Демократия туралы ұғым
КІРІСПЕ
І. ДЕМОКРАТИЯ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ
1.1 Демократияның түрлері
ІІ . КОНСТИТУЦИЯ ҰҒЫМЫ
2.1 Демократия және заңдар
2.2 Демократия және билік
2.3 Демократиялық конституциялық негіздері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Біз бостандық пен демократияға шақыру бүкіл әлемді дүр сілкіндіріп жатқан заманда өмір сүріп отырмыз. Шығыс Еуропа жарты ғасырға дерлік уақытқа созылған тоталитарлық үкіметтерді төңкеріп тастап, ал бұрынғы Кеңес Одағының республикалары 75 жылға дерлік созылған коммунистік режимді өздері бастарынан бұрын кешпеген жаңа демократиялық тәртіппен алмастыруға ат салысып жатыр. Бірақ Еуропада болып жатқан саяси өзгерістердің салмағы дүниежүзілік халықтарын жинап, ұйымдасуға жетелейтін демократияның келешегін көзден тасалап, көмескілей түсуде.
Дүние жүзілік мәні бар бұл құбылыс қазіргі либералдық демократия тек Батыс халықтарына ғана тән, оны басқа халықтың мәдениетіне енгізіп, орнықтыру мүмкін емес деп күмән білдірушінің тұжырымын теріске шығарады. Жапония, Италия және Венесуэла сияқты әр түрлі елдерде демократияның жеңіске жетуі бостандық пен өзін өзі басқаруды аңсау секілді бүкіл адамзат баласына тән ұмтылысты демократия институттарының басты орын алатынын айқын дәлелдейді.
Демократияның рухани игіліктері бүгінде қайта дәуірлеп жатқанымен, XVІІІ ғасырдың аяқ шегінде болған француз революциясынан бастап ХХ ғасырдың ортасында пайда болған бір партиялық тәртіптерге дейін демократиялық мемлекеттердің саны аз, әрі олардың ғұмыры келте болған еді.
Бұл жәйт енжарлыққа салынуға да, ашуға бой ұруға да жетелемейді, қайта керісінше, ол күреске шақырады. Адам болмысынан бостандыққа талпынса да, оның демократияны қалай іске асыру керектігін үйренуі қажет. Тарих кілтінің бостандық пен мүмкіндіктер есігін айқара аша беру қандай да болсын құрыштай берік тарихи заңдылықтарды былай қойғанда, әлбетте, өздерін өздері бастық етіп қойған көсемдердің қиялындағы ізгі ниеттерге байланысты емес, ол адамдардың ұжымдық санасына және олардың адалдығына байланысты.

1. А.М.Абасилов.. Демократия дегеніміз не?.Алматы,1998ж.
2. Шынтемірова.Б.Ғ, Шайхиев Т.Т. Құқық теориясының негіздері.Алматы.1999 ж.
3. Жамбылов. Д Саясаттану негіздері. Алматы 1998 ж.
4. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1995ж.
5. Н.Ә.Назарбаев. Ғасырлар тоғысында. Алматы, 1996ж.
6. Н.Ә.Назарбаев. Тәуелсіздігіміздің бес жылы. Алматы, 1996ж.
7. А.А.Мурадян. Двуликий Янус. Введение в политологию. М,1994ж.
8. Основы политической науки. Учебное пособие под ред.проф. В.П.Пугачева. М,1994ж.
9. Политические партии и общественные движения современного Казахстана. Справочник. Алматы, 1994ж.
10. Қазақстан Советтік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. Алматы, 1991ж.
11. М.Н.Марченко.«'Теория государства и права».,Москва,1998ж.
12. З.М.Черниловский.«Всеобщая историгосударства и права».,Москва,1996ж.
13. Дос.Көшімов.,«Демократия негіздеріне кіріспе».,Алматы,1998ж.

ЖОСПАР
КІРІСПЕ
І. ДЕМОКРАТИЯ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ
1.1 Демократияның түрлері
ІІ . КОНСТИТУЦИЯ ҰҒЫМЫ
2.1 Демократия және заңдар
2.2 Демократия және билік
2.3 Демократиялық конституциялық негіздері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Біз бостандық пен демократияға шақыру бүкіл әлемді дүр сілкіндіріп
жатқан заманда өмір сүріп отырмыз. Шығыс Еуропа жарты ғасырға дерлік
уақытқа созылған тоталитарлық үкіметтерді төңкеріп тастап, ал бұрынғы Кеңес
Одағының республикалары 75 жылға дерлік созылған коммунистік режимді өздері
бастарынан бұрын кешпеген жаңа демократиялық тәртіппен алмастыруға ат
салысып жатыр. Бірақ Еуропада болып жатқан саяси өзгерістердің салмағы
дүниежүзілік халықтарын жинап, ұйымдасуға жетелейтін демократияның
келешегін көзден тасалап, көмескілей түсуде.
Дүние жүзілік мәні бар бұл құбылыс қазіргі либералдық демократия тек
Батыс халықтарына ғана тән, оны басқа халықтың мәдениетіне енгізіп,
орнықтыру мүмкін емес деп күмән білдірушінің тұжырымын теріске шығарады.
Жапония, Италия және Венесуэла сияқты әр түрлі елдерде демократияның
жеңіске жетуі бостандық пен өзін өзі басқаруды аңсау секілді бүкіл адамзат
баласына тән ұмтылысты демократия институттарының басты орын алатынын айқын
дәлелдейді.
Демократияның рухани игіліктері бүгінде қайта дәуірлеп жатқанымен,
XVІІІ ғасырдың аяқ шегінде болған француз революциясынан бастап ХХ ғасырдың
ортасында пайда болған бір партиялық тәртіптерге дейін демократиялық
мемлекеттердің саны аз, әрі олардың ғұмыры келте болған еді.
Бұл жәйт енжарлыққа салынуға да, ашуға бой ұруға да жетелемейді, қайта
керісінше, ол күреске шақырады. Адам болмысынан бостандыққа талпынса да,
оның демократияны қалай іске асыру керектігін үйренуі қажет. Тарих кілтінің
бостандық пен мүмкіндіктер есігін айқара аша беру қандай да болсын құрыштай
берік тарихи заңдылықтарды былай қойғанда, әлбетте, өздерін өздері бастық
етіп қойған көсемдердің қиялындағы ізгі ниеттерге байланысты емес, ол
адамдардың ұжымдық санасына және олардың адалдығына байланысты.
Демократия өзінің күшпен жеңіп алған бостандығын қоғамның игілігіне
пайдалануға ынталы әрбір азаматтың қамқорлығына ие болса және ол оның
қоғамдық пікір-таластарына қосылып, өз іс-әрекеттеріне жауап беретін
өкілдер сайлауға қатысса, қоғамдық өмірге төзімділік пен мәмлеге келуге
мойын ұсынса ғана тамыр жайып, гүлдей алады.
Демократиялық қоғам азаматтарының барлығының жеке бас бостандығына
құқығы бар, бірақ олар әрдайым құрметтелетін бостандық пен өзін-өзі
билеудің рухани байлықтары бар келешек өмірді құруға бір кісідей жауапты.
Бұл қамтылған мәселелердің демократиялық негіздері Қазақстан
Республикасының конституциясында сипат алды.
І ДЕМОКРАТИЯ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ
1.1 Демократияның түрлері
Демократия деген сөз гректің демос - халық және кратос - билік
деген сөздерінен тұрады, яғни халық билігі деген мағынаны білдіреді.
Қазір бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады: 1) мемлекеттің тұрпаты
(типі) мен жалпы саяси жүйесі;
2) мүшелерінің теңдігіне, басқару органдарының мерзімді сайлануы және
көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез келген
ұйымның ұйымдастырылуы түрі;
3) қоғамдық құрылымның мұраты (идеалы) және соған сәйкес көзқарастар.
Демократияның көпшілік таныған бірыңғай анықтамасы жоқ. Әр дәуірдегі
ойшылдар оны әр түрлі түсінген. Оның үстіне әр түрлі елдерде олардың
ұлттық, тарихи және т.б. ерекшеліктеріне байланысты демократия сан түрлі
рең алуы мүмкін. Дегенмен, демократиялық мемлекеттердің көп түрлілігіне
қарамастан, олардың ортақ белгілері болады. Ондай белгілерге төмендегілер
жатады.
1. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы
саналуы. Ол мемлекетте ұйымдастырушы, конституциялық биліктің
халыққа тән екендігіне көз жеткізеді. Ол жоғары органдарға өз
өкілдерін сайлайды және жүйелі түрде ауыстырып отырады. Бірталай
мемлекеттерде халықтың бастамасымен және референдум арқылы заңдар
жетілдіріледі және қабылданады. Сондықтан АҚШ-тың төртінші
президенті А. Линкольн демократияға халық үшін халық сайлаған
халық билігін жатқызды.
2. Халық билігін орнату үшін оған жағдай жасау керек. Ондай жағдай
теңдік болған жерде ғана болады. Б.з.б, V ғасырда өмір сүрген
гректің атақты тарихшысы Геродот сол кездің өзінде демократия деп
теңдікке негізделген мемлекетті айтады деген болатын. Теңдік барлық
салада-халық жиналысында, мемлекеттік істерге қатысуда, заң
шығаруда, оны орындауда және т.т. болуға тиіс.
3. Табиғатына, әлеуметтік, саяси, мәдени және т.с.с. ерекшеліктеріне
байланысты адамдар әр түрлі келеді. Солардың бәрін қалай
теңдестіруге болады? Ол үшін заң, құқық алдындағы теңдік болуы
керек. Заң және құқық-жалпы және барлығына бірдей қоғамдық және
саяси өмірдегі демократиялықтың негізі және қорғаушысы. Олар
қоғамдағы қатынастарды реттейді, жүріс-тұрыс, іс-әрекеттер
ережелерін орнатады. Қажетті деген іс-әрекеттерге рұқсат етеді. Ол
тәртіптерге қайшы келген іс-әрекеттерге тыйым салады, оларды
бұзғандарды жазалайды. Бірақ қоғам біреулерге рұқсат етілгенді
екіншілерге рұқсат етпеуі, біреулерге басымдық беріп, басқаларға
қысым көрсетуі мүмкін. Билік иелері (күштілер, байлар, ақсүйектер)
заң мен құқықты өз мақсаттарында пайдаланғылары келеді. Сондықтан
құқықтық теңсіздікті болдырмау керек. Оны қалай жасауға болады?
4. Оның кепілі - әділеттілік. Әділеттіліктің де бірыңғай ұғымы жоқ. Ол
жөнінде әр түрлі тарихи дәуірлерде әр қоғамның өзіндік түсінігі
болады. Мысалы, алғашқы қауымдық қоғамда қарт, ауру адамдарды
өлтіру әділеттілікке жатты. Инквизацияны жоқтаушылар үшін діннен
безгендерді тірідей отқа жағу - әділетті іс. Кеңес заманында
еріксіз ұжымдастыру барысында қазақ халқының жартысына жуығы
қырылып, біразы босып кетті. 1986 жылы желтоқсанда жастарды
қырғынға ұшырату біреулерге әділетті көрінеді. Әйтпесе, сол
жазалаушылар жазасын алулары керек емес пе? Сайып келгенде,
әділеттілік қоғамдық қатынастармен, қоғамдағы саяси құрылыспен,
оның мемлекеттілігінің тұрпатымен, саяси мәдениетінің дәрежесімен
айқындалады.
5. Ал қазақ жастары желтоқсан көтерілісінде бостандық, еркіндік үшін
алаңға шыққан болатын. Бұл - демократияның бесінші белгісі. Қазақ
халқы еркіндікке жету үшін ғасырлар бойы күрессе, адамзат қоғамына
демократияны шектейтін, теңдік пен әділдікті бұзатын, қанаудың,
тәуелділіктің барлық түрлеріннен азат етілу үшін мыңдаған жылдар
бойы күресуіне, реформалар, өзгерістер жасауына, сан рет жеңілеге,
жеңіске жетуге тура келеді. Теңдікке, әділеттікке еркіндікке,
демократияға, олардың принциптеріне сәйкес өмір сүруге үйрету
керек. Құқық пен заң адамды күйзелу, қорқыныш, заңсыздықтан
құтқаруға міндетті. Сайып келгенде, осының бәрі еркіндік,
бостандыққа байланысты. Сонымен біз халықтың мемлекеттік билікті
жүргіуге қатысу керектігі, құқық, теңдік, еркіндік жөнінде әңгіме
еттік. Осы принциптердің бәрі түгел болғанда ғана әділдік болады.
Бұл әділдіктің демократиялық түсінігі. Ол, өкінішке орай,
адамзаттың басқа да арман-мұраттар сияқты бірден толық орындала
бермейді. Жоғарыда көрсетілген белгілермен қатар демократиялық
принципке жүйелі түрде мемлекеттің негізгі органдарын сайлау
жатады. Ең алдымен жоғарғы заң органы сайланбалы болуға тиіс. Одан
соң төменгі өзін-өзі басқаратын органдарға дейін сайланбалы болғаны
дұрыс. Сонымен қатар шешім қабылданғанда ерте заманнан демократияға
азшылықтың көпшілікке бағынуы жататын. Кейінірек мұндай бағыну
шектелді, азшылықтың өз пікірі болуы, оны сыйлау, онымен санасу
керектігі мойындалады. Қазіргі демократиялық процесте мынадай
демократиялық рәсімдер де қарастырылған барлық сайлаушылардың тең
дауыс құқығы, сайлаудың еркіндігі, балама үміткердің болуы, тізім
бойынша сайламау, демократияның үздіксіз қоғамдық бақылау аясында
болуы, мемлекттің дау-дамай, шиеленістерді реттеудегі ықпалды
тетіктерін табуы және т.с.с
Демократия болу үшін саяси, экономикалық, құқықтық, мәдени,
идеологиялық кепілдіктер жүйесі болуы шарт.
Оның маңызды кепілдігіне әр түрлі демократиялық елдерде қалыптасып
жатқан азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттер жатады. Сонымен, демократия
деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне
негізделген мемлекттік құрылысты айтамыз. Халықтың билігі ретіндегі
демократия көбіне утопиялық арман-аңсарды білдіреді. Кейбіреулер оған
жақындайды, кейбіреулерге көкжиекте көрініп тұрғандай көрінеді, біреулерге
оған жету жолы оңайыраққа, кейбіреулерге қиынға түседі. Дегенмен, ол -
шындық, өмірдегі бағдар, нысана, қоғамның саяси дамуының мақсаты.
Ағылшынның көп жылдар премьер-министрі болған Уинстон Черчилльдің айтуы
бойынша, демократияның көп кемшіліктері бар, бірақ оның ең құндылығы сонда
бұдан артықты бүгінге дейін ешкім ойлап тапқан жоқ[1,14].
Алуан түрліліктің (плюрализмнің) элементтері демократияның
классиккалық теориясын қалаушылардың еңбектеріне байқалған. Оған ең
алдымен Дж. Локк пен Ш.Л. Монтескье атап көрсеткен биліктің тармақтау
теориясы кіреді. АҚШ Конституциясы авторларының бірі Дж. Мэдисон (1751-
1836) мынадай идеяны ұсынады қоғамда өзіндік мүдделері бар әр түрлі топтар
болған сайын, олардың ішінде бір топ басымдық ету қаупі азаяды, да сонымен
бірге басқа топтардың сенімді қорғалуына кепілдік көбейеді. Ол антикалық
полистегі саяси тәртіптің жаппай, барлығын қамтитын бір пікірлігінен іс
жүзінде бас тартты. Оның орнына демократияның дарашылдық және либералдық
принциптерін ұштастырып, мемлекеттік билікті алға тартты. Сөйтіп, саяси
теорияда тұңғыш рет халық яғни көпшіліктің билігін дәріптеудің орнына
азшылықтың мүддесін қорғау идеясын қадам жасалды.
Демократияның алуан түрлілік теориясы саяси үрдіске барлық
азаматтардың тікелей қатысу теориясынан бас тартты. Демократияның антикалық
және классикалық теорияларында жеке азамат бас кейіпкер болатын. Енді сол
дауыс беруге ғана қатысады. Өкілдік демократия оны шешімдер қабылдаудан
ығыстырады. Яғни, азамат саяси үрдістің негізгі тұлғасы болуынан қалады.
Демократияның алуан түрлілік теориясы саяси үрдістің өзін бұрынғыдай жеке
адамдардың қатынасы ретінде қарамайды, топтардың және топ мүдделерінің
өзара қатынасы ретінде қарайды. Сонымен бұл теорияны жақтаушылар қазіргі
демократиялық мемлекетте саясатты жеке тұлға емес, халық емес, топ деп
тұжырымдайды. Бұл теория дарашылдық және ұжымдық теориялардың арасында
ортаңғы орынды алып тұрғандай[2,29].
Қоғамда экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени және т.б. көптеген
мүдделер болатыны белгілі. Соларға байланысты әр түрлі топтар пайда болады.
Қандай адам болмасын осындай белгілі бір топтың (отбасылық, этникалық,
мамандық, діни, аймақтық және т.с.с.) өкілі болып табылады. Ол сол топта
тұлға ретінде қалыптасады. Топ арқылы тұлға өз мүддесін білдіріп, оны
қорғауға мүмкіндік алады. Демократияның міндеті- қоғамдағы алуан түрлілікті
ынталандыру, барлық азаматтарға бірігуге, өз мүдделерін ашық айтуға
мүмкіндік беру, саяси шешімдерде өзара мәмілеге келу арқылы олардың тепе-
теңдігін табу.
Саясатта топтың қатынас тұжырымдамасын жасаған Артур Бентли (1870-
1957). Ол кең мағынасындағы мемлекеттің мақсаты - саяси үрдіске әр түрлі
топтардың мүдделерін тартып, оларды келісімге келтіру. Мемлекетке
либерализм сияқты түнгі күзетші ретінде емес, топтың мүдделер күресіне
бақылау жасайтын, қоғамда әлеуметтік әділеттілікті қолдайтын қазы ретінде
қарайды.
Демократияның алуан түрлілік теориясының тағы бір ерекшелігі биліктің
араласуы, сіңуі, яғни саяси жүйеде биліктің ыдырауы, бөлініп-бөлініп кетуі.
Мысалы, АҚШ-та билік орталықта президент пен конгрестің арасында ғана емес,
орталықтан штатарға (федералдық принцип), саяси үрдіске қатысушы әр түрлі
топтар, партиялар арасында бөлініп берілген.
Демократияның төбе топ (элитарлық) теориясы жоғарыда көрсетілген
теорияға ұқсас. Ол халықтың саясаттан шеттетілуімен келіседі. Сонымен қатар
саяси шешімдерді аз ғана, санаулы адамдар қабылдайды дейді. Олардың
айтуынша, саяси үрдіске таңдаулы, іріктелген, қалаулы топтар арасындағы
күрес жатады.
Бұл теорияны жақтаушылар халыққа өз мүдделерін қорғап, саяси шешім
қабылдаушы кәсіби саясаткерлерге жүктеуге көздерін жеткізгілері,
сендіргілері келеді. Себебі, ысылған, төселген, жоғары кәсіптенген маман
ғана саяси шешімдерді қабылдаудың еркіндігі мен мүмкіндіктерін сақтай отыра
демократиялық тетіктерді ұтымды пайдалана алады. Төбе топтар өзара күресе
берсін, ал халықтың оған ақылы жетпейді, ол қызба келеді, көңіл күйдің
жетегінде лепірме серкелердің қулығына еріп кетеді деп түсіндіреді[12,23].
Жоғарыда аталған теориялардан басқа демократияның марксистік
теориясы бар. Ол Руссоның ұжымдық теориясына ұқсас. Бірақ марксистер
демократияның таптық мәніне баса көңіл бөледі.
Францияның саясатшысы М.Рокар ақпараттық демократия деген
тұжырымдаманы шығарды. Оның ойынша, қазіргі демократия сайланған адамдар,
ақпарат құралдары және сайлаушылар арасындағы өзара байланыс негізінде
құралады. Халық өзінің таңдау құқығын ақпарат хабарларының еркін таралу
жағдайында ғана іске асыра алады.
Соңғы кезде демократияның экономикалық теориясы алға тартылып жүр.
Ол саясат билік қатынастарын нарықтық қатынастармен байланыстырады. Мысалы,
Американың президенті Б.Клинтон жақында қазіргі Батыс демократиясын
нарықтық демократия деп атады.
Демократияны тура, плебисцитарлық, өкілдік демократия деп бөледі.
Тура демократияда халық маңызды саяси шешімдерді қабылдауда, билік
жүргізуде тікелей қатысады. Оның жақсы жақтары: халықты саясаттан
шеттетпейді, саяси жүйенің тұрақтылығын және басқарудың ұтымдылығын
арттырады; халықтың белсенділігін дамытып, тұлғаның өзін-өзі көрсетуіне,
танытуына жол ашады; саяси институттар мен қызмет адамдарын бақылаудың
ықпалдылығын қамтамасыз етеді, билік пұрсатын теріс пайдаланудан сақтайды,
басқарушы төбе топтың халықтан алшақтауына, шенеуніктердің бюрократталуына
жібермейді.
Тура демократияға референдум, плебисциттер жатады. Референдумға
маңызды заң шығарушы немесе ішкі және сыртқы мәселені түпкілікті шешу үшін
сайлаушылардың көңілін білдіруі жатады. Ол парламент, үкімет басшысы немесе
халықтың бастамасымен өткізілуі мүмкін. Тура демократия Франция, Италия
елдерінде кең тараған. Италияда екінші дүниежүзілік соғыстан кейін
референдум арқылы монархиялық билік тоқтатылды. Қазақстан Республикасында
референдум арқылы Президенттің өкілдігі ұзартылды, 1995 жылғы Конституция
қабылданды[3,43].
Плебисцитарлық демократияда азаматтардың саяси ықпалы кемиді. Оларға
сайлау арқылы заңның немесе басқа шешімнің жобасын қабылдау немесе
қабылдамау құқығы беріледі. Оны ідетте президент, үкімет, партия немесе
басқа бастамашы топ дайындайды. Мұнда халықтың жобаны дайындауға қатынасу
мүмкіндігі өте аз. Оны біраз жағдайларда екіұшты сұрақтар қою және т.с.с.
арқылы ұйымдастырушылар айласын асыру үшін де пайдаланады.
Өкілдік демократияда халықтың еркі депутаттарға және биліктің өкілетті
органдарына дегелеңденеді. Азаматтар өздерінің көзқарастарының,
мақсаттарының, бағдарламаларының жақындығына байланысты депутаттарды
сайлайды, оларға өз мүдделерін қорғауды сеніп тапсырады. Оның жақсы жақтары-
еңбектің айқын бөлінуі, шешім қабылдайтын адамдардың құзіреттілігі мен
жауапкершілігі. Осал жағы - сайлау аралығында халықтың биліктен шеттетілуі,
басқарудың бюрократиялануы, авторитарлық үрдістің өрістеуі және т.б.
Біздің Қазақстан Республикасы өзінің егемендігін жариялап, зайырлы,
демократиялық, құқықтық мемлекет құруда. Қазақстан Республикасында адамның
негізгі құқықтары мен бостандықтары көрсетілген, олар заң мен сот алдында
теңдестірілген. Әркім өзінің жанына жақын саяси мұраттарды ұстануға ерікті.
Сөз және баспасөз бостандығы. Соның ішінде сынау құқығы да заң жүзінде
бекітілген.
Сонымен қатар, демократия - тарихи құбылыс. Оны бір қоғамнан
екіншісіне қалай болса солай көшіре салуға болмайды. Оны осы ғасырдың 60
жылдары егемендіктерін алған үшінші елдерді демократияландыру
тәжірибесі ашық көрсетті. Дамыған елдердің саяси жүйесін азаттық алған
елдерге тікелей көшіруге тырысушылықтан ештеңе шыққан жоқ. Бұл сәтсіздікті
ол кезде Азия-Африка елдері артта қалған, олар өркениеттілікке өсіп
жетулері керек деп түсіндіріліп келді. Мәселе онда емес еді. Басқа
әлеуметтік құрылымы, саяси үрдісі бар жерге өзге тәртіпті еріксіз
телігеннің нәтижесі еді. Сондықтан біздің еліміз де саяси, әлеуметтік,
экономикалық мақсаттарды, демократиялық теориялардың даму жолдарын, оның іс
жүзінде іске асқан елдердегі тәжірибелерін, тұған жеріміздің бай тарихын,
тамаша тағылымын, сан ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық әдет-ғұрпымызды,
салт-санамызды, еліміздің ерекшеліктерін ескере отырып, демократияның
өзімізге лайықты жүйесін қалыптастырғанымыз ләзім.
Қоғам демократиялық жағдайда өмір сүруге үйренуі керек. Оған тез жету
оңай емес. Дегенмен, ол өркениетті елдердің тарихи тәжірбиелерінен белгілі
болғандықтан демократияның өз өміршеңдігін дәлелдеген рәсімдерін, тәртіп,
қағидаларын тезірек кіргізіп, тиімді және нысаналы пайдаланған абзал.
Демократия дегеніміз тек үкімет билігін іске асыру әдісі туралы
жасалған конституциялық ережелер мен тәртіптердің жиынтығы ғана емес.
Демократиялық елде үкімет орындары тек әр алуан мекемелермен, саяси
партиялармен, ұйымдармен және бірлестіктермен қатар өмір сүретін әлеуметтік
құрылыстың бір тетігі ғана болып есептеледі. Мұндай әртүрлілік плюрализм
деп аталады және толып жатқан ұйымдасқан топтар мен мекемелер демократиялық
қоғамда өзінің өмір сүруі, заңдылығы және өкілдігі үшін үкіметке бір мысқал
да тәуелді емес.
Демократиялық қоғамда мыңдаған жеке жергілікті және ұлттық ұйымдар
қызмет атқарып ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz