Гуманитарлық көмек пен әскери интервенцияның ара-жігі
1 Интервенция
2 Қазақстан қайырымдылық жасаудан қалыс қалған емес
3 Беларусь шетелдің “бөтен елдің ісіне араласуын” сынады
4 Әскери интервенцияға шақырды

Интервенция (лат. interventio қол сұғу, араласу) — бір не бірнеше мемлекеттің басқа мемлекетке әскери басып кіруі, оның егемендігін бұза отырып ішкі істеріне қол сұғуы. БҰҰ жарғысына сәйкес интервенция халықаралық құқық бұзушылық болып саналады. Интервенцияның саяси немесе экономикалық түрлері де бар.
Әр мемлекеттің саяси тәуелсіздігі мен аумақтық дербестігіне қарсы қарулы қауіп төндіру, т.б. араласу халықаралық құқықты және БҰҰ жарғысын бұзу болып табылады.1965 ж. БҰҰ бір мемлекеттің басқа мемлекеттердің ішкі істеріне қол сұқпауы туралы Декларация қабылдады.
АҚШ әскери күштері Ливияға аттанғалы тұр. Вайтмэн әуе күштері базасы, 19 наурыз 2011 жыл
Халықаралық күштердің Ливиядағы операциясына әркім әрқалай баға беріп жатыр. Бірі оны адами әрекетке баласа, тағы біразы имперализм деп атады.
Ливияға НАТО әуеден шабуылын үдете түскен сайын БҰҰ-ның мақұлдауымен жасалып жатқан операцияларды сынаушылар қатары өсіп барады.
Солардың бірі Иранның рухани жетекшісі аятолла Әли Хаменеи дүйсенбі күні Тегеранда НАТО-ға қарата былай деді:

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Интервенция[өңдеу]
Уикипедия -- ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Интервенция (лат. interventio қол сұғу, араласу) -- бір не бірнеше мемлекеттің басқа мемлекетке әскери басып кіруі, оның егемендігін бұза отырып ішкі істеріне қол сұғуы. БҰҰ жарғысына сәйкес интервенция халықаралық құқық бұзушылық болып саналады. Интервенцияның саяси немесе экономикалық түрлері де бар.
Әр мемлекеттің саяси тәуелсіздігі мен аумақтық дербестігіне қарсы қарулы қауіп төндіру, т.б. араласу халықаралық құқықты және БҰҰ жарғысын бұзу болып табылады.1965 ж. БҰҰ бір мемлекеттің басқа мемлекеттердің ішкі істеріне қол сұқпауы туралы Декларация қабылдады. [1]
Гуманитарлық көмек пен әскери интервенцияның ара-жігі
Жарияланған уақыты: 24.03.2011
Чарльз РЕКНАГЕЛЬ
Share this
Facebook-те бөлісіңіз Google Plus-та бөлісіңіз Twitter-де бөлісіңіз Осы мақаланы электрондық поштамен жолдау
АҚШ әскери күштері Ливияға аттанғалы тұр. Вайтмэн әуе күштері базасы, 19 наурыз 2011 жыл
Халықаралық күштердің Ливиядағы операциясына әркім әрқалай баға беріп жатыр. Бірі оны адами әрекетке баласа, тағы біразы имперализм деп атады.
Ливияға НАТО әуеден шабуылын үдете түскен сайын БҰҰ-ның мақұлдауымен жасалып жатқан операцияларды сынаушылар қатары өсіп барады.
Солардың бірі Иранның рухани жетекшісі аятолла Әли Хаменеи дүйсенбі күні Тегеранда НАТО-ға қарата былай деді:
Көтерілісшілер бомбаланып жатыр. Сіздер оларға көмектесіп, қару беріп, қорған болудың орнына елдің қалай қырылып жатқанына қарап бір ай бойы күтіп отырдыңыздар. Енді келіп араласқыларыңыз келеді. Сондықтан сіздер халықты қорғауға келген жоқсыздар, Ливиядағы мұнайға келдіңіздер.
Владимир Путин, Ресей президенті Сербия басшысымен ресми келіссөз үстінде. Белград, 23 наурыз 2011 жыл
Ресей премьер-министрі Владимир Путин де БҰҰ мен НАТО бірігіп, "ортағасырлық крест жорығын" жасап жатыр деген сын айтты. Путин БҰҰ-ның қарары шала-жансар, әрі дұрыс емес дейді. Оның пікірінше, Муаммар Каддафи режиміне демократия жетпей жатыр, бірақ оны әскери шапқыншылықпен ақтауға болмайды. Ресей премьері басқа елдердің ішкі ісіне араласу АҚШ-тың сыртқы саясатындағы тұрақты тенденцияға айналып барады дейді.
Бұл тұста Қытай шетелдік әскердің Ливияда әскери қимыл жасауын тоқтатуға шақырды. НАТО мүшесі Түркияның өзі шабуылға қарсы болып, Ливияға халықаралық күштер араласпай-ақ ішкі мәселесін шешуге мүмкіндік беру керек деді.
Мұндай сындар айтылып жатқан сәтте Ливиядағы операцияларды қолдаушылар оны төтенше тұрғыдағы гуманитарлық интервенция деп атап отыр. Егер Ливиядағы наразылық танытқан бейбіт халықты жергілікті үкіметтің жасақтарынан қорғау мақсатындағы барлық шараларды БҰҰ мақұлдамаған болса, әлем елдері диктатордың жауыздығын қолдағандай болар еді деген пікір айтылды.
Ливиялық көтерілісшілер талқандалған үкімет күштерінің қару-жарағын олжалап жатыр. Адждабия аймағы, 23 наурыз 2011 жыл
Ливияға қатысты ғаламдық талқылаулар қызып тұрған сәтте бір ел екінші елдің ішкі ісіне әскери операциялар арқылы араласуға хақы бар ма деген мәселе күн тәртібіне шықты.
НАТО елдері Ливиядағы жағдайға қайырымдылық тұрғыда араласты дегенді қолдайтындар бұл елдегі соңғы апталарда болған қантөгістерді алға тартады. Әлем елдерінің бейбіт халықты қорғау идеясы қазірде "R2P" деп аталып кетті.
Бұл бейбіт халықты қорғау тұжырымдамасының тамыры Холокост, одан кейінгі Босния, Руанда және Дарфурдағы қырғыннан бастау алған. Бұл идеяға 2005 жылғы қыркүйек айында 150 елдің басшылары жиналған БҰҰ Бас ассамблеясының басқосуында қолдау білдірілген. Онда ұйымға мүше елдер геноцид, соғыс қылмыстары және адамзатқа қарсы қылмыстарға қарсы жауап беріп қана қоймай, халықты қорғау бойынша да міндеттеме алған.
Қорғау жауапкершілігін қолдаушылар қатыгездікке дипломатиялық жолмен, заңды әрі саяси шаралар және экономикалық санкциялар арқылы қарсы тұруға болады дейді. Бірақ олар сонымен қатар әскери араласу кей кездері соңғы амал ретінде қажет болады дегенді айтады.
Бейбіт халықты қорғау тұжырымдамасы соңғы жылдары қабылданғанымен, кейбір елдер әскери интервенция мәселесінде бір ұйғарымға келе алмай отыр. Оның соңы елдердің бірін-бірі айыптауына ұласты.
Алақанына "Ливияны сүйемін" деп жазған әйел Каддафиге қарсы коалициялық күштердің операциясын қолдау акциясына қатысып тұр. Бенгази, 23 наурыз 2011 жыл
Лондондық сарапшы Шахшанк Йошидің пікірінше, Ливиядағы операция Батыс елдерінің мұсылман екі ел - Ауғанстан мен Ираққа әскер кіргізуінен кейін туып отыр.
Тіпті елдер қабылдаған егемендіктің өзі халқы шабуылға тап болып жатқанда оларға қорған бола алмайды. Мұндай жағдайды соңғы 10 жылдағы екі интервенциядан байқауға болады дейді сарапшы.
Бұл тұста БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты үш елі Ливияға қатысты қарарға дауыс беруде қалыс қалды. Мұның өзі көптеген елдер үшін осындай жағдай бір күні біздің басымызға да тууы мүмкін деген алаң тудырып отыр. Осы тұрғыда елдеріндегі жікшілдік қозғалыстар мен бүлікшіл топтармен күресіп отырған Ресей, Қытай және Үндістан Ливияға қатысты Қауіпсіздік кеңесінің қарарын қолдап дауыс берген жоқ.
Сарапшы Йоши бұл елдердің не себепті алаңдап отырғанына қатысты былай дейді: Егер Батыстың ықпалды елдері қорғау жауапкершілігін әскери іс-қимылдары үшін рұқсат түріне айналдырып, [диктаторлық я автократиялық режимдердің] ішкі істеріне араласатын болса, немесе өздері заңды күш қолдану деп атайтын олардың бүлікшіл қарулы топтарға қарсы әрекеттерін шектейтін болса, онда [диктаторлар] қатты алаңдай бастамақ.
Ресей, Қытай және Үндістан үшеуі де Косовоға НАТО-ның кіруіне қарсы болып, Косовоның Сербиядан бөлініп кетуіне себеп болған оқиғаларды жіті бақылап отырған. Өйткені бұл үш ел өз елдерінде осындай жағдайдың болуына жол бергілері келмейді.
Қауіпсіздік кеңесіндегі дауыс беруде Германия да қалыс қалды. Себебі бұл тайғанақ жолда әскери интервенция мен гуманитарлық араласудың ара-жігін ажыратып алу керек деп шешті. Германияның осыған дейін Ауғанстанның солтүстігіндегі миссияға қатысуы неміс халқының наразылығына тап болған.
Германия канцлері Ангела Меркель парламентте сөйлеп тұр. Берлин, 17 наурыз 2011 жыл
Бұл мәселедегі түйткілдер тек Германияны ойландырып отырған жоқ. Батыстың барлық бөлігіндегі ықпалды саясаткерлер бейбіт халықты қорғау үшін белгілі бір елге әскер кіргізу қаншалықты сыртқы саясатқа негіз болатын тұжырымдама деген сауалға жауап іздеп дал болып отыр.
Тек Ливияға әскер кіргізіп Бахрейн, Піл сүйегі жағалауы немесе Конго демократиялық республикасы сияқты елдерді өз жөніне қалдыруға, сөйтіп тек өз мүддесі үшін ғана араласады деген сөзге қалмауға бола ма?
Бірақ бейбіт тұрғындарды қорғау мақсатында әскери қимыл жасау сырттан таңылған әрекет болса, онда халықаралық күштер белгілі бір елде болып жатқан өз халқын аяусыз түрде қырып-жоюды тоқтатпай қарап отыру керек пе?
Барлық елдердің ішкі ісіне араласа алмаймыз деп ешбір елдің ішкі ісіне араласпай және отыруға болмайды. Гуманитарлық және стратегиялық мақсат-мүдде тең өлшенуі керек, - дейді Йоши.
Мұндай тепе-теңдік сақтау, әлбетте, қиын. Ливиядағы халықаралық күштердің операциясына қатысты дүние жүзінде жүріп жатқан пікірталас бұл мәселенің көпшілікке қатысы барлығын аңғартты.
Қазақстан қайырымдылық жасаудан қалыс қалған емес
*
Табиғат апаты мен саяси қақтығыстардан зардап шеккен аймақтарға жәрдемнің дер кезінде жеткені маңызды. Осы тұрғыдан келгенде, біздің еліміз де адамзатқа ортақ құндылықтар мен қағидаттарды басшылыққа алып, қолдан келген көмегін аямайды. Айталық, соңғы 15 жылдың ішінде біздің тарапымыздан 13 мемлекетке гуманитарлық жәрдем жіберілді. Азық-түлік, дәрі-дәрмек, киім-кешектен басқа қазынадан қомақты қаржы осындай ізгі мақсатқа жұмсалды.
Жуырда жарияланған ақпар бойынша, былтыр бірнеше елге 15 млн доллардың гуманитарлық көмегі көрсетілген екен. Тәжікстан, Ауғанстан, Молдова мен Моң - ғолияға жалпы сомасы 14 млн 856 мың доллар жіберілді. 156 мың долларға азық-түлік, шатыр, төсек-орын жабдығы мен тазалық құралдары сатып алынды. Гаи - тидегі жер сілкінісінен зардап шеккендерге 100 мың доллар аударылды.
Сондай-ақ Елбасының арнайы тапсыруымен Қырғыз еліне жанар-жағармай, құрылыс материалдары, көмір, азық-түлік, тазалық заттары түрінде 13,4 млн доллардың көмегі көрсетілді.
Ал 2008 жылы еліміз жалпы сомасы 1 млрд 989 млн теңгенің гуманитарлық жәрдемін көрсетті. Бұрын-соңды болма - ған әрі ұзаққа созылған суықтың азабын тартқан Тәжікстан халқына азық-түлік, бидай, киім-кешек, отын түрінде 168 млн теңгеге көмек жіберілді. 2008 жылғы 12 мамырда Қытайдың Сычуань провин - циясында жер сілкінгенде, 3,6 млн доллардың гуманитарлық көмегі аттандырылды. Сондай-ақ Ауғанстанға 345,6 млн теңгенің жәрдемі көрсетілді.
Грузин-осетин қақтығысынан зардап шеккендерге 63,232 млн теңгенің құрылыс материалдары, дәрі-дәрмек, азық-түлік, жы - лы киім, төсек жабдықтары жіберілді. Украина мен Молдовадағы алапат су тас - қынына байланысты 89,7 млн теңгеге тауарлы-материалдық құндылықтар тү - рін - де гуманитарлық көмек көрсетілді.
2009 жылы Италияның Аквила қала - сында күшті зілзаладан бүлінген көне ғимараттарды қалпына келтіру қажет бол - ды. Ұзын-сонар тізімнен таңдап алған Амитернумдағы Әулие Биаджо тарихи ке - шенін қалпына келтіруге арнап біздің Үкімет 1 млн 700 мың евро жіберді.
Әлбетте, әр ел өз халқын қандай да бір апаттан қорғау жағын жеке шешуге тырысады. Алайда Жапонияда болған зілзала кенеттен тап беретін табиғаттың тосын мінезіне бірде-бір елдің жалғыз төтеп бере алмайтынын тағы бір дәлелдеді. Күн - шығыс еліне әлемнің түкпір-түкпірінен көмек қолы созылды. Бізден жапон еліне 1 млн доллар қаржы және 33 тонна ет қал - быры түрінде жәрдем аттанған болатын.
Бұл арада мәселе көмектің аз-кемдігінде емес екендігіне назар аударғымыз келеді. Америкалық жазушы Роберт Линн айтқандай, керек кезде көрсеткен азғантай көмек, қажетсіз кездегі үлкен көмектен әлдеқайда жақсырақ. Өйткені апат атаулыны адамзаттың бірлігі мен ізгі ниеті қайтсе де жеңіп шығады.
Сайполла САПАНОВ, саясаттанушы:
* Гуманитарлық көмекті экономикалық жағынан өзіне-өзі сенімді мемлекеттер көрсетеді. Бұл - қайтарымсыз жәрдем. Қайырымдылық көмегі. Мұндай тәжірибе халық - аралық қатынастарда көптен бері қалыптасқан. 2000 жылдан бері біз халықаралық шараларға араласып жүрміз. Бұл - мемлекеттің имиджі үшін қажетті саясат. Рас, АҚШ, Ресей сияқты алпауыт мемлекеттер гуманитарлық интервенция жасайды. Мәселен, Гаитиге, Жапонияға көмек бергенде ықпал ету аймағын кеңейту мүддесін көздейді. Ал біздің еліміз таза мәндегі саясатты ұстанады, яғни гуманитарлық интервенция деген мақсат жоқ. Бір жағынан, бұл - белгілі бір мемлекетке қатысты дипломатиялық әдіс те. Қытайда су тасқыны болғанда біз оларға жәрдем беру арқылы жақсы қарым-қатынасты нығайтуға ұмтылдық. * _ Халықаралық саясатта гуманитарлық көмектің БҰҰ тарапынан ескерілетінін, елдің рейтингін көтеруге әсері болатынын айтқан жөн. Ал Қазақстан - халықаралық қаты - настардағы барлық ұйымға мүше. Қазір Азия ислам конференциясына мүше болайын деп отырмыз. Моральдық қана емес, материалдық көмекті де біз ЕҚЫҰ, БҰҰ халықаралық ұйымдарының шеңберінде жасаймыз. _ _ Бізге де Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары нарық - тық экономиканы сақтау үшін гуманитарлық көмек көр - се - тілді. Өйткені нарықтық экономика мен демократия - ны қабылдаған мемлекеттерге гуманитарлық көмек беріледі. Мәселен, 1947 жылғы Маршалл жоспары, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропаны қалпына келтіру және дамыту бағдарламасы АҚШ тарапынан экономикалық көмек көрсетуге бағытталды. АҚШ коммунистік жүйені қабылдамаған мемлекеттерге көмек көр - сетті. Мұндай идеологиялық мәні бар жәрдем әлі де сақталған. _ Дос КӨШІМ, саясаттанушы: * _Көмек көрсету жағынан біз ешқашан көштен қалған емеспіз. Көрші елдерге де, алыс шетелге де біз қашанда қол ұшын созып отырамыз. Бұл - мемлекетіміздің дұрыс саясаттарының бірі. Өзара көмек көрсету арқылы дүние - жүзіндегі елдер арасында жақсы қарым-қатынас орнайды.
Бірақ мұндай жәрдем табиғи апат болған жағдайда ғана берілуі тиіс деген сөз емес. Саяси қақтығыстың әсерінен қандай да бір елдің басына күн туған кезде де сырт қалуға болмайды. Көмек әр уақытта халыққа беріледі. Бала-шағаны қиыншылықтан құтқару үшін жұмсалады . Адамның бір-біріне көмектескісі келетін ниетін мемлекет осылай жүзеге асырады._ *
Автор: Гүлнар АХМЕТОВА
Беларусь шетелдің "бөтен елдің ісіне араласуын" сынады
сурет belta.by сайтынан
БҰҰ Бас ассамблеясына жасаған үндеуінде елдің сыртқы істер министрі Владимир Макей шетелдердің басқа елдің ішкі ісіне араласа беруін сынады. Оның айтуынша, бөтен елдің ішкі ісіне араласу "қазіргі замандағы көптеген геосаяси проблемалардың тууына әкеп соғады".
"Халықаралық құқық барлық мемлекеттердің мүдделері арасындағы тарихи ымыраластық ретінде пайда болған. Сондықтан ол тек барлық ел бірдей келіскен жағдайда ғана толықтырылуы немесе қайта қаралуы мүмкін" деді министр.
Макейдің сөзіне қарағанда, "гуманитарлық интервенция" немесе басқа да "сәнге айналған тұжырымдар" бір елдің басқа егеменді мемлекеттің ішкі ісіне араласуын ақтай алмайды".
Әскериинтервенцияғашақырды
Әскери интервенцияға шақырды
Сәрсенбі, 14 наурыз 2012 7:21
Сирия оппозициясы араб және батыс елдерін ел ісіне әскери араласуға шақырды. Қазіргі кезде үкі - меттік әскерлер мен оппозиция арасындағы қақ - ты - ғыстар барысында 7,5 мыңнан астам адам көз жұмған деген мәлімет бар.
Сирия ұлттық кеңесінің өкілі Ыстамбұлдағы баспасөз мәслихатында әскери интервенция Сирияда гуманитарлық дәліз құру үшін қажет екенін атап көрсетті. Бұған дейін БҰҰ-ның Сирияны реттеу бойынша арнайы өкілі Кофи Аннан әлемдік қоғамдастықтың күш-жігерімен жанжалдасушы жақтарды келіссөз үстеліне отырғызуға болады деп санайтынын мәлімдеген еді. Бірақ бұл мәлімдемеге бүгін күмәнмен қараушылар көп.

ҚОС ТАРАП ТАТУЛАСУҒА УАҒДАЛАСТЫ
Газа секторында іс-қимыл танытып жатқан Израиль мен Палестина топтары құрбандықтар саны кем дегенде 25 адамға жетіп жығылған жанжалды тоқтату туралы келісімге келді. Мұндай келісімге Мысырдың баста - ма - шылығымен қол жеткізілген.
Қарым-қатынас ушыққан соңғы 4 күнде Газа секторында, жоғарыда айтылғанындай, 25 адам қаза тапса, олардың арасында бейбіт тұрғындар да бар делініп отыр. Бұған қоса, 80 адам жараланған. Ал Израиль аумағында көз жұм - ғандар жоқ, тек 5 адам жарақат алыпты. Тараптар арасын - дағы жаңа қақтығыстар БҰҰ, ЕО ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz