Мақта дақылы


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

2. 1 Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданының климаттық жағдайы

2. 2 Мақта дақылының өсіру технологиясы

2. 3 Мақта егістігінде кездесетін зиянды нематодалардың, кенелердің және кеміргіштердің зияндылығы, биологиясы, таралуы

2. 3. 1 Галла (беріш) түзуші нематода

2. 3. 2 Өрмекші кене

2. 3. 3 Егеуқұйрықтар

ІІІ Зиянды нематодалар, кенелер және кеміргіштермен күресу шаралары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Мақта - бағалы талшықты дақыл, ол халық шарауашылығының әр саласында түрлі мақсатта пайдаланылады. Ең - басты мақта тоқыма өнеркәсібі үшін негізгі шикізат. Мақтаның ұзын талшықты сорттарынан әр түрлі маталар - бәтес, сәтен, маркизат тоқылады. Ал мақтаның қысқа талшығынан целлюлоза, пластмаса, фотопленка, дәрілік мақта, жанғыш пілте, жасанды жібек және басқа бұйымдар дайындалады. Мақта талшығынан тігін машиналары үшін жіп, арқан, электр орағаш және тағы басқада заттар алынады. Мақтаны мал азығы үшін қолданылады. Одан күнжара алады. Ал сабағын отын ретінде қолданылады.

Қазақстандағы жалғыз талшықты дақыл - мақта. Мақта жылу сүйгіш өсімдік. Ол тек Оңтүстік Қазақстан Облысында ғана өсіріледі. Мұнда 1990 жылы мақта 120 мың гектар жерге егілді оның әр гектарынан 27, 1 центнерден түсім алынды. Мақта өте жылу сүйгіш дақыл болғандықтан Қазақстанда өсірілетін ауданы шектелген, яғни оны ауыспалы егісте бір орынға бірнеше жыл қатарынан қайталап отыруға тура келеді. Ғылыми мекемелер мен озық шаруашылықтардың тәжірибесі органикалық және толық минералдық тыңайтқштарды қолданса ауыспалы егісте мақтаның меншікті салмағын 70 - 75 процентке жеткізіп, бір танапта қатарынан 5 - 6 жыл сепкенде, оның өнімділігі төмендемейтіндігін дәлелдеді. Мақтаның халық шаруашылығындағы маңызы, ол адам азығы үшінде пайдаланылады.

Шиті мақтаның сапасын және өнімділігін арттыруда тұқымды егіске әзірлеудің маңызы ерекше зор.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданының климаттық жағдайы

Оңтүстік Қазақстан облысы териториясы негізінен алғанда солтүстік шөл аймақта орналасқан және алуан түрлі рельефімен көзге түседі. Рельефіне қарай ол айқын айырмалы төрт бөлікке: солтүстік, оңтүстік-батыс жазықтық, жазықтық - оңтүстік және таулы оңтүстік -шығыс - таулы бөліктерге бөлінеді. Географиялық жағынан облысқа Қызылқұм шөл даласының оңтүстік - шығыс бөлігі, Сырдария өзенінің орта ағысындағы аңғары, Мойынқұмның батыс шеті, Шу өзенінің төменгі ағысындағы алқап, Бетпақдала шөлінің сазды батыс бөлігі, Қаратау жотасының көпшілік бөлігі және батыс Тянь-Шаньнің бірқатар жоталары қосылады. Қаратау жотасы оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай облысты екіге-солтүстік және оңтүстік бөліктерге бөліп жатыр.

Қаратау жотасының Сырдария өзені жаққа қараған оңтүстік -батыс беткейлері жайпақ келеді, шағын өзендермен жақсы суғарылады, Мойынқұмға қараған солтүстік-шығыс беткейлері көбінесе тік, жартасты келеді де, өсімдіктер мен ағын сулары тапшы болады. Мойынқұм мен Қаратаудың солтүстік аңғарларының аралығын тау бөктеріндегі сұр топырақты енсіз жазық алып жатыр. Бұл бөлік егіншілікке, негізінен алғанда суармалы егіншілікке жарамды келеді.

Облыстың қиыр солтүстігін Бетпақдала үстіртінің батыс бөлігі алып жаыр. Үстірттің оңтүстік кемерінде Шу өзенінің кеуіп кететін төменгі алқабы орналасқан.

Облыстың оңтүстік-батыс жағында Қызылқұм шөлі бар, ол оңтүстікке қарай бірте-бірте Мырзашөлдің көтеріңкі жазығына ұласады. Шығыста облыстың Қиров атындағы каналдың сумен суғарылатын негізгі мақта егістері орналасады.

Қызылқұм шөлі мен Батыс Тянь-Шаньнің бөктері аралығында оңтүстіктен солтүстікке қарай кеңи түсетін Сырдария өзенінің аңғары алып жатыр. Соңғы жылдары бұл аңғарда күріш егісі ұлғайтылады.

Облыстың климат жағдайы тым алуан түрлі. Климаттың айырықша ерекшелігі - инсоляция мен жылу ресурстарының молшылығы.

Қысы жылы, қысқа, әлсін-әлсін жылымықты, қар аз жауады және ұзақ жатпайды. Тәуліктік орташа температурасы 0ºС-ден асатын жылы кезеңнің ұзақтығы облыстың солтүстігінде 8 айға тең және оңтүстігінде 10 айдан асады. Облыс бойынша ауаның жылдық орташа температурасы 8-9ºС-ден 14ºС-ге дейін солтүстіктен оңтүстікке қарай жоғары көтеріліп, өзгеріп тұрады. Облыстың түрлі аудандарының температуралық режиміне сипаттама беру үшін ауаның айлық және жылдық орташа температуралары келтіріледі.

Январь-жылдың ең суық айы, ондағы орташа температура облыстың териториясында -1ºС-ден оңтүстікте 10ºС-ге солтүстікте дейін ауытқиды. Жекелеген жылдары температураның абсолюттік минимумы 30-35ºС-ге дейін, ал кейбір аудандарда тіпті -38-39ºС-ге дейін жетеді. Ең ыстық ай - июль, ауаның июльдегі орташа температурасының мейлінше жоғары деңгейі 29-30ºС Қызылқұмда, төменгісі - таулы аудандарда 20-24ºС және ең төменгі деңгейі - биік таулы аудандарда. Жаз кезінде кейбір күндері облыстың оңтүстігінде-температураның 45-47ºС-ге дейін, солтүстігінде 43-44ºС-ге дейін көтерілуі мүмкін.

Облыстың жазық бөлігінде жауын-шашынның жылдық мөлшері 130-250 миллиметр ғана, тау бөктерінде 400-700 миллиметр және оданда көп болады. Алайда жауын-шашын тұрақты емес, кейбір жылдары оның мөлшері ауытқып тұрады. Жауын-шашынмен нашар қамтамасыз етілетін аудандарда (жазықта) мейлінше қуаңшылық жылдары жыл ішінде 80-100 миллиметр болады, бұған керісінше, аса ылғалды жылдары 300-400 миллиметрге дейін жетеді, таулы аудандардағы жауын-шашын тиісінше- 300-500 милиметрден 1000-1400 миллиметрге дейін ауытқиды. жауын-шашын мейлінше көп болатын екі кезеңі бар: ол-көктем мен күз. жауын-шашынның ең көп болатын кезі- март пен апрель, ең аз болатын кезі - жаз. Күздің бірінші жартысы құрғақ келеді. Қысқы -көктемгі жауын - шашын жылдары мөлшердің 70-80 процент болады.

Топырақ. Сазды тегіс жазықтардың үстіңгі беті алуан түрлі сұр топырақпен бүркілген. Олардың ең жақсысы-ашық түсті сұр топырақ. Жер биіктеген сайын топырақтың айырмашылығы, жалпы алғанда аймақтың түрін сақтай отырып, бірте-бірте өзгере береді:әдеттегі сұр топырақ, қара сұр топырақ, қоңыр, қара топырақ және ақыры, тау шалғынының топырағы. Осы факторларға қарай ауыл шаруашылығын өркендету жағдайлары да өзгереді.

Тау бөктеріндегі табиғат жағдайы - суармалы егіншілік үшін, жоғарғы жақ тәлімі егіншілік үшін ерекше қолайлы келеді. Суармалы және тәлімі егіншілікті бірдей дәрежеде өркендетуге болатын аралық алқаптар да бар. Егіншілікке қолайсыз келетін биік таулы жерлерді жайылымға ғана пайдалануға болады.

Тау бөктерінде біршама жақсы ылғалды белдеу орналасқан. Егіншілік жөнінде ол жауын-шашын жеткілікті тұрақты тәлімі жер болып табылады. Беткі қабаты таулы дала топырағы, сілтісіз қара қоңыр топырақ.

Ылғалды белдеуден кейін, бір саты төмен тау бөктерінде әжептәуір айқын рельфті ылғылы орташа ғана тәлімі жер белдеуі орналасқан. Мұндағы беткі қабатта таулы дала топырағы, ашық түсті және әдеттегі сұр топырақ жатыр.

Ең оңтүстік бөлікте кқгалды, тек суармалы егіншілігі ғана бар көп карбонатты сұр топырақ басымен келеді. Облыстың табиғат жағдайының жалпы белгілері осылар.

Аймаққа бөлінуі. Облыстың территориясы аграрлық климаттық тұрғыдан мынандай аймақтарға бөлінеді:

  • Ыстық шөлді құрғақшылық аймақ облыс территориясының көп бөлігін қамтиды және онда Бетпақдала, Мойынқұм, Қызылқұм шөлдері бар. Оған сондай-ақ облыстың орталық бөлігі де кіреді.
  • Өте қуаң ыстық тау бөліктерлі аймағы. Оған Түркістан, Алғабас, Түркістан, Сайрам, Ленгір, Ленин аудандарының тау бөліктеріндегі бөлігі, Созақ ауданының оңтүстік-шығыс бөлігі кіреді.
  • Таулы аймақ- Қаратау жотасы және Батыс Тянь-Шаньнің тармақтары. Аймақ Түркістан, Созақ, Алғабас, Түлкібас, Ленгер және Ленин аудандарының таулы бөләктерінде орналасқан.

Мақта дақылының өсіру технологиясы

Мақта Қазақстандағы жалғыз талшықты дақыл. Ол тек Оңтүстік Қазақстан облысында ғана өсіріледі. Мақта - бағалы талшықты дақыл. Мақтаның ұзын талшықтары сорттарынан әр түрлі маталар алынады. Орташа есеппен 1 тонна шитті мақтадан 3000 мата тоқуға болады. Мақта шаруашылығының алдындағы тұрған басты міндеттердің бірі - мақта талшығының технологиялық сапасын жақсарту.

Мақта - жылу сүйгіш өсімдік. Оның тұқымы топырақ +10-12ºС жылығанда өне бастайды. Бірақ ол темперетура көктеп шығуы үшін жеткіліксіз. Мақтаның өсу бойы кезінде дамуына қолайлы темперетура +25-30ºС. Мақта дақылының тұқымы өніп шығуына тек қана жарық, жылу, ылғалдық қана емес қоректік элементтер де керек. Тұқымның қоректену ортасында, белокта, фосфор бар болса, онда олар тамырында тез синтезделеді де көктеп шығуы тез болады. Тым ерте немесе ерте себілетін тұқым температураның төмен болуына байланысты топырақта 20-25 күннен астам уақыт өнбей жатып қалып шіри бастайды. Ал көктеп шыққан өніктер өте сирек және әлсіз, ауруға шалдыққыш келеді. Көп жылдық тәжірибелерге сүйене отырып және облыс аудандарындағы табиғи аймақтардың топырақ климат жағдайларын ескеріп мақта себудің мына қолайлы мерзімдері ұсынылады: ауа райы жақсы Оңтүстік аймақ үшін - сәуірдің 10-нан 20-на дейін, Солтүстік аймақ үшін - сәуірдің 15-нен 25-не дейін.

Себу тәсілдері. Мақтаның қатар аралығы 60 және 90 сантиметр жиі ұялы, не пунктирлі әдіспен себіледі. Қазіргі кезде мақта өсірудің комплекстік механикаландыру, қол еңбегімен қаржыны аз жұмсау үшін қатар аралығында кең -90 сантиметр етіп себеді. Пунктирли әдіспен қатар аралығы 90 сантиметр етіліп себілген өсімдіктер 90Х20-2 схемалары бойынша орналасады. Ұялы әдіспен қатар аралығы 60 сантиментр етіліп себілгенде өсімідктер 60Х25-2-3 схемалары бойынша орналасыды.

Мақта шаруашылығының алдында тұрған басты міндеттерінің бірі - мақта талшығының технологиялық сапасын жақсарту. Талшық өнімінің көлемі. Ол - құрғақ шитті мақтадан алынған таза талшықтардың салмақ проценті әдетте бұл көрсеткіш 30 - 40 процент шамасында болады. Талшықтың ұзындығы ол - арнаулы тақталарды мақта тұқымының жоғарғы үштен бір бөлігінде ширатылғын талшықты тарағаннан кейінгі милиметр есебімен алынған ұзындық. Өсіру жағдайына және сорттардың биологиялық ерекшелігіне байланысты талшықтықтың ұзындығы 25 - 40 мм аралығында болады.

Талшықтың үзілу ұзындығы - оның метрлік номерін мықтылығына көбейткендегі метр есебімен алынған көрсеткіш. Талшықтың пісуі - оның ішкі қуысының азайып, целюлозамен толыққан көзі. Осы көрсеткіш технологиялық сапаларына қарай талшықтан тоқылатын маталардың түрлерін анықтайды.

Егістікті күтіп - баптау. Себуден кейін топырақ өңдеу жүйесін себуге дейінгі өңдеу жүйесімен ұштастырып жүргізу керек. Әдетте, мақта себу кезінде жауын - шашын жиі түседі, яғни топырақ бетінде қабыршақ пайда болады. Бұл мақта тұқымының жер бетіне көктеп шығуына кедергі жасайды. Сондықтан мақта әлі көктеп шыға қоймаған кезде егістікте себу бағытына кесе-көлденең «зиг-заг»тырмалармен тымалап, қабыршақты жояды. Ал өсімдік әр жерден қылтиіп көріне бастаған кезде қабыршақты ротациялық шабықтаушымен бұзады. Өскіндер толық өсіп шыққанан бастап екі нағыз жапырақ пайда болғанша мақталықты сиретеді. Осдан кейін өсімдіктердің қатар аралықтарын өңдеу басталады. Оның басты мақсаты - арам шөптерге қарсы күресу және топырақтың беткі қабатын күресу және топрақтың беткі қабатын қопсыту. Қатар аралықтары бірінші рет қопсыту мақта өсімдігі көктеп шыққан бойда Қатар аралығы 90 сантиметр егістіктегі топырақты өңдеу үшін аталған култиваторға ені 165 мм, екі пар кескіш және ені 120-150 мм бір жебе тәрізді табан орнатады.

Кең қатарлы әдіспен себілген егістіктегі қатар аралықты өңдеу үшін культиваторға үш пар қопсытқыш табан, бір кіші және бір үлкен терең қопсытқыш жебе тәрізді табан орнатады. Қопсытқыш табанның бірінші жұбын 6-8 см, екіншісін - 10-12 см тереңдікке қояды. Қатар аралықтың ортасын өңдеу үшін кіші жебе табан 10-12 см, ал үлкені -12-14см тереңдікке қойылады. Келесі қатар аралықтарды қопсыту әрбір суарғаннан 1-2 күннен кейін топырақ дегдігісін жүргізіледі. Мақта гүлдеген кезде қорғау аймағының енін 14-16 см қылып, қатар аралықтың ортасын кіші жебе тәрізді табанмен 12-14 см, ал үлкен жебе тәрізді табанмен 14-26см тереңдікте қопсытады.

Мақта егісін суару. Мақта егісіне берілетін су мөлшерін топырақтың сортаңдану, ыза суының тереңдігі мен минералдану дәрежесін ескере отырып белгілеу керек.

Мақтаарал тәжірибе станциясының зерттеулеріне қарағанда, ыза суының деңгейі жер бетінен 1метр тереңдікте жатқанда мақта егісінің жылдық пайдаланған су мөлшерінің қосындысы 11700 текше метр болып, оның ішінде 9140 текше метр ыза суын пайдаланған. Бұл жалпы пайдаланған судың 78 проценті. Мақта егісі үшін ең қолайлы ылғалдылық жалпы топрақтың ылғал сиымдылығының 70 проценті болып есептеледі. Мақта пісуі кеңінде бұл көрсеткішті 60 процентке дейін төмендету керек. Мақтаны суландыру мөлшері оның даму кезеңіне байланысты. Өсу бойы кезеңінде мақтаның әргектарына 5700 - 7500 текше су жұмсалады. Мақта егісін негізінен жүйектік әдіспен суарады. Суару жүйегінің ұзындығы жер бедеріне, топырақтың су өткізгіштік қабілетіне және өсімдіктердің қатар аралықтарының кеңдігіне байланысты, әр түрлі топрақтық - климаттық жағдайларда жүргізілген зертеу жұмыстары жаңбырлата суару әдісі тек минералдануы шамалы немесе тұщы ыза судың деңгейі жақын орналасқанда ғана тиімді екенін көрсетті.

Егінді күтіп - баптаудың басты агротехникалық шаралардың бірі- арам шөптерге қарсы гербицид қолдану. Өсімдік бойындағық қоректік заттарды реттеуге, пісуінің тездеуіне және мақта өнімділігін арттыруға мүмкіндік беретінмаңызы агротехникалық шаралардың бірі шырпу.

Мақтаны жинау. Мақтаның бір ерекшелігі - оның кесектері бір мезгілде пісіп-жетілмейді. Көсектердің ашылуына байланысты мақтаны бірнеше рет жинауға тура келеді.

Галла (беріш) түзуші нематода

Галла нематоды - жұмыр құрттар класына жататын жәндік. Өсімдік тамырында масылдық тіршілік етеді, онда ұзындығы 1 мм-дей галла (зақымдалған өсімдік бойында пайда болатын өсінді) түзеді. Галла ішіндегі ұрғашысы 2 мыңға жуық жұмыртқа салады. Бұдан дамыған дернәсілдер (ұзындығы 37 - 50 мк, ені 15 мк) өсімдік тамырларын зақымдайды. Ондай өсімдіктер көп ұзамай шіриді. Бұл құрттар жер шарында көп тараған, жиі кездесетін түрлері оңтүстік, солтүстік, мақта, арахис галла нематодалары. Ол 1500-ден аса өсімдіктер түрін, оның ішінде бау-бақша, жеміс-жидек, көкөніс және техникалық дақылдарды қатты зақымдайды. Галла нематодасы аса көбейіп кеткенде өсімдік галла нематодозы ауруына ұшырайды, өнімд. 40 - 60%-ға төмендеп не мүлде өз тіршілігін жояды. Күрес шаралары: ауыспалы егіс тәртібін сақтау. Алғы дақылдар ретінде астық тұқымдас өсімдіктерді себу; топыраққа және зақымданған өсімдіктерге Г. н-на қарсы хим. препараттар - базамид, нематицидтерді (карбатион, онетион, немагон, тиазон, ДД, т. б. ) беру.

Түрлі терілі нематодалар гетеродерид (Heteroderidae) тұқымдасына жатады. Кззакстанда британдық галла нематодасы алғаш 1983 ж. Павлодар және ІІІығыс-Қазақстан облыстарында бидай, арпа және сұлы егістерінде кездескен. Бұл нематодада жыныс диморфизмі жақсы байқалады. Аналық особьтары пішіні бөтелке немесе алмұрт тәрізді, ұзындығы 0, 4-19 мойны ұзын, осы бөлікте ауыз тесігі орналасады. Денесі калың иілгіш кутикуламен жабылған, түсі ашық. Аталықтары құрт тәріздес, ұзындығы 1, 0-2, 0 мм, түсі реңсіз, жақсы қозғалады. Денесінің бас жағы тарылып, құйрығы бүгілген.

Британдық галла нематодасының аналықтары ұсак беріштер түзеді. Олар бидайдың тамырына бас жағымен еніп, денесі сыртқы ортада - топырақта орналасады. Аналықтары 400 ден 2500 дейін жұмыртқа салады. І-ші жастағы дернәсілдер жұмыртқа ішінде дамиды. Топырақтың 15 см тереңдігінде температура 13-16 °С жеткенде ІІ-ші жастағы дернәсілдер активтеніп, жас тамырға еніп қоректенеді. Беріш нематодасы өсімдіктің өскін кезеңінде жас тамырларымен қоректеніп үлкен зиян келтіреді. Дернәсілдер ферменті әсерінен олардың бас жағында тамырда 4-6 үлкен клеткалар пайда болады. Осы клеткалармен олар кезектесіп коректенеді. ІІ-ші жастағы дернәсілдердің дамуы 3 аптаға (22-24 күнге) созылады да кейін олар екінші рет түлеп, ІІІ-ші жастағы дернәсілге айналады. Шығыс-Қазақстан облысы жағдайында беріш нематодасы жылына бір ұрпақ беріп, дамуы 90-96 күнге созылады.

Британ галла нематодасымен залалданған дәнді дақылдар жапырақтары уақытынан бұрын сарғайып солады, өсімдіктің бойы қысқа, сабақтары жіңішкеріп, масақтары жетілмейді, дәндері семіп, тамыр жүйесі нашар дамып, көптеген жіңішке және қысқа тамыршадан тұрады.

Өрмекші кене

Өрмекші кене (Tetranychus turkestani Ug. et. Nic. ) - мақталықтың қауіпті зиянкесі. Оңтүстік Қазақстан жағдайында кәдімгі өрмекші кененің тіршілік әрекеті наурыз айының соңында басталады. Кене өз дамуында мынандай кезеңдерден өтеді: жұмыртқа, дернәсіл, пронимфа, дейтонимфа және имаго. Жаңа салынған жұмыртқасының түрі мөлдір сұйық тамшыдай болады. Одан әрі ол күңгірттеніп, дернәсіл шығар алдында кремдей рең тартады. Шар пішінді, қабығы ешқанай мүсінсіз келеді. Жұмыртқа орташа 1, 5-2 күн дамиды.

Дернәсілінің келесі даму кезеңдерінен ең тән ерекшелігі - үш жұп аяғының болуы. Денесі жарты шар тәрізді, көмескі-сары реңді. Жұмыртқадан шыққан дернәсілі бірден өте ширақтық танытады, жапырақпен жылдам өрмелейді, бірақ өрмек тоқымайды. Оны ересектері ғана тоқып, соның астында қоректеніп, соның астында көбейеді. Дернәсіл орта есеппен 4 күн дамиды. Пронимфалары дернәсілдерінен ірілігімен және төрт жұп аяғымен ерекшеленеді. Денесінің формасы бойынша дернәсілге ұқсас. Өңі - ашық-жасыл. Пронимфа орта есеппен 1-1, 5 күн дамиды. Аталықтары пронимфа кезеңінен кейін ересек кенеге айналады. Ал аналықтары болса одан әрі дейтонимфа кезеңінен өтеді. Дене пішіні және өңі бойынша ол ересектеріне жақындайды. Дейтонимфа 2-3 күн бойы даму кезеңінен өтеді. Аналықтарының денесі сопақ, төрт жұп аяқты. Денесін анық байқалатын қылық түк басқан. Аналықтарының өң реңі жаз уақытында бүйірлерінде қоңыр дақтары бар жасылдау-сары. Аталығы аналығынан едәуір кіші және соңына қарай жіңішкерген құрсағымен ерекшеленеді. Қылтық түктерінің орналасуы мен денесінің реңденуі аналықтарына ұқсас. Аналықтарының өсімталдығы 30 жұмыртқадан 756 жұмыртқаға дейін ауытқиды. Мақта танаптарындағы табиғи жағдайда аналығы бір күнде, егер ауа температурасы 27°С және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 53% болса, орта есеппен 6-7 жұмыртқа салады. Аналықтарының табиғи жағдайдағы тіршілігінің ұзақтығы орта есеппен 9 күн, барынша ұзақтығы 14 күн, ең аз ұзақтығы 3 күн құрайды.

Өрмекші кене мақтаға көбінесе мамыр айының соңында - маусым айының басында қоныс аударып алады. Бұл кененің дамуы үшін қолайлы жағдай ауаның 26-30°С температурасы мен ауаның 40-50% салыстырмалы ылғалдылығы.

Өрмекші кене - бунақ аяқты уақ жәндік. Ересек ұрғашысының ұзындығы 0, 3-0, 6 мм, еркегінің ұзындығы 0, 2-0, 3 мм. Ұрғашысының денесі жұмыртқа пішіндес, ал еркегі сына секілді болып келеді. Жазда сарғыш жасыл, күзде салым-қызғылт сары қызыл, қысқа қарай қызыл-қоңыр түске енеді. Бүйірінде екі қара қоңыр дағы бар. Ересек кенелердің 4 жұп аяғы, личинкасының 3 жұп аяғы болады. Өрмекші кене қоза жапырағының астыңғы бетінде тіршілік етеді. Аузының қылшықтарын жапыраққа қадап оның сөлін хлорофилл дәндерімен қоса сорып алады. Жапырақтың зақымданған жерлері бірнеше күннен кейін астынан қоңырланып, үстінен қызарып шыға келеді. Сөлі сорылған өсімдіктің өсуі кешігеді, жапырақтары мен көсектері түседі, ал қауашақтары қаудырап, жеңілдеп қалады.

Кенені жоюға бірқатар пайдалы жәндіктер құрт-құмырсқалар қатысады. Олар стеторус қоңызы, кенемен қоректенетін трипс және жарқырауық зерқоңыз. Мысалы, кенемен қоректенетін трипс тәулігіне кененің 50 жұмыртқасы мен личинкасын, ал жарқырауық қоңыздың ересек личинкалары 800-ге дейін жеп таусытады. Өрмекші кенеге қарсы тиімді күресудің жолы оларды қыстаған жерін жою болып табылады. Бұл үшін жатқан жерлерді жыртады, егістік жерді тегістейді, ауыспалы егіс жүйесін ендіреді.

Егеуқұйрықтар

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мақта дақылы жайлы
Ауыспалы егіс
Ауыспалы егісте өсірілген мақта қозасының өнімділігіне тыңайтқыштар қолдану жүйесінің әсері
Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының табиғи климаттық жағдайы
Мал азығын байыту мақсатында ашытқы биомассасы негізінде жаңа жемдік қоспа алу туралы
Мақта дақылының аурулары
Алматы облысы, Панфилов ауданының табиғи - климаттық жағдайы
Мақта қоңыр көбелегі
Мақсары дақылын өсіру және өңдеу технологиясы туралы ақпарат
Оңтүстік Қазақстан облысы мақтарал ауданына сипаттама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz