Жеке тұлға және саясат



1.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2.Негізгі бөлім: ... ... ... ... 6
а)Саяси әлеуметтану: мәні,факторлары,кезеңдері,нәтижесі
б)Тұлғаның саяси әлеуметтенуінің негізгі кезеңдері мен нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ..8
в)Саяси қатысу мен оның түрлері ... ... ... ... ..11
3.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ...15
4.Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... 16
Жеке тұлға деп:
а)әлеуметтік жағы, адамның бойындағы әлеуметтік сапалар;
б)белгілі бір әлеуметтік қоғамнын өкілі болатын, (ұлты, топ, ұжым т.б.) белгілі бір іс-әрекет түрімен айналысатын, қоршаған ортаға деген өзінің қатынасын мойындайтын және өзінің дара ерекшеліктері бар нақты адам. Ұлттық психика мен жеке адамның психикасының арақатысы диалектикалық ұқсастықпен жекеліктің айырмашылығымен сәйкес келеді. Жалпылық (ұлттық) және жекешелік (өзіндік) жеке адамның психологиялық кейпінде бірлікте болады. Бірақ олардың ара қатысы әр адамда әртүрлі. Жеке адамның қатынас кеңістігі неғұрлым кең болса, өмірдің барлық жағымен оның байланысы және қарым-қатынасы да әртүрлі болады ішкі дүниетанымы да бай және жеке адамның өз ұлтына тән әлеуметтік сапасы да жоғары болады.
Жеке тұлға белгілі бір тәртіппен экономикалық қызметке қатысушы және толық құқықты қызмет субъектісі ретінде әрекет етуші адам. Жеке тұлға өз атынан әрекет етеді және ұжымдық құрылым болып табылатын заңды тұлға сияқты фирма құруға мұқтаж емес. Сондай-ақ ол құқық қатынастарына қатысушы адамды (азаматты) білдіретін термин ретінде де қолданылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша Жеке тұлға – ҚР немесе басқа мемлекеттің азаматы, сондай-ақ азаматтығы жоқ адам. Яғни “жеке тұлға” ұғымы “азамат” деген ұғымға тең мағынада қолданылады. Азамат (Жеке тұлға) – құқықтың жеке субъектісі, оның құқықтық қабілеті (құқыққа қабілеттілігі), яғни азаматтық міндет атқару қабілеті бар.
1.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б.
2. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998
3. Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл.
4. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет.
5. Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

"Саясаттану" пәні бойынша
Жұмыс №1
Тақырып: Жеке тұлға және саясат.

Тобы:
Орындаған:
Тексерген:
Студенттік билет №:

Алматы 2017
Мазмұны

1.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2.Негізгі бөлім: ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
а)Саяси әлеуметтану: мәні,факторлары,кезеңдері,нәтижесі. ... ... ..6
б)Тұлғаның саяси әлеуметтенуінің негізгі кезеңдері мен нәтижелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
в)Саяси қатысу мен оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
3.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
4.Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16

Кіріспе
Жеке тұлға деп:
а)әлеуметтік жағы, адамның бойындағы әлеуметтік сапалар;
б)белгілі бір әлеуметтік қоғамнын өкілі болатын, (ұлты, топ, ұжым т.б.) белгілі бір іс-әрекет түрімен айналысатын, қоршаған ортаға деген өзінің қатынасын мойындайтын және өзінің дара ерекшеліктері бар нақты адам. Ұлттық психика мен жеке адамның психикасының арақатысы диалектикалық ұқсастықпен жекеліктің айырмашылығымен сәйкес келеді. Жалпылық (ұлттық) және жекешелік (өзіндік) жеке адамның психологиялық кейпінде бірлікте болады. Бірақ олардың ара қатысы әр адамда әртүрлі. Жеке адамның қатынас кеңістігі неғұрлым кең болса, өмірдің барлық жағымен оның байланысы және қарым-қатынасы да әртүрлі болады ішкі дүниетанымы да бай және жеке адамның өз ұлтына тән әлеуметтік сапасы да жоғары болады.
Жеке тұлға белгілі бір тәртіппен экономикалық қызметке қатысушы және толық құқықты қызмет субъектісі ретінде әрекет етуші адам. Жеке тұлға өз атынан әрекет етеді және ұжымдық құрылым болып табылатын заңды тұлға сияқты фирма құруға мұқтаж емес. Сондай-ақ ол құқық қатынастарына қатысушы адамды (азаматты) білдіретін термин ретінде де қолданылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша Жеке тұлға - ҚР немесе басқа мемлекеттің азаматы, сондай-ақ азаматтығы жоқ адам. Яғни "жеке тұлға" ұғымы "азамат" деген ұғымға тең мағынада қолданылады. Азамат (Жеке тұлға) - құқықтың жеке субъектісі, оның құқықтық қабілеті (құқыққа қабілеттілігі), яғни азаматтық міндет атқару қабілеті бар.
Азаматтық құқықтық қабілет туған сәтінен бастап туындайды және барлық азаматтарға бірдей деп танылады. Ол адамның нақты құқықтары мен міндеттерінің пайда болуының шарты мен алғышарты. Азаматтық кодекстің 18-бабына сәйкес азаматтың ҚР шегінде немесе одан тыс жерлерде мүлікті, соның ішінде шет ел валютасын меншіктенуге; мүлікті мұраға алып қалдыруға; республика аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жер таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайтып оралуға; дербес өзі немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп заңды тұлғалар құруға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәміле жасасып, міндеттемелерге қатысуға; өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, зияткерлік қызметтің өзге де туындыларына зияткерлік меншік құқығы болуға; басқа да мүліктік және жеке беймүліктік құқықтарды пайдалануға құқы бар.[[1]]
Әрекет қабілеттілігі азамат кәмелетке, яғни 18 жасқа толғанда толық көлемде пайда болады. Әрекет қабілеттілігі азаматтың экономика қызметке қатысуын, атап айтқанда, жеке кәсіпкер ретінде қатысуын қамтамасыз етеді. Азамат өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен жауап береді. Жеке кәсіпкер несиегердің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты талаптарын қанағаттандыруға дәрменсіз болса, ол соттың шешімімен дәрменсіз (банкрот) деп танылады. Шет елдің азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға ұлттық құқықтық режим беріледі, олардың да Қазақстанның азаматтары сияқты өзіндік беймүліктік құқықтары болады.

Негізгі бөлім

Саяси әлеуметтану-саясат пен саяси қарым-қатынастарды зерттейтін социологияның саласы. Саяси өнер халықты бейбітшілік ішінде бірліте өмір сүруге үйретеді; ал өздері жалпылықты (саяси өнер) бейбітшілікте немесе соғыста өмір сүруді үйретеді.Арнайы ғылыми пән ретінде саясатты социологиялық құралдармен, яғни саясатты саяси өмір сипатын анықтаушы өзара қарым қатынастағы субъектілер, институттар мен ережелер арқылы зерттейд.Саяси әлеуметтану жеке ғылым саласы ретінде XX ғ. 30-50 жж. қалыптасты. Бірақ оның пәндік саласы әлдеқайда ертеректе Платон, Аристотель сияқты көне грек ойшылдарымен,жаңа заман ойшылдары Н.Макиавелли, А.Токвильмен қалыптастырылған.
Саяси әлеуметтену адам өмірінде маңызды орын алады. Оның басты кезеңдері:
1.Саясилану;
2.Персонификация;
3.Идеологизация;
4.Институционализация.
Платон мен Аристотельден бастап ғалымдар барлығына талдау жасайтын, оның квинтэссенциясын шығаратын түсіндіру жүйесін, категориясын және принциптерін табуға тырысты.Қазіргі кездегі батыс зерттеушілері, халықаралық қарым-қатынас - халықаралық қарым-қатынастағы жүйе - ол саяси бірлік арасындағы қарым-қатынас, мемлекет арасындағы қарым-қатынас көріністерінің өзіне тән құлығынан көрінеді: мәселен, дипломат пен солдаттың құлығы - деп атап көрсетті. Екі және екі адам бір мүше ретінде көрінбейді ол жалпы көріністің өкілі: елші өз функцияларын орындауда өзі жататын қауымның саяси өкілі болады; солдат соғыс алаңында соның атынан өзіне ұқсастарды өлтіретін саяси бірлік қана(Р.Арон). Соғыстың көлеңкесіне оралады дәлірек айтқанда мемлекет арасындағы қарым-қатынас соғыс пен бейбітшіліктің баламасын ұстанды. Социологтардың ойынша жалғасады дейді. Ғалымдардың ойынша , олар бір әмбебап мемлекет болып бірікпейінше осындай қалып мақсаты - тіршілік етуі. Осы жерден қарама-қайшылық туады: саяси өнер халықты бейбітшілік ішінде бірліте өмір сүруге үйретеді; ал өздері жалпылықты (саяси өнер) бейбітшілікте немесе соғыста өмір сүруді үйретеді.
Саяси әлеуметтану шеңберінде саясат төрт аспектіде қарастырылады:
1) саяси дау-жанжалдар мен мемлекет аралық күресті зерттеу;
2) қоғам өміріндегі мемлекет орны мен рөлі, басқару қызметтерін жүзеге асырушы институттар, ұйымдар мен әлеуметтік топтардың қоғамға және оның жеке бөліктеріне қатынасын зерттеу;
3) саяси ұйымдар, партиялар мен қозғалыстарды, олардың әлеуметтік құрылымын, динамикасын, ішкі дау-жанжалдарын талдау;
4) жеке түлғалардың саяси қатысуы мен саяси мінез-құлқын, соның ішінде сайлауда, саяси үміткерлер мен мәселелер бойынша дауыс беруін зерттеу.
Саяси әлеуметтану саясатты әлеуметтік құрылым, биресми әлеуметтік институттар, қоғамдық пікір, саяси мәдениет, саяси қатысу, саяси идеология көмегімен талдайды.
Саяси әлеуметтану әдістері: макросоциологиялық және микросоциологиялық болып бөлінеді. Макросоциологиялық ұстанымда биліктің әлеуметтік негіздері, әр түрлі әлеуметтік топтар арасындағы дау-жанжалдардың саяси үрдіске ықпалы анықталады, ал микросоциологиялықта нақты саяси институттар әлеуметтік ұйым ретінде қарастырылады.
Сонымен бірге құжаттарды талдау, бақылау, сауалнама, эксперимент,социо-метриялық әдістері қолданылады.
Халықаралық қатынас жүйесінде халықаралық қатынастардың мынадай түрлері бар:
Саяси,экономикалық,әскери стратегиялық,мәдени,қоғамдық,идеоло гиялық, ғылыми-техникалық
Халықаралық қатынастың әр түрі қарым-қатынастың тәсілін анықтайтын әрқилы формада жүреді: Мәселен, мемлекет арасындағы қатынасар өзін мынадай формада:
Дипломатиялық,хаттамалық,құқықтық,н асихат және сол сияқты қатынастар түрінде көрсетеді.
Өз кезегінде, экономикалық халықаралық қатынастар мынадай формаларда:
Сауда-саттық,қаржылық,кооперативтік ,өндірістік.
Практикалық-саяси функциясы да өте маңызды. Қоғамадық білімдер жүйесінде саясат әлеуметтануы көп жақты нақты практикаға аса жақын, қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы адамдардың өзгертуші немесе консервативтік қызметіне де тым жақын. Саясат әлеуметтануы жалпы социология ғылымының мәліметтерін қоғамдық өмірді жақсарту мақсатында іс-тәжірибеде қолданады және қолдануға тиіс. Саясаттың әр түрлі салаларымен өзара әрекетін зерттей отырып, саясат әлеуметтануы қоғамның неғөрлым тиімді әлеуметтік-саяси құрылысы мен әлеуметтік саяси прогресі моделін іздестіру және анықтау міндеттерін іс жүзінде шешеді.
Саясат әлеуметтануының ғылыми қорытындылары мен ұсыныстары тікелей практикаға шыға алады. Оның қорытындыларынқатаң басшылыққа алса, қоғамдағы күрделі процестер мен бағыттарды дөрыс пайымдауға болады, соның негізінде саяси мәселелердің практикалық оң шешімдері жасалады.
Саясат әлеуметтануы сияқты арнай әлеуметтану теорияларында мәдениет әлеуметтануының да маңызы зор.

Тұлға деп жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі.
Тұлға философиялық тұрғыда адамды "адам" ретінде тануға, яғни оның рухани-адамгершілік, ділдік, мәдени қырларына баса назар аударумен пайымдалады. Психология тұлғаның өзіне тән күш-жігерін, мінез-құлқын, психо-физиология ерекшеліктерін зерттейді. Социологияда тұлға қоғам мүшесі ретінде қарастырылып, оның әлеуметтік қырлары, саналы қоғамдық әрекеті жан-жақты зерттеледі. Қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар саласының қай-қайсында болсын адам орталық мәселе болғандықтан олар тұлға ұғымын ортақ қолданып, әрқайсысы әр қырынан зерттеп-таниды және осы ғылым салаларының зерттеу нәтижелерінің өзара ықпалдастығы мен бір-біріне әсері бар. Әр ғылым саласы тұлға сөзіне өзіне тән танымдық-ұғымдық мағына сыйғызады.
Тұлға психологияда өзінің өмір жолын белгілей алатын, қайталанбас даралық ерекшелігін сезінетін субъект. Тұлға адам ұғымынан гөрі нақты мағынаға ие. Өйткені адам тұлғалық сипатты иелену үшін өз "менің" өзге "меннен" ажыратып, есейіп, өз бетінше дербес әрекет ету мүмкіндігін ашуы керек. Яғни, белгілі бір мәнді іспен айналысатын, азды-көпті білімі, өмірлік тәжірибесі, дүниетанымы мен сенімі бар адамды тұлға деп атайды. Қазақ ұғымында бала мұндай азаматтық атқа бозбалалық шақта ие бола бастайтынын "Он үште отау иесі" деген мақалдан көруге болады. Халықта өзінің өнегелі істерімен, имандылығымен ерекшеленген адамды ерекше қастерлеп, кісілігі бар тұлға дейді. Тұлға бойындағы адамгершіліктің көрінісі ар-ұятқа кір келтірмеуінен, намысын жоғары ұстауынан байқалады.
Тұлғалық белгілер -- адамның даралық ерекшеліктерін көрсететін, психологиялық және физиологиялық элементтерін және оның ойлауы мен қылығын сипаттайтын өмір бойы қалыптасатын психофизиологиялық жүйе. Тұлғалық белгілер теориясы -- негізінде "тұлғаның ерекшелік белгілері" деген ғылыми анықталған терминді қарастыратын тұлға теориясы. Тұлға қасиетінің теориясы тұлға дамуының құрылымын, шығу тегін, қалыптасуын қарастырады.
Жоғарыда көрсетілгендей, тұлға дегеніміз, жоғары шарықтап дамыған, жан-жақты, терең жетілген адам. Тұлға ұғымы адамның әлеуметтік дамуының сапалық көрсеткіші. Бұл адамның биологиялық табиғи қасиеті емес. Ол тек қана адамның әлеуметтік орта жағдайында ғана пайда болады, яғни ол белгілі бір топта, бірлікте өмір сүреді, мұнсыз болмайды, сөйтіп ол адам қоғамдағы барлық қатынастарды, тәжірибені, құнды бағалы нысандарды, бағыттарды өз бойына сіңіріп, меңгеріп, өмірде қолданады. Сөйтіп қоғамды одан әрі жетілдіріп, дамыта отырып, өзі жаңа сапа, қасиетке, яғни тұлғалыққа ие болады.
Осыдан барып, тұлға-қоғамдық қатынастардың жемісі деген тұжырым жасалады. Екінші жағынан, әрбір тұлға өзінше ерекше, қоғамнан біршама тәуелсіз, еркін болады. Оның осындай өзгешелік қасиеттерін, қабілеттерін тұлғаның ерекшелігі деп атайды.
Құқықтық мемлекеттерде жеке тұлға өркениет пен мәдениеттің жоғары адамгершілік қасиеттердің жиынтығы және субъектісі ретінде танылады.
Тұлғаны одан әрі әлеуметтендіру процесі тек қана адамдардың алуан түрлі біліктері мен топтық шеңберінде болуымен шектелмейді. Тұлғаны әлеуметтендіру оны өз бетімен еркін адамзаттың алдыңғы қатарлы тәжірибелеріне, мәдени бағалы құндылықтарына, нысандарына, бағыттарына белсеңді араласып, оларды терең игеруге, боына сіңіруге, өндеуге мәжбүр етеді. Бұларды игерудің нақтылы жолдары болады. Олар:
а) іс-әрекет, бұған ойын, оқу, еңбек ету жатады
ә) қарым-қатынас, бұл - адамдардың бір-бірімен ұдайы, үздіксіз алуан түрлі қоғамдық қатынастарда болуын керек етеді
б) өзіндік сана - сезімді дамыту, бұған ми мен жүректің өз бетінше қызмет, іс-әрекет етуі жатады.
Осылардың негізінде тұлғаның ерекшелік қасиеттері одан әрі тереңдей түседі, оның әлеуметтік тұрғыдан өзін-өзі тануы, өзінше бағалау қасиеттері қалыптасады. Әлеуметтік тәжірибеде, мәдениетте сабақтастық болады. Бұл бағалы, құнды нысана-бағыттарды, тәжірибелерді, іске бейімделуі, мұраттарды ұрпақтан ұрпаққа жалғастыруы, бұларды толық игеріп, меңгері, өмірде нақты қолданумен тығыз байланысты. Құндылық, бағалық мұраттар, бағыттар адамның нақты дүниедегі бағалы, құнды қатынастарын анықтайды, өйткені бағалық-құндылықтар адамның талап-тілегін, мұқтаждығын, мүддесін қанағаттандырады, ал, олар екінше жағынан, адамның белсенді іс-әрекеттерінің, қызметінің көзі болып саналады. Осындай жағдайларға байланысты әрбір адамды әлеуметтендіру қоғамның дамуындағы көкейтесті мәселелердің қатарына жатады.
Тұлғаны әлеуметтендіру. Индивидті тұлғаға айналдыру процесін әлеуметтендіру дейміз. Тұлғаның қалыптасуы белсенді іс-әрекет, қызмет істеуде және басқа адамдармен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси әлеуметтендіру
Саяси әлеуметтендіру мәні, факторлары, кезеңдері, нәтижелері
Жалпы ақпараттық саясат туралы түсінік
ХХ – ғасырдың басындағы қоғамдық – саяси әлеуметтік жағдаяттардың психология ғылымының дамуына ықпалы
САЯСАТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ ОРНЫ
Адам - саясат субъектісі
Әлеуметтану және саясаттану
Саясат және экономика. Саясат және құқық. Саясат және мораль, дін
Саясат жүйесі
Кедендік тасымалдаушының міндеттері
Пәндер