Шыбынның жіктелу жүйесі


Жоспары
I. Кіріспе
a) Шыбынның жіктелу жүйесі.
б) Шыбынның морфологиясы.
II. Негізгі бөлім
а) Шыбындардың биологиясы.
б) Шыбындардың өсімдікті зақымдау белгісі, зақымдалатын өсімдіктің белгісі.
в) Шыбындардың табиғи жаулары мен аурулары.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер.
Кіріспе
Қос қанаттылар (Diptera) - жәндіктер класының бір отряды. Жер шарында кең таралған, 150-дей тұқымдасы 100 мыңнан астам түрі белгілі. Қазақстанда 2 отряд тармағы (ұзынмұрттылар және қысқамұрттылар), 114 тұқымдасы, 5 мыңға жуық түрі бар. Қазба қалдықтары триас кезеңінен белгілі. Атауы қос қанатына орай қойылған (кейбір түрлерінің қанаты жоқ), көздері фасетке ұқсайды. Мұртшасы үш не одан да көп бунақтан тұрады. Аузы шаншып тесуге, жалауға бейімделген. Толық түрленіп дамиды. Дернәсілі құртқа ұқсас, аяқтары болмайды. Қуыршағы бос жатады не ең соңғы дернәсіл қабығымен (піллә) қапталады. Кейбір қос қанаттылар түрлерінің дернәсілдері өсімдіктер мен жануарлар денесінде өсіп жетіледі, ересек жәндіктер өсімдік шірігімен, жануар қанымен қоректенеді. Қос қанаттылар арасында синантроптар да (үй жануарлары, өсімдіктер және микроорганизмдерге қатысты; мысалы, тышқан, шыбын) бар. Қан сорғыш жәндіктер (масса, шіркей, т. б. ) адам мен малға безгек, энцефаломиелит, күйдіргі сияқты жұқпалы аурулар таратады. Гессен шыбыны, швед шыбыны, ұзынсирақты бақша шыбыны, тері бөгелегі, қарын бөгелегі - аулы шаруашылығы мен мал шаруашылығының зиянкестері. Бірқатар қос қанаттылар пайдалы жәндіктер: гүл шыбыны - өсімдіктерді тозаңдандырады; жеміс шыбыны (дрозофила) генетикалық зерттеулерде пайдаланылады; кейбір қосқанаттылар дернәсілдері (тахина) зиянкес жәндіктермен қоректеніп, шаруашылыққа пайда келтіреді; хирономид дернәсілдері - балық жемі; ктырьлар шегіртке, маса, шыбынды құртады. Қазақстанда 6 түрі (мыс., алып шыбын, жетілмеген эфедрома, құмыты шыбыны, т. б. ) “Қызыл кітапқа” енгізілген.
1-сурет. Шыбын
Ұзын мұрттылар отряд тармағы - Nematocera. Көп бунақтан тұратын ұзын мұртшалары бар, дене пішіні маса тәрізді қос қанаттыларды біріктіреді. Личинкаларының бас капсуласы көпшілігінде жақсы жетілген, қуыршағы ашық, шыбын ұшып шығар кезде қуыршақ қабының арқа тігісі бойлай сөгіледі. Біздің елде бұл отряд тармақтың құрамына 32 тұқымдас, солардың ішінде ұзын сирақты шыбындар, маса, галлица, шіркей және басқалары кіреді.
Шыбын (Brachycera) - қосқанаттылардың бір отряд тармағы. Жер шарында кең тараған. Бұлардың мұртшалары қысқа, үш бунақты. Денелері жуан, дернәсілдерінің басы, аяқтары болмайды, құрт тәрізді. Қуыршақтары жалған піллә ішінде жатады. Ересек жәндік қуыршақ қабын түзу тігіс бойымен жарып немесе қуыршақ қабының үстіңгі жағындағы дөңгелек қақпақша арқылы сыртқа шығады.
2-сурет . Шыбынның құрылысы.
А - Мұртшасы, Е - фасетті көздері, На - кеудесі, аяғы, Аб - құрсағы, П - қанаты.
Шыбын ауыз аппараты жалағыш болып табылады. Жалағыш ауыз аппаратының негізгі конус тәрізді бөлімі, бастың өсіндісі рострум деп аталады, оған төменгі жақтың қалдықтары енген. Рострумнан кейін тартқыш немесе гаустеллум орналасқан. Ол қан сорғыш екі қанаттылардың төменгі ерніне сәйкес келеді. Тартқыштың пішіні науа тәрізді, оның жоғарғы жағын жоғарғы ерін жауып тұрады, оның астын сілекей жеткізетін көмекей немесе гипофаринкс орналасқан. Жалағыш аппаратта жоғарғы жақ болмайды. Гаустеллумның бас жағында, жалап сору қызметін атқаратын, екі жақты жарма немесе лабеллум орналасқан. Лабеллумның ортасында, төменгі еріннің науасымен жалғасқан тұмсық тесігі болады.
Тірі шыбындарда рострум гаустеллум мен лабеллум бүгіліп жабылып және ашылуға бейімделген. Тұмсықтың ең күрделі болып келетін бөлігі лабеллум. Оның бет жағында сүзгіштік қасиеті бар, ішкі жағында бүкіл ұзындығы бойынша хитинді ұсақ тесіктері бар жалған кеңірдектен тұрады.
Қоректену барысында екі жақты жарма, лабеллум жалған кеңірдектер субстратқа жабысқаннан кейін, тұмсық тесігі арқылы сұйықтық сорылады. Содан кейін гаустеллум түтікшесіне жетеді. Қоректің қатты бөліктері сүзіліп өтпей қалады. Қатты заттармен қоректену кезінде лабеллумдар жоғары қарай көтеріліп субстраттан ажырайды, содан кейін тұмсықтың ішінен тұмсық тістері шығып, қатты заттарды қырып - үгітеді. Лабеллумдар қайта иілгенде тұмсық тесіктері қайта орнына келеді, сол кезде сүзгішті қатыстырмай, тұмсықтың ойығы арқылы қатты заттарды жұтады.
3-сурет. Мускойдты ауыз апаратының (Б. Н. Шванвич бойынша, өңделген) pcm - рострум, гст - гаустеллум, лаб - лабеллум, в. г - жоғарғы ерін, мк. щ - төменгі жақ қармалауыштары. 1 - төменгі жақ қармалауыштары, 2 - көмекей, 3 - тұмсық тесігі, 4 - екі жақты жарма лабеллум, 5 - жалған кеңірдектер
Қанатының тарамыстануы. Тарамыс түрлері және тарамыстануының құрылысы, қанаттың негізгі морфологиялық сипаттамасы болып табылады және олардың ерекшеліктері бөжектердің жіктелуінде топтар, туыстар мен тұқымдастарды анықтау үшін қолданылады. Орналасуы бойынша негізгі тарамыстар көлденең және бойлық болып бөлінеді. Көлденең тарамыстар дөңестеу және ойыстау болып келеді. Барлық тарамыстанудың формаларының негізі болатын, жорамалдық жалпы жоспары бар.
4-сурет. Ызылдақ шыбын қанатының тарамыстануы: С- косталді, Sc- субкосталді, Rs-радиалды, M1- медиалды, CuA-кубиталді, А1- аналді, Y-югалді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz