 103 бірлескен бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 15 наурызда № 6126 тіркелген, 2010 ж. 27 наурыз № 111-112 (25958) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторлары осы бұйрық талаптарын зерделеуді және орындауды ұйымдастырсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі М. А. Тұрмағамбетовке жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғаш рет ресми түрде жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау Экономикалық даму және сауда
министрінің м. а. министрінің м. а.

М. Тұрмағамбетов Д. Шәженова

Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау
министрінің м. а. 2011 жылғы
11 тамыздағы № 213-ө және
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және
сауда министрінің м. а.
2011 жылғы 12 тамыздағы
№ 243 бірлескен
бұйрығымен бекітілді

Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және
пайдалану саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел
дәрежесін бағалау өлшемдері

1. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі - Өлшемдер) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және оның аумақтық бөлімшелерімен табиғат пайдаланушыларды тексеруді жоспарлау үшін әзірленді және табиғат пайдаланушының тікелей қызметімен, салалық даму ерекшеліктерімен және осы дамуға әсер ететін факторлармен байланысты, табиғат пайдаланушыларды әртүрлі тәуекел дәрежесіне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы.
2. Осы өлшемдерде мынадай келесі ұғымдар қолданылады:
1) Экологиялық тәуекел - қоршаған ортаға зардаптың ауыртпалығы есебінен шаруашылық және өзге де қызмет нәтижесінде қоршаған орта және (немесе) табиғи объектілер жай-күйінің қолайсыз өзгерістерге ұшырау ықтималдығы;
2) табиғат пайдаланушы - табиғи ресурстарды пайдалануды және (немесе) қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.
3. Табиғат пайдаланушылардың өлшемі объективті және субъективті болып бөлінеді:
1) объективті - табиғат пайдаланушы қызметін жүзеге асыру кезінде мүмкін болатын тәуекел маңыздылығына негізделген;
2) Субъективті - табиғат пайдаланушымен белгіленген талаптардың бұзылуына жол берілуіне тәуелді анықталады.
4. Табиғат пайдаланушыларды тәуекелдердің әртүрлі дәрежелеріне бастапқы жатқызуы тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемі негізінде жүзеге асырылады.
Объективті өлшем Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес белгіленген табиғат пайдаланушының санаты болып табылады:
І-ІІ санаттар - тәуекел дәрежесі жоғары объектілер;
III санат - тәуекел дәрежесі орташа объектілер;
IV санат - тәуекел дәрежесі төмен объектілер.
5. Табиғат пайдаланушыларды тәуекелдердің әртүрлі дәрежелеріне кейінгі жатқызуы субъективті өлшемдер бойынша жүзеге асырылады. Бұл үшін табиғат пайдаланушыны тексеру қорытындылары бойынша өлшемдерге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес субъективті өлшемдер бойынша бағалау жүзеге асырылады.
6. Жүргізілген тексерулер нәтижелері бойынша, жиналған баллды ескере отырып, табиғат пайдаланушылар тиісті тәуекел тобына жатқызылады.
7. Тәуекел дәрежесін бағалау жалпы балы бойынша I-III санаттардағы табиғат пайдаланушылар 20 баллға дейін - тәуекел дәрежесі төмен топқа, 20-дан 50 баллға дейін - тәуекел дәрежесі орташа топқа, 50 және одан да көп балл - тәуекел дәрежесі жоғары топқа жатқызылады.
8. IV санаттағы табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаға 300 айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі - АЕК) жоғары залал келтірілсе не (немесе) экологиялық заңнаманың бұзылуына 5 және одан да көп жол берсе, тәуекел дәрежесі орташа топқа енгізіледі.
9. IV санаттағы табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаға 300 АЕК кем залал келтірілсе немесе экологиялық заңнаманың бұзылуына 5-тен аз жол берсе, тәуекел дәрежесі төмен топқа енгізіледі.
10. Бір топ ішіндегі табиғат пайдаланушыларды тексеруді жоспарлау ең көп рұқсат етілген эмиссия көлеміне сүйене отырып жүзеге асырылады. Рұқсат етілген эмиссия көлемі ретінде экологиялық рұқсаттармен белгіленген жылына/тонна өлшем бірлігіндегі шығарындының, төгіндінің, қалдықтың рұқсат етілген мөлшерлерінің сомасы қабылданады.
11. Тексеру жоспарына енгізу өндірістік циклдің мынадай ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырылады:
1) жыл бойы өндірістік қызметті жүзеге асыратын, бірақ жыл мезгіліне байланысты қоршаған ортаға барынша әсер ететін табиғат пайдаланушылар олардың барынша әсер ету кездерінде ғана тексеру жоспарына енгізіледі.
2) өндірістік қызметті белгіленген жыл маусымдарында жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылар олардың өндірістік қызметі кездерінде ғана тексеру жоспарына енгізіледі.

Қоршаған ортаны қорғау,
табиғи ресурстарды
молықтыру және пайдалану
саласындағы тәуекел
дәрежесін бағалау
өлшемдеріне 1-қосымша

І-III санаттағы табиғат пайдаланушылардың тәуекел дәрежесін
бағалаудың субъективті өлшемдері

Өлшемдер
балл
№: 1
Өлшемдер: Қаражатты игеру жөніндегі табиғат қорғау іс-шараларының жоспарларын орындау
балл: 50% дейін
20
№: 50-75%
Өлшемдер: 15
№: 75-99%
Өлшемдер: 5
№: 2
Өлшемдер: Зиянды заттардың шығарындылары мен төгінділерінің өндірістік экологиялық бақылауын жүргізу
балл: жыл сайын
20
№: тоқсан сайын
Өлшемдер: 15
№: ай сайын
Өлшемдер: 10
№: апта сайын
Өлшемдер: 5
№: күн сайын
Өлшемдер: 0
№: 3
Өлшемдер: Инспекциямен негізсіз деп танылған өтініштерді қоспағанда өтініш беруге себеп болған оқиға
балл: 1 оқиға үшін 10 балл
№: 4
Өлшемдер: Экологиялық заңнаманың бұзушылықтарына жол беру
балл: 1 бұзушылық үшін 5 балл
№: 5
Өлшемдер: Қоршаған ортаға залал келтіру
балл: залал құны 300 АЕК* жоғары
30
№: залал құны 300 АЕК* төмен
Өлшемдер: 15
№: 6
Өлшемдер: Қоршаған ортаға ластаушы заттардың шығарындылары мен төгінділерінің және өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру көлемдерін асыру
балл: 3 % жоғары
30
№: 3 % дейін
Өлшемдер: 15
№: 7
Өлшемдер: Экологиялық заңнаманың қайталанып бұзылуына жол беру
балл: соңғы 3 жылда 3 рет қайталанған бұзушылықтары
30
№: соңғы 3 жылда 2 рет қайталанған бұзушылықтары
Өлшемдер: 15
№: 8
Өлшемдер: Экологиялық рұқсаттың жоқ болуы немесе оның күшін жою
балл:
30

* АЕК - айлық есептік көрсеткіш.

Қоршаған ортаны қорғау,
табиғи ресурстарды молықтыру
және пайдалану саласында
жеке кәсіпкерлік саласындағы
тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемдеріне 2-қосымша

IV санаттағы табиғат пайдаланушылардың тәуекел дәрежесін
бағалаудың субъективті өлшемдері

Өлшемдер
Өлшемдер: Экологиялық заңнаманың қайталанған бұзушылықтарына жол беру
Қоршаған ортаға залал келтіру 300 АЕК* жоғары немесе 5 және одан көп бұзушылық жасаса
Өлшемдер: 5-тен аз бұзушылық жасаса немесе қоршаған ортаға залал келтіру 300 АЕК* төмен

* АЕК - айлық есептік көрсеткіш.

Қоршаған ортаны [өңдеу]

Уикипедия - ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мазмұны

[жасыру]

  • 1 Әлемдегі қоршаған табиғи орта жағдайының жалпы сипаттамасы
  • 2 Адамның салауатты және қолайлы қоршаған табиғи ортаға құқығы
  • 3 Экологиялық құқықтың негізгі қайнар көздері
  • 4 Дереккөздер
[өңдеу]

Адам әр кезде де табиғатпен тығыз байланыста өмір сүреді, оның байлықтарын пайдаланады және өз қызметі арқылы табиғатқа әсер етеді. Адамның табиғатқа әсері зиянды салдар тудыруы мүмкін. Мемлекет әрқашанда табиғи ортаны осындай зиянды әрекеттерден қорғау үшін белгілі бір құқықтық ережелер шығарады. Табиғи ортаны адамның зиянды әрекеттерінен қорғауға бағытталған нормалардың (ережелердің) жиынтығы экологиялық құқық деп аталады. Адамның табиғатқа зиянды әсерінің салдарынан XX ғасырдың ортасында әлемдегі экологиялық жағдай күрт төмендеп кетті. Экологиялық жағдайдың нашарлағаны соншалық, бүгінде ол әлемнің кейбір аймақтарында адамның тұрмыс тіршілігімен коса оның өмірі үшін де үлкен қатер тудырып отыр.

2002 жылы Йоханнесбургте (ОАР) тұрақты даму жөніндегі өткізілген Бүкіләлемдік самитте (кездесуде) бүгінгі күні биологиялық әртүрлілік жылдам қарқынмен қысқарып бара жатқандығы атап айтылды. Адамның әрекеті нәтижесінде теңіздердегі балық коры 75 пайызға дейін азайды, маржан рифтерінін 70 пайызы жойылу каупінде түр. Табиғат тозуда, сонымен бірге адамзат та тозып барады, қоршаған ортаның ластануы нәтижесінде халықтың денсаулығы да нашарлап келеді, ал мұның соңы адам тегінің бұзылуына әкеп соқтырады, тұқым қуалайтын аурулар, оның ішінде, ең алдымен, психикалық және туа біткен аурулар санының өсуіне, маскүнемдік, нашақорлық, СПИД, ақ қан ауыруы, қатерлі ісік, жұқпалы және вирусты аурулар таралуына әкелуде. Бүгінгі таңда барлық мемлекеттер зиян шеккен экологиялық ахуалды қалпына келтіру жөнінде іс-шаралар қолдануда. Алайда қоршаған ортаға төнген қатердің қауіптілік дәрежесінің жоғарылығы соншалық, бүгінде ол тек мемлекеттің ішкі шаралары ғана емес, сонымен бірге мемлекетаралық шараларды да қолдануды талап етіп отыр. 1992 жылы маусымда Рио-де-Жанейро қаласында өткен қоршаған орта және оны дамыту жөніндегі БҰҰ-ның конференциясында осы мәселе бойынша Декларация қабылданды. Аталған декларацияға біздің еліміз де қосылды.

Қазіргі кезде халықтын 20 пайызы аллергия ауыруына шалдығуда, күн сайын Жер шарында 25 мын адам лас суды пайдалану нәтижесінде қайтыс болуда, өндірістік қалалардағы халықтың 35 пайызы қоршаған ортаның ластануы нәтижесінде жүйелі түрде әр түрлі аурулармен ауырады. Күн сайын адамның тиімсіз жұмысынын салдарынан 44 гектар жер шөлге айналады, күн сайын жануарлар мен өсімдіктердін бір түрі жойылып отырады; күн сайын 40 мыннан астам бала аштықтан өлуде. Оттек қоры 10 млрд т азайған, 200 млн гектарға жуық суармалы жер пайдаға аспай қалды. Пайдалы қазбалардың - мұнайдың, табиғи газдың, көмір және тағы басқалардың жоғалуы байқалып отыр, Жер ғаламының әрбір бесінші тұрғыны таза су ішпейді.

Белгілі америкалық эколог-ғалым Б. Коммонер экологияның негізгі заңдарын былай түсіндіреді:

  • 1) барлығы барлығымен байланысты;
  • 2) барлығы әйтеуір бір жаққа кетуі керек;
  • 3) табиғат ненің жақсы екенін "біледі";
  • 4) еш нәрсе тегін берілмейді.

Бұл дегеніміз, біздің әрбір қызметіміз қоршаған ортаға қалай да болса әсер етеді дегенді білдіреді. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі шартттары Мемлекет өз органдарына қоршаған ортаны қорғау бойынша экономикалық, техникалық, ұйымдық және құқықтық шараларды жүзеге асыруды міндеттейді. Бұл шаралардың барлығы заңдар мен басқа да құқықтық актілердің ережелеріне негізделуі қажет. Өз кезегінде барлық заңдар құқықтық қағидаларға негізделуі керек.

Құқықтың қағидалары - Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілген негізгі бастамалар, басшы идеялар мен құқық ережелері. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидаттарын қарастырайық:

  • қолайлы қоршаған ортаға және тұрақты дамуға адам құқығының басымдылығы қағидаты. Адамдардың табиғатпен үйлесімділікте, салауатты және жемісті өмір сүруге құқығы бар;
  • мемлекеттің табиғи ресурстарды пайдалануға егемендік кағидаты. Мемлекет қоршаған ортаны қорғау саласында тиімді заңдық актілер қабылдайды;
  • әрбір адамның қоршаған ортаны қорғау ісіне қатысу қағидаты. Табиғаттың жағдайы әрбір адамға байланысты болады, біз табиғат үшін жауаптымыз және болашақ ұрпақ үшін табиғат байлығын сақтауға бар күшімізді жұмсауға тиістіміз;
  • қоршаған ортаны қорғаудағы жауаптылық қағидаты. Ол жер бетінің барлық бөліктеріне: құрлыққа не теңізге қатысты қолданылады. Табиғаттың сұлу өңірлері ерекше қорғалуы тиіс. Қазақстанда алғашқы табиғи күйінде сақталған және ерекше бақылауға алынған түрлі қорықтар мен қорықшалар бар.
  • табиғи ортаны пайдаланудағы басымдылық кағидаты. Табиғат байлықтарын ысырап қылмай, ұқыпты пайдалану керек. Қазақстанда мемлекеттің ерекше қорғауға алынған өсімдіктер мен жануарлар жазылатын Қызыл Кітап бар. Мысалы, сексеуіл - шөлде өсетін өсімдік, ол жойылып кету үстінде тұр, сондықтан да оны кесуге және пайдалануға тыйым салынған;
  • кедейлік пен қайыршылықты жою кағидаты. Демократиялық мемлекеттер өзінің алдына кедейшіліктің деңгейін төмендете отырып, ақыр аяғында кедейшілікті жоюды мақсат етіп қояды. Ол үшін мемлекет әр түрлі шаралар қолданады - жұмыссыздықпен күресу, әлеуметтік зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, арзан тұрғын үйлер салу, әр түрлі әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы халықтың әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалған топтарына қолдау жасау және т. б;
  • қоршаған ортаны ластаудың және табиғатқа өзге де зиянды әсер етудің алдын алу қағидаты;
  • коршаған ортаны қорғау саласындағы тығыз халықаралық ынтымақтастық кағидаты;
  • қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша халықтың хабардар болу кағидаты. Әрбір адам экологиялық сауатсыздық тек оның жеке басына ғана емес, сондай-ақ барлық тұрғындарға да зардабын тигізетінін білуі керек. Мысалы, орманда от жағуға, тұрғын жайларға жақын жерлерде полиэтилен материалдарын өртеуге болмайды, улы заттарға ұқыпты болу керек және т. б.
[өңдеу]

Қазақстан Республикасы Конституциясының 31-бабында былай делінген: " Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына колайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін деректер мен жағдаяттарды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады". Осының нәтижесінде республика азаматтарының өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған табиғи ортаны қорғау мемлекеттің міндеті ретінде бекітілген. Сонымен бірге республиканың әрбір азаматына табиғатты сақтау мен оның байлықтарына ұқыптылықпен карау міндет болып табылады. Адамның қолайлы қоршаған ортаға құқығы әр түрлі заңдарда бекітілген. Бүгінгі күні адамның қолайлы қоршаған табиғи ортаға құқығы мынадай мәселелерді қамтиды:

  • халықаралық және ұлттық стандарттарға сай келетін салауатты қоршаған табиғи ортада өмір сүрудің шынайы мүмкіндіктері;
  • экологиялық қауіпсіздікке байланысты шешімді дайындауға, талқылауға және қабылдауға қатысу, қоршаған табиғи ортаның жай-күйі туралы тиісті ақпараттар алу;
  • қоршаған ортаның ластануы нәтижесінен адам денсаулығына келтірілген зиянды мемлекеттің өтеуі құқығы.

Осы орайда адам құқықтарының оның міндеттерінен бөлінбейтіндігін атап кеткен жөн. Бұл дегеніміз: адам қолайлы қоршаған табиғи ортаға деген құқыққа ие бола отырып, оның сақталуы үшін қажетті, тиісті нәрсенің бәрін жасауға міндетті дегенді білдіреді.

[өңдеу]

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) атынан Әлемдік қауымдастық қоршаған ортаға және болашақ ұрпаққа зиян келтірмейтіндей қазіргі адамның өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін Тұрақты (орнықты) даму тұжырымдамасын әзірледі. Бұл тұжырымдама - қоғам мен табиғаттың өзара әрекетін көрсететін қазіргі заманға сай, неғұрлым кең тараған және қолдау тапқан тұжырымдамалардың бірі. БҰҰ Бас хатшысының бастамасымен 1984 жылы қоршаған ортаны қорғау және дамыту жөніндегі Халықаралық комиссия құрылды.

  • 1996 жылы Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы қабылданды. Бұл құжатта экологиялық қауіпсіздік"қоршаған ортаға шамадан тыс антропогендік әсер ету салдарынан, сондай-ақ дүлей апаттардың, өнеркәсіптік кездейсоқ оқиғалар мен күйреулердің зардаптарынан жеке адамдардың, қоғам мен мемлекеттің қорғалу дәрежесі"ретінде қарастырылады.
  • 1997 жылы 15 шілдеде қабылданған:"Қоршаған ортаны қорғау туралы"ҚР Заңы табиғатты қорғау саласындағы басты заң болып табылады. Бұл заң қазіргі және болашақ ұрпақтың мүддесі үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін анықтайды, сонымен қатар ол экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, адамның шаруашылық және өзге қызметінің табиғи экологиялық жүйеге зиянды әсерінің алдын алуға, биологиялық әртүрлілікті сақтау мен табиғатты тиімді пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған.
  • 1997 жылы 15 шілдеде "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралыҚазақстан Республикасынын Заңы қабылданды. Қазақстанда қорықтар мен қорықшалардысақтау бұл заңды қабылдаудың мақсаты болып табылды. Осы заңға сәйкес ерекше қорғалатын аумақтардың мынадай түрлері белгіленді: мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, мемлекеттік табиғат ескерткіштері, мемлекеттік қорықтық аймақтар, мемлекеттік табиғи қорықшалары және т. б.
  • 1997 жылы 18 наурызда "Экологиялық сараптама туралы" ҚР Заңы қабылданды. Бүгінгі күнде экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болмайынша қандай да бір шаруашылық қызметті жүзеге асыруға рұқсат етілмейді.
  • 1993 жылы 21 қазанда қабылданған "Жануарлар әлемін қорғау, өсіру және пайдалану туралы" ҚР Заңының маңызы зор. Жануарлар әлемі мемлекеттің меншігіне жатады. Елді мекендердің құрылыстарын салғанда, өсімдіктерді қорғау үшін химиялық дәрілерді қолданған кезде, өндірістік процесстерді жүзеге асырған кезде, табиғат апаттары кезінде, жабайы андардың қоныс аудару және олардың тіршілік ету ортасын өзгерту кезінде осы заң бойынша белгілі бір талаптар қойылады. Мұның бәрі орындалуы керек. Аң, балық аулау үшін арнайы тәртіппен пайдалану квотасы мен шектері белгіленеді.

Қазақстанда табиғатты қорғау қызметін реттейтін арнайы кодекстер бар. Олар: 2003 жылы 20 маусымда қабылданған "Жер кодексі", 2003 жылы 9 шілдеде қабылданған "Су кодексі; 2003 жылы 8 шілдеде қабылданған "Орман кодексі",

  • 2002 жылы 11 наурызда "Атмосфералық ауаны қорғау туралы" ҚР Заңы қабылданды. Бұл заң әрбір қазақстандыққа қоршаған ортаны ластағаны үшін кәсіпорынды сотқа беруге мүмкіндік береді.

Республиканың атмосфералық ауасына жыл сайын үш жарым мың тоннадан астам зиянды заттар шығарылады. Қазақстан 1992 жылғы Рио-де-Жанейро Декларациясында 6-қағидасымен бөліп көрсетілген экологиясы неғұрлым нашарлаған елдердің қатарына жатқызылған.

Сонымен, қоршаған ортаны корғау мен адамның өмір сүруі үшін қолайлы жағдай туғызу - демократиялық мемлекеттің басты мақсаты болып табылады. Осыған байланысты мемлекет өз органдарын кешенді экономикалық, техникалық, ұйымдастырушылық және құқықтық шараларды жүзеге асыруға міндеттейді. Әрбір адамның салауатты қоршаған ортаға құқығы бар, сонымен бірге әрбір адам табиғатты аялауы керек, қоршаған ортаны ластамауы қажет. 1992 жылы БҰҰ-ның қоршаған орта және оны дамыту жөнінде Рио-де-Жанейро Декларациясы қабылданды. Қазақстан осы декларацияға қосылды. Қазақстанда қоршаған ортаны қорғауға байланысты бірнеше заң актілері қабылданды, олардың мақсаты - еліміздің табиғат байлықтарын болашак ұрпақ үшін сақтау болып табылады. [1]

Қоршаған ортаны [өңдеу]

Уикипедия - ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Қоршаған ортаны [өңдеу]

Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуге БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы) үлкен үлес қосып отыр. Табиғатты қорғау қызметіне БҰҰ-ның барлық басты органдары мен мамандандырылған мекемелері: Бас Ассамблея, Экономикалық және әлеуметтік кеңес (ЭКОСОС), Аймақтық экономикалық комиссиялар (мысалы, Еуропалық экономикалық комиссия), Халықаралық еңбек ұйымы (MOT), Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО), Халықаралық реконструкция және даму банкі (МБРР), Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ), Халықаралық теңіз ұйымы (ИМО), Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ВМО) және т. б. қатысады.

Негізгі бақылауды БҰҰ шеңберіндегі қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі жаңа үкіметаралық орган - Қоршаған орта жөніндегі БҰҰ бағдарламасы, (ЮНЕП) жүзеге асырады. ЮНЕП - БҰҰ-ның негізгі көмекші органы болып табылады. 1975 жылы өзінің қызметінің алғашкы кезінде ЮНЕП қоршаған ортаға байланысты мынадай бірінші кезектегі алты міндетті айқындады: елді мекендер және денсаулық сақтау; құрлықтың экологиялық жүйелері; қалалардың қоршаған ортасы; мұхиттар; қуат; дүлей апаттар.

ЮНЕП үш деңгейде жұмыс істейді:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН ТАҚЫРЬІБЫ
Халықаралық экологиялық құқық
Қоршаған ортаны құқықтық қорғау»
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ұйымдар
БҰҰ - ңың қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламасы Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнамасы
Табиғат пайдалану құқығы
Батыс Қазақстан облысы жерлерінің жағдайы және жер ресурстарын пайдалану
Экологиялық мәселелер
Организмдер сапа көрсеткіштері ретінде
Экология құқығы пәнінің дәрістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz