Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп



1. Ислам туралы не білеміз?
2. “Шындық пен сұмдық” бейнефильмінен үзінді көрсету. Фильмге байланысты пікір талас
3. “Абайлаңыз секта! ... Дінімізге берік болайық!”
4. “Өз . өзіне қол салу . ауыр күнә”
5. “Не істер едің?" оқушылар арасындағы топтық жұмыс. Жағдаяттардың шешімін табу
Ислам құндылықтарын сақтау жолында үндеу тастаған өздерінің пікірлестерін діни принциптерді бұзушылар деген айыптаулармен кінәлайды. Діни-саяси экстремизм болса, әртүрлі діни пікірлерге негізделгеніне қарамай, олардың іс-әрекеттері Қылмыстық істер кодексінің баптарына сәйкес келеді. Яғни, діни-саяси экстремизм - діттеген саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін, дінді қалқан ете отырып әрекет етуші, дінге ешқандай қатысы жоқ іс-қимыл. Басқаша атағанда - терроризм(лаңкестік). Мұндай әрекеттер көбіне мемлекеттің құрамын күшпен өзгертуге немесе үкіметті басып алуға бағытталады. Қауіпті жағдайға айналған осындай әрекеттерді іске асыру, көбіне қарулы топтар құрып, өзара өшіктіру әдістерін қолдану арқылы дін және ұлттық қайшылықтарды қоздырумен, сондай-ақ адам құқын жаппай бұзумен қатар жүреді.
Мұндай шектен шыққан экстремизм әртүрлі мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп қана қоймай, дінаралық жағдайдың ушығуына да себепкер болуда. Экстремистер қай діннің атынан белсенділік танытса, бәрінен де көп зиян шегетін сол дін. Саяси экстремизм тек саяси мүддені ғана көздейді. Олар адамдардың дінге деген құрметі мен сенімін өз мақсаттарына кеңінен пайдалана отырып, дін үшін әрекет етіп жүргендей көрінуге тырысады.
Діни-саяси экстремизм әдетте ешқандай ымыраны мойындамай, ортақ келісімнен бас тартады, ешкімді жақтырмайды, тіпті оларды қолдап жүрген дін өкілдерінің пікірі болса да ешқандай саяси пікірлермен санаспайды. Діни экстремизм үшін «Харам мен халал» (арам мен адал), «өзіңе қалағаныңды басқаға да қала» деген қағидалар болмайды. Олардың басты қаруы қатігездік пен шапқыншылық. Сонымен қатар діни антқа байлап қойған адамдардың экстремистік қатардан шыға қоюы өте қиын.
Экстремизмді айыптау, егер Құран және сүннет негізінде болмаса, онда адасушы мұсылмандар айыптауды мойындамайды, бос сөз қатарында қабылдайды. Кінәлілер айыптаушыларды - надан, жалақор ретінде азғыруы да мүмкін. Ислам шариғатымен амал етіп, басқаға үлгі бола білу, әрі шариғат талаптарын орындау, өркениетті қоғам орнатудағы аса сенімді жол екенін түсіндіре білу - діни эктремизмге қарсы қолданар ең үлкен қару. Әлемдегі құбылыстардың қандайы болмасын өзіндік пайда болу ықтималдығына бағытталған әсерге негізделе отырып, ережелер мен заңдарға сүйенген себептері мен салдары бар. Бұл заңдылықтар қатарына тек философиялық ой-пікір тұжырымдары ғана емес, еш күдіксіз қабылдануы бұйырылған Илаһи заңдылықтар да жатады.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Діни экстремизм[өңдеу]
Уикипедия -- ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Діни экстремизм Ислам құндылықтарын сақтау жолында үндеу тастаған өздерінің пікірлестерін діни принциптерді бұзушылар деген айыптаулармен кінәлайды. Діни-саяси экстремизм болса, әртүрлі діни пікірлерге негізделгеніне қарамай, олардың іс-әрекеттері Қылмыстық істер кодексінің баптарына сәйкес келеді. Яғни, діни-саяси экстремизм - діттеген саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін, дінді қалқан ете отырып әрекет етуші, дінге ешқандай қатысы жоқ іс-қимыл. Басқаша атағанда - терроризм(лаңкестік). Мұндай әрекеттер көбіне мемлекеттің құрамын күшпен өзгертуге немесе үкіметті басып алуға бағытталады. Қауіпті жағдайға айналған осындай әрекеттерді іске асыру, көбіне қарулы топтар құрып, өзара өшіктіру әдістерін қолдану арқылы дін және ұлттық қайшылықтарды қоздырумен, сондай-ақ адам құқын жаппай бұзумен қатар жүреді.
Мұндай шектен шыққан экстремизм әртүрлі мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп қана қоймай, дінаралық жағдайдың ушығуына да себепкер болуда. Экстремистер қай діннің атынан белсенділік танытса, бәрінен де көп зиян шегетін сол дін. Саяси экстремизм тек саяси мүддені ғана көздейді. Олар адамдардың дінге деген құрметі мен сенімін өз мақсаттарына кеңінен пайдалана отырып, дін үшін әрекет етіп жүргендей көрінуге тырысады.
Діни-саяси экстремизм әдетте ешқандай ымыраны мойындамай, ортақ келісімнен бас тартады, ешкімді жақтырмайды, тіпті оларды қолдап жүрген дін өкілдерінің пікірі болса да ешқандай саяси пікірлермен санаспайды. Діни экстремизм үшін Харам мен халал (арам мен адал), өзіңе қалағаныңды басқаға да қала деген қағидалар болмайды. Олардың басты қаруы қатігездік пен шапқыншылық. Сонымен қатар діни антқа байлап қойған адамдардың экстремистік қатардан шыға қоюы өте қиын.
Экстремизмді айыптау, егер Құран және сүннет негізінде болмаса, онда адасушы мұсылмандар айыптауды мойындамайды, бос сөз қатарында қабылдайды. Кінәлілер айыптаушыларды - надан, жалақор ретінде азғыруы да мүмкін. Ислам шариғатымен амал етіп, басқаға үлгі бола білу, әрі шариғат талаптарын орындау, өркениетті қоғам орнатудағы аса сенімді жол екенін түсіндіре білу - діни эктремизмге қарсы қолданар ең үлкен қару. Әлемдегі құбылыстардың қандайы болмасын өзіндік пайда болу ықтималдығына бағытталған әсерге негізделе отырып, ережелер мен заңдарға сүйенген себептері мен салдары бар. Бұл заңдылықтар қатарына тек философиялық ой-пікір тұжырымдары ғана емес, еш күдіксіз қабылдануы бұйырылған Илаһи заңдылықтар да жатады.[1]
Діни экстремизм - бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп
Жарияланды 3-06-2013, 17:54 Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: Діни экстремизм - бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға қазіргі кездегі салт - дәстүрдің ара қатынасы, ондағы шешімін табуға тиісті мәселелер, сондай - ақ қазақ қоғамын жайлап бара жатқан түрлі келімсек дүние ағымдар, олармен күресу, сақтану жолдары турасында пікірлесу. Дін мәселесі жөнінде оң пікір қалыптастыру.
Дамытушылық: Діни наным - сенім мен олардың пайда, зияны турасында өмірден нақты мысалдар келтіре отырып түсіндіру. әлемдік діндер мен түрлі ағымдарға байланысты ой - өрісі мен дүниетанымын кеңейту.
Тәрбиелік: Елжандылыққа, отансүйгіштікке, ізгілікке, мейірімділікке баули отырып, имандылық тәрбие беру.

Сабақ барысы
Жоспар:
1. Ислам туралы не білеміз?
2. "Шындық пен сұмдық" бейнефильмінен үзінді көрсету. Фильмге байланысты пікір талас
3. "Абайлаңыз секта! ... Дінімізге берік болайық!"
4. "Өз - өзіне қол салу - ауыр күнә"
5. "Не істер едің?" оқушылар арасындағы топтық жұмыс. Жағдаяттардың шешімін табу.

Мұғалім: 1) Жарық дүние деп аталатын жалған мен о дүние дейтін бақиды қатар нұрландырып тұрған исламның ізгілігі мен ұлы мұраттарын түсіну үшін адамзат ұрпағы нені мансұқтап, нені қастерлеуін біліп, адал жолдан адаспауы үшін ибалы адам, иманды қоғам құруымыз қажет.
Қасиетті дініміз сонау пайғамбарымыз Мұхаммед (с. ғ. с) заманынан бергі 14 ғасырға жуық ешбір өзгеріске түспей, әлем мұсылмандарына сара жол салып келе жатқаны мәлім. Қазіргі таңда әлемде Аллах Тағаланың рахымымен исламның қарқынды дамуы және мұсылмандар санының арта түсуі байқалады. Әрине, бұл бізді қуантады.
Ендеше ислам туралы білетін мәліметтерімізді ортаға салайық.
(Оқушылардың мәліметтері тыңдалады)

Мұғалім: 2) Алайда қазіргі кезде ислам мен қазақы салт - дәстүріміздің ара жігін ажырату, олардың арасындағы қарама қайшылықтар түсінбеушілікті тану қиындық тудыруда. Олай дейтінім - соңғы кездері түрлі топтар мен жұртты алдап, соңынан ертіп, әулие әмбиелердің басына барып зиярат жасап, сол жолда пайда тауып елді адастырып жүрген діндар сымақтардың көбейіп бара жатқаны жасырын емес.
Осы орайда аталған мәселенің жай - жапсарын тереңірек тану үшін мына бір бейнематериалға назар аударайық.
(Шындық пен сұмдық бейнематериалы арқылы оқушылар пікірін тыңдау)
Сұрақ:
1) Біздің дініміз Ислам болғандықтан Құран Кәрім көрсеткен жолмен ғана жүруіміз керек;
2) Дін Ислам шарттарымен қатар ата - баба жолын да ұстануымыз керек
Мұғалім: 3) Абайлаңыз секта!... Дінімізге берік болайық!(Діни экстремизм)
Қазіргі таңда исламға изм, террор жағымсыз айдарлар тағылуда. Исламға бұлардың түкте қатысы жоқ. Мұның бәрі жала боп есептеледі. Сонымен экстремизм дегеніміз не? Экстремизм деген латын сөзі шеттеу, яғни орталықтан ауытқу, тәртіпке бағынбау, өз пікірімен ғана іс - әрекет жасаушы деген ұғымды білдіреді. Экстремизмнің пайда болуы надандыққа, көрсоқырлыққа бейімделген көзқарастардан туындайды, яғни олардың ойы тек қана менің пікірім дұрыс, өзгенікі бұрыс дегенге саяды. Бұл оның ең алғашқы кезеңдері болып саналады. Сондай ақ тағы бір көрінісі - өзгелерді көре алмау, түсінбеу немесе түсінгісі келмеу. Олар өздерін өте таза, кіршіксіз санап, басқаны адасушыларға жатқызады. Тура жол көрсеткендерді мойындамайды. Міне осы себептерден, түрлі төңкерістер мен қантөгістерден орын алуы ықтимал.
Экстремизм мүшелері көздеген мақсаттарына жету үшін ешнәрседен қаймықпайды. Тіпті өздерін құрбан етуге әзір. Осылайша күш, қару қолдану және заңдар сенім - нанымдарды аяққа таптап, дін атын бүркемелеп, діттегендеріне жетуге тырысады. Өзі үшін бөгде пікірде саналатындарды түрлі амал - айлалармен арандатуды ойластырады. Экстремизм діндегі жеңілдеткен үкімдерді ауырлатып көрсетіп, халыққа түймедейді түйедей етіп көрсетіп бағады. Мұсылмандық адал, таза тіршілікті лайлауға барынша тырысып баққан, бөгде, бөтен пасық пиғылды адамдардың өңмеңдеп арамызды арамдап жатқан жасырын емес. Сол ағымдардың алдауына, азғыруына көніп, солардың қарамағына ілінген, қарагөз бауырларымызды ойлағанда, өзегіме өрт түскендей өкінішті сезесің. Қаншама қандас бауырларымыз діни сауатсыздықтың, рухани дүниенің таяздығы салдарынан осы теріс ағымдардың қол - шоқпары бола, солардың жыртысын жыртып, сойылын соғып жүр.

Қазіргі кезде Қазақстан аумағында қызметтері арнайы сот шешімдерімен Заңсыз деп таңылған діни ұйымдардың тізімі жасалған.
(кесте тақтаның көмегімен көрсетіледі.)

Көріп отырғандай осы діни ұйымдардың қай - қайсысын алсаңыз да, негізі мақсаты теракт ұйымдастыру, мемлекеттік төңкеріс жасау, террористтер дайындау, халифат құру. Керек десеңіз көпшілігі осы уақытқа дейін кейбір мемлекеттерде мыңдаған адамның өмірін қиюға себепкер болған.
Істері әшкере болған ағымдардың жұмысына ел аумағында тоқтам салған сот шешімдері қабылданды. Алайда, әліде болса да жасырын жолдармен өз тірліктерін жүргізіп жатқандарының бары жасырын емес.
(Оқушылардың діни ағымдардың істеріне байланысты пікірлері тыңдалады.)
Мұғалім: 4) соңғы жылдары елімізде жас жеткіншектердің өздеріне қол жұмсап, туыстарын да, бүкіл қоғамды да дүр сілкіндіруі белең ала бастағандай. Бұқаралық ақпарат құралдары әр аптада осы жайлы кемінде бірнеше хабар беріп қояды. Мұндай жайсыздық республиканың барлық облыстарында көрініс беруде. Мәселен,
- Алматы облысы 19 суицид;
- Жамбыл облысы 16 суицид;
- Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстары 15 суицид;
- Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстары 14 суицид;
- Қызылорда облысы 11 суицид.

Сондықтан осындай дерттен ел болып, жұрт болып жұмыла күресудің өзектілігі артып отыр.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, Қазақстанда 100 мың тұрғынға шаққанда 53 кісі өзіне қол салып қаза болады екен. Бұл көрсеткіш Орта Азия елдері бойынша Қазақстан ең жоғары деңгейде екен.
Соңғы бірнеше жылда осындай қаза бойынша көш басында Оңтүстік Қазақстан облысы (72 оқиға), Ақтау (64 - 67 оқиға) және Солтүстік Қазақстан облысы (100 мың тұрғынға шаққанда 57 адам өз - өзіне қол жұмсаған). Бір атап өтерлігі - елде адам өлтіргендерге қарағанда, өз - өзін өлтіргендер саны әлдеқайда көп екен.
Жалпы әлемде жыл сайын шамамен миллионға жуық адам өз - өзіне қол салып көз жұмады. Олардың 8 мыңы - қазақстандықтар, яғни республикада әр сағат сайын бір адам өз еркімен өмірмен қош айтысып жатады.

Өзіне - өзі қол жұмсау арқылы қайтыс болғандардың 45, 4 пайызы облыс орталығында тұратын балалар
Облыстың аудандары 54, 6%
Қызылорда қаласы 45, 6%

(оқушы пікірі тыңдалады)
Мұғалім: 5) Не істер едің? оқушыларға тақырыпқа байланысты жағдаяттар беріліп, пікірлері тыңдалады.
1) ҰБТ - ДАН ЖОҒАРЫ ҰПАЙ ЖИНАП, ҚАЛАДАҒЫ ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ БІРІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫҢ. САБАҚТАН ҚАЙТЫП КЕЛЕ ЖАТҚАНДА АЛДЫҢНАН ӨЗІҢ ҚАТАРЛЫ ЖІГІТТЕР НЕМЕСЕ ҚЫЗДАР ШЫҒЫП СЕНІҢ ДІНГЕ ДЕГЕН КӨЗҚАРАСЫҢДЫБІЛМЕК БОЛЫП СҰРАҚТАР ЖАУДЫРДЫ.
ОСЫ ЖАҒДАЙДАҒЫ СЕНІҢ ІС ӘРЕКЕТІҢ ҚАНДАЙ? ОЛАРМЕН ПІКІР БӨЛІСЕСІҢ БЕ НЕМЕСЕ ҮНДЕМЕЙ КЕТЕ БЕРЕСІҢ БЕ? ШЕШІМІҢДІ ДӘЛЕЛДЕ?
2) СЫНЫПҚА ЖАҢАДАН ОҚУШЫ КЕЛДІ. ОНЫМЕН ЖАҚЫН ӘҢГІМЕЛЕСЕ БАСТАҒАННАН САҒАН БЕЙТАНЫС ДІНИ АҒЫМДАР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ОҚИҒАЛАР АЙТЫП, СОЛ ОРТАМЕН БАЙЛАНЫС ОРНАТУҒА ҮГІТТЕДІ. ТІПТІ СЕНІ МОЛ ҚАРЖЫ ТАБУДЫҢ КӨЗІ РЕТІНДЕ СОНДА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРДЫ.
ОСЫ ЖАҒДАЙДАҒЫ СЕНІҢ ІС ӘРЕКЕТІҢ ҚАНДАЙ? ҰСЫНЫСҚА КӨЗҚАРАСЫҢ ТУРАЛЫ ОЙЫҢДЫ БӨЛІС.
Келген қонақтардың пікірлерін тыңдау.

Қорытынды.
Бүгінгі сабағымызда дін, әдет - ғұрып, діни экстремизм тақырыбында біраз мәлімет алдық деген ойдамын. өзге діннің алдауына түсіп, жылан арбаған торғайдай аянышты хал кешкен қандастарымыздың күрделі тағдыры бәрімізді ойландыруы керек.
Жазушы болсын, жұмысшы, қайраткер болсын, рухтың кемелденуі - ең негізгі қасиеттердің бірі. Рух кемелденуі үшін адам ибалы, қоғам иманды болуы керек.
Бүгінгі сабақтың түйіні келешек қоғамның алтын тірегін сақтап қалу керек болса, ибалы адам, иманды сол тіршіліктің алтын тірегіне айналсын демекпін. Осындай тілекпен бүгінгі қоғамымызды дөп басар кезінде ұлт зиялысы, ел жанашыры Міржақып Дулатұлының Оян, қазақ! атты өлеңінің мына бір жолдарымен қорытындылағым келеді.
Оян, қазақ!
Оян, қазақ! Өз дініңді ұмытпа,
Дініңді сен ардақтағын, құнтта!
Көз алдыңда тура жолың тұрғанда,
Қателесіп жаман жолмен былықпа!

Тыңдағандарыңызға рахмет!
Діни экстремизмның алдын алу
* Gulsana

* 30 наурыз 2013

* 18390

* 0
* 0
Сабақтың тақырыбы: Дін экстремизмның алдын алу
Мақсаты:
1. Білімдік: Экстремизм, терроризм, радикализм терминдеріне түсінік беру,
Қазақстан Республикасындағы лаңкестікпен қарсы күрестің құқықтық негіздері, қазіргі таңдағы ахуал жайы жөнінде мағлұмат беру.
2. Дамытушылық: Оқушыларды БАҚ құралдары мен ғаламтор материалдарын пайдалана отырып, дамыта оқыту.
3. Тәрбиелік: Келер ұрпақ жас өренді өмір қауіпсіздігі, жанашырлыққа, бейбіт рухтағы адами қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дөңгелек үстел
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру
Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа сай дидактикалық материалдар слайд суреттері - плакаттар,
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Келген қонақпен таныстыру, сабақ жоспарымен таныстыру
1 Экстремизм деген не? Экстремизмнің негізгі белгілерін қалай ажыратамыз?
2 Бүгінгі шиеленіскен діни ахуалдың себеп - салдары қандай?
3 Мектептегі дін тану пәнінің сен үшін қандай маңызы бар, оған қосар ойың?
4 Діни кітаптар шығарып жүрген Бас мүфтиі Шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі
5 Мұсылмандар
6 Діни экстремизм және оның алдын - алу үшін не істеу керек деп ойлайсың?
7 Қорытынды

ІІІ. Қорытындылау
10. Соңғы пікір

Кіріспе сөз Құқық пәнінің мұғалімі Узакбаева Д Құрметті ұстаздар, қонақтар мен оқушылар. Бүгін сіздер Діни экстремизмнің алдын алу. атты 8 - 11сыныптар арасындағы дөңгелек үстелде бас қосып отырсыздар. Қоғамның ең әлсіз тұсы дін, жастарымыздың дін туралы сауаттылығы нашарынан ба, әлде бір себеппен ба, секталарға кіру себебі, Бүгінгі Діни экстремизмнің алдын алу. тақырыбы да осы арнаға келіп саяды. қазіргі уақытта қоғамның, мемлекеттің ең өзекті мәселесі осы жайында бүгін біздің оқушыларымыз сіздерге ой тастайды.
1 - жүргізуші: Ислам араб сөзі, аллаға бойынұсыну деген мағына білдіреді, Ислам діні VІ ғасырдан Арабия түбегінен тарай бастады, Ислам діні әлемде 1, 3 млрд адам ұстанады, және де мемлекеттік дін деп жариялаған мемлекеттер де бар, Ислам діні бүкіл әлемде көк пен жерді жаратушы, Аллаға ғана сенуді уағыздайды. Ал ислам дінінің алғышартының бірі Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед алланың елшісі екендігіне куәлік беру. Ислам діні - адам баласын тура жолға бастайтын дін. Адамды мейірімділікке, бауырмашылыққа, қайырымдылыққа үйретеді, Имансыз ұлт болмайтынын түсінген атам қазақ, ислам дініне қатты көңіл бөлген, Алланың өзі де рас, сөзі де рас- деп жырлаған ұлы Абай ислам дініне берік болған ғой, ал қазіргі таңда кездесіп отырған келеңсіз жағдайлар неден,- деп қарастырып көрейік
1 - жүргізуші: Экстремизм деген не? Қоғамға тигізер әсері қандай?
Әлімжан: Қазіргі таңда діни - ахуал жағдайында жалпы экстремизм деген терминге зерттеушілер ортақ бір нақты мазмұн беретін балама сөз тапқан жоқ. Әр ғалым өзінше сөз саптайды. Бір анығы, қоғам үшін бұл - үлкен қауіпті құбылыс.
Жадыра: Әлімжанның сұрағына қосатын болсам, я нақты балама жоқ Енді осы экстремизмнің мағынасын объективті түрде түсіндіріп көретін болсам,. Экстремизм (ехtгеmus) деген латын тілінен енген термин, сөздік мәні соңғы, шеткі деген мағынаны білдіреді, ал саяси мағынасы шектен шыққан көзқарас пен іс - әрекет арқылы ерекшеленетін күрделі әлеуметтік феномен. Сонымен қатар, бұл - тікелей немесе жанама түрде парламенттік демократияны жоққа шығаратын саяси қызмет түрі.
1 - жүргізуші Экстремизмнің негізгі белгілерін қалай ажыратамыз?
Азамат менің ойымша біріншіден, мемлекетте диктатура орнатуды ашық жариялайды, яғни бұл дегеніңіз елдегі азаматтардың саяси және азаматтық құқықтарын кемсіту; екіншіден, елдегі конституциялық құрылымды үзілді - кесілді мойындамайды, оны зорлық - зомбылық күшімен жоюға және билікті заңсыз басып алуға ашық түрде насихаттайды; үшіншіден, заңсыз қарулы жасақтар құрады; төртіншіден, елде әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тіл және діни алауыздықты қоздырады, сонымен қатар, осы ерекшеліктер бойынша азаматтардың құқығын шектеуді мақсат етеді; бесіншіден, елде белгілі бір ұлттың немесе діни конфессияның тоталитарлық режимін орнатуға ұмтылады.

1 - жүргізуші Сонымен, діни экстремизм дегенді қалай түсіндірер едіңіз?
Асыл - Айжан қоғамдағы дәстүрлі діннің құндылықтарын жоққа шығару. Дәстүрлі дінге жат идеяны белсенді насихаттау. Зайырлы қоғамға қарсы әрекет ету. Қоғамға белгілі бір діни конфессия бойынша өз түсініктері мен көзқарастарын насихаттау деуге болады.
1 - жүргізуші Жоғарыда аталған іс - әрекеттерді жасайтындарды, сәйкесінше, экстремистер дейді. Соңғы жылдары экстремистер өз мақсаттарына жету үшін қанды террорлық әрекетті құрал ретінде қолданып, әлем жұртшылығын алаңдатып отыр.
1 - жүргізуші: Бүгінгі шиеленіскен діни ахуалдың себеп - салдары қандай?
Қожантайқызы Перизат Қазақ елінің соңғы бір жылдан бері үсті - үстіне болған жарылыстардан ұйқысы қашып, мазасы кете бастады. Өткен жылы Ақтау абақтысынан басталған діни дүрбелең, іле - шала Ақтөбе, Қазір халық енді қай жерде дүмпу болады деп үрей құшағында өмір сүруде. Кеше Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесі қоғам көңілін басқан қалың тұманды сейілту үшін шұғыл жиын өткізіп, діни экстремизмнің алдын алу мәселесін жан - жақты талқылады. Тұрымтай кеңесте Елбасы лаңкестерді түбегейлі жоюға мемлекеттің күш - жігері жететінін нық сеніммен айтты. Десе де, енді бұл дертпен ҚМДБ немесе құқық қорғау орындары ғана емес, бүкіл қоғам болып күресу керек секілді. Өйткені, діни экстремизм мемлекет тұтастығына сызат түсіріп отырған бірден - бір қауіпке айналып отыр. Ендеше, еліміздегі діни шиеленіскен ахуалдың себеп - салдарының күрмеуін ағытуға біз де өз тарапымыздан азаматтық пікір білдіруді жөн санаймын.

Асылхан Бұрын біздің ата - әжелеріміз Кеңес кезінде дінді ашық ұстай алмады. себебі ...
Аяжан менің жеке пікірім бойынша Біріншіден, еліміз тоқсаныншы жылдардың басында тәуелсіздікті нығайту үшін мемлекеттің күш - жігерін негізінен экономикалық әлеуетті арттыруға жұмсады. Осының әсерінен руханият саласы мешеулікке ұрынды. Қожа - молдалар үшін аласапыран заман саналған жетпіс жылдық атеистік дәуірдің өзінде дәл тоқсаныншы жылдардағыдай қазақ халқының руханияты тым төмендемеген еді.
Саламат Кеңес билігі кезеңінде ұлт зиялылары руханиятқа деген қажеттілікті әдебиет пен өнер арқылы өтеп, халыққа шама-шарқынша дұрыс тәлім - тәрбие беріп келді. Ал тоқсаныншы жылдардағы әлеуметтік - экономикалық дағдарыс осы тәрбие мектебіне де өз салқынын тигізді. дәлел келтіретін болсам, Мемлекет халықтың рухани бағытын айқындап бермеген соң, қаталаған қалың бұқара шөлі қанбаса да секталардың жалаң діни ақпаратынан су ұрттай бастады. Ал, миссионерлер болса, халықтың осы мағынауи һәм материалдық қажеттілігін өз мақсаттарына ұтымды пайдалана білді. Егер біздің билік Кеңестік кезеңде белгілі бір деңгейге көтерілген мәдениет пен әдебиетімізді аман сақтап қала алғанда, бәлкім, дәл бүгінгідей рухани дағдарыс орын алмаған болар еді.

Дамира Осыған байланысты 2006 жылғы 8 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясы Ғаламдық террормен күрес стратегиясын қабылдады. Бұл құжатта БҰҰ - ға мүше мемлекеттер экстремизм мен терроризмнің барлық пішінін бір жақты айыптайды және осыған қарсы тығыз ынтымақтастық арқылы әрекет етуге дайын екендігін көрсетеді. Стратегияны әр мемлекет шынайы түрде іске асырып жатса, діни экстремизм мен күрес шын мәнінде өз нәтижесін берер еді.
Елімізде 2005 жылдың 18 ақпанында Экстремизмге қарсы іс - қимыл туралы Заң қабылданды. Осы заңның 10 - бабы Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының шет мемлекеттердің органдарымен және халықаралық ұйымдармен экстремизмнің алдын алу, анықтау және жолын кесу саласындағы өзара іс - қимылы деп аталады. Осы бап жоғарыда аталған БҰҰ - ның Ғаламдық террормен күрес стратегиясына сәйкес еді. Демек, еліміз аталған стратегиядан бір жыл бұрын қабылданған заңы арқылы экстремизм мен терроризмге қарсы басқа мемлекеттермен бірігіп күресуге әбден дайын.
Қазақстан өзі тарапынан аймақтық бейбіт өмірді, қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз ету, сонымен қатар, демократиялық, әділ және ұтымды саяси, экономикалық халықаралық тәртіп орнату үшін қолынан келгеннің бәрін жасап жатыр. Соның бір мысалы ретінде Қазақстанның 1996 жылы Шанхай бестігі деген атаумен құрылып, 2001 жылдың 1 маусымынан бастап Шанхай ынтымақтастық ұйымы аталған құрылым аясындағы экстремизм мен терроризмге қарсы нақты іс - шараларын айтуға болады.

1 - жүргізуші Мектептегі дін тану пәнінің сен үшін қандай маңызы бар, оған қосар ойың?
Нұрбол Оқушылардың бойына діни санасы мен діни білімін қалыптастыру - бүгінгі күннің өзекті мәселесі. еліміз бойынша мектептерде Дінтану негіздеріпәні оқытылуда. Мұны дұрыс шешім деп қабылдауымыз керек.
Асыл - Айжан өкінішке орай, сол пәнді оқытатын мамандар жеткіліксіз, мамансыз дін тану пәнін жүргізу - ең үлкен қателік, егер де жас азаматтардың діни санасын қалыптастыруға дін маманы, дінтанушы білім бермесе оның дүние танымы, діни санасы қайда бағытталары белгісіз.
Перизат Асыл - Айжанға қарсы пікір білдірсем бе деп ем, мысалы мектепте дін пәнінен тарих немесе құқық пәнінің мұғалімдері береді, сонда олар бермесін дегенге мүлдем келіспес едім, өйткені әрбір азаматтардың санасына байланысты, ол сектаға кіре ма, әлде лаңкестік ұйымға кіре ма оны өзінің түйсігіне байланысты деп білем

Жақсыберген Сапасыз оқулықтар, жалған дінтанушылар жарға жығады
Қазақстан билігі діни бостандықты жариялағанымен, дін ахуалға сергек қарау үшін теология ғылымын дамытуы тиіс еді. Алайда, Кеңес дәуірінде елімізде дінтану ғылымының негізі қаланбаған болатын. Осының әсерінен алғашқыда біздің еліміз теолог - мамандарға аса зәру болды. Қазір де шынайы дінтанушылар тапшы десек, қателеспейміз.
Дамира Өткен жылдан бері орта білім беру жүйесіне Дінтану пәнін енгізді. Осы пәнге арналып жазылған екі оқулыққа да көңіліміз тола қойған жоқ. Ғ. Есім жетекшілік еткен топтың жазып шыққан оқулығында жалпы дінтану жайлы көбірек айтылса, Д. Кенжетай бастаған топ жазған оқулықта дінтанудың бір саласына (мистикаға) көбірек басымдық берілген. Яғни, бұл екі оқулық белгілі бір деңгейде жақсы жазылған еңбек болғанымен, қоғамның сұранысын толық қанағаттандыра алмайды. Оқулықтардағы әлсіз мәліметтердің діни экстремистік ақпараттарға антивирус қалыптастыра алмайтынын елімізде орын алған соңғы оқиғалар дәлелдеп берді.

1 - жүргізуші Діни кітаптар шығарып жүрген Бас мүфтиі Шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі осы уақытқа дейін 10 жуық үлкенді кішілі кітаптар жазған. негізгі тақырыбы исламның адамгершілік, ынтымақ пен бірлік діні екендігі, ислам ғылымы жайында жазылған еңбектері бар.
1 - жүргізуші Мұсылмандар. Мұсылмандарды мазақ еткен фильм туралы түрлі ақпарат құралдары жарыса жазғаны белгілі, мұсылман мемлекеттері осы мәселеге байланысты қандай шаралар қабылдады?
Дулат Бұл мұсылмандардың наразылығын туғызды. Мыс: біздің мемлекетімізді алатын болсақ. бұл фильмді көруге тыйым салды. себебі ...

1 - жүргізуші Діни экстремизм және оның алдын - алу үшін не істеу керек деп ойлайсың?

Дамира Қазірде елімізде жайып келе жатқан кері діни ағымдар мен секталар көп. Солардың басты дегендерімен таныстыра кетейін.
Діни ағымдар атаулары
Түсініктері мен ерекшеліктері

Уаһһаб Уаххабилік - діни - саяси
ағым Мухаммед ибн Әбдел УІІІ ғасырда Арабстанның Нәжд өлкесінде пайда болған. Мұхаммед пайғамбарға сыйынудың қажеті жоқ деп есептейді.
Иегово куәлары Сиқырлау әдісін қолданады.
Халықаралық Кришна санасы қоғамы
т. б діни секталар\н таныстырамын. отбасынан ажырасып бөлек тұру, транс күйге түсіру бағдарламалары пайдаланады
1. ҚАУІПТІ ДІНИ ӘДЕБИЕТКЕ ТЫЙЫМ БОЛМАЙ, ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ МҮМКІН ЕМЕС - газеттің 14. 02. 08 күнгі №7 санында жарияланған Маңғыстаудағы майдан. Кім қалай өлді? атты мақаладағы құқық қорғау органының қызметкеріне (полицияға) қарулы шабуыл жасаған қылмыскерлердің оқыған кітаптарына, әдебиеттеріне сырттай қарағанда оларды қандай діни ағымға жатады деуге болады?
- Тізімде зиянсызынан бастап күдіктілеріне дейінгі түрлі әдебиеттер бар. Саудагерлердің бұл діни әдебиеттерді сатуға лицензиясы жоқ. Мұның өзі - заң бұзушылық. Бұдан кейінгі сұрақ қоғамға қойылады.
I Діни əдебиеттерді сараптамадан өткізуге кімнің құқысы, өкілеттілігі бар?
II Республикаға əкелініп жатқан діни əдебиеттерге кім бақылау жүргізеді?
III Діни əдебиеттерді басып шығаруға кім рұқсат береді?
IY Басылып шыққан кітаптың салдарына кім жауап береді?
2. Экстремизмге қарсы күрестің бірден - бір жолы - олар туралы өз уақытында шынайы мәлімет беру. бұл жерде әрине күнделікті ақпарат құралдарының рөлі өте жоғары.
3. Әйтседе жас өспірім балалар үшін ақпарат құралдарының беретін мәліметі де жеткілікті емес, Секталардың, экстремистік топтардың қауіпі туралы жастарды көбірек хабардар етіп отыру қажет.
4. Ол үшін барлық мектептерде Дінтану сабағымен қоса мамандар қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, онда экстремистік топтарды, тоталитарлық секталарды қалай білуге болатынын түсіндіріп, олардан қалай сақтану жолын көрсетіп, отырумыз керек деп сөзін аяқтады.

Түйін: әрбір азамат қоғам тыныштығы үшін діни экстремизмге табанды түрде қарсы тұруы тиіс. Қазақ халқы ертеден - ақ бірліктің, ынтымақтың маңызын жете түсінген. Бабаларымыздан өсиет болып бізге жеткен Бақ қайда барасың ынтымағы мен бірлігі жарасқан елге барамын деген қанатты сөз бүгінгі күн ішінде өз көкейкестілігін жойған жоқ. Кемеңгер бабаларымыз алтау ала болса ауыздағы кетер, төртеу түгел болса төбедегі келердеп елді бірлікке шақырып отырған. Елбасымыздың Әлеуметтік экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты атты жолдауында біз сөз еткен ұғымдардың ерекше аталып өтуі тегін емес, Сондықтан бәрімізге қастерлі тәуелсіздігіміздің нығаюы үшін, елімізде ұлтаралық және дінаралық татулықтың сақталуы үшін бір кісідей атсалысайық. Бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз баянды болсын ағайын.
ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ - ҚОҒАМНЫҢ ДІНИ ТҰТАСТЫҒЫН БҰЗАТЫН ӘРЕКЕТ
Еліміз егемендікке қол жеткізгелі жиырма жылдан астам уақыттың жүзі болды. Осы жылдар аралығында мемлекетіміздің барлық салаларында терең, әрі түбегейлі өзгерістер орын алды. Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел болып еңсесін тіктей бастады. Халықаралық деңгейде әлемнің алпауыт мемлекеттерімен бәсекелес бола алатын қабілеттілігін көрсетті. Әсіресе, тарих қойнауында жатқан рухани мұрамыз қайта жаңғырып, өзінің лайықты орнын тапты. Десек те, бүгінгі қоғамда алаңдататарлық келеңсіз мәселелер де жоқ емес. Солардың бірі - мемлекетіміздің діни ахуалы.
Қазақстан әлеуметін сан-саққа салған діни келеңсіздіктердің пайда болу себептері қандай? Дін атын жамылып жүрген теріс бағыттағы топтардың көздеген түпкі мақсаттары не? Мақаламызда осы сұрақтарға жауап беруге тырысамыз.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бар ой-санамыз бірінші кезекте әлеуметтік-экономикалық, нарықтық мәселелерге бағытталып, рухани құндылықтарды жаңғыртуға деген ынта-талпынысымыз аз да болсын кешеуілдеді. Соның салдарынан қоғамда рухани бос кеңістік орын алғаны рас. Осы тұста жат елдерден келген әр түрлі діни экстремистік идеялы топтар өздерінің саясаттарын ұтымды пайдаланып, сол рухани бос кеңістікті өздерінше толтыруға тырысып бақты. Сондай-ақ, еліміздің Діни-сенім бостандығы туралы Заңының мүмкіндіктеріне иек артқан шетелдік миссионерлер ел ішіне өз идеологияларының тамырын тереңнен жайып, мейлінше үгіт-насихат жасап үлгерді. Діни экстремизм - ел ішінде алауыздық тудыруды, жеккөрушілік пен дінді саясаттандыруды көздеп, сол арқылы қоғамға кері әсерін тигізетін құбылыс.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде: Экстремизм Қазақстанда кең ауқымда пайда бола қоймағанымен, конфессионалдық тұрақсыздықтың бізде де бой көтеруінің белгілі бір қаупі бар. Әрине, егер осы қауіпті өз уақытында сезініп, алдын алмасақ..., - деген болатын. Осы орайда, з.ғ.д., профессор Н.М.Әбдіров те: Экстремизмге қарсылықты іске асыруда кешенді және жүйелі жол қажет. Сонда реттеуші ғана емес, тыйым салушы да шаралар қарастырылатын еді, - дейді.
Десек те, бұл бағытта атқарылған жұмыстар да жоқ емес. Оған дәлел, бүгінде дінтану, саясаттану және теология саласында білікті мамандар еңбек етіп, діни ұйымдардың іс-әрекеттерін қатаң бақылауға алып, олардың таралу шеңберін шектеуге біршама күш жұмсауда.
Жалпы, дін дегеніміз не, экстремизм деп нені түсінеміз? Осыған қысқаша тоқтала кетсек:
Дін - Жаратушы тарапынан Пайғамбарлары арқылы жеткізілген, өзіндік тарихи жолдарымен қалыптасқан, өз жүйесімен әлемдік ортаға, қоғамға, мемлекетке қауіп төндірмейтін негіздер жиынтығы.
Ал Экстремизм болса, тілдік мағынасында шеттеу (фр.Extremisme, лат.Extremus), яғни орталықтан ауытқу, белгіленген жерден шығып кету дегенді білдіреді. Терминдік тұрғыда: тәртіпті мойындамайтын, өзінің пікірімен ғана іс-әрекет жасаушы дегенге саяды.
Экстремизм, көбіне, адамның надандыққа, көрсеқызарлыққа бейімделген пікірінен туындайды. Тек менің ғана пікірім дұрыс болуы керек деген секілді. Әйтсек те, бұл экстремизмнің бастапқы кезеңдерінің ғана көрінісі болып саналады [1].
XXI ғасырдың соңғы жылдарында діни жағдайлармен байланысқан экстремизм қанатын кеңге жайды. Алайда, экстремизмнің пайда болу сахнасы - саяси орта болғандықтан, шын мәнінде, ол діни экстремизм болып саналмайды. Ал, экстремизмнің белгілері қандай? Әуелі соны ажырата білгеніміз абзал.
Экстремизмнің белгілері.
Экстремизмнің бірінші белгісі - адамның надандыққа, көрсоқырлыққа негізделген өз көзқарасы, пікірінің орындалуын табанды түрде талап етуі. Мұндай адамдар басқа көпшіліктің қажеттіліктері мен ақиқи жағдайын түсінбейді немесе түсінгісі келмейді. Олар, жөн білетін, дұрыс бағыт көрсете алатын адамдардың ешқайсысын мойындамайды. Өз-өзіне сын көзбен қарау деген түсінік - олар үшін жат пайым. Олардың түсінігінше, тек өздерінің ғана сенімдері тура, өзгелердің барлығы - адасушы. Сондықтан да, олар өздерінен өзгелердің бәрін әділетсіз, әрі қатігез деп айыптауды міндет санайды, ал өздерін кіршіксіз, күнәсіз Пайғамбардай көреді. Мұның соңы шариғатқа, заңға қайшы келетін әрекеттерге, әртүрлі қақтығыстарға алып баратын жалған пікірлердің қоғамда етек жаюына, мәжбүрлеу арқылы өздерінің пікірлерін тықпалауға жетелейді.
Экстремистердің екінші белгісі - ешбір қажеттілігі болмаса да, кез келген істе шектен шығып кетуге бейім тұруы. Басқаларды да соған итермелеуі. Нәтижесінде, мұндай жағдайлар адамдар арасындағы қалыпты қарым-қатынас бұзылып, қоғамдағы үйлесімді тіршілік арнасынан ауытқып, әлеуметтік толқулардың тууына себеп болады. [2].
Ал Терроризм ұғымы араб тіліндегі (ارهاب) ирхаб сөзінен шығып, қорқыту, үркіту мағынасын білдіреді. Оның зорлық-зомбылық, қорқыныш пен үрей туғызушылық және кінәсіз адамдарға кесір тигізу сынды басты белгілерін айқындай кетуге де болады. Бұл анықтаманы негізге ала отырып, одан терроризм - үкімет немесе қоғамды белгілі бір саяси талаптарды қабылдауға мәжбүрлеу мақсатында жүйелі түрде жасалатын қоқан-лоққы мен зорлық-зомбылық, - деген қорытынды шығаруға болады [3].
Радикализм - өмір сүріп отырған қоғамдағы ұлттық дәстүрге жаппай қарсы шығып, араздық пен алауыздыққа бағытталған, сондай-ақ жаңсақ пиғылды идеологияларын бек ұстанып, ымырасыз жүзеге асыру әрекеті.
Сепаратизм - жіктелуге, бөлектенуге, оңашалануға тырысушылық. Мәселен: Хизб-ут-Тахрир, Әл-Каида және Талибан сынды топтардың теократикалық халифат құру қозғалысы. Бұл бағыттар - кезінде өзге елдердің астыртын саясаты салдарынан туындаған, белгілі бір топтың мемлекеттен бөлінуі немесе басқа мемлекетке қосылу әрекетінен пайда болған.
Ал, Ислам дінінің атын жамылған экстремистік бағыттағы ағымдар қайсы? Ендеше, соған назар аударсақ.
Ислам діні - ғылым мен білімге, толеранттылыққа шақырады. Ал Ислам атын жамылған экстермистік топтар - бұқара жұртшылықтың татулығы мен ауызбіршілігін бұзатын, ұлтаралық араздық пен алауыздықты туғызатын жаңсақ пікірлі саяси-топтар.
Деректер бойынша, ҚР Соты шешімімен Хизбут-Тахрир, әл-Каида, Таблиғ жамағаты сынды бас-аяғы 16 экстремистік ұйымның жұмысы заңмен шектелгенмен де, уахапшылдық, салафизм бағытындағы ағымдарға заң тыйым салмаған. Алайда, ғылыми-сараптамалық зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша, Салафизм және уахапшылдық бағытының қоғам ауызбіршілігіне едәуір кері әсерін тигізіп жатқаны мәлім болды. Осы орайда, Өскемен газетінде жарияланған Діни экстремизм - ғасыр індеті атты мақалада былай делінген:
Облысымызда діни ағымдардың өкілдері салафиттер мен вахабистер жоқ емес. Оларды өзіміз де көшеден көріп қалып жүрміз. Бірақ осы ағымдарды ауыздықтап, бетін кері қайтарып жіберетіндей біздің заңның күші жоқ [4]. Демек, бұл құбылыс нені көрсетеді? Бұл қоғамымызда әлі де Ислам дінінің қайнар көздерімен оқу-ағарту іс-шараларын жиірек өткізіп, дәстүрлі Исламды насихаттау қажеттілігі артып отырғандығын көрсетеді.
Дін атын жамылып, арам пиғылдарын іске асырмақ болып жатқан экстремистер мен лаңкестерге қарсы тұру - баршамыздың ортақ міндетіміз, әрі мүддеміз. Бұл міндетті іске асыруда дін көшбасшылары мен мемлекеттік органдар, мемлекеттік емес ұйымдардың мүшелері, жалпы ұлт болып, халық болып бір сапта, бір шепте тұрып, біріге күрес жүргізуіміз ләзім. Егер біз лаңкестердің лас әрекеттерінен тазарған әлемді көргіміз келетін болса, біздің күш-жігерімізді дәл осы мақсатта шоғырландыруға тиіспіз [3].
Әсілінде, Қазақстан мұсылмандары Исламның тағат-құлшылығында Әбу Ханифа мәзһабын, ал сенім тұрғысында Матуриди мектебін ұстанады. Бұл бағыт Сүннет жұрты және жамағатының анағұрлым толерантты, қанағатшыл, жергілікті әдет-ғұрып, салт-сана заңдары мен дәстүрлі нормаларымен санасатын жол. Расында, Алла Тағала барлық адамдарды жаратқан иесін тануға, оған шынайы құлшылық етуге, оның бұйырған әмірлерін орындау мен тыйған тыйымдарынан алыстауға шақырады.
Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде (Бақара сүресі, 190):
وَلاَ تَعْتَدُواْ إِنَّ اللّهَ لاَ يُحِبِّ الْمُعْتَدِينَ
...Шектен шықпаңдар. Негізінен Алла (Т.) шектен шығушыларды жақсы көрмейді.
Құран Кәрімде (Ағраф сүресі, 56):
وَلاَ تُفْسِدُواْ فِي الأَرْضِ بَعْدَ إِصْلاَحِهَا
Жер жүзі түзетілгеннен кейін бүліншілік қылмаңдар, - деген.
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадис-шәріпінде: Кім адамдарға жақсылық жасаса, Алла соған мейірімін төгеді. Жер басып жүрген жандарға мейіріммен қараңдар, Алла да сендерге рақымшылық жасайды, - деген. Сондай-ақ, мейірімді адам болудың имандылыққа қажеттілігін Ибн Аббас арқылы жеткен мына бір хадис-шәріптен байқауға болады: Мейірімді, жұмсақ жүректі болмайынша, толық иман еткен болып саналмайсыңдар, - дейді [6].
Дана халқымыздың: Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде,-деген де нақыл сөзі бар. Сондықтан Отанымызды сүйіп, дін, өркениет, толеранттылық және болашақ жайлы дұрыс түсінік қалыптасқанда ғана біз экстремизм мен терроризмнің алдын алуымызға болады. Ал дінаралық толеранттылық құндылықтарын бекіту және экстремизмнің алдын алу - ұлық, һәм аса маңызды іс-шаралардан болып табылады.
Осы орайда, Елбасы Н.Назарбаев: Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мазһабын ұстанатын сунниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген. Ендеше, бүгінгі ұрпаққа да әлемдегі ең ізгі дін - Ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал, - деген еді.
Сондай-ақ, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Е.Малғажыұлы: Біздің бағытымыз айқын. Ол біздің ата-бабаларымыздың ғасырлардан бері жүрген жолы - дәстүрімізбен, салт-санамызбен біте қайнасып кеткен дәстүрлі Әбу Ханифа мазһабы мен Матуруди ақидасын берік ұстану және оны насихаттау. Барша мұсылмандармен қоян-қолтық араласып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып ел игілігіне, халықтың мұратына қызмет ететін, азғындық пен арсыздықты жоятын, имандылық салтанат құратын қоғам қалыптастыру,- деген болатын.
Қазіргі таңдағы дәстүрлі Ислам дінін ұстанған исі мұсылмандардың қауіпсіздігі мен ел тыныштығын басты мақсат ете отырып, терроризм мен экстремизмнің алдын алу мақсатында ҚР Дін істері агенттігі, ҚМДБ және Қазақстан Республикасындағы лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы бірқатар ірі жобаларды іске асырып, жан-жақты ауқымды істер атқаруда.
ҚР лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы мемлекеттік мекемелерде, білім беру ұйымдарында, жоғары оқу орындары мен орта мектептерде семинарлар өткізуде. Мұндай жиындар барысында экстремистік топтар мен тоталитарлық секталарды қалай білуге болатыны жан-жақты түсіндірілуде. Ал экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу бағытындағы іс-шараларға деструктивті ағымдарға ғылыми тұрғыда баға бере алатын, білікті мамандар қатыстырылуда.
Сонымен қатар, жарық көретін кітап-басылымдар тегіс діни сараптамадан өтіп, үгіт-насихаттық қағаз-парақшалар, кітапшаларды оңды-солды таратуға тыйым салынуда. Бұл өз кезегінде көпшіліктің діни әдебиеттерді негізі дұрыс ақпарат көздерімен сусындауға септігін тигізуде және адасушылықтық, теріс үгіт-насихаттың алдын алуға зор үлесін қосуда.
Жоғарыдағы орталықтардың көңіл қуантарлық қызметтерінің бірі - ел арасында уағыз-насихаттық шаралар жиі өткізілуде. Ал, діни конфессиялар мен бірлестіктер қайта тіркеуден өтіп, олардың іс-әрекеттеріне бақылау мен қадағалау жасалуда. Мәселен, үстіміздегі жылдың 1 қаңтарына дейін 18 конфессияны құрайтын 3 434 діни бірлестік қайта тіркеуден өтсе, олардың 2364-і исламдық бірлестік орындары екен.
Ал соңғы он жылдың ішінде сот шешімімен Қазақстан Республикасының аумағында мына төмендегі террористік және экстремистік діни ұйымдарға тыйым салынған:
І. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 15 қазандағы шешімі негізінде:
1. Аль-Каида
2. Шығыс Түркістандағы исламдық қозғалыс
3. Өзбекстандағы исламдық қозғалыс
4. Күрд Халық Конгресі (Конгра-Гел)
ІІ. Жоғарғы Соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешіміне сәйкес:
5. Асбат аль-Ансар
6. Мұсылман баурлар (Ихуандық)
7. Талибан қозғалысы
8. Боз гурд
9. Орталық Азиядағы Жамаат моджахедтер
10. Лашкар-е-Тайба
11. Әлеуметтік реформалар Қоғамы
ІІІ. Астана қаласы сотының 2005 жылы 28 наурыздағы шешіміне сәйкес:
12. Хизб-ут - Тахрир ұйымы
ІV. Астана қаласы сотының 2006 жылы 17 қарашадағы шешіміне сәйкес:
13. АУМ Синрикё
14. Шығыс Түркістан азат ету ұйымы
V. Астана қаласы сотының 2008 жылғы 5 наурыздағы шешіміне сәйкес:
15. Түркістан ислам партиясы.
VІ. Атырау қаласы сотының 2011 жылғы 25 қазандағы шешіміне сәйкес:
16. Джунд-аль-Халифат
VII. Шығыс Қазақстан облысы арнайы ауданаралық экономикалық сотының 2012 жылғы 7 маусымдағы шешіміне сәйкес:
17. РҚБ Сенім. Білім. Өмір.
VIII. Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2013 жылғы 26 ақпандағы шешіміне сәйкес:
18. Таблиғи жамағат ағымы [7].
Ислам - терроризмге, зорлық-зомбылыққа, діни экстремизмге қарсы. Бүгінгі таңда әлемнің түпкір-түпкірінде Ислам атымен сандаған жазықсыз адамдардың қаны төгіліп жатқаны өкінішті. Бір адамға қиянат жасау - күллі адамзатқа бағытталған қиянат. Осы қанатты сөзді ескерсек, Ислам діні қашан да қақтығыс, лаңкестік, зорлық-зомбылық, өктемдік секілді мұсылмандыққа жат іс-әрекеттер мен арам пиғылды айыптаған. Біздің асыл дініміз, керісінше, қоғамдық тұрақтылықты, ізгілікті, ұстамдылықты уағыздайды. Ал, лаңкестіктің ұлты да, діні де жоқ. Сол себепті нағыз мұсылманның лаңкес болуы әсте мүмкін емес [3].
Сөз соңында айтарымыз, қазақ халқы бірлік пен ынтымақтың маңыздылығын жете түсінген. Олай болса, бабаларымыздың Алтау ала болса - ауыздағы кетер, төртеу түгел болса - төбедегі келер, - деген ұлағатты сөздерін алға тарта отырып, дінаралық татулық пен ауызбіршілікте өмір сүру үшін ұлттың салт-санасымен біте қайнасқан дәстүрлі Ислам дінін дұрыс насихаттап, құлшылық пен ғибадат мәселесінде Ханафи мәзһабын, ал сенімде - Матуриди, яғни сүннет жұрты және жамағаты мектебін бекем ұстанайық.
Алла Тағала халқымызға амандық бергей. Еліміз бейбіт күн кешіп, мемлекетіміздің Тәуелсіздігін баянды еткей.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1) Саяси түсіндірме сөздік. - Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
2) Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: "Аруна Ltd." ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
3) Е.Оңғаров. Болмысы бұлыңғыр, мазмұны маргиналды діни ағымдар. Абай.кз. http:abai.kzpostview?id=1475
4) Өскемен қаласы. Ресми сайты. http:oskemen.vko.gov.kzkznews.h tm?id=0006405) Халифа Алтай. Құран Кәрім қазақша мағынасы және түсінігі. Медине. 1991.604 б.
6) Термизи, Бирр 16, (1924); Әбу Дауд, Әдәб 66, 4942.
7) ҚР мәдениет және спорт министрлігі дін істері комитетінің ресми сайты. Соттың шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған шетелдік ұйымдардың тізімі.
ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМ ҚАЙДАН ШЫҚҚАН?
28-Қыркүйек, 2010 1 рет оқылған
Исламиятта фундаментализм, экстремизм, терроризм деген нәрселер жоқ. Бұл Исламияттың өзегіне сәйкес келмейді, өйткені, Ислам дегеннің өзі бейбітшілік, тыныштық деген сөз. Исламның басты мұраты адамдар арасында бейбітшіліктің болғаны. Сондықтан, экстремист, террорист деп аталған топтардан діннен басқа себептерді, мақсаттарды іздеу керек. Олардың саяси, экономикалық, әскери т.т. мақсаттары, ойлары болғанын тексеру керек. Екінші мәселе, сондай саяси-экономикалық топтар туралы айтқанда не жазғанда міндетті түрде Исламдық террористер деген тіркеуді қосатындардың ойы бөтен. Егер, олардың мақсаты терроризмді, экстремизмді қаралау болса, онда тек террористтерді немесе экстремистерді айыптар еді олар, Ислам сықылды бәшериет (күллі адамзат) жаралғалы бері жеткен ең жоғары өркениет дәрежесіне, ең таза имандылыққа тіл тигізбес еді олар.
Террорист ұйымның мүшесі қандай бір мұсылман елдің азаматы болса болғаны, әлгі бұлақтар дереу мұсылман террористтер дей салады. Ал, басқа діндегі террорист топтар туралы болғанда, олардың діні айтылмайды да басшысының ғана аты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Терроризмге қарсы күрестегі халықаралық ыңтымақтастық
Орталық Азия және Қазақстанның қауіпсіздік мәселелері
Қазақстанның қауіпсіздік жүйесіндегі терроризмге қарсы күрес саясатының шаралары, мақсаттары мен бағыттары
Орталық азиядағы аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ішкі және сыртқы факторлары
Араб мемлекеттерінің діни экстремизм мен халықаралық терроризмге қарсы күресі
Қазақстан Республикасындағы қауіп төндіретін дәстүрлі емес діни қозғалыстар
Қазақстан жағдайындағы діни экстремизм бастаулары мен себептері
Діни экстремизм мен терроризмнің саяси-әлеуметтік негіздері (Орталық Азия мемлекеттері мысалынан)
Ұлттық қауіпсіздік ұғымы, түсінігі, ерекшеліктері
Экстремизм мен күрес жүйесіндегі әлемдік ситуациялардың дамуы
Пәндер