Паразитті гүлді өсімдіктер


Жоспар:
- Кіріспе
- Негізгі бөлімПаразитті гүлді өсімдіктерГүлді өсімдіктердің паразиттілік ерекшеліктері
2. 3 Гүлді паразит өсімдіктердің өкілдері. Сары шырмауық- арамсояу, сұңғыла, ақ омела
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Фитопатология (гр. phyton - өсімдік, pathos - ауру және . . . логия ) - өсімдік ауруларының себептері мен салдарын, оларды қоздыратын микроорганизмдердің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерін анықтап, айықтыру, дамуын шектеу жолдары мен әдістерін зерттейтін ғылым саласы. Фитопатологияның міндеті - ауыл шаруашылығына зиян келтіретін өсімдік ауруларын толық жою немесе зиянды әсерін кемітетін әдістер табу. Фитопатология жалпы биология, микробиология, генетика, селекция, өсімдік анатомиясы мен физиологиясы, өсімдік өсіру, топырақтану, ауыл шаруашылық метеорологиясы, экология, химия, физика, т. б. ғылымдармен тығыз байланысты.
Фитопатология жалпы фитопатология және жеке немесе арнайы фитопатология деп екіге бөлінеді. Жалпы фитопатология аурудың пайда болу себептері мен салдарын, даму заңдылықтарын, таралуын, оның індет (эпифиторий) түрінде пайда болуын, өсімдіктердегі анотомиялық-физиологиялық ауытқуларды, иммунитет, карантин сияқты мәселелерді зерттейді. Арнайы фитопатология белгілі бір өсімдік түрінің ауруын зерттеу, оны емдеу, аурудан қорғау шараларын қарастырады. Өсімдіктердің ауруларын, олардың таралу және шығу себептерін зерттейтін, сонымен бірге олармен күресу шараларын белгілейтін ғылымды - фитопатология деп атайды. Өсімдіктердегі ауруларды жұқпалы емес және жұқпалы деп екіге бөледі. Оның біріншісінде өсімдіктердің өсуі мен дамуына жалпы жағдайлар әсер етеді, ал екінші жағдайда ауруды паразит саңырауқұлақтар, бактериялар, вирустар, қоздырады.
Бұлардың ішінде вирустық аурулар жер шарының барлық тұқ-пірлерінде таралған. Вирустар негізінен өсімдіктер цитоплазмасында тіршілік етеді және сол плазманы бірнеше рет сұйылтқанның өзінде ол активтігін жоймайды. Вируспен ауырғанда аурудың инкубациялық кезеңі түрліше болады. Мәселен, темекі теңбілі үшін ол 9-11 күнге, ал картопта аурудың белгілері тек күзде ғана біліне бастайды. Қейде бір вирус-тың өзі бір туысқа немесе тұқымдасқа жататын бір топ өсімдіктерді зақымдай алады. Вируспен ауырған өсімдіктерде хлоропластар бүлінеді. Соның нәтижесінде жапырақтардың түсі өзгереді, теңбіл денеді. Жапырақ алақаны жиырылып, бүрісіп, шиыршықтала қалады, тостағанша мен күлте де өзгереді.
Соңғы кездерде өсімдіктердің сарғыш тартып ауруы бактериялардан да үсақ микоплазмалардың әсерінен болатыны анықталды. Сары аурумен ауырған өсімдіктердің органдарын тіліп қарап ғалымдар осындай қорытындыға келді. Қазір микоплазмалық денелер 40 шақты өсімдіктердегі ауруды қоздырушылар болып есептеледі.
Паразитті гүлді өсімдіктер
Паразиттер облигатты (міндетті) және факультативті (міндетті емес) деп бөлінеді. Паразиттерге тән ерекшелік - тіршілік ету жағдайына байланысты оларда бір органдары (мысалы, ас қорыту, сезім жүйесінің, т. б. ) жойылса, керісінше екінші бір органдары (мысалы, көбею, бекіну, т. б. ) күрделілене түседі.
Паразитизм процесі кезінде паразиттердің дамуы бір ғана емес, бірнеше иеде өтуі мүмкін. Мысалы, безгек қоздырғышының иелері - адам мен анофелес туысына жататын маса; эхинококк ауруы қоздырғышының иелері - адам мен ит, т. б. Паразитизм өсімдіктер арасында да кең тараған. Бірақ мүк, қырыққұлақтәрізділер, жалаңаш тұқымдылар арасында паразитизм кездеспейді.
Паразитизмнің табиғаттағы организмдер популяциясын реттеуде және сұрыптау процесінде маңызы болғанымен, адам денсаулығына, жануарларға, өсімдіктерге өте көп зиян келтіреді. Паразитизм мәселелерін биология, медицина, ветеринария, агрономия, паразитология, вирусология, т. б. ғылым салалары зерттейді;
Эволиция барысында өсімдіктің кей түрлері паразиттік тіршілікке бейімделген. Олардың ассимиляциялық аппараты мен тамыр жүйесі болмайды. өсімдіктердің сабақтары мен тамырларына жабысып, арнайы сорғыштары - гаусторийлер - көмегімен өткізгіш жүйесінен қоректік заттар мен суды сорып алады. Сабақ паразитіне - повилика, тамыр паразитіне - заразиха жатады. Егер паразиттер жапырақ аппаратын сақтап, қожайын-өсімдіктен тек минералды қорек алатын болса жартылай паразиттер деп аталады. Оларға омела, иван-да-марья, погремок және басқалары жатады.
Повиликалар
Повиликалар - Повилика тұқымдасының Cuscuta жататын гүлді паразит өсімдіктер. Олар хлорофилсіз, қожайын-өсімдік сабағына шырматылып жабысқан сабағы шөп тәрізді, тармақталған, жіңішке, немесе жуан қызғылт, сарғыш-қызыл немеесе жасыл-сары. Гүлдері - ұсақ (2-7 мм), қызғылт, немесе ақшыл түсті қысқа, немесе ұзын кисть, головка немесе клубочка жинақталған. Жемісі - ұзындығы 1-3 мм, ішінде пішіндері шар тәрізді, сопақша немесе шамалы ұзындау тұқымдары бар коробочка. Тұқымдары топырақта бірнеше жылдар бойына өнгіштігін жоймастан сақталуға қабілетті. Біздің елдегі повиликаның барлық түрлері де бір жылдық, қожайын-өсімдік өлгеннен соң олар кеуіп қалады. Повиликалар тұқымымен және сабақ бөліктерімен көбейеді. Көпшілік түрлері жылу сүйгіш, сондықтан негізінен оңтүстік аймақтарда өседі. Повилика кең тараған кезде картоп, жоңышқа, көкөніс және басқа дақылдардың өнімділігіның шығыны 50%-дан астам болуы мүмкін
Гүлді өсімдіктердің паразиттілік ерекшеліктері
Өсімдіктердің кейбір формалары эволюциялық үрдісте өз бетінше өмір сүру қабілетін жоғалтқан. Бұл паразиттерді паразит немесе факультативті деп атайды.
Қорек алатын өсімдікке орналасуына байланысты бұл паразиттерді екі топқа бөледі. Өсімдіктің жер бетіндегі бөліктеріне( бұтақ, сабақ, т. б. ) және өсімдіктің жер асты бөліктеріне( тамырға) тіркелетін паразиттер. Олар өсімдікке сорғыштарымен тіркеліп, өсімдіктен су мен қоректік заттарды алады.
Көк (жасыл) жартылай паразиттердің өзгерген тамырлары және көкшіл жапырақтары бар. Бізді олар сабынкөктер тұқымдасына жататын түрлері: марьянник, көздәрі, қандыгүл, сылдырмақ тағы басқалары. Бұлар тамырындағы сорғышы арқылы басқа өсімдіктердің тамырларына тіркеліп, оларға зиян келтіреді.
Залалданған өсімдік тамырлары мүлдем жойылып, тек жапырақтары қалады, сондықтан оларға ассимиляция үдерісі сақталған. Бірақ хлорофилі жоқ паразиттерге ауылшаруашылық дақылдарының зиянды паразиттері сары шырмауықтың түрлері, сұңғылалар тағы басқалары жатады. Кейбір шырмауықтардың тамыры, жапырағы, сабағы түгел өзгергендіктен ассимиляция үдерісі түгел жойылған.
Паразит өсіп дамуы үшін ие өсімдіктегі органикалық заттармен қоректеніп, оған үлкен зиян келтіреді:
- Қор жиналатын мүшелердің тұқым, жеміс, ағаш көбінесе саңырауқұлақ, кейде бактериялар және т. б. әсерінен шіруі.
- Фитопатогендер әсерінен өскіннің дамуы саябырлап, тежелуі немесе шіруі.
- Тамыр шірігі ауруларында өсімдіктің суды сору қабілеті төмендеп, оның солып жойылуы.
- Жапырақ бетіндегі дақтар, өңездер, бөртпелер, некроздар әсерінен фотосинтез белсенділігі төмендеп, өнім шығымының кемуі.
- Ксилема түтігінің саңырауқұлақ, бактерия токсиндерімен тығындалып, өсімдіктің жоғары бөлігіне су мен ерітіндідегі заттардың көтерілуімен оның солуы.
- Паразит әсерінен өсімдік ұлпаларының зат алмасу үдерісінің бұзылуы. Паразит организмнің сыртында тіршілік етсе эктопаразит, ал ішкі органдар мен тін, ұлпаларда тіршілік етсе эндопаразит деп аталады. Паразитизм вирустар мен бактериялардан бастап, өсімдіктер арасында да, жануарлар арасында да кездеседі. Сондай-ақ, түгелімен паразиттерден ғана тұратын «кластар» мен «отрядтар» бар
Гүлді паразит өсімдіктердің өкілдері. Сары шырмауық- арамсояу.
Арамсояулар тұқымдасы (Cuscutaceae) - паразит өсімдіктер. Арамсояулар тұқымдасына жататын өсімдіктер хлорофилсіз, тамырсыз, жіп тәрізді сабағы арқылы басқа өсімдіктерге сорғыш бүршігі арқылы жабысып өседі. Жер шарында кең тараған, әсіресе, Америка мен Африканың тропиктік аймақтарында, сондай-ақ Жерорта теңізі маңы мен Батыс Азияда кездесетін 1 туысы, 150 (кейбір мәліметтерде 170-тей) түрі белгілі. Ұсақ гүлдері қалың шашақ не шатырша гүлшоғырына топталған. жарты шар, қоңырау не түтікше тәрізді 5 қалақты. Күлтелері бір-бірімен кіріккен ақ, сары не қызыл түсті. Аталықтары күлтенің түтікшелеріне жабысып тұрады. Гүлшоғырының ортасында 2 - 3 бірігіп кеткен жеміс жапырақшасынан тұратын аналық жиынтығы (гинецей) болады. Негізінен жарғаққанаттылармен тозаңданады. Тұқымы тозаңданғаннан кейін 2 - 3 аптадан кейін піседі. Бір өсімдікте 3-тен 30 мыңға дейін майда тұқым жетіледі. Арамсояулар тұқымдасына жататын өсімдіктер - өте зиянды арамшөптер. Соның бірі сары шырмауық. Сары шырмауықтың 30жуық түрі белгілі. Бұлардың барлығы ішкі карантин объектісі болып табылады. Шырмауықтар бір және көпжылдық шөптер, бұталар, ағаштар, жүзім, көкөніс, бау- бақша, жеміс-жидек, т. б. өсімдіктердің паразиттері.
Олар өсімдікте паразит болып өмір сүріп, су мен қоректік заттарды сорып алып, өсімдіктердің өсіп-өнуіне кедергі жасайды. Тез дамып, көбейіп, жайылып, таралып, өсімдіктің курауына да себеп болады. Ауру өсімдіктен вирустар шырмауық арқылы сау өсімдікке таралуы мүмкін. Сары шырмауықтың денесі жіңішке жіпше тәрізді, түсі сары, қызыл-сары. Ол өсімдіктің сабағын орап өсіп, өсімдік үстінде сары жамылғыш тәрізді орналасады.
Вегетация кезеңінде сары шырмауық егісте таралып, кең көлем алуы мүмкін. Ал көпжылдық өсімдіктерде( жоңышқа) шырмауық жылдан жылға өсе береді. Жазға қарай сары шырмауық топталған ақ, қызыл, сары түсті гүлдер тобын құрады. Қауыз ішінде көптеген майда, түсі сұр немесе қызыл- қоңыр тұқым түзеді. Залалданған өсімдіктің өсуі саябырлап, өнімі азаяды. Көптеген өсімдіктер шырмауық әсерінен буынып, құрап қалуы да мүмкін.
Сары шырмауық мәдени өсімдіктердің тұқымы жануарлар, машина, су, жел және көң арқылы таралады.
Шырмауық түрлері сабағының, гүлінің ерекшелігі және белгілі өсімдіктерде паразит болуымен ажыратылады.
Шырмауық жемісі- қауашақ оның ішінде 2-5 тұқым болады. Тұқым қабығы қатты, бұдырлау. Ұрығы тұқымжарнаққа бөлінбеген, тамыры мен сабағы иректеліп оралған жіпше тәрізді, ол қоймалжың белок массасына батып тұрады.
Сары шырмауық тұқымы 5-15 күннен кейін өнеді. Тұқым өнерде иректеліп оралған ұрық жазылады., оның жуандау басы (құндақталмаған, түссіз қылшығы бар) топыраққа еніп, су сіңіреді. Екінші ұшы тұқым қабығынан босап, тіке жоғары көтеріліп, оңға қарай өсіп, ие- өсімдікке оралып, өрлей бастайды. Сонымен қатар гаусторийларын өсімдікке енгізіп, қоректік заттар мен суды өзіне тарта бастайды. Паразит өте тез өсіп дамиды. Бір тұқымнан диаметрі 6 м-ге дейін шырмауық қоры өседі.
1-сурет. Сары шырмауық
2. 2 Сұңғыла (Orobanche)
Қазіргі кезде 120-ға жуық сұңғыла түрі белгілі. Олардың көртеген түрі бізің Республикада кездесіп, 5 мәдени өсімдіктің паразиті болып саналады.
Сұңғыла әртүрлі өсімдіктерді залалдайды. Сұңғыланың бір түрі әртүрлі өсімдіктерді залалдауы мүмкін. Эволюциялық үдерісет бұл өсімдіктің тамыры қысқа сорғышқа айналады . Сорғыштары өсімдіктің тамырына тіркеліп, өсімдіктен су және қоректік заттарды сорып алады. Сұңғыла жапырақтарының хлорофилы жойылып, майдаланып, түсі сарғыш қоңырлау, ашық күлгін түсті қабыршаққа айналғанн. Сабағы сарғыш, ашық қоңыр, қызғылт, көкшіл түсті, етті, тік өседі, аяқ жағы жуандау. Кейде 50 см биіктікке өсіп, бұтақтанып, 200-ге жуық гүл өркенін береді.
Сұңғыла сабағы мен бұтағыныың қуысында әдемі түсі ақ, сары, сәл күлгін масақ тәрізді жиналған гүлдері түзіледі. Олар фитомиза, маса арқылыы кейде өздігінен тозаңданады.
Жемісі- қауашаққ, оның ішінде 2000-нан астам тұқым болады. Тұқымдары өте майда ұзындығы 0, 2-0, 6 мм, көлденеңі 0, 17-0, 25 мм, пішіні ұзынша немесе домалақтау, беті бұдырлау, түсі қара қоңыр. Сұңғыланың бір өсімдігі 1- ға дейін тұқым түзеді.
Өсімдіктің жаңааа түрі пайда болса, сұңғыланың да жаңа түрі пайда болуы мүмкін. Күнбағыстың сұңғылаға төзімді сорттарында сұңғыла енген жерде ісік пайда болып, ол әрі қарай паразитті жібермейді, ал төзімсіз сорттарында мұндай ісік түзілмейді. Сұңғыланың өсіп- өнуіне көп факторлар әсер етеді: топырақтағы инфекция қоры, өсімдікті себу мерзімі, торырақтың құнарлылығы, өсімдік тамырларының құрылысы тағы басқаларрры. Ие-өсімдігіне қарай сұңғыла біржылдық, екі жылдық, көп жылдық болады.
Сабақ және гүл құрылысына қарай сұңғылаларды ажыратады. Сұңғыланың тұқымы жеңіл болғандықтан олар сумен, желмен алысқа таралады. Сұңғыланың тұқымындағы ұрығы жеттілмеген. Олар жеке тамыр, сабақ, тұқымжарнаққа бөлінбейтін, бір топ клеткадан тұрады. Клеткалар ұрыққа қажетті қоректі заттары бар ұлпамен қоршалады. Тұқым 22-25 С температурада жақсы өнеді, ал температура 20 С төмен немесе 45 С жоғары болса өнбейді. Ие- өсімдік тамырынан бөлінген түзілім әсер етсе, сұңғыла тұқымы қандай тереңдіктен болса да өне алады.
Топырақта сұңғыла тұқымдары 8-12 жылға дейін сақталады. Өнгенде тұқым тамырша түзіп, ол ие-өсімдік тамырынан бөлінген түзілім әсер етсе, сұңғыла тұқымы қандай тереңдіктен болса ла өніп шығады.
Топырақта сұңғыла тұқымдары 8-12 жылға дейін сақталады. Өнгенде тұқым тамырша түзіп, ол ие-өсімдікке қарай өседі ді, оған тіркеліп апрессорий құрады. Соңғысы өсімдік клеткасынан су мен қоректік заттарды сорып алады. Өскіннің екінші жағы сабаққа айналып, сыртқа шығады. Сабаққа көптеген қабыршық пен гүл шоғыры болады. Сұңғыланың өніп, жер бетіне шығу уақыты айға созылады.
2- сурет. Сұңғыла
2. 3 Ақ омела(viscum album)
Омела -пішіні дөңғелектеу, әрдайым көгеріп тұратын бұта. Ол ағаштың діңі мен бұтағынддда паразитті өмір сүреді. Сабағы жасыл түсті, жалған дихотомиялы бұтақтанады, жапырағы ұзынша, тығыз, жемісі- жидек. Тұқымы қыста жетіледі. Тұқымды висцен деген желім зат қоршап тұрады. Омела тұқымдарын құстар таратады. Олар омеланың жидегімен қоректеніп, тұқымын өзінің саңрағымен ағаштан ағашқа ұшып- қонып таратады. Ол тұқымдар ағаш діңі мен бұтағына жабысып қалады да көктемде өнеді.
Өскінніің бір ұшы ағаштың сыртқыы қыбығына қарай бұрылады. Алғашқыда « тамыр» ұшы кеңейіп, алақан құрады даа бұтаққа тіркеледі. Бұл апрессорийдан бастапқы тамыр шығып, бұтақтың қабығынан өтіп, шел қабыққа, камбийге, әрі жас түтіктерге жнтнді. Келесі жылы екі жапырағы бар бірінші өркен өседі, үшінші жылы ұшында екі жапырағы бар бірінші бұтақ шығады.
Сонымен қатар бірінші тамырдан басқа да тамыр түзіліп, бұтаққа параллельді жылжып бұтаққа перпендикуляр сорғыштары өсіп, ағашқа өнеді де, жылға ұлғая береді. Осы ризоидтармен омела өсімдіктен су мен минералды заттарды алып, ал басқа органикалық заттарды өзі түзеді. Қатты залалданған ағаштар кеуіп немесе жеміс ағаштарының өнімі төмендеп кейде мүлде жойылады.
3- сурет. Ақ омела
2. 4 Көздәрі (Euphrasia)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz