Меншік құқығы түсінігі



1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
а.Меншік құқығының түсінігі мен мазмұны.
б.Меншік құқығының субьектілері.
в.Интелектуалдық меншік құқығы.
3.Қорытынды
4.Пайдаланған әдебиеттер
Күнделікті тұрмыста «меншік» ұғымы мүлік, зат және оларға деген белгілі бір құқықпен байланыстырылады. Сондыктан меншік дегеніміз заттың, мүліктің өзі ғана емес, оған деген белгілі бір құкықтың пайда болуы. Сонда, меншік экономикалык ұғым болса, меншік құқығы құкықтық ұғым. Алменшік құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету кұқығы. Көрсетілген құқықтардың әрбіреуі меншік құқығының қажетті бөлшектері және барлығы бірігіп меншік құқығының мазмұнын біддіреді.
Иелену құқығы дегеніміз мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету. Иеленудің заңды, заңсыз, ұқыпты, ұқыпсыз деген сияқты түрлері болады.
Пайдалану құқығы дегеніміз мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге нысандарында болуы мүмкін.
Билік ету құқығы дегеніміз мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен камтамасыз етілуі.
Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілетгігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы.
Жеке меншік азаматтардың және мемлекеттік емес занды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі ретінде көрінеді. Жеке меншікте болатын мүліктің саны мен құны шектелмейді.
Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық, меншік түрнде көрінеді.Республикалық меншік мемлекеттік қазынадан және заң құжаттарына сәйкес мемлекетгік республикалық занды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады. Республикалық бюджеттің қаражаты, алтын валюта қоры және алмас қоры, жер, оның қойнауы, су, өсімдік және жануарлар дүниесі, баска да табиғи ресурстар мемлекеттік меншікте бола-ды. Бұлардың барлығы және мемлекеттік занды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мемлекеттік мүлік Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынасын құрайды.
1. Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарльқ бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / А.Ибраева, Б.Қуандыков, Ш.Маликова, С.Есетова. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 192 бет.
2. Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл.
3. М. Дулатбеков «Мемлекет және құқық негіздері». Астана 2001ж
4. Қазақстан Республикасының Конституциясы.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
а.Меншік құқығының түсінігі мен мазмұны.
б.Меншік құқығының субьектілері.
в.Интелектуалдық меншік құқығы.
3.Қорытынды
4.Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Күнделікті тұрмыста меншік ұғымы мүлік, зат және оларға деген белгілі бір құқықпен байланыстырылады. Сондыктан меншік дегеніміз заттың, мүліктің өзі ғана емес, оған деген белгілі бір құкықтың пайда болуы. Сонда, меншік экономикалык ұғым болса, меншік құқығы құкықтық ұғым. Алменшік құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету кұқығы. Көрсетілген құқықтардың әрбіреуі меншік құқығының қажетті бөлшектері және барлығы бірігіп меншік құқығының мазмұнын біддіреді.
Иелену құқығы дегеніміз мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету. Иеленудің заңды, заңсыз, ұқыпты, ұқыпсыз деген сияқты түрлері болады.
Пайдалану құқығы дегеніміз мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге нысандарында болуы мүмкін.
Билік ету құқығы дегеніміз мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен камтамасыз етілуі.
Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілетгігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы.
Жеке меншік азаматтардың және мемлекеттік емес занды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі ретінде көрінеді. Жеке меншікте болатын мүліктің саны мен құны шектелмейді.
Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық, меншік түрнде көрінеді.Республикалық меншік мемлекеттік қазынадан және заң құжаттарына сәйкес мемлекетгік республикалық занды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады. Республикалық бюджеттің қаражаты, алтын валюта қоры және алмас қоры, жер, оның қойнауы, су, өсімдік және жануарлар дүниесі, баска да табиғи ресурстар мемлекеттік меншікте бола - ды. Бұлардың барлығы және мемлекеттік занды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мемлекеттік мүлік Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынасын құрайды.
Коммуналдық, меншік жергілікті қазынадан және заң кұжаттарына сәйкес коммуналдық занды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады. Жергілікті бюджет қаражаты және мемлекетгік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де коммуналдык мүлік жергілікті қазынаны құрайды.

Меншік құқығы -- субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.
Меншік құқығы мәміле жасалған кезде болған барлық жүктемелерімен басқа адамға беріледі. Меншік иесінің өз мүлкін иелену құқығы, пайдалану құқығы және оған билік ету құқығы болады. Меншік құқығының мерзімі шексіз. Мүлікке меншік құқығы Азаматтық кодексте көзделген негіздер бойынша ғана ықтиярсыз тоқтатылуы мүмкін.
1. Мүлікті меншіктенуге қатысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жүйесі;
2. Заңнамалық тұрғыдан жан-жақты қамтамасыз етіліп, меншігіне бекітілген мүлікті меншіктенушінің өз қалауы мен мүддесіне орай иелену, пайдалану және оған билік ету мүмкіндігі, сондай-ақ өз шаруашылығының үстемдік аясына өзгелердің араласуына жол бермеу мүмкіндігі.
Бұл мүмкіндіктер заңға қайшы келмейтін және өзгелердің заңды құқықтары мен мүдделерін таптамайтын кез келген әрекет арқылы жүзеге асады. Бұл тұрғыда меншік құқығы үш түрлі бөліктен тұрады:
1. Иелену хақысы - меншіктенушінің мүлікке деген шаруашылық үстемдігі. Яғни мүліктің иесіне заң жүзінде бекітілуі;
2. Пайдалану хақысы - мүлікті іске асырып, пайдаға жарату;
3. Билік ету хақысы - құқықтық әрекеттер жасау арқылы мүліктің тағдырын белгілеу.
Мысалы, үйдің иесі оны сатса да, жалға берсе де немесе өзі тұрса да өзі біледі. Осы үшеуі Меншік құқығының құрамдас бөліктері болғанмен, барлық кезде бірге жүрмейді. Мысалы, жалға алған пәтерді пайдалану хақысы болғанымен, жалдаушының ол пәтерге деген иелену және билік ету хақысы жоқ. Көрсетілген үш мүмкіндіктің ішіндегі мүлікті меншіктендіретіні, яғни ең маңыздысы иелену хақысы. Қалған екеуі меншік иесінде болуы да, болмауы да оны меншік құқығынан айыра алмайды. Сондықтан мүліктің барлық ауыртпалығы, жауапкершілігі меншік иесінде.
3. Меншік құқығының мазмұны. Меншік иесіне өз мүлкіне иемдену, пайдалану және оған билік ету құқығы берілген (АК-ның 188-бабы 2-тармағының 1-бөлігі). Бұл құқықтар меншік құқығының мазмұнын анықтайды. Алғаш рет аталып отырған триада жеке құқығының орта ғасырлық коментаторларының еңбектерінде пайдаланылған, ал рим жеке құқығының өзі меншік иесі өкілеттіктерінің толық тізбесін білмеген. Ресей заңнамасында ол алғаш 1832 жылы пайда болды.
Иемдену құқығы мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заңмен қамтамасыз ету мүмкіндігін білдіреді. (АК-ның 188-бабы 2-тармағының 2-бөлігі). Дағдылы түсінікте бұл өкілеттікке ұстау ұғымы басқалардан гөрі сәйкестеу келеді. Бұған қарағанда, дау туған жағдайда мүлік ұстаушы басқадай белгіленгенге дейін титулдық (заңды) меншіккер болып табылады. Бірақ, мынаны білу керек: меншік құқығы иемденумен де, тіптен сол кеездегі иелікпен де қатты байланысты емес. Сонымен қатар, бүгінгі күнге дейін заң шығарушы иемдену құқығының құқықтық мәндік нышандарын таба алмады. Сондықтан, іс жүзінде алып тастау принципіне сүйенуге тура келеді- пайдалану және билік ету құқықтары қаитымайтындар иемдену құқығы болып табылады. Сонымен қатар иемденуде маңыздылық бар, сондықтан да ол қалған басқа құқықтардан (әсіресе міндеттемелік құқықтан) өзгеше. Басқа заттық құқықтықтарда иемдену өкілеттігі жалпы ереже бойынша да болмауы да мүмкін, ал меншік құқығында бұл, әдетте, міндетті элемент.
ҚР АК-сына қарағанда Ресей АК-сында иемденуге анықтама берілмеген. Сондықтан да Ресей Федерациясында иемдену құқығын түсінуде бірпікірлік жоқ. Мысалы, Ю.К.Толстой былай дейді: иемденуге құқық беру- меншік иесінің мүлікке шаруашылық үстемдігін заңмен қамтамасыз ету. Әңгіме бұл жерде затқа шаруашылық үстемдік ету жайында, ол меншік иесінің затпен тікелей жанасуын қажет етпейді. Мысалы, ұзақ іссапарға кетсе де меншік иесі өзінің пәтеріндегі заттардың иесі болып қалады. Бұл Герман Азаматтық заңдар жинағының ұстанымына сәйкес келеді. 854-баптың 1-тармағында сәйкес затқа үстемдіктің арқасында затты иемдену шындыққа айналады. Бірақ бұл ұстаным үстемдік терминін ашып бермейді.
Құқықтың континентальдық жүйесінің басқа елдерінің заңнамасы арқылы бұл проблемаға көз жүгіртсек, мүмкін қазақстандық заңнамада иелік етудің меншіктік өкілеттігі түсініктілеу болар. Мысалы, құқықтың роман-герман жүйесінің әртүрлі елдерінде иемденуді, шартты түрде өзінікі және өзінік емес деп бөледі. Францияда, мысалы, иемдену (possession) (detention precare) болып бөлінеді. Иемденуді өзі үшін және меншік иесі ретінде иемдену деп, ал уақытша ұстауды- басқа үшін иемдену деп түсінеді. Германияда дербес және дербес емес (тікелей және тікелей емес) иемдену болып бөлінеді. Қалай десек те, өнеркәсібі дамыған батыс елдерінде иемдену институты мүлікке титул белгілеу және мүлікті титулы жоқ адамдардың озбырлығынан қорғау құралын қамтамасыз ету функциясын орындайды.
Сонымен қатар, құқықтың ағылшын-американ жүйесінде иемденуге құқық институты бар (the right to possess). Иемденуге құқық меншік иесіне (иемденуге құқықғы бар адамға) тиесілі заттың қандай да бір негіздер бойынша басқа адамның иелігінде болу жағдайын білдіреді. Иемденудің бұл формасы тәуелді ұстау (bailment) институтымен байланысты, ол құқықтық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Жылжитын мүліктің меншік иесі бір адам болады (затты басқаға берген- bailor), ал мүлікті иемдену құқығын басқа адам иеленеді (тәуелді ұстаушы- bailee), оған бұл мүлікті меншік иесі белгілі бір мақсат үшін береді. Сонымен, иемденуді түсінуге және оны меншік құқықтары жүйесінде іске асыруға көптеген жол бар деп айтуға болады.
Иемдену құқығы дегеніміз мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда түсірудің заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі. Пайда табыс, өнім, төл өндіру түрінде және басқа формада болуы мүмкін (АК-ның 188-бабы 2-тармағының 3-бөлігі). Мысалға велосипедті алайық. Егер меншік иесі оған мініп жүрсе, онда ол оның пайдалы табиғи қасиеттерін пайдаланады. Бірінші постулат, әрине, ешкімде күдік тудырмайды. Ал енді құқық тұрғысынан алғанда күрделі әрекетті қарастырайық- меншік иесі велосипедпен шеге қағады. Бұл онша қолайлы емес шығар, бірақ одан меншік иесі пайда алады. Жоғарыда берілген анықтамаға сәйкес бұл пайдалану құқығын жүзеге асыру деп бағаланады. Ал, егер меншік иесі велосипедті сырласа немесе бір бөлмеден бір бөлмеге апарып қойса ше? Біздің ойымызша бұл әрекеттер иемдену құқығын жүзеге асыруға жатады. Яғни, заттың пайдалы табиғи қасиеттерін пайдалану, оған билік жасау болып табылмайтын және тікелей пайда әкелмейтін әрекет иемдену құқығы аясына жатқызылады. Маңызды мәселенің бірі- меншік құқығында пайдалану құқығы иемдену құқығынсыз бола ала ма? Біздің ойымызша - бола алмайды. Және де, бұл сұрақтың жауабы иемдену деп нені ұғынатынымызға да байланысты. Жалпы ереже бойынша біз баяндаған тұжырымдамада пайдалану құқығы нақты қолда ұстауды қарастырады. Яғни, мысалы машина уақытын жалға беру, шарт бойынша оны пайдалану кезінде компьютерді иемдену құқықығынығ пайда болуын білдіреді.

Билік ету құқығы дегеніміз мүліктің заң жүзінде тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі. (АК-ның 188-бабы 2-тармағының 4-бөлігі). Мүліктің заңдық тағдыры көбіне мәмілемен белгіленеді. Сонымен қатар мүлікке басқадай заңдық факторлар арқылы билік ету дағдылы жағдайға айналған. АК-ның 188-бабының 3-тармағына сәйкес меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз құқығын тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы.
Меншік иесі өз мүлкіне толықтай билік етуге құқылы. Басқа құқықтар меншік құқығына туындайды, оған тәуелді және көлемі жағынан бастапқы құқықтан кең болуы мүмкін емес. Егер заңнама талаптары, сондай-ақ басқа адамдардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделері бұзылмайтын болса меншік иесі өз мүлкін тіптен жойып жіберуге құқылы.
Меншік құқығы оның нысанының ерекшелігіне қарай тоқтауы мүмкін, мысалы, пайдалану және билік ету өкілеттіктері біріккенде. Әдетте бұл тұтыну заттарын тұтынғанда болады, мысалы тағамды жеп қою. Бұл ретте пайдалану құқығын жүзеге асыру процесі билік ету өкілеттігін іске асыруға, соның нәтижесінде меншік құқығының тоқтауына әкеп соғады. Ю.К.Толстойдың пікірі басқаша. Оның ойынша, егер меншік құқығы затты бір рет пайдаланғаннан кейін тоқтаса да (мысалы, алманы жеу немесе отынды пешке жағу), бәрі бір меншік иесінің мақсаты өзінің меншікке деген құқығын тоқтату емес, қайта заттың пайдалы қасиеттерін алу болып табылады. Сондықтан да бұл көрсетілген жағдайда затқа билік ету емес, оны пайдалану құқығының ғана жүзеге асуы орын алып отыр. Бұл пікір Ресейлік заңнамада билік ету құқығын затқа қатысты заң актілерін жасау жолымен сол заттардың тағдырын анықтаудағы заңдық мүмкіндік деп ұғынумен байланысты. Қазақстан заңнамасы өз тарапынан заңдық тағдырды анықтау мүмкіндігі, яғни топтастыру міндетті емес кез келген әрекеттерді жасау ұғымын мәміле ретінде түсіндіреді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Семинар сабақтарына тапсырмалар
Азаматтық құқық пәнінен лекция тезистері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ
Жерге меншік құқығы
Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының дәрістері
Меншік құқығы жайлы жалпы ережелер
ҚР азаматтық құқығы пәнінің лекция тезисі (жалпы бөлім)
Меншік құқығының түсінігі және түрлері
«Жер құқығы» пәні бойынша контактілі дәрістер материалдары
Жер құқығының түсінігі, пәні, әдістері, жүйесі
Пәндер