Оффшормен күрес


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Дағдарысты еңсерудің бір жолы - оффшормен күрес Заң осал болса, қоғамдағы мәселе- лердің асқынып, тіпті саясиланып кететіні бар. Шетелдік инвесторларды құшақ жая қарсы алатын әдетімізбен оффшорлық компаниялардың қитұрқы әрекеттеріне жол беріп алғанымызға мән бермей қалыппыз. Ішіміздегі кейбір алаяқтардың айдаладағы аралдарда оффшорлық компанияны тіркеу арқылы елден мил- лиардтаған ақшаны жымқырғанына да көз жұма қарадық. Қаржы дағдарысы қысқалы бері ел қазынасына қол салған оффшорлық компаниялардың құрық бойламас қулығына тосқауыл қоймаққа тырысып жатырмыз. Жақында «Нұр Отан» партиясының жемқорлықпен кү- рес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің 9-шы отырысында «Бас редак- торлар клубы» бірлестігінің президенті Мірболат Күнбаев Қазақстанда партияның оффшорлық компанияларға мораторий енгізуді ұсынып отырғанын айтып еді. Расында, оффшорлық қитұрқылықтар - Қазақстанның ғана емес, әлем елдерінің ұрымтал тұсы. Әлемдегі көп елде офф- шорлық компанияларға жеңілдетілген салық жүйесі қарастырылғанымен, ақ- шаның елден тысқары кетуі бас қатыр- ған мәселеге айналды. Оффшор айна- Оффшорлық компаниялардан не опа таптық? Ел қазынасын сүліктей сорып, шетел асырған оффшорлық компаниялар жайындағы БАҚ-тың жанайқайын ешкім құлағына қыстырмай келеді. Қоғамды жайлаған жемқорлыққа тосқауыл қоямыз десек, алдымен тасадағы оффшорлық компаниялардың қитұрқы әрекетін сап тыю керек. Ендеше, елге опа бермеген оффшорлық компанияларға қайтіп тосқауыл қоямыз? Құбаш Сағидоллаұлы ласындағы алаяқтық қолданыстағы заңдарды он орап әкетеді. Аз-кем тү- сіндіре кетсек, оффшорлық компания өзі тіркелген мемлекетте шаруашылық жұмыстармен айналыспайды және ре- зидентті емес заңды немесе жеке тұлға болып табылады. Оффшорлық зона ел- дерінде салық мөлшері өте төмен немесе мүлде болмайды. Жылына бір мәрте төлемақы төленеді. Олигархтар мен сая- саткерлер арасында оффшорлық ком- пания ашу сәнге айналды. Оффшорлық компания несімен тиімді? Біріншіден, салық төлемейсіз немесе өте аз төлейсіз. Екіншіден, оффшорлық компания иесі - не меншігін сақтауға кепілдік бар және оны тіркеу тәртібі барынша қарапайым. Үшіншіден, оффшорлық зонада офф- шорлық компаниялардан бухгалтерлік есеп беру талап етілмейді. Төртіншіден, оффшорлық компанияның қожайыны туралы мәліметтер құпия сақталады. Оффшорлық компаниялар әлемнің кез келген банкінен қандай көлемде ақша салам десе де құқылы, оның иелері қос азаматтыққа қол жеткізе алады. Оффшорлық компаниялар PLC, LLC, Ltd, GmbH, IBC белгілерімен танымал. Оффшорлық компания тіркеудің құны өте арзан. Мысалы, Кипрде - 2500 долларға, ал Британ Виргин аралдарында 1000 долларға оффшорлық компанияңызды тіркей аласыз. Әлемдегі 1, 5-3 миллион оффшорлық компаниялар мемлекетке емес, жеке адамдарға пайда әкеледі. Оффшорлық зона айналымындағы капи- тал көлемі 500 миллиард доллардан асады екен, ал оның қызметіне 2 мил- лиондай салымшы қатысады. Тек Британ Виргин аралының өзінде ғана 800 мың компания тіркелген. Әлемдегі мыңдаған оффшорлық зоналарды талап-деңгейіне қарай үш топқа бөлуге болады. Бірінші топқа салық төлеуді, есеп беруді талап етпейтін, «әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ» нағыз оффшорлық зона елдеріне Багам аралдары, Британдық Виргин аралдары, Белиз, Панама, Вануату, Сейшель аралдары, Кайман аралдары жатады. Ал екінші топтағы Ирландия, Гибралтар, Мэн аралдары кіретін офф- шорлық зонада Үкімет тарапынан қатаң қадағаланады және салық төлеу талап етіледі. Үшінші топтың талабы одан қа- талдау. Бұл оффшорлық зона елдері қа- тарында Ресей (Калининград облысы), Люксембург, Швейцария, Кипрды атауға болады. Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин мамыр айының аяқ шенінде қаржы дағдарысына бай- ланысты оффшорлық бизнеске қатысты мемлекет тарапынан қатаң шара қолда- нылатынын айтқан болатын. «Америкалық Швейцария» атанған Коста-Рика LTD оффшоры. Компанияны тіркеу құны - 2900 доллар, жылдық төлемақы - 1800 доллар. Маршал аралдарындағы IBC оффшоры. Компания құны - 1750 доллар. Жылдық төлемақы: 1350 доллар. Британдық Виргин аралда- рындағы оффшор. Компания құны - 2100 доллар. Жылдық төлемақы - 1900 доллар. Оффшорлық елдер тізімі: «Оффшор» - ағылшын тілінен аударғанда «жағалаудан тыс», «ше- карадан тыс» деген мағынаны береді. «Оффшор» сөзі алғаш рет АҚШ- тағы БАҚ-та Үкіметтің бақылауынан географиялық жырақта орналасқан қаржылық ұйымның әрекетіне бай- ланысты қолданылды. Еркін сурет- шілер өзі тұрған мекеннен тыс ар- найы тапсырыстарды орындап отырған. Үндістаннан Венецияға бағалы әшекей бұйымдарды жет- кізетін ежелгі көпестердің тірлігі - оффшорлық кәсіп. алаш-анықтама Есігімізді қағып кіретін инвес- торлардың арасында тонын теріс айналдырып киген оффшорлық компаниялардың тірлігіне заң жү- зінде тосқауыл қою керек. Дағда- рысты еңсереміз десек, жемқор- лықтың күретамырына айналған оффшорлық бизнеске тыйым сал- ған жөн. Ой-тұ жыры м Қазақстан оффшорлық зонаның 63 елін қара тізімге енгізді. Олардың арасын- да Андорра, Доминикан Республикасы, Виргин аралдары және Бермуд аралдары бар. Ұлттық банктің статистикасы бойын- ша Қазақстанның экспортын сатып алу- шы ірі елдердің ішінде Ресейден кейінгі орындарды оффшорлық компаниялар - дың «отаны» Бермуд және Виргин аралда- ры иеленеді екен. Бұл әлгі ұшақтар жоғала- тын Бермуд аралдарында миллиардтаған қаржымыз құрдымға кетіп жатыр деген сөз. Статистикаға сүйенсек, Қазақстандағы бүкіл бір жылдық экспорттың 12-15 пайы- зы, яғни 3, 5 миллиард доллары офф- шорға кетеді. Дағдарысқа қарсы әбжіл қимылдаймыз десек, оффшорға қарсы тегеурінді саясат керек. Кездесу барысында тараптар Ауған- стандағы жағдайды және ондағы саяси жүйе мен экономиканы тұрақтандыру мә- селесін сөз етті. Кездесуден шыққан Яап Хооп Схеффер мырза біздің министрді Қазақстанның алдағы жылы ЕҚЫҰ-ға тө- р

Қазақстандықтар қаржыны өз елінде сақтауы тиіс!

Жақында елбасымыз баса айтқандай, барлық қазақстандықтарға ақша қорын Қазақстанда ұстауға шақырды. Кипр жағдайы көрсеткендей, оффшорда ұстау тәуекелге бел буғанмен теңдей! Әлемдік экономикада небір үрдістер болуы мүмкін. Шетелде ақшаң жоғалмайтынына 100% кепіл беру қиын.

Оффшорлық аймақтар - қаржы операцияларын жүргізу үшін қолайлы аумақтар. 60-шы жылдары құрылған алғашқы о. а. дүниежүзілік экономикалық қоғам- дастықта маңызды орын алды. Оффшорлық аимақтардың саны ұдайы көбейе түсуде. Оффшорлық аимақтар қызметінің негізгі өңірлері - Кариб айдыны (Виргини аралдары, Панама, Багам аралдары, Кайман аралдары, Белиз, Барбадос, Антигуа, Бермуд) және Батыс Еуропа (Кипр, Люксембург, Мальта, Ирландия, Гибралтар, Нормандия аралдарының құрамындағы Джерси, Гернси аралдары) . [1]

: Алыстағы оффшор - ел қазынасына сор…

Павлодар мұнай-химия зауыты биылғы жылдың бірінші тоқсанында мемлекет қазынасына 700 миллион теңгеден астам салық төлемепті.

Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі облыстық прокуратураның хабарына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Павлодар мұнай өңдеу алпауыты акциясының бір бөлігі «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясына тиесілі екені де белгілі. Салық төлемеген зауыттың жанар-жағармай бекеттеріндегі саудасы да удай. Бензин бағасы 100 теңге! Сондықтан, «70 миллион тоннадан астам мұнай өндіре отырып, не себепті өзімізге дым қалдырмай, шетелге сатамыз?» - деп ойланамыз. Мұнайдың аз ғана бөлігін өңдейміз, ал мұнай-химия саласы кенже.

Сондай-ақ, Қазақстанның шетелге бидай, түсті және қара металл сататынын да ұмытпалық. Шикізат сатудан түсетін пайда жыл сайын ондаған миллиард доллардан асады. Саралай қарағанда, «саудадан түсетін қаржы бізге түгел жетіп, қарапайым тұрғындардың қажеттіліктеріне жаратыла ма?» - деген заңды сауал туады. Сөйтсек, шикізатымыздың біраз бөлігі оффшор компаниялар арқылы сатылатын көрінеді.

Оффшор дегеніміз не?

“Оффшорлық”, “оффшор” деген термин ағылшын тілінде “off-shore”, яғни «жағалаудан тыс» деген мағына береді. Экономикалық әдебиеттерде бұл терминге «коммерциялық қызметті арнайы экономикалық аймақ» деген түсінік береді. Оффшор дегеніміз - кез келген шетелдік салық төлеудің жеңілдетілген түрі бойынша фирма ашуға қолайлы мемлекет немесе бір мемлекеттің белгілі бір аумағы. Ондай аймақта тіркелген фирманы оффшорлық компания немесе оффшор деп атайды.

Мысалы, Ресейді алалық. Соңғы уақытта бұл мемлекет шикізатты оффшор арқылы сатуды азайта бастады. Себебі, шикізат клиентке тікелей сатылмайды. Алдымен, оффшорлық компанияға нарықтық бағадан төмен сатады. Ал оффшорлық компания болса, әлемдік тұтынушыларға нарықтық бағамен өткізеді. Бағадағы айырма құн оффшордың төс қалтасында қалады. Оффшорлық компанияның иесін анықтау мүмкін емес. Қарапайым делдалдықтың арқасында жасырын тұлғаның қанша табыс тапқаны белгісіз күйде қалады.

Осыдан біраз жыл бұрынғы Қаржы министрі Зейнолла Кәкімжанов алпауыттардың мұнайды трансферттік бағамен сататынын айтқан болатын. Оның мәнісі мынадай: шикізат өндіруші компания өнімді өзінің еншілес кәсіпорнына арзан бағамен сатады. Мысалы, «А»-ны алпауыт компания деп алсақ, «Е»-ні еншілес компания деп белгілейік. Ал әлемдік нарықта мұнайдың бағасы шамамен 100 доллар деп алайық. «А» өндірген өнімін «Е»-ге 50 доллардан сатып, біздің мемлекетке осы баға бойынша ғана салық төлейді. Халықаралық заң талаптары мұндай қитұрқылыққа рұқсат берген. Ал «Е» болса, өз кезегінде әлгі өнімді әлемдік нарыққа 100 доллардан сатып, түскен пайдадан ешкімге салық төлемейді.

Оффшордың Отаны

Ең қызығы, кез келген қазақстандық өзінің атына оффшор тіркей алмайды. Әдетте, оффшорлық аймақтар арқылы жұмыс істейтін фирмалар қаржы полициясы мен тәртіп сақшыларының назарына тез түседі. Олар үшін оффшорлық компания - салықтан жалтарып, капиталды шетелге асырудың бір жолы. Бірақ оффшорлық компанияның тағы бір ұтымды жағы бар: мұндай жерде тіркелген кез келген активке рейдерлік шабуыл жасалмайды. Себебі, бұл активтер халықаралық соттың қорғауында болады. Еліміздің қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігі қазақстандық компаниялардың жұмыс істейтін төмендегі оффшорлық аймақтарды жіті қадағалап отырады: Андорра княздігі; Антигуа және Барбуда; Багам аралдары Достастығы; Барбадос; Белиз; Бруней Даруссалам; Вануату республикасы; Гватемала республикасы; Гренада; Жибути республикасы; Доминикан республикасы; Индонезия республикасы; Испания (Канар аралдарында ғана) ; Кипр республикасы; Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) ) ; Комор аралдары; Коста-Рика республикасы; Малайзия (Лабуан анклавы) ; Либерия республикасы; Лихтенштейн княздігі; Маврикий республикасы; Португалия (Мадейра аралдары) ; Мальдив республикасы; Мальта республикасы; Маршалл аралдары республикасы; Монако княздігі; Мьянма Одағы; Науру республикасы; Нидерландтар (Аруба аралы мен Антиль аралдары) ; Нигерия Федеративті Республикасы; Жаңа Зеландия (Кука және Ниуэ аралдары) ; Палау республикасы; Панама республикасы; Самоа тәуелсіз мемлекеті; Сейшель аралдары республикасы; Сент-Винсент және Гренадина республикасы; Сент-Китс және Невис федерациясы; Сент-Люсия мемлекеті; Ұлыбритания (тек келесі аумақта ғана) : а) Ангилья аралдары; б) Бермуд аралдары; в) Британдық Виргин аралдары; г) Гибралтар; д) Кайман аралдары; е) Монтсеррат аралы; ж) Теркс және Кайкос аралдары; з) Мэн аралы; и) Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары) ; Америка Құрама Штаттары (тек америкалық Виргин аралдары, Гуам аралдары және Пуэрто-Рико Достастығы аумағында) ; Тонга корольдігі; Филиппиндер республикасы; Шри-Ланка Демократиялық республикасы.

Айланың іске асуы

Оффшорлық аймақтардан басқа, шетелдерде жұмыс істейтін компаниялар үшін салықтың жеңілдетілген түрінен «құтқаратын» мемлекеттер де бар. Мысалы, фирманы Амстердамда немесе Лондонда тіркеп алып, ерекше тәртіп бойынша басқа мемлекеттерде жұмыс істей беруге болады. Ол кезде пайдаға салынатын салықтың мөлшері 1-5 пайыз ғана. Швейцарияда да осылар секілді, онда Цуг кантонында (облыс, аймақ) ең төменгі салық төленеді. Қазақстанда оффшорлық компанияны тіркететін заңгерлер жоқ десек те, болады. Енді біз осынау қым-қуыт есептік сызбаның мән-жайына үңіліп көрейік. Әдетте, қазақстандық ірі компания немесе жеке тұлға оффшорлық фирманы оффшорлық аймақтағы азаматтың атына тіркейді. Ал қазақстандық жақ мөр мен фирманың құжаттарды қолға алады. Оффшорлық компания банктен есепшот ашады, ал қазақстандық корпоративті және жеке шығындарына жұмсалатын карточканы алады. Сөйтіп, жерлесіміз барлық келісімдерді оффшорлық компания атынан жүзеге асыра береді. Құжат бойынша оффшорлық компанияның иесі шетелдік азамат. Бірақ заң бойынша мүлік пен қаржыны толығымен фирманы ашқан адам ғана игереді. Сондықтан, оффшор активтерді рейдерліктен сақтандыруға, нағыз атын бүркемелеу үшін және салықтың барлық түрін төлеуден жалтару үшін қажет.

Алпауыттар туралы «аңыз»

Оффшорлық және жеңілдікке ие фирмалардың қызметіне негізінен мұнай және металл шикізатын сатушылар жиі жүгінеді. Сондықтан, біздің шикізат өндіруші компаниялар елімізге өте аз мөлшерде салық төлейді. Егер біз Қазақстандағы кез келген шикізат немесе ірі активтер туралы келісімдерін алып қарасақ, олардың дені оффшорларда жүзеге асқан. Яғни салықтан жалтарған немесе меншік иесін жасырған. Мәселен, мұнай саласындағы ең ірі активтердің бірі - «Маңғыстаумұнайгазды» алайық. Ол да оффшорлық аймақта сатылып, оффшорлық компанияға тиесілі. Естеріңізде болса, 1997 жылы «Маңғыстаумұнайгазды» индонезиялық белгісіз «Central Asia Petroleum Ltd» компаниясы сатып алған болатын. Айтпақшы, Индонезияның өзі оффшорлық аймаққа жатады. 2009 жылдың басында «Маңғыстаумұнайгазды» «Mangistau Investments B. V. » - «ҚазМұнайГаз» бірлескен кәсіпорны мен қытайдың CNPC сатып алған. Немесе Павлодардағы мұнай-химия зауытының қомақты үлесі «Refinery Company RT» ЖШС-не тиесілі. Ал бұл компания Амстердамда тіркелген «KazMunaiGaz N. V. » фирмасына 100 пайыз тиесілі. Сонда, қазақстандық компаниялар не себепті қазақстандық активтерді сатып алу үшін шетелдерде оффшор ашуға мәжбүр? Кімнен ұялады? Таңғаларлық жағдай: еліміздің заңдары да оффшор арқылы жұмыс істеуге тыйым салмайды. Сонда ұлттық компания деп ұлықтаған «Қазмұнайгаз» компаниясы расымен-ақ, халықтан бірдеңе жасырып немесе салықтан жалтарып отыр ма? Сұрақтан сұрақ туады. Еліміз мұнайды қалай сатып жатыр? Бүкіл түсім халықтың игілігіне жұмсалу үшін, тікелей нарыққа сата ма, әлде оффшор арқылы «сора» ма? Енді «Қазмұнайгаздың» ресми сайтына үңілік көрелік: www. kmg. kz/corporate_management/affiliated. Мұнда «Қазмұнайгаздың» оффшорлық аймақтарда құрған еншілес отызға жуық компаниясының тізімі бар. Олардың арасында Кайман аралдарында тіркелген КННК ИНТЕРНЕШНЛ ЛТД, Мэн аралындағы KazMortransflot LTD классикалық оффшоры және Швейцария, Ұлыбритания және басқа елдерде тіркелген төрт компания «Қазмұнайгаз» Сауда үйі бар.

Начало формы

Оффшор - ағылшын тілінен аударғанда «жағалаудан қашық» деген мағынаны білдіреді. Әлемдік қаржы орталықтары, сондай-ақ банк операцияларының кейбір түрлері үшін қолданылатын термин. Оффшорлық бизнестің қаржы орталықтары шетел капиталын салық жеңілдіктері мен басқа да жеңілдіктер беру, орталық орналасқан елде тіркелген шетел компанияларының табысына салынатын салықты азайту немесе толық жою жолымен тартады. Оффшорлық бизнестің дамуын көтермелей отырып, елдер қыруар табыс алады. «Оффшорлық аймақтар тек аралдарда ғана болады» деген жаңсақ пікір. Еуропаның көптеген елдерінде де оффшорлық фирмаларды тіркеуге мүмкіндік бар. Оффшорлық компания тек салық шығынын азайтуға ғана емес, шетелдік компанияның атынан келісімді жүзеге асырып, шетелдік банктердегі несие қорларына қол жеткізе алады.

0дауыс

Конец формы

Начало формы

Оффшор дегеніміз не?
“Оффшорлық”, “оффшор” деген термин ағылшын тілінде “off-shore”, яғни «жағалаудан тыс» деген мағына береді. Экономикалық әдебиеттерде бұл терминге «коммерциялық қызметті арнайы экономикалық аймақ» деген түсінік береді. Оффшор дегеніміз - кез келген шетелдік салық төлеудің жеңілдетілген түрі бойынша фирма ашуға қолайлы мемлекет немесе бір мемлекеттің белгілі бір аумағы. Ондай аймақта тіркелген фирманы оффшорлық компания немесе оффшор деп атайды.

Конец формы

Халықаралық сарапшылардың пікірінше, соңғы он жыл ішінде Қазақстаннан капиталдың оффшорлық аймақтарға жылыстауы 140 млрд долларды құраған, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Бұл туралы заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің жиналысында еліміздің Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев мәлімдеді. Еліміздің қадағалаушы органының мәліметі бойынша, жеке тұлғалар шетелге жыл сайын шамамен 1, 5 трлн теңге шығарады екен. Мәселен, тек 2013 жылы қайтарылмаған валютаның жалпы көлемі 200 млн. долларды құрады.

Сондай-ақ, жиын барысында соңғы үш жыл ішінде экономикалық қылмыстарды анықтаудың тұрақты өсу динамикасы байқалатыны атап өтілді. 2013 жылы 7165 қылмыс тіркелген, оның ішінде 83%-ын қаржы полициясы органдары, 712 қылмысты ішкі істер органдары анықтаған. Қылмыстан келген зиянның анықталған сомасы 220, 9 млрд теңгені құрады. 102, 9 млрд теңге көлеміндегі зиянның орны толтырылды (2012ж. - 28, 2 млрд) . Қылмыстар құрылымында жалған кәсіпкерлік, жалған ақша жасау, экономикалық контрабанда, салық төлеуден жалтару фактілерімен байланысты әрекеттер басым.

Сонымен қатар, бұл салада едәуір кемшіліктер мен пайдаланылмай отырған резервтер бар. Бас прокурор атап өткендей, жұмыстың тиісті тиімділігіне құқық қорғау және фискалдық мекемелердің әрекетіндегі үйлесімділіктің және келісімді жұмыстың жеткіліксіздігі кедергі келтіреді. Сондай-ақ, салық және қаржы-несие салаларындағы қаржылық теріс пайдаланушылық пен қылмыс көздерін анықтаумен байланысты проблемалар атап өтілді.

Үйлестіру кеңесінің мүшелері атап өткендей, экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар үлкен қоғамдық қауіп төндіретіндіктен, тергеу, бақылаушы және қадағалаушы құрылымдардан қылмыстың тиімді жолын кесу және алдын алуға бағытталған кешенді, анық үйлестірілген жұмысын талап етеді.

Шекара қызметіне, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне, Кедендік бақылау комитетіне Кеден одағы аумағына жақын және алыс шет елдерден тауар контрабандалауға тосқауыл қою жұмысын күшейту ұсынылды.

Оффшор туралы әңгіме көп. Ағылшын тілінен аударғанда «жағалаудан тыс» деген мағынаны білдіретін бұл термин негізінен әлемдік қаржы орталықтары, сондай-ақ банк операцияларының кейбір түрлері үшін қолданылады. Салықтан жалтаратындардың, не болмаса салықтық шығынды азайтатындықтан қыруар қаражат осы оффшорды айналшықтайтыны белгілі. Сондықтан да, әлемнің бірқатар елдері оффшорлық бизнестің дамуын көтермелеп, қыруар қаражатқа кенеліп отырғанын аңғаруға болады. Дәл осы оффшор туралы әңгіме Қазақстан үшін де өзекті. Бұған дейін Мәжілісте қазақстандық қаражаттың әлгіндей аймақтарға құйылып жатуы дүркін-дүркін көтерілсе, ендігі кезекте мұндай оффшорлық аймақты өз еліміздің аумағында құру туралы бастама да айтылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ күрес спорт түрінің қалыптасу тарихы
Қазақ күресінің оқу пәні ретінде дамуы
Еркін күрестің шығу тарихы
Табиғи сұрыпталу
Еркін күрес техникасы
Еркін күрестің техникасы
Күресті жүргізудің тәсілдерін үйрену және жетілдіру
Белбеу күрес
Күрес тәсілдерін оқыту әдістемесі
Балуанның техникалық дайындығының міндеті, әдісі, тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz