«Нұрлы жол - болашаққа бастар жол»



Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. «Нұрлы жол . болашаққа бастар жол» стратегиясы мазмұны
2. «Нұрлы жол . болашаққа бастар жол» стратегиясы бойынша атқарылып жатқан өзгерістер
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Бүгінде бүкіл әлем жаңа сындармен және қатерлермен бетпе-бет келіп отыр. Әлемдік экономика әлі де жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс салдарынан айыға қойған жоқ. Қалпына келу өте баяу және сенімсіз қадамдармен жүруде, ал кейбір жерлерде әлі құлдырау жалғасуда. Геосаяси дағдарыс пен жетекші державалардың санкциялық саясаты әлемдік экономиканы қалпына келтіруде қосымша кедергілер туындатуда. Мен өзімнің тәжірибемнен алдын ала сезіп отырғанымдай, таяудағы жылдар жаһандық сынақтардың уақыты болады. Әлемнің бүкіл архитектурасы өзгереді. Барлық елдер осы күрделі кезеңнен лайықты өте алмайды. Бұл шептен тек мықты мемлекеттер, жұдырықтай жұмылған халықтар ғана өтетін болады. Қазақстан, әлемдік экономиканың бір бөлшегі және геосаяси қысымның эпицентріне тікелей жақын орналасқан ел ретінде, барлық осы үдерістердің теріс ықпалын тап келеді. Нәтижесінде не болып жатқанын біз көріп отырмыз: әлемдік нарықтарда баға құлдырауда және, тұтастай алғанда, экономикалық өсім баяулауда.Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк тарапынан 2014 және одан кейінгі екі жылда әлемдік экономиканың дамуында болжам төмендеу жағына қарай қайта қаралғаны белгілі. Сондықтан кейбір позицияларды жедел түрде қайта қарап, сондай-ақ, алдағы кезеңдердің жоспарларына түзетулер енгізу қажет. Бізде ырғалып-жырғалуға уақыт жоқ. Бүгін айтылатын шараларды 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асыру керек. Біз теріс үрдістердің алдын алу үшін барлық ықтимал шараларды жедел қабылдауға тиіспіз.Бүгін менің тапсырмам бойынша Үкімет белсенді жұмысқа кірісіп кетті. Біз 2015 жылға арналған республикалық бюджеттің параметрлерін қайта қарадық. Бұл дұрыс, өйткені, біздің экспорттық шикізат ресурстарына бағаның құлдырауы бюджеттің кіріс бөлігіне қаржы түсуін төмендетуге алып келуде. Бірақ, соған қарамастан, Үкімет алдына оңай емес, алайда, нақты міндет - барлық әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемінде қамтамасыз ету міндеті қойылып отыр.Дағдарыс жағдайларында, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, экономикалық саясатты қайта бағдарлаулар жүріп жатыр. Қолдауды экономикалық өсім мен жұмыспен қамтуда аса үлкен мультипликативті тиімділік беретін салалар алуы тиіс. Мұндай тәжірибе бізде бұған дейін болған. Біздің 2007-2009 жылдардағы дағдарысқа қарсы табысты шараларымызды еске алсақ та жеткілікті. Көріп отырғандарыңыздай, өмір біздің жоспарларымызға түзетулер енгізуде.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Н.Назарбаев «Тәуелсіз Қазақстанның саяси тарихы» Алматы, 2010 ж.
2. Махмұт Қасымбеков «Елін сүйген, елі сүйген елбасы» Астана 2011 ж.
3. Тайыр Мансұров «Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірде жүзеге асқан Еуразиялық жобасы» Алматы 2012 ж.
4. Нұрсұлтан Назарбаев «Халыққа арнау» «КҮЛТЕГІН» Астана 2007 ж.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы: Нұрлы жол - болашаққа бастар жол

Орындаған: Нугербекова А. А.
Қабылдаған: Иманбаева С. Т.

Алматы
2016 жыл
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Нұрлы жол - болашаққа бастар жол стратегиясы мазмұны
2. Нұрлы жол - болашаққа бастар жол стратегиясы бойынша атқарылып жатқан өзгерістер
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Бүгінде бүкіл әлем жаңа сындармен және қатерлермен бетпе-бет келіп отыр. Әлемдік экономика әлі де жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс салдарынан айыға қойған жоқ. Қалпына келу өте баяу және сенімсіз қадамдармен жүруде, ал кейбір жерлерде әлі құлдырау жалғасуда. Геосаяси дағдарыс пен жетекші державалардың санкциялық саясаты әлемдік экономиканы қалпына келтіруде қосымша кедергілер туындатуда. Мен өзімнің тәжірибемнен алдын ала сезіп отырғанымдай, таяудағы жылдар жаһандық сынақтардың уақыты болады. Әлемнің бүкіл архитектурасы өзгереді. Барлық елдер осы күрделі кезеңнен лайықты өте алмайды. Бұл шептен тек мықты мемлекеттер, жұдырықтай жұмылған халықтар ғана өтетін болады. Қазақстан, әлемдік экономиканың бір бөлшегі және геосаяси қысымның эпицентріне тікелей жақын орналасқан ел ретінде, барлық осы үдерістердің теріс ықпалын тап келеді. Нәтижесінде не болып жатқанын біз көріп отырмыз: әлемдік нарықтарда баға құлдырауда және, тұтастай алғанда, экономикалық өсім баяулауда.Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк тарапынан 2014 және одан кейінгі екі жылда әлемдік экономиканың дамуында болжам төмендеу жағына қарай қайта қаралғаны белгілі. Сондықтан кейбір позицияларды жедел түрде қайта қарап, сондай-ақ, алдағы кезеңдердің жоспарларына түзетулер енгізу қажет. Бізде ырғалып-жырғалуға уақыт жоқ. Бүгін айтылатын шараларды 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асыру керек. Біз теріс үрдістердің алдын алу үшін барлық ықтимал шараларды жедел қабылдауға тиіспіз.Бүгін менің тапсырмам бойынша Үкімет белсенді жұмысқа кірісіп кетті. Біз 2015 жылға арналған республикалық бюджеттің параметрлерін қайта қарадық. Бұл дұрыс, өйткені, біздің экспорттық шикізат ресурстарына бағаның құлдырауы бюджеттің кіріс бөлігіне қаржы түсуін төмендетуге алып келуде. Бірақ, соған қарамастан, Үкімет алдына оңай емес, алайда, нақты міндет - барлық әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемінде қамтамасыз ету міндеті қойылып отыр.Дағдарыс жағдайларында, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, экономикалық саясатты қайта бағдарлаулар жүріп жатыр. Қолдауды экономикалық өсім мен жұмыспен қамтуда аса үлкен мультипликативті тиімділік беретін салалар алуы тиіс. Мұндай тәжірибе бізде бұған дейін болған. Біздің 2007-2009 жылдардағы дағдарысқа қарсы табысты шараларымызды еске алсақ та жеткілікті. Көріп отырғандарыңыздай, өмір біздің жоспарларымызға түзетулер енгізуде.

2.1 Нұрлы жол - болашаққа бастар жол стратегиясы мазмұны
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен жуырда Инфрақұ - рылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған Нұрлы жол мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Бағдарлама елдің макроөңірлерін біріктіру және хаб қағидаты бойынша бірыңғай нарықты қалыптастыруға негізделген жаңа экономикалық саясатты іске асыруға бағытталған.
Бағдарлама аясында қысқа және ұзақ мерзімде экономиканың өсуіне жағдай жасап, жұмыс орындарын сақтауды және жаңа жұмыс орындарын ашуды қамтамасыз ету, іскерлік белсенділікті, өнімділікті және елдің транзиттік әлеуетін арттыру көзделеді. Дағдарыстың алдын алуға, қазақстандықтардың әлеуметтік ахуалын төмендетпеуге негізделген осындай тың бағыттар шеңберінде маңызды да ауқымды міндеттер айқындалған болатын. Атап айтқанда, бұлар шұғыла қағидаты бойынша тиімді көліктік-логистикалық инфрақұрылымды құру, индустриялық және туристік инфрақұрылымдарды дамыту, бірыңғай электр энергетикасы жүйесін дамыту шеңберінде энергетикалық инфрақұрылымды нығайту шараларын құрайды. Бағдарлама тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын жаңғырту, азаматтардың тұрғын үйге қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ, білім беру саласының инфрақұрылымын дамыту мәселелерін де жандандыра түспек. Сондай-ақ, ағымдағы экономикалық жағдайды ескере отырып, Нұрлы жол бағдарламасы өңдеу өнеркәсібі салаларының жекелеген секторларын, агроөнеркәсіп кешенін экспорттаушыларды қолдаудың дағдарысқа қарсы шараларын, ішкі нарықты қорғау және геологиялық барлауды жандандыру мәселелерін қамтып отыр. Нұрлы жол бағдарламасын іске асыру 2020 жылға дейін бірқатар нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сол уақытта 2014 жылмен салыстырғанда жалпы ішкі өнімнің өсімін 15,7 пайызға жеткізу көзделеді. Бастысы, 395,5 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік туады.
Ұлттық экономика министрлігі келтірген мәліметтер бойынша қазіргі уақытта Нұрлы жол бағдарламасын бюджеттік қамту толығымен шешімін тапқан. Бағдарламаны іске асыруға еліміздің Ұлттық қорынан 2015 жылы - 796 млрд. теңге, 2016 жылы - 379 млрд. теңге, ал 2017 жылы - 3 млрд. АҚШ доллары эквиваленті көлемінде қаражат бағыттау жоспарлануда. Сонымен қатар, Халықаралық қаржы институттары есебінен индикативті бірлесіп қаржыландыру көлемі 9 млрд. АҚШ доллары шамасын құрайтын болады. Ал ұлттық компаниялар мен даму институттарының меншікті қаражаты есебінен Нұрлы жол шараларын қаржыландыру 240,9 млрд. теңге болады.
Тұтастай алғанда негізгі екі бөліктен тұратын Нұрлы жол бағдарламасының бірінші блогы - инфрақұрылымды дамыту болса, ондағы жобалар 7 бағыт бойынша жүзеге асырылмақ.
Бірінші бағытта - көліктік-логистика инфрақұры - лымын дамыту мәселелері қарастырылады. Бұл ретте автожол саласындағы жобаларды іске асыруға Ұлттық қордан 301,3 млрд. теңге сомасында қаражат бөлінеді. Халықаралық қаржы институттарынан тартылатын қарыз есебінен 6,3 млрд. АҚШ долларымен қоса қаржыландыру қамтамасыз етіледі. Сөйтіп, 2015 - 2020 жылдары Орталық-Оңтүстік, Орталық-Шығыс, Орталық-Батыс секілді ірі автожол жобалары іске асырылып, республикалық маңызы бар басқа жолдарды реконструкциялау көзделген. Жобалардың инвестициялық фазасы кезеңінде 200 мыңға тарта жұмыс орны құрылатыны жоспарланыпты. Теміржол саласы мен көліктік логистикаға келсек, ондай жобаларды іске асыруға ұлттық компаниялар қаражаты есебінен қоса қаржыландыру 19 млрд. теңгені құраса, Ұлттық қордан 75,3 млрд. теңге сомасында қаражат бөлінеді.
Екінші бағыт - индустриялық инфрақұрылымды дамыту бойынша 2015 жылы Ұлттық қордан 81 млрд. теңге бөлінеді. Соның ішінде Ұлттық индустриялық мұнай-химиялық технопаркі АЭА-да инфрақұрылым салуға - 68,5 млрд. теңге, Қорғас - Шығыс қақпасы АЭА инфрақұрылымын дамытуға - 12,5 млрд. теңге бөлінеді. Қорғас - Шығыс қақпасы АЭА инфрақұ - рылымын жүзеге асыру Қорғас арқылы тауар айналымының көлемін 8 есе арттыруға мүмкіндік бермек. Сарапшылар осы жобаның жолға қойылуы жүк тасымалын жылына 4 млн. тоннаға дейін ұлғайтатынын бағамдап отыр. Соның нәтижесінде 150 млрд. теңге жеке инвестициялар тартылып, 20 мыңға дейін жұмыс орны құрылады, делінуде.
Үшінші бағыт - энергетикалық инфрақұрылымды дамыту шаралары жүзеге асып, Шығыс Қазақстан мен Алматы өңірлерін электрмен жабдықтаудың мүмкіндіктерін арттыру және Солтүстік-Оңтүстік бағытына транзитті күшейту қарастырылады. Бұл мақсатта Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік 500 кВт тран - зитін салу жобасы іске асырылады. Жобаға KEGOC АҚ-ның 118,9 млрд. теңгені құрайтын меншікті қаражаты тартылмақшы. Мұндай нысанды қосу еліміздің солтүстігі мен оңтүстігі арасындағы электр беру желілері арқылы рұқсат етілетін электр қуатының ағынын 2100 МВт-қа (шамамен жылына 14 млрд. кВтс) жеткізетін болады. Мұндай желі арқылы Қазақстанның оңтүстік облыстарына қазіргі деңгейден жылына 4 млрд. кВтсағат артық тасымалдау үшін электр қуатының қосымша көлемін өндіруге мүмкіндік тумақ.
Төртінші бағыт - тұрғын үй-коммуналдық шаруа - шы - лығы, жылумен, сумен жабдықтау, су бұру желілерін жаңғырту үшін 2015-2016 жылдары Ұлттық қордан 150 млрд. теңге қаражат бөлінеді. Бұл ретте келесі жылдан бастап әр жыл сайын 100 млрд. теңгеден кем болмайтын қаражат қарастырылады. Сондай-ақ, халықаралық қаржы ұйымдарынан қарыз тарту да көзделеді. Бағдарлама бойынша коммуналдық желілерді жаңғырту жобаларының тиісті іске асырылуы 2020 жылға жылумен, сумен жабдықтау, су бұру желілерінің тозуын 65 пайыздан 53 пайызға төмендетуге және желілердегі шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде тұтынушыларға көрсетілетін қызметтер сапасының жақсаруына ықпал етпек.
Бесінші бағыт бойынша, тұрғын үй инфрақұры - лымын нығайту және халықтың баспанаға қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында Өңірлерді дамыту-2020 бағдарламасы шеңберінде, жалға берілетін тұрғын үй құрылысының көлемі ұлғайтылмақ. Тұрғын үй инфрақұрылымын қолдауға бөлінетін Ұлттық қор қаражаты есебінен 2015 - 2016 жылдары қаржыландырудың жалпы көлемі 150 млрд. теңгені құрайды. Қазақстандық ипотекалық компаниясы АҚ желісі арқылы кейіннен жалға беру үшін тұрғын үй нысандарын салуды немесе сатып алуды барлық көздерден жалпы қаржыландыру 250 млрд. теңгені құрайды. Нәтижесінде 2015 - 2019 жылдары 1,4 млн. шаршы метр жалға берілетін тұрғын үй салынады.
Алтыншы бағыт - білім беру саласындағы инфра - құрылымды дамыту бойынша Ұлттық қордан 66 млрд. теңге - 2015 - 2016 жылдарға тең бөлінеді. Қаражат мектептерді, балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелерді салуға және жоғары оқу орындарында ғылыми зертханаларды құруға жұмсалады. Ұлттық қордың қаражаты есебінен апатты мектептердің орнына және үш ауысымда оқытуды жою үшін өңірлерде жалпы білім беретін жаңа мектептер салынып, пайдалануға беріледі. Жалпы, Ұлттық қордан бөлек, республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен салынатын мектептер санын ескергенде, Қазақстанда 2018 жылға қарай апаттық және үш ауысымда оқытытатын мектептер проблемасы толық шешімін табады.
Жетінші бағыт аясында кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру шаралары қолдау табады. Нақтырақ айтқанда, 2015 жылы өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта бизнес пен ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікпен несие беруге Ұлттық қордан 100 млрд. теңге мөлшерінде қаражат бөлінеді. 2015 - 2017 жылдары шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыру үшін халықаралық қаржы ұйымдарынан 155 млрд. теңге мөлшерінде кредиттік желілер тартылады. Ал шағын және орта бизнес пен ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікті кредит беру инвестициялық жобаларды іске асыруға, айналым қаражатын толықтыруға және бұрын берілген қарыздарды қайта қаржыландыруға бағытталады. Бағдарлама шеңберінде түпкілікті қа - рыз алушы үшін сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6 пайыздан, кредиттеу мерзімі 10 жылдан аспайды. Ал кәсіпкерлік субъектілеріне мұндай жеңілдетілген кредит берудің нәтижесінде 4 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады, өндірілген өнімнің көлемі ағымдағы деңгейден 150 млрд. теңгеге ұлғаятын болады.
2015 жылғы дағдарысқа қарсы шаралар - Нұрлы жол мемлекеттік бағдарламасындағы кешенді жос - пардың екінші блогын қамтиды.
Бірінші бағыт - отандық машина жасауды дамыту. Олардың қатарында, автомобильдер, тікұшақтар және жолаушылар вагондарын жасау жобаларына 2015 жылы Ұлттық қордан 35 млрд. теңге бөлінеді. Соның ішінде автомобильдер жасау үшін 20 млрд. теңге, тікұшақтарды жасау үшін 10 млрд. теңге, жолаушылар вагондарын жасауға 5 млрд. теңге қарастырылған. Отандық автомобиль және тікұшақ өндірушілерді қолдау ішкі нарықта шетелдік өнімдердің импортын отандық өндіріс өнімдерімен алмастыруды қамтамасыз ететін болады. Жалпы, қабылданып жатқан мұндай шаралар әлеуетті ішкі және сыртқы тұтынушыларға тиімді қаржылық жағдайында отандық машина жасау өнімін алуға мүмкіндік береді.
Екіншіден, даму институттары арқылы экспортты қолдау шаралары үшін экспорттық кредиттеу жолымен 50 млрд. теңге мөлшерінде қаражат бөлінеді. Ұзақмерзімді жеңілдетілген қаржыландыруды ұсыну экспорттаушыларға әлеуетті сатып алушыларды ынталандыру жолымен өнімді өткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады.
Үшіншіден, агроөнеркәсіп кешенін 2015 жылы қосымша қолдау үшін Ұлттық қор қаражатынан 20 млрд. теңге бағытталады. Соның ішінде, АӨК субъектілерін қаржылай сауықтыру бағыты шеңберінде кредиттер және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға - 0,7 млрд. теңге, ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеуге - 1,5 млрд. теңге, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігі мен өнімінің сапасын арттыруға бағытталған АӨК-ті қаржылай қолдау қаражатының көлемі 11,5 млрд. теңгеге ұлғайтылатын болады.
Төртіншіден, басталған кредиттік тұрғын үй жобаларын іске асыру және үлестік салымдарды қорғау үшін 2015 жылы Ұлттық қордан 45 млрд. теңге қарастырылып отыр. Осының арқасында тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша халыққа берілетін 240,6 мың шаршы метр кредиттік тұрғын үйдің құрылысы аяқталатын болады. Кепілдік беру тетігін енгізу тұрғын үй құрылысына қосымша инвестициялар тартуға мүмкіндік береді және азаматтардың үлескерлік құрылысқа қатысу тәуекелдерін айтар - лық - тай төмендетеді.
Бесінші - Бизнестің жол картасы - 2020 жобалары үшін қажетті инфрақұрылымды жүргізу шараларына 10 млрд. теңге мөлшерінде Ұлттық қор қаржатымен қамтамасыз етіледі. Бағдарлама шеңберінде Ақтөбе, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы индустриялық аймақтарға инфрақұрылымдар жүзеге асады. Кәсіпкерлік субъектілерінің неғұрлым ауқымды тобын қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Алтыншы - өнім сапасы инфрақұрылымын дамыту мақсатында сынақ базасының жетіспеушілігі проблемасын шешу үшін Ұлттық қордан 5 млрд. теңге бөлінеді. Нәтижесінде жеңіл және химия өнеркәсібіндегі, металлургиядағы, өрт қауіпсіздігі мен азаматтық қорғаныс, сондай-ақ ветеринария саласындағы қолда - ныстағы сынақ зертханаларын кеңейту және жете жарақтандыру қамтамасыз етілмек. Өнім сапасының инфрақұрылымын дамыту қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және икемді сауда саясатын жүргізу үшін отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік бермек. Соның ішінде, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде өнім сапасына сәйкестікті растау қажеттігіне байланысты кәсіпкерлік субъектілерінің шығыстарын оңтайландыру көзделіп отыр.
Жетіншіден, перспективалы учаскелерді геология - лық зерттеу және пайдалы қазбалардың қорларын толықтыру мақсатында жер қойнауына барлау жасау үшін Ұлттық қордан 6 млрд. теңге бөлінеді. Нәтижесінде Қазақстандағы пайдалы қазбалар қорларының, оның ішінде түсті металдар мен алтын қорының болжамды көлемдері анықталады.
2.2 Нұрлы жол - болашаққа бастар жол стратегиясы бойынша атқарылып жатқан өзгерістер
Әлемдік экономикадағы жағдай мынадай, дағдарысты жағдайларда алға қойған мақсаттарға қосымша қаржы ресурстарынсыз қол жеткізу айтарлықтай күрделі.Кезінде Ұлттық қордың не үшін құрылғанын қаперлеріңізге салғым келеді. Оның басты міндеті - тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету және экономиканы сыртқы қолайсыз жағдайлардан қорғау. Дәл қазір біздің осы қорымызды қажетке жарататын кез келді. Қазақстан өзге елдердің қателіктерін қайталамай, экономикалық өсім үшін ішкі қорын барынша тиімді пайдалануы тиіс.Мен Ұлттық қордан 2015-тен 2017 жылға дейінгі кезеңге жыл сайын қосымша 3 миллиард долларға дейін бөлу жөнінде шешім қабылдадым. Үкіметке бір апта мерзімде Ұлттық қордан қаржы бөлу үшін тиісті шешім дайындауды және 2015 жылға арналған республикалық бюджет жобасында қажетті қаржыларды ескеруді тапсырамын. Сондай-ақ, Үкімет қажетті шаралар қабылдап, осы қаржылардың тиімді әрі оңтайлы пайдаланылуын қамтамасыз етуі керек.Мен құрған комиссия қаржының тиімді жұмсалуын қатаң қадағалап, жеке өзіме баяндап отыратын болады. Әр теңге үшін қатаң сұрау болмақ. Барлық әкімдерге айрықша жауапкершілік жүктеледі. Нұр Отан осы жұмысқа белсенді араласып, барлық деңгейлерде қатаң партиялық бақылау орнатуы тиіс.Ұлттық қор инвестициялары экономиканың тиісті салаларында міндетті құрылымдық реформалар жүргізумен қоса-қабат жүруі тиіс. Ол үшін жобаларды халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асыруды қамтамасыз ету қажет. Мәселен, Дүниежүзілік банк, Азия даму банкі, ЕҚДБ және ИДБ қазірдің өзінде 90 басымдықты жобаға 9 миллиард доллар шамасында бөлуге дайын. Қаржыларды бөлу инвестициялық белсенділікті қолдауға, халықтың табыстары деңгейі төмендеуінің алдын алуға және жаңа жұмыс орындарын ашуды ынталандыруға бағытталған. Нәтижесінде қысқа мерзімді және орта мерзімді перспективада экономиканың тұрақты өсуі қамтамасыз етіледі.Біздің білім беруді, денсаулық сақтауды, ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламаларымыз жалғаса береді. Бұл туралы алдағы жылы Үкіметтің алғашқы кеңейтілген отырысында нақты әңгіме қозғайтын боламыз. Нұрлы Жол Жаңа Экономикалық Саясат - әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына бару жолындағы біздің ауқымды қадамымыз.Бүгінде табысты жұмыс істеу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Әкімшілік реформа жүргізілді, Үкімет пен атқарушы биліктің жаңа құрылымы жұмыс істеуде. Әр министр не істеу керек екенін біледі. Біз басқарудағы қосарланушылық пен қажет емес буындарды жойдық. Әкімдер өкілеттіліктің қажетті деңгейіне ие болды. Өңірлерде бәрі бар - бағдарламалар, ресурстар, қаржы құралдары. Әркім өз жұмыс учаскесі үшін жауап береді. Тек білекті сыбанып, іске кірісу қажет.Нұрлы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қытайдың Жібек жолы бойындағы экономикалық белдеуді құруға күш салуы
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу
«Нұрлы жол» бағдарламасы Қазақстанның тұрақты экономикалық тірегі
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ
Біздің елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - дана адам
Кәсіпорынның экономикалық стратегиясы
Қазақстандағы инфрақұрылым түрлерінің қазіргі даму жағдайы
Киелі жерім - қасиетті елім
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» - ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ
Пәндер